
4.8. Диаграмма тұрғызу
Диаграмма (Diagram) – сандық шаиалар мен олардың ара қатынастарын геометриялық тәсілдермен көрсете отырып, шартты түрде кескіндеу.
Құжатқа диаграмма құру үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
Кестені ерекшелеу қажет;
Кірістіру Вставка) → Объект командасын таңдап, (Құру Создание) ішкі бетін ашу;
Объект типі (Тип объекта) тізімінен Диаграмма Microsoft Graph объектісін таңдау керек.
Осыдан кейін Microsoft Graph жүйесі, диаграмма мен қоса онымен мәліметтері байланысты MS Graph кестесін бейнелейді (4.16-сурет). Одан басқа экранда диаграмманы баптауға арналған стандарттық саймандар панелі пайда болады. Диаграмма құрғаннан кейін MS Graph кестесіне жаңа мәліметтерді енгізуге, мәтіндік файлдан мәліметтерді импорттауға, Microsoft Excel парағын импорттауға немесе басқа программадан мәліметтерді көшіруге болады. Нүктелік диаграммалар тұрғызудағы мәліметтерді ұйымдастыру ерекшеліктері жайлы мағлұматтар MS Graph – тың анықтамалық жүйесінде бар.
Microsoft Graph жүйесінен шыққаннан кейін диаграмма мәтіндік құжатқа сурет ретінде кірістіріледі. Диаграммаға түзету енгізу енгізу үшін осы суретті екі рет шерту керек.
Ең басында диаграмма аймағының контекстік менюін шақырып, диаграмманың сыртқы көрінісін баптауға (4.16-сурет) болады (мысалы, диаграмманың типін өзгерту, қажетті көлемді түрін орнату, рең түсін және т.б. келтіру).
MS
Graph кестесінің
терезесі
|
|
А |
B |
C |
D |
|
|
Ірімшік |
Қаймақ |
Айран |
Сүт |
1 |
2004 |
20,4 |
27,4 |
35 |
20 |
2 |
2005 |
25,6 |
38,6 |
46 |
42 |
3 |
2006 |
35 |
46,9 |
60 |
65 |
Д иаграмма аймағының бояуын, жақтаудың типін, қаріпті өзгертуге болады
О бъемный вид...
Режим таблицы
Очистить
Диаграмма аймағының Кестедегі мәліметтерді, Көлеміне байланысты
контекстік менюі диаграмманы өшіру өзгертулер енгізу
4.16-сурет. Диаграмманы редакциялау кезіндегі сыртқы көрінісі және оның контекстік менюі
Диаграмманың типі...(Тип диаграммы...) – қажетті диаграмманың типін таңдауға не өзгертуге болады. Диаграмманың параметрі...(Параметры диаграммы...) – терезесінде диаграмманың тақырыбын және өстерінің аттарын жазуға, өстерді белгілеуге, торларды, түсініктемені (легенда) енгізуге не алып тастауға және т.б. әрекеттерді орындауға болады.
Диаграмманың сыртқы көрінісін баптап болғаннан кейін, диаграмманың әрбір элементін жеке баптауға болады. Ол үшін оны ерекшелеп, осы элементтің контекстік менюін шақырып, 4.17-суреттегідей қажетті өзгерісті енгізуге болады.
Д
иаграмманың
тақырыбы Қатарлар өсінің негізгі
торлар сызығы
Д иаграмманың аймағы Категориялар өсінің негізгі торлар сызығы
М әндер өсі Мәндер өсінің негізгі
торлар сызығы
Өнім өндірісі
Графикті бұрышынан Категориялар өсі Мәліметтер Диаграмманың құру
ұстап бұруға болады өсі қатарының өсі аймағы
4.16-сурет. Диаграмманың негізгі элементтері
Практикалық жұмыс
№1 жұмыс. Word мәтіндік процессорымен танысу
Жұмыс мақсаты:
Жаңа құжатты құру, сақтау және редакциялау әрекеттерін үйрену.
Абзацты, бетті және мәтінді форматтау. Форматтау саймандар панеліндегі Ж К Ч батырмаларын қолдану.
Тапсырмалар және оларды орындаудың әдістемесі
Word мәтіндік процессорын іске қосыңыз: «Іске қосу»(Пуск) → «Барлық программалар» (Все программы) → Microsoft Word.
