
- •1 Тұрғын үй құқығы: пәні, құқықтық реттеудің әдістері, қағидаттары
- •2 Тұрғын үй құқығының қайнар көздері
- •3 Тұрғын үйге меншік құқығының пайда болуы және тоқтату
- •4 Жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалға алу
- •5 Кондоминиум
- •6 Тұрғын үй және тұрғын үй-құрылыс кооперативтері
- •7 Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру
- •8 Қызметтік тұрғын үйлер мен жатаханалар
- •9 Тұрғын үй беру бойынша келісім шарттық міндеттемелер
- •10 Тұрғын үй заңдылықтарын бұзғаны үшін жауапкершілік
8 Қызметтік тұрғын үйлер мен жатаханалар
Қызметтік тұрғын үйлер мемлекеттік тұрғын үй қорындағы қызметтік тұрғын үйлер жалдау шарты бойынша өздерінің еңбек қатынастарын сипатына байланысты жұмыс орны бойынша тұруға тиісті азаматтарды тұрғызуға арналған тұрғын үйлер.
Қызметтік тұрғын үйлердің қатарына ереже бойынша жеке пәтерлер беріледі.
Қызметтік тұрғын үйдің құқықтық режимінің ерекшеліктері тұрғын үй жағдайларын жақсартуға емес, еңбек міндеттерін орындауды қамтамасыз ету үшін жұмыскерлерге ол кәсіпорынмен, мекемелермен, ұйымдармен берілетін тұрғын жайлар.
Пәтерлерді қызметтік тұрғын үйлердің қатарына жатқызуды ведомстволық бағыныстылығымен жергілікті атқарушы органдардың шешімімен жүргізіледі. Пәтерлерді қызметтік тұрғын үй қатарынан алып тастау да сол тиісті органдардың шешімімен жүзеге асырылады.
Еңбек міндеттерін орындаумен қызметтік тұрғын үйлерді пайдаланудың үзіліссіз байланысықа қарамастан көптеген жалға алушылар бұндай тұрғын жайларды ұзақ мерзім бойынша тұрады. «Тұрғын үй қатыынастары туралы» ҚР Заңының 111 бабына сәйкес еңбек қатынастарына байланысты тұрғын үй беріліп, ол қатынастарды тоқтатқан қызметкерлер қызметтік үйден шығарылады. Шығу туралы талап заңдарда өзгеше көзделмесе, еңбек қатынастары аяқталғаннан кейін үш жыл ішінде ұсынылуы мүмкін.
Жатахана — кәсіпорын, мекеме әкімшілігінің шешімі бойынша мерзімді еңбек келісімімен жұмыс істейтін кезеңде, сондай-ақ студенттер (курсанттар, аспиранттар) мен оқушылардың оқуы кезеңінде тұруы үшін берілетін арнаулы тұрғын жай. Жатахана мерзімді еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін және тағы басқа жұмысшылар, қызметкерлер, студенттер, оқушылар және .б. азаматтардың уақытша, мерзімді тұруы үшін беріледі.
Жатахана деп тұрғын жайлар осы мақсат үшін арнайы салынған және қайта жабдықталған, оның ішінде жоғарыда аталған азаматтардың тұруы үшін және тиісті санитарлық-гигиеналық және тұрмыстық жағдайларға биімделген тұрғын жай танылады. Бұндай үйлерде сабақ қарауға арналған тұрғын жайлармен қоса мәдени-ағарту шараларын жүргізуге, сондай-ақ тұратындарды тұрмыстық қызметпен қамтамасыз ететін тұрғын жайлар мен бөлмелер болуы қажет.
Әкімшілік белгіленген типтік нысанда жатахананы ашуға, жабдықтауға және тиісті жағдайда ұстауға, уақытында құрал-жабдықтарды, тұрғын жайды, бөлмелерді және т.б. жөндеуге міндетті. Жатахана ұзақ мерзімде тұруға емес, ал уақытша жұмыс немесе оқу кезеңінде азаматтардың тұруына арналған, олар тұрғын жаймен қамтамасыз етілгендер деп саналмайды. Мерзімді немесе уақытша жұмысы не оқудан кейін уақыша бұл елді-мекен жерлерінде тұратын адам өзінің тұрақты тұратын жеріне оралады немесе басқа жердегі жұмыса жіберіледі. Осыған орай жатаханаларда тұратын азаматтар, мерзімді және уақытша жұмыста істейтін жұмыскерлерді қоспағанда, сондай-ақ оқуға байланысты жатаханаларда тұратын азаматтар тұрғын үй жағдайларын жақсартуды қажет ететін адамдардың қатарына жатқызылады.
