
- •Нормативтік сілтемелер [a]
- •1 Теориялық бөлімі
- •1.1 Негізгі ережелер
- •1.2 Жалпы түрдегі сызбаны және құрастыру сызбасын оқу
- •1.3 Тетік сызбаларын орындау жүйелілігі
- •1.4 Тетіктердің жұмыс сызбасына қойылатын талаптар
- •1.5 Сызбалардағы шарттылықтар мен ықшамдылықтар
- •1.6 Тетіктердің конструкциялық элементтерін кескіндеу
- •1.7 Сызбаларға өлшемдер салудың кейбір ерекшеліктері. Базалар
- •(Жазықтық)
- •Көмекші база База – ось симметрия түзуі База – жазықтық (негізгі база)
- •2 Курстық жұмыс
- •2.1 Жалпы ережелер
- •2.2 Курстық жұмыстарға қойылатын талаптар
- •2.3 Курстық жұмыстың мазмұны
- •2.4 Курстық жұмысты қорғау
- •2.5 Құрастыру сызбаларын тетіктеу үшін нұсқалар бойынша тапсырмаларды орындау
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •3 Курстық жұмысты орындау үлгісі
- •3.1 «Бағыттаушы блок» бұйымының жалпы түрдегі сызбасын оқу
- •Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
- •Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті
- •Курстық
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •31.03.2004 Ж. Берілген №50 мемл.Баспа лицензиясы
1.2 Жалпы түрдегі сызбаны және құрастыру сызбасын оқу
ЖТ (ҚҰ) оқу – бұл тұтастай алғанда бұйымдардың және құрамдас бөліктердің тағайындалуын, құрамын, конструкциясын, өзара орналасуын, бекітілуін, өзара әрекеттесуін зерттеу және меңгеру керек. ЖТ және ҚҰ келесі бірізділікте оқу ұсынылады:
1) ҚҰ негізгі жазуын оқу керек; құрастыру бірліктерінің атаулары бойынша жұмыс принципі және оны тағайындау бойынша көріністі құрау керек; сызба литері бойынша әзірлеу (тәжірибелік үлгі, тәжірибелік партия, сериялық өндіріс және т.б.) сатыларына бағдарлануы тиіс; масштаб бойынша – нақты тіліктерде және бұйымдар массасында; конструкторлық құжаттаманы әзірлеушілерді ұйымдастыруға көңіл аудару керек;
2) кескінделетін бұйым, оның тағайындалуы, жұмыс құрылғылары мен принциптері туралы қысқаша сипаттаманы оқу;
3) жиынтық кестеден бұйымдар қандай құрастыру бірліктері, түп нұсқалықты және стандартты тетіктерден тұратынын анықтау және қарау, тетіктер дайындалатын материалдарды қарау, сызбада сипат тізімде немесе жиынтық кестеде жеке позицияда көрсетілген әрбір құрамдас бөлікті (тетік, құрамдас бөлік) іздеу;
4) кескін бойынша геометриялық пішінді, тетіктердің орналасуын, оларды қосудың тәсілдері, орын ауыстыру мүмкіндігі бойынша беру:
5) тұтастай алғанда бұйымды және оның құрамдас бөліктерін бөлшектеу мен құрастыру бірізділігін анықтау.
Құрылғылар және құрастыру бөліктерінің жұмыстары туралы көріністі ала отырып, тетік контурлары қандай беттермен шектелгенін анықтайды. Бұл үшін қосымша түрлерді, тіліктер, қималар, шығару элементтеріне ерекше көңіл аудара отырып, сызбадан тетіктердің барлық көріністерін тауып алу және қарастыру қажет, өйткені оларда негізгі түрлерде анықталмаған элементтердің пішіндері беріледі. Сондай-ақ тетіктің әрбір конструкциялық элементін белгілеуді анықтау керек. ҚҰ оқуға әртүрлі кескіндегі (масштаб есебімен) тетіктерді штрихтау параметрлері және кескіндер арасындағы проекциялық байланыстар көмектеседі.
Тетіктерді кескіндеу, егер оның пішіні, өлшемі, әрбір конструкциялық элементтерді (қиық жиектер, дөңгелету, жонулар, тереңдету, шығыңқылықтар, бедерлер және т.б.) белгілеу және жұмыс сипаты туралы толық көрініс алынған болса, оқылған болып саналады.
