- •Әлеуметтік – гуманитарлық пәндер кафедрасы Семинарлық сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныс
- •Қарағанды – 2013 ж.
- •1.1 Негізгі әдебиеттер:
- •1.2. Қосымша әдебиеттер:
- •Білім алушылардың білімдерін және біліктерін бағалау әдістері:
- •1.1 Тақырып: Кіріспе. Әлеуметттану ғылым ретінде (объектісі, пәні, құрылымы). Әлеуметтанулық білім.
- •1.2 Тақырып: Әлеуметтанудың қалыптасуының кезеңдері және дамуы (әлеуметтік-философиялық және тарихи алғышарттары).
- •2.1 Тақырып: Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде.
- •2.2 Тақырып: Әлеуметтік институттар мен әлеуметтік процестер және олардың Қазақстан қоғамын жаңғыртудағы рөлі.
- •2.3 Тақырып: Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация. Әлеуметтік топтар және олардың қалыптасуының үрдісі.
- •2.4 Тақырып: Тұлғаның әлеуметтанулық сипаттамалары. Тұлғаның әлеуметтенуі. Тұлға мен қоғам арақатынасы мәселелері.
- •2.5 Тақырып: Әлеуметтік-демографиялық құрылым әлеуметтік стратификацияның бөлігі ретінде.
- •2.6 Тақырып: Қазақстан қоғамының әлеуметтік құрылымы мен әлеуметтік стратификациясы әлеуметтік өзгерістер аясында.
- •3.1 Тақырыбы: Қазіргі әлеуметтанушылардың сциологиялық теориялары (п. Бергер, п. Монсон, п. Сорокин)
- •4.1 Тақырыбы: Әлеуметтанулық зерттеудің әдістемесі, әдісі және техникасы. Ақпараттарды өндеу әдісі және олардың нәтижелерін талдау.
- •4.2 Тақырыбы: Девиация және әлеуметтік бақылау.
- •4.3 Тақырып: Саяси және экономикалық әлеуметтану.
- •4.4 Тақырыбы: Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы
- •4.5 Тақырыбы: Отбасы әлеуметтануы. Ұлттық әлеуметтану мәселесі
- •4.6 Тақырып: . Білім беру әлеуметтануы. Мәдениет әлеуметтануы. Дін әлеуметтануы.
- •2 Курс студенттеріне арналған кезендік бақылау сұрақтарының тізімі.
- •Мазмұны
1.2 Тақырып: Әлеуметтанудың қалыптасуының кезеңдері және дамуы (әлеуметтік-философиялық және тарихи алғышарттары).
Саяхат сабақ.
Мақсаты: студенттерді әлеуметтану тарихының негізгі бағыттарымен таныстыру. Әлеуметтану ғылымының пайда болуы мен қалыптасуының басты себептрін түсіндіру.
Оқыту міндеті: студенттерді әлеуметтанудың қалыптасуының негізгі кезеңдерңмен таныстыру, ХIХ – ХХ ғ. қазақ ойшылдарының адам мен қоғам дамуына деген әлеуметтанулық көзқарастарын түсіндіру, әлемдік әлеуметтанудың институционализациялануын түсіндіру. Қазақстандық әлеуметтанудың бүгінгі жағдайын талдау.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Әлеуметтанудың қалыптасуының негізгі кезеңдері.
О.Конт әлеуметтанудың негізін салушы.
Әлеуметтік статика мен әлеуметтік динамика.
Г.Спенсер және эволюцияның натуралистік концепциясы.
Э.Дюркгеймнің әлеуметтануы.
А.Тойнбидің өркениет пен өмірлік циклдар теориясы.
П.Сорокиннің әлеуметтанулық теориясы.
Ресейдегі әлеуметтанулық ойлардың дамуы.
ХIХ – ХХ ғ. қазақ ойшылдарының әлеуметтік көзқарасы.
Қазақстанның әлеуметтануының бүгінгі жағдайы.
Практикалық тапсырмалар:
1. Тапсырма Кестені толыр. Схема-кестелерді студентің семинар сабағына дайындалуға көмегі бар;
№ п/п |
Әлеуметтану тарихындағы негізгі бағыттар. |
Олардың сипаттамасы |
1. |
Әлеуметтанудың классикалық кезеңі. |
|
2. |
19 аяғындағы - 20 ғғ. басындағы әлеуметтану. |
|
3. |
20 аяғындағы - 21 ғғ. басындағы әлеуметтану. |
|
2. Тапсырма Әлеуметтанудың әртүрлі кезендерге бөлінуінің негізгі критерийлерін анықтау.
