Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тургын уйден.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
51.94 Кб
Скачать

7 Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру

Мемлекеттік тұрғын үй қорының тұрғын үй тұрғын үйге мұқтаж, осы елді мекенде тұрақты тұратын (тұру мерзіміне қарамастан) және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын табысы аз топтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй сондай-ақ тұрғын үйге мұқтаж мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге және сайланбалы мемлекеттік қызмет атқаратын адамдарға беріледі. Оларға берілетін тұрғын үй қызметтік тұрғын үйге теңестіріледі.

«Тұрғы үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 68-бабына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын топтарына:

1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдар;

2) I және II топтағы мүгедектер (өздері жасаған қылмыс салдарынан мүгедек болған адамдарды қоспағанда);

3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылары;

4) заңдарда белгіленген тәртіппен бекітілетін аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар;

5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;

6) кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған жиырма жасқа жетпеген жетім балалар жатады. Мұндай адамдардың жары әскери қызметке шақырылған кезде мерзімді әскери қызметтен өту мерзіміне ұзартылады;

7) репатрианттар;

8) экологиялық зілзалалар, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;

9) көп балалы отбасылар;

10) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау кезінде, адам өмірін құтқарған кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары;

11) толық емес отбасылар жатады.

Азаматтар егер Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығымен өздерінің түрғын үйі болмаса, осы елді мекенде мемлекеттік тұрғын үй қорынан, сондай-ақ меншіктің мемлекеттік емес нысанына негізделген заңды тұлғаларға тиесілі үйлерде, соның ішінде тұрғын үй (тұрғын үй-құрылыс) кооперативтерінің үйлерінде өздерінің тұрақты пайдаланатын үйлері болмаса, отбасы тұрып жатқан тұрғын үй нормативтік санитариялық және техникалық талаптарға сай келмесе, оқшауланбаған, шектес тұрғын үй-жайларда екі және одан да көп отбасы тұрып жатса, отбасы құрамында кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын науқастар болып (заңдарда белгіленген тәртіппен бекітілген аурулардың тізімі бойынша), бір үй-жайда (пәтерде) олармен бірге тұру мүмкін болмаса, тұрғын үйге мұқтаж деп танылады.

Ерлі-зайыптылардың әрқайсысында некеге тұрғанға дейін осындай тұрғын үйі болған жағдайларды қоспағанда, азамат (зайыбымен және кәмелетке толмаған балаларымен бірге) осы елді мекенде мемлекеттік тұрғын үй қорынан бір тұрғын үй алуға құқылы.

Мемлекеттік түрғын үй қорынан тұрғын үй беруге болатын азаматтарды есепке алу тұрғылықты жері бойынша ауданның (облыстық. маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарында жүзеге асырылады. Есепке алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі мен нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Азаматтардың өздерін және өздерінің отбасы мүшелерін мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруге мұқтаждар есебіне қою туралы арыздары тұрғылықты жері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органда бір ай ішінде қаралады. Арыз берушілерге қабылданған шешім туралы аталған мерзім аяқталғанға дейін жазбаша түрде хабарланады.

Егер азаматтың соңғы бес жылдың ішінде өз тұрғын үй жағдайларын қасақана нашарлатуы салдарынан мынадай жолдармен мұқтажға айналғаны:

1) тұрғын үй-жайын ауыстырғаны;

2) оның Қазақстан Республикасының белгілі бір елді мекенінде орналасуына қарамастан, өзіне меншік құқығымен тиесілі, тұру үшін жарамды тұрғын үйді, жергілікті атқарушы орган тұрғын үйді осы Заңның 98-1-бабына сәйкес сатып алғаннан басқа жағдайларда, иелігінен шығаруы;

3) тұрғын үйдің өз кінәсінен бұзылуы немесе бүлінуі;

4) тұрған кезінде оның мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй берілуіне мұқтаж болмаған кезде тұрғын үйінен кетуі;

5) жұбайынан, кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз балаларынан, сондай-ақ еңбекке жарамсыз ата-аналарынан басқа адамдарды тұрғызғаны анықталса, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру үшін есепке қоюдан бас тартылуы мүмкін. Мүдделі адамдарға есептен шығару туралы шешім қабылданғаннан кейін он күн мерзім ішінде есептен шығарудың негіздері көрсетіліп жазбаша түрде хабарланады.

Есепте тұрған азамат тұрақты тұруға басқа жаққа қоныс аударған не ол қайтыс болған жағдайда, егер бұл орайда мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй берілуге мұқтаж деп тану үшін негіздер жойылмаса, отбасының онымен бірге есепке тұрған өзге мүшелерінің кезегі сақталады.

