
- •Қаныш сәтбаев –тұңғыш академик
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру. Адам және қоғам
- •Салауатты өмір салты
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.
- •Менеджер және ұйым
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру. Қоғамдағы отбасының қызметі
- •Шынымәрмәр, шыныдекор және әрлі шыныұнтақ
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру. Қазақстанның білім беру жүйесі
- •Шыныкристаллит, шыныкремнезит
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру. Ұлттық байлық
- •Қазақстанның пайдалы қазбалары
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру. Экономикалық тәуелсіздік
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру. Нарық
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру. Ақша қызметі
- •Ар нуво
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.
- •Қазақстан климаты
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.
- •Ақ бидай (ертегі)
- •Портландцемент және композиционды цементтер
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.
- •Қазақстанның «қызыл кітабы»
- •Ағаш - дизайн элементі ретінде
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру. Өсімдік және медицина
ІІ семестр
1 - тақырып. Мамандық әлемінде. Менің мамандығым. Қаныш Сәтбаев – тұңғыш академик. Есімше.
Практикалық сабақтың жоспары
1. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.
2. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
Мамандық әлемінде
Өмірде мамандықтың түрі өте көп. Жақсы маман болу үшін еңбек ету керек. Инженер, дәрігер, мұғалім, ғалым, жазушы, тілші, жорналшы, мүсінші, суретші, сәулетші, экономист, есепші, ұшқыш, ғарышкер болу үшін оқу керек. Жақсы жұмысшы, кенші, металлург, жүргізуші, балташы, құрылысшы, тоқымашы, тігінші болу үшін өндірісте істеу керек. Бақташы, егінші, мал дәрігері, бағбан, сауыншы, мақташы болу үшін ауылда жұмыс істеу керек. Ал, аяқ киім жөндеуші, сатушы, шаштараз, сағат шебері, зергер болу үшін тұрмыстық қызмет көрсететін салада істеу керек. Өнер саласына жататын мамандықтар: әнші, биші, музыкант, композитор, режиссер, т.б.
Сіздің мамандығыңыз қандай? Мамандығыңыз қай салада? Өзіңіздің салаңызда жақсы маман болу үшін не істеуіңіз керек?
Тапсырмалар:
1. Мәтінді аударыңыз.
2. Мәтін бойынша сұрақ дайындаңыз.
3. Мамандық атауларын сала бойынша қойып жазыңыз.
4. «Мамандық» тақырыбына шағын шығарма жазыңыз.
5. Оқып, аударып, жаттап алыңыз.
Он маман
Бір баламыз – бақташы,
Екіншісі - егінші,
Үшіншісі – үлгіші,
Төртіншісі – теңізші,
Бесіншісі – балташы,
Алтыншысы – аспазшы,
Жетіншісі – жылқышы,
Сегізіншісі – сырнайшы,
Тоғызыншысы – тігінші,
Оныншысы – орманшы.
(Ермек Өтетілеуұлы)
МЕНІҢ МАМАНДЫҒЫМ
Өмірде мамандықтың түрі өте көп. Әр адам өмірінде бір мамандықтың иесі болуға тиіс. Ол үшін көп еңбектену керек. Ең алдымен өз мамандығыңың қыр-сырын үйренуге міндеттісің. Қай мамандық болсын, адамға көптеген талаптар қояды. Жақсы маман, яғни инженер, экономист, ғалым, менеджер, сәулеткер, маркетолог, есепші, аудитор, оқытушы болу үшін жақсы оқу қажет. Ал жақсы жұмысшы, кенші, құрылысшы, металлург, жүргізуші, балташы, тоқымашы, тігінші болу үшін, өндірісте жақсы істеу керек. Ауыл шаруашылығында жұмыс істесең, онда сенің бақташы, диқан, шопан, сауыншы, бағбан, омарташы атанарың анық.
Қазіргі заманда болашақ мамандарға қойылатын талаптардың бірі оның теориялық білімі мен іскерлік қасиеттерін ұштастыра білуі. Сонда ғана ол жақсы жұмысқа орналасып жұмыссыз қалмауы мүмкін.
Өзім сәулет-құрылыс факультетінде оқимын. Болашақ мамандығым өзіме ұнайды. Құрылыс мамандығы бойынша білім алудамын. Алғашқы екі курста біз жалпы пәндерді оқимыз. Жоғары курстарда мамандық пәндері басталады. Бірінші курсты аяқтап, шілде айында біз өндірістік практикаға барамыз. Біз әртүрлі зерттеу жұмыстарын жүргіземіз. Бұл практика біздің мамандығымызға деген үлкен қызығушылығымызды арттырады. Осы мамандықты қалағаныма өкінбеймін, өйткені оның болашағы зор. Университетті бітіріп жақсы маман болып, алған білімімді Қазақстанның бәсекеге қабілетті елдер арасына кіруіне өз үлесімді қосуға бар күшімді саламын.
Тапсырмалар:
1. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз.
Қандай мамандықтарды білесің?
Сенің туыстарың кім болып істейді?
Өзің қай жерде оқисың?
Сенің болашақ мамандығың қандай?
2.Мәтіндегі етістіктерден есімше жасаңыздар.
3.Жақсы маман болу үшін не істеуіңіз керек? Осы тақырыпта сұхбат құрастырыңыз.
4.Келген, айтқан есімшелерін септеңіздер.
Қаныш сәтбаев –тұңғыш академик
(1899-1964)
Қаныш Сәтбаев - аса көрнекті ғалым және қоғам қайраткері, Ғылым академиясының тұңғыш президенті, алғашқы академик.
