Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
найти 5 ошибок.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.45 Mб
Скачать

Әлеуметтік – психологиялық тренинг – келісім – шарт негізінде қызмет жасайтындардың әскери қызметке бейімделу құралы ретінде

Орындаған: А.Е.Қалиғожина

Жетекші: аға оқытушы Қ.Т. Тоқтарбекова

Зерттеу мақсаты: келісімшарттық қызметтегі әскери қызметкерлердің әлеуметтік-психологиялық бейімделуінде әлеуметтік – психологиялық тренинг қолдану ерекшеліктерін анықтау.

Зерттеу объектісі: келісімшарттық қызметтегі әскерилер.

Зерттеу пәні: әлеуметтік-психологиялық бейімделуі жүйесі.

Зерттеу болжамы: келісімшарт негізінде қызмет жасайтын әскерилердің әлеуметтік – психологиялық бейімделуін әлеуметтік-психологиялық тренинг арқылы жоғарлатуға болады.

Зерттеу міндеттері:

  1. әлеуметтік-психологиялық бейімделу ұғымы мен мәнінің теориялық аспектілерін, келісімшарттық әскери қызметкерлерде көріну ерекешеліктерін қарастыру;

  2. келісімшарттық әскери қызметкерлердің әлеуметтік-психологиялық бейімделуін экрсперименталды зерттеу;

  3. әлеуметтік психологиялық бейімделуді жоғарлатуға арналған - әлеуметтік-психологиялық тренинг бағдарламасын (коррекциялық жұмыстар) өңдеу, тиімділігін анықтау.

Зерттеу әдістері: аналитикалық, статистикалық және матемиткалық әдістер (Спирменнің рангтік коррлеяциясы, стюдент формуласы), анкета әдістері қолданылды. Сонымен қатар төмендегі әдістемелерді қолдандық:

1) А.Г. Маклаков, И.В. Червянин «Бейімделушілік» көпдеңгейлі тұлғалы сауалнамасы;

2) К. Роджерс және Р. Даймонд «Әлеуметтік-психологиялық бейімделу сауалнамасы»;

3) Шутцтың тұлғааралық қатынастар сауалнамасы.

Зерттеу базасы: Өскемен қаласының № 5518 әскери бөлімшесі.

Негізгі нәтижелер және қорытынды

Зерттеу мақсатымыз бойынша келісімшарттық қызметтегі әскери қызметкерлердің әлеуметтік-психологиялық бейімделуінде әлеуметтік – психологиялық тренинг қолдану ерекшеліктерін анықтадық.

Зерттеу бағытының кезеңдеріне сай біз әлеуметтік психологиялық тренинг бағдарламасын барлық респонденттерге емес, тек диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша әлеуметтік-психологиялық бейімделулері орташа және төмен келісімшарттық қызметтегі әскерилерге ғана жүргіздік. Барлық осы топтағы зерттелінушілер тренингтен әр сабағынан жақсы әсер алып, өз сезімдерімен бөілісіп отырды. Егер, олардың күнделікті қызметке келу уақыттарын ескерсек, біздің тренингтік сабақтардан алған әсерлері жоғары деуге болады. Сонымен, алдымызға қойған міндеттер орындалып, болжамымыз дәлелденді.

Тәжірибелік маңыздылығы

Әскери мекемелердегі психологтың жұмысында келісімшарт негізінде қызмет жасайтын әскерилердің әлеуметтік – психологиялық бейімделуін жоғарлату мақсатында зерттеу барысында құрыстырылған әлеуметтік-психологиялық тренингті қолдануды ұсынымасыз.

Өзін-өзі бағалауды зерттеуге арналған н.М Пейсахов әдістемесін қазақ тілді зерттелінушілерге бейімдеу

Орындаған: М.Қыдырманова

Жетекші: аға оқытушы Қ.Б. Байтемирова

Зерттеу мақсаты: Н.М Пейсахов әдістемесін қазақ тілді зерттелінушілерге бейімдеу.

Зерттеу обьектісі: Н.М. Пейсохов әдістемесі.

Зерттеу пәні:Н.М Пейсахов әдістемесін қазақ тілді зерттелінушілерге бейімдеу үрдісі.

Зерттеу болжамы: Н.М Пейсахов әдістемесін қазақ тілді зерттелінушілерге бейімдеу процедурасы лингвистикалық және статистикалық жұмыстарымен сипатталады.

