Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Умк Фольклор (1).doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
295.42 Кб
Скачать

2. Курс бойынша оқу-әдістемелік материалдар

2.1 Курстың тақырыптық жоспары

Барлығы (кредит)- 2

р/с

Пәннің тақырыптары

Дәріс

Семинар

ОСӨЖ

Рейтинг

1

Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі.

2

2

Қазақ фольклорының тарихы және фольклористика ғылымы.

1

3

Ғұрып фольклоры және тұрмыс салт жырлары.

1

2

1

4

Мақал-мәтелдер.

1

1

1

1,1

5

Жұмбақ, жаңылтпаш, өтірік өлең.

1

1

1

6

Шешендік сөздер.

1

2

2

2

7

Аңыздар.

1

1

1

8

Ертегілер.

1

1

2

1

9

Эпостық жырлар.

2

2

2

2

10

Тарихи жырлар.

1

2

2

2

11

Айтыс өнері және қазіргі қазақ поэтикасы.

2

2

2

12

Балалар фольклоры және бала тәрбиелеу ғұрыптары.

1

1

1

Барлығы

15

15

15

8,1

2.2. Дәріс сабақтарының тезисі

1-дәріс: Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі.

«Халық әдебиеті», «Фольклор», «Ауыз әдебиеті», «Халық поэзиясы», «Халық сөз өнері» деген атаулардың ерекшеліктері. Фольклортанудың тіл, этнография, тарих, философия, музыкамен байланысы. Фольклордың пайда болуы, жанрлар ме түрлері. Фольклордың көп қырлы болмыс-бітімі, әдет-ғұрыппен байланысы. Ауызша сөз өнерінің синкреттік сипатының басым болуы мен вариантты болып келуі. Фольклор халықтың үміт арманын, тарихи-әлеуметтік құбылыстар туралы түсінігі мен бағасын көрсететіндігі. Танымдық, тәрбиелік, эстетикалық қызметттері.

Әдебиеттер:1-7,29,31,34,43,52,55.

2-дәріс: Қазақ фольклорының тарихы және фольклористика ғылымы.

Қазақ фольклорының қалыптасуы өте ұзақ та күрделі процесс. Рулық қоғамдағы фольклор үлігілеріне миф, еретегі, аңыз, әпсана, бақсы сарыны, арбау, байлау өлеңдері т.б. жанрларды жатқызамыз. Бұл дәуірде қалыптасқан халық қазынасы халықтық дүниетанмның ең ерте дәуірлерінегі зороастризм, шаманизм, анимизм, тотемизмге байланысты туып қалыптасқан. Қазақ эпостарының осы күнгі бастамалары ерте замандардағы патриархалдық рулық құрылыс кезінде қалыптасқан. Эпос жанрының ішінде көне эпос дәл осы дәуірдің көркем мұрасы. Орта ғасырлардағы фольклор үлгілеріне батырлық эпос, ғашықтық эпос, ертегі, аңыз, әпсана жанрлары жатады. Түркі қағанаты, орта ғасыр, қазақ хандығы кезіндегі ауыз әдебиетінің дамуы. Түркі жазба ескерткіштері, ақындық, жыраулық поэзияның фольклорға ықпалы зор болды. Фольклордың ең өзекті тақырыбы- елдік пен ерлікті жырлау. Қазақ халқының жоңғарларға қарсы ерлік күресі фолшьклорда кеңінен сөз болды. Қазақстанның Ресейдің боданы болуына байланысты фольклорда жаңа тақырыптар пайда болды. 1916ж. ұлт-азаттық көретіліс, 1941-45ж.ж. ІІ Дүниежүзілік соғысы арнау, жоқтау, сәлем хат, қоштасу тәрізді лирикалық жыр жанралрының қайта жаңғырған кезеңі еді. ІІ Дүнижүзілік соғыс кезіндегі халық поэзиясы. Қазақ фольклорының зерттелу тарихы және фольклористика ғылымының тарихы.

