Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Умк Фольклор (1).doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
295.42 Кб
Скачать

1.8 Пәннің пререквизиттері:

Қазақ фольклоры (ауыз әдебиеті үлгілері) мектепте оқытылатын ана тілі, әдебиет пәндері мен факультативтік сабақтарда барлық сыныптарға арналған оқу бағдарламары негізінде жүргізіледі. Сондықтан мектеп бағдарламасына сай алған білімдері негізінде студенттер қазақ фольклоры (қазақ халық ауыз әдебиеті) пәнін оқу үшін халық мұраларының синкретті түрі: тұрмыс-салт жырлары, шешендік сөздер, мақал мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, аңыз-әңгімелер, ертегілер, эпостар, тарихи жырлар, айтыс өнері мәтіндерімен; сарындамалар (ғұрып фольклоры үлгілері): салт сөзі, қалып сөзі, ғұрып сөзі халық өнерінің түрлерімен таныс болуы керек.

1.9.Пәннің постреквизиттері: Бұл пән бойынша алынған білім кейінгі семетрлерде оқылатын әдебиеттануға кіріспе, әдебиет теориясы, қазақ әдебиетінің тарихы, қазақ әдебиеті сынының тарихы пәндерін меңгеру үшін қажет. Сондықтан студенттің болашақ мамандығына қажетті теориялық және практикалық білім осы пәнді оқу барысында беріледі.

2.Пәннің қысқаша сипаттамасы:

2.1 Пәнді оқытудың мақсаты:

Қазақ фольклорын жеке пән ретінде оқыту арқылы халқымыздың сан ғасыр бойына жасаған рухани мәдениеті – фольклорлық мұраларды терең, жан-жақты таныстыру мақсат етіледі. Мазмұн-мәні терең, әрі көркем халық әдебиетін аса бағалы байлық ретінде оқыта отырып, оның өзінше сыр-сипатын танытып, жастарға тағлым беру көзделеді.

2.2 Пәнді оқыту міндеттері:

- фольклордың пайда болуы туралы пікірлер жайлы, фольклордың жанрлары мен түрлері жайында мағлұмат беру;

- ауыз әдебиеті мұраларының көп қырлы табиғаты мен туу, таралу, сақталу ерекшеліктері, жанрлардың классификациясы, жанрлық түрлердің бөліну жолдары жайлы ұғым қалыптастыру;

- қазақ фольклорының қалыптасу кезеңдерімен таныстыру;

- қазақ фольклорының зерттелу тарихы мен фольклор туралы ғылымның ХVIII ғасырда қалыптаса бастауы жайында мәлімет беру;

- қазақтың дәстүрлі мәдениетінің бір саласы фольклордың аса құнды рухани байлық екенін түсіне білуге баулу.

2.3 Курс мазмұны:

Бұл пән бойынша мынанадай теориялық және практикалық мәселелер қарастырылады: фольклор, халық даналығы, ауызша сөз өнері, халық поэзиясы ұғымдары. Фольклор табиғаты, өмір сүру заңдылықтары. Фольклор және ұлт тарихы. Фольклор жанрлары, классификациялау принциптері. Тұрмыс-салт жырлары, Лирикалық өлеңдер, халықтық проза түрлері, эпос, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, балалар фольклоры т.б.

Курс аяқталған соң студент:

  • Фольклордың өзіндік табиғатын меңгереді;

  • Қазақ фольклорының қалыптасу, даму кезеңдері жайлы мағлұмат алады.

  • Қазақ фольклорының өзіндік ерекшеліктері, жанрлары туралы терең білім алады.

  • Қазақ фольклорының жекелеген нұсқалары, олардың поэтикасы туралы жан-жақты білім алады.

  • Қазақ фольклорының зерттелу тарихы, фольклортану ғылымының тарихы туралы хабардар болады.

  • Қазақ халық ауыз әдебиеті мұраларының мәтінімен танысып, олардың идеялық-эстетикалық құндылықтары туралы өзіндік пікір қалыптастырады.

  • Қазақ фольклорының көркемдік ерекшелігі және жазба әдебиеттің қалыптасуына әсер-ықпалын бағамдай білуге үйренеді.

    • Қазіргі фольклортанудың өзекті мәселелерімен таныс болады.

  • теориялық білімді практикада қолдана білуді үйренеді.

  • зерттеу жұмысына икем-дағдысы қалыптасады.

  • кәсіби қарым-қатынас жағдайларын меңгереді.

3. Тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі:

Жұмыс түрі

Тапсырма мақсаты мен мазмұны

Әдеби-

еттер

Орындау ұзақтығы

Баллдар

(рейтинг-

шкала бойынша

Бақылау формасы

Тапсыру мерзімі

Ауызша

жұмыс:

мәтінді жатқа тапсыру

Студенттер-дің өткен материалды естерінде қайта жаңғырту білімнің сақталу деңгейін бағалау. Мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру

1 - 34

5-6 апта

5 балл

Коллоквиум

Мәтіндік сынақ алу

7-апта-да

Жазбаша жұмыс:

реферат.

Студент-тердің ғылыми-теориялық еңбектермен жұмыс істей алу, түйінді ойларды жіктеп ала білу дағдысын бағалау.

1 - 34

1-7 апта аралығында

8-15 апта аралығында

4 балл;

Реферат – 10 балл.

1-кредит:

бақылау

жазу;

2-кредит-реферат қорғау.

7-апта-да

15аптада.

Жазбаша жұмыс.

Студенттердің өткен материалды игеру деңгейін бағалау.

1 - 39

13-14апта

20 балл

Тест тапсыру

15 апта