
- •Тегіс (жылтыр) цилиндрлі қосылыстың элементтерін анықтау мен олардың бөлшектері үшін өлшейтін құралдарын таңдау
- •∅ 101 H9/e8 қосылысының есептік нәтижелері
- •2 Кесте
- •Өлшеуіш құралдарын таңдау қорытындысы
- •Сұрыпталып жинастыруға жататын қосылыстар элементтерін анықтау
- •Шпонкалы қосылыстардың дәлдік шектері және қондырулары
- •Жырашық (шлицевых) қосылыстардағы дәлдік шектер және қондырулар.
Кіріспе
«Өзара ауыстырымдылық, стандарттау және техникалық өлшеу» - машина құрылысында, пайдалануда және жөндеу саласындағы практикалық ғылымның туындысы.
Машиналарды өндіру саласында, пайдалану үдерісінде және техниканы жөндеуде, олардың сапасын және сенімділігін көтеру техникалық прогрестің негізі болып саналады.
Өзара ауыстырымдылықтың жүйесін жетілдірмейінше, метрологияны қамтымайынша, өнімдерді бақылайтын құралдарды және әдістерін жақсартпайынша өнімдердің сапасын көтеру мүмкін емес.
Ауыл шаруашылық техникасын жаңадан жасауда, пайдалануда және жөндеуде сапа мәселесін көтеруді өзара ауыстырымдылықтың, стандарттаудың және белгіленген техникалық бақылау жағдайларының принциптерін қолдану позициясы тұрғысынан қарастыру керек.
Сондықтан ауыл шаруашылық өндірісіне қазіргі заман талабына сай инженер-механиктер дайындауда өзара ауыстырымдылық, техникалық өлшеу және стандарттаумен байланысты мәселелерді кеңінен игеруді қажет етеді.
Курстық жұмысты орындағанда оқу үдерісінде алынған білімді бекітуге, сонымен қатар саңылау шегін және қондыруды белгілеу әрі өлшеу мен бақылау құралдарын таңдауды, практикалық дағдылануды дамытуға арналған.
Осы курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау Н.Н.Черниговцевтің жетілдіруінің негізінде және «Взаимозаменяемость, стандартизация и технические измерения» курсын игергенде 1985 ж. ВСХИЗО-да баспадан шыққан әдістемелік нұсқалар бойынша және ААШИ «Машиналар жөндеу» кафедрасы 1994 ж. Құрастырған әдістемелік нұсқаудың қайта өңделуі негізінде ұсынылып отыр.
1-тапсырма
Тегіс (жылтыр) цилиндрлі қосылыстың элементтерін анықтау мен олардың бөлшектері үшін өлшейтін құралдарын таңдау
Тапсырманың мақсаты:
1. Курстық негізгі терминологиясын (сөз таңбаларын) игеріп, дәлдік шек өрісінің, шектік және негізгі ауытқуларын, дәлдік өлшемдерін, шектік өлшемдерін, квалитет өлшемдерін, қосылыстың шектік саңылауларын немесе керулерін, қондырулардың дәлдік шектерін дұрыс анықтауды үйрену.
2. Бөлшектер сызбаларында немесе құрастырма сызбаларда дәлдік шек өрісі және қондыруларды дұрыс белгілеуді үйрену.
3. Өлшемдерді бақылауға арналған өлшеу құралдарын дұрыс таңдай білуді үйрену.
Тапсырманың талабы:
1. Тесіктің және біліктің негізгі және шектік ауытқулар таңбасын (оң немесе теріс) және шамасын, дәлдік шек шамасын анықтау.
2. Тесіктің және біліктің шектік өлшемдерін анықтау.
3. Берілген қондыруына қарай , дәлдік шек жүйелерін анықтау.
4. Қондырулар топтарын, қондырулар делдік шектерін, саңылаулар немесе керулердің шектік шамаларын анықтау.
5. Берілген қосылыстардағы бөлшектердің дәлдік шек өрісі сүлбесін ыңғайлы масштабта анықтап сызу.
6. Қосылыстарды құрастырма түрінде және оның бөлшектері сүлбелерін дәлдік шек өрісімен, ауытқуларымен және бет бүдір параметрлерін белгілеумен сызу.
7. Берілген қосылыстар бөлшектерін қажетті дәлдікпен өлшеу үшін, өлшеуіш құралдарын таңдау.
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
1. Қашан, мөлшер дәлдігі, дәлдік шек өрісімен шартты белгілеумен (әріппен) берілсе, дәлдік шек шамасын МЕСТ 25346 – 89 ( СТ СЭВ 145 – 88) кестесі бойынша ( 1 кесте әдістемелік нұсқа қосымшасында анықтайды).
Бұл кестеде келтірілген дәлдік шектер шамасы, нақтылы өлшем және квалитет нөміріне байланысты. Берілген өлшем дәлдік шек шамасын тармақ жолы қиылысында берілген нақтылы өлшем кіретін өлшемдер ауқымында квалитет графасына сәйкес табады.
