Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тургын уйден.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
51.94 Кб
Скачать

9 Тұрғын үй беру бойынша келісім шарттық міндеттемелер

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңының 115 бабына сәйкес тұрғын үйлер Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін тұрғын үйлерді жеке меншікке немесе пайдалануға беру туралы шарт негізінде беріледі.

Күрделі жөндеу жасау кезінде тұрғын үйлерді беру туралы шарт. Тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізу кезінде жалға алушыны үйден шығарып жүргізу қажеттігі туындаса, жалға беруші жалға алушыға және оның отбасы мүшелеріне күрделі жөдеу жүргізу аяқталғанға дейін жалға беру шартын бұзбай басқа тұрғын жай беруге міндетті. Егер жалға алушы және оның мүшелері алған тұрғын жай күрделі жөндеуден кейін сақталмаса, жалға беруші басқа жайлы тұрғын жай беруге міндетті.

Бұзылуға тиісті тұрғын үйді сол жерден немесе жақын маңдағы жер учаскесінен салынатын тұрғын үйдің орнына тұрғын үй беру шартымен босату туралы шарт. Бұл жағдайды құрылысшы меншік иесіне (жалға алушыға) жаңа тұрғын жай беруге міндетті, ал меншік иесі (жалға алушы) қиратуға жататын тұрғын үйді немесе жайды шартпен белгіленген мерзімде болсатуы міндетті Тараптардың келісімімен шартта жаңа тұрғын үйді берудің басқа да талаптары мен мерзімдері, өтемақы төлеу сомасы, тұрғын үйдің көлемі, пәтері, бөлме саны, отбасы құрамы және өзге де талаптар көзделуі мүмкін. Тұрғын үй жеке меншікке немесе пайдалануға берілуі мүмкін.

Құрылыс салушыға құрылыс алаңында орналасқан және бұзылуға тиісті тұрғын үйлерде тұратын азаматтарды орнына басқа тұрғын үйлер беру шартымен шығару үшін тұрғын үйлер беру туралы шарт. Өзінің тұрғын үйін берген азаматқа құрылысшы шартпен белгіленген мерзімде жаңа тұрғын үй беруге міндетті. Егер ол берілмесе, өзінің қаражатымен тұрғын жайынан айырылған меншік иесі үшін келтірілген шығындарды және бұзылған шарттық міндеттемелерден туындайтын зияндардың орны толтырылуы қажет. Тұрғын үйді немесе тұрғын үй кешенін, салуға қатысқан немесе құрылысты қажыландыруға қатысқан үшін тұрғын жай беру туралы шарт. Тұрғын үйді немесе тұрғын үй кешенін, салуға қатысқан немесе өз есебінен құрылысты қажыландыруға қатысқан адам шарттың талаптары бойынша тұрғын үй алуға құқылы

Еңбек шартының (келісім шарттың) талаптары бойынша тұрғын жайды беру туралы шарт. Кейбір жағдайларда, еңбек шартының талаптары бойынша жұмыс беруші жұмысқа алған адамға осы кәсіпорында еңбектік қызметін атқару уақытына тұрғын жай беруге міндетті.

10 Тұрғын үй заңдылықтарын бұзғаны үшін жауапкершілік

Әрбір мемлекетік мекеме және қоғамдық бірлестіктер Заңмен өздеріне белгілі сұрақтарды ғана қарауға және шешуге құқылы. Ведомствалық бағыныстылық даудың пайда болуы және дауға қатысатын тұлғалардың құрамы туындайтын қатынастардың сипатымен бекітіледі.

Тұрғын үй даулары — бұл тұрғын жайларды пайдалану, билік ету және иелену бойынша субъективтік құқықтарды қорғау қажеттігі, азаматтар мен ұйымдардың тұрғын жай құқықтары мен мүдделерін қорғаудан туындайтын даулардың ерекше түрі. Тұрғын үй дауларымен байланысты істер сот тәжірибесінде азаматтық істер түсінігін қамтиды. Тұрғын үй даулары сотпен сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен құрылған арнайы орган ретінде әрекет ететін тұрғын үй комиссиясымен шешіледі.

Тұрғын үй істерін уақытылы және дұрыс шешілуін қамтамасыз ету мақсатында соттар бұл істердің сот талқылауына дайындығына және ұсынылған материалдармен шектеліп қана қоймай, тараптардың құқықтары мен міндеттерінің, істің мән-жайларының ақиқаттылығын жан-жақты, толық және объективті анықтау үшін заңмен белгіленген барлық шараларды қолдануға ерекше көңіл бөлу қажет. Соттар тұрғын үй дауларын қарастырған кезде істі сот талқылауына дайындау процесінде және істің бұндай аяқталуына мүмкіндіктерді анықтай отырып, тараптардың бітімгершілікке келуінің барлық жағдайларын ескеруі тиіс.

