Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
найти 5 ошибок.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.45 Mб
Скачать

VIII түріндегі түзету - мектепте мәтінді мәселе есепті шығару барысында сөздік жұмысын жүргізу тәсілдері

Орындаған: Ж.Қ. Байзолдина

Жетекші: оқытушы Ш.Т. Буркашева

Зерттеу мақсаты: акыл-есі кем оқушылардың мәтінді мәселе есепті шығару барысындасөздік жұмысы әдіс-тәсілдері арқылы сөздік қорын жетілдіру мүмкіншіліктерін зерттеу.

Зерттеу объектісі: VIII түріндегі түзету мектепте мәтінді мәселе есепті шығару барысында сөздік қорын дамыту мүмкіндігі.

Зерттеу пәні: VIII түріндегі түзету мектебіндегі оқушылардың сөздік қорын мәтінді мәселе есепті шығару барысында дамыту.

Зерттеу болжамы: егер біз VIII түріндегі түзету мектептегі сынып оқушыларына мәтінді мәселе есепті шығару нәтижесінде сөйлеу тілін дамытуға болады.

Зерттеу міндеттері:

  1. ақыл-есі кем оқушылардың психикалық процестерін анықтау;

  2. төменгі сынып оқушылардың сөйлеу тілін дамытуға арналған процеске экскурсиялық әдістемені енгізуді зерттеу және талдау;

  3. ақыл – есі кем балалардың сөйлеу тілін дамытуға арналған жаттығуларды психологиялық – педагогикалық әдістерді қолдана отырып құру және енгізу.

Зерттеу әдістері:

  1. зерттеу мәселесіндегі психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдау;

  2. бақылау;

  3. әңгімелесу;

  4. төменгі сынып оқушыларының ауызша сөйлеу тілінің диагностикасы

Р.И. Лалаеваның әдістемесі.

Зерттеу базасы: КММ ШҚО «Жетім балаларға арналған мектеп интернаты»

Негізгі нәтижелер мен қорытынды

Теориялық және әдістемелік материалдарды зертегеннен кейін эксперименталды жұмысты атқардық, арнайы жаттығулар жүйесін құрадық.

Құралған жаттығулар бір оқу жылы көлемінде арнайы коррекциялық мектепте пайдаланып, өз нәтижесін көрсетті. Яғни біздің болжамымыз дәләлденді.

Алдында айтылғанды қорытындылай келсек, біз құрастырылған жаттығулар жүйесін пайдалануға келесі әдістемелік ұсыныстар бергіміз келеді:

- коррекциялық мектепте оқыту жаңа әдістемесін зерттеу;

- әр баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін білу;

- оқу үрдісінде әр түрлі әдіс-тәсілдер, құрал-жабдықтарды пайдалану.

Әр мұғалімның жұмысқа деген шығармашылық ынтасы болса, сабақта не ғұрлым баланың мүмкіншілігін ескерсе, соқұрылым баланың қызығушылығы артып іс-әрекетте нәтижесі де шығады.

Тәжірибелік маңыздылығы

VIII түріндегі түзету мектебіндегі сынып оқушыларының сөздік қорын дамыту үшін, математика сабақ барысында мәтінді мәселе есеп жинағы шығарылып оны қолдануға ұсынылады.

20 Көлемінде кестелік көбейту мен бөлуді есептеу дағдыларын қалыптастырудағы қиындықтарды жеңу жұмыс жүйесі

Орындаған: Л.Т. Байшыбаева

Жетекші: оқытушы Ш.Т. Буркашева

Зерттеу мақсаты: VIII түзету мектеп түрінде 20 көлемінде кестелік көбейту мен бөлу есептеу дағдыларын қалыптастырудағы қиындықтарды жою жұмыс жүйесін өңдеу; VIII түзету мектеп түрінде 20 көлемінде кестелік көбейту мен бөлу есептеу дағдыларын қалыптастырудағы өлшемдерін өңдеу.

Зерттеу объектісі:VIII түзету мектеп түрінде 20 көлемінде кестелік көбейту мен бөлу есептеу дағдылары.

