Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мәтіндік процессор (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.7 Mб
Скачать

IV Т А РА У

W

  • Word мәтіндік процессоры

4.1. Мәтіндік процессормен жұмыс істеу негіздері.

Мәтін (Текст; text) – баспаға шығаруға арналған пішімді немесе бастапқы түрдегі бедербелгілік мәліметтер бөлшегі.

Мәтінді пішімдеу (Форматирование текста; text formatting) – мәтіндік құжатты қағазға басуға дайын түрге келтіру: азат жолдарды пішімдеу, бас тақырыптарды ортаға жылжыту, шеткі бос өрістерді туралау, беттерге бөлу және т.б.

Мәтіндік процессор (Мәтінді даярлау жүйесі) (Текстовый процессор; word processor) – мәтіндерді енгізу, сақтау, қарап шығу, түзету, пішімдеу және қағазға басып шығаруды қамтамасыз ететін программалық құралдар. Баспа машинкасында орындалатын мүмкіндіктерден басқа мұнда қате тексеру; тезаурус (синоним сөздер) табу; сөз тіркесін іздеп тауып, оны басқаға өзгерту; «қиып алып желімдеу»; бірнеше терезедегі мәтіндермен қатар жұмыс істеу тәрізді көптеген қосымша әрекеттер орындалады.

Microsoft Word мәтіндік процессоры – мәтіндік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесінің қолданбалы немесе қосымша программасы. Мәтіндерді және графикалық информацияларды өңдеуде жүзден аса операцияларды орындайтын, ең кең тараған зор мүмкіндікті мәтіндік процессоры. Сонымен қатар, MS Word XP программасында математикалық, физикалық формулаларды, сандарды, графиктерді, яғни математикалық, физикалық мәтіндік құжаттарды Web-парағын дайындап жазуға болады.

Программаны іске қосу. Windows ортасында Word-ты іске қосу үшін, мына әрекеттерді орындаңыз:

  1. «Іске қосу» (Пуск) батырмасын шертіңіз.

  2. Экранда пайда блған менюден «Барлық программалар» (Все программы) пунктін таңдаңыз.

  3. Келесі менюден Microsoft Word –ты таңдаңыз.

Word– ты іске қосудың келесі тәсілі – Microsoft Word-тың жұмыс столындағы жарлығы бойынша да жүргізіледі.

Word программасының жұмыс терезесімен танысу. 4.1- суретте Word – тың жұмыс терезесі келтірілген.

Тақырып Программаның Саймандар Беттің Вертикаль айналдыру

негізгі менюі панелі оң жақ жолағы

шеті

Горизонталь және вертикаль сызғыштар

Қалып-күй қатары

Жұмыс аймағы

Горизонталь айналдыру жолағы

4.1 – сурет. MS Word тың жұмыс терезесі.

Word – тың стандартты терезесі келесі бөліктерден тұрады:

  • Т

    –_-____---_-

    ×

    ақырып жолы
    – терезенің жоғарғы бөлігіндегі қатар. Онда құжат пен программаның өзінің аты және оң жақ шетінде терезені басқару батырмалары – Орап қою (Свернуть), не -Қалпына келтіру (Восстановить), - Жабу (Закрыть) орналасқан.

  • Меню жолы – Word – тың барлық командаларына қол жеткізетін, меню бөлімдерінің аты көрсетілген командалар жолы. Олардың бірін таңдап алғанда, келесі орындалуға тиіс командалар тізімі бар суырмалы меню жолдары шығады.

  • Меню жолынан кені Стандартты саймандар панелі орналасқан. Ол жиі кездесетін амалдарды орындауға арналған батырмалардан тұрады (Түр (Вид))→Саймандар панелі (Панель инструментов)→Стандартты (Стандартная)).

  • Келесі қатар Форматтау саймандар панелі. Бұл панель – мәтінді форматтауға арналған батырмалардан тұрады.

  • Форматтау саймандар панелінен кейін Горизонталь және Вертикаль сызғыштар орналасады. Горизонталь сызғыш жұмыс аймағының үстінде, ал Вертикаль сызғыш жұмыс аймағының сол жағында орналасқан. Олардың көмегімен парақ шетіндегі бос өрістер мөлшерін тағайындауға, абзацтар шегінісін, бағананың енін, табуляцияның бағытын, және т.б. өзгертуге болады. Үнсіз келісім бойынша координаталық сызғыш сантиметрмен бөлінген. Сызғыш меню жолындағы Түр (Вид)→Сызғыш (Линейка) командаларын орындау арқылы, экранға шығарып не алып тастауға болады.

  • Жұмыс аймағы – терезенің негізгі элементі. Барлық мәліметтер осында енгізіледі.

