Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тема_11_MS_Excel_Блок_редактер_формат.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
14.02.2020
Размер:
2.4 Mб
Скачать

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

МЕДИЦИНАЛЫҚ БИОФИЗИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА КАФЕДРАСЫ

Практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар

Тақырыбы: «MS Excel кестелік процессор. Пайдаланушы интерфейсі. Блоктармен жұмыс.»

Пән: ООDОO5 Inf 1105 ИНФОРМАТИКА

Мамандғы: 051301 «Жалпы медицина»

Курс: бірінші

Құрастырушы: Омарбекова Н.К., Тажибаев С.К.

Қарағанды 2013

Кафедра отырысында бекітілді

№_____ хаттама «____»_______________

БЕКІТІЛГЕН

Кафедра меңгерушісі ____________________Б.К.Койчубеков.

ТАҚЫРЫБЫ: MS Excel кестелік процессоры. Пайдаланушы интерфейсі. Блоктармен жұмыс, Кестені форматтау

Тақырып маңыздылығы:

Медициналық практикада және ғылыми-зерттеу жұмыстарында түрлі кестелер жиі қолданылады. Microsoft Excel программалар пакетімен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру кестелерді құру және олармен жұмыс істеу уақытын біраз қысқартуға мүмкіндік береді.

Сабақ мақсаты: Студенттерді Excel 7.O қолданбалы программалар пакетімен жұмыс істеуді үйрету.

Студент білуі керек:

  • Excel программасының тағайындалуын

  • Excel программасының мүмкіндіктерін

Студент істеуі керек:

  • Excel программасын қосу

  • кесте шаблонын құру

  • бастапқы мәліметтерді енгізу

  • бастапқы мәліметтер кестелерін құрастыру

  • жаңа жұмыс кітабын құру

  • беттермен жұмыс істеу

Базистік сұрақтар

  1. Windows операциондық жүйесі

  2. Терезелермен жұмыс істеу

  3. Менюмен жұмыс істеу

  4. «Тышқанмен» жұмыс істеу

  5. Файлдармен жұмыс істеу (құру, көшіру, атын өзгерту)

  6. Word мәтіндік редакторымен жұмыс істеу.

Сабақ тақырыбы бойынша сұрақтар

  1. Excel программасын қосу.

  2. Жаңа жұмыс кітабын құру.

  3. Excel пайдаланушылық интерфейсі.

  4. Мәліметтерді енгізу тәсілдері.

  5. Автозаполнение командасымен жұмыс істеу.

  6. Шаблон құру.

  7. Беттермен жұмыс істеу технологиясы.

  8. Кестелерді форматтау тәсілдері.

Тапсырманы орындау

  1. MS Excel программасын ашу, Кітапқа ат беру және папкаға сақтау, бірінші бетке «тапсырма1» деген атқа өзгерту.

        • Үлгіде көрсетілген кестені құру, жасау. Автотолтыру арқылы тізім қою.

        • Кестедегі ақпаратты алфавит бойынша сұрыптау.

        • Кестені келесі параметрлер бойынша әсемдеу: Кестенің шапкасы: по центру, Ж, К, размер – 14п, красный цвет.

        • Ұяшықтардағы сандарды по центру, размер – 12 п.

        • Кестенің ішкі және сыртқы шекарасын белгілеу

  1. Келесі бетке көшу, бетті «тапсырма 2» деген атқа өзгерту.

        • Келесі кестені үлгі бойынша жасау.

  • Автотолтыру арқылы нөмірленген тізім жасау.

  • Общая сумма есептеу үшін: Главная / Редактирование/ автосумма белгісі шақырғаннан кейін ұяшықтың ішінде мына функция шығу қажет (=СУММ(C2:C7), Enter пернесін басу.

  • Доля от общего вклада келесі формула бойынша есептеледі: =(С8/С2)

  • Кестені өз қалауыңша әсемдеу.

  1. Келесі бетке өту, бетті «тапсырма 3» деген атқа өзгерту.

  • Үлгіде көрсетілген кестені жасау.

Келесі шартты орында:

Сумма есептеу үшін Главная/Редактирование/автосумма белгісі арқылы есептеу (=СУММ(D4:D6)).

НДС 15% келесі формула арқылы есептеу =(В7*0,15)

Кестені форматтау. (Кестені форматтау барысында келесі шарттарды қолдану)

  1. используя вкладку Главная - Ячейки Формат.

  • Кестенің берілгендерін үлгідегідей форматтаңыз (2 жолды Стили ячеек командасы арқылы әсемдеңіз).

  1. Келесі бетке өту, бетті «тапсырма 4» деген атқа өзгерту, төменде көрсетілген кестені жасау.

  • Кестенің тақыптарын төмендегі үлгі бойынша форматтау.

    1. Кестенің мәтінінде белгілеулер мен ұяшықтарды бірігуді орындау керек.

    2. Установить режим автоматического подбора ширины столбцов и высоты строк для таблицы.

    3. Установить режим переноса слов внутри ячеек.

  • «№» бағанын 1-ден 15-ке дейінгі сандармен «Автозаполнение» арқылы толтырыңыз.

  • «Наименование» бағанын өз қалауыңызша толтырыңыз (кем дегенде 5 медициналық тауар аты болсын).

  • «Месяц» бағанына кез-келген дата толтырыңыз. Бұл бағанның форматында күн мен айы көрсетілсін (кем дегенде 6 ай).

  • «Количество продаж» бағанына кез-келген сандармен толтырыңыз. Бұл бағанға сандық формат қойыңыз (тек қана бүтін бөлігі көрсетілітіндей).

  • «Цена, тг.» бағанынын кез-келген сандармен толтырыңыз. Бұл бағанның форматына сәйкес ақша форматын қойыңыз (үтірден кейін екі орын болсын). Автотолтыру арқылы формуланы «Цена, тг.» графасының қалған ұяшықтарына көшіру.

  • «Сумма, тг» графасына әр тауар бойынша сатылымның суммасын шығару.

  • «Количество продаж» және «Сумма, тг» графалары үшін көмегімен қорытындысын шығар.

  • «% от проданного» графасында кестедегі әр тауар бойынша сатылған тауар саны барлық сатылған тауардың қандай пайызын құрайтынын табу.

  • Кестедегі мәліметтерді айы бойынша сұрыптаңыз.