Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Фармакология китап.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.06 Mб
Скачать

І бөлім. Жалпы фармакология.

1.1. Фармакология дегеніміз - дәрі-дәрмектердің шипалы әсерімен әртүрлі ауруларға қарсы және алдын-ала сақтандырғыш ретінде қолданылатын заттар туралы ғылым. «Фармаки» көне заманынан бері келе жатқан араб тіліндегі түсініктемесі бойынша емдік ретінде қолданылатын заттар болып табылады. Содан бері келе жатқан грек тіліне сіңіп кеткен «фармакон» яғни «дәрі» және «логос» - ғылым деген мағынаны білдіреді. Казіргі кездегі дәрі-дәрмектер бұл күнделікте зерттеп отыратын ғылым пәні ретінде де жүреді.

1.2. Жалпы фармакология – жалпы заңдылықтар мен дәрілердің өзара қатынастарының адам мен жануарлардың ағзасына тигізетін өзгерістердің әсерін оқытады. Сонымен қатар, дәрілердің фармакокинетикалық және фармакодинамикалық заңдылықтарын үйретеді.

1.3. Фармакокинетика – бұл ағзаға дәрілердің сіңірілуі, оның таралуы, метаболизмі және ағзадан шығарылуы жөніндегі фармакологияның белгілі бір бөлімі болып табылады.

1.4. Фармакодинамика – заттардың өздеріне тән тиісті күші, олардың орналасуы мен әсер ету механизмі туралы мәлімет береді. Дәрілердің әсер ету күштілігі – олардың ағзамен әрекеттесуінің нәтижесі болып табылады. Сондықтан да ол заттардың физиологиялық жігерлігін, қажетті қасиеттерінің сырын анықтап қана қоймай, дәрілер әсерінің қабылдануы және дене күйінің қалыпты жағдайға тәуелділігін көрсетеді.

1.5. Дәрілерді енгізу жолдары.

Дәрілерді емдік немесе аурудың алдын алу мақсатымен қолдану оларды ағзаға енгізуден басталады. Дәрілерді енгізу жолдары келесі топтарға бөлінеді:

1) Энтеральді - ас қорыту жолдары арқылы: а/ ауыз арқылы; б/ тіл астына;

в/ тік ішекке; г/ он екі елі ішекке зонд арқылы енгізу.

2) Парэнтеральді - ас қорыту жолынан тыс дәрілердің берілуі: а/ тері астына; б/ бұлшық етке; в/ көк және күре тамырға және және т.б.жолдары.

1.6. Дәрілердің сіңуі.

Сіңірілу (абсорбция) – заттардың торша қабықшадан (мембранасынан) өтіп, қан арнасына түсуі. Дәрілер сіңірілуінің негізгі механизмдері: енжар (пассивті) диффузия, сүзілуі, белсенді тасымалдау және пиноцитоз (жұтып алу).

1.7. Дәрілердің ағзаға таралуы және қорға жиналуы. Дәрілер қанға сіңгеннен кейін қан арқылы әртүрлі ағзалармен тіндерге барады. Таралу жолдарында әртүрлі биологиялық тосқауылдар кездеседі. Оларға жататындар: ұсақ тамырлардың қабырғалары, торша мембранасы, гематоэнцефальдық және плаценттік тоспалар.

1.8. Биотрансформация (биологиялық өзгеріске айналу) – бұл заттың, соның ішінде дәрінің, ағзадағы химиялық бұзылысы (метаболизмі). Биотрансформация негізінен бауырда өтеді, сондай-ақ бүйрек, ішек қабырғасы, өкпе, бұлшық етте және басқа ағзаларда да өтуі мүмкін. Көптеген дәрілер екі кезеңдік өзгерістерге ұшырайды:

1) Метаболизмдік трансформация (бұзылмалы өзгеріс деген мағынада);

2) Конъюгация (қосылыс деген мағынада).

Метаболизмдік трансформация – дәрілік заттың тотығу, тотықсыздану немесе гидролиз арқылы басқа затқа айналуы. Осы жүріс нәтижесінде көптеген дәрілердің белсенділігі төмендейді. Тек қана бірен-саран дәрілердің бастапқы түріне қарағанда белсенділігі жоғарылауы ықтимал.

Конъюгация - биотрансформацияның екінші кезеңдегі дәрі немесе оның метаболиттері - глюкурон, күкірт, сірке қышқылдарымен және т.б. глютатиондармен қосылып эфирлер түзілуі. Көбінесе фармакологиялық белсенділігін жоғалтқан конъюгаттар пайда болады.

1.9. Дәрілердің денеден шығуы.

Дәрілер, олардың метаболиттері мен конъюгациялары денеден бүйрек, бауыр, ішек, өкпе, сүт бездері және басқа сыртқы бездердің сөлдері арқылы шығады.

1.10. Дәрілердің тиісті әсерлері.

1.10.1. Жергілікті бірінші әсері – дәрінің теріге немесе кілегейлі қабықшаға, қанға сіңбей тұрып, сол жерге тигізетін ықпалы.

1.10.2. Резорбтивті екінші әсері - дәрінің қанға сіңуі, қан арқылы бүкіл денеге тиетін негізгі жалпы шипасы.

1.10.3. Рефлекторлық үшінші әсері – жүйке жүйесінің шеткі рецепторларына тікелей тиетін әсері. Мысалы, М- және Н- холинорецепторлар, α- және β- адренорецепторлар.

Рецепторлар дегеніміз - макромолекулярлық заттардан тұратын шеткі жүйке жүйенің жауаптық тиісті белсенділік орталығы.

1.11. Дәрілерді бірнеше рет қайталап бергендегі көрсеткіштері.

1) Дәріні бірнеше рет бергенде әсері төмендеп, бара – бара жоғалып кетеді, оны дәріге бейімделу деп атайды.

2) Дәріні бірнеше рет бергенде адам құмарланып одан шыға алмай байланып қалады, оны тәуелділік деп атайды. Мұның екі сатысы болады:

а) рухани құмарлық – эмоциялық ой-пікірден; б) тән (дене) құмарлық.

3) Кумуляция – дәрінің денеге жиналуы:

а) материалдық - дәрінің өзі жиналады, яғни заттық жиналу деп атайды;

б) функциональдық, яғни дәрінің тиісті әсерінің жиналуы.

1.12. Дәрілердің бір-бірімен әрекеттесуі.

1.12.1. Фармакологиялық қатынасы – бірнеше дәрілерді емдік ретінде пайдаланғандағы денедегі өзгерістер:

1) фармакокинетикалық – дәрілерді енгізгеннен кейінгі жүріс жолдарындағы өзгерістері:

а/ сіңірілу; б/ таралу; в/ шығу кезіндегі.

2) фармакодинамикалық - дәрілердің денедегі әсер ету механизмдік әрекетіне сай өзгерістер.

3) химиялық – дәрілер бір-бірімен химиялық алмасуы, өзгеріске түсуі.

4) физикалық-химиялық – дәрілердің бір-бірімен физикалық (йондық күш арқылы тартысу) және физикалық-химиялық бірдей жүретін қатынастар арқылы өзгерістер.

Дәрілерді қолданғанда қатарынан бірнеше дәріні беруге болмайды, жоғарыда айтылғандай бір-біріне өзгерістік туғызып отырады және сол жердегі ағзаға, көбінесе ол бауырдың торшаларына қатерлі әсер етеді. Кейбір дәрілердің метаболиттері жиналып, ол ауруға шалдықтырады. Бұл өзгерістердің бәрі дәрінің мөлшерімен емдік уақытына байланысты.

1.12.2. Фармацевтикалық – дәрі – дәрмектер дайындау кезіндегі қатынастық (химиялық және физикалық-химиялық) өзгерістер болуы мүмкін.

Дәрілерді дайындағанда бірнеше индифференттік (крахмал, қант, жабысқақ және т.б.) заттар қосылады. Содан соң күннің сәулесі, ауаның ылғалдылығы және қызуы және және т.б. әсер етеді. Сондықтан әр дәрінің белсенділік уақыты (6 айдан бастап 1-2-5 жылға дейін) болады.

1.13. Дәрі-дірмектердің тізімі.

Қазіргі қолданылатын дәрі-дәрмектер улы әрекеттеріне байланысты 3 тізімге бөлінеді:

1-ші тізім өте улы заттар (Venena) – бұған барлық наркотикалық дәрілер және басқа да улы заттар (50 шақты улы дәрілер) кіреді. Бұларды өте мұқият қорғаныста, арнайы дабылды (жарықты және дыбысты) темір шкафтың ішінде сақтау керек.

2-ші тізім - улылығы жоғары (Нeroica) – 300-ден аса дәрілер жатады. Бұларды өте мұхият қолдану керек, мөлшері асып кетсе тез улануға әкеледі.

3-ші тізім - улылығы аз заттар (Waria) –қалған дәрілердің барлығы жатады. Бұл дәрілердің мөлшерін көбірек беріп қойса жалпы улануға әкелуі мүмкін. Сонымен улы емес дәрілер болмайды.

1.14. Дәрі-дәрмектердің шикі заттан дайындалған топтары.

Шикі заттан жасалған дәрі-дәрмектер келесі топтарға бөлінеді:

1. Химиялық жасанды дәрілер – ең көп тобы (фенобарбитал, прозерин, октадин және т.б.).

2. Өсімдік дәрілері - олар өсімдік заттардан алынған алкалоидтар болып табылады (строфантин К, атропин сулфат және т.б.).

3. Минеральдық дәрілер (кальций хлориді, магний гидроксиді және т.б.)

4. Микробтық дәрілер – антибиотиктер (тетрациклин, гентамицин және т.б.).

5. Жануарлардан алынған дәрілер-көбінесе гормондар (инсулин, окситоцин).

1.15. Дәрі-дәрмектердің фармакотерапиялық әсерлері.

Дәрі-дәрмектердің емдік бағытына қарай келесі фармакотерапиялық әсерлері болады:

1. Симптоматикалық ем – дерттік, зияндық уақытша көрсеткіштерге қарсы пайдаланылады. Мысалы, бас ауырғанда, қызу көтерілгенде қолданылатын дәрілер (пенталгин, баралгин, парацетамол және т.б.).

2. Этиологикалық ем – аурудың себеп болған жолдарын бөгеу үшін қолданылатын дәрілер. Мысалы, өкпе қабыну (пневмония) – пневмококкты бактериядан болғандықтан, тиісті антибиотиктер (пенициллин тобы) қолданылады.

3. Патогенетикалық ем – аурудың неден болған себебін білмей тұрып, сол дерттің даму жолын бөгейтін дәрілер. Мысалы, гипертензиялық ауру – оған қарсы қолданылатын дәрі - резерпин. Бұл синапстағы жиналып тұрған медиаторларды (норадреналин, серотонин) жуып кетеді, содан соң тамыр қысымы босай бастайды, нәтижесінде гипотензияға әкеледі.

4. Жетіспеушілік кезіндегі ем – денедегі мүшелердің өзіне тиісті қызметі төмендеуі кезінде оған сырттан толықтырады. Мысалы: ұйқы безінің инсулині жетіспейді, сол кезде инсулин сырттан қолданылады. Тағы бір мысалы, тиреоидин - қалқанша бездің гормоны жетіспейді, сырттан трийодтиронин гидрохлориді қолданылады.

5. Ынталандыратын ем – ішкі мүшелердің өз қызметі бөгеліп қалған кезде, оны қоздыру үшін белсендігін күшейтетін дәрілерді ендіру. Мысалы: окситоцин жатырдың жиырылу әрекетін күшейтеді. Т-активин иммунитетті көтеретін дәрі.

ІІ бөлім. Жалпы рецептура.

Фармакологияға жақын пәндердің бірі - фармация. Оның ішінде қосымша ғылым ретінде фармакогнозия, өсімдік дәрілердің түр-түрін дайындайтын, фармацевтикалық химия және рецептура (жазба) бөлімдері бар.

Дәрілерді дайындау үшін, оның ішіндегі заттардың тазалығын және белсенділігін бақылау үшін анықтамалық фармакопея заңды кітабы болады.

2.1. Фармакопея – дәріхана мамандарына арналған заңдық мінездемесі ретінде қолданылатын ресми кітапша. Осы фармакопея арқылы заңдылықты өзгертілмей дәрілер шикізаттан жасап шығарылады.

2.2. Рецептура – фармация бөліміне жататын, дәрілерді жазу мен дайындауға арналған заңды түрдегі жазба. Сондықтан рецептура, екі түрге бөлінеді: дәрігерлік және фармацевтикалық рецептура.

Фармацевтикалық рецептура арқылы дәрілер зауыттан дайындалып шығарылады.

Дәрігерлік рецептура арқылы дәріні заңды түрде жазып, сол арқылы дәріханадан алады.

2.3. Рецепт – дәрігерлердің фармацевттерге арналған жазбасы. Осы жазған дәріні белгіленген түріне, мөлшеріне байланысты науқастарға тағайындау ұсынысы.

Рецепттің ресми жазбасы тек латын тілінде жазылады, ал дәріні қалай қолдану керектігі жөніндегі түсініктемесі, науқас тілінде жазылады. Рецепттік бланкте уақытын (күні, айы, жылы), аты-жөнін, жасын (16-дан 60 жасқа дейін жазылмайды, өйткені орташа емдік мөлшермен байланысты), содан соң дәрігердің аты - жөні жазылуы тиіс. Рецептуралық тәжірибе жазбасында бірнеше мәліметтер болады.

1) Ресми жазба фармакопея арқылы заңды түрде өзгеріссіз жазылады. Бұл жазба жиі кездеседі, анықтамалық кітапша бойынша жазылады.

2) Магистральдық жазба - дәрігердің ұсынысымен жазылатын жазба, бұл өте қажет жағдайда анықтамада жоқ болғандықтан жазылатын рецепт.

3) Қарапайым жазба - рецепттің ішінде бір ғана емдік дәрі жазылуы.

4) Күрделі жазба – рецепттің ішінде бірнеше емдік дәрі және басқа да заттар жазылуы.

5) Қысқаша жазба - рецептте тек емдік дәрі ғана көрсетілуі.

6) Толық жазылатын рецепт - емдік дәрімен бірге қоспалы заттардың ( индиференттік) да жазылуы.

7) Мөлшерлі жазба - дәрінің керекті емдік мөлшерінің жазылуы.

8) Мөлшерсіз жазба - дәрінің жалпы салмағы және көлемінің жазылуы.

2.4. Рецепторлық бланктер.

Рецептті жазғанда 3 түрлі рецепторлық бланкпен жазады.

1-ші бланк - дәрілерді бүкіл бағасына дәріханадан сатып алуға арналған рецепт жазылады.

2-ші бланк- тегін немесе жеңілдікпен (мысалы, 50%) берілетін дәрілер жазылады, бірақ көшірмесі болу керек, ол дәрігерде қалады.

3-ші ресми бланк - улы және ересектер дәрілерін жазуға арналған және тегін немесе жеңілдікпен дәріханадан алуға болады.

Дәрілердің басым бөлігі тек рецепт арқылы алынады, бүкіл шет елдерде осындай заңды тәртіп енгізілген.

2.5. Дәріхана дегеніміз – қарапайым (ерітінділер және ұнтақтар) дәрілер дайындайтын, сол жердегі жинақты дәрілерді сақтайтын және науқастарға дәріні жіберетін мекеме.

2.6 Дәрілердің жалпы мөлшері

Дәрі – дәрмектер негізі белгілі бір ғана өзіне тиісті мөлшермен дайындалып, жіберіліп отырады. Сондықтан дәрілер әртүрлі қолдануға ыңғайлы белгі көрсеткіштік мөлшерлермен дайындалады.

1) 1 грам дәрінің белгілі бір салмағы - 1,0 - деп жазылып, айтылады.

2) 0,1 грам – 10-нан бір грамы - бір дециграмм немесе 100 мг болады.

3) 0,01 грам – 100-ден бір грамы - бір сантиграмм немесе 10 мг болады.

4) 0,001 грам – 1000-нан бір грамы - бір миллиграмм - 1 мг – деп айтылып, жазылады. Бұл ең көп қолданылатын ыңғайлы мөлшер.

5) Он мыңның біреуі – 0,0001 детцемиллиграм, бұл 0,1 мг болады.

6) Жүз мыңның біреуі – 0,00001 сантимиллиграм, бұл 0,01 мг болады.

7) Бір миллиондық бөлімінің біреуі - 0,000001 грам бұны бір гамма (γ) деп атайды және белгілейді.

Дәрілердің концентрациясы (топтаулы түрде тұратын затты айтады), бұларды бірнеше тәсілдікпен белгілейді.

1) Пайыздық мөлшер - заттың салмағы 1% болса, оның ерітіндісі 1 мл, 10 мл және 100 мл теңдесек 1% – 1 мл-де = 0,01 г немесе 10 мг; 1% - 10 мл = 0,1 г немесе 100 мг және 1% - 100 мл = 1 грам болады.

2) Қатынастық мөлшер – заттың 1 көлемі 100 мл, 500 мл және 1 литрмен дайындалса, мысалы, 1:10 мен деп емен қабығының қайнатпасын 200 мл суға дайындасақ, оның мөлшері 20,0 (грамм) = 200 мл болады.

3) Салмақ (мөлшері) пен көлем қатынасы - заттың салмағы көлемімен байланысты. Мысалы, пайыздық мөлшерді салмақтық мөлшермен жазсақ - 0,1 (грам) – 10 мл және 0,01 (грам) – 1 мл деп есептеледі. Қатынастық мөлшерді де осылай жазуға болады: 20,0 – 200 мл. Бұндай мөлшерлік жиі кездеседі.

4) Биологиялық әсерлі мөлшер – ЕД (Еденица действия) дәрінің биологиялық тиісті әсер етуші мөлшерлер.

2.7. Дәрілердің емдік мөлшері.

1) Бір реттік мөлшер дегеніміз - дәріні бір рет бергендегі емдік әсері.

2) Тәуліктік мөлшер – тәулігіне бірнеше рет берілетін мөлшер.

3) Курстық мөлшер -ем барысындағы жалпы мөлшер.

4) Алғашқы емдік мөлшер – емді бастағанда қолданатын ең аз мөлшері.

5) Ең көп мөлшері – ең көп көрсеткіштің емдік әсері.

6) Орташа емдік мөлшері – бұл ең аз мөлшер мен ең көп мөлшердің ортаңғы әсері. Барлық дәрілердің мөлшері орташа мөлшермен белгіленеді.

7) Дәрінің әсері жоғары мөлшерден асып кеткен жағдайда улану белгілері пайда болады, бұны уытты мөлшер дейді.

8) Уытты мөлшердің әсері асып кетсе, кейде өлімге әкеледі - бұны өлтіретін мөлшер дейді немесе латынша - LD – Letalis dosis (өлім мөлшер).

2.8 Дәрі-дәрмектердің түрлері

Дәрілік заттарды қолдануға ыңғайлы болу үшін және әр шикі заттан дұрыс реттілікпен сақталған жағдайда келтіріліп, қалыптасқан ресми түрінде шығарылады. Сондықтан жалпы дәрілердің 5 түрі болады:

1. Қатты дәрілер: ұнтақ, түймедақ, драже, капсула (қаптама) және т.б.

  1. Жұмсақ дәрілер: майлар (қою май), пасталар, балауыздар.

  2. Сұйық дәрілер: ерітінділер, эмульсия, суспензиялар (быламық), тұнба, қайнатпа, түндырма, экстракт (сығындылар), микстура (қоспа - әр түрлі аралас), линименттер (сұйық майлар).

  3. Егуге арналған дәрілер: ампула және флакондар.

  4. Баллондағы аэрозольды дәрілер.

2.8.1. Қатты дәрілер.

2.8.1.1.Ұнтақтар (Pulveres) - ішуге және сыртқа сеппе ретінде қолдануға арналған өте уақ және қатты заттар. Бұлардың өзі бірнеше түрге бөлінеді:

а/ Қарапайым ұнтақтар – құрамында тек бір ғана зат болса.

б/ Күрделі ұнтақтар – құрамында екі және одан да көп заттар болса.

в/ Мөлшерге бөлінген ұнтақтар. Мысалы, морфиннің мөлшері 10 мг № 5, 1 ұнтақ күніне 2 реттен ішуге қолданылады.

г/ Мөлшерсіз ұнтақтар. Мысалы, тальктің жалпы салмағы 50 г сеппе түрінде қолданылады.

Мөлшерлі ұнтақтың орташа салмағы 0,3 – 0,5 г болады, ал одан төмен кезінде, басқа индифференттік (емдік әсері жоқ зат) ұнтақпен сол жалпы салмағына жеткізу керек.

Мысалы: Морфиннің мөлшері өте аз (10 мг), ал ұнтақтың жалпы салмағы 0,3 г болу керек, сондықтан қант қосылған түрінде жазылады.

Rp.: Morphini hydrochloridі 0,01

Sacchari 0,3

M.f.pulv.

D.t.d. № 5

S. 1 ұнтақтан күніне 2 рет.

#

Мысалы: Анестезиннің мөлшері бөлінген және салмағымен бірдей, қарапайым жазба ретінде беріледі.

Rp.: Anaesthesini 0,3

D.t.d. № 10

S. 1 ұнтақтан күніне 3 рет.

#

Мысалы: Цинк тотығы мен тальктің мөлшерсіз жалпы салмағымен сеппе түріндегі жазбасы.

Rp.: Zinci oxydi 10,0

Talci 40,0

M. ut f. pulv.

D.S. Ұнтақ түріндегі сеппе.

#

2.8.1.2. Түймедақтар (Tabullettae) – қатты түрде бірнеше индифферентті заттарды зауытта тиісті машинамен қысу және жабыстыру арқылы жасалады. Түймедақтар сақтауға және қолдануға ең ыңғайлы дәрі түрі.

Мысалы: Атропиннің түймедақ түріндегі жазбасы.

Rp.: Atropini sulfatis 0,0005

D.t.d. № 20 in tab.

S. 1 түймедақтан күніне 2-3 рет, тамақ ішер алдында.

#

Кейбір түймедақтардың ішінде бірнеше емдік мақсат ретінде қолданылатын дәрілер бар, сондықтан олардың жалпы коммерциялық аты жазылады.

Мысалы: Цитрамон П (ацетилсалицил қышқылы 0,24 г; парацетамол 0,18 г; кофеин 0,03 г; какао 0,025 г; лимон қышқылы 0,005 г) түймедақ түріндегі жазбасы.

Rp.: Tabulettas «Citramonum» П № 20

D.S. 1 түймедақтан бас ауырғанда.

#

Мысалы: Апрессинің қапталған (Obductis) түріндегі жазбасы.

Rp.: Apressini 0,01

D.t.d. № 20 in obd.

S. 1 түймедақтан күніне 2-3 рет.

#

Мысалы: Аспирин мен кофеиннің күрделі түймедақ түріндегі жазбасы.

Rp.: Acidi acetylsalicylici 0,25

Coffeini 0,05

D.t.d. № 20 in tab.

S. 1 түймедақтан күніне 3 рет.

#

2.8.1.3. Драже (Dragee) – домалақтанған түрдегі әр түсті және тәтті (сироп қосылған) зауытта машиналық аппаратпен шығарылатын қатты дәрінің түрі. Балаларға және есінен айырылған науқастарға арналған дәрі.

Мысалы: Д витаминінің драже түріндегі жазбасы.

Rp.: Dragee Ergocalciferoli 500 ME

D.t.d. № 30

S. 3 дражеден күніне 1-2 рет.

#

2.8.1.4. Капсула (Capsulae) – ұнтақ, сұйық және т.б. дәрілерді қапталған түрде пайдаланады.

Мысалы: Майсана майдың қапталған түріндегі жазбасы.

Rp.: Olei Ricini 1,5

D.t.d. № 10 in caps. gelat.

S. Жарты сағат ішінде қабылдауға арналған.

#

2.8.2. Жұмсақ дәрілер.

2.8.2.1. Майлар (Unguenta) – дәрілерді вазелинмен бірге араластырып сыртқа жағуға арналған түрінде дайындалады. Рецепт көбінесе қысқаша түрде жазылады.

Мысалы: Тетрациклин майының қысқаша және ашық түріндегі жазбасы.

Rp.: Ung. Tetracyclini 5% - 10,0

D.S. Жараға жағу үшін, жатар алдында.

#

Rp.: Tetracyclini 0,5

Vaselini ad 10,0

M.f. unguentum

D.S. Жараға жағу үшін, жатар алдында алдында қолдану керек.

#

2.8.2.2. Паста (Pastae) – дайындау кезінде вазелинмен бірге ең аз дегенде 25% - ең көбі 60- 65% индифференттік ұнтақ заттармен қосылады, сондықтан баттас май болып шығады. Қысқа жазбасы маймен бірдей, ал рецептті ашып жазғанда айырмашылығы болады.

Мысалы: Анестезинің пастасы, тек ашылған түріндегі жазбасы.

Rp.: Anaesthesini 0,5

Amyli

Zinci oxidi aa 5,0

Vaselini ad 50,0

M.f.pasta

D.S. Жараның үстіне салуға.

#

Мысалы: Анестезиннің пастасы, тек қысқаша түріндегі жазбасы.

Rp.: Pastae Anaesthesini 5% - 10,0

D.S. Жараның үстіне салуға.

#

2.8.2.3. Балауыз (Suppositoria) – мөлшерлі түрде сопақша келген, үй жылуына ерімейтін, ал денеде еріп және жақсы сіңетін қатты май. Мұның қолдануға ыңғайлы екі түрі болады: тік ішек балауызы (suppositoria rectalia), жалпы салмағы 3,0 г және қынап балауызы (suppositoria vaginalia), жалпы салмағы 4,0 г. Балауыздар үш түрлі жазбамен шығарылады. Ресми, коммерциялық және жалпы түріндегі жазбалар.

1) Балауыздың ресми түріндегі жазбасы.

Rp.: Suppositorium cum Metronidasolo 0,5

D.t.d. № 10

S. 1 балауыздан жатар алдында.

#

2) Балауыздың коммерциялық түріндегі жазбасы.

Rp.: Suppositoria «Anaesthesolum» № 10

D.S. 1 балауыздан жатар алдында.

#

3) Балауыздың жалпы тік ішекке арналған жазбасы.

Rp.: Nystatini 125000 EД

Olei Cacao 3,0

M.f. suppositorium rectale

D.t.d. № 6

S. 1 балауыздан жатар алдында.

#

4) Балауыздың жалпы қынапқа арналған жазбасы.

Rp.: Nystatini 250000 EД

Olei Cacao 4,0

M. f. suppositorium vaginale

D.t.d. № 6

S. 1 балауыздан жатар алдында.

#

2.8.3. Сұйық түрлі дәрілер.

2.8.3.1. Ерітінділер (Solutionis) – қатты дәрілердің тазаланған судағы (Aqua destillata), этил спиртіндегі (Spiritus aethylicus) және зәйтүн майындағы (Oltum Olivarum) ерітіндісі және т.б.

1) Сульфацил-натрийдің су ерітіндісі түріндегі жазбасы.

Rp.: Sol. Sulfacyli-natrii 30% - 10 ml

D.S. 1-2 тамшыдан көзге күніне 3 рет.

#

2) Салицил қышқылының спирт ерітіндісі түріндегі жазбасы.

Rp.: Sol. Ac. salicylici spirituosae 1% - 40 ml

D.S. Теріні жағуға.

#

3) Токоферол ацетаттың майлы түріндегі жазбасы.

Rp.: Sol. Tocopheroli acetatis oleosae 30% - 20 ml

D.S. 10 тамшыдан ішуге күніне 2 рет.

#

2.8.3.2. Суспензиялар (Suspensiones) – сумен ұнтақ аралас быламыққа ұқсас сұйық дәрі. Ішуге, жағуға және буынға егуге қолданылады. Мысалы: Гидрокортизонның суспензия түріндегі жазбасы.

Rp.: Susp. Hydrocortisoni asetatis 2,5% - 5 ml

D.S. Көз тамшысы. Күніне 3-4 рет 2 тамшыдан.

#

2.8.3.3. Тұнба және қайнатпа (Infusa et Decocta) – дәрілік өсімдіктің гүлін және жапырағын үгіп алып, суға бір рет қайнатып, бұқтырып және сүзіп алғаннан кейінгі дайын ерітіндіні тұндырма деп атайды, ал өсімдіктің тамырынан 10-15 минуттай қайнатып, содан соң бұқтырып және сүзіп алынған ерітіндіні қайнатпа дейді. Бұлар ас қасықпен ішуге арналған.

1) Термопсис шөбінің тұнба түріндегі жазбасы.

Rp.: Infusi herbae Thermopsidis 0,6 – 180 ml

D.S. Күніне 3 рет 1 ас қасықтан ішуге.

#

2) Емен қабығының қайнатпа түріндегі жазбасы.

Rp.: Dec. corticis Quercus 20,0 – 200 ml

D.S. Ауыз қуысын шаюға.

#

2.8.3.4. Тұндырма (Tincturae) – спирт арқылы 1-2 аптадай тұндырып жасалған сұйық дәрі. Көбінесе тамшы ретінде қолданылады. Мысалы: Сасық шөптің (пустырник) тұндырмасының жазбасы.

Rp.: Tincturae Leonuri 25 ml

D.S. 20-40 тамшыдан күніне 3 рет.

#

2.8.3.5. Сығынды (Extracta) – спирт, эфир және хлороформ арқылы сығынды түрде жасалады. Сығындылар үш түрлі болады: сұйық (Extractum fluidum), қою (Extractum spissum) және құрғақ (Extractum sicci). Мысалы: Итжидектің құрғақ сығынды түріндегі жазбасы.

Rp.: Extracti Belladonnae sicci 0,015

Sacchari 0,3

M.f.pulv.

D.t.d. № 12 in charta cerata

S. Күніне 1 ұнтақтан 3 рет.

#

2.8.3.6. Қоспа (Микстура - Mixturae) – бірнеше түрлі (қатты, сұйық, майлы т.б.) сулы заттармен араласқан тек ішуге және жағуға қолданылатын сұйық дәрі. Мысалы: пепсин және тұз қышқылының аралас қоспа түріндегі жазбасы.

Rp.: Pepsini 2,0

Ac. hydrochloridi dilute 5 ml

Aq. destill. 200 ml.

M.D.S. 1-2 ас қасықпен күніне 2-3 рет

тамақпен бірге.

#

2.8.3.7. Майлы сұйық дәрі (Линимент – Linimenta) – қатты дәрілермен бірге майлы заттар араласқан сыртқа жағу үшін қолданылатын дәрі. Мысалы: Терпентиннің (скипидар) майы, хлороформ және метилсалицилат араласқан май түріндегі жазбасы.

Rp.: Ol. Terebinthinae

Chloroformii aa 15 ml

Methylii salicylatis 10 ml

M. f. linim.

D.S. Жағу үшін арналған.

#

2.8.4. Егуге арналған (pro injectionibus) түрлі дәрілер. Бұлар заласыздандырылған шыны ыдыстағы (ерітінді немесе ұнтақ) дәрілер. Ампуласы (ampullis) 1мл-ден, 10 және 50 мл-ге дейін, ал ішіндегі дәрі ерітінді немесе ұнтақ түрінде болады. Флакондар (рецептте флакон жазылмайды) 200 мл-ден, 500 және 1000 мл-ге (1 литр) дейін болады. Мысалы: Новокаиннің ампуласы және тримекаиннің флаконды жазбасы.

Rp.: Sol. Novocaini 0,5 % - 5 ml

D.t.d. № 10 in ampull.

S. Өткізгіштік жансыздандыру үшін.

#

Rp.: Sol. Trimecaini 0,25% - 400 ml

D.S. Инфильтрациялық жансыздандыру үшін.

#

2.8.5. Баллондағы ауа және газбен араласқан аэрозольды (Aerosolum) дәрілер. Мысалы: «Эфатин» аэрозолінің жазбасы.

Rp.: Aerosolum «Ephatinum» 10 ml

D.S. Ауыз қуысының түкпіріне 3 рет басуға.

#

ІІІ бөлім Жеке фармакология.

1 тарау. Шеткі жүйке жүйесіне әсерін тигізетін дәрілер.

Шеткі жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілер екі топқа бөлінеді.

1. Афференттік иннервацияға әсер ететін дәрілер.

2. Эфференттік иннервацияға әсер ететін дәрілер.

1.1. Афференттік иннервацияға әсер ететін дәрілер, олар шеткі афференттік жүйкенің сезімталдығын бұзатын дәрілер, оның ішіндегі бірнеше тобы (жансыздандыратын, тұтқыр, қаптауыш және тұтқыш) сезімталдықты төмендетеді, ал соңғы зат жергілікті жүйкені тітіркендіріп қозу барысын арттырады. Бұған жататын дәрі-дәрмектер:

1) Жергілікті жансыздандыратын, яғни анестетиктер - кокаин, дикаин (Dicainum), анестезин (Anaesthsinum), новокаин (Novocainum), лидокаин (Lidocainum), тримекаин (Trimecainum), пиромекаин (Pyromecainum) және т.б. дәрілер жатады.

2) Тұтқыр немесе бырыстырушы дәрілер: танин (Tanninum), емен қабығы (Cortex Quercus), қорғасын ацетаты (Plumbi acetas), висмут нитраты (Bismuthi subnitras), ашутас (Alumen) және т.б.

3) Қаптаушы дәрілер: крахмал шырышы (Mucilago Amyli).

4) Тұтқыш дәрілер: тальк (Talcum), белсенді көмір (Carbo activatus).

5) Тітіркендіргіш дәрілер: қыша қағаздар (Charta sinapis), терпентиннің тазаланған майы (Oleum Terebinthinae rectificatum), ментол (Mentholum), аммиак ерітіндісі (Solutio Ammonii caustici).

1.1.1 Жергілікті жансыздандыратын дәрілер.

Жансыздандырушы (анестетиктер) дәрілер (новокаин, лидокаин және т.б.) – жергілікті сезу жүйкелерін тежейтін заттар. Бұлар жергілікті сезімталдықты жою арқылы ауырсынуды сездірмейді. Жансыздандыруды төмендете отырып, жергілікті қызуды және т.б. сезімталдықты жоғалтады, ең соңында жанасу және қысым рецепторлары жойылады.

Жансыздандырғыш дәрілердің тиісті әсер ету механизмі электролиттердің алмасуы арқылы өтеді, оның ішіндегі натрий ионының мембраналық өткізгіштігін төмендетеді, сондықтан бұлар натрий ион арықты қамайтын заттар болып аталады. Осы анестетиктер орталық жүйкеден келе жатқан импульстерге кедергі жасайды, содан кейін потенциалдық жүрістер бөгеліп қалады.

Анестетиктерді негізі жергілікті талшықтарды жансыздандыру үшін қолданады. Тиісті жергілікті әсері бойынша бұлар келесі жансыздануларға бөлінеді:

1/ Үстүрт жансыздандыру - ең үстіңгі талшықтарды жансыздандыру үшін қолданылатын заттар – кокаин, дикаин, анестезин. Үстіртін жансыздандырушы дәрілерді кілегей қабықшасына қолданады және жарақаттанған жерге жағады. Өйткені бұлардың улы әсері өте жоғары (кокаин, дикаин) немесе суда еруі нашар келеді (анестезин).

2/ Инфильтрациялық жансыздандыру - әр қабатты бірте-бірте жансыздандырып отырады (новокаин, лидокаин). Инфильтрациялық жансыздану кезінде әуелі жансыздандыратын ерітінді теріге, содан соң төмен жатқан қабаттарға біртіндеп егіледі.

3/ Өткізгіштік жансыздандыру – бір аймақтағы керекті жүйке талшықтарды жансыздандырады (лидокаин). Бұндай жансыздану үшін қолданылатын заттар – лидокаин, тримекаин және т.б. Өткізгіштік немесе регионалдық түрінде жансыздандырылатын жүйкенің жолына егіледі, жүйке талшығының қозуына бөгет жасалынады. Сол жүйкемен қамтамасыз ететін аймақта сезімталдық жойылады.

Жансыздандырғыш дәрілердің (кокаин, дикаин) жанама әсерлері көбінесе жылдам қанға сіңіріледі, содан соң тез орталық жүйке жүйесіне қатерлі өзгерістер туғызады: ұйқысы келіп, күші кетіп, басы айналады, қымыл-қозғалыстары бөгеліп қалады, көзі қарайып, құлағы естімейді, ақырында бүкіл денесі тырысып қалуы мүмкін. Көбірек қолданғанда аллергиялық реакция береді (новокаин). Қан-тамыр арқылы егілгенде тамыр қысымы төмендеп, жүрек жұмысының жетіспеушілігі және ырғағының бұзылуы, лоқсу, құсу және т.б. қатерлі әсерлері байқалуы мүмкін.

Парааминбензой қышқылының туындыларын (дикаин, анестезин, новокаин) сульфаниламидтық дәрілермен қосып беруге болмайды, бұлар бір туынды дәрілерге жатады, сондықтан мөлшері асып кетсе улы әсері пайда болады және аллергиялық өзгерістер байқалуы мүмкін.

Кокаин – жансыздандыруы жағынан басқа анестетиктерден әсері жоғары, бірақ өте улы. Кокаинді көбінесе көзді емдеуге қолданады. Қазіргі кезде улылығына байланысты кокаинді сирек қолданады, тіпті үстірт жансыздандырудың өзіне оны мұқият қолдану керек, өйткені қысқа уақыт ішінде құмарлыққа (кокаинизм) әкеледі, осыған байланысты кейінгі кездері біздің елде қолданбайды.

Дикаин (Тетракаин т.б.) – үстірт жансыздандыру үшін қолданатын дәрі. Кокаиннен 10 есе күшті, бірақ 2-3 есе улы. Ішкі көз қысымына әсер етпейді, қарашықты кеңейтпейді. Жергілікті ұсақ тамырларды кеңітеді, сондықтан қан тамырына жылдам сіңіріліп кетпеуі үшін адреналинмен қосып беру керек.

Дикаинді жергілікті жансыздандырғыш зат ретінде, үстіртін жансыздандыру үшін офтальмологияда және отоларингологияда қолданады. 0,3% ерітіндісі (көз тамшысы) 5 және 10 мл флаконда болады. Операция кезінде 1 тамшыдан 2-3 тамшыға дейін беріледі.

Бұл өте улы болғандықтан, мұқият болу керек, көбінесе пайыздық мөлшері асып кеткенде, жергілікті тамырлар кеңейіп бұзыла бастайды, содан кейін көзі қанталап кетеді. Бұны аллергия кезінде және сульфаниламидтік дәрілермен бірге қолданбайды.