3. Тапсырма Кестені толыр.
Авторы |
Негізгі еңбектері |
Негізгі тұжырымдамалар |
О Конт |
|
|
Г.Спенсер |
|
|
Э Дюркгейм |
|
|
М.Вебер |
|
|
З.Фрейд |
|
|
Дж.Мид |
|
|
Т.Парсонс |
|
|
Р.Мертон |
|
|
Ф. Тенис |
|
|
К.Леви-Стросс |
|
|
П.Бергер |
|
|
Т.Лукман |
|
|
П.Бурдье |
|
|
Э.Гидденс |
|
|
Ч. Кули |
|
|
Ю.Хабермас |
|
|
4.Тапсырма. Қоғамның дамуы туралы тұжырымдамалар.
5.Тапсырма. Cөйлемдерді жалғастыр:
Қоғам дамуының үш стадиясы жөніндегі ілімді әзірледі …………
Қоғамның формациялық теориясын әзірледі ……..
К. Маркс тұжырымдамасындағы қоғам ұғымы……….
Т. Парсонс тұжырымдамасындағы қоғам ұғымы......
Құрылымдық функционализм теориясын әзірледі ….
Д. Белл әлеуметтануындағы қоғамның даму факторлары – ол.....
Г. Спенсер әлеуметтануындағы қоғамның даму факторлары – ол
6.Тапсырма. М. Вебер және Г.Зиммел әлеуметтануы.
Қазақ ағартушыларының әлеуметтік-саяси көзқарастары (Абай Құнанбаев, Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин).
М.Вебер тұжырымдамасындағы қоғам ұғымы.
Индустриалды қоғамның белгілері (Д. Белл бойынша)
Қазақ либерал демократтардың әлеуметтік-саяси көзқарастары (А.Байтурсынов, А. Бөкейханов, М.Дулатов)
Постиндустриалды қоғамның белгілері (Д. Белл бойынша).
Құрылымдық функционализм (Т. Парсонс).
Э. Дюркгейм әлеуметтануы.
О. Конттың қоғам дамуының үш стадиясы жөніндегі ілім.
О. Конт және Г. Спенсер әлеуметтануы.
Э. Дюркгейм тұжырымдамасындағы қоғам ұғымы.
Индустриалды қауымға дейінгі (дәстүрлі) қоғам (Д. Белл бойынша)
Білім берудің және оқытудың әдістері: Сабақ тарихи кезендерге саяхат түрінде жүргізіледі, өр кезенге баяндама презентация дайындау, оны қоғау, сабақтың жекелеген сұрақтарын тереңірек оқу, әлеуметтанудың кезендерінің ерекшелігін, кроссвод т.б. көрнекілік құралдарды құрастыру, қызықты турде көрсету, тапсырмаларын орындау.
Әдістемелік нұсқамалар:
О.Конттың, Г.Спенсердің, Э.Дюркгеймнің, М.Вебердің, Т.Парсонстың, А.Шилздың, П.Бергердің қоғам туралы теорияларын қарастыру айырмашылығын көрсету. Сол сияқты Г.Спенсердің, К.Маркстің, К.Поппердің, Д.Беллдің қоғам жөніндегі типологиясын талдау.
Әлеуметтану тарихындағы негізгі бағыттарды карастыру. Бұл сұрақта, әсіресе, 19 аяғындағы - 20 ғғ. басындағы әлеуметтануға аса үлкен көңіл беру керек. Сонымен бірге әлеуметтік статика және әлеуметтік динамика, аномия, құрылымдық функционализм (Парсонс) ұғымдарын талқылау.
Аталған семинар сабағына дайындалу барысында «Әлемдік әлеуметтану антология» хрестоматиясында көрсетілген ғалымдардың тұғырнамаларымен танысу және оларды талдау.
Орындау түрі: Тақырыпты өз бетінше игеру, әдебиеттермен жұмыс, рефераттарды дайындау, саяхат сабақ болғандықтан топқа бөлініп бір біріне кроссворттар мен тестер құрастырып ұсыну.
Тапсыру мерзімдері: семинар және келесі ОСӨЖ сабақтарында.
Бағалау критерилері: силлабустан қараңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиет: [1, 3, 6, 7, 10, 18, 19, 25, 28, 29, 31, 32, 35, 37, 38, 48, 49, 51, 52, 56, 58 , 59, 69, 71, 75, 82, 91]
Қосымша әдебиет: [29, 31, 32, 37, 47, 48, 49, 57, 60, 67, 68, 88, 89, 90, 113, 115, 125]
Тарау 2. Әлеуметтік өмірдің элементтері.
