
- •Әлеуметтік – гуманитарлық пәндер кафедрасы Семинарлық сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныс
- •Қарағанды – 2013 ж.
- •1.1 Негізгі әдебиеттер:
- •1.2. Қосымша әдебиеттер:
- •Білім алушылардың білімдерін және біліктерін бағалау әдістері:
- •1.1 Тақырып: Кіріспе. Әлеуметттану ғылым ретінде (объектісі, пәні, құрылымы). Әлеуметтанулық білім.
- •1.2 Тақырып: Әлеуметтанудың қалыптасуының кезеңдері және дамуы (әлеуметтік-философиялық және тарихи алғышарттары).
- •2.1 Тақырып: Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде.
- •2.2 Тақырып: Әлеуметтік институттар мен әлеуметтік процестер және олардың Қазақстан қоғамын жаңғыртудағы рөлі.
- •2.3 Тақырып: Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация. Әлеуметтік топтар және олардың қалыптасуының үрдісі.
- •2.4 Тақырып: Тұлғаның әлеуметтанулық сипаттамалары. Тұлғаның әлеуметтенуі. Тұлға мен қоғам арақатынасы мәселелері.
- •2.5 Тақырып: Әлеуметтік-демографиялық құрылым әлеуметтік стратификацияның бөлігі ретінде.
- •2.6 Тақырып: Қазақстан қоғамының әлеуметтік құрылымы мен әлеуметтік стратификациясы әлеуметтік өзгерістер аясында.
- •3.1 Тақырыбы: Қазіргі әлеуметтанушылардың сциологиялық теориялары (п. Бергер, п. Монсон, п. Сорокин)
- •4.1 Тақырыбы: Әлеуметтанулық зерттеудің әдістемесі, әдісі және техникасы. Ақпараттарды өндеу әдісі және олардың нәтижелерін талдау.
- •4.2 Тақырыбы: Девиация және әлеуметтік бақылау.
- •4.3 Тақырып: Саяси және экономикалық әлеуметтану.
- •4.4 Тақырыбы: Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы
- •4.5 Тақырыбы: Отбасы әлеуметтануы. Ұлттық әлеуметтану мәселесі
- •4.6 Тақырып: . Білім беру әлеуметтануы. Мәдениет әлеуметтануы. Дін әлеуметтануы.
- •2 Курс студенттеріне арналған кезендік бақылау сұрақтарының тізімі.
- •Мазмұны
2.2 Тақырып: Әлеуметтік институттар мен әлеуметтік процестер және олардың Қазақстан қоғамын жаңғыртудағы рөлі.
Әлеуметтанулық терминдер мен ұғымдармен жұмыс жасау сабағы.
Мақсаты: студенттерге әлеуметтік институттар әлеуметтік өмірдің маңызды элементі екенін түсіндіру. Әлеуметтік институттардың ресми және бейресми құрылымдарымен таныстыру.
Оқыту міндеті: студенттерге әлеуметтік институт адамдардың біріккен әрекетінің тұрақты формасы екенін түсіндіру. Әлеуметтік процестердің нәтижелері мен әлеуметтік салдарын талдау.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Әлеуметтік институттардың белгілері мен функциялары.
2. Әлеуметтік институттар туралы функционалистік теория.
3. Әлеуметтік институттардың типологиясы.
4. Әлеуметтік процесті түсінудегі түрлі тәсілдер.
5. Әлеуметтік процестердің деңгейі мен диапазоны.
Практикалық тапсырмалар:
Тапсырма: Сөйлемді жалғастыр
Әлеуметтік институттар дегеніміз ......................
2. Тапсырма Әлеуметтік институттардың қызметі мен құрылымына байланысты слайд жасау.
3. Тапсырма.Қазақстандағы қоғамдық үйымдардың тізімін жасау.
Әдістемелік нұсқаулар:
1. Бірінші сұрақтың деңгейінде Г. Спенсердың, М. Вебердың, Э. Дюркгеймнің, Т. Парсонстың, П. Бергердің және Т. Лукманның теорияларындағы «әлеуметтік институт» ұғымы қарастырылады.
2. Екінші сұрақтың негізінде Әлеуметтік институттардың түрлерін ұарастыру.
3. Үшінші сұрақтың барысында әлеуметтік институттардың универсалды және спецификалық қызметтері талқыланады.
4. Төртінші сұрақтың негізінде институттардың құрылымына анализ беріледі: білім, норма, роль.
5. Бесінші сұрақтың негізінде М.Вебер мен Т.Парсонстың әлеуметтік институттардың эволюциясы концепциясын қарастыру.
6. Қазақстан қоғамының қазіргі институционалды жағдайын талдау.
Білім берудің және оқытудың әдістері: Әлеуметтанулық терминдер мен ұғымдармен жұмыс жасау сабағы. Терминдер мен ұғымдарға әдебиеттерді, сөздіктерді пайдаланып тусініктеме беру , глоссарий құрастыру. Ұғымдарға презентация жасау,сабақтың жекелеген сұрақтарын тереңірек оқу, ұғымдар бойынша тапсырмаларды шешу.
Орындау түрі: тақырыпты өз бетінше игеру, әдебиеттермен жұмыс,конспектілер құрастыру, рефераттарды дайындау,
Тапсыру мерзімдері: семинар және келесі ОСӨЖ сабақтарында.
Бағалау критерилері: силлабустан қараңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиет: [ 1, 3, 6, 10, 18, 19, 25, 37, 38, 58 ]
Қосымша әдебиет: [49, 60, 78, 82, 87, 88, 89 , 90, 126]
2.3 Тақырып: Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация. Әлеуметтік топтар және олардың қалыптасуының үрдісі.