Жүсіп Баласағұнның 1069 – 1070 жылдары он сегіз айдың ішінде өлеңмен жазылған «Құтты білік» трактаттан келтірілген өлең жолдарын теріңіз:
Біліксіздің тілін тиған жөн болар,
Білімдінің сөзін жиған жөн болар.
Білімдінің нұрлы сөзі сарқылмас,
Бастауы – кең бұлақ көзі тартылмас.
Білімділік – шым бүркеген бір теңіз,
Бұрқырар су, аяқ басып жүрсеңіз.
Білімсіздің көңілі – құм, құнсыз шөл,
Тойп бермес, күні-түні құйсын көл! –
Дейді Х ғасырда Жетісу өңірінде жасаған ғұлама. ХХ-шы ғасыр емес, Х-шы ғасыр ақынының сөзі... Мың жыл!
Жаңа құжатты Файл → Қалай сақтау...(Сохранить как...) командасы көмегімен «Прак_жұм-1» не басқа атпен сақтаңыз.
Осы оқулықтың 4.1-суреті бойынша Word – тың жұмыс терезесімен танысыңыз.
Тақырып жолының оң жақ шетіндегі терезені басқару батырмалары арқылы терезені кішірейтіңіз, үлкейтіңіз, орап қойыңыз (свернуть) және қайтадан қалпына келтіріңіз.
Барлық саймандар панелін алып тастап, Стандартты және Форматтау саймандар панельдерін орнатыңыз.
Горизонталь және Вертикаль сызғыштарды алып тастаңыз және қайта экранға шығарыңыз.
Қалып-күй жолы не қатарын тауып зерттеңіз.
Құжатты экранда көрсету режимдері: Кәдімгі (Обычный), Веб-құжат (Веб-документ), беттерді белгілеу (Разметка страницы), Құрылым (Структура) режимдеріне ауыстырып, қандай өзгерістер болғанына көңіл аударыңыз.
Беттерді белгілеу режимін таңдаңыз.
Жоғарыдағы терілген өлең шумағын осы оқулықтың 4.6-суретінде көрсетілгендей, горизонтальді сызғыш көмегімен төменде келтірілген үлгіде форматтаңыз:
-
*** Жүсіп Баласағұн ***
Біліксіздің тілін тиған жөн болар,
Білімдінің сөзін жиған жөн болар.
Білімдінің нұрлы сөзі сарқылмас,
Бастауы – кең бұлақ көзі тартылмас.
Білімділік – шым бүркеген бір теңіз,
Бұрқырар су, аяқ басып жүрсеңіз.
Білімсіздің көңілі – құм, құнсыз шөл,
Тойып бермес, күні-түні құйсын көл!
Шегіністерді дәл орнату үшін, меню жолынан Формат → Абзац командасын таңдап, ашылған диалогтық терезесінен (4.7-сурет) абзацты форматтаудың қажетті барлық параметрлерін бірден енгізіп алуға болады.
Файл → Бет параметрлері (Параметры страницы) диалогтық терезесінің Өріс (Поля) ішкі бетінде, құжатқа келесі параметрлерді орнатыңыз: жоғарғы және төменгі өрісі – 2 см, оң жақ – 1,5 см, және сол жақ өрісі – 2,5 см.
Формат → Регистр... командасын шақырғанда ашылған диалогтық терезесінің көмегімен құжаттың әріптерін – Сөйлемдегідей, барлығы кіші әріп, БАРЛЫҒЫ БАС ӘРІП, Сөзді Бас Әріптен Бастау және рЕГИСТРДІ КЕРІСІНШЕ АУЫСТЫРУ әрекеттерін орындаңыз.
Б
еттің көретілу масштабын Түр(Вид) → Масштаб... командасы арқылы 75%, 100%, 200% етіп өзгертіңіз. Осы диалогтық терезесінің Кез келген (Произвольный) өрісінде 115% санына өзгертіңіз. Саймандар панеліндегі тізімі бар 132% - Масштаб батырмасын да қолдануға болады.
Келесі өрнекті теріңіз: F(x, y(k) ,y(k+1),…,y(n))=0.
Мынадай түрде F(x, y(k), y(k+1),…,y(n))=0 келтіру үшін, өрнектің қажетті бөлігін ерекшелеп, <Ctrl> батырмасын ұстап тұрып келесісін ерекшелеңіз. Формат → Қаріп (Шрифт) командасын шақырып, әріптен жоғары (надстрочный) жалаушасын көтеру керек.