Қазақ ауыз әдебиетін зерттеу шын мәнінде бірнеше ғасырлық тарихы бар келелі іс. Қазақ фольклоры туралы ғылым ХУІІІ ғ. қалыптаса бастады. ХІХ ғ. І жартысында қазақ фольклорының этнографиялық бағытта зерттелді. ХХғ. бас кезіндегі қазақ фольклоры жаййында мәселелр көтеріліп, газет-журналдарда халық мұрасын жинау, зерттеу, бағалау хақында пікірлер айтылды. (А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, М.Ж.Көпеев, С.Сейфуллин, М:Әуезов, С.Мұқанов т.б.) 30ж.ж. кеңестік дәуірдергі халық творчествосын зерттеу одақтық көлемде қолға алына бастады. М.Әуезовтің «Қазақ халқының эпосы мен фольклоры»(1939), С.Мұқановтың «Батырлар жыры» (1939), Қ.Жұмалиевтің «Халық поэмалары» (1939), Ә.Марғұланның «Қазақ эпосын тудырған мотивтер» (1939) т.б. еңбектері жарияланды. 40-50ж.ж. қазақ фольклорының жанрларын монографиялық көлемде зерттеу қолға алынды. 70-80ж.ж. қазақ фолклортану ғылымының үлкен белесті кезеңі болды. Ғылымға Р.Бердібаев, С.Қасқабасов, Е.Тұрсынов, Б,Абылқасымов, Ш.Ыбыраев, Б.Адамбаев, Ә.Қоңыратбаев сынды ғалымдар келді. Қазақ фольклорының поэтикасы, тарихилығы, эстеткиасы т.б. өзекті мәселелер зерттеу нысанасына алынды.

Әдебиеттер:1-7,14,15,16,17,34,43,45,52,54,55.

3-дәріс: Ғұрып фольклоры және тұрмыс салт жырлары.

Қазақтың отбасылық, маусыимдық және бақташылық ғұрып фольклоры. Бала өсіру, үйлену және жаназалау ғұрыптары. Тұрмыс-салт жырлары: бақташылық, діни, татемдік, ұлыс, бөбек, үйлену, жаназалау, лирикалық өлең-жырлар.

Тұрмыс-салт өлеңдерінің зерттелуі мен класификациясы. Ш.Уәлиханов, В.Радлов, М.Әуезов жіктеулері. Еңбек кәсіпке байланысты өлеңдер халықтың тұрмыс-тіршілігіне, күнкөріс кәсібіне байланысты туатындығы. Аңшылық, егіншілік, малшылық, наурыз өлеңдерінің ерекшелігі. Бір шоғыр өлеңдер үйлену салтына байланысты айтылатындығы. Олар «Тойбастар», «Тойтарқар», «Жар-жар», «Сыңсу», «Беташар» өлеңдері қыз ұзатып, келін түсіруге байланысты айтылуы. Тұрмыс-салт жырларыны ңкейбірі адам қайтыс болғанда («Естірту», «Көңіл айту», «Жоқтау») айтылады. Ал наным-сенімге байланысты айтылатын тағы бір топ өлеңдер («Бәдік», «Арбау», «Бақсы сарыны», «Жарапазан») бар. Бұл өлеңдер әр түрлі мақсатта айтылады. «Бәдік», «Бақсы сарыны» емдеу үшін, «Арбау-байлау» өлеңдері сөз арқылы әсер ету ретінде айтылады. Халық лирикасының жанрлық ерекшеліктері. Лирикалық Өлеңдер қара өлең, тарихи өлең, ән-һөлең болып үшке бөлініп, түрлі тақырыпты қамтиды. Қара өлең он бір буынды, төрт тармақты, үш жолы ұйқасқа (а,аб,а) құрылады. Қара өлең әнмн айтылып, айырмасы болатындығы. Тарихи өлең болған оқиға негізінде туады. «Қаратаудың басынан көш келеді» атты өлең жоңғар шапқыншылығына байланысты туса, «Ақмешітті алу», «Дәметкеннің зары», «Жанкісінің Битемірге айтқаны» қатарды өлеңдер орыс отарлаушылары мен ұлт азаттық көтеріліске байланысты туған. Ән өлең бір адамның ішкі сезімі, көңіл күйіне орай туып, әнмен орындалады.

