Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кєсіпорын экономикасы учеб пос.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.16 Mб
Скачать

3. Негізгі өндірістік қорларды қолданудың көрсеткіштері

Негізгі қорларды қолданудың барлық көрсеткіштері үш топқа бөлінеді:

  • Негізгі қорларды қолданудың уақыты бойынша деңгейін көрсететін экстенсивті көрсеткіштер;

  • Негізгі қорларды қолданудың қуаты бойынша деңгейін көрсететін интенсивті көрсеткіштер;

  • Негізгі қорларды қолданудың факторларының бірігуін көрсететін интегралды көрсеткіштер.

Көрсеткіштердің бірінші тобына жататындар: құрылғыны экстенсивті қолдану коэффициенті (Кэкст), құрылғы жұмысының кезектілік коэффициенті (Ксм), құрылғының жүктілік коэффициенті (Кжүкті), құрылғы жұмыс уақытының кезектілік режимінің коэффициенті (Ккез.р.).

;

Ккез =nI + nII + nIII/nүлкен

Кжүкті = Ккез / nкез

Ккез.р = Ккез / Ткез

Мұндағы, Тн, Тж – құрылғының нақты және жоспарлы жұмыс уақыты, сағат

nI , nII , nIIIІ,ІІ,ІІІ кезекте жұмыс істейтін құрылғының саны.

Nүлкен – ең үлкен кезекте жұмыс істейтін құрылғы саны.

Nкез – тәуліктегі кезек саны.

Ткез – кезек ұзақтылығы, сағат.

Екінші топта маңызды көрсеткіш болып құрылғының интенсивті қолдану коэффициенті табылады. (Кинт).

Кинт = Вф / Вп

Мұндағы, Вф – бір уақыт ішіндегі құрылғының нақты өнімділігі.

Вп – бір уақыт ішіндегі құрылғының техникалық сипаты бойынша өнімділігі (құжаттық өнімділік).

Көрсеткіштердің үшінші тобына құрылғыны интегралды қолдану коэффициенті (Кинтегр), өндіріс қуаттылығын қолдану коэффициенті (Ким), өнімнің қор қайтарымы (Ққ), қор сыйымдылығы (Қс) жатады.

Кинтегр = Кэкст * Кинт,

Ким = Q / M, Ққ = Q / НҚ, Қс = НҚ / Q

Мұндағы, Q - өндіріс көлемі,

М – орта жылдық өндіріс қуаты;

НҚ – НҚ ортажылдық құны;

НҚ = НҚжб + НҚенг * Сенг / 12 – НҚжой * Сжой / 12,

Мұндағы, НҚжб – жыл басына НҚ;

НҚенг– енгізілген НҚ;

НҚжой – жойылған НҚ;

Сенг, (Сжой) – енгізілген (жойған) кезден бастап ай саны жыл соңына дейін.

4. Кәсіпорынның негізгі қорының қозғалысын бағалау көрсеткіштері

Негізгі қордың қозғалыс процесін бағалау және олардың қозғалысын сипаттау үшін бірқатар көрсеткіштер қолданылады.

Олардың бірі негізгі қорды жаңарту интенсивтілігін көрсетеді. Ол үшін белгілі кезең ішіне негізгі қорды жаңарту коэффициенті есептеледі:

Кжаң = Қенг / Қ ж.аяғ

мұндағы Кжаң – жаңарту коэффициенті;

Қенг – белгілі кезең ішінде қайтадан енгізілген (жаңадан түскен) негізгі қордың құны;

Қж.аяғ – негізгі қор талданып жатқан кезеңнің жыл аяғына негізгі қор құны.

Негізгі қорды жаңарту процесі олардың шығуын да зерттеуді талап етеді. Бұл процесті белгілі бір кезеңге негізгі қордың шығу коэффициенті бағалайды.

Кшығ = Қшығ / Қ ж. бас

мұндағы Кшығ – шығу коэффициенті;

Қшығ – белгілі кезең ішінде өндірістен шығарылған негізгі қор құны;

Қж. басы – сол кезеңнің жыл басына негізгі қор құны.

Негізгі қордың жаңартылуы мен шығуы өзара бағалануы қажет. Ол үшін негізгі қордың өсім коэффициенті есептеледі:

Көсім = (Қенг - Қшығ) : Қ ж. бас

мұндағы Көсім – негізгі қордың өсім коэффициенті;

Қж. басы – сол кезеңнің жыл басына негізгі қор құны.

Негізгі қордың жаңартылу, шығу және өсім коэффициенттеріне талдау жасағанда оларды өзара байланыста қарастырылуы қажет. Қосымша ақпаратты қолдана отырып, негізгі қор жаңа құрылыс немесе жаңғырту есебінен жаңартылып жатыр ма, ескі сайманды анағұрлым жоғары өнімділікті жаңасына ауыстыру жүргізіліп жатыр ма және негізгі қорды пайдалану процесі қаншалықты тиімді жүргізіліп жатқанын анықтау қажет.

Негізгі қордың техникалық жағдайының жалпылама көрсеткіші болып жарамдылық және тозу коэффициенті саналады.

Тозу коэффициентінің көлемі негізгі қордың әр түрлері немесе топтары бойынша белгілі бір кезеңге мынадай түрде есептеледі:

Ктозу = Тқ / Қ бас.қ

мұндағы Ктозу – негізгі қордың тозу коэффициенті;

Тқ – белгілі кезең ішіндегі негізгі қордың тозу құны;

Қ бас.қ - сол негізгі қордың бастапқы құны.

Жарамдылық коэффициенті негізгі қордың бастапқы құнының қалдық құнына қатынасы арқылы анықталады:

Кжар = Ққалд.қ / Қ бас.қ = 1 - Ктозу

мұндағы Кжар – негізгі қордың жарамдылық коэффициенті;

Ққалд.қ - негізгі қордың қалдық құны;

Қ бас.қ - негізгі қордың бастапқы құны.

Негізгі қордың жарамдылық және тозу коэффициентін кезеңнің басына және аяғына есептеу қажет. Тозу коэффициенті неғұрлым төмен болған сайын, негізгі қордың техникалық жағдайы соғұрлым жақсы.

Негізгі қорды пайдалануды жақсарту үшін жабдықтың әр түрі бойынша пайдалану жылын зерттеу қажет және осының арқасында қандай жабдық жарамды, қайсысын толық жөндеуден өткізу қажет, қайсысы жарамсыз және қайсысын өндірістен шығару қажеттігін анықтау керек.

Негізгі көрсеткіштердің бірі болып, негізгі қордың активті және пассивті бөлігінің үлесін анықтау саналады. Бұл көрсеткішті жыл басы мен жыл аяғына орташа арифметикалық әдіспен есептеу қажет. Ол үшін жалпы негізгі қордың ішіндегі активті бөлігінің үлесінің құнын салыстырады.