Әрбір негізгі ауытқу бір немесе екі латын әріпінің алфавитімен белгіленеді: тесік – үлкен әріппен, ал білік – кіші әріппен. Екі ауытқудың қайсысы – нақтылы өлшем сызығына жақыны негізгі ауытқу болып есептелінеді.
Ол
үстіңгі немесе астыңғы ауытқу болуы
мүмкін, ол кестенің тақырыбында
көрсетіледі. МЕСТ 25346 – 89 (СТ СЭВ 145 – 88
ә.н. қосымшасында 2 және 3 кесте) осы
кестелерден нақтылы өлшем тармақ жолына
сәйкес шартты белгіленген оның графы
қиылысында негізгі ауытқудың мәнімен
және таңбасымен (+немесе - ) табады.
Өлшемнің екінші ауытқуын, осының алдында
белгілі болған негізгі ауытқу және
дәлдік шек арқылы табады. Екінші ауытқуды
табу қағидасы және формулары 208
186
104
келтірілген. Шектестелген нақтылы
өлшемдер үшін негізгі ауытқулар және
дәлдік шектер мәнін анықтағанда жоғарыда
көрсетілген кестеніңкөрсетілген
жолдарын есте сақтау керек, сондай ақ
өлшемдер ауқымы (біріншісінен басқасы)
басынан .... аяғына дейін емес, ол жоғарыдан
төменге дейін.
2. Шектік өлшемдерді , нақтылы өлшемге олардың шектік ауытқуларын (жоғарғы және төменгі) өз таңбалары арқылы қосу көмегімен анықтайды. Жоғарғы ауытқу ең жоғарғы шектік өлшемді, ал төменгі ең төменгі шектік өлшемді анықтау үшін қажет.
3. Берілген қондырулар жағдайында дәлдік шектер жүйесін келесідей түрде белгілейді.
Негізгі білік – біліктің жоғарғы ауытқу (es) нөлге тең. Мұндай біліктің дәлдік шегі негізгі ауытқу «h» арқылы құрастырылады.
Негізгі тесік – тесіктің төменгі ауытқу (EI) нөлге тең. Мұндай тесіктің дәлдік шегі негізгі ауытқу «H» арқылы құрастырылады.
Егер әр түрлі саңылаулар мен керулер негізгі білік қосылысында әр түрлі тесіктермен алынса, онда қондырулар білік жүйесінде болып есептелінеді.
Әр түрлі біліктерді негізгі тесікпен қосқанда, қондырулар негізгі тесік жүйесінде болып есептелінеді.
4. Қосылыстар сипаты бойынша қондырулар тобын саңылау , керу және өтпелі деп айырады. Қондыруларда саңылауларды немесе керулерді анықтау үшін алдымен тесіктің және біліктің сәйкестік шектік өлшемдерін салыстыру керек.
Тек қана содан кейін анықтап алған соң шектік саңылаулар немесе керулер шамасын анықтаймыз.
Шектік
саңылауларды және керулерді анықтауға
арналған формулалар 1.2.
,
3.7
және §24
тарауларында келтірілген. Белгілі
шектік саңылаулар немесе керулер мәні
арқылы қондырудың дәлдік шектерін
анықтайды.
5. Қосылыстар дәлдік шек өрісі сүлбесін салудың негізгі міндетін нөлдік сызық атқарады, қайсысы қосылыстың нақтылы өлшеміне сәйкес келетін. Дәлдік шек өрісі сүлбесін салғанда нөлдік сызыққа өз бетінше перпендикулярлі, бірақ та бірдей масштабта өлшемдердің таңбасына қарай шектік ауытқуларын салады. Нөлдік сызық бағытында дәлдік шек өрісі шамасын қабылдайды. Дәлдік шектер өрісіне дұрыс талдау жасау үшін, мынаны есте сақтау керек, нөлдік сызық тек қана ауытқулар үшін есептеудің бастауы, ал осы сызыққа сәйкес өлшем, нақтылы өлшемге тең.
1 суретте ∅ 101 H9/e8 қосылыстың дәлдік шек өрісінің сүлбесі көрсетілген.
6. Бірінші тапсырманың есептемелерін қысқарту үшін, қосылыстар элементтері және олардың бөлшектерінің мәндерін 1 кестеге енгізу керек.
7. Бөлшектер сызбалары және құрастыру сүлбелерінде дәлдік шек өрістері және берілген қондырулардағы ауытқулар белгілеулерімен 2 суретте орындалған. Сызбада және сүлбелерге өлшемдерін қойған уақытта, ауытқулардың сандық мәндерін толығымен қою керек, жоғарғы және төменгі ауытқулардың толмаған сандық орындарына нөлді қосумен біркелкі қылу керек. Нөлге тең шектік ауытқуларды ешқандай таңбасыз «оң» және «теріс» әрі сандық орнын көрсетпеу керек (СТ ӨЭК 2180 – 80 ) , бірақ та жазылатын орындарын бос қалдыру керек.
1 кесте