Әдебиеттер:1-7,9,16,18,19,20,31,34,36,39,40,41,48,5254.

4-дәріс: Мақал-мәтелдер.

Мақал-мәтелдердің жанрлық белгілері мен класификациялаудың принциптері. Тақырыптық, логикалық-семантикалық жіктеулер туралы түсінік. Мақал-мәтелдердің жиналуы мен зерттелуі және тура және ауыспалы мағыналары. Құрылысы жағынан ықшам болып, ырғақ, ұйқасқа құрылатындығы. Мақал мен мәтелдің айырмашылығы. Мақалда түсінік пен қорытынды қатар айтылып, ой тиянақты келсе, мәтелде ой ишара, тұспалмен беріледі. Мақал-мәтелдердің тақырыбы халық өмірінің барлық саласын қамтиды. Мақалда тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні айтылады. Мақал-мәтелдердің қанатты сөз, афоризмдерден айырмашылығы.

Әдебиеттер:1-7,18,21,56.

5-дәріс: Жұмбақ, жаңылтпаш, өтірік өлең.

Қазақ жұмбақтарының жиналу, зерттелу тарихы. Жанрлық белгілері мен жасалу жолдары. Жұмбақтардың шығуына таудың әсері. Жұмбақ заттардың қызметіне, дәміне, түсіне, сыртқы көрінісіне, дыбысына, қандай нәрседен жасалатыныына қарай ойластырылады. Жұмбақ - өмірдегі зат пен құбылысты тану құралы. Жұмбақтар басқа жанрлармен (ертегі, айтыс, мақал-мәтел, шешендік сөздер) байланысты болады.

Жаңылтпаш көбіне тез айтуға құралады. Балалардың тілін дамытады, кейде ойын үстінде үлкендер де айтады. Өтірік өлең өмірде болмайтын жағдайларды өлеңге айналдырады. Өтірікті шындыққа айналдырып айту үлкен тапқырылқты талап етеді.

Әдебиеттер:1-7,23,24,36,49.

6-дәріс: Шешендік сөздер.

Шешендік сөздер ақындар айтысы секілді, халық ауыз әдебиетінің өзіндік ерекшеліктерін көрсететін жанрларының бірі. Әдетте, шешендік өнер айтыс-дауда туып, дамиды. Философиялық терең ойға құрылған шешендік сөздер сайысы тек қазақ халқы ғана емес әлемдік әдебиеттің ежелгі дәуірлеріндегі халықтың көбіне тән. Дәстүрлі шешендік сөздер дегеніміз – белгілі бір мәселеге байланысты тапқыр ой, көркем тілмен айтылған және халық жиі қолданып,сәйлемдік құрамы қалыптасқан жүйелі,үлгілі сөздер. Шешендік сөздерді шартты түрде мазмұнына қарай үшке бәлеміз: шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау. Шешендік арнау – белгілі бір адамға арнайы айтылған сәлем, сын, әзіл және бата сөздер. Шешендік толғау сөздер. Шешендік арнау сөздер адамдар арасындағы қарым-қатынас пен көңіл-күйін бейнелесе,шешендік толғау халықтың табиғат құбылыстары мен өмір өзгешеліктеріне өзіндік көзқарасын көрсетеді. Шешендік дау-қазақ қауымының заттық және даулы мәселелерді шешетін ежелгі әдет заңынан елес береді. Шешендік Дауды мазмұнына қарай шартты түрде жер дауы, жесір дауы, құл дауы,мал дауы және ар дауы деп беске бөлуге болады.

Әдебиеттер:1-7,22,25,37,38,42,45,50.