Мұқтаж адамдарға берілетін мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға өтініш берген және барлық құжаттарды жинаған кезден бастап тізімдерде тұрғын үйді берудің кезектілігі бекітіледі. Жергілікті атқарушы органдар тұрғын үйге мұқтаж, әлеуметтік жағынан қорғалатын табысы аз азаматтарға және мемлекеттік қызметшілер мен басқа бюджеттік ұйымдар, әскери қызметшілерге мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді берудің бөлек есепке алу тізімін жүргізеді. Тізімге енгізілген барлық мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді алуға барлық азаматтардың құықтары бар. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу есебінде тұрған адамдардың тізімі, сондай-ақ мемлекеттік тұргын үй қорынан соңғы жиырма төрт ай ішінде тұрғын үй алған адамдардың тізімі осы тізімдерде тұрған адамдардың талап етуі бойынша танысу үшін беріледі. Мұндай тізімдердің нысанына отбасының құрамы, есепке қойылған уақыты, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға арналған негіздер және оның көлемі, тұрғын үй берілген уақыт туралы мәліметтер міндетті түрде енгізілуге тиіс.

Жалға алушы мемлекеттік тұрғын үй қорындағы өзі тұратын тұрғын үйге жұбайын, балаларын, ата-анасын, басқа адамдарды өз отбасының кәмелетке толған мүшелерінің жазбаша келісімін алып кіргізуге құқылы. Кәмелетке толмаған балаларын ата-аналарымен бірге тұрғызуға отбасының басқа мүшелерінің келісімі талап етілмейді.

Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйге отбасының мүшелері ретінде кіргізілген адамдар, егер кіргізілген осы азаматтар-дың, жалдаушының және онымен бірге түратын кәмелетке толған отбасы мүшелерінің арасында өзгеше бір жазбаша келісім болмаса, бұл тұрғын үй-жайды онда тұратын қалған адамдармен бірдей пайдалануға құқық алады.

Жалға алушының отбасы мүшелері мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жайды жалдау шартынан туындайтын міндеттер мен құқықтарды жалға алушымен бірге жүзеге асырады. Отбасының кәмелетке толмаған мүшелері белгіленген шарттан туындайтын міндеттемелер бойынша жалға алушымен бірге бірігіп жауап береді. Жалға алушы тұрғын жайды немесе оның бір бөлігін жалға беруге құқығы бар.

Жалға алушы немесе оның отбасының мүшелері уақытша болмаған кезде оларға мемлекеггік тұрғын үй қорынан алынған тұрғын үй алты ай бойы сақталады. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын жайда тұратын жалға алушылардың отбасы мүшелерінің біреуі уақытша болмаған жағдайда отбасының қалған мүшелері тұрғын үйдің барлығын пайдалануға құқығы бар. Тұрғын жайды жалдау шарты бойынша олар барлық құқықтарды жүзеге асырады және міндеттер бойынша жауап береді.

Егер мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын жайда уақытша болмайтын жалға алушының отбасы мүшелері тұрмайтын болса онда жалға алушы сақталатын тұрғын жайға шарт бойынша сақталу мерзіміне басқа тұлғаларды уақытша кіргізуі мүмкін. Егер жалға алушы үш ай мерзім ішінде оған азаматтарды кіршгізбесе, онда жалға алушының келісімімен жалға беруші жалдау шарты бойынша басқа азаматтарды кіргізуге құқығы бар.

Тұрғын жайды жалдау шарты бойынша жалға алушының ең маңызды міндеттерінің бірі болып тұрғын жайды пайдаланғаны және коммуналдық қызметтер үшін ақы төлеуі тиіс. Жалға алушы тұрғын жай үшін ақыны уақытында төлеуге міндетті.

Коммуналдық тұрғын үй қорындағы үйлердің ақысының мөлшерін жергілікті атқарушы органдар бекітеді, мемлекеттік кәсіпорын қорындағы тұрғын үй қорындағы үйлердің ақысын – мемлекеттік кәсіпорынның әкімшілігі бекітеді.

Әлеуметтік қорғалатын тұрғын үйге мұқтаж азаматтар берілетін мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай тұрғын үйдің меншігінің келісмімен жекешелендірілуі мүмкін немесе жергілікті атқарушы органның келісімімен басқа тұрғын үйге айырбасталуы мүмкін.

