Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
найти 5 ошибок.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.45 Mб
Скачать

Жоғары сынып оқушыларының өзіндік бағалауы мен тұлғааралық қатынастар жүйесіндегі адаптация деңгейінің өзара байланысы

Орындағын: А.Е. Буктукова

Жетекшісі: аға оқытушы Г.М. Берекбусунова

Зерттеу мақсаты: психодиагностикалық әдістерді қолдана отырып жоғарғы сынып оқушыларының өзін-өзі бағалауы мен тұлға аралық қатынастар жүйесіндегі адаптация деңгейінің өзара байланысын анықтау.

Зерттеу объекті: жасөспірімдік тұлғаның психологиялық ерекшеліктері.

Зерттеу пәні: өзін-өзі бағалау мен тұлға аралық қатынастар жүйесіндегі адаптация деңгейінің өзара байланысы.

Зерттеу болжамы: жоғарғы сынып оқушысының өзін-өзі бағалауы оның тұлға аралық қатынастар жүйесіндегі адаптация деңгейіне әсер етеді.

Зерттеу міндеттері:

        1. зерттеу проблемасына сәйкес психологиялық әдебиеттерге теоретикалық талдау жасау;    

        2. жоғарғы сыныр оқушыларының өзін-өзі бағалауының деңгейін анықтау;

        3. жоғарғы сынып оқушыларының тұлға аралық қатынастар жүйесіндегі адаптация дәрежесін анықтау;

        4. жоғарғы сынып оқушыларының өзі және өзгелер туралы көзқарастарын бағалау;

        5. өзін-өзі бағалау, өзіндік қатынас, өзгелерді қабылдау және адаптациялану сияқты көрсеткіштер арасындағы математикалық-статистикалық өзара байланысты анықтау.

Зерттеу әдістемелері:

1) Б.Стефонсонның «Q-сұрыптама әдістемесі»;

2) «Өзіндік қатынас тест-сұрақтамасы» (в.В. Столин, с.Р. Пантелеев);

3) «Фейдің өзгелерді қабылдау шкаласы»;

4) Роджерстің әлеуметтік-психологиялық адаптация әдістемесі.

Зерттеу базасы: Зырян қаласының №.12 мектебінің жоғарғы сынып оқушылары (10,11 сыныптар) қатысты. Жалпы саны – 46 адам.

Негізі нәтижелер мен қорытынды

Ерте жасөспірім шақта өзіндік сананың жаңа деңгейінің қалыптасу шегінде өзі туралы тұрақты көзқарастың  Мен-концепцияның қалыптасуы жүреді.

16-17 жаста ерекше тұлғалық жаңа құрылым пайда болады. Оны психологиялық әдебиеттерде «өзін-өзі анықтау» терминімен белгілейді. Жасөспірім шақ өзін-өзі бағалаудың когнитивтік және эмоционалдық компоненттерінің балансты дамуымен сипатталады. Өзіне деген саналы қатынастың өсуі өзі туралы білімдердің «Менге» бағытталған эмоцияларды реттеуіне әкеледі. Өзін өзгелерден ерекшеленетін, толыққанды тұлға ретінде қабылдайтын тұрақты қатынас қалыптасады.

Жасөспірім шақтың психологиялық ерекшелігі, адаптация және өзін-өзі бағалау проблемалары бойынша тиісті шет елдік және отандық психологиялық әдебиеттерді зерттеп, психодиагностикалық әдістемелерді таңдап алып біз психодиагностикалық эксперимент жүргіздік. Нәтижесінде эксперимент жасөспірім шақтағы өзін-өзі бағалау мен адаптация деңгейінің корреляциялық өзара байланысын статистикалық дәл анықтап және сипаттауға мүмкіндік берді.

Сонымен, жасөспірім шақта адаптация деңгейі мен өзін-өзі бағалау арасында корреляциялыұ байланыс бар деген негізгі болжамымыз дәледенді.

Біз жүзеге асырып отырған жасөспірім шақтағы адаптация мен өзін-өзі бағалауды тұлғаның өмірді ұғынуы арқылы зерттеу түріндегі практикалық ықпалымыз, біздің ойымызша, осы проблема төңірегінде ары-қарайғы зерттеу бағдарламаларын құруда перспективалы болып табылады.

Практикалық маңыздылығы

Біздің зерттеу жұмысымыздың нәтижелері мектеп психологтары үшін оқушыларға, педагогтар мен ата-аналарға психологиялық кеңес беруде қызықты болуы мүмкін.