Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
найти 5 ошибок.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.45 Mб
Скачать

Современные проблемы олигофренопедагогики

VIII түрдегі түзету мектебінде 10 көлемінде есептеу дағдыларын қалыптастырудың Глен Доман әдістемесін бейімдеу

Орындаған: А.Б.Абылкайрова

Жетекші: оқытушы Ш.Т.Буркашева

Зерттеу мақсаты: VIII түзету мектеп түріндегі оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін зерттеу; 10 көлемінде есептеу дағдыларын қалыптастыру өлшемдерін өңдеу.

Зерттеу объектісі: VIII түзету мектеп тұрінде 10 көлемінде есептеу дағдылары.

Зерттеу пәні: VIII түзету мектеп тұрінде 10 көлемінде есептеу дағдыларын қалыптастыруда Глен Доманның әдістемесін пайдалану жолдары.

Зерттеу болжамы: егер VIII түзету мектеп тұрінде 10 көлемінде есептеу дағдыларын қалыптастыруда Глен Доманның әдістемесін пайдалансақ математика сабағында оқушылардың жетістіктері жоғарлай түседі.

Зерттеу міндеттері:

1) 10 көлемінде есептеу дағдыларын қалыптастыруда теориялық және әдістемелік негіздерін анықтау;

2) 10 көлемінде есептеу дағдыларын қалыптастыру ерекшеліктерін анықтау;

3)10 көлемінде есептеу дағдыларын қалыптастыруда өлшемдерін өңдеу;

4) эксперименталды жұмыс барысында дифференциалды коррекцияның бағыттарын, мазмұнын, әдіс-тәсілдерін анықтау.

Зерттеу әдістері:

1) теориялық зерттеу әдістері: зерттеу тақырыбы бойынша психология-лық-педагогикалық және ғылыми-әдістемелік әдебиетті саралау;

2)эксперименталды әдістер: педагогикалық қалыптастыру эксперименті;

3) психодиагностикалық әдістер: ақыл-есі кем оқушылардың сөйлеу тілі, оның өзгерістерін бақылау, эксперттік бағалау;

4) сандық әдіс: көрсеткіштерді статистикалық өңдеу.

Зертеу базасы: КММ «Күршім ауданының психологиялық- педагогикалық түзету кабинеті», коррекциялық тобы. Эксперименттік топтың құрамында ақыл–есі кемдігінің жеңіл түрі диагнозы бар 4 бала.

Негізгі нәтижелер мен қорытынды

Жоғарыда айтқанға байланысты біз келесі әдістемелік нұсқауларды ұсыныамыз:

1) түзету және жалпы білім бері мектебінде пайдаланатын жаңа әдістермен танысу, меңгеру, бейімдеу;

2) әр оқушының жеке мүмкіндігін ескере отырып оқу үдерісін ұйымдастыру, белсендіру;

3) түрлі әдіс-тәсілдерді көмекші мектептің математика курсына бейімдеп, еңгізу.

Мұғалімнің әр сабақты жоғары деңгейде өткізу талабы келешекте оқушылардың оқу үдерісіне деген көз қарасын өзгертуге әкеледі. Ұстаздың шәкірттерімен жақсы қарым-қатынас құрауы оқудың бірінші мақсаты деп ойлаймыз. Оның негізінде мұғалім де, оқушылар да өз жұмысымен қанағатталады.

Тәжірибелік маңызы

1) VIII түзету мектеп түрінде 10 көлемінде есептеу дағдыларын қалып-тастыруда Глен Доманның әдістемесін пайдалану жолдарын таптық;

2) 10 көлемінде есептеу дағдыларын қалыптастыруда өлшемдерін өңдедік;

3) болжамымыздың шындығын анықтадық.

