
- •Мазмұны
- •7 Тарау. Еңбек ресурстары .......................................................... 68
- •8 Тарау. Еңбек ақы төлеу ............................................................. 80
- •1 Тарау. Қазақстан Республикасының экономикасының дамуының сипаттамасы және оны мемлекеттік реттеу
- •1. Ұлттық экономика. Қр экономикасының қазіргі заманғы салалық құрылымы
- •2. Нарықтың мәні. Нарық тетігі
- •3. Экономиканы мемлекеттік реттеудің экономикалық тұтқасы
- •4. Нарықтық экономикада шағын кәсіпкерліктің ролі
- •Бақылау сұрақтары
- •2 Тарау. Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде
- •1. Кәсіпорын экономикасы сабағының пәні және міндеттері
- •2. Кәсіпорын шаруашылық субъект ретінде
- •3. Кәсіпорындардың бірігуінің жаңа ұйымдасу формалары
- •4. Кәсіпорындарда антикризистік (дағдарысқа қарсы) басқару
- •3 Тарау. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •1. Өндірістің және өндірістік құрылымның түсінігі
- •2. Өндіріс түрлері және оны ұйымдастыру тәсілдері
- •3. Өндіріс факторлары және олардың қатынасы.
- •4. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •Бақылау сұрақтары
- •4 Тарау. Кәсіпорынның негізгі капиталы
- •1. Негізгі қорлардың құрылымы мен құрамы.
- •2. Негізгі қорлардың тозуы
- •3. Негізгі өндірістік қорларды қолданудың көрсеткіштері
- •4. Кәсіпорынның негізгі қорының қозғалысын бағалау көрсеткіштері
- •5. Негізгі қорды қолдану тиімділігі
- •Бақылау сұрақтары
- •5 Тарау. Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар
- •1. Ұлттық экономикадағы шикізат, отын-энергетикалық ресурстардың түсінігі мен маңызы
- •2. Шикізат, отын-энергетикалық ресурстар түсінігі мен жіктелуі
- •3 Шикізат пен отын-энергетикалық ресурстарды оңтайлы пайдаланудың негізгі бағыттары
- •4. Материалдық-техникалық жабдықтау және логистика
- •Бақылау сұрақтары
- •6 Тарау. Айналым қорлары және кәсіпорынның айналым қаражаттары
- •1. Кәсіпорынның айналым қорларының құрамы
- •2. Өндірісте айналым қорларын қолдануды бағалау
- •3. Кәсіпорынның айналым қаражаттары және олардың құрамы
- •4. Айналым қаражаттарын нормалау. Айналым қаражаттарының айналымдылығының көрсеткіштері
- •Бақылау сұрақтары
- •7 Тарау. Еңбек ресурстары
- •1. Еңбек ресурстары және жұмыс бастылық мәселесі
- •2. Кәсіпорын кадрлары, оларды таңдау көздері
- •3. Кәсіпорынның қызметкерлерін жоспарлау
- •4. Еңбекті мөлшерлеу және еңбек өнімділігі
- •Бақылау сұрақтары
- •8 Тарау. Еңбек ақы төлеу
- •1. Еңбекақы төлеудің тарифтік жүйесі
- •2. Еңбекақы төлеудің формалары мен жүйелері
- •3. Еңбекақы төлеудің тарифтік емес жүйесі
- •4. Еңбекақы төлеу қорын жоспарлау
- •Бақылау сұрақтары
- •9 Тарау. Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты
- •1. Инвестиция түсінігі және оның экономикадағы ролі
- •2. Инвестиция түрлері мен нақты инвестиция құрамы
- •3. Кәсіпорынның өндірістік базасын дамытуды инвестициялауды таңдау және бағыттарын дәйектеу
- •4. Ұзақ мерзімді инвестициялық шешімдер қабылдау
- •5. Инновация ұғымы және түрлері
- •6. Инновациялық процесс кезеңдерінің жалпы сипаттары
- •7. Инновациялық процессті стратегиялық басқару
- •Бақылау сұрақтары
- •10 Тарау. Өнім өткізу және Өндіріс шығындары
