
- •Тегіс (жылтыр) цилиндрлі қосылыстың элементтерін анықтау мен олардың бөлшектері үшін өлшейтін құралдарын таңдау
- •∅ 101 H9/e8 қосылысының есептік нәтижелері
- •2 Кесте
- •Өлшеуіш құралдарын таңдау қорытындысы
- •Сұрыпталып жинастыруға жататын қосылыстар элементтерін анықтау
- •Шпонкалы қосылыстардың дәлдік шектері және қондырулары
- •Жырашық (шлицевых) қосылыстардағы дәлдік шектер және қондырулар.
Сұрыпталып жинастыруға жататын қосылыстар элементтерін анықтау
Тапсырманың мақсаты:
1. Қосылыстардағы сұрыптап жинастыру әдісінің мән-мақсатымен танысу.
2. Қосылыстағы бөлшектедің шектік өлшемдерін, әрбір өлшем тобына кіретін бөлшектердің топтық дәлдік шектерін, сонымен қоса шектік топтық саңылаулар және керулерін анықтауды үйрену.
Негізгі деректер ретінде қызмет ететін:
1. Қосылыстар , бөлшектердің берілген нақтылы өлшемдерімен және дәлдік шектер өрісімен.
2. Іріктелген топтар саны.
Тапсырма алабы:
1. Тесік және біліктің шектік өлшемдерін , шектік ауытқуларын және дәлдік шек мәндерін анықтау.
2. Берілген қосылыстардағы шектік саңылаулар мен керулердің шамаларын анықтау.
3. Тесіктің және біліктің топтық дәлдік шектерін анықтау.
4. Берілген қосылыстың дәлдік шек өрісі сүлбесін сызу, тесік және біліктің дәлдік шек өрісін белгіленген топ сандарына бөлу.
5. Әрбір өлшем топтарында тесік пен біліктің шектік өлшемдерін көрсетіп іріктеушінің картасын құрастыру.
6. Топтық саңылауларды және керулерді анықтау.
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
1. Өлшемдердің дәлдік шектерін және шектік ауытқуларын анықтау тәртібі, әдістемелік нұсқаның 1 тапсырмасы 1 пунктінде келтірілген. Шектік өлшемдерді анықтауды да сонда 2 пунктінде келтірілген.
2. Шектік саңылаулар және керулерді есептеу тәртібі де сонда 4 пунктінде келтірілген.
3. Тесік және біліктің топтық дәлдік шек шамаларын, бөлшектердің дәлдік шектерін өлшемдік топтар санына (n) бөлу арқылы табамыз,
Тd топ = Td/n ; TDтоп =ТD / n,
яғни барлық тесік және біліктің топтың өлшем дәлдік шектері өзара бірдей тең болады.
4. Тесіктің және біліктің өлшемдерін және шектік ауытқуларын әрбір өлшем топтарында берілген қосылыстың дәлдік шек өрісі сүлбесі бойынша анықтаған жеңіл, сүлбеде дәлдік шек өрістерге берілген топтың өлшем сандарына бөліп және топтық өлшемдер дәлдік шек шекараларында шектік ауытқулардың мәндерін анықтау арқылы ∅ 33 H8 / t7 қосылыстың дәлдәк шек өрісі сүлбелерін орындау 3 суретте көрсетілген, қайсысының бөлшектерін үш өлшем топтарын іріктеу керек екендігі келтірілген.
5. Әрбір өлшем топтарындағы тесік және білік шектік көрсетілген өлшемдерін іріктеудің мысалы ретіндегі картасы.
6. Қазіргі уақытта сұрыптап жинастыру үшін келесідей қондыруларды қолданады, тесік және біліктің қайсыларында дәлдік шектері тең болған жағдайда, бірдей қондырулардың әр түрлі өлшем топтарында сәйкес шектік саңылаулар немесе керулер бірдей шамаға ие болады яғни,
S1топ max = S2топ max=S3топ max және т.с.
S1топ min = S2топ min=S3топ min және т.с.
