Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
қазақстан тарихы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
35.44 Кб
Скачать
        1. Ерте палеолит

1.Алғашқы адамдар еңбек құралдарын неден жасады

А) сүйектен

Ә) тастан

Б) қоладан

В) темірден

Г) ағаштан

  1. Қазақстан аумағында өмір сүрген алғашқы адамдар кімдердің замандастары еді

А) неандертальдықтардың

Ә) синантроптың

Б) питекантроптың

В) австралопитектің

  1. Ғалымдар Кения жерінен табылған алғашқы адамды қалай деп атады

А) « саналы адам»

Ә)« епті адам»

Б) «үңгір адамы»

В) «тік жүретін адам»

  1. Қазақстан аумағында алғашқы адамдардың пайда болған кезеңі

А) энеолит

Ә) мезолит

Б ) ерте палеолит

В) неолит

  1. Ең алғашқы адамдар питекантроп пен синантроптар ғылымда қалай аталады

А) саналы адам

Ә) тік жүретін адам

Б) үңгір адамы

В) епті адам

Г) бүгінгі адам

  1. Питекантроптың қанқасы алғаш рет табылған жер

А) англия

Ә) Кения

Б) Ява аралы

В) Америка

Г) Германия

2.Eрте палеолиттің мустье кезеңі

  1. Неандерталь адамының табылған жері

А) Бельгия

Ә) Германия

Б) Қытай

В) Кения

Г) Қазақстан

  1. Жер беті күрт суи бастады

А) 40 мың жыл бұрын

Ә)10мың жыл бұрын

Б) 100 мың жыл бұрын

В) 5 мың жыл бұрын

Г) 30 мың жыл бұрын

  1. Неандерталь адамы өмір сүрген кезең

А) энеолит

Ә) мезолит

Б) мустье

В) неолит

Г) кейінгі палеолит

3.Кейінгі палеолит

1.Кейінгі палеолиттің мерзімі

А) Б.з.б.40-12 мың жыл

Ә) Б.з.б. 2,6 млн – 40 мың жыл

Б) Б.з.б.10-6 мың жыл

В) Б.з.б. 6-3 мың жыл

Г) Б.з.б. 3-1 мың жыл

2.Кейінгі палеолитте қалыптасқан адам

А) епті адам

Ә) қытай адамы

Б) саналы адам

В) үңгір адамы

Г) тік жүретін адам

3.Туысқан адамдар ұжымының атауы

А) адамдар тобыры

Ә) рулық қауым

Б) отбасы

В) аналық қауым

  1. Орта тас ғасыры(мезолит)

1.Садақ пен жебе қай кезеңде жасалынды

А) ерте палеолитте Ә) мезолитте

Б) неолитте

В) энеолитте

2.Ұзындығы 1-2 сантиметр ұсақ жаңқа тастардан жасалатын құралдар қалай аталды

А)қырғыш

Ә)микролит

Б)дәнүккіш

В)жебе ұшы

3.Малды қолға үйрету қай кезеңде қалыптаса бастады

А)ерте палеолитте

Ә)мезолитте

Б)неолитте

В)энеолитте

4.Мезолит заманының үлкен жаңалығы

А)бифис

Ә)микролиттер

Б)қырғыш

В)шапқы

5.Жаңа тас ғасыры(неолит)

1.Тас өңдеу әдістері жоғары дәрежеге жеткен кезең

А) палеолит

Ә) мезеолит

Б) неолит

В) энеолит

Г) мустье

2.неолит адамдарының мекенжайлары уақытша болды,себебі

А) аңшылар аңдардың соңынан жылжып көшіп отырған

Ә) климат өзгерді

Б) табиғат жағдайы қолайсыз болды

В) терімшілікпен айналысты

3.неолитті кейде қалай атаған

А) «микролит жасау кезеңі»

Ә) бақташылық

Б) қыш құмыралар заманы

В) терімшілік дәуірі

4. Адамдар тасты кесу,жону, жалтырата тегістеу,бұрғылауды қай кезенде ойлап тапты

А) энеолитте

Ә) кейінгі палеолитте

Б) неолитте

В) ерте палеолитте

6.Мыс-тас ғасыры (энеолит)

