
4.7. Кестелерде сандық информацияны кодтау
Word-тың сандық мәліметтерді кестелік формада бейнелеуден басқа есептеп шығара алатын мүмкіндігі бар. Кестеде қарапайым есептеу жүргізу үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:
Курсорды нәтиже шығатын ұяшыққа орналастыру;
Кесте (Таблица) → Формула командасын таңдау;
Формула өрісінде қажет емес формула ұсынылған болса, оны өшіріңіз;
Сонан кейін, Функцияны кірістіру (Вставить функцию) ашылатын тізімінен қажетті функцияны таңдау. Мысалы, сандарды қосу үшін SUM – функциясын таңдау керек;
Формулаға ұяшықтар адресін енгізу. Мысалы, а1 және b3 ұяшығындағы сандарды қосу үшін =SUM(a1;b3) формуласы енгізіледі;
Санның форматы (Формат числа) ашылатын тізімінен сандарға арналған форматты таңдау. Мысалы санды пайыздық түрде бейнелеу үшін, 0,00% - таңдалады.
Баған
Сілтеме баған – 3 жол - 2
A B CA1 |
B1 |
C1 |
A2 |
B2 |
C |
A3 |
B3 |
C3 |
Жол 2
3
Ұяшықтардың адресі жоғарыдағы суретте көосетілген үлгімен беріледі, яғни бағандар латын әріптерімен белгіленеді, жолдар – сандармен нөмірленеді.
Кестелерде есептеуді орындау кезінде кестенің ұяшықтарына сілтеме (ссылка) мынадай түрде болады: А1, А2, В1, В2 т.с.с., мұндағы әріп (латын) бағанды, ал нөмір – жолды көрсетеді.
Формулада ұяшықтарға сілтеме жасау үшін: жеке ұяшықтарға сілтеме ‘;’ – нүкте үтірмен ажыратылады, блокта орналасқан ұяшықтарға сілтеме ‘:’ – қос нүктемен бөлінеді (мұндай блоктың адресі бірінші ұяшық пен соңғы ұяшықтардың адресін қос нүктемен бөліп жазу арқылы көрсетіледі). Мысалы, жоғарыдағы =SUM(a1;b3) формуласында, a1 және b3 жеке ұяшықтарға сілтеме жасалынған, яғни a1 және b3 ұяшықтарда орналасқан сандарды қосу. Ал =SUM(a1:b3) формуласында, А1 ден В3 аралығындағы блоктың адресі А1:В3 түрінде көрсетілген, яғни а1 ден b3 аралығындағы ұяшықтарда орналасқан сандарды (а1,а2,а3, b1, b2, b3) қосу.
Мысалы, кез келген сандардың арифметикалық орташа мәнін есептеу үшін average (ұяшықтар адресі) функциясы қолданылады.
Ұяшықтардың орта мәнін табу үшін |
Формуланы енгізу |
|||||||||
|
=average(b:b) немесе =average(b1:b3) |
|||||||||
|
=average(а1:b2) |
|||||||||
|
=average(a1:c2) не =average(1:2;2:2) |
|||||||||
|
=average(a1;a3;c2) |
Басқы кестенің ұяшығына сілтеме жасау үшін, сол кестеге бетбелгі (закладка) қою керек. Мысалы, =average(Кесте2 а:а) формуласы «Кесте2» бетбелгісі қойылған басқа кестенің А бағанының орта мәнін есептеп тұр.
Бетбелгі қою үшін:
Бетбелгі қойылатын элементті ерекшелеу қажет;
Меню жолынан Кірістіру(Вставка) → Бетбелгі... (Закладка...) командасын таңдау;
Ашылған диалогтық терезесінде Бетбелгінің аты (Имя закладки) өрісінде керек атты таңдау немесе енгізу қажет;
Ең соңында Қосу (Добавить) батырмасы басылады.
Егер кестеде формула бар болатын болса, кез келген мезетте оны көруге болады. Ол үшін есептеудің нәтижесі болатын санды ерекшелеу қажет және тышқанның оң жақ батырмасын коньекстік менюді шақырып, Өрістер коды/мәні(Коды/значение полей) командасын таңдау керек.
Өзгеріс енгізген мәліметтердің нәтижесін жаңарту үшін, осы ашылған контекстік менюдің Өрісті жаңарту (Обновить поле) командасы таңдалады немесе F9 пернесін басу қажет.