Құжатты тағы да дискет бейнесі бар батырма арқылы қайталап дискіге сақтаңыз, не Файл → Сақтау (Сохранить) командасын орындаңыз.
Мынадай түрге F(x, y(k), y(k+1),…,y(n))=0 келтіру үшін, өрнекті ерекшелеп Қаріп (Шрифт терезесінің) Интервал ішкі бетінде символ аралық интервалды – 2 пт. жасаңыз.
Ф
F(x, y(k), y(k+1),…,y(n))=0
Word – тан <Alt + F4> пернелер комбинациясын басып шығыңыз. Пайда болған диалогтық терезесінде «Құжаттағы өзгерісті сақтау керек пе?» - деген сауалға «Иә» - деп жауап беріңіз.
№2 жұмыс. Мәтінмен жұмыс
Жұмыс мақсаты:
• Бұрын сақталған құжатты ашу, өзгеріске енгізу,сақтау және редакциялау әрекеттерін үйрену.
• Абзацты, бетті және мәтінді туралау.
• Шегіністер эіне мәтінді туралау
• Мәтін фрагменттерін тауып алу және алмастыру
Тапсырмалар және оларды орындаудың әдістемесі
1. Word мәтіндік процессорын іске қосыңыз.
2.
Бұрынғы сақталған құжатты (мысалы,
‹‹Прак жұм1››)ашу үшін, меню жолынан
Файл
→ Ашу(Открыть) комнадасын
таң- даңыз, немесе стандартты саймандар
панеліндегі
-Ашу(Открыть) батырмасын
басу қажет, не <Ctrl+O>
пернелер
комбинациясын басыңыз.
3. Жұмысты жаңа беттен бастау үшін жазылған мәтіннің со- ңына курсорды орналастырып, <Ctrl + Enter> пернелер комбина- циясын басыңыз.
4. Төмендегі ұсынылған мәтінді теріңіз және келтірілген үл-гіде форматтаңыз ол үшін:
4.1. Ұсынылған мәтінді форматсыз бәрін теріп шығыңыз;
4.2. Ең бірінші сойлемге: қәріп өлшемін - 10 пт., курсив тү-рінде кескіндеу, туралау – оң жақ шеті бойынша және Формат → Шекаралар және ішін бояу (Границы и Заливка ) командасын таңдап, Тип тізімінен Жақтау (Рамка) типін, сызық стилін ұсынылған үлгідей таңдап жиектеуді қолданыңыз;
4.3. Мәтіннің тақырыбына: қәріп өлшемі – 14 пт., туралау-ортаға және Формат→Қәріп(Шрифт) терезесінің Интервал ішкі бетінде символ аралық интервалды -2 пт. жасаңыз;
4.4. Мәтінді толығымен ерекшелеп Формат→Абзац терезе-сінде(4.7-сурет): бірінші жол үшін шегіністі–0,75см.,оң және Келесі орында тағы бір ұшақ тұр, оған жолаушылар отырған соң, ол аэропортты бір айналады да, жарылып жерге құлайды. Бұл – Windows 95.
Ал үшінші ұшақтың түрі нашар, сырты кір, дөңгелектері де қисайған секілді. Жолаушылар жүктерін ұшаққа тиеп, өздері оны итеріп от алдырып, ішіне секіріп мінген соң, ақырын ұшып барар жеріне жеткізеді. Бұл – DOS,- деп түсіндіреді.
5. Мәтінді ерекшелеп форматтау саймандар панелінен Ені бойынша туралау (По ширине) батырмасын басыңыз.
6.
Мәтінді баспаға шығармас бұрын бір
немесе бірнешебетті алдын-ала қарап
шығу үшін, Файл→Алдын-ала
көру (предвари- тельный просмотр)
командасын
пайдалану керек не стандартты саймандар
панеліндегі
-
Алдын-ала көру батырмасын басу қа- жет.
Бұл режимнен шығу Алдын-ала
көру саймандар
панелінлегі Жабу
батырмасы,
немесе <Esc> пернесі арқылы жүргізіледі.
№ 3 жұмыс. Баспа жұмысының элементтері
Жұмыс мақсаты:
• Құжатқа колонтитулдар қосу, суреттер кірістіру және беттерді нөмірлеу.
• Стильдерді құру және пайдалану.
• Құжатта бағаналарды (колонки) құру.
Тапсырмалар және оларды орындаулың әдістемесі
1. Word мәтіндік процессорын іске қосыңыз.
2. Бұрынғы сақталған құжатты (‹‹Прак-жұм-2››) ашыңыз.
