- •Әлеуметтік – гуманитарлық пәндер кафедрасы Семинарлық сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныс
- •Қарағанды – 2013 ж.
- •1.1 Негізгі әдебиеттер:
- •1.2. Қосымша әдебиеттер:
- •Білім алушылардың білімдерін және біліктерін бағалау әдістері:
- •1.1 Тақырып: Кіріспе. Әлеуметттану ғылым ретінде (объектісі, пәні, құрылымы). Әлеуметтанулық білім.
- •1.2 Тақырып: Әлеуметтанудың қалыптасуының кезеңдері және дамуы (әлеуметтік-философиялық және тарихи алғышарттары).
- •2.1 Тақырып: Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде.
- •2.2 Тақырып: Әлеуметтік институттар мен әлеуметтік процестер және олардың Қазақстан қоғамын жаңғыртудағы рөлі.
- •2.3 Тақырып: Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация. Әлеуметтік топтар және олардың қалыптасуының үрдісі.
- •2.4 Тақырып: Тұлғаның әлеуметтанулық сипаттамалары. Тұлғаның әлеуметтенуі. Тұлға мен қоғам арақатынасы мәселелері.
- •2.5 Тақырып: Әлеуметтік-демографиялық құрылым әлеуметтік стратификацияның бөлігі ретінде.
- •2.6 Тақырып: Қазақстан қоғамының әлеуметтік құрылымы мен әлеуметтік стратификациясы әлеуметтік өзгерістер аясында.
- •3.1 Тақырыбы: Қазіргі әлеуметтанушылардың сциологиялық теориялары (п. Бергер, п. Монсон, п. Сорокин)
- •4.1 Тақырыбы: Әлеуметтанулық зерттеудің әдістемесі, әдісі және техникасы. Ақпараттарды өндеу әдісі және олардың нәтижелерін талдау.
- •4.2 Тақырыбы: Девиация және әлеуметтік бақылау.
- •4.3 Тақырып: Саяси және экономикалық әлеуметтану.
- •4.4 Тақырыбы: Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы
- •4.5 Тақырыбы: Отбасы әлеуметтануы. Ұлттық әлеуметтану мәселесі
- •4.6 Тақырып: . Білім беру әлеуметтануы. Мәдениет әлеуметтануы. Дін әлеуметтануы.
- •2 Курс студенттеріне арналған кезендік бақылау сұрақтарының тізімі.
- •Мазмұны
2.1 Тақырып: Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде.
Конференция сабақ.
Мақсаты: студенттерге қоғам ұғымы, оны зерттеудегі жүйелі әдістер туралы түсіндіру. Қоғам мен әлеуметтік жүйені теориялық зерттеудің көпжақтылығымен таныстыру.
Оқыту міндеті: студенттерге қоғамды функционалдық тұрғыдан зерттеудің негізгі принциптерін таныстыру. Әлеуметтік құрылымның негізгі элементтерімен таныстыру.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Қоғамның түрлері.
Қоғамның элементтері.
Мәдениет және қоғам.
Жахандану үдерісі (ағымы, көрінісі, сипаты және әсері)
Әртүрлі мектеп өкілдерінің қоғамға берген анықтамалары.
Қоғам әлеуметтік детерминизм мен функционализм тұрғысында.
Қоғам мен әлеуметтік жүйені теоретикалық зерттеудің көпжақтылығы.
Әлеуметтік жүйелер әлеуметтік статустардың иерархиясы ретінде.
Практикалық тапсырмалар:
1. Тапсырма: Әлеуметтанудағы қоғамның заманауи теориялары бойынша келесі кестені толтыру:
Теория атауы |
Теория авторлары |
Теория мазмұны |
|
|
|
|
|
|
2. Тапсырма: Қазіргі қоғамдардың негізгі типологиялары және оларды салыстырмалы талдау.
3. Тапсырма: Мәдениет феноменін талдау, мәдениет түрлерін қарастыру және мәдениет түрлерін салыстыру.
4. Тапсырма: «Модернизация», «жахандану», «глобализация» ұғымдарын қарастыру. Қазіргі қоғамдардың жахандануын және әлемдік мәселелерін қарастыру.
5. Тапсырма: Қазіргі Қазақстан қоғамын сипаттауда әлеуметтануда қалыптасқан типологияларды қолдану.
Білім берудің және оқытудың әдістері: Конференция сабағы ретінде өткізіледі, сабақтың жекелеген сұрақтарын тереңірек оқып, әдебиеттермен жұмыс жасап баяндама жазу, презентация құрастыру оларды қорғау.
Орындау түрі: әдебиеттермен жұмыс, тақырыпты өз бетінше игеру, конспектілер құрастыру, рефераттарды дайындау.
Тапсыру мерзімдері: семинар және келесі ОСӨЖ сабақтарында.
Бағалау критерилері: силлабустан қараңыз.
Әдістемелік нұсқаулар:
Бірінші сұрақтың деңгейінде О.Конт, Г.Спнсер, Э.Дюркгейм, М.Вебердің, Т.Парсонстың, А.Шилздың. П.Бергердің қоғам туралы теорияларын қарастыру керек.
Екінші сұрақтың негізінде Г. Спенсердің, К. Маркстің, К. Поппердың, Д. Беллдің қоғамның түрлері туралы қарастыру.
Үшінші сұрақ барысында индивид және әлеуметтік институтты қоғаның негізгі элементі ретінде талдау керек.
Төртінші сұрақта кез келген әлеуметтік-мәдени жүйенің бөлінбейтін компоненті ретіндегі мәдениеттің социологиялық түсінігіне анализ беріледі. Мәдениеттің негізгі типтері (элитарлы, халықтық және бұқаралық). Бұл сұрақта, әсіресе, субмәдениет пен контрмәдениетке аса үлкен көңіл беру керек. Сонымен бірге Қазақстан қоғамының нормалары мен құндылықтары талқыланады.
Бесінші сұрақты дайындау барысында С. Хантингтонның, Ф. Фукуяманың тұғырнамаларымен танысу және қазіргі таңда болып жатқан жахандану үдерісін талдау.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиет: [1, 3, 6, 10, 18, 19, 25, 37, 38, 58 ]
Қосымша әдебиет: [6, 11, 15, 22, 23, 24, 25, 26, 36, 37, 38, 42, 45, 46, 55, 56, 64, 75, 78, 81, 82, 91, 96, 97, 111]
