Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Традиционное мировоззрение средневековых тюрков...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
518.66 Кб
Скачать

Досымбаева Айман Медеубайқызы Ортағасырлық Жетісу түрктерінің дәстүрлі дүниетанымы (ғұрыптық ескерткіштердің материалдары бойынша)

07.00.02 – Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы)

Тарих ғылымдарының докторы дәрежесін алу үшін жазылған диссертация

Түйін

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Диссертацияда тарихи деректер кешеніне талдамалы түрде түсіндірулер жүргізілді. Оның базалық негізін Жетісу территориясында орналасқан ортағасырлық түрктердің культтік ескерткіштерінің материалдары құрайды. Жазба деректер, этнологиялық және археологиялық материалдар, антропология, сфрагистика, нумизматикалық материалдар мәліметтерін салыстырмалы талдау негізінде диссертант Орталық Азия, Казақстан және Шығыс Европадағы түрктердің этникалық мәдениетінің шығу тегінің ерекшеліктерін атап көрсетеді. Ескерткіштердің құрылымдық, типологиялық және жүйелі түрдегі талдаулары қазақ даласындағы түрктердің этникалық мәдениетінің автохтонды даму концепциясының негіздемесіне және зерттемесі үшін негіз болып қызмет атқарды. Автохтонды генезис туралы тұжырыммен қатар түрктердің дәстүрлі дүниетанымының қалыптасу мәселелері және ортағасырлық Жетісу түрктерінің мәдениетінің генетикалық өзара байланыстарының ерекшеліктері жете зерттелген. Бұл тұрғылықты қазақтар мен Орталық Азияның басқа да түрк халықтарының дәстүрлі мәдениетіне де қатысты.

Зерттеудің мақсаты. Түрктік және қазақ тайпаларының дәстүрлі мәдениетінің генетикалық өзара байланысу мәселелерін этнография, топонимика, сфрагистика, антропология материалдары бойынша қарастыру; Жетісу түрктерінің түрктік мәдени кешендерінің даму мәселелерін Орталық Азия мен Шығыс Европаның түрктерінің этникалық мәдениетінің жалпы әлемдік тарихи процесі жағдайында қарастыру. Сондай-ақ жазба деректер, қолданбалы культтік өнер ескерткіштерінің материалдары, мүсіндік бейнелер типтерінің жалпы даму бейнесін зерттеу нәтижелері бойынша да қарастыру.

Диссертациялық зерттеудің міндеттері:

- Қазақ даласындағы батыс түрк тайпаларының мәдениетінің дамуы мен қалыптасу мәселелерін тарихнамалық тұрғыда зерттеу.

- Жазба деректер, үсүндер мен түрктердің идеологиялық кешендеріндегі ерекшеліктер мен ескерткіштер материалдарын салыстырмалы талдау негізінде біздің заманымыздың бірінші ғасырынан бастап қазақ даласын қоныстанған түрк тайпаларының мәдениетінің дамуындағы тарихи процесс ерекшеліктерін зерттеу.

- Мерке ғибадатханасының материалдары бойынша батыс түрк тайпаларының культтік ескерткіштерінің типологиялық және жүйелі түрде талдануы, культтік құрылыстардың құрылымдық элементтерін табу, тас мүсіндер бейнелерінің бейнелену стилінің ерекшеліктерін талдау, Жетісудағы тас мүсіндердің дамуы барысында Шығыс Европа территориясындағы мүсін түрлерімен хронологиялық және мәдени өзара байланыс мәселелерін қарастыру.

- Жайсан ғибадатханасының материалдары бойынша шығыс түрк тайпаларының ғұрыптық құрылыстарының құрылымдық элементтерін, культтік ескерткіштер мен тас мүсіндердің бейнелену стилінің үлгілерінің типологиялық сипатын табу, монументалды өнер ескерткіштерінің мазмұнын түсіндірмелі, культурологиялық талдау.

- Жартастағы бейнелеу өнерінің, рулық таңбалардың, тас мүсінді ескерткіштердің киелі кеңістік туралы түсінікпен және олардың түрктердің дәстүрлі дүниетанымындағы көрінісімен өзара мәдени байланысын зерттеу.

- Культтік ескерткіш материалдарын тарих ғылымының шектес пәндерімен, яғни нумизматикалық материалдармен, сфрагистикамен, руникалық жазу ескерткіштерімен, жазба мәліметтермен, түрк халықтары мен қазақтардың дәстүрлі мәдениеті бойынша этнографиялық материалдармен салыстырмалы талдау.