3. Файл→Бет параметрлері (Параметры страницы) диа- логтық терезесінің Өріс (Поля) және Қағаздар көзі (Источник бумаги) ішкі беттерінде, құжаттың бет параметрлерін келесіндей өзгертіңіз: жоғарғы өрісі – 3см, шетінен жоғарғы колонтитулға дейін – 1см.
4. Файлды өз бумаңызға ‹‹Прак-жұм-3›› жаңа атпен сақтаңыз.
Тест сұрақтары
1.МS Word терезесін жабу үшін:
А) Ctrl+F10;
B) Alt+F5;
C) Ctrl+F3;42424
D) Alt+F10;
E) Alt+F4;
2. WORD мәтіндік процессорында беттердің параметрлерін қою үшін қай менюді ашу керек?
A) Түр (Вид);
B) Формат;
C) Түзету (Правка);
D) Файл;
E) Сервис;
3.WORD мәтіндік процессорында қатарлар жолдар арасындағы интервалдарды қою үшін қай менюді ашу керек?
A) Түзету (Правка);
B) Формат;
C) Түр (Вид);
D) Кірістіру (Вставка) ;
E) Сервис;
4. Форматтау саймандар панеліндегі батырмалардың атқаратын қызметтері :
A) формула жазу;
B) әр түрлі функцияларды шақыру;
C) тексті өндіру;
D) текстік мәндер жазу;
E) кестені безендіру;
5. Құжат беттерін нөмірлеу үшін мынадай әрекеттерді орындау керек:
A) Сервис – Номера страниц – орналасу түрін таңдау;
B) Файл – Номера страниц – орналасу түрін таңдау;
C) Формат – Номера страниц – орналасу түрін таңдау;
D) Вставка – Номера страниц – орналасу түрін таңдау;
E) Вид – Номера страниц – орналасу түрін таңдау;
6. Бет параметрін өзгерту үшін орындалатын команда:
A) Файл Бет параметрлері;
B) Файл Алдын-ала қарап шығу;
C) Файл Азат жол;
D) Файл Қаріп;
E) Файл Шекаралар мен бояу;
7. Пернетақтаның оң жағына санды шығару режимін қосу пернесі:
A) Enter;
B) End;
C) PgUp;
D) PgDn;
E) NumLock;
8. MS Word-та кестеде келесі жолға өту үшін … басу керек
A) Esc;
B) Tab;
C) Shift+Tab;
D) Alt+End;
E) Alt+PageDown;
9. Мәтінді форматтау дегеніміз
A) мәтінді жолдарға бөлу;
B) мәтінге қажетті форма беру;
C) мәтінді абзацтарға бөлу;
D) шрифттерді, туралауды және т.б. баптау;
E) мәтіннің бөліктерін жалғау.
10. “Кірістіру “ командасы қай меню пунктінде орналасқан?
A) Кірістіру (Вставка);
B) Файл;
C) Таблица (Кесте);
D) Түзету (Правка);
E) Мәзір пунктіндегі Сервис.
11. WORD программасында бар суреттерді қалай қоюға болады?
A) Кірістіру – Сурет – Картинкалар…;
B) Түзету (Правка) – Сурет – Картинкалар…;
C) Формат – Картинкалар…;
D) Табдица (Кесте) – Сурет – Картинкалар…;
E) Тізім – Картинкалар….
12. Абзацты рамкаға алу үшін қандай команда қолданылады
A) Шекаралар және ішін бөлу Границы и заливка;
B) Формат – Қаріп (Шрифт) ;
C) Формат – Абзац;
D) Автоформат;
E) Афтоалмастыру (Автозамена).
13. Delete және Backspacce (BS) пернелерінің айырмашылығы:
A) BS – қалпына келтіру, ал Del – өшіру;
B) Del – курсордан кейінгі символды өшіру, ал BS – курсордың алдындағы символды өшіру;
C) BS – өшіру, ал Del – көшу пернесі;
D) Ешқандай айырмашылығы жоқ;
E) BS – сақтау пернесі, ал Del – өшіру.
14. Word құжатындағы формула дегеніміз не?
A) құрамдас графика;
B) мәтін;
C) объект;
D) символ;
E) арнайы кірістірме;
15. MS Word – та жаңа құжат … меню командасы арқылы құрылады.
A) Түзету (Правка) – Құру;
B) Түр (Вид) – Құру;
C) Формат – Құру;
D) Файл – Құру;
E) Терезе – Құру.
