Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Метод.указание КР Макро.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
175.1 Кб
Скачать
  1. Курстық жұмысты қорғауға дайындау және қорғау тәртібі

Кафедраға тапсырылған курстық жұмыс тіркеледі және жетекші-оқытушы жұмысқа рецензия түрінде алдын-ала бағасын береді.

Курстық жұмысқа берілетін рецензия арнайы бланкіде толтырылады. Рецензияда курстық жұмысқа жалпы сипаттама беріліп, оның орындалу деңгейі анықталады. Сонымен бірге жұмыстың жағымды жақтарымен қоса мазмұны мен құрылымы бойынша кемшіліктері де көрсетіледі. Рецензент курстық жұмыстың талапқа сай орындалуын, яғни жұмысты қорғауға жіберуге бола ма, жоқ па екендігін анықтайды.

Рецензенттен тексерілген курстық жұмысты алған студент рецензияны мұқият оқып, берілген ескертулермен танысу қажет. Рецензенттің нұсқауларын басшылыққа ала отырып, жинақталған материалдармен тағы да жұмыс жасап, жіберілген кемшіліктерді түзету қажет.

Курстық жұмысты орындауда көбінесе төмендегідей кемшіліктер жиі кездеседі:

  1. Курстық жұмыстың міндетті элементтерінің болмауы, мысалы, кіріспенің немесе жоспардың, қорытындының және т.с.с. болмауы;

  2. Жұмысты дұрыс безендірмеу, мәселен жұмыстың беттерін нөмірлемеу, жоспардың пункттерін жұмыста арнайы бөліп көрсетпеу және т.б. Әдебиеттер тізімін немесе сілтемелерді толтыруда қателіктер жіберу;

  3. Жұмысты бір немесе екі әдебиеттен толықтай көшіру, сандық мәліметтерді талдаусыз шектен тыс көп беру немесе олардың тіпті болмауы;

  4. Ескірген материалдарды көптеп пайдалану, әсіресе Қазақстан Республикасына байланысты статистикалық мәліметтерді талдау және қорыту тәжірибесімен байланыстың болмауы және т.б.

  5. Курстық жұмысты «Интернет» жүйесінен тікелей көшіруге жол берілмейді. Осындай кемшіліктері бар жұмыстарға «бір» деген баға қойылып студентке қайтарылады. Егер бір-біріне ұқсас екі жұмыс болса, онда екеуіне де «бір» деген баға қойылады.

Егер жұмыс қорғауға жіберілмесе, онда оқытушының ескертулерін есепке ала отырып, жұмысты қайтадан орындап, рецензияға тапсыруға нұсқау беріледі.

Курстық жұмысты орындаудағы соңғы кезең – оны қорғау. Курстық жұмысты дайындау мен қорғау үшін негіз болып жетекшінің берген рецензиясы табылады. Жұмыстың алдын-ала бағасы мынадай нысанда беріледі: «Жұмыс қорғауға жіберіледі» немесе «Жұмыс қорғауға жіберілмейді». Жұмыстың соңғы бағасы қорғау нәтижесі бойынша қойылады. Курстық жұмысты қорғау 2-3 оқытушы құрамынан тұратын комиссияның қабылдауымен емтиханға дейін өткізіледі.

Қорғау кезінде студент жұмыстың жалпы мазмұнын ашып, тақырып бойынша өзіндік ой-пікірін білдіреді және рецезенттің ескертпелеріне, комиссия мүшелерінің ауызша сұрақтарына жауап береді. Осыдан кейін комиссия курстық жұмысқа қорғау нәтижелері мен жұмыстың мазмұнын есепке ала отырып, 10 баллдық жүйе бойынша соңғы бағасын береді.

10 және 9 балл – берілген тақырып бойынша экономикалық әдебиеттерді терең меңгерудің негізінде нақты материалдарға өз бетімен талдау жасалған, өзіндік түйіндер берілген, яғни жұмыстың мазмұны толықтай ашылған жұмыстарға берілетін баға.

8-7-6 балл – тақырыптың барлық сұрақтары толықтай ашылған, бірақ тақырыпқа байланысты студенттің өзіндік ой-пікірі мен қорытынды түйіндері жасалмаған жұмысқа қойылатын баға.

5 және 4 балл – аталған әдістемелік нұсқауға сай орындалмаған, яғни рецензенттің берген ескертпелеріне сәйкес кемшіліктері бар жұмыстарға қойылады.

3-2-1 балл – студент тақырып бойынша материалдарды меңгермеген кезде, яғни рецензенттің ескерптелеріне жауап бере алмаған жағдайда қойылады. Бұл жағдайда курстық жұмыс қайтадан қорғауға қалдырылады.

Курстық жұмысты қорғау – бұл студенттің өз бетімен жұмыс жасау нәтижесін қорыту. Нәтижесінде студентке макроэкономика пәнінен емтиханға кіруге рұқсат беріледі.

Жақсы орындалған курстық жұмыстар студенттердің ғылыми жұмыстары ретінде студенттік ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысуға ұсынылуы мүмкін.

Қорғаудан кейін курстық жұмыс кафедраға тапсырылады.