Rp.: Sol. Dicaini 0,3%-5 ml

Sol. Adrenalini hydrochloridі 0,1% gtts Ш

M.D.S. Көз тамшысы.

#

Анестезин (Бензокаин т. б.) – белсенділігі жоғары, үстіртін жансыздандыру үшін қолданылатын анестетик. Спирт пен майда жақсы, ал суда баяу ериді.

Сондықтан тері жарақатына 5% майы және пастасы, 0,3 г ұнтақ түрінде пайданылады.

Анестезин көбінесе асқазан қысылып ауырғанда, лоқсу, құсу, жергілікті жарақаттанғанда және күйген жерге, қышымамен өтетін тері ауруларына, тік ішектің қышуы, жарылуы, стоматитке және геморрой кезінде қолданады.

Бұл дәріні кейбір сезімталдығы жоғары адамдарға және сульфаниламидтік дәрілермен бірге беруге болмайды.

Анестезин көбінесе қоспалы дәрілермен бірге пайдаланылып отырылады. Бұлар: «Белластезин» және «Павестезин» түймедағы, «Анестезол» балауызы, «Ампровизоль» аэрозолі және т.б.

Rp.: Anaestesini 0,3

D.t.d. №. 20

S. 1 ұнтақтан күніне 3 рет.

#

Rp.: Ung. Anaestesini 5%-10,0

D.S. Май, жағу үшін.

#

Новокаин (Прокаин және т.б.) – диэтиламиноэтанол мен парааминбензоид қышқылының қоспасы. Медицинада гидрохлорид түрінде қолданылады. Әсер ету ұзақтығы 30 минуттан 1 сағатқа дейін. Улылығы төмен. Преганглионарлық талшықтардан ацетилхолиннің бөлінуін төмендетеді, ганглионарлық бөгеттеуші әсері бар. Бұл өзі жүрек-қан тамырлар жүйесіне гипотензивтік әсер етеді. Негізгі инфильтрациялық, өткізгіштік жансыздандырғыш болып табылады.

Новокаинді жергілікті және жұлынды жансыздандыру үшін, вагосимпатикалық және паранефральдық бөгет жасау, асқазан және он екі елі ішек және т.б. жаралардың ауырсынуын қойғызу, тік ішектің жарылуын, геморройды емдеу үшін қолданады және т.б. ауырсыну кезінде беріледі.

Мұны пайдаланғанда бас айналу, гипотония, әлсіздік, аллергиялық шок пайда болуы мүмкін. Кейбір адамдарға жақпайды. Сульфаниламидтік дәрілермен бірге қолданылмайды.

Новокаиннің көптеген мөлшерлері 0,25%; 0,5%; 1% және 2% ерітіндісі - 1, 2, 5 және 10 мл ампула түрінде; 0,25% және 0,5% ерітіндісі - 200 және 400 мл флакондағы; 5% және 10% майы; 0,1 г балауызы және т.б. түрлері жансыздандыру үшін пайдаланылады.

Rp.: Sol. Novocaini 0,5%-5 ml

D.t.d. № 10 in amp.

S. Өткізгіштік, 3-5 мл

#

Лидокаин (Ксикаин, Ксилодонт, Ксилокаин, Лидокарт және т.б.) ең көп қолданылатын анестетиктің бірі болып табылады. Новокаиннен 2-5 есе күшті және 2 есе ұзақ әсер етеді. Адреномиметиктермен бірге қолданғанда лидокаиннің әсерін ұзартады. Жалпы жергілікті жансыздандырғыш ретінде және аритмияға қарсы қолдануға да болады.

Лидокаиннің тиісті мөлшерлеріне келсек 0,25%-0,5% ертіндісі инфильтрациялық жансыздандыру, 0,5%-2% ерітіндісі өткізгіштік жансыздандыру, 1%-5% ерітіндісі терминальді жансыздандыру үшін қолданылады.

Бұны көбірек пайдаланғанда қан қысымының төмендеуі, кейде аллергия, ұйқышылдық, құсу, көру қабілетінің төмендеуі пайда болады. Бұл кезде ең төменгі пайыздығын қолданып және көлемін азайтқан жөн.

Лидокаинді сульфаниламидтік дәрілермен бірге қолдануға болады. Бұл дәрі 1% және 2% ерітіндісі - 5 және 10 мл ампулада және 50 және 100 мл флакон ретінде шығарылады.

Rp.: Sol. Lidocaini 1%-10 ml

D.t.d. № 6 in amp.

S. Өткізгіштік жансыздандыру үшін.

#

Тримекаин (Мезокаин т.б.) – лидокаинге ұқсас дәрі, новокаиннен 2-3 есе күшті. 0,5%-200 мл және 1%-100 мл инфильтрациялық жансыздандыру, 2%-20 мл өткізгіштік жансыздандыру үшін қолданылады.

Тримекаинді қолдану кезінде кейде науқастың түсі бозарып, басы ауырып, құсқысы келеді, ал уланғанда денесі тырысып клондық (дененің көпір тәрізді иілуі) безгек пайда болады, бұл кезде егуді тоқтату керек.

Бұның пайыздық мөлшері лидокаинге қарағанда төмен келеді (0,125%-0,25%), ал көлемі молдау болады (400-800 мл), бірақ көбінесе ұқсас келеді.

Rp.: Sol. Trimecaini 0,25%-400 ml

D.S. Инфильтрациялық жансыздандыру үшін.

Пиромекаин (бумекаин және т.б.) - тек үстіртін жансыздандыру ретінде, көбінесе офтальмологиялық және оториноларингологиялық операция және жүрек ырғағының бұзылуы кезінде қолданады.

Артикаин (ультракаин және т.б.) – жалпы хирургиялық тәжірибеде, оның ішінде стоматологияда жиі қолданылады.

Бупивакаин (маркаин және т.б.) белсенділігі жоғары және тиісті әсері ұзақ – 7 сағатқа дейін созылады.

Тағы да басқа көптеген белсендігі жоғары жергілікті жансыздандыратын (мепивакаин, бензофурокаин, ропивакаин және т. б.) дәрілер бар.

1. 1.2 Тұтқыр және қаптаушы дәрілер.

Қабынуға қарсы жергілікті әсер ететін тұтқыр, яғни бырыстырушы дәрілер болып табылады. Кілегей қабығы және тері қабынулары кезінде қолданылады. Жергілікті әсері – жасушааралық сұйықтықта, кілегейде, жасушаның бетінде коллойдтың тығыздалады, осыдан пайда болған қабықша сезгіш жүйке ұштарын тітіркенуден сақтайды, ауырсынуды төмендетеді. Сонымен қатар, жергілікті қан тамырлары тарылып, өткізгіштігі төмендеп, эксудация төмендейді. Тұтқыр дәрілер мынадай топтарға бөлінеді:

1/ Органикалық заттар тобы: танин, емен қабығының қайнатпасы және т.б. өсімдіктер.

2/ Органикалық емес заттар тобы: қорғасын ацетаты, висмут нитраты негізі, ашутас (квасцылар), цинк тотығы, мыс сульфаты, күміс нитраты және т.б.

Танин (танин қышқылы, галлодубильдық (тері илейтін) қышқылы) май және ерітінді түрінде ауыз қуысы, мұрын, жұтқыншақ қабыну кезінде 0,5% - 2% сулы ерітіндісімен күніне 3-5 рет шаюға және күйік, жара, жауыр кезінде 3% - 5% май және ерітінді түрінде қолданылады.

Rp.: Tannini 3,0 (5,0)

Aq. destill. 100 ml

M.D.S. Күйіктің ІІ сатысында теріге жағу үшін.

#

Rp.: Sol. Tannini 0,5%-500 ml

D.S. Асқазанды шаю үшін.

#

Емен қабығының қайнатпасы - оның 1:10 қайнатпа мөлшері стоматит, гингивит және басқа да ауыз қуысының қабынуы кезінде қолданылады. Сол тәрізді өсімдіктер – шайқұрай шөп (зверобой), сәлбен (шалфей) жапырағы, түймедақ гүлі (ромашка) және т.б.

Rp.: Dec. cort. Quercus 20,0 – 200 ml

D.S. Ауызды шаю үшін.

#

Қорғасын ацетаты– тері мен кілегей қабықшаларының қабынуы кезінде қолданылады.

Rp.: Sol. Plumbi acetates 0,25% - 50 ml

D.S. Шаюға және жууға.

#

Висмут нитраты– ішек қабынулырында - энтерит, колит кезінде антисептикалық дәрі ретінде, май ретінде және кілегей қабығының қабынуы кезінде қолданылады. Викалин, викаир, дерматол және т.б. дәрілердің құрамына висмут нитраты қосылған.

Rp.: Ung. Bismuthi subnitratis 10% - 25,0

D.S. Тері ауруларына жағу үшін.

#

Rp.: Bismuthi subnitratis 0,5

D.t.d. №. 10 in tab.

S. 1 таб. күніне 2 рет.

#

Ашутас (Квасцылар–алюминдер) кілегейлі қабықша мен терінің қабынуы кезінде жуу, шаю және тарту, кешенді ем ретінде, күйдіргіш қаламы трахома кезінде қолданылады.

Rp.: Aluminis 4,0

Ac. Borici 10,0

Aq. destill. 200 ml

M.D.S. Тері жараға басуға.

#

Бұларға қосымша, әсері ұқсас тағы да біраз бырыстырушы дәрілері бар: цинк тотығы және сульфаты ( Zinci oxydum, Zinci sulfas), мыс сульфаты (Cupri sulfas), күміс нитраты (Argenti nitras). Бұларды аз мөлшермен жергілікті жараларды бырыстыру үшін, ал көп мөлшерімен сол жараларды (жергілікті белоктермен байланысты альбуменаттық қабықша пайда болады) күйдіру үшін қолданылады.

1.1.3 Қаптаушы дәрілер немесе жамылғы заттар.

Кілегей қабықшаны жауып, сезгіш жүйке ұштарының тітіркенуіне қарсы әсер етеді. Бұл заттарға крахмал және зығыр дәнінің шырышы жатады.

Крахмал шырышы– кейбір негізгі дәрілердің (мысалы, хлоралгидрат өте ащы тітіркендіргіш дәрі, сондықтан да крахмал шырышымен қосып береді) тітіркенуінен және ішектегі жарақаттарының қозуынан сақтайды, сондықтан асқорыту жолының қабынуы кезінде қолданады.

Rp.: Chlorali hydrates 1,5

Mucilaginis Amyli

Aq. вestill aa 15 ml.

M.D.S. 1 клизма жасауға.

#

1.1.4 Тұтқыш дәрілер.

Ұнтақ тәрізді, суда ерімейді, кілегейлі қабықшаны тітіркендіретін заттар. Химиялық қоспаларды тұтып қалып, нәтижесінде сезімтал жүйке ұштарын тітіркенуден қорғайды. Бұл заттарға белсенді көмір, тальк және т.б. жатады. Бұлар іш өту кезінде және улы заттардың сіңірілуін тоқтату үшін қолданылады.

Белсенді көмір (карболен және т.б.) өзіне улы заттарды (токсиндерді, газдарды, алкалоидтарды) сіңіріп алады, сондықтан іш өту және іш кебуі (метеоризм) кезінде, тамақтармен, тұздың ауыр металдарымен және т.б. дәрілермен уланғанда қолданады. Бірақ асқазан, ішек жараларында, әсіресе қан кету кезінде қолданылмайды және басқа дәрілермен бірге беруге болмайды.

Rp.: Carbonis activati 0,5

D.t.d. №. 20 in tab.

S. 2-4 түймедақтан күніне 3-4 рет.

#

Тальк жергілікті әсеріне байланысты пайдалы. Жаралы терідегі без сөлдерін және тағы басқа керексіз улы заттарды өзіне сіңіріп алып құрғатады, сондықтан ол шеткі жүйке талшықтарды тітіркенуден сақтап отырады, нәтижесінде жергілікті жара жылдам жазылады. Бұны басқа дәрілермен сеппе ретінде қолданады.

Rp.: Zinci oxydi 10,0

Talci 40,0

M. f. pulv.

D.S. Ұнтақ түрінде, сеппе.

#

1.5. Тітіркендіргіш заттар.

Тітіркендіріш заттар шеттік жүйке ұштарын қуаттайтын дәрілер болып табылады. Бұл заттар тері мен кілегей қабықшаларға қоздырғыш әсер ететін, маңындағы тінге әсер етпейтін дәрі-дәрмектер. Бұдан пайда болған кейбір рефлекстер патологиялық жағдайды емдеу үшін пайдалы. Негізгі тітіркендіргіш дәрілер: қыша қағаз, ментол, аммиак ерітіндісі, терпентиннің тазаланған майы.

Қыша қағазы – қағазға жұқалап жағылған майсыз қыша. Тыныс жолдары аурулары, жүрек соғуы, невралгия, миалгия және т.б. аурулар кезінде қолданады.

Терпентиннің тазаланған майы (скипидар) – эфирлік май. Липофильдігіне байланысты, теріден өтіп жүйке ұштарын тітіркендіреді. Бұл заттардың екі мақсатта қолданады: біріншіден, жарақаттанған жердегі ауырсынуды басу үшін, яғни басқаға аудару үшін, екіншіден, патологиялық үрдіс кезінде ішкі денедегі трофикасын жақсарту үшін. Невралгия, миалгия, аяқ-қол қақсағанда, полиартриттерге қолданылады.

Rp.: Oleum Terebinthinae rectificati

Chloroformi aa 15 ml

Methylii salicylatis 10 ml

M. f. linimentum

D.S. Тері үстіне жағу үшін.

#

Ментол– салқындатқыш рецепторларды тітіркендіреді, аздап жансыздандырады, рефлекторлы жолмен қан тамырларының қысымын өзгертеді. Бұл қасиетін жүрек-қан тамырларын кеңейтетіндігінен байқауға болады. Стенокардия, қышымалы дерматозды емдеуде 1% май ретінде, 4% ерітінді, 10% майлы лайшық невралгияны, миалгияны емдеу барысында қолданылады. Жас балалардың мұрнына, өңешіне жағуға болмайды. Өйткені тынысы нашарлап, демі тоқтап қалуы мүмкін.

Rp.: Sol. Mentholi spirituosae 5%-5 ml

D.S. 1-2 тамшыдан тілдің астына.

#

Аммиак ерітіндісі (мүсәтір спирті) – жоғары тыныс жолдарының сезімтал жүйке ұштарын тітіркендіреді. Ингаляция түрінде есінен танғанда иіскетеді. 0,5% ерітіндісі (25 мл 5 литр суға) хирургтің қолын жуу үшін қолданылады.

Rp.: Sol. Ammonii coustici 10%-1 ml

D.t.d. №. 10 in amp.

S. Есін жиғызу үшін иіскетеді.

2 тарау. 2. Эфференттік иннервацияға әсер ететін дәрілер.

Эфферентті иннервацияға вегетативті жүйелер (ішкі мүшелер, қан тамырлар мен бездер) және қаңқа бұлшық еттің қимылдатушы жүйкелері жатады.

Вегетативті иннервацияға нейро-эффектордағы синапстың бөліп шығаратын медиаторына байланысты холинергиялық немесе парасимпатикалық (медиаторы – ацетилхолин) және адренергиялық немесе симпатикалық (медиаторы – норадреналин және стресстік кезде адреналин) жүйке жүйелер болып бөлінеді. Сондықтан эфференттік иннервацияға әсер ететін заттар негізгі екі топқа бөлінеді:

1/ холинергиялық синапсқа әсер ететін дәрілер.

2/ адренергиялық синапсқа әсер ететін дәрілер.

2.1. Холинергиялық синапсқа әсер ететін дәрілер.

Холинергиялық синапстағы қозуды өткізетін медиатор ацетилхолин. Ол холинергиялық нейрон ұштарының цитоплазмасында пайда болады, сосын синапстық везикулада жиналады. Жүйкелік серпіндер синапстық саңылаудан ацетилхолинді босатып жібереді. Сол кезде импульс постсинапстық мембрандағы холинорецептолармен байланысқа түседі, ал босатылған ацетилхолин холинэстераздық фермент арқылы бұзылады.

Әр жерде орналасқан холинорецепторлар фармакологиялық заттарды қабылдауына байланысты М-холинорецепторлар (мускаринсезгіш) және Н-холинорецепторлар (никотинсезгіш) болып бөлінеді.

М-холинорецепторлар постсинапстық талшық ұштарында және орталық ми жүйесінде (ми қыртысында, ретикулярлы фармацияда) орналасқан.

Н-холинорецепторлар ганглийлердегі постсинопстық талшық ұштарында, бүйрек үсті безінің милы қабатында, синокаротидтік аймағында, қаңқа бұлшық еттің соңғы пластинкасында, орталық жүйке жүйесінің жасушасында орналасқан.

Холинергиялық синапсқа әсер ететін дәрілер келесі жіктеуге бөлінеді:

1.М- және Н-холинорецепторларына әсер ететін заттар.

2.Антихолиноэстераздық заттар

3.М-холинорецепторларға әсер етуші заттар:

4. Н-холинорецепторларға әсер етуші заттар:

2.1.1. М – (мускаринсезгіш) және Н – (никотин-сезгіш) холинорецепторларға әсер ететін заттар.

а/ М- және Н-холиномиметиктер (қуаттаушы) – ацетилхолин.

б/ Орталық М и Н- холиноблокаторлар (тежеуші) – циклодол.

а/ М- жене Н-холиномиметиктер (қуаттайтын) дәрілер.

Ацетилхолин - әсері жылдам, тез жойылып кетеді, тәжірибе орнына қолданылмайды. Жылдам әсер етуші ацетилхолинэстераза ферментімен гидролизге түсіп, тез бұзылады. Күретамыр қысымын төмендетеді, қан тамырларын кеңейтеді, жүректің соғысын баяулатады және кеңірдек, ішек және қуықтың жиырылуын күшейтеді. Физиологиялық зерттеу ретінде ғана пайданылады.

б/ Орталық М- және Н-холиноблокаторлар.

Циклодол – Паркинсон аурын емдеуге арналған дәрілерге жатады (Паркинсон ауруына қарсы дәрілерді қараңыз).

2.1.2. Антихолинэстеразды заттар.

а/ қайтымды әсерлі бар: прозерин (Proserinum), галантамин (Galanthaminum), физостигмин салицилаты (Physostigmini salicylas);

б/ қайтымсыз әсерлі: армин (Arminum) - фосфорлы органикалық заттар (дихлофос және т.б.).

Бұлар холинэстераздың шығуына бөгет жасайды, нәтижесінде ацетилхолин гидролизге түспейді. Сондықтан ацетилхолиннің әсері ұзаққа созылады.

а/ қайтымды әсерлі дәрілер:

Физостигмин салицилаты (Эзерин салицилат ы және т.б.) - 0,25%; 0,5% және 1% ерітіндісі 5 мл - көз тамшысы – жедел көмек ретінде глаукома, ішек парезі кезінде (босауы) қолдануға болады. Кейде жанама әсерлері: миоз, ауыздан су ағу, іш өту, дизурия және шаршау пайда болады.

Rp.: Sol. Physostigmini salicylatis 1% - 5ml

D. in vitro nigro.

S. Көз тамшысы. 1-2 тамшыдан 4 рет.

#

Галантамин гидробромиді (Нивалин және т.б.) - 0,1%; 0,25%; 0,5% және 1 мл ампуладағы 1% ерітіндісі – күшті ингибитор. Фармакологиялық қасиеттері жағынан физостигминге ұқсас. Миастения, миодистрофия, неврит, радикулит, қан айналу қызметі бұзылуы кезінде, полимиелиттік жағдайларда қолданылады.

Rp.: Sol. Galanthamini hydrobromidi 0,25% - 1ml

D.t.d. № 6 in ampull.

S. 1 мл тері астына 1-2 рет (мөлшерін көтеріп отыру керек).

#

Прозерин (Неостигмин және т.б.) - 0,015 - түймедақ; 1 мл ампуладағы 0,05% ерітіндісі –– жасанды ингибитор, ұзақ уақытқа қолдануға болады. Парездер мен салданулар, неврит, глаукома және т.б. ауруларды емдеу үшін қолдануға болады. Жанама әсерлері –жүректің соғуы және қан қысымының төмендеуі, сілекейдің көп бөлінуі, құсудың пайда болуы мүмкін. Жоғарыдағы көріністер пайда болса, яғни улық әсері байқалғанда М-холиноблокаторлық (атропин сульфат ы және т.б.) дәрілерді қолдану керек.

Прозериннің артық мөлшері берілгенде немесе адам жоғары сезімтал болғанда көптеген жанама әсерлері байқалады: лоқсу, құсу, терлеу, ішек қымылының күшеюі, іш өту, сигек болу, көз көруінің бұзылуы (миоз), аритмия, демікпе, біртіндеп күш кетуі байқалады. Мұндай көріністер байқалса прозеринді қолдануды тоқтату керек, содан соң М-холинотежегіштерді (атропин сульфат т.б) енгізген жөн.

Бұл дәріні демікпе, жүрек ұстамасы (стенокардия), айқын атеросклероз, эпилепсия (қояншық) кезінде, жүкті және бала емізіп жүрген әйелдерге қолдануға болмайды.

Rp.: Sol. Proserini 0,05% - 1 ml

D.t.d. № 10 in ampull.

S. 0,5 мл-ден тері астына күніне 1-2 реттен.

#

б/ қайтымсыз әсер ететін дәрілер:

Армин– фосфорорганикалық қосындысы бар, оған ұқсас үй ішіндегі қызыл тарақанға қарсы қолданылатын улы дәрі – дихлофос жатады. Негізі армин тек глаукома және мидриаз (атропинді қолданғаннан кейін болған жағдай) кезінде тағайындалады. Тамшы ретінде берілгеннен кейін де көз ауырып, қызарып, бас айналып ауырады.

Rp.: Sol. Armini 0,001% - 10ml

D.S. Көз тамшысы, күніне 2 рет, 1-2 тамшыдан.

#

Қазіргі кезде көптеген антихолинэстераздық дәрілер бар (эдрофоний, пиридостигмин бромиді, оксазил, такрин және т. б. ).

Реактиваторлы холинэстераздық (дипироксим, изонитразин және т.б.) дәрілер тек фосфорорганикалық заттармен уланғанда қолданылады.

2.1.3. М - холинорецепторларға әсер ететін дәрілер.

а/ М-холиномиметиктер: пилокарпин гидрохлориді (Pilocarpini hydrochloridі), ацеклидин (Aceclilinum), цизаприд (Cisapride) және т.б.

б/ М-холиноблокаторлар: атропин сульфаты (Atropini sulfas), итжидектің (Bеlladonnae) дәрілері және қоспалары, платифиллин гидротартраты (Platyphylini hydrotartras), скопаломин гидробромиді (Scopolaminum hydrobromidum), («Аэрон» түймедағы), метацин (Methacinum), ипратоний бромиді, пирензепин, бускопан, тровентол және т.б.

а/ М-холиномиметиктер (қуаттаушы).

Пилокарпин гидрохлориді (Изоптокарпин, «Пиларен» пленкалары, Фотил, көз тамшысы – Проксофелин және т.б.) – шөптен алынған алколоид қатарына жатады, өте улы. Бездерден сөл бөлінуін жылдамдатады, бірыңғай салалы бұлшық етті мүшелердің қысымын арттырады. Тек ішкі көз қысымын түсіру үшін глаукома кезінде қолданылады. 5 және 10 мл флакондағы 1%; 2% және 4% ерітіндісі көз тамшысы.

Rp.: Sol. Pilocarpini hydrochloride 1% - 5 ml

D.S. Ауыратын көзге күніне 2-6 рет, 1-2 тамшыдан.

#

Ацеклидин (Глаукостат және т.б.) - егуге арналған жасанды 1 және 2 мл ампулалы 0,2% ерітінді, улылығы аз, жергілікті май ретінде (3% - 20,0 жатарда көзге сыртынан дәкемен салуға жасалған) глаукомаға, ішектің, қуық пен жатырдың атониясында (атония-босау) қолданылатын дәрі. Егу арқылы қолданғанда аузынан сілекей ағады, терлейді, іші өтеді және т.б. холиномиметикалық өзгерістер болуы мүмкін.

Rp.: Sol. Aceclidini 0,2% - 1 ml

D.t.d. № 10 in ampull.

S. 1 мл-ден тері астына.

#

б/ М-холиноблокаторлар (тежегіш).

Атропин сульфаты (Атромед және т.б.) - 0,0005 г түймедағы; 0,1% ерітіндісі 1 мл ампулада, (қоспалы құрамында эфедрин мен атропиннен тұратын аэрозольді «эфатин» дәрісі және т.б.). Бұл дәрі тері, сөл, кілегей және ішкі бездердің сұйық бөлуін төмендетеді, көп мөлшерде берілгенде оларды тіпті тоқтатып тастайды. Бірыңғай салалы бұлшық етті мүшелердің қысымын төмендетіп, жүрек соғуын күшейтіп, жиілетеді. Мидриаз және аккомодация салдануын туғызады.

Атропинді асқазан мен ұлтабардың жарасына, ішек пен қуық түйілуі, өттің тас ауруы, брадикардия, миокард инфаркты, терінің және асқазанның сұйықты көп бөлуі кезінде және т.б. жағдайларда қолданады.

Бұл дәрінің осы кезде жанама әсері де бірге көрінеді: ауыздың құрғауы, тахикардия, қарашықтың кеңеюі, аккомодацияның нашарлауы, ішек атониясы, бас айналуы, дизурия болуы мүмкін.

Rp.: Sol. Atropini sulfatis 0,1% - 1 ml

D.t.d. № in ampull.

S. Күніне 1-2рет тері астына 0,5 мл-ден.

#

Итжидек (Белладонна) дәрілері - тұнбасы, экстракты және қоспалы дәрілері – түймедақтары «бекарбон», «бесалол», «бепасал», балауыздар «бетиол», «анузол», қоспа «солутан» және т.б. Ішкі мүшелердің бірыңғай салалы бұлшық еттерінің түйілуі кезінде, асқазан жарасы, өттің тасы, брадикардия және т.б. асқазан ауруларында қолданылады.

Rp.: T-rae Belladonnae 10 ml

T-rae Valerianae 20 ml

Mentholi 0,25

M.D.S. Күніне 2-3 реттен 5-10 тамшысы.

#

Платифиллин гидротартраты - 0,005 г-нан түймедағы; 0,2% - 1мл ампулалы ерітіндісі және 0,01 г балауыз (қоспа түймедақтары «тепафиллин», «палюфин» құрамында – платифиллин, папаверин, фенобарбитал және т.б. бар) – спазмолитикалық және гипотензиялық қасиеті бар, мидриатикалық әсері де жақсы.

Бұл дәрі көбінесе асқазан жарасы, бірыңғай салалы бұлшық еттің түйілуі, гипертониялық ауру, өт пен бүйрек тастары түйілген кезде және қарашықты кеңейту үшін қолданылады. Бірақ ауыз құрғап, аккомодация нашарлайды, тахикардия және дизурия пайда болады.

Rp.: Platiphillini hydrotartratis 0,005 (0,2%-1 ml)

D.t.d. №. 10 in tab.

S. Күніне 1 түймедақтан 3 рет.

#

Скополамин гидробромиді (Хиозсини гидробромиді және т.б) -0,05% - 1 мл ампулалы ерітіндісі – химиялық жағынан атропинге жақын. Сонымен қатар шеткей холинреактивті жүйеге әсер ету жағынан ұқсас болып келеді. Ал негізінен орталық жүйкедегі вестибулярлық аппаратқа ықпалын тигізеді және седативті әсері бар, сондықтан паркинсонизмге, теңіз бен әуе ауруларын емдеуде қолданады. «Аэрон» түймедағы - құрамында скополамин бар. Теңіз бен әуе және т.б. аурулар да лоқсып, құсқысы келгенде қолданылады.

Rp.: Tab. «Aeronum» № 10

D.S.Лоқсып, құсқысы келгенде 1 түймедағы-нан.

#

Метацин (Метоциний йодиді және т.б.) - 0,002 г-нан түймедағы; 0,1%– 1 мл ампулалы ерітіндісі – жасанды дәрі, тек шеткі холинорецепторларға тежегіш әсер етеді, көбінесе атропинің орнына жүреді.

Ипратропий бромиді – шеткі м-холинорецепторларды тежейді. Бүрку ретінде демікпеде қолданылады.

Пиренцепин – жасанды дәрі, тікелей асқазандағы м-холинорецепторларды тежейді. Асқазан мен он екі ішек жарасын емдеуде қолданады.

Бускопан –ас қорыту мүшелері түйіліп ауырғанда (өт пен бүйректегі тас ауруларында), жатыр түйіліп ауырғанда және т.б. түйілмелі ауруларда қолданады.

Тровентол – ипратропий бромидке ұқсас, тыныс алу жүйесіне әсері өте жақсы, көптеген созылмалы тыныс ауруларын емдеуде қолданылады.

2.1.4. Н-холинорецепторларға әсер ететін заттар.

а/ Н-холиномиметиктер: цититон (Cytitonum), лобелин гидрохлориді (Lobelini hydrochloridum).

б/ Н-холиноблокаторлар:

І. Ганглиоблокаторлар: бензогексоний (Benzohexonium), пентамин (Pentaminum), пирилен (Pirilenum), гигроний (Hygronium) және т.б.

ІІ. Миорелаксанттар: тубокурарин хлориді (Tubocurarine chloride), панкуроний бромиді, пипекуроний бромиді, дитилен (Dithylinum) және т.б.

а/ Н-холиномиметиктер. Бұлар екі сатылық әсер береді. Бірінші сатысында қозу пайда болып, екіншісінде тежелумен алмасады. Никотин - темекі жапырағының алколоиды, емдік құндылығы жоқ.

Лобелин гидрохлориді -1% - 1 мл ампулалы ерітіндісі. Каротид шумағы рецепторларына холиномиметикалық әсер етеді. Тыныс алу орталығын рефлекторлы жолмен қоздырады. Алдымен қан қысымын көтеріп, сосын тез арада төмен түсіреді. Дем алуды жақсарту үшін қолданылады.

Rp.: Sol. Lobelini hydrochloride 1%-1 ml

D.t.d. № 10 in amp.

S. Тері астына 1 мл-ден.

#

Цититон (0,15%) 1 мл ампула түріндегі цитизиндік алкалоид. Лобелинге ұқсас, көп мөлшерде тежегіштік әсер етеді. Дем алуды жақсартады. Әсері жылдам байқалады.

Rp.: Cytitoni 1 ml

D.t.d. № 6 in ampull.

S. Көк тамырға 1 мл-ден глюкозамен бірге.

#

«Табекс» түймедағы- құрамында цитизин және «Лобесил» түймедағы- құрамында лобелин бар. Шайнау ретінде темекінің орнына пайданады. Сағыз «Гамибазин» - құрамында анабазина гидрохлориді бар. Бұларды темекі тартудан айыру үшін қолданады.

б/ Н – холинорецепторларға тежегіш әсер ететін дәрілер.

1/ Ганглиоблокаторлар (вегетативті ганглийдегі қозуды өткізбей тежейтін дәрілер) симпатикалық және парасимпатикалық, бүйрек үсті безінің милы қабатының, каротид шумағының холинорецепторына тежегіш әсер етеді.

Ұзақ уақытқа қолданылатын дәрілер: пентамин, пирилен, бензогексоний, ал қысқа уақытқа әсер ететін: гигроний, арфонад.

Бензогексоний (Гексаметоний бензосульфонаты, Гексоний Б және т.б.) - 0,1 г түймедағы; 2,5% 1 мл ампулалы ерітінді – белсенділігі жоғары, ішекте нашар сіңіріледі, сондықтан парентеральдық әдіспен енгізіледі.

Бұны гипертониялық ауру, жүрек демікпесі, жарақатты ауру, шеткі тамырлардың тарылуы кезінде қолданады. Қосымша қатерлі әсерлерінен әлсіздік, бас ауруы және айналуы, жүректің соғуы және ортостатикалық коллапс байқалуы мүмкін.

Rp.: Sol. Benzohexonii 2,5%-1 ml

D.t.d. № 6 in amp.

S. Тері астына 1 мл-ден 1 рет

#

Пентамин (Азаметоний бромиді және т.б.) - 5% - 2 мл ампулалы ерітінді - белсенді ганглиоблокатор, гипотензиялық және спазмолитикалық әсері бар. Қолданылуы бензогексонийге ұқсас, бірақ қатерлі әсері төмен.

Rp.: Sol. Pentamini 5%-1 ml

D.t.d. № 10 in amp

S. Бұлшық етке 1 мл-ден 1 рет.

#

Пирилен (Пемпиден және т.б.) - 0,005 г түймедағы – ас қорыту жолында жақсы сіңіріледі, гематоэнцефалиттік бөгеттен оңай өтеді. Гипертониялық ауру және энцефалопатия, жарақатты ауру, шеткі тамырлардың тарылуы кезінде қолданылады. Жанама әсерлері бензогексонийге ұқсас келеді.

Rp.: Pirileni0,005

D.t.d. № 10 in amp

S. 1-2 таб. күніне 3-4 рет.

#

Гигроний (Трепирий йодиді және т.б.) - 0,1 г ұнтақ 10 мл ампула түрінде шығарылады. Қан қысымын жылдам түсіреді, бұл әсері симпатикалық ганглийге бөгет жасау арқылы іске асады. Гипертониялық кризде және үлкен күретамырларға операция жасағанда қолданады.

Rp.: Hygronii 0,1

D.t.d. № 6 in ampull.

S. Амп. ішіндегі ұнтақты ерітіп, күре тамырға.

2/ Миорелаксанттар – кураре тәрізді заттар немесе шеткі қаңқа бұлшық етінің холинорецепторларына тежегіш әсер ететін дәрілер. Қимылдатқыш жүйкелермен келетін қозуды қаңқа бұлшық етіне өткізбей бөгеп тастайды.

Тубокурарин хлориді (Миостатин және т.б.) - 1% -1,5 мл ампулалы ерітінді. Анестезиологияда қаңқа бұлшық етін босаңсыту үшін, травматологияда сынықты, шыққанды салу үшін қолданады. Қолдану кезінде тыныс алу тоқтап қалуы мүмкін.

Rp.: Sol. Tubocurarini chloride 1%-1,5 ml

D.t.d. № 6 in amp

S. Күре тамырға 0,5-1,4 мг/кг салмаққа.

#

Панкуроний бромиді (Павулон және т.б.) мен пипекуроний бромиді (Ардуан және т.б.) жеңіл-желпі жылдам жасалатын операциялар кезінде қолданылады.

Дитилин (Суксаметоний йодиді және т.б.) - 2%- 5 мл ампулалы ерітінді – қысқа операциялар, брохоскопия, эзофагоскопия, цитоскопия және т.б. кезінде қолданады. Тыныс алуды әлсіретеді. Бұған ұқсас диоксоний, диплацин, т. б. миорелаксанттар қолданылады.

Rp.: Sol.Dithylini 2%-5 ml

D.t.d. № 6 in tab.

S. Күре тамырға 0,0015 г/кг салмаққа.

#

3 тарау. 2. Адренергиялық синапсқа әсер ететін

дәрілер.

Адренергиялық синапста қозуды өткізу норадреналин арқылы жүреді. Норадреналиннің биосинтезі адренергиялық нейронда тирозиннен түзіледі. Дофа, дофаминнің пайда болуы нейрон цитоплазмасында, норадреналиндік везикулада жүреді.

Жүйке қозуына жауап ретінде синапс саңылауына норадреналин бөлініп, постсинапстық мембрананың адренорецепторларымен байланысқа түседі. Денедегі адренорецепторлар химиялық қоспаларға бірдей жауап береді. Олар, α- және β- адренорецепторларға бөлінеді. Содан соң α-1-адренорецепторлар – постсинапстық (норадреналинмен байланысты), α-2-адренорецепторлар – пресинапстық және синапстың сыртында болады (адреналинмен байланысты). Β-1-адренорецепторлар жүректе, β-2-адренорецепторлар қолқа мен кеңірдекте, жатырда және тамырларда, β-3-адренорецепторлар торша майларда орналасқан.

Медицина тәжірибесінде, көбінесе адренорецепторларға әсер ететін заттар қолданылады.

1. Адреномиметиктер - адренорецепторларды қуаттаушы немесе қоздырушы заттар.

2. Адреноблокторлар - тежеуші немесе бөгеуші заттар.

3. Симпатолитиктер шеткі симпатикалық жүйкені тежейтін дәрілер.

3.2.1. Адреномиметикалық заттар:

а/. Тікелей α – және β - адренорецепторларды қоздырушы дәрілер: адреналин гидрохлориді (Adrenalini hydrochloridum), норадреналин гидротартраты (Noradrenalini hydrotartras).

б/. Тікелей емес (орталық жүйке арқылы) α – және β – адренорецепторларды қоздырады: эфедрин гидролориді (Ephedrine hydrochloride).

в/. Тікелей әсер ететін α – адренорецепторларға мезатон (Mesatonum), нафтизин (Naphthyzinum) және т.б. жатады.

г/. Тікелей β –адренорецепторларға әсер ететін -изадрин (Isadrinum), салбутамол (Salbutamolum).

Адреналин гидрохлориді (Эпинефрин және т.б.) - 0,1% ерітіндісі 1 мл ампуласы егуге арналған; 0,1% ерітіндісі 10 мл флаконы тамшы ретінде басқа дәрілермен қосып беріледі (тамырды тарылту үшін) – адренорецепторларды қоздыра отырып, жүрек қан тамырлар жүйесіне әсер етеді. Жүректің соғысы жиілеп, минуттық көлемі көбейеді, систолалық қан қысымы артады. Адреналин қарашықты кеңейтеді, қолқа мен ішектің бұлшық етін босаңсытады, қандағы қанттың мөлшерін жоғарылатып, тіндік зат алмасуды күшейтеді, сілекей бездерінен көп бөлінуін қамтамасыз етеді. Ол гликогенолизді жылдамдатады, липолизді арттырады. Әсері ету уақыты өте қысқа, өйткені моноаминоксидаза ферменті арқылы жылдам гидролизге ұшырайды.

Адреналин көбінесе анафилактикалық шокта, естен тану, қолқа астмасы, қан қысымы бірден төмендегенде, коллапс, жүректің әлсіреуі кезінде, көз қысымын төмендету үшін (пилокарпинмен бірге), ЛОР тәжірибесінде және т.б. күрделі жедел көмек керек жағдайларда қолданылады. Қатерлі әсерлеріне тахикардия, гипертензия, стенокардия ұстамасы жатады.

