Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курсовой стандарт.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
34.74 Кб
Скачать

Шпонкалы қосылыстардың дәлдік шектері және қондырулары

Тапсырманың мақсаты:

1. Шпонкалы қосылыстар өлшемі үшін дәлдік шектер өрісін таңдапды үйрену.

2.Сызбада шпонкалы қосылыстардың қондыруларын белгілеудң үйрену.

Негізгі деректер ретінде қызмет ететін:

1. Біліктің диаметрі d , мм.

2. Шпонканың құрылмасы (конструкциясы).

3. Қосылыстың түрі міндетті.

Тапсырманың талабы:

1. Шпонкалы қосылыстардың негізгі өлшемдерін анықтау.

2. Шпонкалы қосылыстар бөлшектеріне шпонканың ені бойынша дәлдік шек өрісін таңдау.

3. Шпонкалы қосылыстардың қалған өлшемдерінің шектік ауытқуларын анықтау және дәлдік шек өрістерін тағайындау.

4. Шпонкалы қосылыстардағы бөлшектердің барлық өлшемдік сипаттамаларын есептеп, есептеменің көлемін азайту үшін оларды 4 – кестеге жазу керек.

5. « Шпонка – білік ойығы» және « шпонка – тәлке ойығы» қосылыстарындағы шектік саңылауларды және керулерді анықтау.

6. Шпонкалар ені бойынша дәлдік шек өрістерінің орналасу сүлбелерін сызу.

7. Шпонкалы қосылыстардың және оның бөлшектерінің барлық негізгі өлшемдерін көрсету және дәлдік шек өрістерін әріптік және сандық белгілерімен нобайларын (эскизы) сызу.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:

1. Шпонкалы қосылыстардың нақтылы өлшемдерін призмалық шпонкамен ЭӨКСТ 189 – 75 (СТСЭВ 189 – 75 ) және ЭӨКСТ 647 – 77 бойынша сегменттік шпонкалармен анықтау . (ә.н. 7 және 8 кестелері бойынша ).

2. Шпонкалы қосылыстар бөлшектерінің дәлдік шек өрістерін таңдау, қосылыс түрлеріне байланысты. Шпонкалардың ені бойынша қосылыстар стандарты, қосылыстың үш түрін қарастырады: тығыздалған (плотное), дәлме – дәл (нормальное) және босатылған (свободное). Әрбір осы қосылыстардың түрлеріне шпонкалардың ендеріне, білік ені ойығына және тәлке ойығына белгілі жинақталған дәлдік шек өрісі сәйкес келеді. Шпонкалы қосылыстардың әрбір түрлеріне арналған барлық дәлдік шек өрістері 334 б , 295 б  116 б. келтірілген. Шектік ауытқулардың сандық мәндерін (бірінші тапсырмадағыдай) кесте бойынша дәлдік шектерін және негізгі бір ауытқуын анықтайды.

3. Атқаратын міндетіне қарай шпонкалы қосылыстар бөлшектерінің басқа өлшемдеріне дәлдік шек өрістерін көрсету ЭӨК СТ 57 – 73 келтірілген, қайсысы бойынша келесідей дәлдік шеек өрістері белгіленген:

- шпонкалар биіктігіне – h11 бойынша

- шпонкалар ұзындығына – h14 бойынша

- білік ойық ұзындығына – H15 бойынша

- білік және тәлке ойықтары тереңдіктеріне – H12 бойынша

- сегменттік шпонка диаметріне – h12 бойынша.

4. Білікке d=100 мм, призмалық шпонкамен және босатылған қосылысқа 4 кестеде әдістемелік нұсқада көрсетілген.

5. Шпонкалы қосылыстардағы шектік саңылауларды немесе керулерді « шпонка – білік ойығы» және « шпонка – тәлке ойығы» үшін, оларды тегіс қосылыстардағыдай анықтайды. Осы қарастырған пункте сәйкес (4 кестеде және 6 суретте) « шпонка – білік ойығы» үшін « шпонка – тәлке ойығы» үшін .

6.Шпонкалар ені бойынша (қарастырған қосылыс үшін) болатын қосылысқа шпонкалардың дәлдік шек өрісі сүлбесін орындау 6 суретте келтірілген.

7. Шпонкалы қосылыстардың және оның бөлшектерінің нобай 7 суретте келтірілген.

5 – тапсырма