Ғимарат оның басқаруында болатын кәсіпорынның, мекеменің, ұйымдардың әкімшілігінің шешімі бойынша қызметтік тұрғын үйлер беріледі. Жергілікті атқарушы органның қабылданған шешімінің негізінде азаматқа қызметтік тұрғын үйге ордер беріледі. Ордер берілген азаматпен жұмыс істеудің барлық мерзіміне тұрғын жайды жалдауға жазбаша түрде шарт жасалады.
Қызметтік тұрғын үйлер белгіленген санитарлық және техникалық талаптарға сәйкес келетін, азамат жұмыс істейтін ауданда немесе сол жақын маңда болуы тиіс.
Қызметтік тұрғын үйлерде тұратын азаматтардың құқықтық жағдайлары тұрғын жайды шарт бойынша жалдайтын азаматтардың құқықтық мәртебелері бір-бірінен ерекшеленеді. Қызметтік тұрғын үй алған азаматтың өзге отбасы мүшелері өз беттерімен дербес бұл тұрғын жайды пайдалану құқығын иелене алмайды. Қызметтік тұрғын үйлерде тұратын азаматтар бұл тұрғын жайларды басқаларға жалға беруге, ауыстыруға, жалға алушының отбасы мүшелерінің талабы бойынша жалдау шартын өзгертуге құқығы жоқ. Қызметтік тұрғын үйлер бөлісуге жатпайды. Жатаханадан тұрғын алаңын беру кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның немесе оқу орынның құзіретіне жатады. Жатахананы алуды қажет ететіндерді есепке алу тәртібі кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның және оқу орынмен тікелей бекітіледі. Басқаша айтқанда, жатахананы да алған кезде кезекпен жүзеге асырылады. Сонымен қатар тұрғын жай тұрғын жайға мұқтаж екендігін, жұмыскердің кәсіби біліктілігін, немесе оқитын адамның үлгерімін ескере отырып беріледі. Тұрғын жайларды жақсартуды қажет ететіндер жатахана алуға есепте тұрғандар белгілі бір артықшылықты иеленеді. Бірақ мұқтаж болу немесе оның тіркеуде болуы жатахана алу үшін міндетті талап болып табылмайды. Жатахана беру туралы шешімді әкімшілік кәсіподақ комитетімен бірігіп қабылдайды, ал алаңды иелену құқығын тек әкімшілік ордер берген кезден бастап пайда болады.
Жұмысшыларды, қызметкерлерді, студенттерді, оқушыларды, сондай-ақ басқа да азаматтарға жатахана беруді комендант немесе оның міндетінатқарушы адам белгіленген тәртіпте жүзеге асырады. Жатаханалардағы тұрғын жайлар бір бөлмеде бірнеше адам тұрып жеке кереуетті алса онда ол кереуетті типтегі бөлме болады, немесе бөлмелі типтегілерде тұратын адамға жеке бөлме және барлық немесе жартылай ыңғайлылығы болады. Егер отбасы үш адамнан болса, онда оларға екі бөлмелі пәтер берілуі мүмкін.
Мерзімді еңбек шартымен жұмыс істейтіндер және бұл еңбек шартын тоқтатқандар, сондай-ақ жоғарғы оқу орында оқитындар және одан шығып қалғандар, жұмысына немесе оқуына байланысты берілген мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген үйлерден басқа тұрғын жай берілмей шбасқа отбасы мүшелерімен бірге шығарылады. Бұл ереже еңбек шарты немесе жергілікті атқарушы органның, кәсіпорын әкімшілігінің шешімінің негізінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан жатаханада бөлмелі типтегі тұрғын жайларға тұруға құқық алғандарға таралмайды. Егер тұрып жатқан жатахана қиратуға немесе мемлекеттік немесе қоғамдық қажеттіліктерге жер учаскесімен алу қажет болса немесе тұрғын жайды тұрғын емес жайға айналдыру, онда тұрып жатқан адамдар кәсіпорынмен, мекемемен, ұйымдармен еңбектік қатынаста болғандар басқа жатаханаға немесе басқа тұрғын жай беріліп шғарылады.
Мамандандырылған үйлер. Мамандандырылған үйдегі тұрғын жайлар әлеуметтік қорғау органдарымен құрылған әлеуметтік қорғауды қажет ететін (мүгедектерге арналған интернат үйі, ардагерлерге, қарттарға, балаларға арналған интернаттар) адамдар тұратын тұрғын жайлар. Бұндай мамандандырылған үйлер бұндайды қажет ететін адамдарға беріледі. Мамандандырылған үйлердегі тұрғын үйді пайдалану себептер мен міндеттер жойылғаннан кейін (туыстарына тұрақты тұруға көшсе, қайтыс болғанда және т.б.) тоқтатылады.
Аталған азаматтарды есепке алу тәртібі және оларды тұрғын жайлармен қамтамассыз ету ақарушы билік органдарымен анықталады.