Rp.: Sol. Adrenalini hydrochloride 0,1% - 1 ml

D.t.d. № 10 in ampullis

S. 0,5 мл тері астына.

#

Норадреналин гидротартрат (Норэпинефрон және т.б.) - 0,2% ерітіндісі 1 мл ампуласы – көбінесе α-адренорецепторларын қоздырады. Қан қысымын көтереді және де адреналиннен айырмашылығы қайта түспейді. Бұл тек тамырларды тарылтып, жүректің соғуын сиретеді. Синустық брадикардия болады. Норадреналиннің әсерін ұзарту үшін күре тамырға егу керек.

Норадреналин бірден қан қысымы түскенде, коллапс, кардиогенді шок, іштен қан кету кезінде қолданылады. Жанамалы әсерлері: құсу, жүрек айнуы, бас ауыруы, қалтырау, тахикардия. Тері астына еккенде некроз пайда болады, сондықтан күре тамыр арқылы тамшылатып изотоникалық ерітіндімен бірге енгізген жөн.

Rp.: Sol. Noradrenalini hydrotartratis 0,2%-1 ml

D.t.d N 6 in amp.

S. Көк тамырға тамшы ретінде.

#

б/.Тікелей емес, яғни орталық жүйке арқылы созылмалы әсерін тигізетін эфедрин дәрісі, «эфедра» деген өсімдіктен алынған симпатомиметик болып аталады.

Эфедрин гидрохлориді (Эфедрозан және т.б.) - 0,025 г түймедағы; 5% ерітіндісі 1 мл ампуласы шығарылады. Бұл адреналинге ұқсас, тек әсері ұзақ. Қан қысымы төмендегенде, қолқа астмасы, аллергиялық безгек, созылмалы аллергиялық аурулар, миастения, ұйықтататын және наркоздық дәрілермен улану кезінде қолданылады. Біраз уақыттан кейін ұйқысыздық, жүректің соғуы пайда болады.

Rp.: Sol. Ephedrini hydrochloride 5%-1 ml

D.t.d. № 6 in amp.

S. Қан тамырға егу үшін.

#

в/. α-адренорецепторларға тікелей әсер ететін дәрілер.

Мезатон (Фенилэфрин, Ирифрин, Адрианол, Визадрон және т.б.) - 1% ерітіндісі 1 мл ампуласы – адреналинге ұқсас, қан тамырларын тарылтып, қан қысымын жоғарлатады, жүректің соғуын жиілетеді, қолқаны кеңейтеді. Естен тану, коллапс, қан кету, улану, ринит, коньюнктивит, жүрек соғысы бүзылып күшейгенде қолданылады.

Rp.: Sol. Mesatoni1%-1 ml

D.t.d. № 6 in aml.

S. Көк тамырға егу ретінде

#

Нафтизин (Нафазолин, Санорин және т.б.) - 0,05% ерітіндісі 10 мл флаконы мұрын тамшысы – мұрын қуысындағы қан тамырларын ұзақ уақытқа тарылтады, орталық жүйке жүйесін тежейді. Көбінесе аллергиялық ринитке қарсы қолданылады. Бұған ұқсас галазолин және т.б. дәрілер бар.

Rp.: Sol. Naphthyzini 0,05% - 10 ml

D.S. Мұрын қуысына 1-2 тамшыдан.

#

г/. β-адренорецепторларға тікелей әсер ететін дәрілер.

Изадрин (Новодрин, Эуспиран, Изопротеренол және т.б.) - 0,5% ерітіндісі - 25 мл және 1% ерітіндісі - 100 мл флаконы ингаляция түрінде беріледі және 0,005 г түймедағы – β1 және β2 - адренорецепторларын қоздырады. Жүрек соғуын жиілетеді, атриовентрикулярлы өткізгіштікті жеңілдетеді, жүрек автоматизмін арттырады, қолқа қысымын төмендетеді. Қолқа демікпесі, бронхылық демікпе, атриовентрикулярлық бөгет кезінде қолданылады.

Rp.: Sol. Isadrini 0,5% - 25 ml

D.S. 5-6 тамшыдан ингаляцияға.

#

Сальбутамол (Альбутерол, Асталин, Вентолин, Саламол, Сальгим, Сальтос, Эйромир және т.б) - 0,002 г және 0,004 г түймедағы; 0,1% ерітіндісі 5, 10 және 50 мл-лік флаконы – β2 - адреномиметиктерге жатады, миометрийдің жиырылуын төмендетеді және бронхолитик ретінде демікпеге де қолданылады.

Rp.: Sol. Salbutamoli 0,1% - 10 ml

D.S. Аэрозольдық түрінде.

#

Β2 – адреномиметиктерге, сонымен қатар, фенотерол, тербуталин және т.б. дәрілер жатады. Олардың изадриннен айырмашылығы жүректегі β1 - адренорецепторларға әсері төмен. Әсер етуі ұзақ уақытқа созылады. Оларды бронхолитик және миометрийдің жиырылу күшін төмендету үшін қолданады.

Добутамин – β1 - адреномиметик болғандықтан жүрек жұмысын жақсартатын дәрі ретінде қолданылады.

Rp.: Sol. Dobutamini 0,5% - 50 ml

D.S. Қан тамырға глюкозамен беріледі.

#

3.2.2. Адреноблокаторлық (бөгет жасаушы) заттар.

а/ α - адренорецепторларды тежеу әсерін тигізетін заттар – фентоламин (Phentolaminum), тропафен (Tropaphenum), прaзoзин (Prazosinum).

б/ β – адренорецепторларды тежейтін дәрілер - анаприлин (Anaprilinum), атенолол (Atenololum).

в/ α - және β – адренорецепторларға әсер ететін дәрілер - лабеталол (Labetalol) және т.б.

г/ әртүрлі басқа да адреноблокаторлар.

Фентоламин (фентоламин метансульфонаты, регитин және т.б.) - 0,025 г түймедағы; 0,005 г ұнтақ түрінде суға ерітіп қан тамырға егуге арналған – қан қысымын төмендетеді, жүрек соғуын жиілетпейді, ішектің қозғалысын күшейтеді, асқазан сөлінің бөлінуін арттырады. Шеткі қан айналым бұзылуы, гипертониялық криз, аяқ пен қол басы үсуі, күюі кезінде тез жазылу үшін, шеткі жазылмайтын трофикалық жараларға қолданылады.

Rp.: Phentolamini methansulfatis 0,005

D.t.d. № 6 in amp.

S. Иньекциялық суға ерітіп егу ретінде.

#

Тропафен (Троподифен т.б.) - 0,02 г ұнтақты ампуласы (2% және 1% болу үшін 1 және 2 мл заласыздандырылған сумен алдымен еріту керек, сосын тамыр арқылы тамшылатып егіледі, тек қан қысымын бақылап отыру керек) – фентоламиннен ұзақ әсер етеді, қан қысымын жылдам төмендетеді, қолдануы осы дәрімен бірдей. Бұл екеуі де қосымша тахикардия және ортостатикалық коллапс шақыруы мүмкін, сондықтан 3-5 сағат төсекте жату керек, жылдам тұрып кетуге болмайды, өйіткені бас айналып құлауы мүмкін.

Rp.: Tropapheni 0,02

D.t.d. № 6 in ampull.

S. Алдымен ұнтақты ерітіп алып егеді.

#

Празозин (Алверзутен, Минипресс, Польпрессин және т.б.) - 0,0005; 0,001; 0,002 және 0,005 г таблеткасы. Бұл тек постсинапстық ұсақ күре және көк тамырларға әсерін тигізеді, шеткі вазодилатациялық әсері болғандықтан бұны шеткі α-1-адреноблокатор деп атайды. Празозин әртүрлі артериялық гипертония кезінде қолданылады.

Rp.: Prazosini 0,001

D.t.d. № 10 in tab.

S. Жатар алдында 1 түймедақтан.

#

б/ β-адренорецепторларға әсер ететін дәрілер.

Анаприлин (обзидан, пропранолол, индерал, индикардин, пролол және т.б.) - 0,01 және 0,04 г түймедағы; 0,25% ерітіндісі - 1мл ампуласы; 1% ерітіндісі - 5 мл флаконы - бұған ұқсас метопролол, талинолол және т.б. дәрілер бар. Бұл β1 және β2 - адренорецепторларын тежейді, нәтижесінде жүректің соғуы баяулап, жұмысы нашарлайды, қан қысымы төмендейді. Гипертониялық ауру, тахикардия, синустық аритмия, стенокардия, босанар алдында жатырдың жиырылуын күшейтуге, глаукома кезінде қолданылады. Жанама әсері: бас ауыруы, шаршау, ұйқының бұзылуы.

Rp.: Sol. Anaprilini 0,25% - 1 ml

D.t.d. № 10 in ampull.

S. 1-2 мл-ден тері астына.

#

Атенолол (Атенобене, Атенова, Атенол, Аткардил, Бетадур, Бетакард, Вазкотен, Принорм, Тенолол, Тенормин, Хайпотен және т.б.) - 0,025; 0,05 және 0,1 г түймедағы – ұзақ уақытқа әсер ететін кардиоселективтік β1 - адреноблокатор. Артериялық гипертензия, стенокардия, жедел миокард инфаркты, әртүрлі тахикардиялар кезінде қолданылады. Брадикардия, жүкті және бала емізетін әйелдерге, қант диабеті, жүрек жеткіліксіздігі кезінде пайданалуға болмайды.

Rp.: Atenololi 0.05

D.t.d. № 50 in tab.

S. 1түймедақтан күніне 2-3 рет.

#

в/ α- және β-адренорецепторларға әсер ететін дәрілер.

Лабетолол (Альбетол, Трандат және т.б.) - 0,1 және 0,2 г түймедағы; 1% ерітіндісі – 5 мл ампуласы – «гибриді» β2 - адреномиметик (қуаттаушы) және α1 - адреноблокатор (тежеуші) қоспасы, сондықтан тамырларды тікелей кеңейтеді. Артериялық гипертензия, жүрек тамырының тарылуы және феохромацитома (бүйрек үсті безінің қатерлі ісігі) кезінде қолданылады.

г/ Көптеген тиімді адреноблокаторлар бар - дигидроэрготоксин, окспренолол, пирроксан, бутироксан, теразозин, тамсулозин, пиндолол, надолол, тимолол және т.б.

3.2.3. Симпатолитиктер – октадин (Octadinum) және резерпин (Reserpine) - медиаторлардың синтезін зақымдап (пресинапстық фолликулдарға жиналып тұрған медиаторларды толығымен жояды), адренергиялық синапстардан қозудың өтуін тежейді, бірақ адренорецепторларға әсер етпейді. Бүкіл ұсақ тамырларда медиаторлар (норадреналин) жойылып, тамыр қысымы төмендейді.

Октадин ( Абапрессин, Гуантидин, Исмелин және т.б.) - 0,025 г түймедағы – гипотензиялық әсері жақсы, сондықтан тек гипертониялық ауруды емдеу үшін қолданылады. Жанама әсерлеріне бас айналу, лоқсу, ісіну, ішек жұмысының бұзылуы, брадикардия жатады.

Rp.: Octadini 0,025

D.t.d. № 100 in tab.

S. 1-2 таблеткіден күніне 2-3 рет.

#

Резерпин (Рауседил және т.б. қоспалы дәрілер – Адельфан, Бринердин, Кристепин, Аценозин, Норматенс, Трирезид, Тринитон және т.б. – бұлардың құрамында резерпиннен басқа адреноблокаторлар, калий хлориді тағы басқа да. қан қысымын төмендетін дәрілер) 0,0001 және 0,00025 г түймедағы, адельфан, бринердин), раунатин және т.б. – индол өсімдіктің туындысы. Әсері ұзақ, бірнеше күнге созылады және қан қысымын төмендетеді. Гипертониялық ауру мен психоз емдеуде қолданылады.

Rp.: Reserpini 0,0001

D.t.d. № 50 in tab

S. 1-2 түймедақтан күніне 2 рет

#

4 тарау. Орталық жүйке жүйесінің жұмысын реттейтін дәрілер.

Бұларға адамның психологиялық жағдайына, эмоциясына, ұйқысына әсер ететін ауырсынуды сезуін төмендеткіш, наркоз тудыратын заттар жатады. Әсеріне байланысты тежеуші және қуаттаушы заттарға бөлінеді. Оларды жалпы және таңдамалы әсер ететін заттар деп бөледі.

4.1. Наркоздық (дененің сезім қуатын жоғалтатын) дәрілер.

Бұл топтағы заттар хирургиялық наркоз тудырады. Ондай жағдайда орталық жүйке жүйесі тежеліп, есінен танып, сезімталдығы төмендеп (бірінші кезекте ауру қабылдағыш), қолқа бұлшық етінің қысымы төмендейді. Бұл өзгерістер орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ) нейрон арқылы қозуды тежеу салдарынан болады. Бұл кезде қозудың өтуі нашарлап, өзара қатынас өзгереді, аралық ми, ортаңғы ми, жұлынның қызметтері бұзылады. Наркоздың бірнеше сатысы бар:

I сатысы – анальгезиялық

II сатысы – қозу

III сатысы – хирургиялық ұйқы:

1 – дәрежеде – үстіртін наркоз

2 – дәрежеде – жеңіл наркоз

3 – дәрежеде – терең наркоз

4 – дәрежеде - өте терең наркоз

IV сатысы – агония, өлім алдындағы жағдай.

Наркоздық дәрілер тәжірибелік медицинада қолданылуына байланысты мынадай топтарға бөлінеді:

1.Ингаляциялық (сұйық дәріні бүрку ретінде ауа арқылы беру, басқаша айтқанда тамақты булау):

а/наркозға арналған сұйық ұшатын заттар: наркозға арналған эфир (Aether pro narcosi), фторотан (Phthorothanum) және т.б.

б/газ тәріздес заттар: азот тотығы (Nitrogenium oxydulatum), циклопропан (Сyclopropane).

2.Ингаляциялық емес (дәріні тамыр арқылы енгізу) наркозға арналған заттар. Бұлар әсерінің ұзақтығына қарай келесі топтарға бөлінеді:

1) аз уақыт әсер ететін: пропанидин (Propanidine), пропофол (Propofol), кетамин (Ketamini hydrochloridum).

2) орташа (20-50 минут) әсер ететін: тиопентал-натрий (Thiopentalum-natrium).

3) ұзақ уақыт әсер ететін: натрий оксибутираты (Natrii oxybutiras).

4.1.1. Ингаляциялық дәрілер.

Наркозға арналған эфир (Анастетик эфир және т.б.) – наркоздық белсенділігі жоғары, улылығы төмен. Эфирлік наркозды басқару оңай. Наркоздық сатылары: бірінші сатысында, яғни анальгезия кезінде ауру сезгіштігін басып, төмендетіп жібереді; екінші сатысында санасы сақтаулы, бірақ қабылдауы нашарлайды. Амнезия (ұмытшақтық) қабілеті жоғалады. Қимылы мен сөзі көбейіп, тынышсызданып кетеді, қарашығы үлкейеді; үшінші сатысында, хирургиялық наркозда ауру сезгіштігі жоғалады, пульсі сирейді, санасы жоқ. Серігу сатысы – 30 минутқа созылады, кейде құсуы мүмкін.

Rp.: Aetheris pro narcosi 150 ml

D.t.d. № 3.

S. Ингаляциялық наркоз үшін.

#

Фторотан (Галотан, Наркотан, Флуотан және т.б.) – наркоздық белсенділігі жоғары, эфирден 3-4 есе асып түседі. Наркоздық әсері қысқа, сондықтан жылдам терең наркозға енуі мүмкін. Қан қысымын түсіріп, жүрек аритмиясы пайда болуы мүмкін. Басқа наркоздық дәрілермен араластырып береді. Жас және қарт адамдарға байқап беру керек.

Rp.: Phthorotani 50 ml

D.t.d. № 2

S. Ингаляциялық наркоз үшін.

#

Құрамында фторлы заты бар дәрілерге басқа да препараттар жатады: энфлуран (Этран), изофлуран (Форан) және т.б. Бұлар дәрілерді қолданғанда наркозға кіруі және шығуы жылдам келеді, тыныс жолдарын тітіркендірмейді, көбінесе амбулаториялық тәжірибеде қолданады.

Азот тотығы (Нитрогенді тотығы) – улылығы аз, тітіркендірмейді. Басты кемшілігі наркоздық белсенділігі төмен. Азот тотығы тек хирургиялық операцияға ғана емес, сондай-ақ инфаркт кезінде, әйелдер босанғанда да қолданылады. Бұл дәрі өкпеден өзгермеген күйде шығады.

4.1.2. Ингаляциялық емес дәрілер.

Бұл топқа парентералды жолмен қолданылатын заттар жатады. Көбіне күре тамыр арқылы береді. Басқарылмайтын наркозға жатады. Сондықтан өте қауіпті, тез терең наркозға түсіп кетеді.

Пропанидид (Сомбревин және т.б) - 5% ерітіндісі 10 мл ампуласы қан тамырға егуге арналған дәрі – наркоздық әсері бірден көрінеді. Қозу сатысы болмайды. Амбулаториялық тәжірибеде қысқа операцияға қолданылады.

Rp.: Sol. Propanididi 5%-5ml

D.t.d. № 6 in amp.

S. Қан-тамырға егу ретінде.

#

Пропофол (Диправан, Пофол, Рекофол және т.б) - 1% ерітіндісі 20 мл ампуласы; 50 және 100 мл флакондар бар – наркоздық әсері жылдам және уақыты қысқа (10-15 минут). Қысқа операцияларға қолданылады.

Тиопентал-натрий (Тиопентал және т.б.) - 0,5 г және 1 г ұнтағы 20 мл-лік ампулада болады – наркоздық әсері 1 минуттан кейін басталады, қозу сатысы байқалмайды. Ұзақтығы 20-30 минут. Бұлшық еттер дірілдеуі, апноэ мен коллапс болуы мүмкін. Бауыр жетіспеушілігінде қолдануға болмайды. Қысқа уақытты наркоздарға қолданады.

Rp.: Thiopentali-natrii 1,0

D.t.d. № 6 in amp.

S. 40 мл суға ерітіп, 10-12 мл-ден күре тамырға.

#

Кетамин (Велонаркон, Калипсол, Кеталар және т.б) - 1% және 5% ерітіндісі 2; 5 және 10 мл-ден ампуласы; 1%, 5% және 10% ерітіндісі 5, 10 және 20 мл флаконы шығарылады. Ауырсынуды сезуді төмендетеді және ұйықтатуы мүмкін. Жалғыз өзін және басқа да дәрілермен бірге көптеген қысқа операциялар үшін қолданады.

Rp.: Sol. Ketamini 1%-5 ml

D.t.d. № 6 in amp.

S. Бұлшық етке және қан тамырға егу үшін.

#

Натрий оксибутираты (Натрий оксибаты және т.б.) - 20% ерітіндісі 10 мл-ден ампулада, 5% ерітіндісі 400 мл сироп түрінде ішуге арналған. Седациялық, ұйықтатқыш, наркоздық және гипоксияға қарсы әсері бар. Гематоэнцефалдық бөгеттен жақсы өтеді. Хирургиялық наркоз 30-40 минуттан кейін басталады, ал ұзақтығы 3 сағатқа дейін созылады. Улылығы төмен, кейде гипокалиемия байқалады. Мөлшері асып кеткенде тыныс алу орталығының жұмысын нашарлатады. Миға, өкпеге әсері шамалы болғандықтан торокальді хирургияда қолданылады.

Rp.: Sol. Natrii oxybutyratis 20%-10 ml

D.t.d. № 6 in amp.

S. Негізгі наркозға егу үшін.

#

4.2. Этил спирті (Шарап спирті). Наркоздық әсері бар. Бірақ орталық жүйке жүйесін жалпы тежейді. Жергілікті әсері антисептик ретінде хирургияда, ал фармацияда дәрі дайындау үшін қолданады. Көп ішкенде адамды құмарлыққа, яғни маскүнемдікке әкеледі. Бұған қарсы қолданылатын дәрілер – тетурам, эспераль және т.б.

Rp.: Spiritus aethylici 70° C – 100 ml

D.S. Операциялық орынды тазалау, қолды жуу үшін.

#

4.3. Ұйықтататын дәрілер.

Ұйықтататын дәрілер тез қалғуға және ұйқының ұзақтығын қамтамасыз етуге арналған. Орталық жүйке жүйесіне әсер етуіне қарай мынадай топтарға бөлінеді:

1) Транквилизатор тобының ұйықтатушы дәрілері - бензодиазепиндық туындылары: нитразепам (Nitrazepam), диазепам, феназепам.

2) Барбитурат қышқылының туындылары: фенобарбитал (Phenobarbitalum), этаминал натрий және т.б.

3) Басқа химиялық заттар: золпидем (Zolpidem), зопиклон.

Физиологиялық ұйқы екі түрге бөлінеді, яғни оның екі сатысы бар: «баяу» ұйқы және «тез» ұйқы. Баяу ұйқы кезінде мидың биоэлектрлік белсенділігі, зат алмасу, дене қызуы, қан қысымы, жүректің соғуы төмендейді. Бұл ұйқының 75-80 пайызын алады. Тез ұйқы кезінде биоэлектрлік белсенділік жоғарылайды, көз қабақтарының жиі қағуы, тыныс пен жүрек соғуының жиілеуі байқалады. Ұзақтығы 20 минут, сатысы алмасып отырып, ұйқының 20-25 пайызын алады. Сондықтан ұйқысыздықтың үш түрі болады:

1/ Жастықшақ кезіндегі ұйқысыздық түн ортасына дейін созылып, содан кейін таң атқанша ұйықтап қалады. Мұндай ұйқысыздықта нитрозепам, золпидем қолданған жөн. Олар тез ұйықтатады, тыныштандырғыш әсері күшті және ұйқының ұзақтығы 4-5 сағатқа созылады. Сонымен осы дәрілер алғашқы кездегі ұйқысыздықты жояды.

2/ Кәрілік кездегі ұйқысыздық, тез ұйықтайды, бірақ түн ортасында ұйқы қашады, содан соң таң атқанша ұйқы болмайды. Мұндай ұйқысыздық кезінде этаминал натрийді қолданған жөн. Бұл дәрінің әсері өте күшті, терең ұйқыға әкеледі, ұзақтығы 6-7 сағат, түн ортасынан әрі қарай ұйықтай береді.

3/ Сирек, жеңіл-желпі, яғни «тауық ұйқы» деп аталады, ең күрделі ұйқысыздық, негізгі ұйқы қашудың себебі ми ішіндегі дерттен ( ми қатерлі ісігі, ми мерезі және т.б.) болады. Бұндай жағдайда фенобарбиталды қолданады. Ұйқылық әсері өте басым және терең, ұзақтығы 8-10 сағатқа созылады.

Нитрозепам (Берлидорм, Нитросан, Радедорм, Эуноктин және т.б.) - 0,005 г түймедағы – эмоциялық ұйқысыздықта (қорыққанда, шошығанда) қолданылады. Психо-эмоциялық өзгерістерді тыныштандырады, қимыл-жүрістер, ой-пікірлер төмендейді. Бірақ көп пайданалуға болмайды, өйткені денеге тез жиналып улануға әкелуі мүмкін. Ұйқының ұзақтығы әрі кеткенде 6-8 сағат.

Диазепам мен феназепамның тыныштандырғыш әсері күшті, ал ұйықтату әсері қысқа, сондықтан бұлар анксиолиттік, яғни транквилизатор ретінде қолданылады.

Rp.: Nitrazepami 0,005

D.t.d. № 7 in tab.

S. Ұйқыға жатар алдында 1 түймедақтан.

#

Фенобарбитал (Люминал және т.б.) – барбитурат қышқылының туындысы, өте күшті ұйықтататын дәрілер, дірілдеуге қарсы және тыныштандыратын әсері бар. Мидағы нейрондардың қозуын тежейді. Ұйқы әсері 8-12 сағатқа созылады. Негізгі қояншыққа қарсы, жедел ұйқы қашқанда, жалпы кемістікпен туған нәрестеге, жүйке жүйесі қозғанда және хореяда қолданылады. Фенобарбиталды басқа дәрімен бірге беруге болмайды, өйткені оның әсері бұзылады, оны берген жағдайда мөлшерін 10 есе азайту керек. Көбірек бергенде денеде жиналып қалады, улану және тәуелділік пайда болуы мүмкін.

Rp.: Phenobarbitali 0,1

D.t.d. № 5 in tab.

S. Ұйқыға жатар алдында 1 түймедақтан.

#

Этаминал-натрий–қасиеті фенобарбиталға ұқсас. Ұйқы ұзақтығы 8 сағатқа дейін. Бұны эпилептикалық статус кезінде 5% ерітіндісін 5 мл бұлшық етке немесе 10% ерітіндісін - 10 мл күре тамырға егеді. Бауыр мен бүйрек аурулары кезінде беруге болмайды.

Золпидем (Ивадал, Нитрест, Санвал және т.б.) - 0,01 г түймедағы - үшінші буынды ұйықтататын дәрілерге жатады. Жылдам ұйықтатады, ұйқы уақыты қысқа - 6 сағат шамасында.

Жанама әсерлері: лоқсу, құсу, бас ауыру, естің бұзылуы, күндізгі ұйқышылдық, жүрісінің бұзылуы, аллергиялық өзгерістер болуы мүмкін.

Бұл дәріні қолдануға болмайтын жағдайлар: жүктілік және бала емізу кезінде, 15 жасқа дейінгі балаларға және осы дәріге сезімталдығы жоғары болғанда.

Rp.: Zolpidemi 0,005

D.t.d. № 10 in tab.

S. Ұйқыға жатарда 1 түймедақтан.

#

Зопиклон ( Имован, Пиклодорм, Релаксон, Сомнол және т.б) - ұйықтату әсері ГАМҚ (гамма-амино май қышқылы) белсенділігімен байланысты. Бұны жатарда және түн ішінде пайда болатын ұйқысыздық кезінде, содан соң негізгі жүйке қызметінің бұзылуында (невроз) пайдаланады. Түймедақ түрінде (0,0075 г) жарты сағат бұрын жатар алдында қабылдайды.

4.3. Ауырсынуды басатын дәрілер, яғни анальгетиктер.

Көптеген аурулар және күйзеліс жағдайларда ауырсыну сезім басым болады. Жарақаттану кезінде ауырсыну сезіміне байланысты есінен танып қалу байқалуы мүмкін. Сондықтан ауырсынуды басатын дәрілердің қажеттігі мол. Денеде күрделі нейрогуморальдық антиноцицептикалық жүйе және ауырсынуды тежейтін ішкі медиаторлар – энкефалин және т.б. бар. Оның қызметі төмендегенде (қорқынышты кезде) ауырсыну күшейіп, оны басу үшін әртүрлі анальгетиктер қолданады. Бірақ бұлар денедегі сана-сезімді, кейбір сезімталдықты жоймайды, тек ауырсынуды басып отырады. Бұлар наркотикалық және наркотикалық емес анальгетиктерге бөлінеді.

4.3.1. Наркотикалық анальгетиктер - олардың антагонистерінің фармакологиялық әсері – орталық жүйке жүйесіндегі және шеткері тіндердің опиаттық рецепторларымен әрекеттесуіне байланысты мынадай топтарға бөлінеді:

А) агонистер: морфин (Morphine hydrochloride), промедол (Promedolum), фентанил (Phentanylum).

Б) агонист - антагонисттер және жартылай агонист: налорфин (Nalorphini hydrochloridum), буторфанол (Butorphanol), Трамадол (Tramadol).

В) антагонистер: налоксон (Naloxone hydrochloride).

Наркотикалық анальгетиктер орталық жүйке жүйесіне тежегіш әсер етеді. Ауруды басып, ұйқыны келтіреді, жөтелді басады. Олардың көбі көңіл-күйді өзгертіп эйфорияға әкеледі, яғни психикалық, біраз өткеннен кейін физикалық тәуелділік әкеліп, нәтижесінде құмарлық пайда болады. Осы топқа жататын көптеген дәрілерді өсімдіктерден және жасанды жолмен алады. Медицинада ең көп таралған түрі – морфин. Құрамында жиырмадан астам алколойдтар бар. Бұлардың бәрі опийдан алынады. Химиялық құрамына қарай оларды фенантрен немесе изохинолин туындысына жатқызады:

1/ фенантрен туындысы – морфин, кодеин және т.б. Бұлар орталық жүйке жүйесіне әсер етеді (ауырсынуды, жөтелді басады).

2/ изохинолин қатарына – папаверин және т.б.жатады. Бұлар тегіс салалы бұлшық етке тікелей әсер етіп, босаңсытады.

Алкалойдтардың ішінен көбінесе морфин қарастырылады. Морфиннің басты әсері – ауырсынуды басу. Сезгіштік, қызулық, есту, көру қызметтеріне әсері аз. Оның ауырсынуды басу әсері екі түрден тұрады:

1.Орталық бөлімдегі афференттік жолмен нейрон аралық ауырсынудың өткізуін тежейді.

2.Ауырсынуды қабылдау, бағалау, оған деген өзгерістердің бұзылуы.

Морфин гидроглориді (Долтард және ұзақ әсерлі дәрілер - Морфилонг, МСТ Континус; М-Эслон). Бұның әсер ету механизмі опиаттық рецепторларымен байланысты. Бұның басты қасиеті супраспиналдық нейрондарға әсер етуінде. Ми тінінен эндогендік заттар эндорфин, энкефалин бөлінеді де ауырсынуды басады. Морфин антиноцицептикалық жүйені күшейтіп отырады. Ми қыртысына әсер етеді. Асқорыту жүйесінің қызметін төмендетіп, тәбетті қашырады. Қолқа, қуық, жатырдың біріңғай салалы бұлшық еттерінің қызметін жақсартады. Мөлшері 0,01 г ұнтақ түрінде ішуге және 1% ерітіндісі 1 мл ампуласында егуге арналған.

Морфинді қолдану көрсеткіштері: жарақаттар, стенокардия, миокард инфаркты, қатерлі ісіктер, операция алдында және соңында, қатты жөтел, жүрек ұстамасы.

Қатерлі әсері: эйфория, морфинизм, дәріге тәуелділік, ішек қату, жүрек айну, құсу, өліп кету (тыныс алудың тоқтауынан).

Кері көрсеткіштері: тыныс жетіспеушілігі, жүдеулік, бес жасқа дейінгі балаларға және қарттарға.

Rp.: Sol. Morphini hydrochloride 1%-1 ml

D.t.d. N 6 in amp.

S. Тері астына 1 мл-ден егуге.

#

Промедол (Тримеперидин) - 0,025 г ұнтақ түрінде ішуге және 2% ерітіндісі 1 мл ампула түрінде егуге арналған. Бұл проперидин туындысы, жасанды болғандықтан көп таралған дәрілер қатарына жатады. Ауырсынуды басатын күші морфиннен 2-3 есе төмен - әсері 3-4 сағат. Жүрек айну, құсу сирек кездеседі. Жатырдың жиырылуын күшейтеді. Асқорыту жүйесінде жақсы сіңіріледі.

Жарақаттар, асқазандағы және он екі елі ішектегі жаралар ауырсынуынуы, холецистит, стенокардия, миокард инфаркты, ішек, бауыр және бүйрек ұстамасы, іш қату кезінде, операция алдында және одан кейінгі кезеңдерде, қатерлі ісіктерде қолданылады. Осылай пайдаланған кезде жүрек айну, құсу мүмкін, ал тыныс жетіспеушілігінде қолдануға болмайды.

Rp.: Sol. Promedoli 1%-1 ml

D.t.d. N 6 in amp.

S. Тері астына 1 мл-ден егуге.

#

Фентанил (Дюрогезик, Сентонил және т.б.) - 0,005% ерітіндісі 2 мл ампула ретінде егуге арналған – пиперидин туындысына жатады. Ауырсынуды басу белсенділігі жоғары. Ол морфиннен 100 есе одан аса күшті. Әсер ету мерзімі 20-30 минут. Тыныс алу орталығын тежейді. Дроперидолмен қосып, нейролептанальгезия жасауға қолданылады. Өз алдына шокқа және әртүрлі жедел ауырсынуды басу үшін пайданылады. Бұның қатерлі әсерлері де бар: брадикардия, бронхоспазм, тыныс алуды тежейді.

Бұны қолдануға болмайтын кері көрсеткіштер: акушерлік операциялар, тыныс жетіспеушілігі, бронх демікпесі, экстрапирамидалық жүйенің аурулары.

Rp.: Sol. Phenthanyli 0.005%-1 ml

D.t.d. N 6 in amp.

S. 1 мл-ден қан тамырға.

#

Буторфанол (Бефорал, Морадол, Стадол, Торгезик және т.б.) анальгетикалық белсендігі мен әсер ету ұзақтығы морфиннен жоғары. Эйфория мен дәріге тәуелділігін тудыруы төмен. Тыныс алу орталығына әсері төмен. Басқа наркотикалық анальгетиктерге қарағанда опиаттық рецепторлардың агонисті-антагонисті болып табылады.

Трамадол (Маврон, Протрадон, Синтрадон, Традол, Тримагит, Трамал, Трамалгин және т.б.) - 0,05 г капсуласы және 5% ерітіндісі 1 мл ампула түрінде пайданылады. Әсер ету механизмі бойынша аралас ықпал (наркотикалық және наркотикалық емес) етеді. Анальгетикалық белсенділігі морфиннен 5-10 есе төмен, бірақ тыныс пен асқазанға әсері шамалы. Ұзақтық мерзімі 3-5 сағатқа созылады. Созылмалы және орташа дәрежелі ауырсынуға қолданылады.

Rp.: Tramadoli 0,05

D.t.d. N 10 in tab.

S. 1 түймедақтан ауырсынғанда.

#

Наркотикалық анальгетиктерді көп қолданғанда үйреншіктік пайда болады. Бұларды артық мөлшерде қолдану улануға әкеледі: құлақ естімей, есінен танып, тыныс алу орталығының салдануы, тері қабатының сұрлануы, мұздауы, кілегей қабаттарының көгеруі, миоз, дене қызуының төмендеуі байқалады. Оны емдеу үшін бірінші асқазанды шаю керек, адсорбент және тұзды іш өткізетін дәрілерді береді. Ең қажеттілігі қарсы әсер етуші дәрілер – налорфин, налоксон және т.б.

Налоксон гидрохлориді (Интренон, Наркан, Нарканти және т.б.) - 0,04% ерітіндісі 1 мл ампула түрінде пайданылады. Промедол, морфин, фентанил және басқа да наркотикалық анальгетиктермен уланғанда, жаңа туған бала асфиксиясында қолданылады. Бұл кезде жүрек айну, маужырау, миоз, бас ауыру, психикалық қозу байқалуы мүмкін.

Rp.: Sol. Naloxoni hydrochloridi 0,04%-1 ml

D.t.d. N 6 in amp.

S. Тері астына 1 мл-ден.

#

4.3.2. Наркотикалық емес анальгетиктер. Бұл топқа жататын жасанды дәрілер:

1. Салицил қышқылының туындысы: ацетилсалицил қышқылы (аспирин), метилсалицилат және т.б.

2. Пиразолон туындысы: анальгин (Analginum), бутадион және т.б.

3. Аналин туындысы: парацетамол (Paracetamol) және т.б.

Бұлардың әсер ету механизмі: простогландиннің түзілуін тежейді (простогландин ноцицепторлардың сезгіштігін жоғарылатады). Таламустағы жылу орталығына пирогендік әсер ететін простогландин Е-1 түзілуін бұзады да, ыстықты басады. Терінің тамырлары кеңейіп, терлейді.

Салицилаттар көбінесе қабынуға қарсы қолданылады. Пиразолон туындысына жататын дәрілер қабынуға қарсы әсер етеді және ауырсынуды басады. Ал аналин тобы ауырсынуды және дене қызуын жақсы басады.

Анальгин және оған ұқсас дәрілер – (Баралгин, Пенталгин, Андипал, Темпалгин, Пальгин, Седальгин-Нео және т.б.) кұрамында анальгин бар. Олардың ауырсынуға, қабынуға және қызбаға қарсы белсенділігі бар. Ең жоғарғы әсері ауырсынуға қарсы, содан соң қабынуға және қызуға ықпал етеді. Бұлар бас ауырғанда, невралгия, радикулит, неврит, миозит, дене қызуы көтерілгенде қолданылады. Қатерлі әсерлері: аллергиялық реакциялар және анафилаксиялық шок. Ал қан ауруларына беруге болмайды. Анальгиннің түймедақ түріндегі мөлшері 0,5 г, тек қажет жағдайда ғана пайданылады.

Парацетамол (Панадол, Эффералган, Медипирин, Проходол, Адол, Калпол, Доломол, Тайленол, Далерон, Парацет, Цефекон Д және т.б.) химиялық құрылысымен фенацитинге ұқсас, бірақ улылығы төмен. Бұл ауырсыну мен қызуды басатын дәрі. Қабынуға қарсы әсері шамалы. Бұл 0,25 г түймедақ түрінде бас ауыруы, невралгия, миалгия және т.б. тұмау тәрізді ауруларда, қызбада, бас сақинасы ұстағанда қолданылады.

Парацетамол кейбір жағдайда аллергия беруі мүмкін және фенацитинге ұқсастығы мөлшері артық берілсе және пайданалуы ұзақ уақытқа созылса бауыр мен бүйрекке улы әсері тигізеді, қан түзілуін бұзады, сондықтан сақ болу керек. Бұл көп мөлшерлі 0,125 г-нан 0, 5 г түймедағы; 2,4%; 5% және 10% суспензиясы мен балаларға ішуге сироп бар; 0,1 г-нан 0,6 г-ға дейін ректальды балауызы; егуге арналған ампулдағы 15% ерітіндісі шығарылады.

Rp.: Paracetamoli 0,25

D.t.d. N 10 in tab.

S. 1түймедақтан қажет кезінде.

#

4.4. Қояншыққа қарсы қолданылатын дәрілер.

Қояншыққа қарсы дәрілердің тырысудың алдын алу немесе азайту үшін қолданылады. Олардың әсерлік механизмі эпилептогендік аймақтың нейрондарының қозуын төмендетіп, патологиялық қозудың таралуына жол бермейді. Орталық жүйке жүйелері медиаторларының гаммааминомай қышқылы (ГАМҚ) арақатынасын өзгертеді.

Қояншық ұстамасының төрт түрі болады:

1. Үлкен қояншық – ұстамасы 10-12 минутқа созылады, есінен айырылып бетімен құлайды, тілін тістеп, денесі тырысып, аузынан көбік ағып жатады.

2. Кіші қояншық – ұстамасы 2-3 минут, есінен айырылып, құлап қалады.

3. Психомоторлы эквиваленттер (қояншығы), тек 30 секунт немесе 1 минут есінен айырылып, денесі құрысып тұрып қалады.

