
- •Қаныш сәтбаев –тұңғыш академик
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру. Адам және қоғам
- •Салауатты өмір салты
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.
- •Менеджер және ұйым
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру. Қоғамдағы отбасының қызметі
- •Шынымәрмәр, шыныдекор және әрлі шыныұнтақ
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру. Қазақстанның білім беру жүйесі
- •Шыныкристаллит, шыныкремнезит
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру. Ұлттық байлық
- •Қазақстанның пайдалы қазбалары
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру. Экономикалық тәуелсіздік
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру. Нарық
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру. Ақша қызметі
- •Ар нуво
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.
- •Қазақстан климаты
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.
- •Ақ бидай (ертегі)
- •Портландцемент және композиционды цементтер
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.
- •Қазақстанның «қызыл кітабы»
- •Ағаш - дизайн элементі ретінде
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру. Өсімдік және медицина
1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
2. Тапсырмаларды орындау
3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.
ЖЕР ҚҰНАРЫ - ӨМІР НӘРІ
Жер деген - әркімнің туған анасы тәрізді. Жалпы адамзат баласының өмір сүрген ортасы жер планетасы болғандықан, жерде өсетін өнімдер түрлі жеміс-жидек көкөністер мен олардан бөлінетін дәрумендер адам организміне өз пайдасын тигізеді. Жердің құнары – адам өмірінің нәрі. Егер жерді сүйсең, сырын білсең, ол саған құнары мен нәрін береді. Жер – ана тәрізді, жыламасаң, еңбек етіп тер төкпесең, ештеңе бермейді. Жер еңбек еткенді сүйеді. Еңбек оны түрлендіреді. Еңбек жердің қасиетін, құдіретін аңызға айналдырады. Біздің осы көп өнім алып жүрген жеріміз күнделікті түрлендіріп, гүлдендіріп бағып - күтуді талап етеді.
Мұндай жерден өнімді тыңайтқыштың күшімен және еңбектің, мына қолдың күшімен алып келеміз. Мысалы: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген мақал-мәтелдерде осының дәлелі. Сол себепті «жердің қасиетін арпа,бидай дән егіп, оны орған біледі» демекші, күнделікті өмірде тұтынатын тағамдар мысалы, нанның өзі жерден өсіп шығатын арпа, бидайдан алынатынын білеміз.
Жерді сүйіп қана қою жеткіліксіз, оны баптап, аялай білу керек. Жерді білу дегеніміз – оның қасиетін, топырағының қасиетін, білу деген сөз.
Тапсырмалар.
1.Мәтін бойынша сөздерді теріп жазып, сөздік құрастырыңыз.
2.Мәтінді оқып аударып, түсінгендеріңіз туралы әңгімелеңіз.
3. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыздар.
4. Мәтіннен сабақтас құрмалас сөйлемдерді теріп жазыңыздар.
5.Жер, өнім, өмір, еңбек, аяла сөзерін қатыстырып сөйлем құрастырып жазыңыз.
Ақ бидай (ертегі)
Есте жоқ ерте заманда бидай өз бетімен өседі екен. Бір жылы қуаңшылық болады. Тіршілік үшін жанталасқан өсімдік атаулы Ақ бидайды жан-жағынан қаумалап, астындағы суды тартып алады. Кейбір бойшаң бұталар күннің көзіне қасақана тұрып алып, жарық түсірмейді. Сөйтіп, Ақ бидайдың жағдайы күннен-күнге нашарлай бастайды. Ақырында өлер халге жетеді. Содан соң олай-бұлай өткен әр түрлі аңдардан жәрдем сұрайды. Үстінен әрлі-берлі қалықтап ұшып жатқан үлкенді-кішілі құстарға жалбарынады. Бірақ оның өтінішіне, мұң-зарына ешкім құлақ аспайды. Енді өлдім ғой деген сәтте, Ақ бидайға садақ асынған, қолында найзасы бар, аң аулап жүрген Адам тап болады. Бидай байғұс көзінің жасын төгіп тұрып, Адамға мұңын шағады. Адам ойланып тұрып, ақырында оның өтінішін қабыл алады. Садағын жерге қойып, найзасын бұтаға сүйей салады да, білегін сыбанып жіберіп, іске кіріседі. Ақ бидайдың айналасындағы шөптің бәрін қолымен отап, тып-типыл қылады. Бұлаққа барып тақиясына толтырып су әкеледі. Әлсіреп қалған Ақ бидай мөлдір суға қанып бой түзеп, құлпырып сала береді.
Адам да жиі-жиі келіп, бидайға қамқор болып жүреді. Қаскөй шөп, тікендерді оның қасына жуытпай, мезгіл-мезгіл суарып тұрады. Күзге салым бидай піседі.
Пскен дәндерінің бір түйірін де шашау шығармастан, Адамға тарту етеді. Адам сыйға алған дәнін бір қыс сақтайды. Көктем шыққанда ол үйшігінің жанындағы тәуірлеу жерді қопсытып, соған әлгі дәнді себеді. Жаз бойы арам шөбін жұлып, мезгілімен суарып, баптап тұрады. Ақырында еңбегі бос0а кетпей, күзде Адам бір дорба бидай алады. Келер жылы бір қап, содан соң он қап, одан соң мың қап, қойшы, адамзат бидайды әлденеше миллион қап етіп алатын болды.
Адам мен Ақ бидайдың айырылмас достығы ерте заманда осылай басталған екен.
Тапсырмалар.
1. Мәтінді оқып аударыңыз.
2. Мәтін бойынша он сөзді аудармасымен жазыңыз.
3. Мәтіннен сабақтас құрмалас сөйлемдерді теріп жазыңыздар.
4. Ертегіні өз сөздеріңізбен әңгімелеңіздер.
5. Ертегі бойынша сұрақтар дайындаңыздар.