Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мәтіндік процессор (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
753.74 Кб
Скачать

4.5. Нөмірленген және маркерленген тізімдерді орнату

Нөмірленген не маркерленген тізімнің қалыптасуы, әрбір элементінің ­(жолдың, абзацтың) соңында, <Enter> пернесін басқанда пайда болатын, баспаға берілмейтін ¶ - символының болуына байланысты.

Берілген мәтін негізінде тізім құру үшін:

• тізімге енетін абзацты (жолды) ерекшелеу қажет;

• саймандар панелінен Нөмірлеу (Нумерация) немесе Маркелер (Маркеры) батырмаларының бірін шерту керек.

Бұл жағдайда, ¶ - символымен аяқталатын жолдар, маркерлермен немесе санмен, яғни реттік нөмірмен белгіленетін болады. Бір нөмірге екі жол енгізу қажет болса, курсорды екінші жолға орналастырып, батырманы қайта шертіңіз. Бұл жағдайда, реттік нөмір ¶ - символымен белгіленген келесі жолға өтеді.

Егер сандық тізбекті өзгерту қажет болса немесе маркерлердің басқа символдарының орнату, санның форматын өзгерту, не шегіністерді дәл қою және т.б. үшін келесі әрекеттерді орындау керек:

• тізімге енетін абзацтарды (жолдарды) ерекшелеу қажет, егер тек бір жолдың элементінің форматын өзгерту керек болса, курсорды осы жолға орнату:

Формат Тізім (Список) командасын таңдау керек. Не контекстік менюден Тізім (Список) командасын таңдау;

Тізім (Список) диалогтық терезесінде Нөмірленген (Нумерованный) немесе Маркерленген (Маркированный) ішкі бетін ашу;

• ұсынылған нұсқалардың тізімнің стилін таңдау. Нөмірленген тізім үшін, бұл жерде - «жаңадан бастау» не «жалғастыру» нұсқасын таңдап, орнатуға болады;

• егер ұсынылған нұсқалардың ішінен лайықтысы жоқ болса, онда <Өзгерту...> (<Изменить...>) батырмасын басу керек;

• Таңба... (Знак) батырмасын шертіп, лайықты маркерді таңдауға, не Қаріп... (Шрифт) батырмасы арқылы қажетті қаріпті (түсін, өлшемін және т.б.) келтіруге болады. Осында шегіністер де орнатылады.

К өпдеңгейлі тізімдерді орнату. Көпдеңгейлі тізімге енетін жолдарды ерекшелегеннен кейін, Формат Тізім (Список) Көпдеңгейлі (Многоуровневый) командасын шақырып, ұсынылған нұсқалардан тізімнің стилін таңдау керек. Егер ұсынылған нұсқалардың ішінен лайықтысы жоқ болса, онда <Өзгерту...> (<Изменить...>) батырмасын шертіп, 4.15-сурет бойынша қажетті параметрлерін енгізу.

4.15-сурет. Көпдеңгейлі тізімді орнату

Екінші, үшінші т.б. деңгейлі символдарды экранға шығару үшін, қай деңгейге өтетіңізге байланысты, жолдың басында <Tab> пернесін сонша рет басасыз, ал бір дңгей жоғары өту үшін - <Shift+Tab> пернелер комбинациясын таңдайсыз.

4.6. Кестелермен жұмыс

Кесте (Таблица) - мәліметтерді жолдар мен бағандар түрінде реттуге мүмкіндік береді. Кестенің әрбір элементі ұяшық деп аталады. Ұяшықта сақталған информация басқа элементтерден тәуелсіз. Сондықтан, әрқашанда әрбір ұяшықтың форматын және өлшемін, сондай-ақ ондағы информацияны өзгертуге де болады, Кестенің ұяшығы, кестеден басқа мәтін, сурет және басқа да объектілерден тұрады.

Құжатқа кесте кірістіру үшін:

• кесте құратын жерге курсорды орналастыру;

Кесте (Таблица) Кірістіру (Вставить) Кесте (Таблица) командасын орындау;

• пайда болған диалогтық терезесінде, болашақ кестенің жолдар мен бағандар санын енгізу;

• осы диалогтық терезесінде Автоформат батырмасын басып, алдын-ала анықталған форматтар тізімінен лайықтысын таңдап алуға болады.

Ұяшықтарды ерекшелеу, кестелерді толтыру және редакциялау. Мәтіндік информацияны енгізу кезінде, ені бойынша сыймай қалса, онда мәтін автоматты түрде сөз бойынша келесі жолға көшеді де, ұяшықтық биіктігі ұзарады.

Енгізілетін информация әрбір ұяшықтың ішінде, ұяшықтың өрісіне қатысты орналасады. Сондықтан, ұяшықтың өрісін беттің өрісі (поля страницы) сияқты, әрқашанда өзгертуге болады. Бір ұяшықтан келесі ұяшыққа өту, <Tab> пернесін, не тышқанның көмегімен жүргізіледі.

Кестенің ұяшықтарын тез арада мәліметтен тазалау үшін, оларды ерекшелеп , <Del> пернесін басу керек.

Кестеге жолдар мен бағандарды қосу және жою. Жол қосу үшін, курсорлы, алдына (не төмен) жол қосылатын жолдың кез келген жеріне орнату қажет. Сонан соң, Кесте (Таблица) Кірістіру (Вставить) Жолдарды жоғары (Строки выше ) не Жолдарды төмен (Строки ниже) командасын таңдау керек.