- •1. Шығындар түсінігі
- •2. Өнім өндіруге кеткен шығындардың жіктелуі
- •3. Өнімнің өзіндік құнын анықтаудың шетел тәжірибесі
- •Бақылау сұрақтары
- •11 Тарау. Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі
- •1. Маркетинг түсiнiгi
- •2. Маркетингтің негізгі функциясы мен қағидалары
- •3. Жоспарлаудың әдістемелік негіздері
- •4. Өндірістік бағдарлама дайындау
- •5. Бизнес-жоспар дайындау тәртібі мен оның мазмұны
- •Бақылау сұрақтары
- •12 Тарау. Өнімнің бәсекелестік қабілеттілігін қамтамасыз ету
- •1. Өнімнің бәсекелестігі: түсінігі, қажеттілігі мен оны арттыру жолдары
- •2. Өнімнің бәсеке қабілеттілік факторы
- •1. Кәсіпорын пайдасы мен кірісі
- •2. Кәсіпорын пайдасын жоспарлау әдістері
- •3. Рентабельділік көрсеткіштері
- •Бақылау сұрақтары
- •14 Тарау. Кәсіпорынның қаржысы
- •1. Кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың негіздері
- •2. Кәсіпорындардың қаржы қорлары
- •3. Кәсіпорындардың қаржы менеджменті
- •Бақылау сұрақтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- •Автор түп нұсқаларынан басылған
4. Кәсіпорындарда антикризистік (дағдарысқа қарсы) басқару
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы көптеген факторларға тәуелді болады, олардың бастысы болып кәсіпорынды басқару табылады. Сәтсіз басқару дамып келе жатқан кәсіпорынды жою мүмкін. Керісінше, тәжірибелі әрі білікті менеджерлер ішкі де сыртқы да қиындықтармен күресе алады. Егер ішкі шаралар тиімді болмаса, әрі кәсіпорын төлем қабілетсіз болса, оған қатысты келесі антикризистік шаралар қолданылуы мүмкін:
Реабилитациялық процедура
Бәсекелік өндіріс
Жоюдың соттан тыс процедурасы
Міндетті түрде жекешелендіру.
Реабитациялық процедура тек коммерциялық ұйымдарға қолданылады. Ол кредиторлардың, несие берушілердің немесе үшінші бір тұлғалардың өтініші бойынша кәсіпорынның жойылуын болдырмау мақсатында оның төлем қабілеттілігін қалпына келтірудің шынайы мүмкіндігі болғанда ғана енгізіледі. Төлем қабілетінің қалпына келтірілуінің шынайы мүмкіндігін шарттар, есеп-шоттар, экономикалық негіздемелер куәландырылуы керек.
Реабилитациялық шаралар:
Сырттан басқару;
Санация;
Борышкердің талаптарының құқықтарын сату;
Татуластық келісімге келу.
Сырттан басқару. Реабилитациялық шаралар кезеңінде реабилитациялық басқарушы тағайындалады. Реабилитациялық басқарушы келесі адамдар болмауы керек:
Борышкердің немесе кредитордың лауазымды тұлғасы;
Борышкердің немесе кредитордың туысқандары;
Бұрын банкрот болған кәсіпорынның басқарушылары.
Реабилитациялық басқарушы борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіру бойынша нақты шаралардан және кредиторлар алдындағы қарыздарды өтеу мерзімінен тұратын реабилитациялық жоспарды ұйымдастырады.
Кредиторлардың талапары келесі кезекте жүзеге асырылады:
Өміріне немесе денсаулығына зақым келтіру себебіне баланысты борышкер жауапты тұлғалардың талаптары қанағаттандырылады;
Төлем ақы және еңбек ақы төлеу;
Салықтар және басқа да бюджетке міндетті тлемдер;
Басқа да есептеулер.
Санация. Төлем қабілетсіз борышкердің қаржылық-шаруашылықтық жағдайын жақсарту үшін кредторлармен немесе басқа да тұлғалармен қаржылық көмек көрсететін реабилитациялық шара.