Ғылыми жаңалығы. Тарихи дерек материалдарында көрініс тапқан ортағасырлық түрк тайпаларының заттай және рухани мәдениетінің генезисін кешенді түрде теориялық және практикалық зерттелді. Жетісу территориясындағы ежелгі және ортағасырлық түрк тайпаларының заттай және рухани мәдениетінің мәселелерін тарихнамалық тұрғыда зерттеліп, сонымен қатар усундар мен түрктердің идеологиялық кешендерінің негізгі көрінісі анықталып; деректік талдаулар нәтижесінің негізінде ортағасырлық көшпелілердің дәстүрлі қоғамының, өмірлік қызметінің барлық саласына белсене араласатын түрктердің дәстүрлі дүниетанымы қайта қалпына келтірілді. Мемориалды және культтік ескерткіштер материалдарында, жазба деректер мәліметтерінде, түрк халықтарының этнографиясында, культтік қолданбалы өнер ескерткіштерінде және идеологиялық кешендерінде көрініс тапқан түрк этностарының мәдениеттерінің рухани және заттай құндылықтарына тән негізгі белгілері табылды.

Қорғауға ұсынатын негізгі тұжырымдар: Дерек көздерін кешенді зерттеу нәтижесінің негізінде этнографияда, культтік құрылыс материалдарында, таңбалық тәжірбиеде, фольклорда, дәстүрлі құқық элементтерінде, әлемнің қоснегізді құрылымы туралы түсінікке негізделген түрк мемлекетінің идеологиялық концепциясында көрініс тапқан түрк тайпаларының дәстүрлі мәдениетінің негізгі, ерекше белгілерін анықтау.

- Қазақ даласын ежелден мекендеген түрк тайпаларының мәдениетінің автохтонды генезисі туралы мәселелерін қарау.

- Ортағасырлық түрктердің Көк аспан мен Жер-Судың бөлінбейтіндігі сияқты түсінігімен сәйкес келетін дүниетанымдық кешен негізінің тұтастығы және ажырағысыздығы туралы дәстүрлі ұғымымен үйлесімділігін анықтау.

- Шығыс және батыс ареалдағы түрк тайпаларының өзара ықпал етуі мен өзара әрекет етуін, даму процесіндегі ерекшеліктерінің негіздерін дәлелдеу. Бұлар ғұрыптық құрылым түрлерінде, символикада және тас бедерлеу өнерінде, түрк тайпаларының және VI-VII ғғ., VII-VIII ғғ. Орталық Азия, Түркістан, Шығыс Европа шеңберінде қарастырылған рулық таңбалар түрлерінде көрініс тапқан.

- Культтік ескерткіштерде, жазба мәліметтерде, нумизматикалық материалдарда, рулық таңбаларда, топонимикада көрініс тапқан дәстүрлі мәдениеттің негізгі символдары ретінде белгіленгенін анықтау.

- Тарихи дерек көздерін және түрк көшпелілерінің культтік ескерткіштері материалдарын кешенді зерттеу негізінде түрк әлемінің дүниетанымдық үлгілерін қайта қалпына келтіру.

- Ортағасырлық түрк халықтарының дәстүрлі мәдениеттері негіздерінің қазақ халқы дәстүрлі мәдениетінің негіздерімен генетикалық қалыптасуынын дәлелдеу.

Диссертациялық зерттеудің теориялық және практикалық құндылығы барлық гуманитарлы білім саласындағы талдамалық материалдарда қолданылған кең ауқымды тарихи деректерді, культтік ескерткіштер материалдарын, антропология мен этнография, нумизматика, сфрагистика мәліметтерін ұғындыру нәтижесінде негізгі ой-желісі мен тұжырымды пайдалану мүмкіншілігімен белгілі болды.

Кешенді деректік материалдар бойынша түрктердің дәстүрлі дүниетанымын қайта қалпына келтіру мен мәдениетінің автохтонды генезисі туралы идея негіздемесіне бағытталған іргелі мәселелерді пәнаралық, тарихи талдауға негізделген тұжырымның теориялық-метедологиялық аспектісі Орталық Азия мен Қазақстандағы қазақтар мен түрк халықтарының этногенезі мәселелерін зерттеуде жаңа көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.

Диссертациялық жұмыс кіріспеден, 4 тараудан, қорытыныдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және екі қосымшадан қурылады.

SUMMARY

Aiman M. Dosymbayeva

The traditional outlooks of medieval Turks of Zhetysu

(to the materials of the cult monuments)

07.00.02 - Native history (the History of the Republic of Kazakhstan)

The Dissertation on competition of a Degree of the Doctor of Historical Sciences

The actuality of the research. The analytical judgment of a complex of historical sources which basis is made with materials of cult monuments of the medieval Turks, located at the territory Zhetysu is made in the dissertation. The dissertator reveals features of genesis of ethnic culture of Turks of the Central Asia, Kazakhstan and the Eastern Europe on the basis of the comparative analysis of data of written sources, ethnology and the archeological materials given to anthropology, sphragistics, and numismatic material. Structural, typological and system analyses of materials of monuments have formed the basis for development and substantiation, the concept of autochthonous development of ethnic culture of Turks, in territory of the Kazakh steppe.

Questions of reconstruction of traditional outlooks of Turks and features of genetic interrelation of culture of medieval Turks of Zhetysu and of traditional culture of radical Kazakhs and other Turkic peoples of the Central Asia are considered.