16. Курсорды жол басына қою үшін:
A) Home персесін басу;
B) End пернесін басу;
C) Page UP пернесін басу;
D) Page DOWN пернесін басу;
E) Enter пернесін басу.
17. WORD мәтіндік процессорында панельдер инструменттерін экранға шығаратын менюді ата:
A) Түр (Вид);
B) Файл;
C) Формат;
D) Өңдеу;
E) Таблица (Кесте).
18. MS Word. Колонгитулаларды кірістіру үшін … меню командасы орындалады.
A) Кірістіру (Вставка) – Сілтеме Ссылка;
B) Түр (Вид) – Колонгитулдар;
C) Кірістіру (Вставка) – Колонгитулдар;
D) Кірістіру (Вставка) – Бет нөмірі;
E) Кірістіру (Вставка) – Объект.
19. MS Word мәтіндік процессорында объект Microsoft Equation не үшін қажет?
A) MS Excel –ден кестені қою үшін;
B) коллекциялар мен суреттерді қою үшін;
C) математикалық формуланы жазу үшін;
D) графикалық және диаграммаларды құру үшін;
E) деректерді мәтінге енгізу, стильдерді құру үшін.
20. Арна 1.dos файлында - … сақталған.
A) электрондық кестелер;
B) видеофильм;
C) сурет;
D) мәтін;
E) мәліметтер қоры.
21. Microsoft Word – дегеніміз …
A) мәтіндік процессор;
B) графикалық процессор;
C) мәтіндік редактор;
D) бір тұтас құжаттар редакторы;
E) қызметші программа.
22. Word – тағы мәтіндік құжаттардың кеңейтілуі
A) DOS, RTF;
B) DOS, PCX;
C) DOS, BMP;
D) DOS, RTF, DIS;
E) TXT, EXE, BMP.
23. MS Word – та қай батырма немесе символ Абзац таңайындайды:
A) Tab;
B) Enter;
C) Esc;
D) символ: нүкте;
E) символ: үтірлі нүкте.
24. MS Word – та “Түр” командасының қай режимінде экрандағы құжат қағаз бетіндегідей көрінеді?
A) Электрондық құжат режимі;
B) Кәдімгі (Обычный) режимі;
C) Беттерді белгілеу (Разметка страницы) режимі;
D) Құрылым (Структура) режимі;
E) Веб – құжат (Веб – документ) режимі.
25. MS Word – та кесте ұяшықтарында аса қиын емес есептеулерді орындауға болады ма?
A) болады, егер кесте бір бетте болса;
B) болады, егер кестедегі баған саны 25-ден аспаса;
C) жоқ, болмайды;
D) ия, болады;
E) болады, егер кестеде қорытынды жол болса;
26. MS Word – та “Сервис” менюінің қай командасы қажет батырманы саймандар панеліне қоя алады?
A) Баптау;
B) Параметрлер;
C) Автоалмастыру;
D) Макрос;
E) Түзету.
27. MS Word – та кесте жолын ерекшелеу үшін …. қолданылады
A) жолдың сол жағын шерту керек;
B) жолдың оң жағын шерту керек;
C) Tab;
D) тышқанды екі рет басу керек;
E) Alt + PageDown.
28. MS Word – та кестенің бағанын ерекшелеу үшін …. қолданылады
A) Tab;
B) Бағанның жоғарғы жағын шерту керек;
C) Бағанның оң жағын шерту керек;
D) Shift + Tab;
E) Shift.
29. Тізім форматын қалай өзгертуге болады?
A) Кесте – Сорттау;
B) Кірістіру – Тізім;
C) Формат – Тізім;
D) Сервис – Тізім;
E) Түзету – Маркер.
30. Word – та кестеге ұяшықтарды бөлу жолы:
A) ұяшықтарды ерекшелеу және Кесте – Ұяшықты бөлу;
B) бағананы ерекшелеу және Кірістіру – Баған қосу;
C) ұяшықты ерекшелеу және Кірістіру – Баған қосу;
D) Кесте – кірістіру – Бағанды оң (сол) жағынан;
E) бағанның айналасын ерекшелеу және Кірістіру – Баған қосу.
31. Word – та кестегі ұяшықтарды бөлу жолы:
A) Ұяшықтарды ерекшелеу – Кесте – Ұяшықтарды бөлу;
B) Кесте – Кірістіру – Кесте;
C) Сервис – Кірістіру – Кесте;
D) Формат – Ұяшықтарды ерекшелеу – Кесте;
E) Түр – Кірістіру – Кесте.
