Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
найти 5 ошибок.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.45 Mб
Скачать

Экстремалды мамандық өкілдерінің құндылықты мотивациялық сферасын зерттеу (өрт сөндірушілер мысалында)

Орындаған: А.Е.Бибулова

Жетекші: аға оқытушы Қ.Т.Тоқтарбекова

Зерттеу мақсаты: экстремалды мамандық өкілдерінің құнды мотивациялық сферасының калыптасу ерекшеліктерін анықтау.

Зерттеу объектісі: экстремалды мамандық өкілдері.

Зерттеу пәні: тұлғаның құндылықты мотивациялық сферасы.

Зерттеу болжамы: экстремалды мамандық өкілдерінің құндылықты мотивация сферасы бірқатар ерекше болады. Жеке болжам: Өрт – сөндірушілер тұлғасының кәсіби маңызды ерекшеліктеріндегі жетекші құндылықты мотивациясыcы жалпы әлеуметтік қатынастар және материалдық қажеттіліктеріне тәуелді болатынын дәлелдеу.

Зерттеу міндеттері: психологиялық, әлеуметтік, философиялық зерттеулердегі «құндылықты мотивациялық сфера» ұғымын ашу;

  1. экстремалды мамандық өкілдерінің кәсіби қызметі ерекшеліктері сипаттама беру;

  2. экстремалды мамандық өкілдерінің құндылықты мотивациялық сферасы эксперименталды зерттеу процедурасын тағайындау;

  3. құндылықты мотивациялық сфераны анықтауға арналған әдістер мен әдістемелерге сипаттама беру;

  4. эксперименталды зерттеу нәтижелерін өңдеп, ұсыныстар беру.

Зерттеу әдістері: аналитикалық, статистикалық және матемиткалық әдістер, анкета әдістері қолданылды. Сонымен қатар төмендегі әдістемелерді қолдандық:

  1. тұлға құрылымының мотивациясының диагностикасы (В.Э.Мильман);

  2. М.Рокичтің «Құндылықтар бағыттамасының» әдістемесі

  3. осы теориялық нәтижелер негізінде мен экспериметті зерттеу жұмысын жүргіздім.

Зерттеу базасы: ШҚО ММ №1 Өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері.

Негізгі нәтижелер және қорытынды

Зерттеу жүргізе отырып біз келесі нәтижелерді алдық.Өрт сөндіру қызметкерлерінің жеке тұлғалық мотивациялық қасиет қырларында ең алдымен маңызды мотивациялық бағыттылық болып қызығушылық негізі болады. Сондықтан да бұл мотивациялық қызығушылықтардың психодиагностикасы жеке тұлғалық қырлады қарастыратын әдістемелік процедуралармен сәйкес келеді. Әдістеме бойынша тұлғаның мотивациялық құрылымының типтерін қарастыра отырып тұлғаның жалпы мотивациялық бейнесі жеке мотивациялық профильдер, психодиагностикалық тіркелулерде әртүрлі мотивациялық шкалалар арақатынасына негізделген. Тұлғаның мотивациялық құрылымының шкалаларының типтері ортақ мотивациялық шкалалардың деңгейлерімен сәйкестендіріліп, тұлғаның мотивациялық жеке қырларының ортақ көрсеткіштері жоғары болатынын анықтадым. В.Э. Мильманның «Тұлғаның мотивациялық құрылымының диагностикасы» әдістемесі бойынша нәтижелер өрт сөндірушілердің мотивациясы белгілі бір бағыттылықпен байланысатынын көрсеткен.

Зерттеу нәтижесінде мен өрт сөндірушілердің бұл қызметке келудегі басты мақсаттардың бірі – бұл төтенше жағдайлардағы іс-әрекет ету және қауіптілікке деген тәуекелділік болса, екінші жалпы маңызды мақсат бұл әлеуметтік материлдық қажеттіліктің басым болуы. Менің жүргізген эксперименталдық жұмысымның сапалық және сандық анализдік нәтижелері негізінде өрт сөндіру қызметкерлерінің құндылықты-мотивациялық бағдарларындағы жетекші рөлді «әлеуметтік маңыздылық» және «материалдық қызығушылықтар» алды.

Осылайша, біздің дипломдық жұмысымыздың алдына қойылған міндеттерді эксперименталдық зерттеу кезінде толықтай орындап, қажетті нәтижеге жеттік.

Тәжірибелік маңыздылығы

Зерттеу жұмысында алынған нәтижелерді өрт сөндіру қызметкерлерін жұмысқа алуда және олардың қызмет атқару барысында ескеріп қолдануға ұсынылады.