Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дауылбай Акнур.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
248.32 Кб
Скачать

Металдар коррозиясы

Металдардың басым көпшілігі қоршаған орта (су, ауа) әсерінен жемірілуге (коррозияға) ұшырайды. Металдарды жемірілуден қорғау - қазіргі заманның ең негізгі мәселесі болып отыр. Жемірілуден қорғаудың негізгі әдістері:

  • лактау, бояумен бояу

  • Электрохимиялық қорғау

  • Катодтық, анодтық қорғау

  • Электр қорғау, т.б.

Металл құралымдар

Металл құралымдар – әр түрлі металдардан (көбінесе болаттардан) жасалған құрылыстық заттар. Металл құралымдардың әрі берік, әрі жеңіл түрлері де болады. Жеңіл алюминий қорытпаларынан жасалған құралымдарды пайдаланудың маңызы зор. Олар жеңіл, коррозияға төзімді, оңай өңделеді әрі әсемдік береді.

Эйфелев мұнарасы

Металл құралымдар зауыттарда дайындалады да құрылыс алаңында құрастырылады. Оларды басқадай құрылыс материалдарымен аралас пайдалануға (мысалы, темір-бетон) болады. Металл құралымдар ғимараттар мен басқадай құрылыстарда (мұнара, көпір салу, т.б.) кеңінен пайдаланылады. Пайдалану мақсаттарына қарай олар әр түрлі болып, басым көпшілігі табақ темір түрінде пайдаланылады.[2]