
- •Мазмұны
- •Жалпы жағдай
- •Курстық жұмысты орындау тәртібі
- •Курстық жұмыстың мазмұны жөнінде нұсқаулар
- •Курстық жұмысты безендіру талаптары
- •Қазақстандағы инфляция қарқыны
- •Курстық жұмысты қорғауға дайындау және қорғау тәртібі
- •«Макроэкономика» пәнінен курстық жұмыстар тематикасы
- •7. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Курстық жұмысты безендіру талаптары
Курстық жұмыс құрылымы мұқаба беттен, жұмыстың мазмұнынан, кіріспеден, 2-3 тараудан, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
Жұмысты таза, мұқият орындау қажет.
Жұмыстың мұқабасы арнайы үлгіге сәйкес безендіріледі (1 қосымша). Курстық жұмыстың мазмұнын жазу үлгісі 2 қосымшада көрсетілді.
Кіріспенің көлемі екі бетті құрайды. Бірінші, екінші және үшінші тараулардың көлемі жобамен бірдей болады, яғни орта есеппен 9-11 бет. Ал қорытынды 2-3 беттен тұрады.
Әрбір тарауды тақырыптың күрделігі мен жинақталған материалдың көлеміне қарай екі немесе үш параграфқа бөлген дұрыс.
Қолданылған әдебиеттерге сілтеме мәтін бойынша квадрат жақшаның ішінде беріледі. Мысалы, [1, 23б.]. Бұл студенттің қолданылған әдебиеттер тізімінде нөмірі 1-ші тұрған дерекке сілтеме беруін, яғни мәліметті осы деректің 23-ші бетінен алғандығын білдіреді. Егер сілтеме бірнеше дерек көздеріне берілсе, онда олар бір-бірінен нүктелі үтір арқылы бөлінеді. Мысалы, [1, 23б.; 12, 45б.]. Сілтемелер мәтінде, кестелерде келтірілген әрбір сандық мәліметтерге беріледі.
Жұмыстың мазмұны, кіріспе мен қорытынды, тараулардың тақырыптық атаулары, қолданылған әдебиеттер тізімі, қосымшалар бас әріптермен теріліп, беттің ортасында орналасады және олардың соңынан нүкте қойылмайды.
Тараулар араб цифрларымен нөмірленеді. Нөмірден кейін нүкте қойылады. Ал параграфтың нөмірлері нүктемен бөлінген екі араб цифрынан тұрады, яғни біріншісі – тараудың, ал екіншісі – параграфтың нөмірі. Мысалы, 1.3. – бірінші тараудың үшінші параграфы.
Кіріспені, әрбір тарауды (параграфтардан басқа), қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімін жаңа беттен бастау қажет. Мәтіндегі тараулар мен параграфтардың атауы олардың жоспардағы атауына сәйкес болуы шарт. «Тарау» сөзі жазылмайды.
Жұмыстың беттері мұқабадан бастап соңғы қосымшаларға дейін, қағаздың жоғарғы оң бөлігінде араб цифрларымен нөмірленеді. Бірақ мұқаба бетке нөмір қойылмайды.
Курстық жұмыста міндетті түрде көрнекі материалдар, атап айтқанда кестелер, суреттер, диаграммалар келтірілуі керек.
Әрбір кестенің немесе сызбаның мазмұнын білдіретін қысқаша тақырыптық атауы болады. Кестенің нөмірі оның атауынан бұрын беттің жоғарғы оң бөлігінде көрсетіледі. Кестені безендіруді төмендегі үлгіден көруге болады.