Сондықтан да шектік саңылауларды немесе керулерді тек қана бір өлшем тобына анықтаса жеткілікті. Шектік топтық саңылауларды немесе керулерді анықтау қағидасы, жайшылықтағы қосылыстарды анықтаудан айырмашылығы жоқ.
Қарастырылған шектік топтық саңылаулар тең:
S/ max = S/ min=
3 – тапсырма
Домалау ішпектерімен жанасатын бөлшектер үшін дәлдік шеек өрісін таңдау және есептеу
Тапсырманың мақсаты:
1. Жанасатын домалау ішпектер өлшемдері үшін дәлдік шек өрісін белгілеп дәлелдеуді үйрену.
2. Сызбада домалау ішпектері сақиналарын бөлшектерімен белгілеуді үйрену.
Негізгі деректер ретінде қызмет ететін:
1. Домалау ішпегінің нөмірі.
2. Ішпектің шабақтың (радиал) жүктеме шамасы.
3. Домалау ішпегі қолданылатын тораптың сызбасы.
Тапсырма талабы:
1. Берілген домалау ішпектерінің құрылма (конструкция) өлшемдерін анықтау.
2. Ішпектің жүктелу сипатын анықтау.
3. Ішпектің әрбір сақинасына түсетін жүктеме түрін анықтау.
4. Ішпектің білікке және тұлғасына (корпус) қондырулар таңдау және есептеу.
5. Жанаспалар «ішпек – тұлға » және «ішпек – білік » үшін нақтылы өлшемдерін , шектік ауытқуларын, саңылау немесе керулерін көрсетумен дәлдік шек өрісі сүлбесін салу.
6. Ішпек жанаспасында бөлшектер өлшемдерін және қосылыстар қондыруларын көрсетумен қоса, бөлшектің және ішпект торабының сүлбесін сызу.
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
1. Әдістемелік нұсқаның (ә.н.) 6 кесте бойынша берілген ішпектің құрылма өлшемдерін (D, d B және r) MECT 8338 – 75 сәйкес анықтак керек.
2. Торап сызбасы бойынша және оның жұмыс атқару жағдайын есептеп алып ішпектің жүктелу сипаттамасын анықтау қажет:
- артық жүктелу 150% дейін, аздаған қозғалыс және діріл (статикалық);
- артық жүктелу 300% дейін, қатты соққылар және діріл (динамикалық), (жүктеме сипаттамасы студентпен шартты түрде белгіленеді).
3.
Жүктелу түрі, айналу жолындағы қай
сақинаның шабақтық жүктелуді
қабылдайтындығын көрсетеді. Шайқалу
ішпектерінің жүктелу түрлері қағидаларын
белгілеу 9.5
толығымен келтірілген.
4. Шайқалу ішпегінің біліке және тұлғаға қондыруларын ең алдымен сақинаның жүктелу түріне байланысты таңдайды. Шыр – айналмалы жүктелуде ішпек сақиналары қондыруларын білікке және тұлғаға шабақтық жүктеменің қарқындылық (интенсивный) шамасы бойынша қондыру бетіне таңдайды. Шабақтық жүктеме қарқындылығы (9,33) немесе 17 14 кестелерден таңдайды.
5. Дәлдік шектер өрісі сүлбесін құрастырып салу 4 суретте көрсетілген. Ішпек сақиналары ауытқулары қосымшаның 5 кестесі бойынша анықталады.
6. Ішпектермен сабақтасатын бөлшектер және ішпек тораптары сүлбелері талап етілетін белгілеулермен 5 суретте келтіріп көрсетілген.
Берілгені:
Nподш = 413
Rжүктеме =1200H
Сурет 3
d = 65 мм
D = 160 мм
B = 37 мм
r = 3,5 мм
Есептеу:
PR = R / B * Kn *F * FA
Kn = 1,8 ; F = 1; FA = 2;
PR = 12000 / 37 * 1,8 * 1 * 2 = 1167
4 – тапсырма