  1. Миоклонус қояншығы, денедегі әртүрлі бұлшық еттер уақытша ғана құрысып-қысылып қалады.

Осы аталған ұстамалардың ішіндегі көрінектісі, қатерлісі және ұзаққа созылатыны - үлкен қояншық. Оны эпилетикалық статус деп атайды. Бұған жедел көмек қажет. Қан тамырға сибазон, клоназепам егу жақсы нәтиже береді. Ингаляциялық наркоздық дәрі - азот тотығы және т.б. қолдануға болады

Ұзаққа созылатын үлкен қояншыққа қолданылатын дәрілер: дифенин (Dipheninum) және гексамидинді (Hexamidinum) фенофарбиталмен (Phenobarbitalum) қосып беріледі, қазіргі кезде карбамазепин (Carbamazepine), натрий вальпроаты (Natrii valproas) және ламотриджин (Lamotrigine) пайданылады.

Кіші қояншыққа қолданылатын ең қажетті дәрілер: этосуксимид (Ethosuximidum), қосымша натрий вальпроаты және клоназепам (Clonazepame).

Психомоторлы эквивалент пен миоклонус қояншығына транквилизаторлар мен ұйықтататын дәрілер: диазепам, клоназепам және нитразепам қолданылады.

Дифенин (Фенитоин және т.б.) химиялық құрылысы бойынша барбитураттарға ұқсас, бірақ ұйықтатпайды, орталық жүйке жүйесіне әсер етпейді, маужыратпайды, тыныштандыру әсері жоқ. Негізі дифенин қояншыққа және аритмияға қарсы қолданылады. Бірақ жанама әсерлері де бар: бас айналу, жүрек айну, құсу, дірілдеу және т.б. өзгерістер болып тұрады. Бауыр және бүйрек аурулары, жүдеу және жүрек декомпенсациясы кезінде қолданбайды.

Дифениннің таблеткалық жалпы мөлшері 0,1 г-нан, оның ішінде дифениннің өзі 0,117 г және 0,032 г натрий гидрокарбонаты. Бірінші рет бастағанда жарты түймедақтан, содан соң 1 түймедақтан күніне 2-3 реттен тағайындайды. Ең көп тәулік мөлшері 8 түймедақ.

Rp.: Diphenini 0,117

D.t.d. № 30 in tab.

S. 1түймедақтан күніне 3 рет тамақтан кейін.

#

Гексамидин (Мисолин, Примидон және т.б.) фенобарбиталға өте ұқсас келеді, қояншыққа әсері күшті, бірақ қатерлігі жоғары, сондықтан да қазіргі кезде жеке түрде көп қолданбайды. Көбінесе анемияға және лейкопенияға әкелуі мүмкін. Сондықтан оны бауыр, бүйрек, қан түзу жүйесінің ауруларында қолданбайды. Түймедақ түрінде мөлшері 0,125 және 0,25 г пайданылады.

Фенобарбитал (люминал және т.б.) ұйықтатын дәрі ретінде саналып келді, ал қазіргі кезде оны қояншыққа қарсы бірінші қолдана бастайды. Мөлшерін 0,01 г біраздан кейін көтере келе 0,2 г-ға дейін күніне 2-3 реттен дене тырысулары жоғалғанша тағайындап, содан соң мөлшерін төмендету керек. Қосымша басқа дәрілерді пайдаланып отырады.

Карбамазепин (Зептол, Карбапин, Карзопин, Мазепин, Тегретол, Тимонил, Финлепсин және т.б.) антидепресанттарға (имипрамин) ұқсайды, тырысуға қарсы өте күшті, басқа дәрілермен бірге көп уақытқа дейін беріледі. Басқа дәрілермен салыстырғанда жанама әсерлері аз байқалады.

Карбамазепиннің мөлшері 0,1 және 0,2 г-нан түймедақ түрінде шығарылады. Алғашқы емдеу мөлшері 0,1 г-нан күніне 2-3 реттен, ал әрі қарай мөлшерін 0,4 г-нан 1,2 г-ға дейін көтеру керек. Балаларға арналған мөлшері 20 мг/кг.

Rp.: Carbamazepini 0,1 (0.2)

D.t.d. № 50 (100) in tab. .

S. 1-2 таб күніне 2-3 рет.

#

Натрий вальпроаты (Апилепсин, Ацедипрол, Депакин, Дипромал, Конвулекс, Конвульсофин, Орфирил, Энкорат және т.б.) әсері кең, бүкіл (әртүрлі) қояншыққа және тырысқаққа қарсы қолданылады. Қояншыққа пайданылатын басқа дәрілердің әсерін күшейтіп отырады. Аздап байқалатын жанама әсері соңынан кетеді. Бауырдың және ұйқы бездің қызметі бұзылғанда, қанталау диатезінде қолданбайды.

Вальпроаттың мөлшері – таблеткасы 0,3 г және 5% сироп 100 мл ішуге балаларға арналған. Бірінші мөлшері бастауыш 0,3 - 0,6 г-нан, ары қарай көтере келе 1 г -1,5 г ақырғысы 3 г-ға дейін тәулігіне беріледі. Балаларға арналған мөлшері 15 мг/кг басталады, ары қарай 20 кейде ең үлкен мөлшері 50 мг/кг, одан асыруға болмайды (5% сираптың 1 мл-де 50 мг тең)

Rp.: Natrii Valproatis 0,3

D.t.d. № 30 in tab.

S. 1 түймедақтан күніне 2-3 рет.

#

Ламотриджин (Ламиктал, Ламитор және т.б.) жаңадан шыққан дәрі, көбінесе кіші қояншыққа қолданылады, бірақ үлкен қояншыққа да беруге болады, тек басқа дәрілермен бірге пайдаланған дұрыс. Жалпы жанама әсерлері бар: аллергиялық өзгерістер, бас айналу, ұйқышылдық және т.б. Жүкті әйелдерге және 2 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.

Ламотриджиннің ішуге арналған және шайнайтын түймедағы болады, мөлшерлері бірдей - 0,025; 0,05 және 0,1 г. Тәулігіне 1 реттен 0,025 г-нан екі аптаға, содан соң мөлшерін ұлғайту керек - 0,05 г-нан тағы екі аптаға, кейін 0,1 г-нан 0,2 г-ға, кейде 0,5 г-ға дейін емдеу әсері ұзаққа созылады. Балаларға 0,2 мг/кг-нан 0,5 мг/кг-ға дейін тағайындалады.

Rp.: Lamotrigini 0,025 (0,05; 0,1)

D.t.d. № 10, 100 in tab.

S. 2-3 рет тамақпен бірге 1 таб.

#

Этосуксимид (Суксилеп және т.б.) кіші қояншыққа қарсы және ауырсыну мен бұлшық етті босаңсыту үшін қолданылады. Емдік әсері көбінесе кіші қояншыққа және миоклонусты ұстамаға қарсы арналған.

Бұның мөлшері 0,25 г капсуласы. Бірінші аптада 0,25 г-нан, содан соң мөлшерді 1 г-нан 2 г-ға дейін көбейтеді. Балаларға 10-15 мг/кг 6 жасқа дейін, ал одан есейген балаларға тәулігіне 0,25 г беріледі.

Этосуксимидті пайдаланған кезде жанама әсерлері көріне бастайды: маужырау, ұйқысы келу, бас ауру, асқазанның бұзылысы, аллергиялық өзгерістер. Бауыр және бүйрек жетіспеушілігі кезінде, бала емізетін және жүкті әйелдерге беруге болмайды.

Rp.: Ethosuximidi 0,25

D.t.d. № 120 in caps

S. 1 таб күніне 2 рет.

#

Клоназепам (Антелепсин, Клонотрид, Ривотрил және т.б.) нитрозепамға ұқсас - тыныштандыру, бұлшық етті босаңсыту, қорқынышты басу, ұйықтату және тырысуды басу әсері бар. Бұны қолданғанда жүріс-тұрысы, ой-пікірінің бұзылуы, бұлшық еттің босауы, қан түзілуінің төмендеуі және аллергиялық өзгерістер болады. Бауыр және бүйрек қызметінің бұзылуы, миастения (бұлшық еттің босаңсуы) кезінде, бала емізетін және жүкті әйелдерге қолданбайды.

Клоназепамның мөлшері 0,00025; 0,0005; 0,001 және 0,002 г түймедақ түрінде; 0,25% ерітіндісі тамшы түрінде ішуге арналған; 0,05% ерітіндісін ампуласы 1 мл-ден егуге пайдаланады. Емдеу мөлшерін жатарда тәулігіне 0,0005-0,001 г-нан бастайды. Алғашқы 4 күн қатарынан қабылдап, содан соң мөлшерін өсіреді 6 мг-ға дейін, ең көп мөлшері 20 мг-ға дейін өсіреді. Балаларға арналған мөлшері жасына қарай: 6 жасқа дейін 0,0005-0,001 г-нан тәулігіне, 6 жастан 12 жасқа дейін 3-6 мг тәулігіне беріледі.

Rp.: Clonazepami 0,00025

D.t.d. № 10 in tab.

S. 1 түймедақтан күніне 2 рет.

#

4.5. Паркинсон ауруына қарсы қолданылатын дәрілер.

Бұл дәрілерді Паркинсон ауруын емдегенде қолданады. Паркинсон ауруы созылмалы келеді, өйткені экстрапирамидтік жүйенің ядролары бұзылады. Бұл аурудың белгілері: бұлшық еттің қысымы жоғарылап, тоқтамай дірілдейді, қимылы баяулайды. Себептері белгісіз. Зерттеулерге қарағанда базальды ядроларда, қара субстанцияда, дофаминнің құрамы төмендейді. Дофаминнің жетіспеушілігі қозғалыстың бұзылуына себеп болады. Оны толықтыру үшін L-Дофа – дофаминнің туындысын береді. Ол денеде (левадопа) гематоэнцефалдық тосқауылдан өтіп, Дофа-декарбоксилаза ферментінің қатысуымен дофаминге айналады.

Дофаминергиялық жүйенің белсенділігін арттыру үшін -Левадопа (Levodopa), қара субстанцияның нейронымен дофаминді ұстауын тежеу үшін дофаминнің рецепторларын қоздырушы – Бромокриптин (Bromocriptine), моноаминоксидаза-В ферменті тежейтін – Селегилин (Selegiline).

Глутаматергиялық жүйені тежейтін, соның арқасында дофаминергиялық әсердің белсенділігін арттырушы – Мидантан (Midantanum).

Холинергиялық жүйені тежейтін, сондықтан дофаминергиялық және холинергиялық жүйелердің тепе-теңдігін сақтау үшін Циклодол (Cyclodolum) қолданылады.

Леводопа (Калдопа, L-Допа және т.б.; қоспалы дәрілері – Леводопа + Карбидопа (Дуэллин, Наком, Синдопа, Синемет, Стриатон, Тидомет және т.б.; Леводопа + Бенсеразид (Мадопар) диоксифенилаланин (допа) биологиялық белсенді зат, бұдан дофамин пайда болады, одан соң норадреналин, ақырғы заты адреналин. Паркинсон ауруы кезінде мида дофамин жетіспейді. Дофаминдік дәрі қолданбайды, өйткені ол гематоэнцефальдық бөгеттен өте алмайды, сондықтан оның орнына леводопа (солды айналыс допаның изомері), бұған кедергілік жоқ. Бұл миға кірген соң дофаминдік рецепторларды қоздырады, осылай емдік әсерін тигізеді.

Леводопаны негізі Паркинсондық ауруға, атеросклероздық және уланулық паркинсонизмде және т.б. осындай паркинсонизмге ұқсас келетін ауруларға қолдануғу болады. Түймедақ түрінде мөлшері 0,25 және 0,5 г-нан. Әр адамға тиісті мөлшерін беру керек. Емі көп уақытқа созылады, сондықтан жанама әсерлері көп байқалады: асқазанның бұзылуы, ортостатикалық гипотензия, аритмия, психикалық және параноидтық серпіліс, агранулоцитоз, лейкопения, аллергиялық өзгерістер де пайда болады.

Rp.: Levodopi 0,25 (0,5)

D.t.d. № 100 in caps.

S. 1 қаптамадан күніне 4 рет.

#

Бромокриптин (Абергин, Бромэргон, Парлодел және т.б) дофаминдік рецепторлар агонисті, сондықтан қоздырғыштық әсері байқалады. Эргометриндік дәрілерге ұқсас келеді, бұл көбінесе акушерияда қолданылады. Бромокриптинді паркинсонизмге де пайданалуға болады, бірақ жоғары мөлшермен беріледі. Бұны тек басқа дәрілермен бірге қолдану керек.

Мидантан (амантадин және т.б.) - РНҚ вирусқа әсер ететін дәрі. Вирустің торшаға енуін қиындатып, вирус геномының шығуын тежейді. Алдыңғы кезде тұмауға қарсы алдын - алынуна қолданып отырылды. Бұл негізі өте жылдам дофаминмиметикалық әсер ететін дәрі. Қазіргі кезде көбінесе Паркинсон ауруына қарсы қолданылады. Мөлшері 0,1 г күніне 3-4 реттен, емнің ұзақтығы 2 айдан 4 айға дейін созылады.

Rp.: Midantani 0,1

D.t.d. № 100 in tab.

S. 1 түймедақтан күніне 2-4 рет.

#

Селегилин (Когнитив, Сепатрем, Сеган, Селегос, Юмекс және т.б.) эфедринге ұқсас симпатомиметик ретінде жүреді. Бұл мидағы дофаминді көбейтеді және бірге бергенде леводопаның әсерін күшейтеді. Қолданғанда сақ болу керек: қан қысымын жоғарылатады, аритмия пайда болады, ұйқы мен жүрісі және сөйлеу қабілеті бұзылады. Бала емізетін және жүкті әйелдерге қолданбайды. Мөлшері 5 және 10 мг түймедақ түрінде күніне 2 реттен беріледі.

Rp.: Selegilini 0,005 (0,01)

D.t.d. № 10, 30, 50, 100 in tab.

S. 1 таб күніне 2 рет.

#

Циклодол (Тригексифенидин, Паркопан, Ромпаркин, Трифен және т.б.) орталық жүйкенің ең күшті М- және Н- холинотежегіштік және шеткі М- холинотежегіштік әсері бар. Мұны жиі Паркинсон ауруында, содан соң экстрапирамидтық бұзылыстарда, спастикалық салдануларда және т.б. орталық жүйкенің спастикалық бұзылыстарында қолданады.

Циклодолдың жанама әсері холинолитикалық дәрілерге ұқсас келеді. Мөлшері 1, 2 және 5 мг түймедақ түрінде шығарылады. Емдеуді алғашқыда мөлшерін күніне 0,5 мг (жарты түймедақтан), әрі қарай 5 мг-нан 15 мг-ға дейін тәулігіне жоғарылатып, леводопамен араластырып отыру қажет.

Rp.: Cyclodoli 0,001

D.t.d. № 50 in tab.

S. 1 таб күніне 2-3 рет.

#

5 тарау. Психотропты дәрілер.

Бұл топқа жататын дәрілерді адам психикасы (рухани сезімі) бұзылғанда, психоз, невроз және т.б. ұқсас өзгерістер кезінде қолданады.

Психотропты дәрілер нейрондардың белсенділігін арттыратын және тежейтін пептидтер мен амин қышқылдардың арақатынасына, биогенді аминдердің алмасуына, нейронаралық тасымалдау, мидың холинергиялық жүйесіне әсер етеді. Психотроптық дәрілер жеті топқа бөлінеді:

1.Антипсихоздық дәрілер (нейролептиктер).

2.Депрессияға қарсы (антидепрессантар).

3.Көкіректікке (мания) ем ретінде қолданатын дәрілер.

4.Транквилизаторлар (шошуға, қорқуға емдік дәрілер).

5.Седативті (тыныштандыратын) дәрілер.

6.Психостимуляторлар (психиканы қуаттаушылар).

7.Ноотропты (адам есіне әсер ететін) дәрілер.

5.1. Антипсихоздық дәрілер, яғни нейролептиктердің адамның психикасына әсер ету механизмі: олар лимбикалық жүйедегі дофаминге сезімтал рецепторларды басып, синапс алдындағы мембрананың өткізгіштігін төмендетеді де биогендік аминдердің шығуын бұзады. Сандырақтауды басып, аурудың әрі қарай дамуына жол бермейді.

Химиялық құрамына қарай нейролептиктер бірнеше топқа бөлінеді:

  1. Адам психикасына тікелей әсер ететін дәрілер:

а/ фенотиазин туындысы: аминазин (Aminazinum), трифтазин (Triftazinum) және т.б.

б/ тиоксантин туындысы: хлорпротиксен (Chlorprothixene).

в/ бутирофенон туындысы: галоперидол (Haloperidole), дроперидол (Droperidolum).

  1. Адам психикасына жалпы әсер ететін дәрілер -

а/ бензамидтер – сульпирид (Sulpride)

в/ бензодиазепин туындысы – азалептин (Azaleptinum).

Аминазин (Хлорпромазин, Ларгактил және т.б.) - 0,025 және 0,05 г драже түрі; 2,5% ерітіндісі 2 және 5 мл ампуласы. Бұл антипсихоздық, тыныштандырғыш әсер береді, бұлшық еттерді босатады. Құсу аймағының хеморецепторларына бөгеу жасап, құсуға қарсы әсер береді. Наркозға арналған, ұйықтататын дәрілердің, наркотикалық анальгетиктердің әсерін күшейтеді. Шеткі иннервацияға әсер етеді, әсіресе адреноблокаторлық әсері күшті, нәтижесінде күре тамырлық қысым төмендейді. Аминазин негізінен басқа дәрілердің әсерін күшейте алады. Бұл негізінде шизофрения және психозды аурулар кезінде қолданылады.

Жанама әсері: гипотензия, коллапс, аллергиялық реакциялар, бауыр, бүйрек және асқазан аурулары, дәрілік паркинсонизм. Жүрек-тамыр декомпенсациясы және жоғары жанама әсерлерінде қолдануға болмайды.

Rp.: Dragee Aminazini 0,025

D.t.d. № 50

S. 1-2 дражеден күніне 4 рет.

#

Трифтазин (Трифлуоперазин, Тразин, Эсказин және т.б.) - 0,001; 0,005 және 0,01 г қабықталған түймедақ түрінде, содан соң 0,2% ерітіндісі – 1 мл ампула түрінде пайданылады. Бұл аминазинге ұқсас, сондықтан қолдану көрсеткіштері де сондай және құсу кезінде қолданады. Жанама әсерлері де ұқсайды, оған қосымша вегетативті өзгерістер, улы гепатит және агранулоцитоз байқалуы мүмкін. Жедел гепатит, бүйрек жетіспеушілігі, жүрек декомпенсациясы, жүктілік кезінде қолдануға болмайды.

Rp.: Triftazini 0,001

D.t.d. № 50 in tab.

S. 1-2 түймедақтан күніне 4 рет.

#

Хлорпротиксен (Труксал және т.б.) - 0,015 және 0,05 г драже түрінде; 2,5% ерітіндісі – 1 мл ампула түрінде пайданылады. Аминазинмен салыстырған седативтік және тыныштандырғыш әсері басым болады. Сондықтан психоз, невроз кезінде, ұйқының бұзылуы, құсу, тері қышымасына қолданылады. Жанама әсері: маужырау, тахикардия, гипотония, ауыз құрғауы. Спирттік ішімдік қолдандан кезде, коллапс, паркинсонизмде қолдануға болмайды.

Rp.: Dragee Chlorprothixeni 0,005

D.t.d. № 50

S. 1 дражеден күніне 2-3 рет.

#

Галоперидол (Сенорм, Галофен, Галопер, Транкодол және т.б.) - 0,001 және 0,005 г таблетка түрінде; 0,2% ерітіндісі 10 мл флаконда тамшы ретінде; 0,5% ерітіндісі 1 мл ампуласы бұлшық етке егуге арналған. Бұның әсер етуі тез және ұзаққа созылады. Ол құсу орталығын тежейді, басқа дәрілердің әсерін күшейтеді, күре тамыр қысымын түсірмейді, ортостатикалық коллапс болмайды.

Галоперидолды шизофрения, психоз, тоқтаусыз құсу, жүрек айну кезінде қолданады. Жүрек аритмиясы кезінде, орталық жүйке жүйесі және бүйрек ауруларында қолдануға болмайды.

Rp.: Haloperidoli 0,001

D.t.d. № 50 in tab.

S. 1-2 түймедақтан күніне 3 рет.

#

Дроперидол (Дролептан, Инапсин, Синтодрил және т.б.) - 0,25% ерітіндісі - 2 мл ампула түрінде анестезиологияда (нейролептанальгизия ретінде) фентанилмен қосып, жедел көмек ретінде кордиогенді шокта қолданады. Құрама түрінде шығарылатын дәрі таламонал (Thalamonal) деп аталады. 2 мл ампула және 10 мл флакон түрінде пайданылады. Өз алдына гипертониялық криз, өкпе ісінуі (өкпе шемені), стенокардия, жүрек айнуы, құсу кезінде қолданады.

Адам психикасына жалпы әсер ететін дәрілер сульпирид және азалептин т.б. Бұл дәрілерді қолданғанда, басқа нейролептиктермен салыстырғанда, экстрапирамидалық бұзылулар сирек дамиды, мидың М-холинорецепторларын тежеу белсенділігі жоғары тұрады.

Rp.: Sulpiridi 0,05; 0,1.

D.t.d. № 30 in caps.

S. 1 қаптамадан күніне 3 рет.

#

Rp.: Azaleptini 0,025; 0,1.

D.t.d. № 50 in tab.

S. 1-2 түймедақтан күніне 3-4 таб.

#

5.2. Антидепрессанттар.

Антидепрессанттар (депрессия – мұңаю, адамның басына қайғы түскенде өте күрделі ауруға шалдыққан жағдай) екі топқа бөлінеді:

1. Үш циклді антидепрессантар немесе моноаминдерді кері алуына кедергі келтіретін дәрілер: (әсері серотонин мен норадреналинге ұқсас)–имипрамин (Imipraminum), амитриптилин (Amitrphtyline) және т.б.

2. Моноаминоксидазаны (МАО) тежеуші дәрілер:

(әсері таңдаусыз - МАО-А және МАО-Б) – ниаламид (Nialamidum) және т.б.

5.2.1. Үш циклді антидепрессанттар.

Антидепрессанттар депрессия және субдепрессия кезінде қолданылады. Қатерлі әсерлері: тахикардия, бас айналу, тершеңдік, ауыздың құрғауы, ұйқының қашуы, бейімделудің бұзылуы және аллергиялық реакциялар. Бұларды глаукома, атеросклероз, бауыр, бүйрек, қан түзу жүйелерінің аурулары кезінде қолдануға болмайды.

Имипрамин (Имизин, Мелипрамин, Депсонил, Прилейган және т.б.) - 0,025 г түймедағы және 1,25% ерітіндісі 2 мл ампуласы. Бұл трициклдік антидепрессант моноаминдерді (нейромедиаторларды) қайтадан бұрынғы фолликулдағы орнына жібермейді, сонымен бірге норадреналинді, дофаминді, серотонинді тағы да басқа нейромедиоторларды бөгеп тастайды, сондықтан синапстік тесікте жиналып мембрананы қоздырады.

Имипраминді әр түрлі депрессияға қарсы қолданады, сол әсерге байланысты науқастың көңілі көтеріліп, ажары кіреді, психикалық және қимыл-қозғалыс пайда болады. Осындай айқын емдеу қасиетімен бірге жанама әсерлері де байқалуы мүмкін: бастың айналуы мен ауыруы, терлеу, жүрек соғуы, ауыз қуысының құрғауы, көз аккомодациясының бүзылуы, зәр айдалмауы, теріде аллергиялық өзгерістердің байқалуы, қан түзілуінің және жүрек соғысының бұзылуы. Қосымша жедел аурулар болса (бауыр, бүйрек, қан түзу мүшелері, жүрек-тамыр жүйесі аурулары, диабет, атеросклероз және т.б.) қолдануға болмайды.

Rp.: Sol. Imipramini 1,25% - 2 ml

D.t.d. № 10 in amp.

S.1 мл - ден тері астына.

#

Амитриптилин (Амизол, Триптизол, Аминеурин, Эливел және т.б.) - 0,025 және 0,075 г драже мен түймедақ; 1% ерітіндісі 2 мл ампуласы. Бұлардың тиісті әсері депрессияға қарсы қасиеті жоғары және аздап тыныштандырғыш қасиеті бар. Орталық жүйке жүйесі нейронындағы норадреналинді кері алуына кедергі келтіреді, сондықтан рецепторлар аймағындағы медиаторлар көп мөлшерде жиналады. Бұның қолданылуы, қатерлік және жанама әсерлері имипраминге ұқсас келеді.

Rp.: Dr. Amitriptilini 0,025

D.t.d. № 50

S. 1 дражеден күніне 2 рет.

#

5.2.2. Моноаминоксидазаны тежейтін антидепрессантар

Екінші топқа жататын дәрілер орталық жүйкедегі рецепторлардың моноаминоксидазды ферменті тежейді, сондықтан бұл жердегі моноаминдер көбейеді. Ниаламид 0,025 драже ретінде жедел, яғни асқынған депрессияға карсы қолданылады. Қатерлі әсерлері: ауыз құрғау, диспепсия, қан қысымының төмендеуі. Жүрек декомпенсациясында, бауыр, бүйрек қызметі мен мидың қан айналымы бұзылғанда қолдануға болмайды.

Rp.: Dr. Nialamidi 0,025

D.t.d. № 20

S. 1 дражеден күніне 2 рет.

#

5.3. Көкіректікті, яғни манияны емдейтін дәрілер.

Мания дегеніміз ақылсыздық немесе көкірегі көтеріңкі қозулы жағдаймен көрінетін дерт. Манияны емдеуге нейролептиктермен бірге литий тұздарын (Lithii carbonas, Lithii oxybutiratum) қолданады.

Литий карбонаты (Квилониум, Контемнол, Литосан және т.б.) - 0,3 г қаптама және литий оксибутираты (Литий гамма-оксибутираты) 0,5 г түймедағы және 20% ерітіндісі 2 мл ампуласы түрінде шығарылады. Литий тұздары тек манияға тікелей әсер етеді. Психикалық жағдайды қалыпқа келтіреді. Бұлардың әсер ету механизмі жүйкенің ұшынан норадреналиннің шығуын азайтады және норадреналиннің азаюы нейрондардың кері қармап алуының белсендігіне байланысты болады.

Литий тұздары әртүрлі маниякальді жағдайларда қолданылады. Бүйрек, қалқанша безінің аурулары, асқазан жарасы, холецистит, жүрек-тамыр декомпенсациясыда қолданбайды. Бұларды пайдаланған кезде құсу, диарея, атаксия, қалтырау, диспепсия, полиурия, дизартрия, кома байқалуы, ал кейде өлім себебі болуы да мүмкін.

Rp.: Lithii carbonates 0,3

D.t.d. № 10, 50 in caps.

S. 1 қаптамадан күніне 2-3 рет.

#

5.4.Транквилизаторлар

Транквилизаторларды қорқыныш, үрей, тынышсыздану, невроздық жағдайларда қолданады. Медицина тәжірибесінде бензодиазепин туындысына жататын көптеген транквилизаторлар пайданылады: диазепам (Diazepam), феназепам, нозепам, мезапам, лоразепам және т.б. Бұлардың бәрі бір-біріне ұқсас келеді.

Бұлар бензодиазепиндік рецепторлармен әрекеттеседі және гаммааминомай қышқылы (ГАМҚ) рецепторларымен тығыз байланысты болады. Сондықтан ГАМҚ рецепторларының белсенділігі арта түседі. Транквилизаторлар тыныштандырып, ұйқышылыдық шақырады, тырысуды басады, қан қысымды өзгертпейді.

Бензодиазепиндік транквилизаторлар психикалық, невротикалық жағдайларда, ұйқы бұзылуы, қояншық, невроздар (үрей, қорқу, мұңаю) және т.б. вегетатикалық дисфункция кезінде қолданылады. Қолдану барысында жанама әсерлері байқалуы мүмкін: маужырау, бас айналу, жүрек айну, іш қату, тері қышымасы, бұлшық еттің босаңсуы, шайқалу, ауыз құрғау. Шапшаң қимылдауды қажет ететін жұмыстарда, миастенияның ауыр түрінде, жүктілік, бауыр мен бүйрек ауруларында қолдануға болмайды.

Диазепам (Сибазон, Седуксен, Реланиум, Диазеплекс және т.б.) - 0,005 г түймедағы; 0,001 және 0,002 қапталған түймедағы балаларға арналған; 0,5% ерітіндісі 2 мл ампуласы егуге арналған. Бұл ең бір күшті өте көп таралған тәжірибелі медицинада қолданылатын дәрі болып табылады. Қорқу, шошу сияқты көптеген жағдайларда жақсы әсерін тигізеді, содан соң ем ретінде жүйке ауруларына да (неврозға, психопатиялық шизофренияға ұқсас ауруларға), эмоциялық рухани бұзылыстарында қолданылады.

Rp.: Diazepami 0,001 (0,002)

D.t.d. № 20 in tab.

S. 1 түймедақтан күніне 2 рет.

#

5.5. Седативті, яғни тыныштандыратын дәрілер.

Тыныштандыратын дәрілерге бром тұзы (натрий бромиді – Natrii bromidum), шүгін шөп (валериана - Valerianae), сасық шөп (пустырник - Leonurae) жатады. Валериана тұнбасы қосымша корвалол, валокордин және т.б. тамшы түрде қолданылады. (Inf. rad. Valerianae 20,0 – 200 ml және T-rae Leonure 20 ml. M.D.S.).

Натрий бромиді - бром тұздарының ішіндегі жиі қолданылатын түрі. Бұлар ми қыртысындағы тежеу үрдісін күшейтеді. Олардың әсері жүйке жүйесінің, яғни адам кейіпкеріне (типіне) байланысты. Бром тұздарын қолданғанда денеден баяу шығатындықтан, уланудың созылмалы түрі пайда болуы мүмкін. Оны бромизм деп атайды. Бұл кезде меңіреулік, есі қашып, тері үсті қышуы пайда болады. Бромизмді емдеу үшін көп мөлшерде натрий хлорын, сонымен қатар зәр айдайтын дәрілерді береді.

Натрий бромидін қатты қозу, ұйқы қашу, қан қысымы көтерілуі кезінде қолданады. Жанама әсерлері: жөтел, мұрын бітуі, тері бөртпелері және әлсіздік.

Rp.: Sol. Natrii bromidi 3%-200ml

D.S. Жатарда 1 ас қасықтан.

#

Тыныштандыру үшін валериана және сасық шөп шөбінің дәрілерін көп қолданады. Олардың құрамында эфир майы, қажетті алколоидтар – сапониндер бар. Бұлар жүрек-тамыр неврозы, жүйкенің қозуы, ұйқы қашу, гипертонияның алғашқы кезеңінде қолданылады.

Rp.: Inf. Rad. Valerianae 20,0 - 200ml

T-rae Leonuri 20 ml

M.D.S. 1 ас қасықтан күніне 3 рет.

#

5.6. Психиканы қуаттаушылар – психостимуляторлар.

Психиканы қуаттаушылар көңіл көтереді, шаршауды басып, ойлау қабілетін көтереді. Тыныс, қан тамырының қимылын басқаратын орталықты қоздырады. Қаңқа бұлшық етінің жұмысын жоғарылатады. Жүрек соғуының күшін көтереді. Терінің, жүректің, мидың қан тамырларын кеңейтіп, зәрдің бөлінуін күшейтеді.

Алғашқы психиканы қоздырғыш дәрілердің бірі -фенамин (амфетамина сульфат) болатын. Ол жүйкенің алдыңғы синапс мембранасына норадреналин мен дофаминді босатады, сондықтан рецепторларды жылдам қоздырады. Көбінесе адамды құмарлыққа әкелетін болғандықтан, фенаминді қазіргі кезде қолданбайды. Фенаминге ұқсас дәрілер - пиридрол мен меридил. Бұлардың құмарлық әсері аз болғанның өзінде біраздан кейін қан қысымын көтереді, ұйқы қашады, адамның мазасы кетеді. Қазіргі кезде бұл дәрілерді де сирек қолданады. Оның орнына сиднокарб (Sydnocarbum), кофеин-натрий бензоат (Coffeinum-natrii benzoas) қолданылады.

Сиднокарб (Мезокарб және т.б) - белсендігі мол тікелей шеткі норадренергиялық жүйесіне созылмалы әсер ететін дәрі. Мөлшері 0,005; 0,01 және 0,025 г-нан түймедақ түрінде қолданады. Фенаминмен салыстырғанда улылығы өте төмен, шеткі симпатомиметикалық әсері аз. Астения, депрессия, түнгі кіші дәрет тоқтамағанда (көбінесе ер балаларда – түнде төсекке сиіп қою жиі кездеседі), невротикалық бұзылыстарда қолданады. Қатты қозғанда, гипертониялық ауру және атеросклерозда қолдануға болмайды.

Rp.:Sydnocarbi 0,005

D.t.d. № 50 in tab.

S. 1 түймедақтан күніне 2-3 рет.

#

Кофеин - натрий бензоаты - ең көп қолданатын және психиканы жақсы қоздыратын дәрі. Мөлшері: 0,1; 0,2 және 0,075 г-нан ұнтақ және түймедақ түрінде; 10% ерітіндісі 1 мл және 20% ерітіндісі 2 мл ампулада шығарылады.

Кофеинді психиканы және денені қоздыру, орталық жүйке жүйесін қуаттау үшін, жүрек жеткіліксіздігінде, коллапс, гипотония, наркотикалық және ұйқы келтіретін дәрілермен уланғанда, бас айналып, ауырғанда қолданады. Мөлшері көп асып кетсе ұйқы қашу, жүрек соғу және айну, тынышсыздану, жүрек аритмиясы, қозулық байқалады.

Rp.: Sol. Coffeini natrii benzoates 10% - 1 ml

D.t.d. № 10 in amp.

S. 1-2 мл ден тері астына.

#

5.7. Ноотропты дәрілер.

Ноотроптарға жататын дәрілер - пирацетам (Piracetam), аминалон және т.б. Бұлар адамның есін, ақыл-ой қызметін жоғарылатып, мидағы зат алмасу жүрістеріне жақсы әсер етеді. Дені сау адамдардың орталық жүйке жүйесіне әсер етпейді. Бұлар гаммааминомай қышқылы (ГАМҚ) болғандықтан, тін тосқауылынан жақсы өтіп, гипоксияны, тырысуды басады. Бұл дәрілердің әсері баяу жүретіндіктен емдеу мерзімі бірнеше (шамамен 5 - 6) айға созылады.

ГАМҚ заттар жүйке тінінде тежеуші медиатор және зат алмасу қызметін атқарады. Ол мидың созылмалы органикалық бұзылуы кезінде пайда болғандықтан, ақыл-ой кемістігін азайтады. Мидың қан айналымын жақсартады. Қан қысымын төмендетеді, гипогликемиялық әсер етеді.

Пирацетам (Ноотропил, Пирамем, Луцетам, Нооцетам, Церебрил, Ноотобрил және т.б.) - 0,4 г-нан капсула және 20% ерітіндісі 5 мл ампула түрінде. Бұлардың –гипоксияға қарсы әсері жоғары. Ми қан айналымы бұзылуы, атеросклероз, балалардың ақыл-есі жетіспеуі, кома, депрессия, абстиненция, морфинмен, барбитураттармен және алкогольмен улану кезінде қолданады. Ұзақ пайдаланғанда қозу, тітіркену, диспепсия, ұйқының бұзылуы болуы мүмкін. Ал бүйректің жедел жетіспеушілігі және жүктілік кезінде қолданбайды.

Rp.: Piracetami 0,4

D.t.d. № 60 in caps.

S. 1 қаптадан күніне 1-2 рет, 6 айға дейін.

#

5.8. Аналептиктер.

Бұлар жалпы орталық жүйке жүйесін қоздыратын және тікелей тыныс алу жүйесі мен қан-тамыр айдау орталығына (сопақша мида) жедел әсер тигізетін дәрілер. Бұларға кордиамин (Cordiaminum), камфорлық май (Camphora oleosae) және т.б. тыныс жүйесіне әсер ететін дәрілер (бемегрид, кофеин және т.б.) жатады.

Бұлар, көбінесе наркоздық, ұйықтататын дәрілермен және этил спиртімен уланғанда, тыныс алу бұзылуы, жүрек-тамыр жетіспеушілігі кезінде қолданады.

Кордиамин (Никетамид және т.б.) тікелей тамыр орталығына, содан кейін тыныс орталығына әсерін тигізеді. Тыныс орталығы каротидті синустың (тыныс артерияларының аймағындағы жүйке торшалық рецепторлары) хеморецепторларын (сол тамырлардың ішіндегі рецепторлар) қоздырады. Мөлшері тым асып кетсе улық әсері көрініп, клоникалық тырысулар (бүкіл дененің тырысу) пайда болады, сондықтан тағайындау кезінде сақ болу керек.

Кордиаминнің 25% ерітіндісі 1 және 2 мл ампуласы тек жедел көмек үшін коллапс (күш кету), асфиксия (тұншығу), шок (естен тану) және осындай өлім халіндегі жағдайда тері астына немесе бұлшық етке егуге, ал күрделі жағдайда көк немесе күре тамырға күніне 1-2 реттен егу үшін қолданылады. 15 және 30 мл флакондағы кордиамин ерітіндісін тамшы ретінде әлсіреп күші кетіп жатқанда: операциядан және уланғаннан (ересекті, барбитуратты және т.б. улы заттар) кейінгі кезде, 15-тен 40 тамшыға дейін күніне 2-3 реттен береді. Қояншық және тырысқақпен сырқат науқастарға мұқият тағайындау керек немесе мүлдем қолданбаған жөн.

Rp.: Sol. Cordiamini 25%-2 ml

D.t.d. № 10 in amp.

S. 1 мл тері астына.

#

Камфора (Камфор) және әртүрлі дайындық дәрілері (Камфора майы 20% егуге; Камфора майы сыртқа жағуға; Камфор спирті ысуға және сүртуге арналған; Камфоцин – қоспалы дәрі (камфора, салицил қышқылы, кастор майы, скипидар, бұрыш және т.б.). Камфора жүрек пен тыныс орталығын, шеткі жүйке жүйе рецепторларын қоздырып отырады, бірақ созылмалы жүрек-тамыр және тыныс жетіспеушілігіне, олардың созылмалы қабыну аурулары кезінде қолданылмайды. Миалгия, артрит, ревматизм аурулары кезінде жергілікті жағуға пайдаланады.

