Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МУ для кур раб новая 2012 30 янв каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
11.99 Mб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Г.Ж. Рахымбаева

«Инженерлік графика»

пәні бойынша

курстық жұмыстарды орындауға арналған

әдістемелік нұсқаулар

Қарағанды 2011

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Г.Ж. Рахымбаева

«Инженерлік графика»

пәні бойынша

курстық жұмыстарды орындауға арналған

әдістемелік нұсқаулар

Қарағанды 2011

ӘОЖ 515(07)=512.122

Рахымбаева Г.Ж. «Инженерлік графика» пәні бойынша курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар. - Қарағанды: ҚарМТУ, 2011. 25 б.

«Сызба геометрия және инженерлік графика» пәніне кредиттік оқу технологиясы бойынша «Инженерлік графика» тақырыбы енгізілген. Осы тақырыпқа сай әдістемелік нұсқаулар, оқу құралдар, оқулықтар мемлекеттік тілде аз жазылған деп айтуға болады. Мемлекеттік тілде оқитын студенттерге оқулықтардың жоқтылығы көп қиындық туғызады. Ұсынылған әдістемелік нұсқау студенттерге өте пайдалы болады. Графикалық дайындықсыз қазіргі замандағы инженерлерді оқыту мүмкін емес.

Экономикалық дамыған елдерде қазіргі таңда сызбалар мен конструкторлық құжаттарды дайындау кезінде автоматтандырылған жобалар жүйелері қолданылады.

Әдістемелік нұсқауда негізінен конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйелері (КҚБЖ) стандарттарын сақтауға үлкен көңіл бөлінген. Неғұрлым бөлшекті түрдегі геометриялық сызбалар, жобалық сызбалар, өлшемдерді енгізу, штрихтау, жазбаларды орындау, әртүрлі бөлшектердің жұмыс сызбаларын рәсімдеу мәселелері қарастырылады.

Инженерлік графика көзқарасымен жоғарыда келтірілген себептер бойынша осы әдістемелік нұсқауды мемлекеттік тілде жазу студенттер үшін үлкен маңыздылықтарға ие. Ол студенттерге дәстүрлі «қағаз» сызбалардың мектептегі әдістері мен қазіргі заманға сай компьютерлік тәсілдерге ауысуына көмегін тигізеді.

Әдістемелік нұсқау барлық талаптарға сәйкес жоғарғы техникалық оқу орындарының оқу құралы ретінде ұсынылып, белгілі бір деңгейде жазылған.

Пікір жазған: Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің Редакциялық-баспа кеңесінің мүшесі, техникалық ғылым докторы, профессор Тутанов С.Қ.

Университеттің Редакциялық-баспа кеңесі бекіткен

© Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, 2011

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер [A] 9

Кіріспе 10

1 Теориялық бөлімі 11

1.1 Негізгі ережелер 11

1.2 Жалпы түрдегі сызбаны және құрастыру сызбасын оқу 12

1.3 Тетік сызбаларын орындау жүйелілігі 13

1.4 Тетіктердің жұмыс сызбасына қойылатын талаптар 14

1.5 Сызбалардағы шарттылықтар мен ықшамдылықтар 15

1.6 Тетіктердің конструкциялық элементтерін кескіндеу 18

1.7 Сызбаларға өлшемдер салудың кейбір ерекшеліктері. Базалар 23

2 Курстық жұмыс 26

2.1 Жалпы ережелер 26

2.2 Курстық жұмыстарға қойылатын талаптар 26

2.3 Курстық жұмыстың мазмұны 26

2.4 Курстық жұмысты қорғау 27

2.5 Құрастыру сызбаларын тетіктеу үшін нұсқалар бойынша тапсырмаларды орындау 27

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 29

3 Курстық жұмысты орындау үлгісі 30

3.1 «Бағыттаушы блок» бұйымының жалпы түрдегі сызбасын оқу 30

Қосымшаларда «Бағыттаушы блок» бұйымының сызбасы, сипаттізім және тетіктерінің сызбаларын орындау мысалдары көрсетілді. 30

Қосымшалар 32

А қосымшасы. «Бағыттаушы блок» бұйымының сызбасы 33

Б қосымшасы. Бағыттаушы блок бұйымына сипаттізім 34

В қосымшасы. «Бағыттаушы блок» бұйымдар тетіктерінің сызбаларын орындау мысалы 35

Г қосымшасы (анықтамалық) Бірінші бетті ресімдеу 39

Д қосымшасы (Анықтамалық) Мемлекеттік стандарттан мәліметтер 40

Нормативтік сілтемелер [a]

Осы әдістемелік нұсқауда келесі құжаттарға сілтемелер пайдаланылған:

1. 2.301-68* МЕСТ Пішімдер.

2. 2.104-68* МЕСТ Негізгі жазбалар.