32. Мәтіндегі барлық кіші әріптерді қай команда арқылы өзгертеміз?
A) Формат – Регистр;
B) Формат – Автоформат;
C) Сервис – Автоалмастру;
D) Кірістіру – Автомәтін;
E) Формат – Кітапхана стилі.
Бақылау сұрақтары
1. Word программасының жұмыс терезесінің элементтері.
2. Қалып-күй жолы не қатары қайда орналасқан және онда қандай мәліметтер болады.
3. Мәтін фрагментін және суретті көшірудің қандай тәсілдерін білеміз?
4. Обьектіні тышқанның сол жақ батырмасымен алып жүрудің оң жақпен алып жүруден қандай айырмашылығы бар?
5. Мәтінді қалай жиектейміз және оны қалай алып тастауға болады, бір жағынан жиектеу қалай жүргізіледі, сондай-ақ жақтауға өз стиліңізді қалай құрасыз?
6. Құжатты экранда көрмету режимдері.
7. Жүйелік меню батырмасы қайда орналасқан және қызметі.
8. Экранды бөлу және оны алып тастау қалай жүргізіледі.
9. Жаңа құжатты құру жолдары.
10. Баспаға шығарылмайтын белгілер(Непечатаемые знаки) батырмасының қызметі.
11. Қателерді түзету үшін қандай пернелер пайдаланылады?
12. Құжат бойынша курсорды жылжыту үшін қандай пернелер пайдаланылады?
13. Тышқа көмегімен сөзді,жолды,бірнеше жолдарды, сөйлемді, абзацты, толық құжатты бірден тез ерекшелеу үшін не істеу керек?
14. Құжат фрагменттерін көшіру, жылжыту және өшіру қалай жүргізіледі?
15. Құжатты сақтау жолдары.
16. Программадан шығудың қандай әрекеттерін білесіз?
17. Құжатты автоматты түрде сақтайтын уақыт аралығын өзгерту және құжатты қорғауды орнату қалай жүргізіледі?
18. Құжатты ашудың бірнеше тәсілін атаңыз.
19. Анықтамаларды шақыру қалай жүргізіледі.
20. Саймандар панелін баптау.
21. Саймандар панелінен батырмаларды алып тастау үшін не істеу керек?
22. Азат жол(Абзац)-дегеніміз не?
23. Шегініс азат жол өріс(Отступ,абзацный отступ) қалай қойылады?
24. Абзацты горизонтальді сызғыш бойынша қалай форматтауға болады?
25. Мәтінді туралаудың қандай түрлері бар?
26. Мәтін фрагметтерін тауып алу және алмастыру қалай жүргізіледі?
27. Орфографияны тексеру
28. Тезаурус-дегеніміз не және оны қалай пайдаланамыз?
29. Автомәтіннің(Автотекст) және автоалмастыру (Автозамена) элементтерімен жумыс қалай жүргіізіледі.
30. Бетті нөмірлей жолдары.
31. Жоғарғы және томенгі колонтитулдар кұру.
32. Колонтитулға қандай информация енгізуге болады, мысалы-кесте орнатуға.
33. Стилдерді кұру және пайдалану және үш типін атаңыз.
34. Құжатта бағандарды құру(колонки).
35. Microsoft Equation 3.0 редакторы не үшін керек?
36. Файлдан суреттерді кірістіру.
37. Word көмегімен суреттерді қалай даярлауға болады?
38. Нөмірленген, маркерленген тізімдер қалай жасалады?
39. Көп деңгейлі тізімдер қандай тәсілдермен орнатуға болады?
40. Құжатқа кестені қалай кірістіруге болады?
41. Кестеге жолдар мен бағандарды қосу және жою қалай жүргізіледі?
42. Кестенің соңына қосымша баған және жолды қалай қосуға болады?
43. Кестені мәтінге және кері қалай ауыстыруға болады?
44. Кестеде мәтіннің бағытын қалай өзгертуге болады?
45. Ұяшықтарды бөлу және біріктіру, кестені бөлу.
46. Кестеге Автоформат командасын қолдану.
47. Кестеде қарапайым есептеу жүргізу қалай жүргізіледі?
48. Құжатқа диаграмма құру және форматтау.
49. Диаграммада түсініктеменің (легенда)орын ауыстыруға, оның жиектеуін алып тастауға болады ма?