Rp.: Sol. Camphorae oleosae 20%-2 ml

D.t.d. № 10 in aml.

S. 2 мл бұлшық етке егу ретінде .

#

Бемегрид (Этимид, Глютамизол және т.б.) тікелей орталық миды, көбінесе ұйқы орталығын қоздырады, сондықтан бұл дәрі наркоздық, ересекті және ұйықтататын дәрілермен (барбитураттар) және т.б. улармен (орталық жүйкені тежейтін) уланғанда жақсы әсерін тигізеді. Бұның 10 мл ампуладағы 0,5% ерітіндісін қан тамырға баяу енгізу керек. Психомоторлық қозу немесе құсу басталса қолдануға болмайды. Бемегридті енгізу өте қажет болған жағдайда тыныс жолдарын, алдын ала асқазанды жуып тазалаған жөн.

6 Тарау. Тыныс алу жүйесіне әсер ететін дәрілер.

6.1. Тыныс алу жүйесін қуаттаушы дәрілер.

Тыныс алу жүйесін қуаттаушылар үш топқа бөлінеді:

1. Тікелей тыныс алу жүйенің орталығының белсенділігін арттыратын дәрілер: бемегрид, кофеин, этимизол (Aethimizolum).

2. Тыныс алуды рефлекторлы түрде қуаттаушы дәрілер: цититон, лобелин гидрохлориді.

3. Аралас түрде қуаттаушы дәрілер: кордиамин, көмір қышқылы (карбоген), камфора.

6.1.1. Тыныс алу жүйесінің орталығына әсер ететін дәрілер.

Бұл топқа жататын дәрілер мидың қыртыс асты туындыларының және сопақша ми орталығының белсенділігін арттырады. Бірақ қыртыс миды басып отырады. Оларды тек тыныс алуды қуаттап отыруға ғана емес, сонымен бірге бұлар психиатрияда тыныштандыру үшін де қолданылады.

Этимизол - 0,1 г түймедақ түрінде және ампуласы 1 % ерітіндісі - 3 мл; 1,5% ерітіндісі - 5 мл егуге пайданылады. Наркотиктермен және анальгетиктермен уланғанда, содан соң нәрестенің асфиксиясында тыныс орталығын қоздыру үшін қолданылады. Адренокортикотроптық гормон арқылы қабынуға қарсы әсері болғандықтан артриттер, бронхылық демікпеде, өкпе ателектазында және аллергиялық ауруларында пайданылады.

Біраз қолданғаннан кейін жанама әсерлері де байқалады: құсу, диспепсиялық көрініс, бас айналу, ұйқының бұзылуы және т.б. өзгерістер пайда болады.

Этимизолды қолдануға болмайды: қимыл және психикалық белсенділігі жоғары ауруларда, ұйқы қашқанда, артериялық гипертензияда, жүрек-тамыр жүйесінің органикалық ауруларында.

Rp.: Sol. Aethimizoli 1,5% - 5ml

D.t.d. № 10 in amp.

S. 3-5 мл тері астына егу.

#

Бемегрид пен кофеин алдыңғы тақырыпта талданды. Бұлар бірінші топтағы дәрілер анальгетиктермен және ұйықтататын (барбитураттар) дәрілермен уланғанда қолданылады.

6.1.2. Рефлекторлы түрде қуаттаушы дәрілер.

Бұл топқа жататын дәрілер синокаротидтік аймағының Н-холинорецепторларын қоздырып, ол жерден афференттік импульстер сопақша миға келіп, тыныс алу орталығы белсенділігінің жоғарылауын қамтамасыз етеді. Оның әсері қысқа бірнеше минут қана. Цититон мен лобелинді морфинмен, барбитураттармен, көмір қышқыл газымен уланғанда, жарақаттанғанда, операцияларда, шокта, коллапста қолданады. Бұларды Н-холиномиметик тақырыбында анықтадық (бұл дәрілер холинергиялық тақырыпта берілген).

6.1.3. Аралас түрде қуаттаушы дәрілер.

Бұл топқа жататын дәрілер каротидтік түйіршіктік хеморецепторына әсер етеді. Медициналық тәжірибеде қолданатын 5-7 % көмір қышқылы және 93-95% оттегі екеуінің қосындысын карбоген деп атайды. Бұны ингаляция дем алдыру арқылы береді. Бұл кезде тыныс алу орталығында көмір қышқылының жиналуынан тыныс алуды қоздырады.

Кордиамин алдыңғы тақырыптарда берілді.

6.2. Жөтелге қарсы дәрілер.

Жөтелге қарсы қолданылатын дәрілер үш топқа бөлінеді:

1/ Сопақша мидағы жөтел орталығына әсерін тигізетін дәрілер. Оларға наркотикалық анальгетиктер жатады: кодеин фосфаты (Codeini phosphas) және этилморфин гидрохлориді (Aethylmorphini hydrochloridum).

2/ Қосымша әсері бар дәрілер: глауцин гидрохлориді (Glaucini hydrochloridum) және тусупрекс (Tusuprex).

3/ Сыртқы тыныс жолына әсер ететін дәрі - либексин (Libexin).

6.2.1. Жөтел орталығына әсер ететін дәрілер.

Кодеин фосфаты (Кодеин, Туссамаг кодеині және т.б. Кодеин қосымша күрделі дәрілердің құрамына кіреді: Коделак, Терпинкод, Пенталгин, Седалгин, Кодтерпин “Жөтел түймедағы” және т.б.) - опийдан алынған алкалоид, морфинге ұқсас, бірақ ауырсынуды басатын әсері біршама төмен келеді. Морфиннен артықшылығы тікелей сопақша мидағы жөтел орталығына тежеулік әсері жоғары келеді.

Кодеин фосфат тыныс жүйесін аздап болса да тежеп отырады және ұзақ қолданғанда құмарлыққа, яғни тәуелдікке әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, артериялық гипотензия, ішек және қуық босауы, жүрек аритмиясы және аллергиялық өзгерістер болады.

Бұл дәріні қолдануға болмайды: тыныс жетіспеушілігінде, қан қысымы төмендегенде, бас-ми жарақатында, жүкті әйелдерге, бауыр және бүйрек қызметінің бұзылуында қолдануға болмайды.

Кодеин фосфат түймедақ және ұнтақ ретінде мөлшері 10-20 мг жөтелді тыныштандыру үшін қолданылады.

Rp.: Codeini phosphatis 0,015

D.t.d № 10.

S. 1 ұнтақтан жөтелге.

#

Этилморфин гидрохлориді (Дионин, Диолан және т.б.) - морфиннен алынған жасанды дәрі, кодеинге ұқсас, бірақ жөтелдің әсерін төмендету үшін қолданады. Бұл дәрі көбінесе созылмалы тыныс жолдарының қабыну ауруларында (созылмалы бронхит, өкпе туберкулезі және т.б.) жөтелуді және ауырсынуды басу үшін қолданылады.

Этилморфин негізі офтальмологиялық тәжірибеде көп қолданылады (жергілікті жансыздандыру және тыныштандыру үшін). Көптеген көз ауруларында ісіну, қабыну (кератит және т.б.) асқынып бара жатқанда пайдаланып отырады.

Бұл дәрі түймедақ және ұнтақ ретінде мөлшері 0,01 және 0,015 г жөтелді тыныштандыру үшін, ал көз ауруларына 1-2 % май және тамшы түрінде қолданылады.

Rp.: Ung. Aethylmorphini hydrochloridе 2% - 10,0

D.S. Жатарда көзге тарту ретінде беріледі.

#

6.2.2. Қосымша әсерін тигізетін дәрілер.

Глауцин гидрохлориді және тусупрекс. Бұлардың наркотикалық әсері жоқ, бірақ қосымша жөтел орталығына әсері бар. Бұл дәрілер сопақша мидың орталындағы жөтелу рефлекстерін басып отырады.

Глауцин гидрохлориді (Глаувент және т.б.) наркотикалық әсері жоқ, бірақ қосымша жөтел орталығына әсері бар және жергілікті тыныс жолымен бірге сопақша мидың орталығында жөтелу рефлекстерін басып отырады. Бұл опий тұқымдастығы өсімдіктерінен алынған алкалоид. Жөтелдік қарсы әсері жақсы, тыныс жүйесіне әсер етпейді, қанша қабылданса да құмарлық пайда болмайды.

Глауцин гидрохлоридін көбінесе өкпе және тыныс жолдарының қабыну ауруларындағы жөтелге қарсы пайдаланып отырады.

Біраздан кейін қан қысымын төмендетуі мүмкін. Гипотензия және миокард инфарктында қолдануға болмайды.

Бұны күніне 2-3 түймедақтан немесе дражеден тамақтан кейін береді. Мөлшері 50 мг қапталған сары 20 түймедақтан шығарылады.

Rp.: Dragee Glaucini hydrochloride 0,05

D.t.d. № 20.

S. 1 дражеден күніне 2-3 рет.

#

Тусупрекс (Окселадин, Пакселадин және т.б.) – негізгі эстоцинге (жасанды анальгетик, жөтел басатын әсері бар) ұқсас, орталық жөтел рефлексін тежейді, ал тыныс алу жүйесіне және тыныс орталығына әсері жоқ. Қанша пайдаланса да құмарлыққа келтірмейді. 10 және 30 мг түймедағы; 20 мг № 250 қапталған қызғылт түймедақ түрде шығарылады. Күніне 3-4 рет ішуге беріліп отырады.

6.2.3. Шеткі тыныс жолдарына әсер ететін дәрілер. Бұған либексин жатады. Бұл жоғарғы тыныс жолдарының кілегей қабатын жансыздандырады, орталық жүйке жүйесіне әсер етпейді, сонымен бірге тәуелділік шақырмайды.

Либексин (Глибексин, Преноксдиазин, Тибексин және т.б.) – жасанды дәрі, күштілігі кодеин фосфатымен бірдей. Тыныс алу жүйесіне әсері жоқ және құмарлыққа келтірмейді. Жергілікті жансыздандыру және тыныс алу жолдарының спазмын басады.

Тыныс жолдарының жедел және созылмалы ауруларында (бронхит, бронхопневмония, демікпе, эмфизема және т.б. қабынулық өзгерістер) жақсы әсерін тигізеді.

Бұның мөлшері 100 мг күніне 3-4 рет беруге болады, тек түймедақты шайнамай жұтып жіберу керек, ол ауыз ішінде ери бастаса кілегейлі ауыз қабығын жансыздандырып жібереді.

Rp.: Libexini 0,1

D.t.d № 20 in tab.

S. 1 түймедақтан күніне 3 рет.

#

6.3. Қақырықты шығаратын дәрілер.

Қазіргі кезде қақырықтың шығаруын жеңілдететін дәрілер екі топқа бөлінеді:

1/ Тыныс алу жолының секрециясын белсендіретін дәрілер, яғни жергілікті рефлекстік әсерімен қақырықты тебіндіріп сыртқа шығарып отырады (термопсис ( Herba Thermopsidis), алтей тамыры (Radices Althaeae), мия тамыры (Radices Glycyrrhizae), анис жемісі (Fructus Anisi vulgaris) және т.б. шөптен алынған дәрілер мен натрий бензоаты (Nаtrii bеnzoas), тағы басқа да химиялық заттар). Бұлар асқазанның шырышты қабықшасын тітіркендіріп, содан кейін тыныс алу жолдарының кілегейлі қабықшасын тітіркендіреді. Осы әрекеттердің тыныс және құсу орталықтарымен байланысы бар, сондықтан кейбір құстыратын дәрілер (апоморфин және т.б.) тым аз мөлшерімен қақырықты айдап шығаруға болады. Осы дәрілердің ішіндегі тез қанға сорылатын дәрілердің (натрий және калий йодидтері, аммоний хлориді, натрий гидрокарбонаты және т.б.) кейін резорбтық (сорылу) әсері күшейеді. Олардың құрамындағы эфирлік майлар тыныс жолына шыға бастайды. Содан соң олар жергілікті жабысып қалған қықырықты жібітіп және сұйылтып сыртқа шығуға көмегін тигізеді. Қазіргі кезде бұл дәрілер жанама әсерлері болғандықтан және тиісті әсерінің жеткіліксіздігінен сирек қолданылады. Бұлардың орнына көбінесе муколитикалық заттар пайданылады.

2/ Жергілікті қақырықты сұйылтатын, яғни муколитикалық заттар. Бұған біріншіден, ертеден қолданып келе жатқан ферменттік дәрілер (кристалдық трипсин (Trypsinum crystallisatum), рибонуклеаза (Ribonucleasum) және т.б.), екіншісі қазіргі кездегі шығарылған жасанды заттар (ацетилцистеин (Acetylcysteinum), бромгексин (Bromhexinum), амброксол (Ambroxolum) және т.б.). Бұлардың ішіндегі ең тиімдісі жергілікті эндогендік сурфактантты белсендіретін амброксол болып табылады.

6.3.1. Жергілікті рефлекторлық әсерімен қақырықты шығаратын дәрілер.

Термопсис шөбі (Мышатник шөбі). Бұл шөптің құрамындағы алкалоидтар асқазан рецепторларын тітіркендіреді, тыныс алуды қоздырады, содан соң рефлексті жолмен кеңірдек бездерінің сөл бөлуі көбейеді. Қақырықтың сұйық болып және көп шығуы жеңілдейді. Егер мөлшерін біраз көбейтіп жіберсе құстырады. Бұл уланудың алғашқы белгілері. Термопсисті жас балаларға беру өте қауіпті.

Термопсис көбінесе тұндырма ретінде қолданылады және кепкен экстракты, ұнтағы, түймедағы бар.

Rp.: Herbae Thermopsidis 0,01

Natrii hydrocarbonatis 0,25

D.t.d. № 10 in tab.

S. 1 түймедақтан күніне 3-4 реттен.

#

Жалбызтікен (алтей) тамыры (алтей сиропы, кеуделік жинақтар, мукалтин т.б.). Бұлар көбінесе тыныс жолдарының созылмалы қабыну ауруларында қақырықты жылдам шығару үшін және жөтелді басу үшін қолданылады.

Мукалтин (Mucaltinum) - алтей шөбін кептіріп, үгіп ұнтақ және түймедақ түрінде мөлшері 50 мг күніне 1-2 рет ас алдында қолданылады.

Rp.: Inf.red. Аlthaeae 3,0-100 ml

Sir.Althaeae 20 ml

M.D.S. 1 шай қасықтан

#

Mия тамыры (Лакричн тамыры, Глицерам, кеуде элексирі және т.б.) - мия тамырынан жасалған дәрілері өкпе қабыну ауруларына қарсы, қақырық шығаруға және асқазанның жарасына тез жазуға ықпал етеді.

Глицерам (Glycyrramum) мия тамырынан алынған глицирриздық қышқыл. Бұл дәрі бүйрек үсті безінің гликокортикоидтық гормонын белсендіреді, сол арқылы қабынуға қарсы әсеріне және өкпеден қақырықты шығаруға ықпалын тигізеді.

Бұлардың мөлшері: 50 мг кептірген сығыны ас алдында 1-2 түймедақтан 2-4 рет күніне беріледі.

Rp.: Extracti Glycyrrhizae sicci 0,05

D.t.d. № 50 in tab.

S. 1-2 түймедақтан күніне 3-4 рет.

#

Aнис жемісі (анис майы, мүсәтір-анистік тамшы). Анис жемісінен жасалған дәрілер қақырықты шығарады және ішті босатады. Ішті босататын шай 1 ас қасықтан күніне 3 рет, қақырықты шығаратын – мүсәтір -анистік тамшысы – 10-15 тамшыдан (балаларға 3-4 тамшыдан) күніне 2-3 рет және анис майы – 2-3 тамшыдан күніне 4-5 рет беріледі.

Rp.: Liquor ammonii anisatus 100 ml

D.S. 10-15 тамшыдан күніне 2-3 рет.

#

Hатрий бензоаты – басқа қақырықты шығаратын дәрілермен бірге тыныс алу жолдарының қабынулары кезінде (бронхит т.б. созылмалы ауруларында) қолданылады.

6.3.2. Жергілікті қақырықты сұйылтатын (муколитикалық) дәрілер.

Кристаллдық трипсин (ұнтақ түрінде ампула мен флаконда мөлшері 0,005 және 0,01 г-нан егуге және бүрку (ингаляция) ретінде пайданылады; Дальцекс -трипсин және Пакс – трипсин іріңді жараға арналған сальфетка түрінде жапсыруға) - ірі малдың ұйқы безінен алынған белсенді ферменттік дәрі. Трипсиннің өліеттенген тінді ыдыратулық әсеріне байланысты баттасып қалған қақырықтың сұйылуына әкеледі.

Бұл дәріні деммен қабылдау ретінде пайдалынады. Ол үшін 5-10 мг дәріні 2-3 мл натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісіне қосып ингалятормен немесе эндотрахеалық зондпен беріледі.

Rp.: Trypcini cristallisati 0,01

D.t.d. № 6 in amp.

S. 2-3 мл-ден ингаляция ретінде.

#

Рибонуклеоза ферменті дәрі ірі малдың ұйқы безінен алынған, РНҚ деполимеризация арқылы моно- және олигонуклеотидтерге дейін бұзады, сондықтан бұл іріңді, қою және жабысқақ - баттасты қақырықты сұйылтып, одан әрі қабыну үрдістерін де тоқтатады.

Бұл дәрінің бір жақсы қасиеті РНҚ-ы бар вирустардың көбеюін тоқтатады. Негізі трипсинге ұқсас болғандықтан, сол дәрі сияқты пайдаланып отырылады.

Бұның мөлшері 0,01; 0,025 және 0,05 г-нан жергілікті ұнтақ түрінде, аэрозоль және егу түрінде де қолданады.

Rp.: Ribonucleasae 0,01

D.t.d. № 6 in amp.

S. Ингаляция ретінде 5-10 мл.

#

Aцетилцистеин (Бронхолитин, Мукосольвин, Мукобене, Мукомист, Туссиком және т.б.). Бұл дәрі цистеин амин қышқылының туындысы – муколитикалық тиімді зат, қақырықтың сұйылтуға және шығаруға әсерін тигізеді.

Ацетилцестеин жергілікті қабыну жүрістеріне ықпалы күшті. Сондықтан бұл созылмалы іріңді жұқпа ауруларға және жұқпалы-аллергиялық, бактериялық ірің мен асқынған ауруларға да қолданып отырылады.

Бұны деммен қабылдауға болады, онда оны 2-5 мл 20% ерітіндісін күніне 3-4 рет беріп отырады, кейде кеңірдектің ішіне зондпен 1 мл-ден 10% ерітіндісін сағат сайын созып береді, ал бұлшық етке егу ретінде 10% ерітіндісін күніне 2-3 реттен.

Rp.: Sol. Acetylcysteini 10%-2 ml

D.t.d. № 10 in amp.

S. 2 мл-ден күніне 3 рет күніне 4-5 (2 жас балаларға).

#

Бромгексин (Бисольвон, Бронхотил, Муковин, Паксиразол, Сольвин, Флегамин және т.б.) түймедақ және драже түрінде мөлшері 4 және 8 мг-нан; сиропы және тамшысы 0,8% және 0,16% ерітіндісі 50 мл-ден 250 мл-ге дейін; 0,2% - 2 мл ампуласы бар.

Бұл дәрінің муколитикалық және қақырық айдайтын әсері бар. Бұның тағы бір қасиеті жергілікті сурфактанттың белсенділігін өндіріп отырады және аздап болса да жөтелді басады.

Сондықтан бұны қақырық шығару ретінде жедел және созылмалы бронхит кезінде, асқынған бронхоэктазада, жұқпалы-аллергиялық демікпеде, туберкулездің жеңіл түрінде, жедел және созылмалы пневмонияда қолданылады.

Бромгексинді көбірек қолданғанда аллергиялық және диспепсиялық бұзылыстар байқалуы мүмкін.

Бұны жүкті әйелдерге және бала емізіп жүргенде қолданбайды.

Rp.: Sir. Bromhexini 0,08% -250 ml

D.S. 2-3 шай қасықпен күніне 3-4 рет.

#

Aмброксол (Амбробене, Амброгексал, Амбролан, Лазолван, Ласольван, Мукосольван, Халиксол, Фервекс от кашля т.б.). Бұл дәрі бромгексинге өте ұқсас келеді, ал айырмашылығы шала туылған баланың және олардың тыныс алу жетіспеушілінде жергілікті сурфактантты жақсы белсендіріп отырады.

Бұны балаларға 5 мл (15 мг) келесі мөлшерлерді жасына қарап: 2 жасқа дейін 2,5 мл күніне 2 рет; 2 ден 5 жасқа дейін – 2,5 мл күніне 3 рет; 5 жастан бастап – 5 мл күніне 2-3 рет. Ингаляция ретінде 5 жасқа дейін 2 мл күніне 1-2 рет, ал 5 жастан әрі 2-3 мл күніне 1-2 рет тыныс жолымен беріліп отырылады.

Rp.: Sol.Ambroxoli 0,75% - 100 мл

D.S. 2-3 мл бүркуге күніне 2 рет.

#

6.4. Демікпеде қолданылатын дәрілер.

Демікпеге (тұншығу бара-бара ұстамалы ауруға айналады, сондықтан жедел көмек керек) қолданылатын дәрілер үш топқа болінеді.

6.4.1. b - адренорецепторларының белсенділігін арттыратын дәрілер.

Изадрин, адреналин және эфедрин. Ең тікелей кеңірдекке әсер ететін дәрі изадрин болып табылады. Ол кеңірдек тамырының қысылуын жою үшін ингаляция ретінде қолданылады. Жүрек соғуын жиілетіп, күшейтеді, артериялық қысым өзгертпейді.

Изадрин көбінесе созылмалы демікпеге, бронхиттерде және бронхоскопия жасағанда қолданылады.

Кеңірдек тарамының қысылуына қарсы адреналин де қолданылады. Оның әсері тез әрі қысқа. Ал эфедриннің әсері ұзақ болғанымен күші адреналиннен төмен.

Қолдану кезінде жанамалы әсерлері: ауыздың құрғауы, дененің дірілдеуі, жүрек фибрилляциясы болуы мүмкін.

Бұл топқа тағы да басқа дәрілер: орципреналин, фенотерол, салбутамол жатады.

Изадринге қарағанда бұлар ұзақ уақытқа әсер етеді.

Осы топқа жататын дәрілердің әсер ету механизміне келсек, бұлар кеңірдек тарамының b2–адренорецепторларын белсендіріп, жасуша ішіндегі ц-АМФ-ты көбейтіп, тегіс бұлшық еті қимылының қысымын төмендетеді. Сонымен қатар үлкен жасушалардан гистаминнің шығуын тежейді.

6.4.2. М–холинді бөгегіштерге атропин, метацин, платифиллин және т.б. дәрілер жатады.

Бұлардың әсерлік механизмі М-холинергиялық жүйке жүйесін тежеуімен байланысты. Бұл кезде ц-АМФ азайып, содан соң М-холинергиялық ұшынан шығатын серпін тоқтайды.

6.4.3. Салалы бұлшық етке әсер ететін спазмолитиктерге эуфиллин және т.б. дәрілер жатады.

Эуфиллин фосфодиэстеразаны басады, ц-АТФ-ты көбейтеді. Талшық ішіндегі калий йоны азайып, кеңірдек тарамының салалы бұлшық еті босайды. Кіші шеңбердің қан қысымын төмендетіп, жүректің, бүйректің, мидың қан айналысын жақсартады. Орталық жүйке жүйесін қоздырады. Шамалы зәр айдайтын қасиеті бар.

6.5. Өкпе ісінуінде қолданылатын дәрілер.

Жүрек-тамыр жүйесінің, бүйрек, ми ауруларда, әртүрлі жұқпалы ауруларда, химиялық заттармен өкпе зақымданғанда пайда болатын өкпе ісінуінде емдеу үшін қолданылатын дәрілер бірнеше топқа бөлінеді.

6.5.1. Опиоидтық анальгетиктер.

Морфин, фентанил, таламонал. Бұлар шеткі қан тамырларын кеңейтіп, гемодинамиканы күшейтеді.

6.5.2. Ганглиоблокаторлар (тежегіштер).

Гигроний, пентамин, бензогексоний және т.б. ганглиотежегіштер әсерінен ірі тамырлар кеңіп, өкпе ісінуі басылады.

6.5.3. Қан тамырларын кеңейтетін дәрілер.

Натрий нитропруссиді, эуфиллин және т.б. миотроптық спазмолитиктер тамырдың салалы бұлшық еттерін босатады, содан кейін тамырлар кеңейеді.

6.5.4. a - адренотежегіштердың беленсенділігін арттыратын дәрілер.

Фентоламин және одан да басқа дәрілер аминазин, дипразин жатады. Бұлар артериялық қысымды төмендетіп, жалпы гемодинамиканы қалыптастырады. Жүректің қызметі жоғарылап, кіші шеңбердегі қысым төмендейді. Өкпедегі ісінуді басады. Өкпе тамырларынан сұйықтық шығуы төмендеп, сіңірілу көбейеді.

Егер артериялық қысым қалыпты жағдайда болса, өкпе ісінуін азайту үшін осмостық зәр айдайтын дәрілерді қолданады.

6.5.5. Дегидратация жасайтын дәрілер.

Маннит, мочевина – осмостық зәр айдайтын дәрілер. Бұлар денедегі артық сұйықтықты қан-тамыр арқылы сыртқа шығарады. Басқа тез зәр айдайтын дәрілер – фуросемид, этакрин қышқылы қан айналымының көлемін төмендетеді.

6.6.6. Тыныс алу жолын көбіктен ашатын дәрілер.

Альвеола ісініп, көбік жиналғанда оны жоюға этил спирті және антифомсилан ингаляция түрінде қолданады.

6.5.7. Өкпе ісінгенде глюкокортикоидтарды (преднизолон және т.б.) да қоса қолданады. Олардың қабынуға қарсы және иммунодепрессиялық қасиеті бар.

6.5.8. Барлық жағдайларда өкпе ісінгенде ең тиімді емнің бірі – оксигенотерапия.

6.5.9. Кейбір жағдайда жүрек және қан-тамырдың гемодинамикалық күшін жоғарылату үшін жүрек гликозидтерін (Строфантин К) қолдануға болады.

6.5.10. Сурфактанттар – Куросурф, колфосцерил пальмитат (экзосурф нәрестелік), альвеофакт және т.б. шала туған нәрестелердің дистресс-синдромы байқалғанда тыныс алу жолының белсенділігін көтеруге қолданылады.

Rp.: Suspensionis Curosurfi 8% - 3 ml

D.t.d. № 5

S. Кеңірдекке 2,5 мл 1 кг салмағына енгізуге арналған.

#

7 тарау. Жүрек-тамыр жүйесіне әсер ететін дәрілер.

Қан айналымын реттейтін дәрілер медицинада жүрек қызметі бұзылғанда және қан тамырларының қысымы өзгергенде қолданылады. Олар бірнеше топқа бөлінеді:

І. Жүректің қызметі бұзылғанда қолданылатын дәрілер:

1. Жүректің қызметі төмендегенде

2. Жүректің соғуының ырғағы бұзылғанда

3. Миокардты қанмен қамтамасыз ету нашарлағанда.

ІІ. Артериялық қысымның өзгеруіне әкелетін және әртүрлі бұзылыстық жағдайларда қолданылатын дәрілер:

4. Артериялық гипертензия

5. Гипотензиялық жағдайлар

7.1.Жүрек гликозидтері.

Жүрек гликозидтері өсімдік дәрілерге жатады. Оларды миокардтың дистрофиясына байланысты жүректің қызметі бұзылғанда қолданады. Жүрек гликозидтері екі бөлімнен тұрады: қантты (гликон) және қантсыз (агликон). Жүрекке әсер ететін агликондар. Гликозидтердің ерекшелігі - ерігіштігі және ұлпаларға байланысуы гликондарға байланысты. Гликон байланыстардың белсенділігіне және улылығына әсер етеді. Медицинада көп қолданылатын жүрек гликозидтері келесі өсімдіктерден алынады.

  1. Қан-қызылды оймақгүл (Digitalis purpura) – дигитоксин (Digitoxinum).

  2. Түкті оймақгүл (Digitalis lanata) –дигоксин (Digoxinum), целанид (Celanidum).

  3. Көмбе строфантасы (Strophanthus Kombe)–строфантин К (Strophanthinum K)

  4. Меруертгүл (Convallaria) – коргликон (Corglyconum) және т.б.

Жүрек гликозидтері жүректің өткізгіштік жүйесіне тікелей әсер етеді. Қыдырмалы жүйкені күшейтіп, қоздырудың жылдамдығын төмендетеді, аралығы алшақтайды.

Кардиотоникалық әсері бұлшық еттің талшықтарындағы мембранасының Са2+, К+, АТФ-засын басып, жасуша ішіндегі Са2+ көбейтіп, ал К+ азайып, жасуша ішіндегі Са2+ көтерілуін жасуша сыртындағы иондық Са-ның алмасуын күшейтеді.

Жүрек декомпенсациясы кезінде жүрек гликозидтері көк тамырда қанның іркілуін азайтады. Нәтижесінде көк тамыр қысымы төмендеп, ісік баяу жойыла бастайды. Артериолдық қан өзгермейді немесе қысымы сәл көтеріледі, торшалардың қанмен қоректенуі, оксигенациясы жақсарады, ішкі мүшелердің қызметі қалпына келеді, зәр шығаруы жоғарылайды. Жүрек гликозидтері денеде жиналуға бейім болады. Әсер етуі ұзарған сайын жиналуы да көп болады.

Оймақгүлдер соның ішіндегі дигоксин, дигитоксин көбінесе созылмалы жүрек ауруларында, оның ішінде асқынған жүрек-қан тамыр жетіспеушілігіне тиімді әсер етеді. Жүрек гликозидтердің ішінде ең жылдам жүрекке әсер көрсететіндері строфантин мен коргликон болады.

Бұлар қан айналым жетіспеушілігінің жедел түрлерінде және созылмалы жетіспеушіліктің ауыр түрлерінде қолданылады.

Дәрілердің мөлшерін арттырып жібергенде, жүрек соғуының бұзылуы байқалуы мүмкін.

Енді бұларды жүрек пен қан тамырларының органикалық өзгерістерінде, жедел стенокардитте, эндокардитте, ауыр кардиосклерозда қолдануға болмайды.

Дигитоксин (Дигофтон және т.б.) – жедел және созылмалы жүрек ауруларында қолданылады.

Жанама әсерлері – жүрек айну, құсу, тәбет қашу, ұйқы бұзылу, брадикардия, қарыншаның дірілдеуі. Атриовентрикулярлық блокада және миокард инфаркты кезінде қолдануға болмайды.

Диготоксин түймедақ түрінде мөлшері 0,0001 г-нан және балауызы 0,00015 г. қолданылады. Бірінші күні тәулік мөлшерінен ⅓ беріледі. Әр адамға өтиісті мөлшерін ұсыну керек. Орташа мөлшерге жеткен соң мөлшерін азайту керек, содан соң 1 – ½ түймедақтан күніне 1-2 рет, ұзақтығы 10-12 күнге дейін беріледі. Улы әсері байқалса (брадикардия және т.б.), әрі қарай қолдануды тоқтатқан жөн, содан соң атропин, кофеин, панангин және унитиолды беру керек.

Rp.: Digitoxini 0,0001

D.t.d. № 10 in tab

S. кесте бойынша.

#

Дигоксин (Дилакор, Диланацин, Ланикор. Ланоксин, Новодигал және т.б.) мөлшері 0,00025 г үлкендерге және 0,0001 г балаларға түймедақ түрінде ішуге және 0,025% ерітіндісі 1 мл-ден егуге арналған.

Бұның систолалық әсері өте күшті. Жүрек ритмі баяулайды және зәрді жақсы айдайды. Дигитоксинмен салыстырғанда улылығы аз келеді, өйткені қандағы белоктармен шамалы байланысады.

Тек созылмалы қан айналымы жетіспеушілігінің І-ІІА және І-ІІ Б сатысында қолданылады. Жүректің ритмі бұзылғанда (жыбыр аритмиясының тахикардиялық түрінде).

Rp.: Sol. Digoxini 0,025% - 1 ml

D.t.d. 10 in amp.

S. 0,5 мл-ден глюкозамен бірге тамырға егуге.

#

Целанид (Изоланид, Ланатозид С, Цедигалин т.б.) мөлшері 0,00025 г түймедағы және 0,05% ерітіндісі 10 мл тамшысы; 0,02% ерітіндісі 1 мл егуге.

Бұл дәрі басқа оймақгүлдің дәрілеріне қарағанда жылдам әсерін тигізеді және қан көп жиналмайды. Басқа әсерлері дигоксинге ұқсас.

Rp.: Sol. Celanidi 0,05% -10 ml.

D.S. 5-10 тамшыдан күніне 2-3 рет.

#

Строфантин (Строфантидин ацетаты) - 0,025% және 0,05% ерітіндісі 1 мл-ден глюкозамен қан тамырға егуге – қан айналымы жетіспеушілігінің жедел және созылмалы жетіспеушілігінің ауыр түрлерінде қолданылады.

Мөлшерін арттырып жібергенде жүрек соғысының бұзылуы байқалуы мүмкін.

Жүрек пен қан тамырларының органикалық күрделі өзгерістерінде, жедел стенокардитте, эндокардитте, ауыр кардиосклерозда қолдануға болмайды.

Rp.: Sol. Strophanthini 0,05%-1 ml

D.t.d. № 10 in amp.

S. 0,5 мл-ден глюкозамен бірге тамырға.

#

Коргликон 0,06% ерітіндісі 1 мл ампуласы глюкозамен қан тамыр арқылы егіледі. Қолдануы және басқа әсерлері строфантинге ұқсас, бірақ ықпалы ұзақ уақытқа созылады.

Меруертгүлдің түнбасы басқа да жүрек гликозидтермен бірге жеңіл-желпі жүрек қызметінің жетіспеушілігіне пайданылады.

Rp.: T-rae Convallarae

T-rae Valerianae

Adonisidi aa 10 ml.

M.D.S. 15-20 тамшыдан күніне 2-3 рет.

#

7.2. Жүректің ырғағы бұзылғанда қолданылатын дәрілер (аритмияға қарсы).

Жүректің аритмиясы әртүрлі себептерге - миокард ишемиясы, жүрек ақауы, қышқылды-негізді тепе-теңдіктің бұзылуы, химиялық заттармен улану, жұқпалы ауруға байланысты пайда болады. Бұл кезде автоматизм мен өткізгіш жүйенің, жүрек бұлшық еті жасушасының өткізгіштігі бұзылады. Автоматизм бұзылған жағдайда ырғақ жүргізушілерінің (синоатриалды түйін) қызметі бұзылады.

Өткізгіштік бұзылған жағдайда жүректің өткізгіш жүйесінде әртүрлі сатыда тоқырау болады. Осы кезде ЭКГ көрсеткішінде әртүрлі интервалдардың өзгерісін (мысалы: атриовентрикулярлы түйіннің тоқырауы кезінде Р-Р интервалының ұзаруын) көруге болады. Сонымен қатар, жүректің жиырылу ырғағы адренергиялық және холинергиялық иннервациялардың қысымымен және қандағы катехоламиндердің концентрациясымен байланысты.

Жүректің жиырылу ырғағының бұзылуын емдеу және алдын алу үшін көптеген аритмияға қарсы дәрілер қолданылады, әсер ету механизміне қарай мынандай жүйелерге бөлінеді:

I. Жүрекке тікелей күшті әсер ететін дәрілер.

А/ миокардтың торша мембранасын тұрақтандыратын дәрілер.

1-топша: (хинин және хинидин тәрізді дәрілер) хинидин сульфаты, новокаинамид және т.б.

2-топша: лидокаин, дифенин.

Б/ кальций каналын тежейтін дәрілер: верапамил.

В/ іс-әрекет потенциалының ұзақтығын арттыратын дәрілер: амиодарон.

Г/ әртүрлі дәрілер: калий хлориді, панангин, аспаркам, жүрек гликозидтері (дигитоксин және т.б.).

II. Жүректің эфференттік иннервациясына әсер ететін дәрілер:

А/ адренергиялық әсерді әлсірететін дәрілер: адреноблокаторлар – анаприлин және т.б.

Б/ адренегиялық әсерді күшейтетін дәрілер: адреномиметиктер: изадрин, адреналин гидрохлориді; симпатомиметиктер: эфедрин гидрохлориді.

В/ Холинергиялық әсерді әлсірететін дәрілер: М-холиноблокаторлар: атропин сульфаты және т.б.

Г/ Холинергиялық әсерді күшейтетін дәрілер: антихолинэстераздық дәрілер: эдрофиний, a-адреномиметиктер – мезатон.

Жүрекке тікелей күшті әсер ететін дәрілер. Бұл топқа жататын дәрілердің әсер етуі нәтижесінде жүрек торшаларының автоматизмі төмендейді. Бұл негізнен диастолалық депляризацияның созылуымен байланысты. Аритмияға қарсы қолданылатын дәрілер, мысалы: хинидин, новокаинамид өткізгіштікті төмендетеді.

Жүрек жиырылу ырғағы бұзылғанда ең көп қолданылатын жүрек миокардының торша мембранасын тұрақтандыратын дәрілер: хинидин сульфаты, новокаинамид және т.б. болып табылады.

Хинидин сульфаты - әртүрлі аритмияға жақсы әсерін тигізеді, басқа дәрілермен салыстырғанда тиісті ықпалдығы жоғары. Аритмиялардың алдын алу үшін және ұстамалы түрінде қолдану ыңғайлы. Түймедақ түрінде 0,1 және 0,2 г-нан ас қабылдар алдында күніне 6 реттен, өйткені ұзақтығы 4 - 6 сағат. Ырғақтың қалпына келуі тек, 2-3 сағаттан кейін болады.

Жанама әсерлері де жеткілікті, өкінішке қарай кейде “хинидинді шок”, бөртпе, құсу, тыныс алудың нашарлауы мүмкін.

Миокард инфаркты, жүкті әйелдерге, атриовентрикулярлық тоқырау кезінде қолдануға болмайды.

Rp.: Chinili sulfatis 0,1

D.t.d. № 20 in tab

S. 1 түймедақтан күніне 3 рет.

#

Новокаинамид (Амидопрокаин және т.б.) мөлшері 0,25 және 0,5 г түймедақ түрінде және 10% ерітіндісі 10 мл флаконда егуге арналған. Бұл дәрі новокаинге ұқсас, жергілікті жансыздандырғыш әсері бар, өмірге өте қауіпті жүректің соғу жиілігі бұзылған кезде қолданылады.

