Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kz_2050.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
177.67 Кб
Скачать

Жоспар

КІРІСПЕ......................................................................................................3

  1. « Қазақстан 2050» стратегиясының мазмұны...........................4

    1. Мемлекеттік аппарат бизнес-қауымдастықпен жаңа өзара іс-қимыл жүйесін құруы керек.......................................................8

    2. Ұлттық экономика. Халықаралық еңбек бөлінісіндегі еліміздің рөлі................................................................................................11

    3. 2050 жылға дейін кезең-кезеңмен мынадай міндеттерді шешу принципті маңызды....................................................................15

    4. Стратегияны әзірлеудің негізгі бағыттары.............................19

II. Кәсіпкерлікті - ұлттық экономиканың жетекші күшін жан- жақты қолдау..................................................................................................................22

2.1 Ғылым мен бизнестің толыққанды кооперациясы ..................24

2.2 Мемлекеттік бағдарламада экономиканы әртараптандыруды және бәсекеге қабілеттілігінің өсуін қамтамасыз ететін оның шикізат емес секторларын жедел дамыту көзделіп отыр.....................................26

 2.3 Шағын бизнесті мемлекеттік қолдаудың негізгі қағидалары.......30

Қорытынды ..........................................................................................................32

Пайдаланған әдебиеттер тізімі .......................................................................33

Кіріспе

Жалпы елімізде соңғы уақытта мемлекет тарапынан бизнеске айрықша көңіл аударылып келеді. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында бизнеске айрықша көңіл бөлінетіндігі туралы атап айтып кетеді. Соның айғағы ретінде « Бизнестің Жол картасы 2020» жәнеде кәсіпкерлікті қолдау сияқты мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асуда.

Мен таңдаған курстық жұмысымда осы тақырыпқа арналады. Таңдаған тақырып бойынша мен Елбасының 2012 жылғы «Қазақстан 2050» стратегиялық жолдауындағы Үкіметпен бизнестің арасындағы қатынасты талдау болды. Сондай-ақ олардың орындалу тәртібін ашып көрсету, кәсіпкерлікті мемлекттік қолдау сияқты мемлекеттік бағдарламаларды зерттеу керек болды.

Алдымен осы стратегиясының мазмұнымен таныса кетейік: «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты

 

Қалыптасқан Қазақстан – мемлекеттілігіміздің, ұлттық экономикамыздың, азаматтық қоғамымыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық беделіміздің дағдарыста сыналуы

1. Қуатты да табысты мемлекет 2. Демократияландыру мен ырықтандырудың орнықты процесі 3. Түрлі әлеуметтік, этностық және діни топтардың келісімі мен татулығы 4. Ұлттық экономика. Халықаралық еңбек бөлінісіндегі біздің рөліміз 5. Қоғамдық тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз ететін күшті әлеуметтік саясат 6. Әлемдік қоғамдастық таныған ел 7. Ядролық қаруды таратпау режімін ілгерілетудегі біздің белсенді рөліміз 8.Қазақстан-2030 стратегиясы. Негізгі қорытындылар

ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері

  1. Бірінші сын-қатер – тарихи уақыттың жеделдеуі 2. Екінші сын-қатер – жаһандық демографиялық теңгерімсіздік 3. Үшінші сын-қатер – жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер 4. Төртінші сын-қатер – судың тым тапшылығы 5. Бесінші сын-қатер – жаһандық энергетикалық қауіпсіздік 6.Алтыншы сын-қатер – табиғи ресурстардың сарқылуы 7. Жетінші сын-қатер – Үшінші индустриялық революция 8. Сегізінші сын-қатер – үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық 9. Тоғызыншы сын-қатер – өркениетіміз құндылықтарының дағдарысы 10. Оныншы сын-қатер – жаңа әлемдік тұрақсыздық қаупі

Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм

1. Түгел қамтитын экономикалық прагматизм 2. Жаңа кадр саясаты 3. Макроэкономикалық саясатты жаңғырту 3.1. Бюджет саясаты 3.2. Салық саясаты 3.3. Ақша-кредит саясаты 3.4. Мемлекеттік және сыртқы қарызды басқару саясаты

4. Инфрақұрылымды дамыту 5. Мемлекеттік активтерді басқару жүйесін жаңғырту 6. Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі 7. Индустрияландырудың келесі кезеңінің жоспары 8. Ауыл шаруашылығын жаңғырту 8.1. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуде және саудада қожалықтар мен шағын және орта бизнесті дамыту 9. Су ресурстарына қатысты саясат

2. Ұлттық экономикамыздың жетекші күші – кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау

1. Шағын және орта бизнесті дамыту 2. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестігінің жаңа үлгісі – «Қуатты бизнес – Қуатты мемлекет» 3. Жекешелендірудің жаңа кезеңі – мемлекет рөлінің өзгеруі.

