Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кєсіпорын экономикасы учеб пос.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.16 Mб
Скачать

Бақылау сұрақтары

  1. Ұлттық экономика мен кәсіпорын қызметіндегі материалды-шикізат ресурстарының мәні неде?

  2. Елдің экономикасы мен өндірістің шаруашылық қызметіндегі жылу-энергетикалық ресурстардың ролі неде?

  3. Материалдық ресурстарды оңтайлы және үнемді пайдалану категорияларының мазмұнын ашыңыз.

  4. Шикізат, отын, материал ұғымдарының негізгі түсінігі мен жіктелуі қандай?

  5. Материалдық ресурсты пайдаланудың қандай көрсеткіштері байытылған топқа жатады?

  6. Материалды-шикізаттық және отын-энергетикалық ресурстарды оңтайлы және үнемді пайдаланудың негізгі бағыттарын атаңыз?

  7. Өндірістің материал сыйымдылығын төмендететін және материалды тұтыну тиімділігін арттыратын факторлардың жіктелуі қалай?

  8. Елімізде материалды тұтыну тиімділігін арттыру проблемалары қандай және келешектегі оларды шешу жолдарын атаңыз?

  9. Материалдық-техникалық жабдықтаудың қандай негізгі талаптары бар?

  10. Логистика дегеніміз не?

  11. Логистиканың қандай функцияларын білесіздер?

6 Тарау. Айналым қорлары және кәсіпорынның айналым қаражаттары

  1. Кәсіпорынның айналым қорларының құрамы

  2. Өндірісте айналым қорларын қолдануды бағалау

  3. Кәсіпорынның айналым қаражаттары және олардың құрамы

  4. Айналым қаражаттарын нормалау. Айналым қаражаттарының айналымдылығының көрсеткіштері

1. Кәсіпорынның айналым қорларының құрамы

Кәсіпорынның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін негізгі құралдармен бірге еңбек заты, материалдық ресурстар, яғни айналым қорлары қажет. Айналым қорлары - өндіріс үдерісінің басты элементі және өзіндік құнның негізгі бөлігі болып табылады. Шикізатқа, материалдарға, отынға және энергияға кеткен шығындар аз болса, ол сондық арзан болады.

Айналым өндірістік қорлары дегеніміз - еңбек үдерісінде негізгі өндірістік қорларына қарағанда әр өндірістің циклінде жұмсалатын және олардың құны еңбек өніміне бірден және тұтас көшетін өндіріс қаражаттарының бөлігі, заттық элементтер. Айналым қорларының заттық элементтері еңбек үдерісінде өзінің натуралды формасы мен физикалық - химиялық қасиеттерін өзгертеді. Олар өндірістің тұтынылу шамасы бойынша өз тұтыну құнын жоғалтады. Жаңа тұтыну құны оларда жасалған өнім түрінде қалыптасады.

Өндірістік қорлар үш бөліктен тұрады:

  1. Өндірісте пайдалану немесе жұмыстар мен қызметтерді атқару үшін қажетті шикізаттар, материалдар, сатып алынатын жартылай фабрикаттар мен жинақтаушы бұйымдар, конструкциялар мен деталдар, отын, тара және таралық материалдар, қосалқы бөлшектер, басқа материалдардың ( босалқы) қорлары .

  2. Аяқталмаған өндіріс, жұмыстар мен қызметтерді атқару үшін материалдың босалқы қорлары.

  3. Субъектінің әрекеті барысында сату үшін бағытталған тауарлардың дайын өнімдерінің босалқы қорлары.

Айналым өндірістің қорлары өз қозғаласында, сонымен қатар айналым саласына қызмет көрсететін айналым қорларымен байланысты болады.

Олар өзіне қоймалардағы жатқан дайын өнімдерді, жолдағы товарларды, ақша қаражаттарын және өнім тұтынушылармен есеп айырысудағы қаражаттарды көбінесе дебиторлық борыштарды кіргізеді. Айналым және айналыс қорларын қалыптастыру үшін бағытталған кәсіпорынның ақша қаражаттарынын жиынтығы кәсіпорыннын айналым каражаттарын құрайды.

Айналым қорларының жеке элементтерінің проценттер немесе олардың құрамдас бөлшектері арасындағы өзара қатынасты айналым қорларының құрамы деп атайды.