The aim of the research. The complex of theoretical and practical studying, of the process of genesis of material and spiritual culture of the medieval Turkic tribes found the reflection in materials of historical sources.

Historiography studying of a problem of genesis of material and spiritual culture of the Ancient and Medieval Turkic tribes on the territory of Zhetysu region and revealing of the basic features of an ideological complex of Wusun and Turkic tribes; on the basis of results of the analysis of sources to make reconstruction of traditional outlooks of Turks which penetrates all spheres of the vital activity, a traditional society of medieval nomads. Revealing of the basic attributes spiritual and material assets, cultures of the Turkic ethnos found reflection in materials of memorial and cult monuments, in data of written sources, in ethnography of Turkic peoples, monuments of a cult applied art and an ideological complex;

Problems of dissertational research: Historiography research of a problem of development and formation of cultures of the Western Turkic tribes, in the territory of the Kazakh steppe.

- Studying of features of historical development of cultures of Turkic tribes, inhabited the Kazakh steppes since the first centuries of A.D., by means of the comparative analysis of written data, materials of monuments and features of an ideological complex of Wusun and Turkic tribes.

- The typological and system analysis of cult monuments of the Western Turkic tribes, by materials of a sanctuary of Merke, the revealing of structural elements of cult constructions, the analysis of features of graphic style of images of statue samples of a stone sculpture, consideration of questions mutual chronological and cultural relation of development of stone sculptures of Zhetysu, with samples of statues in territory of Eastern Europe.

- Revealing characteristic, structural elements of ritual constructions of Eastern Turkic tribes, by materials of sanctuary of Zhaysan, the typological characteristic of forms of cult monuments and graphic style of stone sculptures, interpretational, culture logical the analysis of the content of monuments of monumental art.

- Studying of the mutual cultural interrelation of monuments of rock art, images of patrimonial signs (tamghas), monuments with statue samples, with performances about sacral space and their reflection in traditional outlooks of Turks;

- The comparative analysis of materials of cult monuments, with the data of related subjects of historical science: numismatics material, sphragistics, with the content of monuments with runic inscriptions, written data, ethnographic materials by traditional culture of Turkic peoples and Kazakhs.

Novelty of the research. The consideration of questions of mutual genetic communication of traditional cultures of Turkic and Kazakh tribes on materials of ethnography, toponymy, sphragistics, anthropology; to consider questions of development of a Turkic cultural complex of Turks of Zhetysu, on a background of universal historical process of ethnic culture of Turks of the Central Asia and the Eastern Europe, by results of researches of written data, materials of monuments of applied cultic art, the general features of development of types statue samples.

Statements to de defended: The reconstruction of traditional outlook of medieval Turks of Zhetysu is the main object of dissertational research.

- On the basis of results of complex researches of sources, the basic, characteristic features of traditional culture of the Turkic tribes, found reflection in ethnography, by materials of cult constructions, tamghas practice, folklore, elements of the traditional right, the ideological concept of the Turkic State based on performances about the dual device of a universe are revealed.

- The consideration of questions about autochthonous genesis of culture of Turkic tribes primordially occupying the Kazakh steppes and definition of their conformity, to traditional performances about unity and indissolubility, the bases of a world outlook complex appropriate to concepts of indivisibility of Space and Earth - Water of Turks.

- A substantiation and the argument of features of development, mutual influence and interaction of cultures of Turkic tribes of Eastern and Western areas found the reflection in types of ritual designs, in symbolic and style of statue samples stone curving art, forms of patrimonial tamgas of Turkic tribes, within the framework of the Central Asia, Turkestan, Eastern Europe, in periods of VI-VII and VII-VIII centuries;

- The reconstruction of world outlook model of the Turkic world, on the basis of complex research of historical sources and materials of cult monuments of Turkic nomads. The revealing of the basic markers of the traditional culture found the reflection in materials of cult monuments, written data, numismatic material, patrimonial signs - tamgas, toponymy;

Theoretical and practical value of dissertational research is predetermined by an opportunity of use of substantive provisions and the conclusions proved, as a result of judgement of the broad audience of historical sources, materials of the cult monuments given to anthropology and ethnography, numismatics, sphragistics in analytical materials in all spheres of humanitarian knowledge.

The theory-methodological aspect of the conclusions based on the interdisciplinary, historical analysis of a fundamental problem, the idea directed on a substantiation about autochthonous genesis of culture and reconstruction of traditional outlooks of Turks, by materials of a complex of sources, will promote formation of new approaches, in research of questions of ethnogenesis of Kazakhs and Turkic peoples of the Central Asia and Kazakhstan.

The dissertational research consists of introduction, 4 chapter, conclusion, the list of using sources and two supplements.

Досымбаева Айман Медеубаевна

Традиционное мировоззрение средневековых тюрков Жетысу

(по материалам культовых памятников)

07.00.02 – Отечественная история (История Республики Казахстан)

Автореферат

диссертации на соискание ученой степени

доктора исторических наук