Зерттеу міндеттері:

  1. өзін-өзі бағалаудың психология ғылымында қарастырылу деңгейін анықтау;

  2. өзін-өзі бағалауды зерттеуге арналған Н.М Пейсахов әдістемесін сипаттау;

  3. психодиагностикалық әдістерді бейімдеу процедурасының ерекшеліктерін қарастыру;

  4. Н.М Пейсахов әдістемесін эксперимент жүзінде бейімдеу шараларын өткізу;

  5. эмпирикалық мәліметтерді өңдеу және қорытынды жасау.

Зерттеу әдістемесі:

  1. әдебиететрге теориялық талдау;

  2. математикалық және статистикалық өңдеу.

Зерттеу базасы: С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Психология мамандығының студенттері.

Негізгі нәтижелері мен қорытынды

Сонымен, өзін-өзі бағалауға арналған Пейсахов әдістемесінің бейімдеу және апробациялау процесіндегі бірқатар ерекшеліктерге тоқталып өтейік. Жалпы әдістеме жеңіл, қарапайым құрастырылған. Аралас тілді зерттелінушілерге де ұсынуға да болады. Әдістеменің психометриялық бейімделуі төмендегідей процедуралады қосты:

  1. тест-сауалнама пункттердің ішеі келісімділігін талдау;

  2. қайта ресттетеуге тұрақтылығын тексеру;

  3. тесттік нормаларды тексеру;

  4. кезеңдер арасындағы қатынастар құрылымын тексеру;

  5. релевантты критерий арқылы корреляциылқ талдау;

Жоғарыдағы процедуралар жүру кезеңдеріне сипаттама беріп өтелік. Әдістеме екі нұсқада қазақ тіліне аударылды. Бірінші маман емес тұлғанң көмегемін аударылса, екінші нұсқасы филология ғылымдарының кандидаты, тіл маманы аударды. Мұндай екі нұсқаның болуын былайша түсіндіреміз: маман емес аудармашы неғұрлым күнделікті қолданыстағы, таңсық емес қазақ тіліндегі сөздер қорын пайданаланады. Ал, филология маманы әдістеме нұсқасын неғұрлым «ғылыми» тілде ұсынуы мүмкін. Бұл жерде екі нұсқада өте маңызды. Себебі, өмірлік қолданыстағы бір уақытта кездесетін сөздер. Тек, ол зерттелінушілер тобының ерекшеліктеріне байланысты болады деп есепетейміз. Әдістеме сауалнамасы тек «тұжырымдардан» тұрады. Бұл бейімдеу процеударасын бір жағынан жеңілдетссе, екінші жағынан тұжырымдардың «еш ауытқусыз» тура мағынасы шығып, зерттелінуішімен қабылдануы шарт. Кейбір тұжымырымдарды аударғанда мәні өзгеріп, қабылдауға қиын, түсініксіз болып келуі ықтимал. Себебі қазақ тілі күрделі құрылымды дыбыстаулардан, әріптерден құралған. Төменде біз әдістеме бойынша аудармалардың екі нұсқасын да ұсынамыз. Екі нұсқаны мұқият оқып, әр тұжырымдамаға аса назар аударылды. Бұл тұжырымдамалар адамның өзіне баға беруіндегі бірқатар психологиялық қасиеттердің жиынтығы. Сондықтан, орыс тіліндегі дәлме-дәл мағынасының берілуі өте маңызды.

Сонымен, Стюдент t-критерий формуласы және Пирсонның корреляциялық әдісі арқылы шығарылған статистикалық талдау екі тестілеу нәтижелері бойынша нақты белгілері арқылы статистикалық айырмашалықтары анықталған жоқ. Яғни, Пирсон критерийін қолдану арықлы алынған корреляциялық талдам барысындағы сенімділік коэффициентінің жоғары көрсеткіштері тек 3 шкала бойынша алынды. Тұтастай алатын болсақ, барлық жоғарыдағы көрсетілген математикалық-статистикалық талдаулар қазақ тіліне бейімделген әдістеменің барлық шкалалары бойынша сенімді екендігін дәлелдейді.

Практикалық маңыздылығы

Бұл бітіру жұмысында қарастырылған тақырып өте өзекті тақырыптардың бірі болғандықтан, яғни орыс тіліндегі әдістемені қазақ тілді зертелінушілерге бейімдеп оның сенімділігін анықтап, қолданысқа енгізу. Осы әдістемені мектеп психологтары, психологтар және психолог студенттер өз жұмыстарында қолданыла алады.