Әлеуметтік қорғалатын тұрғын үйге мұқтаж азаматтар және мемлекеттік немесе әскери қызметке, бюджеттік ұйымдарға, мемлекеттік сайланбалы қызметке түскен азаматтардың пайдалануына берілген тұрғын үйлер олардың тілегі бойынша және оның кәмелетке толған отбасының мүшелерінің тілегімен қызметтік үйге теңестірілген болуы мүмкін. Қызметтік үйге теңестірілген тұрғын жайларда тұратын аталған тұлғалар меншік иесінің келісімімен, егер олар мемлекеттік қызметте және бюджеттік ұйымдарда (мемлекеттік сайланбалы қызметке келген уақытты қоса алғанда)он жылдан астам уақыт жұмыс істесе жекешелендіруге жатады. Жекешелендіру құқығы пайда болуға дейін мемлекеттік қызметте немесе бюджеттік ұйымдарда еңбек қызметі тоқтатылған жағдайда, басқа тұрғын үй берілместен бірге тұратын азаматтармен бірге абрлығы тұрғын үйден шығарылады.

Сол елді мекенде қызмет атқарған кезеңде қызметтік тұрғын үйге теңестірілген түрғын үй берілген әскери қызметшілер он жыл әскери қызмет стажынан кейін, ал еңбек сіңірген жылдары, науқастануы немесе штатгың қысқаруы бойынша қызметтен босаған кезде қызмет мерзіміне қарамастан оны (әскери қалашықтарда, шекара заставаларында және езге де жабық объектілерде орналасқан түрғын үй-жайлардан басқасын) жекешелендіруге құқылы.

Аталған негіздер бойынша әскери қызметтен босатылған және күнтізбемен есептегенде жиырма және одан да көп жыл қызмет атқарған әскери қызметшілердің тұрғын жайды тегін жекешелендіруге құқығы бар.

Қызметтік тұрғын үйлерге теңестірілген тұрғын үйлерде тұратын адамдар қызметгік тұрғын үйге теңестірілген тұрғын үй берген мемлекеттік органның келісімімен тұрғын үйді басқасына айырбастауға құқылы.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдау шартын бұзу жалға алушының да жалға берушінің де бастамалары бойынша жұзеге асырылады.

Жалға алушы (отбасының кәмелетке толған мүшелерінің келісімімен) кез келген уақытта жалдау шартын бұза алады. Жалдаушы мен отбасы мүшелері тұрақты тұру үшін басқа жаққа кешіп кеткен жағдайда тұрғын үйді жалдау шарты олар кеткен күннен бастап бұзылды деп есептеледі.

Мемлекетгік тұрғын үй қорынан тұрмысқа жайлы басқа тұрғын үй беру арқылы үйден шығару негіздері:

1) егер тұрғын үй орналасқан тұрғын үй (тұрғын жай) жер учаскесінің мемлекеттік қажеттер үшін алынуына (сатып алынуына) байланысты бұзылуға жататын болса;

2) егер түрғын үй (тұрғын жай) онда одан әрі тұруға жарамсыз болғандықтан тұрғын үй емес жай ретінде қайта жабдықтауға жататын болса;

3) егер тұрғын үйге құлау (бұзылу) қаупі төнсе;

4) тұрғын үйді кұрделі жөндеудің нәтижесінде тұру жағдайы айтарлықтай өзгерсе;

5) тұрғын үйді жалдау шарты жарамсыз деп танылса, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдау шартының бұзылуы, ал жалдаушы тұрмысқа жайлы басқа тұрғын үй беріліп шығарылуы мүмкін.

Жалдаушыны, оның отбасы мүшелерін немесе онымен бірге тұратын басқа адамдарды басқа тұрғын үй бермей шығаруға, егер:

1) олар тұрғын үйді үнемі қиратса немесе бүлдірсе;

2) олар тұрған үйді талаптарын бұза отырып пайдаланса;

3) олар жатақхана ережелерін үнемі бұзу арқылы басқалардың өздерімен бір бөлмеде немесе бір тұрғын үйді тұруына мүмкіндік бермейтін болса;

4) олар дәлелді себептерсіз тұрғын үйді пайдаланғаны үшін ақы төлеуден қатарынан алты ай бойы жалтарса;

5) адамдар ата-аналық құқығынан айырылған болса және олардың ата-аналық құқықтарынан айырылуына байланысты балаларымен бірге тұруы -мүмкін емес деп танылса;

6) адам тұрғын үйге ез бетімен басып кіріп алса;

7) тұрғын үйді жалдау шарты жарамсыз деп танылса;

8) олар меншік қүқығымен орналасқан жеріне қарамастан өзге тұрғын үйді сатып алған болса басқа тұрғын үй берілместен шығаруға жол беріледі.