7-дәріс: Аңыздар.

Аңыз, жылнама, миф, шежіре қай елде болса да, бар. Қазақ халық ауыз әдебиеті аңыз, миф, әңгімелерге аса бай. Халық прозасының ертегіге жатпайтын жанрлары өзінің табиғаты мен мүддесіне қарай баяндап отырған оқиғаларын шын етіп көрсетуге тырысады, әрбір фактіні өмірде болады деп хабарлайды. 1.Аңыз, әпсана, миф, хикая мен әңгімедегі баяндалған оқиға шын болып көрінуге тиіс, өйтпегенде ол шығармалардың тыңдаушы үшін құны болмайды. 2.Аңыздық прорзада қиял саналы түрде пайдаланылмайды. 3.Баяндаушы аңыздың немесе хикаяның көркемдігін әрлендіріп жатпайды, оның міндеті – қажетті мәліметті, оқиғаны хабарлау. 4.Танымдық қызметі басым ( ғибрат, білім беру). Миф – дүниенің, жаратылыстың әр түрлі құбылыстар мен жердің жаратылуын, адамзаттың алғашқы қалай пайда болғанын және аңдар мен құстардың шығу тегі мен мінез-құлқын, ерекшеліктерін түсіндіріп, баяндайтын прозалық шығармалар.

Хикая дегеніміз – ел өмірде бар деп сенген неше түрлі жезтырнақ, үббе, албасты, күлдіргіш, жалғыз көзді дәу, шайтан, пері, дию сияқты нәрселері туралы діни-нанымға негізделген әңгімелер. Аңыз дегеніміз – бір мекеннің, жергілікті жердің, я болмаса бір тайпаның, рудың ауызекі шежіресі. Әпсана (легенда)- дегеніміз қазақ фолклорының ертегіге жатпайтын қиял мен кереметтік элементтерін мол пайдаланатын және бір шындық оқиғаны, кейіпкерді, мекенді қамтитын бірақ мұсылмандық дінге негізделмеген әңгіме.

Аңыздар олардың түрлері. Аңыздардың тарихи негіздері.

Әдебиеттер:1-7,9,10,11,20,37,43,45,52.

8-дәріс: Ертегілер.

Барлық елдердің фольклорынан мол орын алатын жанрлардың бір түрі - ертегілер. Ертегілер көбінесе қара сөз үлгісінде айтылатындықтан, оны халықтың ерте заманда шығарған көркем әңгімесі дейміз. Қазақ ертегілерінің ел арасынан жиналып хатқа түсуі, баспа жүзіне шығуы ХІХғ. II жартысынан басталады. Бұл ретте Ш.Уәлиханов, Г.Н. Потанин, В.В.Радлов, Ә.Диваевтан бастап бірнеше кезеңдердің ғалымдары еңбек сіңірген. Ертегі жанрының мақсаты - тыңдаушыға ғибрат беру ғана емес, сонымен бірге эстетикалық ләззат беру. Ертегі жанрының функциясы кең, ол әрі тәрбиелік әрі көркем- эстетикалық роль атқарады. Ертегілік прозаның басты мақсаты - сюжетті барынша ғажайыпты етіп, көркемдеп, әсерлеп баяндау. Демек, ертегі шындыққа бағытталмайды, қайта керісінше, әсірелеуді міндет тұтады. Жануарлар туралы ертегінің түп-төркіні адамзат тарихының ең арғы заманында, аңшылық өмір кезінде жатыр. Қиял-ғажайып ертегілер - қазақ ауыз әдебиетінің ең көне жанрларының бірі. Алғашқы қауымдық қоғамда дамыған. Сондықтан бұл ертегілерде адамзаттың ертедегі өмірінің көптеген белгілері сақталған. (Матриархат дәуірі, анимизм, тотемизм, магия сияқты діни наным –сенімдер). Қиял-ғажайып ертегілердің сюжеті мен поэтикасына, құрылымына батырлық жырлар үлкен әсер еткен.

