Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1. БС в СУ (каз).tmp.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
7.36 Mб
Скачать

6.7Сурет. Өндірістік жағдайларында суытылған ауамен үрлеу арқылы бұрғылау кезінде алынған мұзбен цементелген мұзды таужыныстардың керні

Қыс мезгілінде бір жинақы бірінші суыту сатысы көмегімен суытылатын ауамен үрлеу арқылы мұзды таужыныстарды тиімді бұрғылау мүмкіндігі Магаданда екі терең емес ұңғыманың бұрғылану үрдісінде тексерілген. Дизельдің Д-38 трансмиссиялық валынан клинді белдік арқылы қосылатын желдеткіші бар құбырлы жылуалмастырғыш өздігінен жүретін УГБ-50М бұрғылау қондырғысының рамасында орналастырылған. Компрессорлы станция ПКС-5 қондырғымен бірге тіркеме ретінде тасымалданатын. Төменде 35 м3/мин шығыны және 0,3-0,4 МПа қысым кезінде және оның салыстырмалы ылғалдылығы 20-52% кезінде атмосфералық ауаның температурасына тәуелді циркуляциялық жүйенің әртүрлі нүктесіндегі суытылған сығылған ауаның температурасы берілген.

Атмосфералық ауа.................................................................................... -22 -24 -27

Компрессор ресиверинен шығу бөлігінде................................................. +10 +9 +5

Ұңғымаға кіру бөлігінде .........……………………………………….......... -21 -22 -23

Ұңғымадан шығу бөлігінде....................................................................... -5 -8 -10

Өлшемі 20 см дейінгі дөңбек тастары бар құмды-сазды цементегі қиыршықтасты-малтатасты шөгінділермен көрсетілген және бұрғылануы бойынша V-IX дәрежелі -2 -4 °С температураға және 6-20 % ылғалдылыққа ие. Берілген үрлеу режимі, 8-10 кН остік жүктеме және 65 пен 115 айн/мин тең снарядтың айналу жиілігі кезінде 132 мм диаметрлі СТ және СМ қатты қоспалы коронкаларлардың орташа механикалық бұрғылау жылдамдығы рейстік өту және 0,5-1 м коронкаға өту кезінде 5 м/сағ құраған.

Мұздылығы 15% және одан да жоғары таужыныстарда керн монолиттер түрінде шыққан. Шамалы мұздылықта жұқа дисперсті байланыстырушы материал ауаның ағысымен шламды құбырға шығарылып, жер бетінде керннің шығуы төмендеген және ол қос колонкалы құбырды қолдануды қажет етті.

Сығылоған ауаның төменгі температурасына байланысты керннің және ұңғыма қабырғасының еруі дөңбек тастар кезінде де байқалған жоқ.

Таужыныстарды бұзушы құралдардың әртүрлі түрлерімен геологиялық барлау ұңғымаларын бұрғылау кезінде суытылған сығылған ауаны қолдану тиімділігін бағалау үшін қатты жартасты таужыныстар үшін Солтүстік-Шығыстік бір кенорында жоспарлы ұңғымаларда сынамалау жұмыстары жүргізілген.

Қозғалмалы шаңғыда орналастырылған электрожетегі және МР-5 мачтасы бар СБА-500 бұрғылау агрегаты, тасымалданатын компрессорлы станция ДК-9, шлам-шаң ұстаушы қондырғы ШПУ-1а және ылғалбөлгіші мен қуатты желщдеткіші «Проходка-500» бар құбырлы жылуалмастырғыш КВ-30 құралған бірсатылы суыту жүйесі қолданған. Қондырғының және бақылаушы-өлшегіш аспаптардың орналасуы 6.8 суретте көрсетілген. Электроэнергиямен қамтамасыз ету тасымалданатын дизелді-электростанциямен ДЭС-50 (суретте көрсетілмеген) жүзеге асырылған.

Екі ұңғыма бойынша таужыныстар қимасы бұрғылануы бойынша IX-XI дәрежелі қарқынды кварцталған туфтармен, авмагниттелген және гидротермалды брекчиялы липаритермен және дациттермен көрсетілген. Қиманың жоғарғы бөлігі (40-45 м дейін) – мұздықтар желілері бар моруға ұшыраған мұзды түпкілікті таужыныстармен, ал төменгі бөлігі – мұзды таужыныстармен берілген, табиғи температурасы -5 3 °С.

Мұзды таужыныстар бойынша бұрғылау жұмыстары диаметрлері 93 және 76 мм В-93К және ДДА-76 штырлы үшшарошкалы қашаулармен жүргізілген. Бұрғылау бағанасы 55 мм-лі муфталы-құлыпты қосындысы бар құбырлардан және 73 мм-лі АБҚ құралған. Снаряд құрамына шламды құбыр да қосылған.

Суытылған ауаның температурасы -150С құраған. Көктем мезгілінде түн уақытында (күн радиациясы болмаған кезінде)атмосфералық ауаның температурасы 50С дейін көтерілген кезінде сығылған ауаның теріс температураларға дейін суытылу жағдайлары және конденсаттың жылуалмастырғышта қатып қалған жағдайлар байқалған, оны «Проходка-500» қуатты желдеткіш шығаратын буландырғыш суытылумен түсіндіруге болады. «Мұзды» таужыныстарда бұрғылау кезінде төмен оң температураларға дейін сығылған ауаның суытылуы сығылған ауаны құрғатуға және ұңғымаға конденсатиты шығуы және қатып қалу күрделіктерін жоюға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]