1. Ең бірінші қолданылған металл

А) темір

Ә) күміс

Б) мыс

В) қалайы

Г) қола

2.Адамдардың металдан жасалған құралдарды игере бастаған кезеңі

А) кейінгі палеолит

Ә)энеолит

Б) неолит

В) темір дәуірі

Г) мустье

3. Ботай тұрағының табылған жері

А) солтүстік қазақстан

Ә) шығыс қазақстан

Б) орталық қазақстан

В) жетісу жері

Г) сыр бойы

4.Энеолит сөзінің ұғымы

А) ерте палеолит

Ә) қола дәуірі

Б) мыс-тас ғасыры

В) темір дәуірі

Г) кейінгі палеолит

7. Ежелгі адамдардың қоршаған орта туралы түсінігі

1. Ежелгі адамдар өз білімдерін не арқылы хабарлады

А) пиктография

Ә) нумизматика

Б) топонимика

В) иероглиф жазуы

2. Адамдардың шығу тегін жануарлармен байланыстыруы

А) топонимика

Ә) магия

Б) анимизм

В) тотемизм

3. Адамдардың наным-сенімі неге тәуелді болды

А) аң аулауға

Ә)егіншілікке

Б) кәсіптің түріне

В) табиғат жағдайына

Г) ұжымдық өмірге

4. Жер-анаға табыну, аналық рудың белгісі ретінде не табылған

А) әйелдердің мүсіндері

Ә) еңбек құралдары

Б) әшекей бұйымдар

В) тұрақтар

Г) тастағы бейнелер

8.Дәуірдің негізгі сипаты

1. Мыс рудасына қалайы қосу арқылы өндірілген металл

А) темір

Ә) мыс

Б) қола

В) қорғасын

Г) күміс

2. Қазақстанда қола дәуірінің басталған мерзімі

А) б.з.б. 2 млн 600 мыңыншы жыл

Ә) б.з.б. 40-12 мыңыншы жыл

Б) б.з.б. 2 мыңыншы жыл

В) б.з.б. 7 мыңыншы жыл

Г) б.з.б. 3 мыңыншы жыл

3. Андрон мәдениетінің алғашқы ескерткіштері табылған жер

А) памир тауы

Ә) андроново селосы

Б) тараз қаласы

В) челябі облысы

Г) сыр бойы

9.Қола дәуірі тұрғындарының шаруашылығы

1. Қола дәуіріндегі шаруашылықтың негізгі саласы

А) мал шаруашылығы

Ә) егіншілік

Б) бау-бақша өсіру

В) аңшылық

Г) терімшілік

2. Қола дәуіріндегі ыдыс жасаудың ең бір өрістеген түрі

А) көзе құмыралар жасау

Ә) микролит өндірісі

Б) дәнүккіш жасау

В) келі мен келсап жасау

3. Ғалымдар қазақтың киіз үйлерін кімдердің баспаналарына ұқсатады

А) андрондықтардың баспаналарына

Ә) бәдәуилер шатырына

Б) күркеге

В) сібірліктердің қосына

10. Қола дәуірі тұрғындарының қоғамдық және мәдени өмірі

1. Жеке меншік қалыптасқан кезең

А) ерте палеолит

Ә) мезолит

Б) неолит

В) қола дәуірі

Г) энеолит

2. Рудың ежелгі салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарының бұлжымай орындалуын қадағаландар

А) әскери көсемдер

Ә) абыздар

Б) ру ақсақалдары

В) байлар

Г) жауынгерлер

3. Андрондықтар құдайлар қайда жүреді деп сенген

А) жерде

Ә) көкте

Б) аспанда

В) жердің астында

11. Темір дәуірінің негізгі ерекшеліктері

1. Қазақстан аумағын мекендеген тайпалардың темірді ашу және кеңінен пайдалана бастаған кезеңі

А) б.з.б. 4 мыңжылдық

Ә) б.з.б. 5-3 мыңжылдық аралығы

Б) б.з.б 1 мыңжылдықтың соңы

В) б.з.б. 8 ғасыр

2. Ертедегі темір өңдірудің қарапайым тәсілі

А) домна пеші

Ә) пеш-көрік

Б) қазандық

В) мартен пеші

12. Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы мен дамуы

1. Ежелгі Қазақстан тұрғындарының көшпелі мал шаруашылығымен айналысуға көшу себебі