Әдебиеттер:1-7,9,10,11,12,15,37,45.

9-дәріс: Эпостық жырлар.

Қазақ фольклорының тарихи сипаты басым көркем де құнды саласы-эпостық жырлар.Эпос деп оқиғасы ел өмірінен алынып, образдары ірі әрі кемелді түрде жасалып, батырлық немесе ғашықтық сюжетке құрылған үлкен-үлкен эпикалық жыр-дастандарды айтамыз. Қазақ эпосының түрлері: 1.Көне эпос; 2.Батырлық эпос; 3.Ғашықтық эпос; 4.Тарихи эпос. Қазақтың көне эпостарына: «Құламерген, Жоямерген», «Таласбай мерген», «Дотан батыр», «Құбығұл», «Мұңлық-Зарлық» жатады. Алғашқы адамдарының дүниетанымын көркем елестететін мифтік, ертегілік, аңыздық оқиғаларға құрылған эпикалық туындылардың ортақ белгілері: 1. Қипял-ғжайып оқиға күрделі орын алады, адам баласына қаскөй күштер:жезтырнақ, дию, аждаһалар, албастылармен күрес, оларды жеңіп барып мұратқа жету көрсетіледі.2. Көне эпоста дүниенің жаралуы туралы мифтік ұғымдар көрініс тапқан. 3. Анаеркі (матриархат) дәуірінің ыдырап, атаеркі (патриархат) кезеңінің салты орныға бастаған шақтың сипаттарын танытатын оқиғалар кездеседі. 4.Көне эпосыта ертедегі аңшылық өмірдің суреттері неғұрлым көбірек сақталған. 5. Адамдардың сиқырлы күштерге сенуі (анимизм,тотемизм т.б.), жан-жануарлардың, өсімдік дүниесінің жаны, иесі бар деп есептеушілігі эпикалық шығырмаларда өз ізін қалдырған. 6.Баласыздық тақсіреті, әулиелер аралап, мінәжат етіп жүріп перзентті болушылық, түс көру, аян беру, болашақ қаһарманның ғажайып тууы тәрізді мотивтер сюжетке негіз болады.7.Қаһарманның жедел есеюі, жүйрік ат таңдап мініп, қауіпті алыс сапарға аттануы, жол жөнекей алуан түрлі жыртқыш, сиқырлы қас күштермен кездесуі, батырлықпен үйленуі-көне эпоста кең таралған құбылыс. Әрбір халықтың эпостық жырларының қатарынан батырлар жырының алатын орны үлкен. Батырлар жыры елдің сандаған ғасырларда бастан кешкен тарихын, салт-санасын көркем жинақтайды, түрлі оқиғаларға өзіндік көз-қарасын белгілейді, алдан күткен арманын білдіреді. Тарихта болған белгілі оқиғалар мен істердің дәлме-дәл шежіресі, көшірмесі болғанмен қаһармандық эпос сондай құбылыстардың терең тұжырымын аңғартады. Батырлар жырында ерлік, отан сүйгіштік қасиеттер асқақтата жырланады. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз мінез, қасиеттерді әсірелеп беру эпосқа тән қасиет.

Әдебиеттер:1-7,8,11,13,14,27,32,33,34,44,45,46,47,55.

10-дәріс:Тарихи жырлар.

Тарихи жырлардың ең басты ерекшеліктері өмірде болған оқиға негізінде туатындығы. Тарихи жырларға алғаш назар аударған Ш.Уәлиханов болса, одан бері А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, Х.Досмұхамедұлы, М.Әуезов, Е.Ысмайылов т.б. ғалымдар пікір айтып анықтама берген. ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы тарихи жырларға «Абылай хан», «Қабанбай батыр», «Бөгенбай батыр», «ОЛжабай батыр», «Бекет», «Жанқжа батыр», «Сұраншы батыр», «Исатай-Махамбет » т.б. жырлары жатады. Бұл топтағы жырлардағы басты қаһармандар жоңғар қалмақтары мен ҚоқанХиуа хандықтарның озбырлығына қарсы күрескендіктен аталған жырлардың тақырыбы елді-жерді қорғау болып келеді.