Тұрғын үй дауларының келесідей түрлері бар: мемлекеттік және жеке тұрғын үй қорындағы үйлерде жалға алушы мен жалға берушінің арасындаы тұрғын үй даулары, жалға беруші мен олардың отбасы мүшелерінің арасында; тұрғын үй қатынастарымен байланысты азаматтар мен тұрғын үй – құрылыс кооперативінің арасындағы даулар; тұрғын үй – құрылыс кооперативі үйлерінен өз бетімен тұрғын жайларды алған тұлғаларды шығарудан туындайтын даулар, сондай-ақ үйлер мен тұруға арналмаған тұрғын жайларға өз бетімен кіріп алудан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының шешімімен қиратуға жататын өз бетімен салынған үйлерден шығарудан туындайтын даулар және т.б.

Азаматтық құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша, егер бұндай даулар заңмен әкімшілік немесе өзге органдардың қарауына жатпаса, егер даудағы тараптардың біреуі азамат болса, онда ол сот юрисдикциясына жатады. Азаматтардың тұрғын үй құқықтарын сот арқылы қорғау құқығы ҚР Конституциясының қағидалық ережелерінің 14 бабына және т.б. негізделе отырып, оған сәйкес әрбір азаматқа (сонымен қатар тұрғын үйді иеленуші азаматқа, жала алушыға, және оның отбасы мүшелеріне) құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға кепілдік беріледі. Осындай конституциялық ережелерді негізге ала отырып, соттардың қызметі істі дұрыс және уақытында қарау жолымен адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған. Сотта мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, мекемелердің, кәсіпорынның, бірлестіктердің, қоғамдық ұйымдардың, бірлестіктердің және лауазымды тұлғалардың дара және алқалы шешімдеріне шағым келтірілуі мүмкін, соның нәтижесінде: азаматтың құқықтары мен бостандықтары бұзылған, азаматтың құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асырылуына кедергі келтірілген, азаматқа белгілі бір заңсыз міндет жүктелген немесе заңсыз жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Сотта сондай-ақ жеке немесе нормативтік – құқықтық сипаттағы, сонымен қатар тұрғын үй және тұрғын үй-құрылыс кооперативінің жалпы жиналыстарының кез келген шешімдеріне шағым келтіріледі. Сондай-ақ сот тәртібімен тұрғын үйге азаматтың жеке меншік құқығын қорғаумен байланысты туындайтын даулар қарастырылады. Соттар басқа мемлекеттік органдардың құзіретіне жататын талаптарды қарауға құқығы жоқ: тұрғын үй жағдайларын жақсартуды қажет ететін тұлғаларға тұрғын жайларды беру туралы және т.б. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуды қажет ететіндерді есепке алудан бас тартумен, есепке дұрыс алмау, есептен алудан, тұрғын үй алу кезектілігін ауыстырудан, тұрғын үй бермеуден және басқа қатынастармен байланысты тұрғын үй даулары сотпен емес, заңмен белгіленген органдармен әкімшілік тәртіпте шешіледі.

ҚР АК 917 б. сәйкес, азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктік және мүліктік емес игіліктері мен құқықтарына заңсыз іс-әрекеттермен (әрекетсіздіктермен) келтірілген зиянды, оны келтірген тұлға толық көлемде өтеуге тиіс. Жауапкершілік мынадай төрт негіз болғанда туындайды: зиян келтірушінің құқыққа қайшылық әрекет, зиянның болуы, келтірілген әрекет пен зиянның арасындағы себепті байланыс және кінәлілік.

ҚР «әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы» кодексте тұрғын үй саласында мынадай әкімшілік құқықбұзушылықтар қарастырылған: бөтен біреудің мүлкіне зиян келтіру, бүлдіру (135 б.), өзбетімен құрылыс салу (237 б.), өз бетімен тұрғын үйлерде қайта жабдықтау және қайта жобалау (238 б.), тыныштықты бұзу (333 б.) және т.б.

Қылмыстық жауапкершілік ҚО ҚК көзделген қылмыстарды жасағанда туындайды. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуды қажет ететін адамдарды есепке алу тәртібін бұзудан, тұрғын үйлерді беру және есептен шығарудан, тұрғын үйлерге жіберудің мерзімдерін бұзудан туындайтын лауазымдық қылмыстарды жатқызуға болады. Қылмыстық жауаптылық қызметік өкілеттілігін теріс пайдаланудан (ҚР ҚК 307 б.), билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану (ҚР ҚК 308 б.), пара алу (ҚР ҚК 311 б.), пара беру (ҚР ҚК 312 б.), салақтық (ҚР ҚК 316 б.) және т.б.