Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Метод.указание КР Макро.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
175.1 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ИНЖЕНЕРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

«ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ» ИНСТИТУТЫ

«Экономика» кафедрасы

КӨШІМОВА М.Ә.

МАКРОЭКОНОМИКА

Экономикалық мамандықтарға арналған курстық жұмысты орындаудың әдістемелік нұсқауы

Ақтау, 2010

ӘОК 330.101 (076.5)

Құрастырған: Көшімова М.Ә. Макроэкономика. Курстық жұмыстарды орындауға әдістемелік нұсқау. – Ақтау: КМТжИУ, 2010, 18 бет.

Рецензент: «Менеджмент» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к., доцент Саймағамбетова Г.А.

Әдістемелік нұсқау студентке курстық жұмыстарды орындауда көмек ретінде ұсынылды. Курстық жұмысты орындау, безендіру және қорғау тәртібі мен қойылатын талаптар нақты көрсетілді. Сондай-ақ курстық жұмыстың тақырыптары, жұмыстың жоспарын құру үлгісі мен ұсынылатын әдебиеттер тізімі де қамтылды.

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжинирг университетінің Оқу-әдістемелік кеңесінің шешімімен басылады.

© Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжинирг университеті

Мазмұны

Кіріспе

  1. Жалпы жағдай

2. Курстық жұмысты орындау тәртібі

3. Курстық жұмыстың мазмұны жөнінде нұсқаулар

4. Курстық жұмысты безендіру жөніндегі талаптар

5. Курстық жұмысты қорғауға дайындау және қорғау тәртібі

6. «Макроэкономика» пәнінен курстық жұмыстар тематикасы

7. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

ҚОСЫМША 1. Курстық жұмыстың мұқаба бетін безендіру үлгісі

ҚОСЫМША 2. Курстық жұмыстың жоспарын құру үлгісі

КІРІСПЕ

Макроэкономика ұлттық экономиканың дамуында тепе-теңдікке қол жеткізуге мүмкіндік беретін біртұтас шаруашылық деңгейіндегі экономикалық қатынастар мен заңдылықтарды зерттейді.

Макроэкономиканың зерттеу пәні болып ұлттық шоттар жүйесінде есептелетін ұлттық өнімнің негізгі санаттары табылады. Бұл ғылымның негізгі санаттарына: ақша, мемлекеттік бюджет, қаржы және несие жүйесі, инфляция, инвестициялар жатады.

Бұл әдістемелік нұсқауда макроэкономика пәнінен курстық жұмысты орындау мен безендіру үдерісі қарастырылады. Сондай-ақ курстық жұмыстар тематикасы, қолданылатын негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі ұсынылған.

Әдістемелік нұсқаулық маркоэкономика пәнін оқитын күндізгі және сырттай бөлім студенттеріне курстық жұмысты орындауда әдістемелік көмек беруге арналған.

  1. Жалпы жағдай

Студенттер курстық жұмысты мамандықтың оқу жоспарында қарастырылған жағдайда орындайды және қорғайды.

Курстық жұмысты орындаудағы басты мақсат – студенттердің макроэкономиканың теориялық курсын оқу барысында алған білімдерін тереңдету.

Курстық жұмысты орындау үдерісінде келесі міндеттер шешімін табады:

  • мамандық бойынша теориялық және тәжірибелік білімдерін жүйелеу, бекіту және кеңейту;

  • курстық жұмысты орындауда негізгі мәселелер мен сұрақтарды шешу тәжірибесін дамытуда өз бетімен жұмыс жасауға дағдылану;

  • экономикалық құбылыстарды талдау, қорыту және бағалаудың әдістемесін меңгеру.

Курстық жұмысты орындау Қазақстан Республикасының құқықтық-нормативтік актілері мен заңдарын зерттеудің, сондай-ақ арнайы шетелдік және отандық экономикалық әдебиеттерді, статистикалық мәліметтерді терең оқып білудің негізінде жүзеге асырылады.

Курстық жұмысқа қойылатын негізгі талаптар:

  • жұмыстың мақсаттары мен міндеттерін қысқа және нақты нысанда баяндау;

  • зерттеудің қолданылған әдістерін, компьютерлік технологияны қолданумен жасалатын есептеулер, әдістемелік және практикалық жұмыстарды жазу;

  • алынған нәтижені талдау және баяндау, олардың талқыланылуы және түйінделуі;

  • дәлелденген түйіндер;

  • қолданылған деректер мен әдебиеттер тізімі;

  • материалды баяндаудың сауаттылығы, нақтылығы және логикалық жүйелілігі;

  • дәлелдеменің сенімділігі;

  • өз ойын тұжырымдап айтудың қысқалығы мен дәлдігі.

Жұмысты орындау студентке қоғамда орын алатын экономикалық құбылыстар мен үдерістердің даму серпініне өз бетімен талдау жасап, алынған нәтижелерді қорытуға, сондай-ақ қазіргі отандық және шетелдік экономикалық әдебиеттермен жұмыс жасауды үйренуге мүмкіндік береді.

Әрбір студент макроэкономика пәнінен берілген курстық жұмыстар тематикасындағы тақырыптардың ішінен біреуін таңдап, аудиториялық уақыттан тыс кезде орындайды.