Әдебиеттер:1-7,13,27,32,34,43,44,45,51,52,53.

11-дәріс:Айтыс өнері және қазіргі халық поэзиясы.

Айтыс атауының мағынасы. Айтыс қазақтан басқа кейбір елдерде (Индия, Араб, Франция, Қырғыз т.б.) болатындығы. Айтыс көпшіліктің көз алдында өсетіндіктен табанда тауып айту басты шарт. Қарсы ақынның сөзіне ұтымды да ұтқыр жауап қайтара білу керек. Айтыстың бірнеше түрі бар. Олар қыз бен жігіт айтысы, ақындар, әдет-салт айтысы, жұмбақ айтысы т..б болып бөлінеді. Айтыс ХІХ ғасырда кеңінен дамыған. Көптеген белгілі ақындар (Сүйінбай, Шөже, Жанақ, Құлмамбет, Кемпірбай, Әсет, Біржан, Сара, Ұлбике, Ырысжан, Майкөт, Түбек, Манат қыз т.б.) айтыс мектебін өту арқылы көпке танылған.

Қазіргі заман халық поэзиясының өкілдері: Ж.Жабаев, И.Байзақов, Н.Байғанин, К.Әзірбаев, О.Шипин, Н.Бекжанов, Т.Көбдіков, Қ.Жапсарбаев, І.Манкин т.б. ақындар екендігі. Бұлардың басты басты ерекшелігі – қолма-қол төгіп айтатын импровизатор екендіктері. Ақпа ақындардың сынға түсіп, танылатын жері-шары топ, торқалы жиын, қызған айтыс үсті. Халық ақындарының шығармаларында фольклордағы ортақ дәстүрлер мен ортақ мотивтер басым көрінеді. Суырып салып жырлау – біртіндеп жетілетін қасиет. Бұл топтағы ақындар үлкен эпикалық жырлардың туып-қалыптасуына айтарлықтай үлес қосқан тұғалар. Халық ақындары өз заманнының шындығын жырлап, үнемі халықтық мүдде тұрғысынан сөйлейтін өнер иелері.

Әдебиеттер:17,26,28,29,31,35,37,45,52,55.

12-дәріс: Балалар фольклоры және бала тәрбиелеу ғұрыптары

Балалар фольклоры деген ұғымның ауқымы кең. Бұған ауыз әдебиетінің көптеген жанрлары мен жанрлық түрлері жатады. Балалар фольклорының арнайы сала болып бөліну себебі оның өзіне тән көптеген ерекшеліктерінің болуында. Халқымыздың балалар фольклоры жанрлық құрамы жағынан сан салалы, олардың атқаратын қызметі де түрліше. Зерттеу еңбектерде оларды үлкендердің балаларға арнап шығарған, бірақ негізінен балалрдың репертуарында сақталған шығармалар және балалардың өздері таратқан өлең-жырлар деп екіге бөлу қалыптасқан. Балалар фольклорының халық педагогикасымен тығыз байланысты. Балалар фольклорының үлкен бір саласы - ойын өлеңдері.Тілі шығып, сөйлей бастағаннан, кәмелетке толып, есейген шағына дейін баланың жасына лайықты сан түрлі ойын ойналған. («Саусақ санау», «Қуырмаш», «Бес саусақ», «Соқыр теке», «Кім ұшты?», «Қаламақ», «Сұрамақ» т.б.). Балалар фольклоры балалардың ойын ұштап, қиялына қанат беріп, әдемілікке, әсемдікке тәрбиелеп қана қоймайды, сонымен бірге тапқырлыққа, шешендікке де баулиды.

Әдебиеттер. 1-7,19,29,36,37,339,40,45,48,54,56.