Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МИНЕРАЛДЫ ТЫАЙТЫШТАР.rtf
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
156.97 Кб
Скачать

Мазмұны

КІРІСПЕ

МИНЕРАЛДЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШТАР, ОЛАРДЫҢ ТОПЫРАҚ ҚҰНАРЛЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДАҒЫ РОЛІ

2.1 Азот тыңайтқыштары, олардың түрлері мен өсімдіктер үшін маңызы

    1. Топырақ құрамындағы қарашірік мөлшерін анықтау

    2. Топырақтағы қарашірік заттарын экстракциялау

    3. Минералдық тыңайтқыштардың қарашіріктің сапалық құрамына әсері

Қорытынды пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Ауыл шаруашылығының негізі неолит дәуірінде пайда болды. Осы кезден бастап адамның табиғатқа әсері айқын сезіле бастады. Үй жануарларын өсіру үшін адам жайылымдық жерлерді игеріп, бұл жерлерде бұрын тіршілік еткен жабайы жануарларды қуып, аулап, олардың санының азаюына себеп болды.

Табиғатқа тигізетін зиянды әсерлердің негізгі себебі табиғи экожүйелер мен биоценоздардың мәдени ауыл шаруашылық жүйелеріне айналуы болып табылады.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуы табиғи экожүйелердің өте үлкен масштабта жойылуына әкелді. Мұндай деградацияға ең алдымен тропиктік экожүйелер ұшырады. Ормандарды кең масштабтарда кесу, жерді тиімсіз, жүйесіз пайдалану бүкіл эволюция нәтижесінде қалыптасқан экожүйелердің қалпына келмейтіндей болып бұзылуына әкеліп соқты.

Бір кездердегі құнарлы топырақтар мен ландшафттар азғантай уақыт ішінде шөл далаларға айналады. Ауыл шаруашылығы бұдан он мыңдаған жылдар бұрын Палестина мен Сирияның солтүстік аудандарында пайда болды. Қазір бұл үлкен, бір кездегі гүлденген территория құмды далаға айналған. Құнарлы топырақтарды жүйесіз, қалай болса солай пайдалану, алдымен біртіндеп ормандарды азайтты, одан кейін топырақтардың екінші қабатын, ең соңында бүкіл топырақты жойды деуге болады.

Қазіргі заманғы қоғамдық өндірістің дамуы ғалымдардың пікірінше, XVІІІ ғасырдан басталды. Осы кезден бастап негізгі Европалық мемлекеттердің экономикалық структурасы ғылым мен техниканың жетістіктеріне байланысты күрт өзгере бастады. Осы кезде ауыл шаруашылығы өндірісі де техникамен жақсы жабдықтала бастады, өсімдіктердің жаңа дақылдары пайда болып, егін және мал шаруашылықтарының тиімділігі артты.

Ауыл шаруашылығының техникамен жабдықталуы, адамның табиғатпен қарым қатынастарында түбегейлі өзгерістердің пайда болуына себеп болды.

Адам іс-әрекеті арқылы пайдаланылатын биоценоздардың түрі азая түсті. Табиғи биоценоздардан ауыл шаруашылық био-ценоздарының айырмашылығы олардың біркелкілігінде. Бір ғана дақыл түрін үлкен масштабта өсіру нәтижесінде топырақ құнар-лылығы кеміп, оның структурасы бұзылады, не тұзданады.

Қазіргі заманғы ауыл шаруашылық техникасы көмегімен егіс алқаптарын көбейту нәтижесінде табиғи ландшафттардың — дала, орман, батпақ т.б. жойылуына себеп болады. Табиғи жайылымдар ауданының кемуі жабайы жануарлардың азаюына, тіпті қырылып кетуіне әкеп соғады.

Әр түрлі биотоптарда өндіріс қалдықтарының жинақталуы заттар айналымын бұзады.

Ғылыми техникалық прогресс ғасырында адамның шаруашылық іс-әрекеті әсерінен биосфераның түрлі орталары айналымындағы табиғи элементтерге енді біраз мөлшерде түрлі жасанды элементтер қосылды. Бұлардың ішіндегі ең негізгілерінің бірі ауыл шаруашылығында минералды тыңайтқыштар мен пестицидтер пайдалану — қазіргі заманғы егін шаруашылығын химияландыру болып табылады.

Қазіргі ғылыми техниканың өрлеу заманында аграрлық экожүйелерде минералдық тыңайтқыштар қолданбай тиімді ауыл шаруашылық өнімін алу мүмкін емес. Бұл аксиома. Бірақ минералдық тыңайтқыштарды ұзақ мерзімде және оларды шамадан тыс көп мөлшерде қолдану агроценоздың табиғи көрінісін өзгертіп, топырақ құнарлылығын күрт төмендетеді. Бұл жағдай қазіргі таңда, экология саласының проблемалары шеңберінен шығып, табиғи ресурстарды және табиғатты қорғаудың ауқымды мәселесіне айналып отыр.

Ауыл шаруашылық дақылдарына қажетті деңгейден көп мөлшерде топыраққа түскен минералдық тыңайтқыштар топырақтың қышқылдануына әкеліп, нәтижесінде қарашіріктің қарқынды ыдырауына және топырақтағы органикалық қосылыстардың азотының минералдану процестерінің белсенділігі артуына жағдай жасайды /1-3/.

Минералдық тыңайтқыштарды кең көлемде қолданудың осындай негативті әсері, көптеген елдердің (АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Ресей, ФРГ) ғалымдарын ойландырып, олар соңғы кезде жиі айтылып жүрген биологиялық егіншілік жүйесіне көшудің жолдарын іздестіруде /4-10/.