Қаныш бала кезінен өте алғыр, зерек болған. Ол Румидің, Хафиздің, Жәмидің, Науаидің өлеңдерін жатқа білді. "Жүсіп-Зылиха", "Ләйлі-Мәжнүн" сияқты дастандарды оқыды. Әкесі Имантай бір ауылға би болған. Ол Қанышты кітап оқуға және ән-жырға баулыды.
Ғалымның Қазақстанда болмаған жері жоқ десе де болғандай. Қарсақпай мен Жезқазған мыс кенін, Екібастұз көмірін ашты, содан соң-ақ ол жерлерде зор зауыттары мен комбинаттары бар қалалар орнады. Қаныш Қазақстанның кен қорларының картасын жасады. Ол Ұлытауда Әмір Темірдің жазу жазып қалдырған белгі тасын тапқан, қазір бұл тас Эрмитажда сақтаулы. Сәтбаевтың бастауымен Ғылым академиясының құрылысы басталды. Ол академия үйінің алғашқы кірпішін қалады. Қ.Сәтбаев ғылым үшін көп еңбек сіңірді. Ол 640-тан астам ғылыми еңбектің авторы. Қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушы.
Ол Жезқазған мыс рудалы ауданын ашуда көп еңбек сіңірді. Қ.Сәтбаевтің құрметіне жаңа минерал-Сәтбаев деп аталды. Алматы қаласындағы №56 мектепке Қ.Сәтбаев есімі берілді, оның атында көше бар. Ол тұрған үйге мемориалдық тақта қойылды.
Адамдар арасында тілдік қарым-қатынастың іске асуына қатысымдық тұлға ретінде мәтін негіз болғандықтан, Қ.Сәтбаевтың өмірбаянына арналған мәтіннен ғалым бойындағы отанына, жеріне деген ерекше сүйіспеншілігін тіл үйренуші студенттердің бойына дарыту, одан үлгі алуға үйрету болып табылады. Мәтін студенттерді кітап оқи білуге, поэзияны, жерін сүюге, адамгершілік қасиетін қалыптастыруға тәрбиелейді.
Тапсырмалар:
1. Мәтіндегі жаңа сөздерді аударыңыздар..
2. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыздар.
3. Мәтіннен есімшелерді теріп жазыңыздар.
4. Мәтіннің мазмұнын қысқаша әңгімелеп беріңіз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Байжанов Ж.О, Рақымов М.А, Ткач Е.В, Кононенко А.М. Құрама темірбетон кәсіпорындарын жобалау. Қарағанды, 2007.
2.Жүсіпова Б.Ж. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматы, 2007.
3.Франк В.Ю. Қазақ тілі. Алматы,1999 .
СӨЖ
Мамандық әлемінде. Менің мамандығым. Қаныш Сәтбаев – тұңғыш академик.
СОӨЖ
1.Есімше түрлерін қайталап,сөйлемдер құрап жазу. 2.Жаттығулар орындау. 3.Тест жұмыстарын орындау.
2-тақырып. Адам және қоғам. Салауатты өмір салты. Инженерлік геология. Көсемше.
Практикалық сабақтың жоспары
1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру. Адам және қоғам
Адамда мінез-құлықтар жүре-бара қалыптасады. Адамның көзқарасы оның қандай ортада өскендігіне тікелей байланысты. Оның көзқарасына әсер ететін факторларды екі кезеңге бөлеміз.
Бірінші кезеңге адамға бала кезінде өте зор әсер ететін ортаны — отбасын, ойнайтын достарын, мектепті жатқызуға болады. Мектептің кезінде билікті бөлісу үлгісін оқушылар міндетті, қажетті деп қабылдайды, солай болуы да тиіс. Ал бұл қатынас мемлекет құрылымы туралы болашақтағы көзқарасты да қалыптастырады.
Бұл кезеңде адамға әсер ететін факторлар — құрбы-құрдастары, қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат кұралдары.
Екінші кезеңде әлеуметтенудің факторлары өзгереді. Бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік орта басты орын алады. Теледидар және радио арқылы берілетін хабарлар алғашқы және шындық, ретінде қабылданады.
Қоғамдағы маңызды орын алатын фактор тікелей қоршаған әлеуметтік орта: оқудағы, жұмыстағы әріптестер, жақын туысқандар, т.б. Шығармашылық интеллигенция ортасы да маңызды рөл атқарады. Еңбексүйгіш, тәртіпті, үлкенге, отбасына ізетті адамдармен қатынаста болудың да үлкен маңызы бар.
Қоғамда әрбір адам өзі туғаннан берілген қабілетін толық іске асыра алатын және сол арқылы тек біздің мемлекетімізге емес, жер бетіндегі барлық адамдарға пайдасын тигізе алу үшін, атап айтқанда білім мен денсаулық арқылы рухани құндылықты жаңғыртуға болады. Қоғамды жасаушы адам екенін ұмытпауымыз керек.
Тапсырмалар:
1.Мәтінді оқып шығып, аударыңыздар.
2.Берілген сөз тіркестерін аударып, сөйлем құрастырыңыздар: қоршаған орта, біздің мемлекетіміз, әлеуметтік орта, қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, маңызды фактор, рухани құндылық.
3. Мәтіннен көсемшелерді табыңыздар.
4.Мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, ауызша жауап беріңіздер.
5. Мына нақыл сөздерді оқып, аударыңыздар: Келешек қоғам тәрбиесі —ұрпақ тәрбиесі.
Қазақтың ұлы ағартушысы Шәкәрім Құдайбердіұлы “Өзіңді-өзің танысаң, істің басы”.