  • Қалып–күй жолы не қатары – экранның (стандартты терезелердің) төменгі жағында, оның сол жақ шетіне таман орналасқан, онда теріліп жатқан құжат жөнінде мынадай түрдегі мәліметтер болады (4.2-сурет):

  • Стр.55 – теріліп жатқан ағымдағы бет нөмірі, 55–бет;

  • Разд 1 – ағымдағы мәтін бөлігін көрсетеді, бұл элемент бөліктерден тұратын Басты құжат (Главный документ) үшін ғана қажет;

  • 54/194 – мәтіннің басынан есептегенде курсор тұрған орын 54–бетте, ал құжат барлығы – 194 беттен тұрады;

  • На 6,4 см – курсор тұрған ағымдағы жолдан сол беттің жоғарғы шетіне дейінгі қашықтық;

  • Ст 11 – осы беттің жоғарғы шетінен курсорға дейінгі жолдар саны;

  • Кол 10 – осы жолдың басынан курсорға дейінгі символдар саны, табуляция символдары мен бос орындар да есепке алынады.

Қалып–күй жолында мұнан басқа қара түске боялып белгілі бір режимнің іске қосылып тұрғанын, ал сұр түсті болса – іске қосылмағанын білдіріп тұратын жұмыс тәртібі индикаторлары бар:

  • ЗАП – макрокомандаларды жазу (Записать) режимі;

  • ИСПР – түзетулерді (Исправления) белгілеу режимі. Бұл режим іске қосылып тұрғанда, ол құжаттың соңғы нұсқасына қандай өзгерістер енгізілгенін білдіреді;

  • ВДЛ – белгілеулерді кеңейту (Расширить выделения) режимі, екі рет шерткенде активті, келесі қос шерту – пассивті. Ол F8 пернесін басу арқылы да қосылады, ал Esc пернесін басу арқылы белгілеу тоқтатылады. Shift + F8 – пернесі арқылы белгіленген көлемді кішірейтуге болады;

  • ЗАМ – символдарды ауыстыру (Заменить) режимі. Бұл режим Insert пернесін басу арқылы жүргізіледі.

Құжатты экранда көрсету режимдері. Word процессорында құжатты экранда көрсетудің бірнеше түрлері бар. Құжатты көрсету режимдерін Түр (Вид) менюінен қажеттісін таңдау арқылы немесе Қалып–күй қатары маңындағы горизонталь айналдыру жолағының сол жақ шетіндегі батырмалардың қажеттісін шерту арқылы шақыруға болады, және олар мыналардан тұрады:

  • Кәдімгі (Обычный) режимі – келісім бойынша редакторға

кіргенде бірден тағайындалады. Ол мәтінді форматтау элементтерін қарапайым түрде көрсете отырып, беттерді бөлу шекараларын бейнелейді;

  • Веб–құжат (Веб–документ) режимі құжатты Web–парақ түрінде көрсетеді. Экрандағы құжатты оқу үшін өте тиімді режим, құжатпен жылдам жылжу үшін оның сол жағындағы көрсетілген құжаттың құрылымын пайдаланады;

  • Беттерді белгілеу (разметка страницы) режимі – Word процессорында – мәтін қағазға басылғанда қалай орналасқан болса, экранда дәл солай кескінделетін режим. Мұнда мәтінді форматтау, түзету өте ыңғайлы, себебі қағаз шеттері айқын көрініп тұрады;

  • Құрылым (Структура) режимі – бұл құжаттың құрылымымен жұмыс жасау үшін қажет. Әр түрлі деңгейде орналасқан тақырыптарды және мәтіндерді көрсете алады немесе жасырып қояды.

Word жұмыс терезесінің сыртқы түрін баптау. Word программасын іске қосқаннан кейін, экранда терезенің 4.1-суретте көрсетілгендей стандартты түрі пайда болады. Бірақ. Оны Түр (Вид) менюінің сәйкес пунктісін таңдау арқылы, кейбір саймандар панелін (панели инструментов), сызғышты, орнату не алып тастау, қажетті масштабты орнату және т.б. өзгерістерді жасауға болады. Әдетте меню жолынан кейін, көп қолданылатын Стандартты саймандар панелі мен Пішімдеу (Форматирование) саймандар панелі орналасады. Олар жиі кездесетін амалдарды орындауға арналған батырмалардан тұрады.

Экранды бөлу. Бір құжаттың әр түрлі бөлігі бір уақытта көрініп тұруы үшін, терезенің жұмыс аймағын екіге бөлуге болады. Әрбір бөлік бір-бірінен тәуелсіз айналдырылады және әр бөліктің өзіне тиісті айналдыру жолақтары (полосы прокуртки) бар. Құжатты терезенің кез келген бөлігінде түзетуге, яғни редакциялауға болады. Жұмыс аймағын бөлу үшін:

  • меню жолынан Терезе (Окно)→Бөлу (Разделить) командасын таңдау керек. Жұмыс аймағының ортасында горизонтальды жолақ пайда болады;

  • оны қажетті орынға қойып, тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, орнату керек;

  • бөлуді алып тастау үшін, меню жолынан Терезе (Окно)→Бөлуді алып тастау (Снять разделение) командасын таңдау керек немесе бөлікке бөлген шекараны қос шертсе де болады.

Бөлікке бөлінген құжаттың бір терезесінен екіншісіне өту, керек бөліктің аймағын шерту арқылы орындалады. Бөліктердің өлшемін өзгерту үшін, тышқанның көрсеткішін бөлікке бөлген шекараға қойып, тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, қажет жерге жылжытып әкеліп босату керек.