Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ІІ семестр C-12-2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
268.8 Кб
Скачать

1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру. Экономикалық тәуелсіздік

Егемендік, тәуелсіздіктің екі жағы бар. Бір жағы саяси тәуелсіздік. Саяси тәуелсіздік алу - өз алдына ұлттық мемлекет болу, жеке ел болу. Екінші жағы – экономикалық тәуелсіздік. Ғылыми тұрғыдан алғанда экономикалық тәуелсіздік саяси тәуелсіздіктің негізі болып табылады. Экономикалық тәуелсіздігі жоқ елдің тәуелсіз болуы екіталай. Елдің экономикалық тәуелсіздігі үшін не қажет? Ол үшін ең алдымен, ел экономикасын көтеру, экономика тиімділігін арттыру, халықтың әл-ауқатын көтеру қажет.

АҚШ пен Батыс Еуропаны айтпағанда, мына өзіміздің алып көршіміз Қытайды алайық. Қытайдың ақыл-оймен асықпай жасаған реформасы қазір миллиардтан астам халықтың тұрмысын көтеруде.

Бар ісін техника атқаратын АҚШ, Англия, Жапония сияқты елдердің ауыл шаруашылығына мемлекет дотация береді. Ауыл шаруашылығы өнеркәсіп өндірісіне ұқсамайтын ерекше шаруашылық, себебі ол табиғатқа тәуелді. Табиғатпен байланысты экономика тілінде ұдайы өндіріс дейміз. Мал өсуі үшін уақыт керек, егін өсіп шығуы үшін уақыт керек. Ең қиыны ауыл шаруашылығын дамытпай бірде-бір ел, ел болмайды. Ауыл шаруашылығы деген – азық-түлік. Ал, азық-түліктің 50-60 пайызын өзі өндірмей, шетелден әкелетін ел экономика тәуелділікке түседі.

Тапсырмалар:

  1. Мәтінді оқыңыз, жаңа сөздерді аударыңыздар.

  2. Мәтінді әңгімелеуге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін жазыңыз.

  3. Мәтінді әңгімелеңіз.

  4. Саяси тәуелсіздік деген не?

  5. Экономикалық тәуелсіздік деген не?

  6. Ауыл шаруашылығы қандай шаруашылық?

  7. Жалқы зат есімдерді табыңыздар.

БОЯУДЫҢ ТҮРЛЕРІ

Силикатты бояулар сұйық шыныдан, пигменттен және бордан құрастырылады.

Майлы бояулар зауыттарда дайындалады. Майлы бояулар өсімдік майларына пигменттер мен минералды толықтырғыштарды араластыру арқылы шығарылады.

Алкидты бояулар глифталды, пентафталды және басқа алкидты лактардың қолданылуымен өндіріледі.

Эмальды бояулар ғимараттардың сыртқы және ішкі беттерін әрлеуде пайдаланылады. Құрылыста қолданылатын барлық эмальдар майлы немесе глифталды лактардан және пигменттерден тұрады. Басқа бояулардан айырмашылығы - эмальдар тез кебеді.

Полистрольды бояулар 3-4 сағат бойына қатаяды. Оларды жылдың кез келген уақытында қолдануға болады.

Алкидті – стиролды эмальдар ағашты плиталар мен сыланған қабырғалардың беттерін бояуда қолданылады.

Тапсырмалар:

1.Мына сөздерді аударыңыздар.

Сұйық ,бор,майлы бояулар ,өсімдік ,толықтырғыштарды, араластыру ,

қолдану ,қатаяды ,шығарылады, ғимараттар, әрлеу, сыланған, айырмашылық, бет.

2. Сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыздар.

Силикатты бояулар сұйық шыныдан, пигменттен және бордан құрастырылады.

3. Мәтінді аударыңыздар.

4. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыздар.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Байжанов Ж.О, Рақымов М.А, Ткач Е.В, Кононенко А.М. Құрама темірбетон кәсіпорындарын жобалау. Қарағанды, 2007.

2.Жүсіпова Б.Ж. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматы, 2007.

3.Франк В.Ю. Қазақ тілі. Алматы,1999 .

СӨЖ

Әңгіме. Ежелгі қазақ сәулет өнері.

СОӨЖ

1.Жай сөйлемді қайталап, жаттығулар орындау. 2.Презентация. Қарағанды. 3.Суретпен жұмыс.

8-тақырып. Нарық. Салық . Ағаш туралы қысқаша түсінік. Айтылу мақсатына қарай сөйлемнің түрлері.

Практикалық сабақтың жоспары