Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тургын уйден.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
51.94 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰҚЫҒЫ

1 Тұрғын үй құқығы: пәні, құқықтық реттеудің әдістері, қағидаттары

Тұрғын үй құқығы бұл тұрғын үй қатынастарын реттейтін құқықтың нормалар жинтығы.

Құқықтық ғылымдарда пән ретінде қандайда бір обьектіге қатысты қоғамдық қатынастар болып табылады.

Тұрғын үй құқықтын реттеу пәні ретінде заңнамада және зани әдибиеттерде тұрғын үй қатынастар деп аталатын қоғамдық қатынастардың белгілі бір жиынтығы болып табылады.

Тұрғын үй қатынастары - үй жайларды пайдалану бойынша, тұрғын жайларға мұқтаждарға, оларды беру бойынша, тұрғын үй қорын басқару және пайдалану бойынша тұрғын үй саласындағы әр түрлі қатнастар құрайды. «Тұрғын үй қатынастары» ұғымы тұрғын үйді пайдаланумен байланысты қоғамдық қатынастардың кең көлемін қамтиды.

Тұрғын үй қатынастар келесі топтарға бөлінеді:

- жалға алу шарты негізінде тұрғын үйді жалға алу бойынша қатынастар;

- «коммуналдық қатынастар», азаматтарға тұрғын үй коммуналдық қызмет көрсетумен байланысты қатынастар;

- тұрғын үйді жалға алуды басқару, пайдалану, оны сақтау мен жөндеу жүргізуді қамтамасыз ету саласында пайда болған тұрғын үй қатынастары;

- қызметтік үй жайларды, жатақханаларды, мамандандырылған тұрғын үйлерді пайдалану бойынша тұрғын үй қатынастары;

- тұрғын үйдің құрылысымен және меншікке сатып алумен байланысты туындаған қатынастар;

- азаматтарды тұрғын үйлермен қамтамасыз ету саласындағы тұрғын үй қатынастары.

Құқықтың әдісі деп юриспруденцияда мемлекет тарапынан қоғамдық қатынастарға құқықтық әсер ету тәсілдері ұғынылады. Тұрғын үй құқығына қатысты – бұл құқық нормаларымен бекітілген тұрғын үй қатынасы қатысушыларына әсер етудің айрықша тәсілі.

Кешенді құқық саласы ретінде тұрғын үй құқығы басқа да негізгі құқық саласы пайдаланатын құқықтық реттеудің әдістерін қолданады. Мәселен, тұрғын жайларды пайдаланумен байланысты қатынастарға құқықтық қатынастар тараптарының теңдігіне негізділген реттеудің азаматтық-құқықтық әдістері тән болып табылады, әкімшілік-құқықтық әдістер тұрғын үйлерді бөлу, тұрғын үй қорларымен басқару және ұйымдастырушылық, басқару сипатындағы басқа да қатынастар қатысты, яғни, құқықтық ережелерді орындауды мемлекеттік мәжбүрлеуді қамтамасыз етуде рұқсат беру, тыйым салуларды бекітуді білдіреді.

Азаматтық-құқықтық қатынастарда олардың қатысушылары бір бірінен тәуелсіз тең құқылы субьектілер ретінде болады. Олар өздерінің құқықтары мен міндеттерін өздері айқындайды және ол заңға сәйкес келіп, оның аясында болуы керек. Әкімшілік құқықтық қатынастардың қатысушылары арасында билік пен бағыныштылық қатынастары қалыптасады, өйткені бір тарап ретінде өкілетті мемлекеттік орган болып табылады, сондықтан тараптар тең жағдайда болмайды.

Тұрғын үй қағидаттары. Құқық қағидаттары ретінде негіз салушы бастама, қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің маңызды ережелері түсіндіріледі:

1) ең бастысы тұрғын үйге қолсұқпайшылықтың конституциялық қағидаты (ҚР Конституциясының 25-б.). оған сәйкес тұрғын үйге басып кіруге, оны тексеруге және тінтуге заңмен белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі;

2) тұрғын үйден айыруға жол берілмеу қағидаты (ҚР Конституциясының 25-б.). Оған сәйкес соттың шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді;

3) тұрғын үйлерді жалға алу жағдайы азаматтар үшін қол жетерлік қағидаты (ҚР Конституциясының 25-б.). Оған сәйкес азаматтарды тұрғын үйге өз құқықтарын әр түрлі тәсілдер арқылы іске асуы мүмкін;

4) тұрғын үй қорын мақсатты пайдалану қағидатына сәйкес тұрғын үй тек азаматтардың тұруы үшін арналған. Оның үстіне тұрғын үйлерде өнеркәсіптік өндірістерді қоюға жол берілмейді. Меншік иесінің өзіне тиесілі тұрғын үйге кәсіпорынды, ұйымды, мекемені орналастыру, оны тұрғын емеске ауыстырғанда ғана орын алуы мүмкін;

5) тұрғын жердің еркін тандау қағидатына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында заңды түрде болған кез келген адамның еркін жүріп тұруға,тұрғылықты жерді тандауға құқығы бар (ҚР Конституциясының 21-б.). Ешкімде белгілі бір аумақта немесе елді мекенде тұруға мәжбүрленуге жатпайды.