Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ІІ семестр C-12-2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
268.8 Кб
Скачать

Портландцемент және композиционды цементтер

Күл және отынды қождарды портландцемент клинкерінің және активті минералдарда шикізат компоненті ретінде, сондай-ақ композиционды күлді және қожды цементте қолданады. Күлді - қож қалдықтарының бағасын шикізат қоспасының компонеті ретінде силикатты модульдің шартты мәні бойынша анықтайды. Клинкер өндірісінде жоғары техникалық-экономикалық көрсеткішке құрғақ күл қолдану арқылы ие болуға болады. Күлдің құрамында 10 % аралығында отынның жанбай қалған қалдықтарының болуы цемент өнеркәсібінде өте бағалы. Яғни, бұл 1 млн. тонна күлді шикізат компоненті ретінде қолданғанда, цемент өнеркәсібі қосымша 100 мың тонна отын алады. Күлде су саздан аз болғандықтан, оны шикізат құрамына қолдану шламның ылғалдылығын 33-34% , отынның шығынын 7-10% төмендетеді және айналмалы пештердің өнімділігін жоғарылатады.

Тапсырмалар:

1.Мәтіннен жаңа сөздерді теріп жазып, аударыңыздар.

2. Мәтіннен жай сөйлемдерді теріп жазып, сабақтас құрмаласқа айналдырыңыздар.

3. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыздар.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Мырзақожаеа А.А, Жақыпбеков Ш.Қ. Құрылысқа арналған шыны негізіндегі әрлі қаптама матеиалдары.

2.Жүсіпова Б.Ж. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматы, 2007.

3.Жетпісбай Ш.А, Ботабек А.Ә.,Байпелова Г.С. Әбілқасов Ғ.М. Сағатоа Г.Қ. Қазақ тілі. ҚарМТУ, 2004.

СӨЖ

«Жер туралы», «Еңбек туралы» мақал-мәтелдерді дәптерлеріңізге жазып, жаттап алыңыздар. Қазақ ертегілерінен ұнаған бір ертегіні әңгімелеп беріңіздер.

СОӨЖ

1.Сабақтас құрмалас сөйлем туралы слайд-сабақ жасау. 2. Жаттығулар орындау. 3.Тест тапсырмаларын орындау.

13-тақырып Өсімдіктердің тіршілік формалары. Қазақстанның «Қызыл кітабы». Ағаш - дизайн элементі ретінде. Сабақтас құрмалас сөйлем (қимыл-сын, қарсылықты, себеп, шартты).

Практикалық сабақтың жоспары

1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

2. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.

ӨСІМДІКТЕРДІҢ ТІРШІЛІК ФОРМАЛАРЫ

Адамзат дамуының алғашқы дәурінде адамның негізгі қорегі өсімдік болды. Ертедегі египеттіктерге алоэ, қараған, зығыр, лотос, жалбыз, тал, арша, т.б. өсімдіктердің емдік, шипалық қасиеттерінің болғанын жазба деректер дәлелдейді. Бұдан 4 мың жыл бұрын үндістандықтар 760 дәрілік өсімдікті пайдалана білген. Қытайда дәрілік өсімдіктер жөнінде алғашқы кітап бұдан 5 мың жыл бұрын жазылған. Орта ғасыр ғалымы Парацельс ерте заманнан келе жатқан ілім бойынша «емдік өсімдіктің пішіні, түсі, дәмі мен иісі аурудың сипатына сай келуі тиіс» дейді. Қазақ халқының емшілік салтында шипалы өсімдіктерді пайдалану ежелден бар дәстүр. Халық емшілері бұл жөнінде көптеген тәжірибелер жинаған. Мысалы, қазақтардың қылшадан дәрі жасауына сүйеніп, 1924 жылы П.С. Моссагетов Қазақстанда өсетін қырықбуын қылшасының шипалы қасиетін ашқан. Қазақстанда өсетін тағы да бір шипалы шөп – мақсыр, немесе марал тамыр (рапотник). Кейінгі жылдары дәрілік өсімдіктер қатарынан жусан, мыңжапырақ (тысячелистник)-биіктігі 30-70 см-дей көп жылдық шөптесін өсімдік. Халық медицинасында дәрілік өсімдіктердің ішінде женьшень сияқты адам организміне әл, күш беретін дәрілік өсімдіктер жиі кездеседі.

Тапсырмалар.

1.Мәтін бойынша сөздерді теріп жазып, сөздік құрастырыңыз.

2.Мәтінді оқып аударып, түсінгендеріңіз туралы әңгімелеңіз.

3.Емдік, шипалық, дәрілік, өсімдік өздерін аударып, сөйлем құрастырыңыз.

4.Адамзат дамуының алғашқы дәурінде адамның негізгі қорегі өсімдік болды. Берілген сөйлемге морологиялық талдау жасаңыз.