2.1-кесте
Қазақстандағы инфляция қарқыны
кезең соңына, өткен жылдың желтоқсанына, пайызбен
|
2006 |
2007 |
2008 |
2009 |
Инфляция қарқыны |
6,7 |
7,5 |
8,4 |
18,8 |
Барлық тауарлар мен қызметтер, оның ішінде |
6,9 |
7,6 |
8,6 |
10,8 |
Азық-түлік тауарлары |
7,7 |
8,1 |
8,7 |
12,2 |
Азық-түлік емес тауарлар |
6,5 |
6,3 |
6,8 |
7,8 |
Ақылы қызметтер |
5,6 |
7,8 |
10,3 |
11,7 |
Е с к е р т п е - ҚР Статистикалық агенттігінің мәліметтері бойынша дайындалған. |
Кестелер мен суреттер әрбір тарау бойынша бір-бірінен нүкте арқылы бөлінген екі араб цифрымен нөмірленеді, біріншісі – тараудың нөмірін, ал екіншісі – кестенің немесе суреттің нөмірін білдіреді. Мысалы, бірінші тарауда екі сурет болса, онда біріншісі 1.1., ал екіншісі 1.2. болып нөмірленеді. Суреттер мен диаграммалардың атауы мен нөмірі олардың төменгі жағында көрсетіледі. Мысалы, 2.2-диаграмманың безендірілуін келесі үлгіден көруге болады.
2.2-диаграмма. 2005-2009 жж. Қазақстандағы инфляция қарқыны
Жұмыстағы барлық кестелерге, суреттер мен диаграммаларға мәтінде сілтеме беру қажет. Сілтемелер бұл кезде дөңгелек жақшаның ішінде беріледі. Мысалы, (2.1-кестеден қараңыз) немесе (1 қосымшада көрсетілді).
Қолданылған әдебиеттер тізімі алфавиттік ретпен, яғни кітап авторы фамилиясының немесе кітап атауының бірінші әріпіне қарай безендіріледі. Жұмыста қолданылған әрбір дерек көзінің өзіндік безендірілу тәртібі болады.
Кітаптар болса, онда автордың аты-жөні, кітаптың атауы, шыққан жері, баспа атауы, жылы, бетінің жалпы саны көрсетіледі. Мысалы:
1. Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2003. – 432 бет.
2. Макроэкономика: Оқу құралы / Жалпы ред. басқарғандар: Ә.Ә. Әбішев, К.А. Хубиев. – Алматы: Экономика, 2008. – 368 бет.
Журнал және газет мақалалары болса, онда автордың аты-жөні, мақаланың аты, журналдың атауы, жылы, нөмірі, мақала берілген беттері көрсетіледі. Мысалы: Жакешова А. Система регулирования транспортной отрасли Республики Казахстан // Саясат, 2004, №5. – Б.33-39.
Әдебиеттер тізімін араб әрпімен нүкте қойып нөмірлейді. Қолданылатын әдебиеттер тізімі кемінде 15 дерек көзінен құралуы тиіс.
Қосымшалар курстық жұмыстың жалғасы болып табылады. Әрбір қосымша жаңа беттен басталады және олардың атауы беттің жоғарғы оң бөлігінде бас әріптермен «1ҚОСЫМША» деп жазылады. Қосымшалар мәтіндегі берілген сілтемелер ретіне қарай нөмірленеді және жұмыстың соңына тіркеледі. Курстық жұмыста қосымшаларды келтіру міндетті емес, тек тақырып мазмұнын ашу үшін қажет болған жағдайда оларды тіркеуге болады.
Курстық жұмыс А4 формат қағаздың бір бетіне арасы бір жарым интервал ара қашықтықта, №14 шрифтпен компьютерде жазылып, іс-қағаз папкасына тігіледі. Форматы, шартты белгісі, шрифт және көлемі бойынша сызбалар қызмет ететін стандарттардың талаптарына сәйкес болуы қажет. Жұмыстың көлемі 26-30 беттен (әдебиеттер тізімі мен қосымшаларды қосқанда), ал әдебиеттер тізімі 15-тен аз болмауы қажет, жұмыстың алаңы: оңы – 1,0; солы – 3,0; жоғарғы алаңы – 2,0; төменгісі – 1,5 және беттің нөмірлері беттің жоғарғы оң бұрышында болады.
Толықтай ақталынған курстық жұмыс сессия басталғанға дейін кемінде бір ай бұрын «Экономика» кафедрасының лаборантына тапсырылады. Студент белгіленген күні курстық жұмысты қорғайды. Студент себепсіз курстық жұмысты орындамаса немесе қанағаттанғысыз баға алған жағдайда студент макроэкономика пәнінен емтиханға жіберілмейді, яғни оқу жоспарын орындамағандықтан оқудан шығарылады.