А) көрші халықтардың ықпалымен

Ә) климаттың өзгеруінен

Б) жаңа еңбек құралдарының пайда болуынан

В) ежелгі қазақстан тұрғындары көшпелі мал шаруашылығымен айналыспады

2. Батыс Қазақстанның шөлді аудандарында өсірілетін түлік

А) сиыр

Ә) жылқы

Б) түйе

В) ешкі

13. Көшпелі бақташылық – шаруашылықтың негізгі түрі

1. Көктемгі жайылым қалай аталады

А) жайлау

Ә) көктеу

Б) күзеу

В) қыстау

2. Киіз үйдің негізі

А) уық

Ә) кереге

Б) шаңырақ

В) ағаш қаңқасы

14.Сақтардың мекендеген жері.Сақ қоғамы

1.Геродот Қазақстанның ежелгі тұрғындарын қалай атады

А) сақтар

Ә) массагеттер

Б) азиялық скифтер

В) дайлар

2.Иран жазбаларындағы «сақ» сөзінің мағынасы

А) сақ-тиграхауда

Ә) массагеттер

Б) сақ-парадарайа

В) жүйрік атты турлар

3. Сақ қоғамында ақ түсті киім кигендер

А) патшалар

Ә) жауынгерлер

Б) малшылар

В) абыздар

Г) егіншілер

15.Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы

1.Суару каналдарының іздері табылған қоныс

А) Бөріқазған

Ә) Шірік-Рабат

Б) Шабақты

В) Қызылсу

2. Сақтардың діни нанымдары мен ғұрыптарының негізгі бағыты

А) ата-баба аруағына сиыну

Ә) пұтқа табыну

Б) киелі жерлерге мінажат ету

В) тотемизм

16. Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі

1. Сақтардың Александр Македонскийге қарсы ерлік күресі туралы жазған тарихшы

А) Геродот

Ә) Страбон

Б) Арриан

В) Помпей Трог

2. Сақтардың парсы патшасы Кирге қарсы күресін басқарған билеуші

А) Спаргапис

Ә) Скунха

Б) Спитамен

В) Томирис

Г) Шырақ

3. Парсы патшасы | Дарийге қарсы шайқаста ерлік көрсеткен сақ жауынгері

А) Фадлан

Ә) Шырақ

Б) Эсхат

В) Камбиз

17. Шығыс Қазақстан

1. Шығыс Қазақстан аумағын мекендеген тайпалар

А) аргиппейлер Ә) сарматтар

Б) исседондар В) аримаспылар

Г) савроматтар

2. Шығыс Қазақстандағы алып патша қорғандар кездесетін аудан

А) Іле ауданы Ә) Зайсан ауданы

Б) Тасмола алқабы В) Алакөл ауданы

Г) Екібастұз ауданы 3. Берел кезеңінің уақыты

А) б.з.б 2-1 ғасыр

Ә) б.з.б. 5-4 ғасыр

Б) б.з.б 2 ғасыр

В) б.з.-дың 3 ғасыры

Г) б.з.-дың 8 ғасыры

18. Оңтүстік Қазақстан және Жетісу өңірі

1.«Аң стилінің» пайда болған мерзімі

А) б.з.б 5 5 ғасыр

Ә) б.з.б 6 ғасыр

Б) б.з.б 7 ғасыр

В) б.з.б 8 ғасыр

2.«Аң стилі» дәстүрімен сақтардың танысқан жорығы

А) Индияға

Ә) Алдыңғы Азия мен Қытайға

Б) Алдыңғы Азия мен Иранға

В) Қытай мен Үндістанға

3. «Алтын киімді адам» табылған қорған

А) Есік қорғаны

Ә) Бесшатыр қорымы

Б) Бөрікқазған тұрағы

В) Ботай қонысы

19. Орталық Қазақстан

1. Орталық Қазақстандағы ерте темір дәуірі ескерткіштерінің атауы

А) шағын қорғандар

Ә) үлкен обалар

Б) «мұртты қорғандар»

В) патша қорымы

2. Тасмола мәдениетінің ерекшелігі

А) көп адамдар жерленген

Ә) қыш ыдыстар қойылмаған

Б) алтын әшекейлер кездеспейді

В) адам мен жылқыны қатар жерлеген

3. Тасмола мәдениетін қалдырған тайпа

А) аргиппейлер

Ә) исседондар

Б) аримаспылар

В) дайлар