Психикалық дамуы тежелген кіші мектеп жасындағы балалардың диалогтік сөйлеуін заттық тәжірибелік іс-әрекет барысында дамыту

Орындаған: К.Авлайхаан

Жетекші: п.ғ.к., қауым. профессор: К.Ш. Коккозева

Зерттеу мақсаты: кіші мектеп жасындағы психикалық дамуы тежелген балалардың диалогті сөйлеуін дамытуға арналған әдістемелік құрал жасау.

Зерттеу объектісі: сөйлеу тілінің процессі

Зерттеу пәні: заттық тәжірибелік іс-әрекет барысында диалогтік сөйлеуін дамыту

Зерттеу болжамы: кіші мектеп жасындағы психикалық дамуы тежелген балалардың диалогті сөйлеуін заттық тәжірибе іс-әрекеті арқылы дамытсақ солғұрлым эффективті болады.

Зерттеу міндеттер:

1) зерттелініп отырған проблемаға сәйкес психологиялық-педагогика-лық және логопедиялық әдебиеттерді оқып талдау;

2) психикалық дамуы тежелген балалардың психологиялық, педагогика-лық ерекше-ліктерін талдау;

3) кіші мектеп жасындағы психикалық дамуы тежелген балалардың байланыстырып диалогті сөйлеу ерекшелігін айқындау;

4) кші мектеп жасындағы психикалық дамуы тежелген балалардың байланыстырып диалогті сөйлеуін эффективті логопедиялық сабақтарында дамыту.

Зерттеу әдісі: Р.И.Лалаеваның «диалогтік сөйлеуін зерттеу» әдістемесі.

Зерттеу базасы: КММ «Мүмкіндігі шектеулі балалрға арналған «Алтын дән» бала-бақша мектебі»

Негізгі нәтижелер мен қорытынды

Р.И.Лалаеваның әдістемесі бойынша біріншілік тексеру кезінде топ балалары орташа дәреже көрсетті. Егер ең жоғары сандық пайыз 100% болса, тексеріс кезінде топ 40-80% көрсетті.

Тексеру барысында топтағы балалардың берген көрсеткіштері орташа дәрежеде болғандықтан, қарастырып отырған түзету жұмысының ерекшелігін байқату үшін, оны сан-қилы етіп жүргізу қажет.

Диалогтік сөйлеуді дамытудың ең эффективті түрі ретінде – Заттық тәжірибелік іс-әрекетті пайдалана отырып, сұрақ-жауап түрі таңдалды. Бала бейнені жасай отырып, сол бейне туралы сұрақ қойып, өзі білетіні туралы басқа балалармен бөлісіп, білмейтінін сұрап, қарым-қатынасқа түсу нәтижесінде диалогтік сөйлеуді дамытамыз. Балалар әрдайым топпен немесе жұппен жұмыс жасауға үйренеді. Нақты затпен жұмыс жасау отырып, көзбен көріп, қолмен ұстап, оны жан жақты зерттеп, сұрақ қойып, оған жауап ала отырып, диалогтік сөйлеуін дамытамыз.

Психикалық дамуы тежелген кіші мектеп жасындағы балалардың диалогтік сөйлеуін заттық тәжірибелік іс-әрекет барысында дамыту экспериментін жүргізгеннен кейін,балалардың диалогтік деңгейін анықтау үшін Р.И.Лалаеваның әдістемесі жүргізілді. Екіншілік тексеру кезінде топ балалары орташадан жоғары дәрежені көрсетті. Егер ең жоғары сандық пайыз 100% болса, тексеріс кезінде топ 90-50% көрсетті. Осыдан қорытынды жасасақ, біздің диалогтік сөйлеуін дамытуға арналған заттық тәжірибелік іс-әрекет эффективті болып табылды.

Тәжірибелік маңыздылығы

ПДТ балалардың диалогтік сөйлеуін дамыту үшін, кұрастыру сабағында немесе сабақтан тыс уақыттарында заттық іс-тәжірибеден құралған жинақ шығарылып және оны қолдануға ұсынылады.