Бұл жағдайда борышкерді басқару санация қатысушысымен жүзеге асырылады, ол өзіне кредиторлармен келісе отырып олардың барлық талаптарын қанағаттандыру бойынша өзіне міндеттемелерді алады, және де санацияның мақсаты оның кінәсінан қол жеткізілмегенін дәлелдемесе, онда оны жоюдан кейін борышкердің өтелмеген міндеттемесі бойынша қосымша жауапкершілікті алады. Санацияның мақсатына қол жеткізілсе санация қатысушысы, ол салған инвестицияның көлемінде, кәсіпорынның қатысушысының құқығын алады.
Борышкердің талаптарының құқықтарын сату – бұл талаптарды ашық саудада сату.
Татуластық келісімге келу – борышкер мен кредитордың арасында қарыздарды кейінге қалдыру, біртіндеп төлеу немесе жеңілдікпен төлеу туралы келісімге қол жеткізу.
Егер мерзімі өткеннен кейін реабилитациялық шара мақсатына қол жеткізілмесе, борышкер банкрот болып хабарланады және конкурстық өндіріс жүргізіледі.
Бәсекелік өндіріс фирманың қабілетсіздігі туралы іс қозғалғанда әрі қайта ұйымдастыру жөнінде өтініш болмағанда немесе төлем қабілеттілігін қалпына келтірудің мүмкін еместігі туралы соттың ұйғарымы бар болғанда қабылданатын шешім. Бәсекелік өндіріс борышкерді банкрот деп жариялаған соң пайда болады және кәсіпорынды жойып, оның мүліктерін сатуға мүмкіндік береді. Осы мезеттен бастап қарыз міндеттерін атқару мерзімі келген болып есептеледі, қарыздары бойынша үстеме есептеу тоқтатылады. Сот бәсекелік басқарушыны тағайындайды. Ол борышкер мүліктерін қорғауына және бақылауына алады, басылым беттерінде қарыздардың банкрот болғанын жариялайды, жұмысшыларды алда болатын жұмыстан босату туралы хабарландырады, несие берушілердің талаптарын қанағаттандыру үшін банкрот мүлкін сату жоспарын несие берушілердің өздерімен келіседі. Мүлікті инвентаризациялау, бағалау және бәсекелік негізде сату жүргізіледі. Ең алдымен тез арада сатылына алатын мүлік сатылады, олардың бағасы едәуір төмендетілуі мүмкін.
Жоюдың соттан тыс процедурасы несие берушілердің бақылауында қарыздардың өз еркімен жоюылуы туралы несие берушілермен келісімге келуі арқылы соттан тыс тәртіпте борышкердің қарызын өтеуін реттеу процедурасы. Шешімді «Банкроттылық туралы» заң талаптарына сай қарыздармен келісе отырып несие берушілер комитеті қабылдайды.
Жекешелендіру дегеніміз мемлекеттік меншікті жеке меншікке беру.
Бірінші сатыда жекешелендіру сауда және қызмет көрсету объекттерін сатуға шоғырланған болатын, сонымен қатар мемлекеттік меншікті кәсіпорынның еңбек ұжымына беруге негізделді.
Екінші сатыда өнеркәсіп өндірістерін жекешелендірілу жүргізілді.
Жекешелендіру бағыттары:
Кішігірім жекешелендіру;
Жаппай жекешелендіру;
Жеке жобалар бойынша жекешелендіру.
Бақылау сұрақтар
«Кәсіпорын экономикасы» пәні нені оқытады және оның міндеттері?
Экономиканың қандай саласы алдыңғы қатарлы болып табылады?
Салалардың сыныпталуының негізгі қағидаларын атаңыз?
Салалық құрылым дегеніміз не және ол қалай сипатталады?
Меншік түріне қарай қандай кәсіпорындарды білесіздер?
Мемлекеттік және жеке кәсіпорындар, олардың сыныпталуы, артықшылықтары мен кемшіліктері?
Ұжымдық меншіктегі кәсіпорындардың түрлерін атаңыз және олардың артықшылықтары мен кемшіліктері?
Кәсіпорындардың бірігуінің ұйымдастырушылық формаларын білесіздер және әр форманың ерекшелігін атаңыз?