Қосымша жалпы жанама әсерлерінен шаршау, бас ауыру, жүрек айну, құсу және т.б. өзгерістер болады. Алдымен бір реттік мөлшерін беріп байқау керек, аллергиялық серпіліс пайда болу мүмкін.

Новокаинамидті қолдануға кері көрсеткіштер: новокаинге аллергия болғанда, атриовентрикулярлық тоқырау, жүректің жетіспеушілігі, қан қысымының төмендеуі және т.б. жүрек-тамырдың бұзылыстары кезінде.

Rp.: Novocfinamidi 0,25

D.t.d. № 20 in tab. .

S. 1 түймедақтан күніне 3 рет.

#

Екінші топшаның дәрілері – лидокаин, дифенин, верапамил, амиодарон, калий хлориді және т.б.

Лидокаин (Ксикаин, Ксилоонт, Ксилокаин, Ксилоролланд, Лигиокаин, Лидокарт, Луан, және т.б.) – алдында айтылып кеткендей ең жақсы және күшті жергілікті анестетик ретінде пайданылады. Лидокаиннің тағы бір әсері жүрек бұлшық еті мен Пуркинье талшығында диастолалық поляризацияның жылдамдығын төмендетіп, автоматизмді нашарлатады. ЭКГ көрсеткішінде Q-Т интервалы қысқарады. Бұл дәрі қарыншалар аритмиясы, операциядан кейінгі аритмияларда қолданылады.

Аритмиялар кезінде 6 мл 2% ерітіндісін 60 мл изотоникалық натрий хлоридімен араластырып көк тамырға жылдам 3-4 минут ішінде беру керек. Тәулігіне осы 0,2% ерітіндісін 1 литр (мөлшері 2 г) енгізуге болады. 10% ерітіндісін 2-4 мл бұлшық етке 3 сағат егуге пайданады. Қан тамыр арқылы қолданғанда байқап отыру керек, өйткені күре тамыр қысымы төмендеп есінен танып қалуы мүмкін (Жергілікті анастетиктерді қараңыз).

Rp.: Sol. Lidocaini 10% - 2 ml

D.t.d № 10 in amp.

S. 2-4 мл бұлшық етке егуге.

#

Дифенин (Фенитоин т.б.) – қояншық ауруына қарсы әсерінен басқа аритмиялық белсенділігі жақсы, сондықтан бұны көбінесе жүрек гликозидтерімен улану кезіндегі аритмияға қарсы қолданады ал әсер етуі лидокаин сияқты.

Rp.: Diphenini 0,1

D,t.d. № 20 in tab.

S. 1 түймедақтан күніне 3-4 рет.

#

Верапамил (Изоптин, Финоптин, Верамил, Каверил, Данистол және т.б.) – кальций каналдарын ттежейтін дәрі. Ол торша сыртындағы иондық Са-ді ішке кіруін қиындатады, атриовентрикулярды түйіндегі рефлекстерді кезеңді көбейтіп, өткізгіштікті жояды. Сөйтіп, ол құлақшалардың қарыншаларға келетін стимулын тоқтатып, жұмысын қалыпқа келтіреді.

Алдын ала стенокардия ұстамасында, экстрасисталияда, әр түрлі аритмияларда және артериялық гипертензияда қолданылады.

Ұстамалы стенокардияда немесе аритмияда 5-10 мг верапамилді 2 минуттің ішінде көк тамыр арқылы егу керек. 2 мл - 0,25% ерітіндісін 100-150 мл изотоникалық натрия хлоридтің ерітіндісіне немесе 5% глюкоза араластырып жүйелік егу пайданылады.

Қолданған кездегі жанама әсері: бас айналу, кұсу, беті қызару, шеткі ісіну, аллергиялық серпіліс т.б., ал мөлшері асынқырап кетсе күре тамыр қысымының төмендеуі және жүрек жетіспекшілік болуы мүмкін.

Бұл дәріні қолдануға болмайды: кордиогендік шок кезінде, брадикардия, гипотензия, жүкті әйелдерге т.б. күрделі жағдайларда.

Верапамилдің мөлшерлері мен түрлері: түймедақ түрінде 0,04; 0,08 және 0,12 г; қаптамасы 0,04 және ампуласы 0,25% - 2 мл шығарылады.

Rp.: Verapamili 0,04

D.t.d. № 30 in tab

S. 1 таб күніне 3 рет.

#

Амиодарон – коронарлы қан айналым жетіспеушілігі кезінде жақсы әсер береді. Аритмияға қарсы әсері адренергиялық ықпалын әлсіретумен байланысты. Стенокардия ауруында ол миокардтың қажеттілігін төмендетеді. Амиодарон жүрекке адренергиялық әсерді төмендетіп, глюкагонның антогонисті болып табылады. Жүректің соғуын баяулатып, аритмия қысымын төмендетеді.

Rp.: Amiodaroni 0,2.

D.t.d. № 20 in tab.

S. 1 түймедақтан күніне 3-4 рет.

#

Калий хлориді – қан плазмасында, миокардта К иондары мөлшерінің азаюы кезінде жақсы ықпал тигізеді. Калий иондары жүрекке ацетилхолин тәрізді әсер етіп, кезбе жүйкені тітіркендіреді. Олар жүректің жиырылу ырғағын баяулатып, миокардтың өткізгіштік. автоматизм және қозуын нашарлатады.

Rp.: Kalii chloridi 0,5

D.t.d. № 10 in tabull.

S. 0,5 стакан суға 1 түймедақтан күніне 2 рет.

#

7 7.4. Қан қысымын төмендететін (гипотензиялық) дәрілер.

Артериялық қысымды төмендететін дәрілер гипотензивті дәрілер деп аталады. Мұндай дәрілерді негізінен артериялық гипертензияға қолданады. Артериялық қысым деңгейі жүрек жұмысына, шеткі тамырлар қысымы және икемділігіне, көлеміне, қан айналымындағы электролиттер құрамына және сұйықтығына байланысты. Міне осылардың барлығы нейрогуморальдық бақылауда болады.

Қан қысымын төмендететін дәрілердің әсері артериялық қысым жүйесін реттейтін әртүрлі физиологиялық жүйелерге бағыттылған. Ең маңызды қызмет вазоконстрикторлы адренергиялық әсерін төмендететін нейротропты заттар болады. Нейротропты заттар вазомоторлы орталыққа, сонымен бірге адренергиялық (симпатикалық) иннервацияның шеткі бөлімдеріне – ганглийлерге, постганглийлерге, адренорецепторларға – төмендеткіш әсер етеді. Мұндай орталықтардың жұмысы төмендеген соң қан тамырлары кеңейе түседі. Осы заттың гипотензиялық ықпалы жүректің жұмысын төмендетеді.

Күре тамырдың қысымы төмендететін тағы бір жол, бұл қан айналымындағы қанның электролиттік құрамын және көлемін өзгерту болып табылады. Артериялық гипертензияны емдеуге қолданылатын гипотензиялық заттардың жіктелуі жоғарыда берілген пікірлерге негізделген.

I. Жүрек – тамыр жүйесіне адренергиялық иннервацияның әсерін төмендететін дәрілер.

1/ вазомоторлы орталықтың қысымын төмендетін дәрілер: клофелин (Clophelinum),, метилдофа (Methyldopa), және т.б.

2/ вегетативті ганглийлерді бұзатын дәрілер (ганглиоблокаторлар): пирилен, пентамин, бензогексоний және т.б.

3/ адренергиялық нейрондарды пресинаптикалық деңгейде төмендететін дәрілер (симпатолитиктер): октадин, резерпин.

4/ Шеткі адренорецепторларды бөгейтін дәрілер (адреноблокаторлар):

а/a-адренорецепторларды бөгейтін дәрілер: фентоламин, тропафен және т.б.

б/ b-адренорецепторларды бөгейтін дәрілер: анаприлин, атенолол және т.б.

в/ a- және b-адренорецепторларды бөгейтін дәрі: лабеталол

II. Тамыр салалы бұлшық еттерін босататын (миотропикалық спазмолитиктер) дәрілер:

1/ ұсақ күре тамырларды кеңейтетін дәрілер: апрессин (Apressinum), миноксидил (Minoxidilum).

2/ ұсақ күре тамырлар мен ұсақ көк тамырларды кеңейтетін дәрілер: натрий нитропруссид (Natrii nitroprussidum) және т.б.

3/ Әртүрлі миотроптық дәрілер: дибазол, магний сульфаты және т.б.

III. Кальций каналын тежейтін дәрілер (кальций антагонистері): фенигидин және т.б.

IU. Ренин – ангиотензин жүйесіне әсер ететін дәрілер:

1/ ангиотензин - II жасанды ингибиторы: каптоприл және т.б.

2/ ангиотензин рецепторларын бөгейтін дәрілер: саралазин және т.б.

U. Су-тұз алмасу жүрісіне әсер ететін дәрілер (диуретиктер): дихлотиазид, фуросемид, спиронолактон және т.б.

Клофелин (Клонидин, Гемитон, Катапресан, Хлофазолин және т.б.) имидазол туындысы, орталық жүйкеге әсер ететін гипотензиялық дәрілерге жатады. Ол постсинаптикалық a– адренорецепторлардың белсенділігін арттыру нәтижесінде вазомоторлы орталықты нашарлатады. Бұл сопақша мидағы тамыр қысымын реттеуіне қатысатын нейрондарды жояды. Ал ол преганглийлерді симпатикалық талшықтардың эфферентті импульсінен бірден тоқтатады. Ұзаққа созылатын гипотензия жүректің жұмысын баяулатады (брадикардия пайда болады), шеткі тамырлардың қарсылық көрсеткішін төмендетеді. Клофелин қосымша тәбетті ашып, сілекей бездердің белсенділігін төмендетеді.

Клофелин негізгі әртүрлі қалыпты артериялық гипертензия, эклампсия, гипертониялық ауру, бүйрек жетіспеушілігі кезінде қолданылады. Клофелинді қолданғанда жанама әсерлері міндетті түрде байқалады: тахикардия, бас ауыру, бас айналу, лоқсу, құсу, дене қызуының көтерілуі, терлегіштік, терінің зақымдануы. Атеросклероз және шеткі невропатия кезінде клофелин қолданбайды. Тек емханада ғана егу түрінде пайдалануға болады, өйткені есінен танып қалған жағдайда қажетті аспаптармен тез жедел көмек көрсету керек болады. Өте аз мөлшермен әсері жақсы көрінеді. Күніне 2-4 рет, 0,075 мг бастау керек, содан соң мөлшерін 0,15-0,3 мг көтеруге болады.

Rp.: Clophelini 0,000075

D.t.d. № 30 in tab.

S. ½ түймедақтан күніне 3 рет.

#

Метилдофа (Альдомет, Альфадопа, Допанол, Допегит, Экибар және т.б. ) орталық a2 – адренорецепторларды белсендіреді, содан соң жоғарыдан келе жатқан симпатикалық импульс тежеледі, сондықтан артериялық қысым төмендейді. Метилдофа гипертензиялық аурудың IIа және IIб сатысында қолданылады, күніне 0,25 г-нан 2-3 рет, қажет жағдайда мөлшерін 1,5-2 г көтеруге болады.

Ганглиотежегіштер: пентамин, пирилен, гигроний және т.б. Әсерлері қысқа дәрілер (гигроний) күре тамырларға хирургиялық операциялар өткізу кезінде қысымды тез түсіру үшін қолданады. Басқа дәрілерді (пентамин) гипертензиялық кризде қолдануға болады. Пириленде тек емдік ретінде басқа да гипотензиялық дәрілермен қосып тағайындалады.

Симпатолитиктер: октадин, резерпин және т.б. – гипертониялық ауруды емдеу үшін қолданады. Олар шеткі адренергиялық ұштарында эфферентті импульстерді бөгейді, сөйтіп жүректің жұмысын, шеткі тамырлардың қысымын төмендетеді.

Адреноблокаторлар: a-адренорецепторларды тежейтін (фентоламин, тропафен; және осы топқа әсері бірыңғайлы жақын түратын дәрі - a және b -адреноблокатор: лабеталол). Бұлардың ерекшелігі шеткі күре тамырдың қысымын жылдам және өте күшті төмендетеді, ал лабеталол және b-рецепторлар арқылы жүректің де қысымын бәсеңдетеді. Өздігімен b-адреноблокаторлар (анаприлин, атенолол) жүрек жұмысының өте күштілігінен пайда болған гипертензияға (үлкен спортпен айналысқан адамдарда болады) гипотензиялық жақсы әсер тигізеді.

Миотропты спазмолитиктер (апрессин, диазоксид, миноксидил, натрий нитропрусиді және т.б.).

Апрессин (Гидрозалин, Депрессан және т.б.) шеткі вазодилататорлар, ұсақ тамырлардың (артериолалар) қарсыластық әсерін азайтады және артериялық қысымды төмендетіп, содан соң миокардқа түсетін жүк азаяды және жүректің қан айдау қызметі арта түседі. Апрессиннің құрамындағы гидрозиндық топқа байланысты қантамырды кеңейтуге себеп болатын шарт - азот тотығын (NО) бұздырмай біраз уақыт сақтап тұрады, сондықтан бұның спазмолитикалық тамырға беретін ықпалы байқалады. Бұл дәрі прекапиллярлы ұсақ тамырларды кеңейтіп, қан қысымын төмен түсіреді де, рефлекторлы түрде жүрек ырғағы жиілейді.

Апрессин әртүрлі артериялық гипертензия, гипертензиялық криз және гипертензиялық аурумен қосымша бүйректің жетіспеушілігі кезінде қолданылады.

Rp.: Apressini 0,01

D.t.d. № 20 in obd.

S. 1 түймедақтан күніне 2-3 рет.

#

Миноксидил (Алопекси, Лонитен, Ригейн және т.б.) шеткі вазодилататорлық әсерінен жүйелік күре тамырдың қысымын төмендетеді және миокардтың артық күш түсуін азайтады. Бұл дәрінің тамырды кеңейтетін тағы бір әсері тамырдағы салалы бұлшық еттің калий каналын ашады. Миноксидилді тек өте ауыр түріндегі артериялық гипертензияда қолданады. Мөлшерін 5 мг-нан бастап 2-3 күннен, 10-25 мг жеткізеді, содан кейін қан қысымы бір қалыпқа келгенде мөлшерін баяу төмендету керек.

Rp: Minoxidili 0,01

D.t.d. № 20 in tab.

S. 1 түймедақтан күніне 3 рет.

#

Натрий нитропруссиді (Нанипрус, Ниприд, Нипрутон және т.б.) – ықпалы өте күшті шеткі вазодилататор, қан тамырға енгізгенде әсері жылдам және күштілігі басым келеді, көрсеткіштігі біршама уақытқа созылады. Қосымша басқа дәрілермен бірге беріледі, көбінесе жедел көмек ретінде жүрек жетіспеушілігі кезінде, өкпе ісінуінде және қан айналымы бұзылғанда қолданылады. Егу ретінде пайдаланғанда қан қысымын қадағалап қарап отыру керек, кейде жылдам төмен түсіп кетсе, қалпына келтіру қиынға соғады. Мұндай улану көрсеткіші цианидтік улануға ұқсайды. Тамыр арқылы енгізгенде 3 мкг/кг минуттан асырмау керек, тамыр қысымы 30-40 артық төмен түспеуі тиіс.

Rp.: Natrii nitroprussidі 0,05

D.t.d. № 10 in amp.

S. Алдымен ерітіп, қан тамырға егуге.

#

Ренин-ангиотензин жүйесіне әсер ететін дәрілер. Кейінгі жылдары шыққан дәрілерге ангиотензин ферментінің таңдамалы тежегіштері жатады. Оларға каптоприл жатады. Ол ангиотензин-конверттеуші ферментіне жоғарғы сезімтал. Каптоприл ангиотензин - II синтезін төмендетеді. Нәтижесінде бүйрек үсті бездерінің қыртысты қабаты мен тамырлардың белсенділігін төмендететіндіктен, альдостерон минералокортикоидтар азаяды. Сөйтіп денедегі иондарды ұстап қала алмағандықтан экстрацеллюлярлы сұйықтықтың көлемі де азаяды. Каптоприл брадикининнің инактивациясын нашарлатып, тамырдың кеңеюін тудырмайды. Сонымен бірге саралазин да осы топқа жатады.

Каптоприл (Капотен, Каприл, Ангиоприл, Систоприл, Тензиомин және т.б.) ангитензинді өзгертетін ферментті тежейді, сол арқылы шеткі тамырларды кеңейтеді, содан соң қан қысымы төмендейді. Гипертониялық ауруда бірінші кезде 0,0125 г мөлшермен бастау керек 2-3 рет тәулігіне, керегінде 0,05 г апаруға болады, ал балаларға 1-2 мг/кг күніне тағайындалады.

Эналаприл (Энам, Энап, Энаприл және т.б.) белсендігі каптаприл мен салыстырған күшті және әсері ұзаққа созылады (24 сағаттан асады). Қалған көрсеткіштері каптоприлге ұқсас келеді.

Такие же, как у каптоприла, а также при диабетической нефропатии, вторичном гиперальдостероизме, болези Рейно, склеродермии. Начальная доза 5 мг в день однократно, затем дозу подбирает индивидуально. 0,005; 0,01 және 0,02 түймедақ түрінде және 0,125% ерітіндісі 1 мл-ден ампуласы.

Периндоприл (Престариум және т.б.) – қан қысымын төмендету үшін және жүрек қызыметі жетіспеушіліктік жағдайда, қосымша диабетиалық ангиопатия кезінде қолданылады. Негізі қан тамырдағы ренин-ангиотензин ағза гормондарын азайтады, соның арқасында миокардтағы гемодинамикалық жүрістер жеңілденеді. Бұны көбінесе артериальдық гипертензияға және созылмалы жүрек қызыметінің жетіспеушілігіне 4 мг түймедақ түрінде қолданылады.

б) Блокаторы рецепторов ангиотензина ІІ (АТ1-рецепторов) – пептидное соединение близки по структуре к ангиотензину ІІ и является его конкурентным антагонистом. Они являются более эффективными и специфическими блокаторми ренин-ангиотензивной системы, чем ингибиторы ангиотензинпревращающего фермента (АПФ). По переносимости блокаторы АТ1-рецепторов превоходит ингибиторов АПФ, не уступая им в антигипертензивной эффктивости.

Лозартан (Презартан, Козаар және т.б.) ангиотензин рецепторға антагонист болып табылады, сондықтан тамыр қысымын төмендетеді, жүрекке күш түсірмейді.Гипотензивті ретінде қан қысмын төмендетеді және жүрекке күш береді басқа да дәрілермен бірге қолданылады. Түймедаға 25 және 50 мг.

Валсартан (диован) - ренин-ангиотензин - альдостерондық үлпа гормондарын төмендетеді және жүрек қысымын босатады.

Гипертониялық ауруға және жүрек қызметі төмендегенде қолданылады. 80 және 160 мг капсула түрінде беріледі.

Су-тұз алмасу жұмысына әсер ететін дәрілерге диуретиктер жатады. Диуретиктердің негізгі гипотензиялық әсері экстрацеллюлярлы сұйықтықтың көлемін төмендетеді. Нәтижесінде жүректің жиырылуы баялайды. Диуретиктер тамырлардың вазоактивті заттарына әсер етеді, депрессорлық дәрілердің күші жоғарылап, прессорлық норадреналин, ангиотензин - II нашарлайды.

7.5. Қан қысымын жоғарылататын дәрілер.

Күре тамыр қысымның төмендеуі жүрек жетіспеушілігіне және тамырлардың кеңеюіне байланысты болуы мүмкін. Емдік дәрілер қолданбас бұрын қан қысымының неге байланысты төмендегенін біліп алу керек. Күре тамыр қысымының төмендеуі жүректің қан айдау жұмысының және шеткі қарсыласудың төмендеуіне байланысты болғандықтан, негізгі гипертензиялық дәрілерді мынандай топтар түрінде көрсетуге болады:

3. Миотропты әсер ететін дәрілер: ангиотензинамид (Angiotensinamidum), мидодрин (Midodrine) және т.б.

1.Жүректің қан айдауын және шеткі тамырлар қысымын жоғарлататын дәрілер: a- және b–адреномиметиктер - адреналин гидрохлориді және т.б., бірен-саран a- және b -адреномиметик - норадреналин гидротартраты.

2.Шеткі тамырлар қысымын жоғарлататын дәрілер: a-адреномиметик – мезатон, добутамин және т.б.

Ангиотензинамид (Гипертензин және т.б.) – тамырларды тарылтып, күре тамырға миотропты әсер етеді. Әсіресе ішкі мүшелердің, тері жамылғысы мен бүйрек тамырларын тарылтады. Ангиотензинамид альдестеронның шығуына тікелей әсер етіп, электролиттік алмасуды өзгеріске түсіреді. Сонымен бірге бүйрек үсті безінің милы қабатынан адреналиннің шығуын күшейтеді. Бұл дәрінің әсері 2-3 минуттан аспайды, сондықтан қан тамыр арқылы егу ретінде тамшылатып бірнеше сағат, кейде тәулік бойы енгізу қажет болады. Бұны тек қан қысымы төмен, есінен танып қалған, әртүрлі күрделі аурулармен науқастарға қолданады. Бастау мөлшері 5-20 мкг/минутына, өте нашар жағдайда 50-60 мкг/минутына, артериялық қысым 90-100 мм сын. бағ. болуы керек.

Rp.: Angiotensinamidi 0,001

D.t.d. № 40

S. 1000 мл ерітіндісі тамыр арқылы егуге.

#

Мидодрин (Гутрон және т.б.) - фармакологиялық қасиеті бойынша адреналинге ұқсас сипатомиметикалық дәрілерге жатады. Прессорлық (қысымдық) әсері күшті, тамырларды қысып ұстап тұрады, ал жүрекке әсері төмен. Әртүрлі гипотензиялық жағдайларда қолданылады. Гипертензия, феохромацитома, тиреотоксикоз, глаукома және т.б. шеткі тамырлардың қысымы жоғарылауымен көрінетін аурулар кезінде қолданбайды. Түймедақ ретінде 2,5 мг күніне 2 рет, ал 1% ерітіндісі 7 тамшыдан күніне 2 рет, 0,25% ерітіндісі 2 мл көк тамырға күніне 2 рет егіледі.

Rp.: Midodrini 0,0025

D.t.d.№ 20; 50 in tab.

S. 1 түймедақтан күніне 2 рет.

#

8. Ас қорыту жүйесінің қызметіне әсер ететін дәрілер.

Асқорыту жолының секрециялық және қозғалыс қызметінің бұзылуы көптеген ауруларда кездеседі. Негізінен асқазан мен ішектің секрециясына және қозғалыс қызметіне, бауыр мен ұйқы безінің секрециясына әсер ететін дәрілер қолданылады.

8.1.Тәбетке әсер ететін дәрілер.

Тәбет гипоталамуста орналасқан реттеуші орталықтар мен лимбикалық жүйе және ми қыртысы арқылы реттеліп отырады.

Медиаторды реттеуге дофаминергиялық, норадренергиялық және серотонинергиялық жүйелер қатысады. Тәбет нашарлағанда оны жақсартатын дәрілер қолданады.

8.1.1. Тәбетті жақсартатын дәрілер.

Жусан тұндырмасы (Tinctura Absinthii) - рефлекторлы арқылы ауыз қуысындағы рецепторларды тітіркендіріп, ашығу орталығына әсер етеді. Сөйтіп, сөл бөлінудің бірінші кезеңін күшейеді.

Кейде инсулинді қолданғанда қанның құрамындағы қанттың мөлшері азайып, адам ашығады. Бұлардан басқа аминазин, амитриптилин, литий карбонаты және клофелин де аздап болса да тәбетті көтереді.

Rp.: T-rae Absinithii 25 ml

D.S. 15-20 тамшыдан күніне 3 рет тамақ ішердің алдында.

#

8.1.2. Тәбетті төмендететін (анорексигендік) дәрілер.

Бұған жататын дәрілер фепранон (Phepranonum) орталық және адреномиметикалық қасиеті бар. Жүйке ұштарының норадреналин мен дофаминді босатып, олардың қайта кіруіне кедергі жасайды, ал сибутрамин (Sibutramine) серотонинге кедергі болады. Бұл дәрілерді тек тәбет түсіру емес, гипертониялық ауруда, глаукомада, тиреотоксикозда қолдануға болады.

Rp.: Dragee Phepranoni 0,025

D.t.d. № 50

S. 25 мг күніне 2-3 рет 30 мин тамақ ішер алдында.

#

8.2. Асқазан бездерінің қызметі бұзылғанда қолданылатын дәрілер.

Сілекей бездерінің қызметіне әсер ететін дәрілер.

Бұл дәрілер сілекей бездердің иннервациясына әсер етеді. Оларға сілекейдің бөлінуін күшейтетін М-холиномиметиктер (прозерин т.б.), содан кейін сілекейдің бөлінуін тежейтін М-холиноблокаторлар (атропин тобы) жатады. Оларды паркинсонизм кезіндегі гиперсаливацияны тежеуге, құрт ауруына, уланғанда қолданады. Асқазан бездерінің сөл бөлінуін анықтайтын (диагностикалық) дәрілер. Диагностикалық мақсатпен гастрин, пентагастрин, гистамин және т.б экстрактивті заттар қолданылады.

Гистамин – асқазан сөлінің мөлшері мен қышқылдығын көтереді. Ол артериялық қысымды төмендетеді, капиллярдың өткізгіштігін арттырады, кеңірдек тармағы мен ішекке әсер етеді. Сондықтан алдын-ала гистаминге қарсы дәрілерді береді (димедрол және т.б.). Жанама әсерлеріне байланысты қазіргі кезде сирек қолданылады.

Гастринге ұқсас жасанды жолмен шығарылатын – пентагастрин (Pentagastrinum). Асқазанның антральді бөлігінде синтезделіп, қан арқылы асқазанның фундальді бөлігіне келіп түседі, оның секрециясын күшейтеді, тұз қышқылын, пепсиногенді көбейтеді. Кастланың ішкі факторының бөлінуін арттырады. Сондықтан бұл ең көп диагностикалық мақсатпен қолданылады. Бірақ жанама әсерлері де бар: бас айналу, қан қысымының түсуі, сілекейдің көп бөлінуі байқалады.

Емдік орын басу ретінде қолданатын дәрілер – табиғи асқазанның сөлі (Succus gastricus naturalis–100ml), пепсин (Pthsinum), ерітілеген тұз қышқылы (Acidum hydrochloricum dilutum).

Rp.: Pepsini 2,0

Ac. Hydrochloride dilute 5 ml

Aq. destill. 200 ml

M.D.S. 1-2 ас қасықтан2-3 рет тамақпен бірге.

#

8.3.Асқазан сөлінің бөлінуін төмендететін дәрілер.

Көбіне холиноблокаторлар қолданылады. Тұз қышқылының бөлінуін тежейтін дәрілер келесі топтарға бөлінеді:

1.Холинорецепторларды тоқырататын дәрілер:

а/ талғаусыз әсер ететін М-холиноблокаторлар: атропин сульфаты және т.б.

б/ асқазанның Мı-холинорецепторларын тежейтін, яғни талғаулы әсер ететін дәрілер: пирензипин.

в/ганглиоблокаторлар: пирилен, бензогексоний.

2.Гистаминдік Н2- рецепторларын тежейтін дәрілер: ранитидин, фамотидин, циметидин.

Тікелей қарындағы М1- холинорецепті тежейтін дәрілер – пирензепин (Pirenzepine), гастрозепин 0,025 пен 0,05 г түймедағы және 0,5% – 2 мл ампуласы шығарылады. Асқазандағы парасимпатикалық ганглийді тежейді. Асқазанның кілегей қабатын зақымдаудан сақтайды. Сілекей бездерінің секрециясын төмендетеді. Асқазан мен он екі елі ішектің жарасын емдеу үшін қолданылады.

Rp.: Pirenzepini 0,05

D.t.d. № 50 in tab.

S. 50 мг күніне 2 рет 30 мин ас алдында.

#

Қазіргі кезде ең жақсы асқазанның Н2 - гистаминдік рецепторларын тежеп, сөл бөлінуін төмендететін дәрілер - циметидин (Cimetidine) 0,02 және 0,04 г түймедағы, содан соң 10% - 2ml ампуласы шығарылады. Бұлар асқазан мен он екі елі ішектің жарасын емдеу үшін қолданылады.

Rp.: Sol. Cimetidini 10 % - 2 ml

D.t.d. 10 in amp

S. 1-2 мл-ден күніне 2 рет тері астына егуге.

#

8.4. Антацидтік дәрілер.

Холинорецепторларға тосқауыл қоятын дәрілер әсер етпегенде асқазан сөлінің қышқылдығын төмендету үшін тұз қышқылымен әрекеттесетін негізгі заттар қолданады. Бұларды антацидтік заттар деп атайды. Натрий гидрокарбонаты (Natrii hydrocarbonas) 0,3 және 0,5 г ұнтақ немесе түймедағы; 4% - 20 ml ампуласы – жылдам, қысқа әсер береді, сонымен көмір қышқылы түзіледі. Бірақ көмір қышқылы асқазанды кеңейтіп, екінші реттік тұз қышқылы көп бөлінуі мүмкін.

Магний тотығы (Magnesii oxidum) 0,5 г ұнтақ және түймедағы. Бұл натрий гидрокарбонатынан 3-4 есе күшті, ал көмір қышқылы пайда болмайды.

Алюминий гидрототығы (Alumini hydroxydum) 0,5 г ұнтақ және түймедақ түрінде пайданылады. Бұның антацидтік әсерімен қатар сорғыштық қасиеті де бар. Алмагель 170 мл гель (Алюминий гидрототығы + анестезин)

8.5. Гастропротекторлар.

Оларға ішектің кілегейлі қабықшасын ұсақ жарақаттанудан және тітіркендіретін заттардан сақтау үшін бірінші топты дәрілер жатады: сукральфат (Sucralfatum) баттасқан гель түрінде, ал висмут үшкалий дицитраты (Bismuthi trikalii dicitras) коллоидтық зат түрінде қолданылады. Жергілікті кілегейлі қабықшаны жабысқақ ретінде бүркеп тастайды.

Екінші түрде пайданылатын дәрілер кілегейлі қабықшаның өзінің сақтанғыш әрекеттерін көтереді, оларға карбеноксолон (Carbenoxolonum) және мизопростол (Misoprostolum) жатады. Тағы бір топ дәрілер оксиферрискорбон натрий (Oxyferriscorboni natrium) және солкосерил (Solcoseryl) жергілікті кілегейлі жаралы қабықшаның регенерациясын қоздырады. Сондықтан бұл дәрілердің жараның тез жазылуына көмегі тиеді.

8. 6.Асқазан қимылына (моторикасына) әсер ететін дәрілер.

Кезбе жүйке асқазан қимылын реттеп отырады. Холиномиметиктер (ацеклидин, прозерин) – асқазан қимылын күшейтеді. Холиноблокаторлар (бускопан, пробантин және т.б.) – қимылын төмендетеді.

Сонымен холиномиметиктерді ішек пен асқазанның қимылы босағанда (атония) қолданады, ал холиноблокаторларды асқазан бұлшық етінің қысымы мен қимылы көтерілгенде (ұстама түріндегі ауырсынуда) қолданады.

8.7. Құстыратын дәрілер.

Құсу – күрделі рефлеторлы акт, көптеген бұлшық еттер (көк ет, ішек, асқазан) қатысады. Құсу орталығын көптеген сезім, иіс, көру мүшелерімен қабылданған жиіркенулер қоздырады. Сол жердегі жіберу аймағы құсу орталығымен байланысты арнайы хеморецепторлы аймақ. Ол мидағы IV қарыншаның түбінде орналасқан, дофаминдік рецепторлары бар.

Құстыратын химиялық заттар жіберу аймағы мен құсу орталығын рефлекторды түрде қоздырады. Бұған жататын апоморфин гидрохлориді (Apomorphini hydrochloridum) – жіберу аймағының дофаминдік рецепторларына әсер етеді. Уланғанда, созылмалы маскүнемдікті емдеуге қолданылады. Елестер, неврологиялық бұзылыстар, коллапсты жағдайлар пайда болуы мүмкін. Жүректің ауыр сырқаты, атеросклероз, туберкулездің ашық түрі, асқазан жарасы кезінде, қарттарға пайданалуға болмайды.

Rp.: Sol. Apomorphini hydrochloride 1% - 1 ml

D.t.d. 5 in amp.

S. 1 мл-ден тері астына егуге.

#

Құсу орталығын рефлекторлы түрде қоздыратын дәрілерге термопсис дәрілері жатады.

Мыс сульфаты мен цинк сульфаты асқазанның кілегейлі қабатын тітіркендіру арқылы құстырады.

Вератрум алкалоидтары қыдырма жүйкенің ганглийлеріне әсер етіп құстырады.

8.8. Құсуға қарсы қолданатын дәрілер.

Вестибулярлы аппараттың қозуы жоғары болғанда (ауа мен теңіз ауруы) М-холиноблокаторлар тобына жататын, құрамында скопаламин бар аэрон түймедағы (Tabulettae «Aeronum») қолданылады. Жағымсыз әсері: ауыз қуысы мен өңеш құрғайды. Ал глаукома кезінда қолдануға болмайды.

Rp.: Tab «Aeronum» № 10

D.S. Ауаға ұшар алдында, кейде 1-2 түймедақтан күніне 2 рет.

Операциядан кейінгі, жүкті әйелдердің жеріктік кезінде болатын құсуда нейролептиктер (этапиразин және галоперидол), гистаминдік Н1-рецепторларды бөгейтін (антигистаминдік – дипразин) дәрілер қолданылады.

Метоклопрамид (Metoclopramid, церукал) 0,01 г түймедағы №50 және 0,5%-2ml ампуласы – жіберу аймағына әсер ететін күшті дәрі, дофаминдік рецепторларды тоқыратады. Наркоздық дәрілермен жүрек айнығанда, құсқанда қолданылады. Ол асқазан мен ішектің қимылын жақсартады. Өңештің қысымын төмендетеді. Жанама әсерлері: паркинсонизм, ұйқышылдық, ауыздың құрғауы.

Rp.: Metoclopramidi 0,1

D.t.d. № 50 in tab.

S. 1 түймедақдан күніне 3 рет.

#

Тікелей құсу орталығына және дофаминдік рецепторларды тежейтін дәрі тиэтилперазин (Thiethhylperazin). Бұл әртүрлі құсу кезінде қолданылады.

Тек серотонинергиялық рецепторларды бір ғана түрін бөгейтін дәрі ондансетрон (Ondansetron). Бұны алдын ала лоқсуды және құсуды болдырмауға химиоемдеу кезінде рак, лейкемия және т.б. ісік ауруларында қолданады.

Психотропты дәрілер - этаперазин, галоперидол

8.9. Гепатопротекторлар

Бұндай дәрілер негізгі бауырдың қызметтік жағдайын біршама жоғарылатады, сондықтан ол (бауыр) қатерлік заттарға үнемі қарсы тұра алады. Бұларды гепатопротекторлар (бауырды қорғайтын заттар) деп атайды. Легалон (Legalonum) шөптен алынған күрделі, белсенділігі мол, антиоксиданттық әсері жақсы. Эссенциале (Essentiale) фосфолипидтерден тұрады, бауырдың торшасын жылдам қалыпына келтіреді. Адеметионин (Ademethionin) жасанды ішкі бауырдың метаболизміне ұқсас, антиоксиданттық және детоксикациялық әсері жақсы.

Бұлар (гепатопротекторлар) жедел және созылмалы бауыр ауруларына қарсы (гепатиттер, цирроз, бауыр дистрофиясы, көптеген улы заттармен бауырға зақымданғанда және әсіресе спирттік ішімдіктен) қолданылады.

8.10. Өт айдайтын дәрілер.

Өт – ішектегі майларды ерітетін өт қышқылдарынан тұрады. Өттің жетіспеушілігі бауырда өттің пайда болуы немесе оның он екі елі ішекке шығуы қиындауынан тууы мүмкін. Олар екі топқа бөлінеді:

1.Өттің түзілуін жақсартатын дәрілер (холеретик).

2.Өттің он екі елі ішекке бөлінуін жақсартатын дәрілер (холагога).

Бұлардың ішінде алғашқы топқа өт қышқылдары мен олардың тұздары жатады:

«Аллохол» (Tabulettae «Allocholum»), «Холензим» (Tabulettae “Cholenzynum” obductae) түймедағы №50, холосас (Cholosasum)-300 ml, оксафенамид (Oxaphenamidum) және т.б. шығарылады. Бұлар өт ауруларында (холецистит, холангит, өт жолының дискинезиясы, өтке тас байланғанда) қолданылады.

Rp.: Tab. «Cholenzymum» obductas № 50

D.S. 1 түймедақтан 1-3 рет.

#

Өтті айдау кезінде өттің он екі елі ішекке бөлінуін жақсарту үшін Одди сфинктерін босататын спазмолитиктер – но-шпа (No-spa), папаверин гидрохлориді (Papaverini hydrochloridum) және М-холиноблокаторлар – атропин тобы қолданылады. Он екі елі ішекке түтік арқылы енгізілетін магний сульфаты - өт қабын рефлекторлы түрде қысқартып, Одди сфинктерін босатады.

8.11. Ұйқы безі сөлінің сыртқа шығуы бұзылғанда қолданылатын дәрілер.

Ұйқы безінің секрециясын ішек гармоны секретин және цистокинин қуаттап отырады. Олардың әсерлері төмендегенде немесе жойылған кезде орын басу емі үшін панкреатин (Pancreatinum) қолданады. Бұл ферменттің құрамында трипсин мен амилаза болады. Сондықтан ферменттердің жетіспеуі кезінде, астың қорытылуы бұзылғанда, құрама дәрілері де – панзинорм форте (Panzynorm forte), фестал (Festal), мезим форте (Mezym forte) және т.б. қолданылады.

8.12. Ішек қимылына әсер ететін, яғни іш жүргізетін дәрілер.

Ішектің жиырылуы күшейгенде оның қысымы мен қимылдау белсенділігін түсіру үшін М-холиноблокаторлар (атропин тобы) мен ганглиоблокаторлар (бензогексоний, пирилен), миотропты әсері бар спазмолитиктер (папаверин гидрохлориді) қолданылады. Кейде адреномиметиктерді де қолдануға болады.

Ішектің жұмысын жақсарту үшін эфференттік және афференттік иннервацияға, тегіс бұлшық етке әсер ететін дәрілер қолданылады (ацеклидин, прозерин, вазопрессин).