3. 2.302-68* МЕСТ Масштабтар.

4. 2.303-68* МЕСТ Сызықтар.

5. 2.304-81 МЕСТ Сызу шрифттері.

6. 2.305-68* МЕСТ Кескін. Түрлер, тіліктер, қималар және шығару элементтері.

7.2.306-68* МЕСТ Графикалық материалдарды белгілеу және оларды сызбаларға салу тәртібі.

8. 3.307-68* МЕСТ Өлшемдерді салу және шекті ауытқушылықтар.

9. 2.311-68 МЕСТ Тіліктерді кескіндеу.

10. 2.315-68 МЕСТ Ықшамдалған және шартты бекітілген тетіктер кескіні.

11. 2.109-73 МЕСТ Сызбаларға қойылатын негізгі талаптар.

12. 2.101-68 МЕСТ Бұйымдардың түрлері.

13. 2.102-68 МЕСТ Конструкциялық құжаттардың түрлері.

14. 2.108-68 МЕСТ Сипаттізім.

15. 8724 – 81 МЕСТ Жалпы тағайындалған метрлік цилиндрлік тіліктің диаметрлері және қадамдары.

16. 6357 – 81 МЕСТ Құбырлық цилиндрлік тіліктің негізгі өлшемдері.

17. 11284 – 75 МЕСТ Бекіту тетіктерінің астындағы саңылаулы тесіктер.

18. 12876 – 67 МЕСТ Бұрама басының астындағы тірек беттерінің өлшемдері. 19. 12415 – 80 МЕСТ Орнату бұрамасы астындағы тесіктер.

20.23360–78 МЕСТ Призмалық кілтектер және кілтекті ойықтар өлшемдері.

21. 10549 – 80 МЕСТ Жонулар өлшемдері.

22. 6636 – 69 МЕСТ Қалыпты сызықтық өлшемдер (1…1000 мм шегінде).

23. 1.1.01-2004 СМК ФС Менеджмент жүйесінде сапа құжаттамасын құру, баяндау және ресімдеу бойынша қойылатын жалпы талаптар.

24. 1.1.03-2004 СМК ФС Оқу құжаттамасын ресімдеу тәртібі. Графикалық құжаттарға қойылатын жалпы талаптар.

25. 1.1.04-2004 СМК ФС Оқу құжаттамасын ресімдеу тәртібі. Негізгі жазбалар.

26. 1.1.02-2004 СМК ФС Оқу құжаттамасын ресімдеу тәртібі. Мәтіндік құжаттарға қойылатын жалпы талаптар.

Кіріспе

Жаңа техниканы жасаудың жаңа идеялары мен тұжырымдамаларын әзірлеу инженер мен ғалымның құдыреті болып қалады. Отандық өнеркәсіп үшін автоматтандырудың қазіргі замандағы техникалық құралдарын жасау көкейкесті мәселе болып отыр. Техникалық білімді сәтті игеру шарты сызбаны оқи білу дағдысы және оларды орындау мен ресімдеу тәртібін білу болып табылады. Сызба техникалық ақпараттарды негізгі таратушы болып табылады, онсыз бір де бір өндіріс болмайды. Қайтадан жасалатын аспаптар, машиналар және ғимараттарда алдымен сызбаларды (жобаларды) әзірлейді. Олар бойынша олардың ерекшеліктері мен кемшіліктерін анықтайды, конструкцияға өзгеріс-тер енгізеді. Жұмысшылар, инженерлер және техниктер конструкцияның өзінің қандай екендігін түсіну үшін, сондай-ақ кескінделетін бұйымның жұмысын түсіну үшін сызбаны оқи білуі тиіс, сонымен қатар сызбаны пайдалана отырып, өзінің техникалық ойларын баяндауы тиіс. Кәдімгі шарикті қаламсаптан қазіргі замандағы ұшаққа дейінгі кез келген өндіріс техникалық құжаттаманы алдын ала әзірлеусіз мүмкін емес. Конструкциялық құжаттаманың бірыңғай жүйесі (КҚБЖ) барлық ұйымдар және кәсіпорындар үшін міндетті болып табылатын конструкциялық құжаттаманы (сипаттізімі, жалпы түрдегі құрастыру сызбалары, тетіктердің жұмыс сызбалары) қарау, әзірлеу және ресімдеу тәртібі бойынша өзара байланысқан тәртібі мен ережесін белгілейді. Сызбалардың дұрыс және бірыңғай тәріздес ресімделуі олардың орындалуын жеңілдетеді, сызбамен жұмыс істеу кезіндегі уақытты үнемдейді, сызбаның әрі қарай өңделуін ықшамдайды. Конструкторлардың жауапкершілігі үлкен, өйткені бұйымдардың сапасы, ең алдымен, техникалық құжаттаманың сапасын қамтамасыз етеді.