Стратегияның басты деген бағыттары міне осылар. Соның ішінде мемлекеттік аппарат бизнес-қауымдастықпен жаңа өзара іс-қимыл жүйесін құруы туралы стратегияның бағытын айқындап алсақ.

Отандық кәсіпкерлік жаңа экономикалық бағыттың қозғаушы күші болып табылады.

Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 2030 жылға қарай, ең аз дегенде, екі есе өсуге тиіс.

Біріншіден, біз адамға ол үшін мемлекет барлық проблемаларын шешіп беруін күтпей, өзін бизнесте сынап көруге, елде жасалып жатқан экономикалық өзгерістерге толыққанды қатысушыға айналуына жағдай туғызуымыз керек.

Іскерлік мәдениетінің деңгейін көтеру мен кәсіпкерлік бастаманы ынталандырудың маңызы үлкен.  

 Қазақстанда кәсіпкерліктің, әсіресе шағын және орта бизнестің дамуы экономикалық реформаларды жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. Ал, бизнестің жоғары деңгейде дамуын қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан белгілі бір дәрежеде қолдау көрсетілуі керек. Осыған байланысты бизнес  бастаманы қолдау және жеке бизнесті дамытуды ынталандыру мақсатында мемлекет тарапынан әр түрлі қолайлы экономикалық және құқықтық жағдайлар жасалуы тиіс. Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңында елімізде жеке бизнесті қолдауға арнай тарау(4тарау) арналған. Осы заңда анықталған төмендегідей бағыттар мен жолдарды атап көрсетуге болады.

    1. Мемлекеттік аппарат бизнес-қауымдастықпен жаңа өзара іс-қимыл жүйесін құруы керек.

Біз бизнеске араласпауға және «бәрін қолынан жетелеп жүрмеуге» тиіспіз. Біз бизнеске ертеңгі күнге деген сенімділік сіңіруге тиіспіз,  кәсіпкерлер өздерінің күшіне сенуге және мемлекет оларды алдамайтынын, қорғайтынын білуге тиіс. Олардан тек адал жұмыс істеу ғана талап етіледі.

Бұл үшін біз, біріншіден, жекеменшік құқығының беріктігін іс жүзінде қамтамасыз етуге кепілдік беруге тиіспіз деп санаймыз. Екіншіден, шарттық міндеттемелерді қорғауға кепілдік беру керек.

Мемлекеттің міндеттемесі - азаматтарға олардың іскерлік белсенділігін жүзеге асыруға барынша мүмкіндік беру. Ал бұл дегеніміз - отандық бизнес үшін инфрақұрылым құрудың қамын ойлау.

(1) Осы мақсатта жаңа 2013 жылдың өзінде ұлттық құқықтық жүйені жаңғыртудың кефзекті кезеңін бастау керек.

Заңнама тек ұлттық мүдделерді ғана қорғап қана қоймай, қарқынды дамып отырған халықаралық құқықтық ортамен де үйлесуге тиіс. Үкіметке жария, сондай-ақ жеке құқықтың барлық базалық салаларында біздің құқық жүйеміздің бәсекелестігін арттыру жөнінде жүйелі шаралар қабылдауды тапсырамын.

(2) Үкіметке 2013 жылы менің Әкімшілігіммен бірлесіп атқаратын мынадай тапсырма беремін:

  •  Қылмыстық және Қылмыстық-іс жүргізу заңнамаларын реформалауды  бастау керек. Ілгері ізгілендіруге, оның ішінде, экономикалық құқық бұзушылықты қылмыссыздандыруға маңыз беру керек;

  •  Парламентке 4 жаңа кодексті: Қылмыстық-іс жүргізу, Қылмыстық, Қылмыстық-орындаушылық және Әкімшілік құқық-бұзушылық туралы кодексті әзірлеп, енгізу керек.

Бұл өзекті заң актілерінің қабылдануы қылмыстық сот ісін жүргізуді және, ең алдымен, қылмысқа қарсы мемлекеттің күрес саясатын тұжырымдық тұрғыдан жаңғыртады, біздің құқықтарымызды қазіргі сын-қатерлерге өз дәрежесінде әрекет жасайтындай деңгейге көтереді.

Бесінші. Мемлекет тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік принципін ұстануға тиіс.

Дамыған қоғам барлық жерде тәртіп пен реттілік орнатудан, жайлы подъезден, жинақы ауладан, таза көшеден және жарқын жүзді адамдардан басталады.

Біз ең ұсақ құқық бұзушылықпен, бұзақылықпен, мәдениетсіздікпен ымыраға келмеуіміз керек, өйткені, осының өзі қоғам тыныштығын бұзады, өмірдің сапасына селкеу түсіреді.

