Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
найти 5 ошибок.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.45 Mб
Скачать

Кіші мектеп оқушысының стрессті сезіну динамикасы мен феноменологиясы

Орындағын: Қ.С. Шаянбаева

Жетекшісі: аға оқытушы Г.М. Берекбусунова

Зерттеу мақсаты: кіші мектеп жасындағы оқушының стресстік алаңдаушылықтарының динамикасы мен феноменологиясын зерттеу.

Зерттеу обьектісі: кіші мектеп жасындағы оқушылар.

Зерттеу пәні: кіші мектеп жасындағы оқушының стресстік алаңдаушылықтарының динамикасы мен ерекшеліктері.

Зерттеу болжамы: кіші мектеп жасында стресстік алаңдаушылықтардың спецификасы қорғаныс реакцияларының эффективтілігінің төмендігінен көрінеді, екінші сыныптан төртінші сыныпқа дейін стресстік жағдайларды шешуде эффективті мінез-құлықтық реакциялардың саны артады.

Зерттеу міндеттері:

  1. стресстік алаңдаушылықтардың феноменологиясын мәселе ретінде талдау;

  2. кіші мектеп жасында стресстік жағдайларға алаңдаушылық спецификасын қарастыру;

  3. стресстік алаңдаушылықтардың динамикасы мен феноменологиясын зертеу әдісі мен базасын негіздеу;

  4. эмпирикалық зерттеу нәтижелерін талдау.

Әдістері:

  1. мәселе бойынша отан және шетел авторларының зерттеулерін теоретикалық талдау;

  2. эмпирикалық әдіс келесі әдістемелерді қосады: педагогтарды эксперттік сауалнамалау әдісі; фрустрацияны зерттеу әдістемесі (С. Розенцвейг – балаларға арналған нұсқа), әдістеме стресс пен фрустрация жағдайына әсер ету ерекшеліктерін анқтауға бағытталған; «Копинг-сратегия» сауалнамасы (модификациясы) бұл әдістеме стресстік жағдайда мінез-құлық пен алаңдаушылық тәсілдерін анықтауға арналған;

  3. статистика – Стьюденттің t критерийі көмегімен есептеленді

Зерттеу базасы: Ұлан ауданы Қ.Қайсенов атындағы негізгі мектебі.

Таңдау тобы: 50 зерттелінуші, олардың ішінде 25 оқушы екінші сыныптан, 25 оқушы төртінші сыныптан алынды.

Негізгі нәтижелері мен қорытынды

Жұмыс бойынша жалпы қорытынды. Стресстің көптеген түрлері бар және ғалымдардың осы түсінік пен оның жіктеліміне қатысты көзқарастары бірыңғай. Стресстік жағдайға алаңдаушылықты зерттеу тәсілі көбінесе шетел ғалымдарымен зерттелген. ТМД елдерінде бұл мәселе тоқсаныншы жылдардан бастап зерттеле бастады. Біздің елімізде, яғни Қазақстанда мұндай зерттеулер өткізілген жоқ. Екінші сынып өкілдерінен қарағанда төртінші сынып оқушылары мектептік қиындыққа анағұрлым психологиялық тұрақты, яғни шыдамды деуге болады. Оларда стрессті жеңу үшін ресурстар жеткілікті. Бізбен зерттелініп отырған топ өкілдерінде стресстік жағдайдағы мінез-құлық тәсілі қандай да бір тәсілді таңдау жиілігіне, және оның эффективтілігіне байланысты ажыратылады.

Осы негізде мектептік стресстік жағдайға алаңдау тәсілі әр сыныпта әр түрлі көрінеді және жас ерекшелігінің жоғары болуына байланысты стресстік жағдайды анағұрлым конструктивті шешудің тенденциясы байқалады және стресстік жағдайларда мінез-құлықтың анағұрлым эффективті стратегиясын табуға бейім.

Тәжірибелік маңыздылығы

Зерттеу барысында алынған нәтижелерді мектеп психологтарына кіші мектеп жасындағы стресстік жағдайларға байланысты кездесетін мәселелрді шешуде кеңес ретінде ұсынамыз.