Ішектің жиырылу белсенділігін жоғарылатын іш жүргізетін дәрілер келесі топтарға бөлінеді:

1.Органикалық емес заттар. Іш жүргізетін тұзды дәрілер: магний сульфаты және натрий сульфаты.

2.Органикалық заттар: өсімдік тектес:

а/өсімдік майлары, майсана майы.

б/құрамында антрогликозиді бар дәрілер: итжүзім (крушина)

экстракты (құрғақ), рауғаш (ревень) түймедағы, пішен (сенна) жапырағының тұнбасы.

в/жасанды дәрілер: фенолфталеин, изафенин.

Магний сульфаты (Magnii sulfas) мен натрий сульфаты (Natrii sulfas) асқазан – ішек жолында нашар сінірілетін иондарға ыдырайды (Мg++ SO4ˉˉ). Ішектің ішіндегі осмостық қысым көтеріледі, химус пен сөлдің сіңірілуін баяулатады. Ішектің ішіндегі заттардың көлемі ұлғайып, механорецепторлар тітіркенеді, ішектің жиырылуы күшейеді. Бұлар іш қатқанда, химиялық заттармен уланғанда қолданылады.

Майсана майынан (Oleum Ricini) он екі елі ішекте рицинол қышқылы түзіледі. Ол ішек рецепторларын тітіркендіреді де иондар тасымалдануын, сіңірілуді бұзады, қимылды күшейтеді. Бұл негізі іш қатқанда, акушерлік тәжірибеде қолданылады. Бұны майда еритін заттармен (фосфор, бензол) және уланғанда беруге болмайды.

Rp.: Oleii Ricini 1,0

D.t.d. № 15 in caps. gelat.

S. Жарты сағат ішінде қабылдауға (2 мин 1 қаптамадан).

#

Құрамында антрогликозиді бар дәрілер тоқ ішекке әсер етеді. Созылмалы іш қатуда фенолфталеин (Phenolphthaleinum) мен изафенинді (Isapheninum) қолданған тиімді. Фенолфталеинді ұзақ қолданғанда денеге жиналып қалуы мүмкін, сондықтан глицерин балауызын (Suppositoria cum Glycerino) бірге пайдаланған жөн. Ол тік ішектің кілегейлі қабықшасын тітіркендіріп жылдам сыртқа айдап шығарады.

Rp.: Phenolphthaleini 0,1

D.t.d. № 20 in tab.

S. 1 түймедақдан күніне 2 рет.

#

9 тарау. Зәр айдайтын дәрілер (диуретиктер).

Зәр айдайтын дәрілерді негізінен денедегі жиналған артық мөлшердегі суды және әртүрлі жағдайларға байланысты пайда болған дененің ісінуін жоюға қолданады. Сонымен бірге артериялық қысымды төмендетуге қолданады.

Зәр айдайтын дәрілер негізгі екі топқа бөлінеді:

1.Бүйректің зәр түзу қызметіне тікелей әсер ететін.

2.Зәр түзудің гормонды ретттелуіне әрекет ететін.

Зәр айдайтын дәрілер мынандай топтарға бөлінеді:

1.Бүйрек каналшалары қызметіне тікелей әсер ететін диуретиктер. Құрамында сульфаниламид тобы бар заттар:

а/тиазидтер: дихлотиазид (Dichlothiaside), циклометазид.

б/әртүрлі құрылымды қоспалар: фуросемид (Furosemidum), этакрин қышқылы (Acidum etacrynicum).

2.калий-магний-сақтайтын диуретиктер:

а/птеридиннің туындысы: триамтерен (Тriammterenum),.

б/альдестеронның анагонисті: спиронолактон (Spironolactonum).

3.осмостық активті диуретиктер: маннит (Mannnitum), мочевина.

Дихлотиазид (Гипотиазид, Гидрохлортиазид, Дизалунид және т.б)- 0,025 г түймедағы – бензотиодиазин туындысы. Бұл Генле ілмегінде хлор иондарының реабсорбциялануын нашарлатады. Карбоангидраза ферментін тежейді. Калий ионының секрециясын көбейтеді. Сонымен қатар, зәр қышқылының секрециясын нашарлатады, гиперуремияға әкеліп, ол подаграны туғызуы мүмкін. Гипертониялық ауруларда, глаукомада диуретик ретінде қолданылады. Жанама әсерлері: гипокалиемия, әлсіреу, уратты тұздар бөлініп шығуының тоқталуы. Бүйрек қызметінің жетіспеушілігінде, подаграның асқынуында қолдануға болмайды.

Фуросемид (Лазикс, Диусемид, Ново-семид, Дифурекс, Кинекс, Тасек, Тасимайд, Урикс, Фругекс, Фруантрил, Фуроземикс, Фурон, Фурорезе және т.б.) 0,04 г түймедағы; 1%-2ml ампуласы № 5 түрде шығарылады. Хлор иондардың реабсорбциясын төмендетеді де ол иондармен байланысады, ал бұған керісінше калий ионының секрециясы артады, бүйрекке қан келуі күшейеді. Гипертониялық ауруларда, өкпе және ми ісінуінде, химиялық заттармен уланғанда қолданады. Қосымша қатерлі әсерлері: терінің бөртуі, бас айналу, гипокапния. Жүкті әйелдерге, бүйректің қызметі бұзылғанда қолдануға болмайды.

Rp.: Furosemidi 0,04

D.t.d. № 50 in tab.

S. Таңертеңгісін 1 түймедақтан.

#

Этакрин қышқылы (Аквафор және т.б.) 0,01 және 0,04 г түймедағы. Фуросемидке ұқсас келеді. Өкпенің, мидың ісінуінде, бүйрек негізінде пайда болған ісінуде қолданылады. Ұзақ пайдаланғанда гипокалиемия және гипохлоремиялық алкалоз пайда болады, бас айналу, диспепсия, диарея болуы мүмкін. Жүкті әйелдерге және анурияда қолдануға болмайды.

Спиронолактон (Альдактон, Верошпирон, Практон, Спирикс, Спироноксан, Спиронол, Урактон және т.б.) альдостерон иондарының шығаруын азайтып, керісінше калий ионының секрециясын көбейтеді. Бұл дәрі альдостерон әсер ететін рецепторларды тежеп, зәрмен бірге, хлор және судың бөлінуіне жағдай жасап, калий секрециясын төмендетеді. Бауыр циррозына байланысты пайда болған асцит, әртүрлі жағдайға байланысты ісіну, пароксизмдік миоплегияда қолданылады. Лоқсу, бас айналу, ұйқышылдық, атаксия, терінің бөртуі және т.б. кері әсерлері байқалады. Бауыр жетіспеушілігінде, созылмалы нефриттің нефротикалық сатысында, азотемияда қолданбайды.

Осмостық белсенді зәр шығаратын дәрілер – маннит (Маннитол және т.б.) және мочевина (Карбамид және т.б.). Бұл диуретиктер бүйрек қаналдарының ішіне кіріп, осмостық қысымды көтереді. Нәтижесінде су мен натрий реабсорбциясы төмендейді. Бас сүйектің ішкі қысымын төмендетуге, мидың ісінуін азайтуға, бүйрек немесе бауырдың жетіспеушілігінде, глаукомада қолданады. Ал бүйректің несеп шығару қызметінің бұзылуында, қан айналымының жетіспеушілігінде қолданбайды.

Бұдан да басқа белсенділігі жеткілікті диуретиктер бар – триамтерен, клопамид және т.б.

11.2. Қан ұюына, фибринолизге және тромбоциттердің агрегациясына әсер ететін дәрілік заттар.

Тромб түзуге әсер ететін дәрілер былайша жүйеленеді:

І. Тромбоздың алдын-алуға және емдеуге қолданылатын дәрілер – антиагреганттар.

ІІ. Қанның ұюын төмендететін дәрілер – антикоагулянттар.

ІІІ. Фибринолизистік (тромболизистік) дәрілер.

ІҮ. Қан тоқтатуға қолданылатын дәрілер – гемостатиктер.

  1. Қанның ұюын жоғарылататын дәрілер:

а/ жергілікті қолдануға арналған дәрілер.

б/ жүйелік әсерлі дәрілер.

2) Антифибринолизистік дәрілер.

12.2.1.Тромбоздың алдын-алуға және емдеуге қолданылатын дәрілер

Бұл топтағы дәрілер тромбофлебит, миокард инфаркты кешенді емдеуге, тромбоэмболияның алдын-алуға, микроциркуляция бұзылғанда қолданылады. Олар тромбоцит пен эритроциттердің агрегациясына және физикалық-химиялық қасиетіне, фибрин жібінің түзілуіне, фибринолиз жүрісіне әсер етуі мүмкін. Бұлардан басқа дәрілерді гемодинамикаға, қан тамыры қабырғасының морфо-функционалды жағдайына, қан плазмасының химиялық құрамына әсер етуі мүмкін.

Тромбоцит агрегациясын төмендететін дәрілер.

Ацетилсалицил қышқылының әсері адам жасына қарай өзгереді. Жас адамдарда аз мөлшері қан кетудің уақытын созады, керісінше көп мөлшері әсер етпейді, ал қарттарда екеуінің де уақытын созады. Простациклин вазодилятацияны тудырады, артериялық қысымды төмендетеді. Бұл дәріні қан тамыр инфузиясы арқылы аяқ-қолдардың тамыр ауруларына қолданып көргенде ол бұлшық еттердің қан айналымын жақсартады, ишемиялық ауруды басады, трофикалық жараның жазылуына әкеледі. Бұл әсерлері тромбоциттердің тікелей жергілікті агрегациясының жоғарылауымен, тамырларды кеңейтуімен байланысты.

Ацетилсалицил қышқылы (аспирин және т.б. кофеинмен бірге), (Acidum acetylsalicylicum 0,25 және 0,5 түймедағы) – бас ауырғанда (бас сақинасында), дене қызуы жоғарылағанда, ревматизмде, тромбофлебиттерде, невралгияда және т.б. қабыну ревматоидтық ауруларда қолданылады. Антиагреганттық ретінде пайдаланғанда мөлшері төмен болуы керек, 0,25 гр күніне 1-2 түймедақтан және ұзақ уақатқа (1-2 айға) созылады. Көбінесе алдын-ала тромбты (қанның ұюын) болдырмау үшін, стенокардияға мен миокард инфарктын болдырмау үшін уақытымен, жылына 1-2 рет беріп отырған жөн болады. Аллергия болуы мүмкін, сондықтан қадағалап отыру керек.

Rp.: Acidi acetylsalicylici 0,25

Coffeini 0,05

D.t.d. № 10 in tab.

S. 1 түймедақтан күніне 3 рет.

#

Эпопростенол (Epoprostenolum) ішкі простациклинге ұқсас, тромбоциттің агрегациясын төмендетеді және тамырларды кеңейтеді. Тек қан тамыр арқылы тамшылатып гемодиализ бен гемосорбция кезінде пайданылады, өйткені әсері өте қысқа, сондықтан жедел көмек көрсету үшін қолданылады.

Дипиридомол (курантил және т.б.), (Dipiridomolum) 0,025 және 0,075 түймедағы және драже түрінде пайдаланылады. Бұрын жүрек тамырларды кеңейтумен белгілі болған. Сонымен бірге оның агреганттық белсенділікке қарсы әсері бар. Ықпал ету механизмі дұрыс зерттелмеген. Бірақ ол фосфодиэстеразаны басып, тромбоциттердегі цАТФ-тің мөлшерінің артуына әкеледі. Одан басқа ол тромбоциттердің агрегациясын тоқтататын аденозиннің әсерін күшейтеді. Көп жағдайда дипиридамол тікелей әсер етпейтін антикоагулянттармен қосып қолданылады.

Тиклопидин (тиклид және т.б.), (Ticlopidin) 0,125 және 0,25 түймедағы) және клопидогрел (Clopidogrel) 0,075 түймедағы) тиклопидинге ұқсас келеді. Бұлар тромбоциттердің гликопротеиндік рецепторларының белсенділігін төмендетеді, сондықтан инсульт және инфаркт кезінде, жүрекке және тамырларға операциядан кейін тромбты болдырмау үшін қолданылады.

12.2.2. Қанның ұюын төмендететін дәрілер (антикоагулянттар).

Антикоагулянттар қан ұюының әр кезеңіне әсер етеді. Соған байланысты олар екі топқа бөлінеді:

1. Тікелей әсер ететін антикоагулянттар (қандағы ұю факторына әсер ететін заттар): гепарин, гирудин және кіші молекулалық гепариндер - фраксипарин, эноксапарин. Гепаринге қарама-қарсы тұратын дәрі – протамин сульфаты.

2. Тікелей емес әсер ететін антикоагулянттар (қанның ұю факторының синтезіне әсер ететін заттар): неодикумарин, синкумар, фенилин, варфарин. Бұларға қарама-қарсы дәрі – викасол.

Гепарин (Heparinum) 5ml - (1ml-5000, 10000 және 20000 ED) – табиғи ұюға қарсы қолданылатын зат, денеде толық торшалардан бөлінеді. Қан плазмасында гепарин Ко-фактор антитромбин ІІІ-пен әрекеттеседі, түзілген комплекс гепарин-антитромбин тромбин белсенділігін басады, ол болса фибриногеннің фибринге айналуын бұзады. Гепариннің мөлшері бірлікпен өлшенеді, бірлік әсері (БӘ). Бұл дәрі тромбоэмболияның алдын-алу, миокард инфаркты, ми, өкпе және көз тамырларының тромбозында қолданылады. Гепариннің мөлшерлігі асып кеткенде, қан ұйымайды, оны тоқтату үшін қарама-қарсы әсері бар – протамин сульфаты (Protamini sulfas) қолданылады.

Rp.: Heparini 50000 ED – 5 ml

D.t.d. № 6

S. 15000-20000 ӘБ күре тамырға салу үшін.

#

Гирудин (Hirudinum) медициналық сүлік, қан жиналған жерге салады (қан айналысы баяу кезінде болатын жағдай), алдын-ала тромбоз және тромбоэмболияны болдырмау үшін қолданылады.

Фраксипарин (Fraxiparin) және эноксипарин (Enoxіparine) кіші молекулалық гепариндер анық антиагриганттық және антикоагулянттық әсерлері бар дәрілер. Бұлар протромбиннен тромбинге өтуін тежейді. Гепаринмен салыстырғанда әсері ұзақ.

Неодикумарин (Neodicumarinum) 0,05 және 0,1 түймедағы, фенилин (Phenylinum) және варфарин (Warfarin) және т.б. тікелей әсер етпейтін антикоагулянттар. Бұлар протромбиннің синтезіне қажет К витаминінің антагонистері болып табылады. Тромбоз, тромбофлебиттерде қолданылады. Гемморрагиялық диатез, бауыр, бүйрек қызметінің бұзылуы, асқазан-ішек жарасы және т.б. қан ұюы төмендейтін ауруларда қолдануға болмайды. Протромбиндік индексі 50% төменде болса қарама-қарсы витамин К-дан жасанды ретінде алынған дәрі – викасолды (Vicasolum) пайдаланады.

12.2.3. Фибринолизистік (тромболизистік) дәрілер.

Стрептокиназа (Streptokinase), урокиназа (Urokinase) және алтеплаза (Alteplase) біраздан кейін пайда болған тромбты ерітеді. Бұлар фибринолизді ынталандыру арқылы немесе фибринолизиннің жетіспеушілігін толықтыру арқылы әсер етеді. Профибринолизинге өту реакциясын катализдейді, фибринді ерітеді. Тромб пайда болғаннан кейінгі тәулікте әсер береді. Бұларды көк тамырға егеді. Аллергиялық реакциялар, қызба байқалуы мүмкін.

12.2.4. Қанның тоқтатуына жағдай жасайтын дәрілер (гемостатиктер).

Тромбин (Thrombinum) 10ml – 125 ӘБ флаконы – жергілікті қан ағысын тоқтататын дәрі. Табиғи тромбтан жасалған, ішкі мүшелердің қан ағысын тоқтату үшін тампонада жасайды.

Коллагендік гемостатикалық сорғышты (Spongia haemostatica collagenica) капиллярдан, паренхиматозды, қатты ми қабығының синустерінен, сүйектен қан кетулер кезінде тампонада жасауға, альвеоладан қан кетуін тоқтатуға қолданады. Бұлардан басқа викасол (Vicasolum), фибриноген (Fibrinogenum) және т.б. қолданылады.

12.2.5. Антифибринолизистік дәрілер

Аминокапрон қышқылы (Acidum aminocapronicum) 5% - 100 ml флаконы, бұған ұқсас транексам қышқылы (циклокапрон) және амбен (Ambenum) 1% - 5 ml ампуласы шығарылады. Жарақат, хирургиялық операция, бауыр циррозы сияқты жағдайлардан кейін фибринолиз жүйесінің белсенділігі көтеріліп кетіп, көп қан кетуі мүмкін, ондай кездерде антифибринолизистік дәрілерді қолданады.

Аминокапрон қышқылы – профибринолизиннің фибринолизинге айналуын тежейді. Фибринолизинге тікелей әсер етеді. Қан тоқтату үшін, операциядан кейін, бауыр ауруларында қолданады. Тромбозға және эмболияға бейімділікте қолдануға болмайды.

Амбен – құрылымы мен әсер ету механизмі жағынан аминокапронды қышқылға ұқсас, плазминнің түзілуін жояды. Қанның ағуын тоқтату үшін қолданылады.

Rp.: Sol. Acidi aminocapronici 5% - 100 ml

D.S. Изотониялық ерітіндімен қосып күре тамырға егу.

#

10. Жатырдың бұлшық етті қабатына (миометрий) әсер ететін дәрілер.

Жатырдың бұлшық етті қабатының қысымы мен қимылы нейрогуморалды механизмдермен реттеледі. Жатырдың бұлшық етті қабатында М-холинорецепторлар, сонымен бірге α- және β²-адренорецепторлар орналасқан. М-холинорецепторлар және α-адренорецепторлар қоздырғыш әсер береді, ал β²-адренорецепторлар бәсеңдетеді. Сонымен бірге жатырдың жиырылу белсенділігіне жыныс гормондары әсер етеді. Гипофиздің артқы бөлімінен шығатын гормон – окситоцин, сонымен бірге простогландиндер. Жатыр бұлшық етінің қысымы және қимылына әсер ететін дәрілер мынадай топтарға бөлінеді:

1.Жатырдың бұлшық етті қабатына тікелей әсер ететін дәрілерге

а/ күшейтетіндер – биогендік заттар: гормондар (окситоцин, питуитрин) және простогландиндер (динопрост, динопростон).

б/әлсірететіндер – сальбутамол, фенотерол.

2.Тікелей жатыр бұлшық еті қабатының қысымын жоғарлататындар:

а/өсімдік тектес дәрілер: эргометрин малеаты, эргометрин гидротартраты.

б/жасанды дәрілер: котарин хлориді.

2.Жатырдың мойнының қысымын төмендететін дәрілер: атропин сульфаты, динопрост, динопростон.

Окситоцин (Oxytocinum) миометрийдің жиырылу белсенділігін арттырады. Сонымен қатар, ол сүт бездерінен сүттің бөлінуін күшейтеді. Бұны босануды жеңілдету үшін, босанғаннан кейін жатырдың қысымын және гипотониялық қан кеткенде қолданады. Окситоциннің қатерлік әсері де байқалады: жатырдың қатерлі жарылуы, нәрестенің қисық жатуы, жатырдың ішіндегі гипоксияға алып келетін толғақтың тез болуы.

Rp.: Oxytocini 1ml (5 ED)

D.t.d. № 10 in amp.

S. 1 мл-ден бұлшық ет астына.

#

Питуитрин (Pituitrinum) гипофиздің артқы бөлігінен шығарылады. Құрамында окситоцин және вазопресин гормондары бар. Вазопрессин негізгі жүрек тамырларына және жалпы қан тамырларға қысымдық әсер беріп отырады, сондықтан бұны жүрек және қан тамыр ауруларында байқап берген жөн. Питуитринді босана алмай жатқанда жатырдың жиырылуын күшейту үшін, гипотониялық қан кеткенде қолданады. Ал мөлшерін артық бергенде қан айналымы бұзылады, естен тану, коллапс болуы мүмкін. Атеросклероз, миокардит, тромбофлебит, сепсис, бүйрек ауруларында қолданбайды.

Динопрост (Dinoprost) 0,5% - 1 ml ампуласы, динопростон (Dinoprostone) 0,5 % - 5ml ампуласы. Бұларды тек ауруханаларда пайданалуға тиісті. Бұлар жатырдың мойынын кеңейтіп, миометрийдің жиырылуын күшейтеді. Қан қысымын төмендетеді, компенсаторлы тахикардияны туғызады. Динопрост пен динопростонды босануды жылдамдату және түсік тастау (аборт) үшін қолданады.

Миометрийдің жиырылу белсенділігін әлсірететін дәрілер. Оларға сальбутамол мен фенотерол жатады. Оларды уақытынан бұрын босанарда береді. Кейде магний сульфатын қолдануға болады. Бұл миометрий торшасындағы кальций иондарының кіруін әлсіретеді де жиырылуын тежейді.

Миометрийдің қысымын көтеретін дәрілер. Осы мақсатпен спорынь алкалоидының галендік және новогалендік түрлері қолданады. Бұған жататын дәрілер: эргометрин малеаты (Ergometrine maieate) 0,0002 түймедағы және 0,02% - 1 ml ампуласы және эрготал, эрготамин гидротартраты және т.б. Бұлар миометрий, ішкі мүшелердің, тамырлардың бірыңғай салалы бұлшық еттерінің қысымын көтереді. Жатырдан қан кеткенде қанды тоқтату үшін қолданады, бірақ бұл кезде жүрек айну, бас айналу, іш өту, тахикардия болуы мүмкін. Жатырдан кеткен қанды тоқтатын жасанды дәрілердің бірі котарнин хлориды (Cotarnini chloridum). Бұл жатырдың қысымын көтереді, сондықтан қан тоқтауына себеп болады.

Rp.: Sol. Ergometrini maleatis 0,02% - 1 ml

D.t.d. № 10 in amp.

S. 1 мл-ден бұлшық ет астына.

#

Қан түзілуін реттейтін дәрілер.

Бұлар негізі екі топқа бөлінеді:

1. Эртропоэзге әсер ететін дәрілер:

- эритропоэзді ынталандыратын дәрілер:

а/ гипохромды анемияда қолданылатындар: темір сульфатының тотығы, темір лактаты, ферковен, ферум лек, коамид.

б/ гиперхромды анемияда қолданылатындар: цианокобаламин (витамин В-12), фоль қышқылы (витамин Вс).

в/ созылмалы анемияда қолданылатындар: эпоэтин альфа.

- Эритропоэзді тежейтін дәрілер: Фосфор-32 мен таңбаланған натрий фосфаты.

2. Лейкопоэзге әсер ететін дәрілер:

- лейкопоэзді ынталандыратын дәрілер: натрий нуклеиниті, пентоксил, метилурацил, молграмостим, филграстим.

  • лейкопоэзді тежейтін дәрілер: миелосан, новэмбихин, меркаптопурин және т.б. қатерлі ісіктерге қарсы қолданылатын дәрілер.

Эритропоэзге әсер ететін дәрілер.

Гипохромды анемиялар эритропоэзді реттеу үшін темір дәрілерін қолдану басты қызмет атқарады. Денедегі темірдің мөлшері 2-5 кг. Оның екіден үш бөлігі гемоглобиннің құрамына кіреді. Қалған бөлігі ағзадағы қорларда (сүйек кемігі, бауыр, көкбауыр) болады. Темір гемоглобин мен бірнеше ферментердің құрамына кіреді.

Гипохромды анемия созылмалы қан жоғалту, темірдің асқазан-ішек жолында сіңірілуі бұзылуы, жүктілік кезінде дамиды. Бұған темір сульфатының тотығы (Ferrosi sulfas) - 1 гр. ұнтақ ретінде) мен темір лактаты (Ferri lactas) - 1 гр. ұнтақ ретінде) қоланылады. Оларды ауыз қуысымен жанаспауы үшін қаптама, драже түрінде береді, өйткені тіс қарайып кетеді. Темір дәрі-дәрмектерін қолданғанда іш қатуы мүмкін.

Rp.: Ferrosi sulfatis 0,5

D.t.d. № 20 in caps. gelat.

S. 1 қаптамадан күніне 3 рет.

#

Егер темірдің асқазан-ішек жолымен сіңірілуі бұзылса, егу арқылы енгізетін дәрілерді қолданады, мысалы: феркофен (Fercovenum) - 5 мл апуласы), феррум лек (Ferrum Lek) - 2 мл ампуласы шығарылады. Кері әсерлері: беттің, мойынның қызаруы, белдің ауыруы, өкпенің қысылуы байқалады.

Rp.: Fercoveni 5 ml

D.t.d. № 6 in amp.

S. 4 мл-ден бұлшық етке егу.

#

Гипохромдық және гипоплазиялық анемияда кобальт дәрісі – коамидті (Coamidum) – 1% – 1 мл ампуласы) де қолданылады.

Созылмалы анемияда бүйректің жетіспеушілігінен пайда болатын кезде эпоэтин альфа (Epoetin alfa) – ампулада, 1 мл 1000 -нан 10000 ӘБ дейін болады, егу кезінде 30-100 ӘБ 1 кг салмағына аптасына үш рет өлшеп беріледі, осы мөлшермен флаконы да болады). Бұл ішкі эртропоэтинге тәріздес гендік инженерия тәсілімен алынған дәрі. Бұны әлсіздік, нәрестелер анемиясы, ЖИТС ауруы, қатерлі ісікте және т.б. анемияға ұқсас ауруларда қолданады.

Гиперхромды анемияны емдеуге цианокобаламин (витамин В-12), фоль қышқылы (витамин Вс) қолданылады.

Цианокобаламин (Витамин В12, Долекс, Нейробене және т.б.; поливитаминдердегі қоспа – Гендевит, Кладевит, Комплевит) пернициозды анемияда, сәулелі ауруда, фуникулярлы миелозда қолданады. Аллергия, мазасыздық, тахикардия сияқты кері әсерлері болуы мүмкін. Ал тробоэмболияда, эритремия және эритроцитозда қолданбайды. Бұл ампула ретінде 0,003%; 0,01%; 0,02%; 0,05% және 0,1% ерітіндісі 1 мл егу үшін, аптасына 2-3 реттен қолданылады.

Фоль қышқылы (Витамин ВС т.б.; поливитаминдердегі қоспасы – Аэровит, Глутамевит, Декламевит, Квадевит, Комплевит) макроцитарлық анемия, жүкті әйелдер анемиясы, лейкопения және т.б анемия тәрізді жағдайларда қоланылады, тек керісінше Аддисон-Бермер анемиясына қолданбайды. Түймедағының ішу мөлшері 0,001 г, күніне 2-3 реттен.

Полицитемия, яғни эритремия ауруында эритроцитердың саны бірнеше рет көтеріліп кетеді ол эритройдты қатерлі ісік болып табылады. Бұл жағдайда фосфор 32 мен таңбаланған гамма-сәулелі натрий фосфаты дәрісі қолданылады. Сол кезде эритроциттердің, тромбоциттердің санын төмендетеді.

Лейкопоэзге әсер ететін дәрілер.

Лейкопоэзді ынталандыратын дәрілерді лейкопения мен агранулоцитозда қолданады. Бұған жататын дәрілер натрий нуклеинаты (Natrii nucleinas) – ұнтақ ретінде 0,25-1 гр., осыдан 2% - немесе 5% ерітіндісі егуге дайындалады). Лейкопения, агранулоцитоз, өкпенің созылмалы қабынуы, вирусты гепатит, щизофрения кезінде қолданады.

Rp.: Sol. Natrii nucleinatis 2% - 20 mi

D. Sterilisetur!

S. 5 мл-ден күніне 1-2 рет бұлшық етке егуге.

#

Пентоксил (Pentoxylum) 0,2 гр түймедағы қапталған түрінде) – синтетикалық дәрі. Агранулооцитарлық анемия, бензолмен уланғанда қолданады. Кейде диспепсия болуы мүмкін. Бұған ұқсас дәрі метилурацил (Methyluracilum) – 0,5 түймедағы және балауызы, 10% - 25, 40 гр майы).

Гендік инженерия тәсіл арқылы алынған дәрілер молграмостим (Molgramostim) – лиофильді ұнтақ флаконда – 50 –ден бастап 500 ге және 700 мкг, егу ретінде қолданғанда 10 мкг/кг тері астына және қан тамырға) және бұған ұқсас филграстим (Filgrastim) – 0,3 және 0,48 мг, егу ретінде қолданғанда 5 мкг/кг тері астына және қан тымырға тамшылатып беру керек). Бұларды қатерлі ісіктерді химиялық емдеу кезінде лейкопенияда, аплазиялық анемияда, косымша ем ретінде ЖИТС ауруында қолданады.

Лекопоэзді тежейтін дәрілер (қатерлі ісіктерде қолданылатын – миелосан, новэмбихин, меркаптопурин және т.б.) лейкозда, лимфгранулематозда және т.б. ісік ауруларында қолданады.

12.2. Жыныс гормоналды дәрілері.

Бүл гормоналды дәрілер келесі топтарға бөлінеді:

А) әйелдер жыныс гормондары.

1/ Эстрогендік және 2/ Гестагендік дәрілер.

Б) ерлер жыныс гормондары 3/ Андрогенді (тестостеронді) және 4/Анаболикалық стероидты дәрілер.

12.2.1. Эстрогендік дәрілер – Эстрадиол, Эстрадиол дипропионаты (Oestradiol, Oestradiol dipropionate) - (табиғи гормондар), этинилэстрадиол (Aethinyloestradiolum) жартылай жасанды және синэстрол (Synoestrolum) жасанды дәрі - бұлардың әсері аса жоғары келеді. Эстрогендіктер көбінесе екінші реттік жыныстық жетіспеушілікке, бедеулікте және жыныс мүшелердің гипоплазиясында қолданылады.

Бұларды қолдануға болмайды: мастопатия, жыныс мүшелерінің қатерлі ісіктері, эндометрит және т.б. Жанама әсерлері бар: бас айналу, лоқсу, құсу, кейде жатырдан қан кету.

Эстрадиол (Дерместрил, Климара, Менорест және т.б) құрлысы және әсері эстронға (адамның денесіндегі табиғи гормон) ұқсас келеді. 1мг эстрадиолдың белсендігі 10000 ӘБ сәйкес болады.

Бұл эстрондық гормон жетіспегендіктен қолданылады. Ондай жағдайда гинекологиялық операциядан кейін және климакс келген кезде, содан соң әйелдердің босануын күшейту үшін, контрацепция ретінде және қуық бездің қатерлік ісігінде қолданылады.

Жанама әсерлері және кері көрсеткіштері жалпы эстрогендерге ұқсас. Бұның мөлшері 0,002 г түймедақ түрінде және т.б. трансдермальдық жабыстырғыш сияқты.

Эстрадиол дипропионаты (эстрадиол пропионаты және т.б.) эстрадиолдың өзімен салыстырғанда баяу және ұзақ уақытқа әсер етеді. Басқа әсерлері эстрадиолмен ұқсас келеді.

Rp.: Sol. Oestradioli dipropionatis oleosae 0,1%-1 ml

D.t.d. № 6 in amp.

S. 1 мл-ден аптасына 1-2 рет.

#

Этилинэстрадиол (Микрофоллин форте және т.б.) құрылысы мен әсеріне қарағанда эстрадиолға ұқсас, ал белсенділігі өте күшті және ішуге түймедақ түрінде пайданылады.

Rp.: Aethinyloestradioli 0,00001

D.t.d. № 20 in tab.

S. 1 түймедақтан күніне 2 рет.

#

Эстрагендікке қарсы әсерін тигізетін (антиэстрагендік) дәрілер. Кломифен (Сlоmifene) ең жақсы бедеулікке әсер етеді, одан соң Тамоксифен және Торемифен сүт бездерінің қатерлі ісігіне қарсы қолданылады.

12.2.2. Гестагенді дәрілер – Прогестерон (Progesteronum) және осыған ұқсас дәрілер - оксипрогестерон капронаты (Oxyprogesteroni caproas) және т.б. Бұлар сары дененің жетіспеушілігіне байланысты аурулар, оның ішінде түсікке - іш тастауға қарсы қолданылады.

Бұларды қолдануға болмайтын кері көрсеткіштер: бауыр жетіспеушілігінде, гепатит, сүт бездері мен жыныс мүшелерінің қатерлі ісіктері.

Жанама әсерлері: қан қысымының көтерілуі, дененің ісінуі және жүрек соғысының жиілеуі мүмкін.

Прогестерон (Прожестожель, Утрожестан және т.б.) сары дененің гормоны, алғашқы кезде нәрестенің дамуына жағдай жасайды, ал жүктіліктің соңғы кезеңінде жатырдың жиырылуын тежейді.

Бұны аменорея (етеккірдің жоқтығы), жатырдан қан кету, бедеулік кезінде, түсікке қарсы және контрацептік дәрі ретінде қолданылады.

Жанама әсерлері: тромбофлебит, тромбоэмболия, холецистит, гепатит, ісіну, аллергиялық өзгерістер және т.б. пайда болуы мүмкін.

Кері көрсеткіштері: бауыр жетіспеушілігі, гепатит, тромбозға бейімділік.

Мөлшері 0,5%; 1% және 2% майлы ерітіндісі 1 мл ампула түрінде бұлшық етке егуге қолданылады.

Rp.: Sol. Progesteroni oleosae 1%-ml

  1. D.t.d. № 6 in amp.

S. 1 мл-ден күніне 1 рет.

#

Оксипрогестерон (Гидроксипрогестерон, Гормофорт т.б.) капронаты – жасанды дәрі, биологиялық және әсерімен прогестеронға ұқсас, сондықтан көбінесе сары дене жетіспеушілігінде прогестерон сияқты қолданылады. Мөлшері 12,5% және 25% майлы ерітіндісі ампула түрінде 1 мл-ден пайданылады.

Rp.: Sol. Oxyprogesteroni capronatis oleosae 12,5%-1ml

D.t.d. № 6 in amp.

S. 1 мл-ден аптасына 1 рет.

#

Антигестагенді дәрі – Мифепристон медициналық тәжірибеде жүктіліктің алғашқы кезеңінде бала түсіру үшін қолданылады.

12.2.3. Андрогенді дәрілер – Тестостерон пропионаты (Testosteroni propionas), метилтестостерон (Methyltestosteronum) және т.б. Қолдану көрсеткіштері: жыныстық жетіспеушілік, жыныс жүйесі қызметінің бұзылуы, акромегалия, клементарий, жатырдан қан кету, ұрық бездері мен сүт бездерінің қатерлі ісіктері. Ерлердің жыныс безінің қатерлі ісігі кезінде қолдануға болмайды.

Қосымша, яғни жанама әсерлері: жыныстық қозу, денедегі тұз бен судың жиналуы, дауыстың өзгеруі, бет пен дененің түк басуы, сүт бездерінің атрофиясы, лоқсу және бас айналуы.

Тестостерон пропионаты (Тестостерон, Андриол және т.б) ер кісінің ішкі жыныс гормонына ұқсас, бірақ жасанды түрінде шығарылады, сондықтан да ұзақ андрогендік әсерін тигізеді. Тестостеронды ер адамның жыныс жүйесінің қызметі бұзылғанда, климакс және остеопороз кезінде қолданады. Әйелдер сүт безінің қатерлі ісігінде тағайындалады. Бұның 1% және 5% майлы ерітіндісі 1 мл тері астына егіледі.

Тестостеронның жанама әсерлері мөлшерін асырып жібергенде жиі байқалады: ер адамның жыныстық елігуінің қозуы, денедегі су мен тұздың жиналуы, қуық үстіндегі без қызметінің бұзылуы, әйелдерде вирилизм (ер адамдарға тән көрініс – дауысы өзгеріп, денесі түктенуі және сүт безінің жойылу) және жалпы бас айналу, лоқсу және т.б. өзгерістер көрінеді. Бұны қолдануға болмайтын кері көрсеткіштер: қуық үсті безінің және бауырдың қатерлік ісіктері, жүкті және бала емізетін әйелдерге.

Rp.: Sol. Testosteroni propionatis oleosae 1%-1 ml

D.t.d. № 6 in amp.

S. Бұлшық етке күніне 1 мл-ден.

#

Метилтестостерон (Андрорал және т.б.) тестостероннан алынған, ұқсастығы бар жасанды дәрі. Түймедақты (мөлшері 0,005 және 0,01 г-нан) жұтып бірден жібермей, ауыздың ішінде сіңірілгенше ұстап отыру керек, сонда әсері жоғары болады. Жұтқан кезде асқазанның сөлі оны ыдырата алмайды, сондықтан әсері төмендеп кетеді. Қолданылуы, жанама және қатерлі әсерлері тестостеронға ұқсас келеді.

Rp.: Methyltestosteroni 0,005

D.t.d. № 20 in tab.

S. 1 түймедақтан күніне 2-3 рет.

#

Антиандрогенді дәрілер – Ципротерон (Андрокур т.б.), Финастерид (Проскар т.б.) - ерлердің жыныс қатынасы белсенділігі өте жоғары кезінде, әйелдердің андрогендік сезімталдығы жоғарыланғанда, балалардың жыныс гормондары ерте пайда болғанда қолданылады.

12.2.4. Анаболикалық стероиды дәрілер –Метандростенолон (Methandrostenolonum), Феноболин (Phenobolinum) және т.б. Олар қаңқа бұлшық еттің, ішкі мүшелердің, сүйек ұлпасының салмағын арттырады. Денеден азоттың, фосфордың, кальцийдің шығарылуы баяулайды. Бұлар белоктардың синтезін жақсартады, тамаққа деген тәбетті ашады, регенерация жақсарады.

Анаболиктердің қолданылуы: кахексия (арықтау), стероидты диабет, жүрек бүлшық етінің жансыздануы, миокард инфаркты, кардиосклероз, асқазан жарасы, миокардит, бүйректің созылмалы аурулары, миопатия, өкпенің созылмалы аурулары, остеопороз, сүйек сынғанда, жұқпалы аурулар, күйік ауруы және т.б аурулар.

Бұларды қолдануға болмайды: ерлердің жыныстық бездерінің қатерлі ісігінде, жүкті әйелдерге, бауыр және бүйрек ауруларында.

Жанама әсерлері де бар: кальций тұздарының сүйекте көбеюі, сүйек өсуінің тоқталуы, диспепсиялық әсерлер, ісінулер, сарғаю, бауырдың ұлғаюы, әйелдерде етеккір циклының бұзылуы, бұлшық еттердің өсуі.