Жарыс сабақ.
Мақсаты: студенттерге қоғамның әлеуметтік құрылымы туралы түсіндіру. Әлеуметтік топтар және олардың қалыптасу процесімен таныстыру. Қазақстан қоғамның әлеуметтік құрылымы туралы түсіндіру. Әлеуметтік топтар және олардың қалыптасу процесімен таныстыру.
Оқыту міндеті: студенттерге қоғамның әлеуметтік құрылымын зерттеудің әдістемелік мәселелерін түсіндіру. Әлеуметтік стратификация теориясының типологиясымен таныстыру. Қазіргі жағдайдағы Қазақстанның әлеуметтік құрылымының даму перспективаларын талдау.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Әлеуметтік құрылым қоғамның элементі ретінде.
Әлеуметтік топтар және олардың қалыптасу процесі.
Қоғамның әлеуметтік стратификациясы ұғымы және теориялары.
Халықтың этникалық құрылымы әлеуметтік құрылымның элементі ретінде.
Әлеуметтік стратификацияның тарихи түрлері мен тарихи формалары.
Тап теориясы. Әлеуметтік топтардың теориялары.
Әлеуметтік статус. Статустардың түрлері. Әлеуметтік рөлдер. Рөлдік жиынтық. Рөлдік шиеленіс. Әлеуметтік мобильділік.
Қоғамда әлеуметтік стратификацияның критерийлері. Қазіргі Қазақстан қоғамының әлеуметтік құрылымы
Білім берудің және оқытудың әдістері: Екі топқа бөлініп жарыс ұйымдастыру. Сабақтың жекелеген сұрақтарын тереңірек оқып, ұғымдар бойынша жұмыс, дискуссиялық мәселелерді көтеру, қарсыластарға сұрақтар құрастыру, олардың сұрақтарына жауап беру. Баяндамалар мен рефераттар презентациясын қорғау, тапсырмаларды орындау.
Орындау түрі: ұғымдар бойынша жұмыс, тақырыпты өз бетінше игеру, әдебиеттермен жұмыс, шығарма жазу.
Тапсырманы орындау талаптары: силлабустан қараңыз.
Тапсыру мерзімдері: сабақ кестесі бойынша.
Бағалау критерилері: силлабустан қараңыз.
Практикалық тапсырмалар:
Тапсырма К. Маркстің, М. Вебердің, Л. Уорнердің, П. Сорокиннің, П. Бурдьенің, К. Дэвис пен У. Мурдің тұғырнамаларын салыстырмалы талдау. Олардың стратификация модельдерін қарастыру барысында кесте құру.
Тапсырма Әлеуметтік стратификацияның тарихи түрлері. Құлдық бөлініс, касталар. сословиелер, таптар. (кесте толтыру)
№
Әлеуметтік стратификацияның тарихи түрлері
кезені
Тапсырма Стратификациялық жүйелердің бөлінуінің критерийлерін анықтау. (физика-генетикалық, құлиеленушілік, касталық, сословиелік, кәсіби, таптық, этакратиялық, мәдени-нормативтік, мәдени-символикалық).
Тапсырма Кәсіби стратификацияның мысалдарын келтіру.
Тапсырма «Топтық қарым-қатынастар», «тұлғааралық қарым-қатынастар», «әлеуметтік тұлғааралық қатынастар» ұғымдармен жұмыс: салыстыру, терендетіп көрсету.
Тапсырма Қазақстан қоғамының құрылымына сызба жасау.
Әдістемелік нұсқаулар:
1. Бірінші сұрақтың барысында «әлеуметтік стратификация» ұғымын, «страта», «теңсіздік» ұғымдарын қарастырып, сол сияқты К.Маркс, М.Вебер функционализм, П.Сорокиннің, Л.Уорнердің, П.Бурдьенің т.б. әлеуметтік стратификация концепцияларын талдау.
2. Екінші сұрақтың негізінде әлеуметтік стратификацияның мынадай тарихи формаларын: құлдық, касталық, сословиелік және таптық, жүйелік қарастыру.
3. Үшінші сұрақтың деңгейінде азіргі қоғамдағы әлуеемттік стратификациның критерийлерін, билік, дәреже, кіріс, білім бойынша талдау.
4. Төртінші сұрақтың барысында К.Маркстің, М.Вебердің, Л.Уорнердің топ туралы концепцияларын қарастырып, «әлеуметтік топ» және оның түрлерін: бастапқы және соңғы, үлкен және кіші топтар, шынайы және номиналды иоптар, референтті топтардың түрлеріне анализ беру.
5. Бесінші сұрақтың барысында «әлеуметтік статус» ұғымы және оның түрлері: аскриптивті (туа берілген) және қол жеткізген, сонымен бірге жеке және әлуеметтік статустардың түрлерін талдау.
6. Алтыншы сұрақтың деңгейінде «әлеуметтік роль», «рөлдік жинытық», «рөлдік шиеленіс» ұғымдарын талдау.
7. Жетінші сұрақтың деңгейінде әлеуметтік мобильділіктің жалпы теорияларын, оынң негізгі түрлерін: жеке және таптық мобильділік, тік (көтерілу мен құлдырау) және көлденең мобильділік, құрылымдық мобильділік, географиялық мобильділіктің түрлеріне анализ беру.
8. Сегізінші сұрақтың негізінде қазіргі Қазақстан қоғамының құрылымын қарастыру.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиет: [1, 3, 6, 10, 18, 19, 25, 37, 38, 58]
Қосымша әдебиет: [32, 101,119, 126]