Курсор тұрған ұяшықтың оң сол жағына баған қосу үшін, Кесте (Таблица ) Кірістіру (Вставить) Бағандарды оң жақтан ( Столбцы справа )не бағандарды сол жақтан (Столбцы слева) командасын таңдау керек.

Жолды немесе бағанды жою үшін, алдымен оларды ерекшелеу қажет, сонан кейін , Кесте (Таблица) Жою (Удалить ) Жолдар (Строки ) не бағандар (Столбцы) командасы таңдалады. Ұяшықты жою - Кесте (Таблица) Жою( Удалить ) Ұяшықтар (Ячейки) командасын таңдау арқылы жүргізіледі.

Ұяшықтарды бөлу мен біріктіру, кестені бөлу. Ұяшықтарды бөлу үшін , алдымен бөлінетін ұяшықтарды ерекшелеп, Кесте (Таблица) Ұяшықтарды бөлу.... (Разбить ячейки...) командасын таңдау керек. Пайда болған диалогтық терезесінде баған мен жол санын көрсетіп, бөлу алдында біріктіру қажет болса Бөлу алдында біріктіру (Объединить перед разбиением) жалаушасын көрсету керек.

Ұяшықтарды біріктіру үшін, алдымен оларды ерекшелеп, сонан кейін Кесте (Таблица ) Ұяшықтарды біріктіру (Объединить ячейки) командасы таңдалады.

Кестені екіге бөлу үшін, бөоінетін жерден кейін орналасқан жолдың кез-келген жеріне, курсорды орналастырып, Кесте (Таблица ) Кестені бөлу (Разбить таблицу ) командасын таңдау қажет, не <Ctrl+Shift+Enter> пернелер комбинициясын басу керек. Бөлуді қайтару үшін, яғни екі бөлікті қосып, бір кесте жасау үшін, екі кестенің арасында орналасқан ¶ - символын (абзац маркері) <Del> пернесі арқылы алып тастау керек.

Кестені екі бетке бөлу үшін келесі бетке көшірілуіге тиісті бөлігінің бірінші жолына курсорды орналастырып <Ctrl+Enter> пернелер комбинациясын басу қажет.

Ұяшықтар ішіндегі мәліметтерді форматтау. Ұяшық ішіндегі мәліметтерді форматтау үшін, әдеттегі мәтін форматағандай Word –тың бүкіл мүмкіндіктерін пайдалануға болады. Формат менюінде ұсынылатын барлық әрекеттерді , мысалы, қаріпті, абзацты форматтау, жол аралық интервалды анықтап, оның шеттерін туралау, кестені безендіру және т.б. пайдалануға болады.

Мәтінді ұяшық ішіне вертикаль орналастыру үшін Формат Мәтін бағыты (Направление текста) командасын таңдау қажет, не осы команданы контекстік меню арқылы да шақыруға болады.

Кестелердің рең өрнегін орнату және жиектеу. Құжатқа кестені кірістіргенде ол автоматты түрде ішінен де сыртынан да қалыңдығы, мысалға – 0,5 пт., біржақты жіңішке сызықпен жиектеледі. Осы сызықтың қалыңдығын өзгертуге, не басқа сызық стилін таңдауға, немесе мүлдем алып тастауға болады.

Ұяшықтарды тез және қарапайым жиектеу үшін форматтау саймандар панелінен Сыртқы шекаралар (Внешние границы) батырмасын тауып алып және ұсынылған тізімді ашып (4,5 - сурет), жиектеу типін таңдаңыз.

Егер кестені жиектеуді алып тастаса, онда экранға баспаға берілмейтін тор (сетка) қалады. Оны да Кесте (Таблица) Торды жасыру (Скрыть сетку) командасымен алып тастауға болады.

Кестенің шекараларын дәлірек баптау үшін келесі әрекеттерді орындау керек:

• кестені немесе керек ұяшықты ерекшелеу;

Формат Шекаралар және ішін бояу (Граница и заливка) командасын таңдау;

Шекаралар (границы) ішкі бетін шертіп ашып, қажетті параметрлерді енгізу;

Кестедегі кейбір ұяшыққа рең фон өрнегін қолдану үшін:

• бір топ ұяшықтарды ол жол не баған болуы мүмкін ерекшелеп;

Формат Шекаралар және ішін бояу (Граница и заливка) командасын таңдау;

Ішін бояу ( Заливка) ішкі бетін шертіп ашу;

• Алдымен Өрнек типін (Тип узора) орнатып не пайыздық бояу мөлшерін;

• Сонан кейін Рең түсін (Цвет фона) таңдау керек;

Қолдану (Применить) өрісінде ұяшыққа - деп орнатыңыз.

Кестеге Автоформат командасын қолдану. Кесте элементтеріне әртүрлі түстер мен реңдерді, шекараларды өзіміз өзгертпей,Word -тың алдын-ала анықталған стильдерін қолдану арқылы кестенң тез безендіруге болады. Ол үшін: • курсорды кестенің кез-келген ұяшығына орналастыру;

Кесте (Таблица) Автоформат командасын таңдау;

• пайда болған диалогтық терезесінде қажетті параметрлерді таңдау;