1.3 Тетік сызбаларын орындау жүйелілігі
Тетік сызбаларын орындау кезінде, тетіктеу – бұл құрастыру сызбасынан кескінді көшіріп алу емес, ал белгілі бір шығармашылық жұмыс екенін ескеру керек. Тетіктің жұмыс сызбасына, атап өткендей, тек қана тетіктерді кескіндеу емес, сонымен бірге материал маркалары, техникалық талаптар және т.б. болуы тиіс. Сонымен қатар тетіктеу процесі дайындалған сатыдан (бұйымдармен танысу, кескіндерді, олардың тағайындалуын зерделеу, сызбаға салынған өлшемдерді, сипат тізімдерді, техникалық сипаттаманы зерделеу және пішімдерді сызу) және сызбаны тікелей орындау сатысынан тұрады.
Студент тетіктеу үшін (1-кесте) көрсетілген позиция нөмірі бойынша бұл тетіктерді ЖТ барлық кескіндерден табу керек, олардың пішіндерін зерделеу және габариттік өлшемдерді анықтау керек. 2-305-68* [A6] МЕСТ-қа сәйкес тетіктің негізгі түрін, яғни тілік түрін немесе тілікпен сәйкес түрді таңдау керек. Бұдан әрі қарай кескіндердің (түрлерінің, тіліктерінің, қималарының, шығару элементтерінің) қажетті санын, яғни ол минимум болуы тиіс дегеннен шығып, бірақ тетіктің пішіні мен өлшемдері туралы толық көрсету үшін жеткілікті белгілеу қажет. Сызбада кескіндердің саны мен сипаты жалпы түрдегі кескіндердің санына сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі мүмкін. Кескіндердің масштабы 2.302-58* [A3] МЕСТ-қа сәйкес таңдалып алынады. Масштаб барлық жұмыс сызбалары үшін әр түрлі болуы мүмкін. Шағын өлшемді және күрделі пішіндегі құралдарды ұлғайтылған масштабта, ал үлкен өлшемді – азайтылған масштабта сызу ұсынылады. Содан кейін сызбаны сәйкес орналастыру жүргізіледі, өйткені өлшемдерді соңғы қойып шығу есебінен қабылданған пішімде барлық кескіндерді орналастыруды белгілеу керек.
Жұқа сызықта 2.305-68* МЕСТ нұсқауларын басшылыққа ала отырып, түрлерді, тіліктерді, қималарды және шығару элементтерін сызу керек және өлшемдік сызықтарды жүргізу керек. Жалпы түрдегі алынған сызбаның алынған масштабын ескере отырып, тетік сызбада оның элементтерінің номинал өлшемдерін анықтау және қою керек. Түйіскен тетіктердің бастапқы өлшемдері бірдей болуына ерекше көңіл бөлу керек. Конструкциялық элементтердің (қиық жиектер, орталық тесіктер, жонулар және т.б.) өлшемдері ЖТ сызба бойынша емес, бұл элементтерге тиісті стандарттар [А14 -20] бойынша анықталады. Тетік сызбасында не ЖТ бұйымда кескінделмеген элементтер, не ықшамдалған түрде, шартты немесе сұлбалық түрде орындалған элементтер көрсетілуі тиіс.
Бұл 2.305-68* МЕСТ ҚҰ-да кейбір ұсақ конструкциялық элементтерді, егер бұл сызбаны оқуға және құрама операциялар жүргізуге әсерін тигізбейтін болса, сызбауды ұсынады деп түсіндіріледі.
Кейде жұмыс сызбасында тетіктердің конструкциялық элементтері орындаумен ерекшеленуі тиіс және ҚҰ қарағанда бірнеше басқаша көрінуі тиіс. Мысалы, бұрама сұқпалар мен бұрамаларға арналған ұяшықтар ҚҰ-да тілік ұзындығы және тілік астындағы тесік тереңдігі арасындағы айырманы көрсетпей-ақ, ықшамды түрде бейнеленеді. Ұяшық жұмыс сызбасында стандарт талаптарына сәйкес келуі тиіс. Ең ақырында, негізгі жазбаны толтыру қажет, техникалық талаптарды жазу және жіңішке сызықта орындалған жұмыстың графикалық бөлігін тексеруге беру, егер қажет болса, тіліктер мен қималарды сызықтауын орындау және түзету енгізу қажет.