Тәртіпсіздік пен бетімен кетушілікті сезіну одан да елеулі қылмыстарға жол ашады.

Ұсақ  құқық бұзушылыққа төзбеу ахуалы - қоғамдық тәртіпті нығайтуға, қылмыспен күреске бастайтын маңызды қадам.

Біз құқықтық нигилизмді жеңіп, қоғамды қоғамдық тәртіпті қорғау ісіне тартуымыз керек.

Біз  әлеуметтік бүлдіргі пиғылды  жұмысқа орналасу мәселесімен байланыста қарауымыз керек. Біз қоғамдық орындардағы бұзақылық әрекет үшін жеке іс қағазында және резюмеде міндетті түрде көрсетілетін және жұмысқа қабылдау, қызмет сатысы бойынша өсіру кезінде ескерілетін жаза қолдануды енгізуіміз керек.

Мұның бәрі қоғамдық өмірдің нормасы болуға тиіс.

Алтыншы. Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуға тиіс.

Жемқорлық - жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген  тікелей қатер болып саналады. 

Біз түпкі мақсатымыз - жемқорлықты құбылыс ретінде жою үшін жемқорлыққа қарсы заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті қатты күшейтуіміз керек. 

Жетінші. Біз құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтердің реформасын жалғастыруға тиіспіз. Онсыз біз тәртіпсіздікке мүлдем төзбеуді қалыптастыру және жемқорлықты түбірімен жою жөніндегі міндеттерді шеше алмаймыз.

(1) Соңғы үш жылда құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтердің бірқатар маңызды реформалары жүргізілді. Бұл - мемлекеттікті нығайтудың маңызды қадамы. Олардың жұмысының  құқықтық базасы жақсартылды. Функциялары нақты айқындалды. Қызметтің қайталануы жойылды. Қылмысқа қатысты саясат ізгілендірілді.

Барлық құқықтық құрылымдардың қызметкерлері түгелдей аттестаттаудан өткізілді. 100 мыңнан астам адамнан 12,5 мың адам аттестаттаудан өтпей қалды және органдардан босатылды.

(2) Біз бұл жұмысты одан әрі жалғастыра береміз.

Менің Әкімшілігім мен Қауіпсіздік Кеңесіне және Үкіметке бірлесіп атқаратын мынадай тапсырма беремін:

  •  Құқық  қорғау органдары қызметкерлерін ақшалай қамтамасыз ету және зейнетақымен қамсыздандыру деңгейін арттыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын дайындау керек.

Осы 2013 жылдан бастап арнайы атақтар үшін төленетін қосымша ақы мөлшерін әскери атақтар бойынша төленетін жалақы деңгейіне дейін көтеруді тапсырамын.

  •  Құқық қорғау органдарының Кадр саясаты тұжырымдамасын әзірлеу керек.

  •  Жоғары аттестаттау комиссиясы базасында құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін құрылым құру керек.

  •  Құқық қорғау және арнайы органдар жетекшілерінің Президентік резервінқалыптастыру керек.

(3)  Президент Әкімшілігіме, Қауіпсіздік Кеңесіне Үкіметпен бірлесіп, ведомствоаралық жұмыс тобын құруды және 2013 жылдың екінші тоқсанының аяғына дейін Құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғырту бағдарламасының жобасын әзірлеу жіктелді.

(4) Құқықтық саясаттың маңызды мәселесі азаматтардың Конституция кепілдік беретін сот арқылы қорғалу құқын жүзеге асыруы болып табылады.

Бұл үшін сот төрелігін жүзеге асыру процесін оңайлату, оны басы артық бюрократиялық рәсімдерден арылту керек. Жаңа ақпараттық технологияларды белсенді енгізген жағдайда мұны істеу қиын емес.

Сонымен бір мезгілде соттардың жұмысын жеңілдету мақсатында дауларды соттардан тыс реттеу институттарын дамытуды жалғастырған жөн. Болмашы мәселелер бойынша дауларды шешу соттардан тыс тәртіппен жүргізілетіндей тетіктер қарастыру қажет.

Сот билігінің беделі орындалмаған сот шешімдерінен төмендейді. Осыған байланысты, бұл жағдайды түбегейлі өзгерту жөніндегі шаралар қабылдануға тиіс.

(5) Шекара қызметінің ауқымды реформасын жүргізу керек. Міндет -  оның тиімділігін түбегейлі арттыру, материалдық-техникалық базасын жаңғырту.

Бұл үшін Қауіпсіздік Кеңесіне менің Әкімшілігіммен және Үкіметпен бірлесіп, Шекара қызметін дамытудың және мемлекеттік шекараны орта мерзімді кезеңде орнықтырудың арнайы Кешенді жоспарын әзірлеуді тапсырамын.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]