Зерттеу пәні: VIII түзету мектеп түрінде 20 көлемінде кестелік көбейту мен бөлу есептеу дағдыларын қалыптастыру әдіс-тәсілдері.

Зерттеу болжамы: егер VIII түзету мектеп түрінде 20 көлемінде кестелік көбейту мен бөлу есептеу дағдыларын қалыптастырудағы қиындықтарды жою жұмыс жүйесін өңдеп, пайдалансақ оқушылардың математика сабағындағы жаттығуларды шығару тиімді болады.

Зерттеу міндеттері:

  1. кестелік көбейту мен бөлу есептеу дағдыларын қалыптастырудағы теориялық және әдістемелік негіздерін анықтау;

  2. көмекші мектеп оқушыларында 20 көлемінде кестелік көбейту мен бөлу есептеу дағдыларын қалыптастырудағы ерекшеліктерін анықтау;

  3. VIII түзету мектеп түрінде 20 көлемінде кестелік көбейту мен бөлу есептеу дағдыларын қалыптастырудағы өлшемдерін өңдеу;

  4. эксперименталды жұмыс барысында дифференциалды коррекцияның бағыттарын, мазмұнын, әдіс-тәсілдерін анықтау.

Зерттеу әдістері:

1)теориялық зерттеу әдістері: зерттеу тақырыбы бойынша психологиялық - педагогикалық және ғылыми- әдістемелік әдебиетті саралау;

2) эксперименталды әдістер: педагогикалық қалыптастыру эксперименті;

3) психодиагностикалық әдістер: ақыл-есі кем оқушылардың сөйлеу тілі, оның өзгерістерін бақылау, эксперттік бағалау;

4) сандық әдіс: көрсеткіштерді статистикалық өңдеу.

Зерттеу базасы: Семей қаласы «VIII түзету мектебі».

Негізгі нәтижелер мен қорытынды

Педагогикалық-психологиялық және әдістемелік әдебиетті меңгере отырып, біз эксперименталды жұмысты жоспарладық. Бастапқы бақылау боынша есептеу дағдыларының «төмен» және «орташа» деңгейінде екендерін анықтадық. «Жоғарғы» деңгейге тек екі бала бағаланды.мұндай нәтижелер бізді қанағаттандырған жоқ. Сол себептен қалыптастыру(оқыту) эксперимерті барысында оқушыларға оқу үдерісінде пайдаланатын әдәс-тәсілдерді, тірек сұлбаларын өңдедік, жүйе құрадық. Қалыптастыру(оқыту) эксперименті барсында балалардың математика сабағына деген психологиялық факторлары өзгерді: белсенділік пайда болды, қорқу қасиеті жоғалды, балалардың әрқайсысы жұмысқа кірісіп өздігінен жұмыс жасайтын болды.

Екінші бақылаудың нәтижесі де әлде қайда жоғары болды.

Жоғарыда айтқанға байланысты біз келесі әдістемелік нұсқауларды ұсынамыз:

-түзету және жалпы білім бері мектебінде пайдаланатын жаңа әдістермен танысу, меңгеру, бейімдеу;

-әр оқушының жеке мүмкіндігін ескере отырып оқу үдерісін ұйымдастыру, белсендіру;

- түрлі әдіс-тәсілдерді көмекші мектептің математика курсына бейімдеп, еңгізу.

Мұғалімнің әр сабақты жоғары деңгейде өткізу талабы келешекте оқушылардың оқу үдерісіне деген көз қарасын өзгертуге әкеледі. Ұстаздың шәкірттерімен жақсы қарым-қатынас құрауы оқудың бірінші мақсаты деп ойлаймыз. Оның негізінде мұғалім де, оқушылар да өз жұмысымен қанағатталады.

Тәжірибелік маңыздылығы

  1. VIII түзету мектеп түрінде 20 көлемінде кестелік көбейту мен бөлу есептеу дағдыларын қалыптастырудағы қиындықтарды жою жұмыс жүйесін өңдедік;

  2. VIII түзету мектеп түрінде 20 көлемінде кестелік көбейту мен бөлу есептеу дағдыларын қалыптастырудағы өлшемдерін өңдедік;

  3. болжамымыздың шындығын анықтадық.