Метандростенолон (Дианабол, Метандиенон және т.б.) химиялық құрылысы және биологиялық әсерімен салыстырғанда тестостеронға ұқсас. Андрогендік белсенділігі өте төмен, ал анаболикалық қасиеті жақсы байқалады. Сондықтан оны белокты анаболизимдік бұзылыста, яғни әртүрлі кахексия (жүдеудің асқынған түрі), астения (әлсіздік), әр түрлі індетті аурулардан кейінгі кездегі белоктық жетіспеушілігі, содан соң өте ауыр жарақаттан және күйіктен кейін қолданады. Түймедағы 0,001 және 0,005 г мөлшерімен пайданылады. Жанама және қатерлі әсерлері андрогендік дәрілерге ұқсас келеді.

Феноболин (Нандролон, Ретаболил және т.б.) белсенділігі күшті және өте ұзақ уақыт әсер ететін дәрі. Мысалы, бір рет қолдағанның өзінде әсері 7 күннен 15 күнге дейін созылады. Барлық қалған әсерлері метандростенолонға ұқсас келеді. 1% және 2,5% майлы ерітіндісі 1 мл-ден бұлшық етке егіледі.

Rp.: Sol.Phenobolini oleosae 2,5%-5 ml

D.t.d. № 10 in amp.

S. Бұлшық етке аптасына1 рет.

12.2. Дәрумендік дәрілер.

Құрамында коферменттер болуына байланысты олардың көбі зат алмасу жүрісіне қатысады. Көптеген дәрумендер денеде түзілмейді. Дәрумендердің көзі ас-тағамдары болып саналады. Адамның денесінде Д дәрумені ультракүлгін сәулелерінің әсерінен теріде де құрастырылады. Никотинамид триптофан, ал К дәрумені ток ішек микробтарынан пайда болады. Тағамдарда дәрумендердің аздығынан гиповитаминоз, кейде авитаминоз болуы мүмкін. Асқорыту жолдарындағы дәрумендер сіңірілуінің бұзылуынан да гиповитаминоз пайда болады. Жүкті әйелдерде тиреотоксикозда, дене қызуы көтерілгенде дәрумендердің қажеттілігі артады, сондықтан гиповитаминоз болуы мүмкін. Дәрумендердің аздығын толықтыру үшін жеміс-жидектер қолданылады. Дәрумендерді дәрі ретінде қабылдау ең қолайлы, ыңғайлы жол болып табылады.

Дәрумендік дәрілер екі топқа бөлінеді:

1. Суда еритін дәрумендік заттар: В1 дәрумені - тиамин бромиді (Thiamini bromidum) және тиамин хлориді (Thiamini chloridum), В2 дәрумені - рибофлавин (Riboflavinum), В6 дәрумені - пиридоксин гидрохлориді (Piridoxini hydrochloridum), РР дәрумені – никотин қышқылы (Acidum nicotinicum) және никотинамид (Nicotinamidum), аскорбин қышқылы (Acidum ascorbinicum), рутин (Rutinum), В5 дәрумені - кальций пантотенаты (Calcii pantothenas), Вс дәрумені - фоль қышқылы мен В12 дәрумені – цианокобаламин және т.б.

2. Майда еритін дәрумендік заттар: дәрумен А - ретинола ацетат (Petinoli acetas), Д дәрумені - эргокальциферол (Ergocalciferolum), Е дәрумені - токоферол ацетаты (Tocopheroli аcetas), К дәрумені – викасол (Vicasolum).

12.2.1. Суда еритін дәрумендік заттар.

Тиамин бромиді (В1 дәрумені , тиамин хлориді, тиабене және т.б.) –кетоқышқылдардың, транскетолазалардың коферменті. Гиповитаминозда, әсіресе жүйке жүйесі қатты зақымданады. Гипо- және авитаминоз, микроциркуляцияның бұзылуы, жүрек, бүйрек, бауыр ауруларына, асқазан және 12 елі ішек жараларына, метаболиттік ацидоз, аритмия, полиневрит, тиреотоксикоз, гипотрофия, операциядан кейінгі жағдайлар кезінде қолданылады. Аллергиялық реакция және анафилактикалық шок болуы мүмкін, сондықтан бұндай жағдайда қолдануға болмайды.

Тиамин бромиді түймедақ түрінде 0,00258, 0,00645 және 0,0129 г; ампуласы 3% және 6% ерітіндісі 1 мл-ден егуге арналған.

Rp.: Sol. Thiamini bromidi 3% - 1 ml

D.t.d. № 10 in amp.

S. Бұлшық етке күніне 1 реттен егуге.

Рибофлавин2 дәрумені, рибофлавин мононуклеотиді және т.б.) – жетіспегенде ауыздың қыртысы, ерні, тілі, мұрын, құлақ терілері жараланып кетеді, көзден жас ағады, күн сәулесінен қорқады. Сондықтан бұл дәруменді гиповитаминозда, кератитте, конъюнктивитте, иритте және тері ауруларында қолданады. Ұнтақ және түймедақ түрінде 0,005 және 0,01 г күніне 2-3 реттен беріледі.

Пиридоксина гидрохлорид6 дәрумені) – азоттық алмасуға қатысады. Гиповитаминоз, анемия, гипотрофия, ревамтизм, жүрек аурулары, гепатит, холецистит, қояншық, аллергиялық дерматоз кезінде қолданылады. Кейде аллергиялық реакция береді. Асқазанның жара ауруына байқап қолдану керек, өйткені қышқылдық ортаны көбейтіп жіберуі мүмкін. Ұнтақ және түймедағы 0,002, 0,005 және 0,01 г-нан күніне 3-4 реттен ішуге; ампуласы 1%, 2,5% және 5% ерітіндісі 1 және 2 мл күніне 1 реттен егіледі.

Rp.: Sol. Pyridoxini hydrochloride 5% - 1 ml

D.t.d. № 10 in amp.

S. Бұлшық етке егуге күніне 2 рет 1 мл-ден.

Никотин қышқылы (РР дәрумені, Эндурацин және т.б.; қоспа дәрілер – Никоверин, Никошпан және т.б.) және никотинамид – НАД пен НАДФ-тың құрамына қажет. Денеде никотин қышқылы трифтофаннан пайда болады. Ұзақ уақытқа тамырды кеңейтетін қызметі бар. Бұл негізі гипо- және авитиминоз, микроциркуляцияның бұзылуы, жүрек, бүйрек бауыр аурулары, асқазан және он екі елі ішек жаралары, ми тамырының тарылуы кезінде қолданылады. Егу жолмен берілген (1% ерітіндісі 1 мл көк тамыр арқылы) беттің жылдам қызаруы, бас ауыруы, бас айналу, коллапс және гипотензия пайда болуы мүмкін, бірақ біраздан кейін басылады. Түймедағы 0,05, 0,1 және 0,5 г күніне 2-3 реттен ішуге қолданылады. Аллергия кезінде қолданбаған жөн. Кері көрсеткіштері: асқазанның және он екі елі ішектің жарасы, бауыр қызметінің бұзылысы, подагра мен гиперурикемия.

Rp.: Sol. Acidi nicotinici 1% - 1 ml

D.t.d. № 10 in amp.

S. Бұлшық етке 1 мл-ден егуге күніне 2 рет.

Никотинамид – никотин қышқылына ұқсас 2,5 % - 1 мл ампула түрінде, бұлшық етке егіледі. Пеллагра ауруы, қышқылдығы төмен гастрит, созылмалы колит, гепатит, бауыр церрозы кезінде қолданылады. Жанама әсерлері никотин қышқылына ұқсас.

Аскорбин қышқылы (Аддитива С дәрумені, Упсавит С дәрумені, Витрум плюс С дәрумені, Цебион, Асвитол, Пливит С және т.б.) – денеде құрастырылады, негізгі зат алмасуға, мукополисахаридтердің, коллагеннің, тирозиннің синтездеріне қатысады. Бұл дәрумен жетіспеуі гиповитаминозға, авитаминозға (цинга) әкеледі. Жұқпалы аурулар, геморрагиялық диатез, қан кетулер, гипо- және авитаминоздар, улану, асқазанның жарақатты аурулары, цинга және Адиссон ауруы кезінде қолданады. Жанама әсерлері: ұйқы безі қызметінің тежелуі, глюкозурия және гликоген синтезінің тежелуі. Тромбофлебит және тромбоз кезінде қолдануға болмайды. Ұнтақ, драже және түймедақ түрінде мөлшері 0,05 және 0,1 г ішуге және ампуласы 5% және 10% ерітіндісі 1 және 2 мл-ден егуге арналған.

Rp.: Sol. Acidi ascorbinici 5% - ml

D.t.d. № 20 in amp.

S. Бұлшық етке күніне 2 реттен егуге.

Пантотем қышқылы (Калципан және т.б.) – А коферментінің синтезіне қатысады. Бронх демікпесі, басқа аллергиялық аурулар, ішек атониясы, рахит, токсикоз, атониялық ішектің жүрмеуі кезінде қолданады. Жанама әсерлері: ықылық, лоқсу, құсу, азотемия, аллергиялық өзгерістер. Гемофилия және атония кезінде қолданбайды. Бұл түймедақ түрінде 0,1 г; ампуласы 10% ерітіндісі 2 және 5 мл, сосын 20% ерітіндісі 2 мл егуге арналған.

Rp.: Sol. Calcii pantothenatis 20% - 2 ml

D.t.d. № 10 in amp.

S. Бұлшық етке егуге 2 рет 1 мл-ден.

Ретинол ацетаты (А дәрумені, Аксерофтол, Ретинол пальмитаты, Видестим және т.б.) және балық майы. Коротиндерден түзілген, тотығу – тотықсыздану үрдістеріне әсер етеді, белок, липид, мукополисахаридтердің түзілуіне қатысады. Бұлар А дәрумені жетіспеуі, тері аурулары, күйік, ісіктер және т.б. көптеген қабыну және жарақатты аурулардың алдын алу және емдеу үшін қолданылады.

Ретинол ацетаттық дәрілер әр түрде шығарылады: драже ретінде 3300 МЕ, түймедағы 33000 МЕ, майлы ерітіндісі ішуге 3,44% және 8,6% флаконда 10 мл және қаптамасы 0,2 г және егуге 25000 ден 100000 МЕ ампуласы және т.б. түрлері шығарылады.

Rp.: Sol. Retinoli asetatis oleosae 3,4% - 10 ml

D.S. 2-3 тамшыдан ішуге күніне 3-4 рет.

Эргокальциферол 2 дәрумені, холекальциферол – Д3 дәрумені) – негізінен кальций мен фосфор алмасуына әсер етеді. Алдын-ала нәресте мен жас балаларда рахиттің алдын алу үшін жүкті және бала емізіп жүрген әйелдерге, содан соң шала туған балаларға 1 жасқа дейін, кейде одан көп уақытқа тағайындалады, рахит және кальций алмасуы бұзылуы кезінде ем мақсатында қолданылады.

Эргокальциферол драже түрінде 500 МЕ; май ерітіндісі 500 және 1000 МЕ, 0,0625%, 0,125% және 0,5% (1 тамшыда 625, 1250 және 5000 МЕ); спирт ерітіндісі 0,5% (1 тамшыда 4000 МЕ).

Rp.: Sol. Ergocalciferoli oleosae 0,125% - 10 ml

D.S. 5 – 10 тамшыдан күніне 1 рет.

Токоферол (Е дәрумені - ацетат, Альфа-токоферол ацетат, Биовиталь Е дәрумені, Витрум Е дәрумені, Сант-Е-Гал, Токофер - 300, - 400, Словакофарма, Допельгерц Е дәрумені және т.б.) – көптеген тотығу үрдістеріне қатысады, антиоксиданттық әсер етеді, қанықпаған май қышқылдарының тотығуын тежейді.

Токоферол негізі бұлшық еттің дистрофиясында, дерматомиозитте, менструальдық циклдың бұзылысында, жұкті әйелдің іштастаудық жағдайында, ерлердің жыныс безінің бұзылған кезінде т.б. Бұның 5%, 10% және 30% май ерітіндісі флаконда тамшы ретінде және ампуласы егуге.

Rp.: Sol. Tocopheroli asetatis oleosae 30% - 20 ml

D.S. 10 тамшыдан ішуге күніне 2 рет.

#

Викасол (К дәрумені, Феноменадион, Менадион натрий бисульфаты, Канавит және т.б.) – бауырда протромбин мен проконвертиннің түзілуін жеделдетеді. Жүйелік қан кетуді тоқтатуға алдын ала (он сағаттай бұрын) қолдану керек және асқазан-ішек жарасы, гепатит, геморрой, өкпе туберкулезінде пайданылады. Феноменадион қаптамасы 0,1 мл - 10% май ерітіндісі (0,01); викасол түймедағы 0,015 г және ампуласы 1% - 1 мл.

Rp.: Sol. Vikasoli 1% - 1 ml

D.t.d. № 10 in amp.

S. Бұлшық етке 1 мл-ден егуге.

#

13.1. тарау. Қабынуға қарсы қолданылатын дәрілер.

Қабыну – денедегі эндо- және экзогенді зақымдаушылар әсеріне жауап түріндегі комплексті үрдістер.

Қабынуға қарсы қолданылатын дәрілерді химиялық құрамына қарай стероидты және стероидты емес деп екіге бөледі.

Стероидты қабынуға қарсы дәрілерге глюкокортикоидтар жатады. Олар простогландиннің түзілуіне кажетті арахидон қышқылын құрастыратын фосфолипаза А2 басып тастайды (глюкокотикоидтарды қараңыз).

Стероидты емес қабынуға қарсы дәрілерге мына топтағы дәрілер жатады:

1/ Циклооксигеназа (ЦОГ)-1 және ЦОГ-2-ге тәуелсіз тежейтін – ацетилсалицил қышқылы (Acidum acetylsalicylicum), индометацин (Indometacin), диклофенак (Diclofenac-natrium), ибупрофен (Ibuprofen), напроксен (Naproxen), пироксикам (Piroxicamum) және т.б.

2/ ЦОГ-2-ге тиісті тежейтін – мелоксикам (Meloxicam), целекоксиб (Celecoxib) және т.б.

Стероидты емес қабынуға қарсы дәрілердің (мысалы, ацетилсалицил қышқылы) қабынуға қарсы, ауырсынуға қарсы және қызбаны түсіретін қасиеттері бар.

Қабынуға қарсы әсер ететін механизмі олардың циклді эндопероксидтердің түзілуіне қажет циклооксигеназа ферментін басып тастауымен байланысты. Мұның нәтижесінде простогландиндердің бөлінуі төмендеп, гиперемия, ісіну, ауырсыну басылады.

Ауырсынулық әсер етуі сезімтал ұштарға простогландиндердің әсер етуін тежеумен байланысты.

Қызбаны түсіру қасиеті простогландиндердің биосинтезін басып, олардың гипоталамустағы терморегуляция орталығына әсер етуін тежеуінде.

Бұлардың бәрі негізгі ревматизм және т.б. ревматоидық ауруларға қолданылады.

Ацетилсалицил қышқылы (аспирин, тромбо АСС, упсарин УПСА, аспирин-кардио және т.б. қоспалы дәрілер – цирамон, цитрапар, цитрапак, аскофен-Р, алка-зельтцер, алка-прим, томапирин және т.б.) – қабынуға қарсы, қызу және ауырсынуды басатын, антиагрегациялық әсерлері бар, ревматизмге қарсы және бас ауырғанда, мигреньге (сақина), невралгияға қарсы қолданылады.

Аспирин 0,1 г балаларға, 0,25 және 0,5 ересектерге арналған. Ішуге бергенде ересектерге 0,25-1 г-ға дейін, балаларға 0,1 ден 0,3 г-ға дейін күніне 3-4 реттен қолданылады.

Жанама әсерлері көбінесе асқазанның зақымдануымен көрінеді, тітіркендіргіш әсерінен кілегейлі қабатты қоздырып геморрагия, содан соң жара пайда болуына әкеледі.

Ацетилсалицил қышқылын қолдануға болмайтын кері көрсеткіштер: асқазан мен он екі елі ішектің жарасы, геморрагиялық диатез, жүрек жетіспеушілігі, бауыр және бүйрек қызметінің едәуір төмендеуі, тромбоцитопения, К дәруменінің жетіспеушілігі және жүкті әйелдер.

Индометацин (метиндол және т.б.; қоспа дәрісі - индовазин) қабынуға қарсы әсері күшті және ауырсынуды жақсы басады. Көбінесе ревматоидты артритте, периартритте, спондилитте, остеоартрозда, подаграда, тромбофлебитте және т.б. қабынулар кезінде қолданады.

Индометацин түймедақ түрінде 0,005, 0,01 және 0,025 г № 10, 30, 50; дражесі 0,025 г № 30; қаптамасы 0,025, 0,03 және 0,05 г № 20, 30, 50; тік ішек балауызы 0,05 және 0,1 г № 5, 10; ампуласы 3% ерітіндісі 2 мл; 1% және 10% гель сықпа ыдыста 50 және 100 г; 5% және 10% май сықпа ыдыста 30 және 40 г; 1% көздің суспензиясы 10 мл шығарылады.

Бұны ішу ретінде қолданғанда 0,025 г күніне 2-3 рет, содан соң мөлшерін көбейтеді - тәулігіне 0,1-0,15 г 3-4 рет тамақтанғаннан кейін сүтпен және антацидтік дәрілермен бірге қосып беріледі.

Индометецинді қолданғанда жанама әсерлері кездеседі: бас ауыру, бас айналу, ұйқы безінің тұсының ауырсынуы, іш қату, асқазанның жарасы, тыныс алудың нашарлауы, аритмия, уытты гепатит, дене ісінуі, қан қысымының көтерілуі, қан түзілуінің тежелуі. Сондықтан да асқазанның және он екі елі ішек жарасында, тағы басқа да ішек жараларында, демікпеде, тромбоцитопенияда, бүйрек жетіспеушілігінде қолдануға болмайды.

Rp.: Dragee Indometacini 0,025

D.t.d. № 30

S. 1 дражеден күніне 3 рет.

Диклофенак-натрий (алмирал, атрекс, атрозан, биоран, верал, вольтарен, дикло-Ф, диклобене, диклоберл, дикловит, диклоген, дикломакс, диклонак, диклонат, диклоран, диклофен, наклофен, неодал, ортофен, раптен, реводина, санфинак, фелоран, фламирил, юмеран және т.б.) – сірке қышқылының туындысы, негізі циклооксигеназаны тежейді, содан соң простагландиндер мен тромбоксанның түзілуі төмендейді.

Бұлардың қабынуға қарсы, қызуды басу және ауырсынуды тежеу әсерлері өте күшті, сондықтан негізі жедел ревматизм, ревматоидты артрит, невралгия, миалгия, подагра, конъюнктивит, катаракта және т.б. қабыну ауруларында қолданылады.

Диклофенак мөлшерлері: 0,015 және 0,025 түймедағы; 0,05 тік ішек балауызы; 2,5% ампуладағы ерітіндісі 3 мл; 2% майы 30 г сықпа ыдыста шығады. Ішуге ересектерге 0,025-0,05 г, балаларға 0,015 г-нан күніне 2-3 реттен.

Жанама әсерлері көбінесе асқазанның зақымдануы, аллергиялық дерматиттер, тыныс жолы және қан түзілісінің бұзылуы, қан қысымының жоғарылауы және т.б. өзгерістер.

Асқазан жараларында, демікпеде, жүкті әйелдерге қолданбайды. Бауыр мен бүйрек қызметі төмен кезінде сақ керек.

Rp.: Diclofenac natrii 0,025

D.t.d. № 30 in obd.

S.1 түймедақтан күніне 3 рет.

Ибупрофен (болинет, лингвал, бонифен, бруфен, буран, нурофен, долгит, профинал, солпафлекс және т.б. қоспалы дәрілер – ибуклин, новиган) – пропион қышқылының туындысы, негізгі әсерлері - қабынуға қарсы, қызуды түсіру және ауырсынуды басу.

Осы дәрінің қолданылуы: ревматоиды, псориаздық және подагралық артриттер, невралгия, миалгия, радикулит, тыныс жолдардың қабынулары, жарақаттан және операциядан кейінгі ауырусынулар, тіс және бас ауыруы және т.б. қабыну үрдістері.

Ибупрофенді шығару мөлшерлері: түймедақтары 0,05 және 0,1 г-нан балаларға; 0,2, 0,4 және 0,6 г-нан ересектерге; драже түрінде 0,2 г; қаптамасы 0,3 г; 2% сироп 100 және 200 мл; 2% суспензиясы 60 және 120 мл балаларға ішуге арналған; 4% тамшы ерітіндісі 15 мл; 5% майы 20, 50 және 100 г; 10% гель 30 г. Ішуге ересектерге мөлшерін 0,2-0,8 г-нан күніне 3-4 реттен қолданады.

Жанама әсерлерінен осы топтағы басқа дәрілерге қарағанда ульцерогендігі (жараландыру) төмен, бірақ асқазанның қандай да бұзылыстары байқалуы мүмкін, қан қысымының көтерілуі, қан түзілісінің бұзылуы, демнің қысылуы және терінің аллергиялық өзгерістері пайда болуы мүмкін.

Оны жедел және созылмалы асқазан жараларында, қан түзілісі бұзылғанда, көз невритінде, жоғары қан қысымында, геморрагиялық диатезде, жүрек жетіспеушілігінде және жүкті әйелдерге қолдануға болмайды.

Rp.: Ibuprofeni 0,2

D.t.d. № 30 in obd.

S. 1 түймедақтан күніне 3-4 рет.

Напроксен (напросин, Апо-напроксен, налгезин, алив және т.б; қоспалы дәрі – пенталгин Н) – пропион қышқылының туындысы болғандықтан қолданылуы, кері көрсеткіштері және жанама әсерлері ибупрофенге ұқсас келеді.

Шығармалы мөлшерлері 0,25 және 0,5 г түймедағы; 2,4 және 2,5 % суспензиясы 100 мл-ден; 0,25 және 0,5 тік ішек балауызы. Ересектерге ішу ретінде қолданғанда 0,5-0,75 г тәулігіне 2 реттен, балаларға 1 жастан 5 жасқа дейін 2,5-5 мг/кг және 5 жастан жоғарылар үшін 10 мг/кг күніне 2 реттен.

Rp.: Naproxeni 0,25

D.t.d. № 30 in tab.

S. 1 түймедақтан күніне 2 рет.

Пироксикам (пироксифер, пирокам, хотемин, пирокс, роксикам, финалгель, эразон және т.б.) –оксикам тобына жатады, негізгі әсері қабынуға және ауырсынуға қарсы. Ревматоиды артрит, остеоартроз, спондилит және әртүрлі ауырсынулар кезінде қолданылады.

Жанама әсерлері: асқазанның жарасы, қан түзілуінің бұзылуы, ісінуі, фотосенсибилизация, ұйқысыздық және т.б. өзгерістер болуы мүмкін.

Асқазан мен он екі елі ішектің жарасы, созылмалы гастрит, энтроколит, демікпе, аллергиялық өзгерістер, бауыр және бүйрек қызметінің төмендеуі, жүкті және бала емізетін әйелдерге беруге болмайды.

Пироксикамның мөлшерлері: 0,01 және 0,02 г түймедағы мен қаптамасы; тік ішектік балауызы 0,01 және 0,02 г-нан; 0,5% гелі 35 және 50 г сықпа ыдыста; 2% ерітіндісі ампуласы 1 және 2 мл-ден. Ересектерге 0,02 г-нан күніне 1 реттен тамақтан кейін беріледі. 6 жастан асқан балаларға және 15 кг салмаққа 0,005 г, 16 кг-нан 25 кг-ға дейін – 0,01 г-нан, 26 кг-нан 45 кг-ға дейін – 0,015 г, 45 кг-нан жоғары – 0,02 г тәулігіне беріледі.

Мелоксикам (мелокс, мовалис) – таңдамалы (тікелей) циклооксигеназа-2-ні тежейді, содан соң простагландиндердің түзілуі төмендеп, қабыну мен ауырсыну басылады. Ревматоиды артрит, остеоартриттер, атроздар және т.б. қабыну ауруларында тағайындалады.

Жанама әсерлері мен қолдануға кері көрсеткіштері пироксикамға ұқсас келеді. Түймедағы 0,004 және 0,008 г-нан, ұнтағы 0,008 г ерітіндісі егу түрінде қолданылады. Бірінші күні 16-32 мг-нан, содан соң 8 мг күніне 2 реттен ішеді. Жедел ауырсынудың ұстамасын басу үшін көк тамырға 8-16 мг егіледі.

Целекоксиб (целебрекс) – таңдамалы циклооксигеназа-2-ні тежейді, бұның негізгі әсері, қолданылуы, жанама әсерлері және кері көрсеткіштері мелоксикамға ұқсас келеді. Қаптама ретінде мөлшері 0,1 және 0,2 г-нан күніне 1-2 реттен беріледі.

13.2. Аллергияға қарсы дәрілер.

Аллергиялық ауруларға есекжем, экзема, Квинке ісігі, пішен қызбасы, аллергиялық ринит, демікпе, анафилактикалық шок, сарысу ауруы, аутоиммундық аурулар жатады.

Аллергиялық ауруларды емдегенде біріншіден бұл жағдайды шақырған аллергендерге мән береді. Аллергендерді тауып, шектету ең бір тиімді емдеу әдісі.

Егер аллергеннің шығу табиғаты белгісіз болса немесе әсерін шектете алмаса арнайы гипосенсибилизацияға жүгінеді. “Аллергия медиаторларын” тежейтін аллергияға қарсы қолданылатын дәрілер үлкен орын алады. Аллергияның жылдам дамитын түрінде келесі дәрілер қолданылады:

1. Сенсибилизацияланған бұлтты торшалар мен базофилдерден гистамин және басқа да биологиялық белсенді заттардың бөлінуіне кедергі келтіретін дәрілер. Бұған глюкокортикоидтар, кромолин (Kromolin) және кетотифен (Ketotifenum) жатады.

2. Гистамин мен оған сезімтал рецепторлардың әрекеттесуін тежейтін дәрілер: гистаминге (гистаминдік Н1- рецепторларды бөгейтін) қарсы дәрілер – димедрол және т.б.

3. Анафилактикалық шок сияқты аллергиялық жүрістердің жалпы көрінісін болдырмайтын дәрілер: адреномиметиктер (адреналин және т.б.), миотропты бронхолитиктер (эуфилин және т.б.).

4. Тіндердің зақымдануын төмендететін дәрілер: стероидты қабынуға қарсы қолданылатын дәрілер (преднизалон және т.б.).

Созылмалы аллергиялық қатерлі өзгерістерде ең көп қолданылатын – гистаминге қарсы әсерін тигізітін (гистаминдік Н1-рецепторларды бөгейтін) дәрілер – димедрол (Dimеdrolum), супрастин (Suprastin), фенкарол (Phencarolum), тавегил (Tavegil), лоратадин (Loratadine) және т.б. антигистаминдер жатады.

Кромолин (натрий кромогликаты, вивидрин, интал, иферал, кромогексал, кромоглин, лекролин, стадаглицин, хай-кром және т.б; қоспа дәрі «интал плюс» және «дитек») - тыныс жолдарының аллергиялық ауруларына қарсы (демікпеге және т.б. кеңірдек пен бронх ауруларына), асқазан, мұрын және көз аллергиялық ауруларына қолданылады.

Мөлшерлі аэрозольды баллонда 10 және 15 мл (1 мөлшері 5 және 1 мг-нан, барлығы 112 және 200 мөлшерден түрады); қаптамадағы ұнтағы 0,02 г 1 ингаляцияға № 30; 1% және 2% ерітіндісі ампуласы 1 және 10 мл; т.б. көз тамшысы және флаконда ерітіндісі бар.

Кетотифен (айрифен, астафен, денерел, задитен, зетифен, стафен және т.б.) 270- тыныс жолындағы аллергияға қарсы әсері өте жақсы, сондықтан бұл демікпе, аллергиялық ринит, дерматоз және т.б. аллергиялық аурулар кезінде қолданылады.

Кетотифеннің түймедақ түрінде мөлшері 0,001 г-нан және 0,02% сироп 100 және 200 мл пайданылады. Үлкендерге 0,001-0,002 г-нан немесе 5-10 мл сироп күніне 2 реттен. Балаларға 0,125 г және 1 мл сироп 1 кг салмағына күніне 2 реттен беріледі.

Кетотифенді қолданғанға жанама әсерлері: ауыздың құрғауы, тәбеті жоғарылап салмақ қосу. Бала емізетін және жүкті әйелдерге беруге болмайды.

Димедрол (аллергин, грандим, дифенгидрамин және т.б.) – антигистаминдік, седативтік және ұйықтатын дәрі. Бұның қолданылуы: есекжем, пішен қызбасы, аллергиялық конъюнктивит, ринит, дерматит, лоқсу мен құсу, жүктілік кезіндегі құсу және т.б аллергиялық өзгерістер.

Бұл дәрі түймедақ түрінде мөлшері 0,02 г-нан 0,1 г-ға дейін; 1% ерітіндісі ампуласы 1 мд-ден және 0,01 г тік ішек балауызы балаларға арналған. Ішуге қолданылатын мөлшері 0,03-0,05 г-нан күніне 1-3 реттен. Егуге тері астына 0,01-0,05 г - 1% ерітіндісі 1-5 мл-ден. Балаларға 1 жасқа дейін 0,002-0,005 г; 2 жастан 5-ке дейін 0,005-0,015 г; 6 жастан 12 жасқа дейін 0,015-0,03 г беріледі.

Димедролдың жанама әсерлері: ауыз қуысының шырышты қабатының жансыздануы, бас ауыру және айналу, ауыздың құрғауы, лоқсу, ұйқышылдық және әлсіздік, бірақ бұл өзгерістер біршама уақыттан кейін басылады. Оны глаукомада, қуық түбі безінің гипертрофиясында (өсуі), бала емізетін және жүкті әйелдерге қолданбайды.

Rp.: Sol. Dimedroli 1%-1 ml

D.t.d. № 6 in amp.

S. Күніне 1 мл-ден бұлшық етке.

Супрастин (хлоропирамин және т.б.) – негізгі әсері антигистаминдік, антихолинергиялық және миотропты спазмолитик, ал жалпы қолданылуы және қатерлігі димедролға ұқсас келеді. Түймедағы 0,025 г және 2% ерітіндісі 1 мл ампулада шығарылады.

Rp.: Sol. Suprastini 2%-1 ml

D.t.d. № 6 in amp.

S. Күніне 1 мл бұлшық етке.

Фенкарол (хифенадин және т.б.) антигистаминдік дәрі, димедролдан айырмашылығы шеткі және орталық жүйкеге әсер етпейді, сондықтан бұны қолданғанда көптеген қатерлік ықпалдығы жоқ. Бұл көбінесе аллергиялық ринит, экзема, тері қышыну және т.б. аллергиялық ауруларды емдеу үшін қолданылады.

Фенкаролдың седативті әсері жоқ болғандықтан аса ұқыптылықты қызметкерлерге де (көлік айдайтындарға және т.б.) қолдануға болады (жұмыс кезінде қалғымайды). Бұның түймедағы 0,025 және 0,05 г ересектерге, 0,01 г балаларға күніне 3-4 реттен пайданылады. Бірінші 3 айлықта жүкті әйелдерге қолданбаған жөн.

Rp.: Phencaroli 0,025

D.t.d. № 50 in tab.

S. 1 түймедақтан күніне 3 рет.

Тавегил (клемастин, ривтагил, бравегил және т.б.) - димедролға ұқсас, бірақ белсенділігі жоғары және әсері ұзаққа созылады. Қолданғанда бас ауыруы, лоқсу, ауыздың құрғауы және іш қату байқалуы мүмкін. Бала емізетін және жүкті әйелдерге қолданбайды. Қалған әсерлері басқа антигистаминдік дәрілермен бірдей. Мөлшері 0,001 г түймедағы және 0,1% ерітіндісі ампула түрінде 2 мл қолданылады.

Лоратадин (ломилан, кларотадин, лоратин, лоридин, кларифер, кларисенс, лорадин, эролин, тирлор, клавористирин, кларитин, лорагексал, кларидол, лорид және т.б.) – белсенділігі өте күшті және әсері жылдам (30 минуттың ішінде) ұзақтығы 24 сағатқа созылады, содан соң седативті ықпалы жоқ.

Бұны көбінесе аллергиялық ринит, есекжем, конъюнктивит, Квинке ісігі, қышымалы дерматоз және т.б. ұқсас аурулар кезінде қолданады. Мөлшері 0,01 г түймедағы; сироп 120 мл (1 шай қасықта 0,005 г) флаконда шығарылады.

Гистаминдік Н2 – рецепторларды тежейтін (ранитидин, фамотидин) асқазан сөлінің бөлінуін азайтады, сондықтан асқазан мен он екі елі ішек жарасында қолданылады (ас қазан ға әсер етуші дәрілерді қараңыз).

13.3. Иммунитетке әсер ететін дәрілер

Иммундық өзгерістер денеде екі түрлі болады:

  1. Иммунитетті тежейтін дәрілер,

  2. Иммунитетті қуаттаушы дәрілер.

13.3.1. Иммуногенезді тежейтін дәрілір - яғни иммунодепрессантар.

Аллергияның баяу жүретін түрінде негізінен тіндердің зақымдануын төмендететін дәрілерді - иммуногенезді басып отыратын иммунодепрессантар деп атайды. Оларға циклоспорин (Ciclosporinum), азатиоприн (Azathioprinum), циклофосфан (Cyclophosphanum) және т.б. дәрілер жатады.

Циклоспорин (консупрен, сандиммун және т.б.) - полипептидтік антибиотик, өте күшті иммунодепрессант, көбінесе тіндерді және ішкі мүшелерді (бүйректі, жүректі және т.б.) ауыстырып қондыру кезінде қолданылады. Түймедағы 0,01 г-нан 0,1 г-ға дейін; 10% концентраты ерітіндісі ішуге 50 мл және 5% концентраты 1 және 5 мл ампулада шығарылады. Концентратты егу алдында сумен 1:20 немесе 1:100-ге араластыру керек. Алғашқыда мөлшерін 3-5 мг/кг қан тамыр арқылы, ал ішуге 2,5-15 мг/кг күн сайын беріледі.

Бұл дәрінің бүйрек пен бауырға улы әсері байқалады, кейін асқазанды зақымдайды, қан қысымы көтеріледі, дисменорея және аменорея, гиперкалиемия, гиперурикемия, тромбоцитопения, анемия, дене ісінуі, тырысуы және т.б. байқалуы мүмкін. Бүйрек және бауыр жетіспеушілігінде, қатерлі ісіктерде, індетті ауруларда, т.б. жағдайларда қолданбайды.

Азатиоприн (имуран) – бұл да ең күшті иммунодепрессанттың бірі болып табылады. Көбінесе аутоиммундық ауруларға қарсы және ішкі мүшелерді ауыстырып қондыру, ревматоидты артрит, жаралы колит, жүйелі қызыл жегі, созылмалы гепатит және т.б. кезінде тағайындалады. Лейкопения, бауыр аурулары т.б күрделі ауруларда қолданбайды. Қосымша жанама әсерлері: құсу, тәбеттің төмендеуі мүмкін. Бұл түймедақ түрінде 0,05 г-нан шығарылады, ал қолдану мөлшері тәулігіне 1,5-2 мг/кг.

Rp.: Azathioprini 0,05

D.t.d. № 10 in tab.

S. 1 түймедақтан күніне 3-4 рет.

13.3.2. Иммунитетті қуаттаушы дәрілер.

Иммунитетті қуаттаушы дәрілерді иммунодефициттік жағдайларда, созылмалы инфекцияларда, қатерлі ісіктерде қолданады. Иммунитет қуаттаушы ретінде биогенді заттар (БЦЖ, продигиозан, интерферон, тимустан алынған дәрілер) мен жасанды қосылыстар левамизол (Levamisolum) қолданылады. Тимус дәрілері – тактивин (Tactivinum) т.б. негізгі полипептидтер мен белоктар. Оларды иммунодефициттік жағдайларда (қатерлі ісік, созылмалы қабыну, іріңдеу) қолданады.

Интерферон – вирусқа қарсы белсенділігі жоғары. Басқа дәрілермен қосып гепатитті, ісіктерді (миелома, лимфома және т.б.) емдеу барысында қолданады. БЦЖ- туберкулезге қарсы вакцинация жасауға қолданылады. Ол макрофагтарды белсендіреді. Миелоидты лейкемия мен лимфомада, ішектің қатерлі ісігінде қолданылады.

Левамизол (декарис және т.б.) – макрофагтармен т-лимфоциттерді белсендіреді, торшалық иммунитетті жақсартады. Иммунодефициттік жағдайларда, созылмалы инфекцияда, ревматоидты артритте, қатерлі ісіктерде қолданылады. Алғашқы кезде оны гельменттерге (құрттарға) қарсы пайдаланып отырды (антигельменттік дәрілерді қараңыз). Лейкоциттердің саны көп төмен түсіп кеткенде қолданбайды. Жанама әсерлерінен агранулоцитоз, ұйқы қашу, бас айналу, диспепсия, аллергия байқалуы мүмкін. Левамизол түймедақ түрінде 0,05 және 0,15 г шығарылады. Бұны ішуге 0,15 г-нан 3 күн қатарынан, содан соң 2 апта демалыс, қажет жағдайда қайталауға болады.

Rp.: Levamisoli 0,05

D.t.d. № 50 in tab.

S. 1 түймедақтан күніне 3 рет.

Тактивин (Т-активин) тимустан алынған дәрі, иммунитеттің Т-жүйесіне, лимфокиндер мен интерферондарға әсер етеді, негізі иммуномодулятор ретінде пайданылады. Бұның қолданылуы иммунодефициттік кезінде басқа да дәрілермен қосып: сепсистік, іріңді және індетті аурулар, қатерлі ісіктер – лимфолейкоз, лимфогранулематоз және т.б. кезінде тағайындалады.

Тактивиннің мөлшері: 0,01% ерітіндісі 1 мл флаконда егуге арналған. Бұны тері астына 1-2 мкг/кг күніне 1 рет жатарда қолданады. Ұзақтығы 5-14 күнге дейін беріледі. Демікпеде және жүкті әйелдерге қолданбайды.

14 тарау. Микробтарға қарсы қолданылатын дәрі-

дәрмектер.

Микробтарға қарсы қолданылатын дәрілер екі топқа бөлінеді:

  1. Антисептиктер мен дезинфекциялайтын заттар.

Антисептиктерді негізінен жабынды қабықшаға қолданады, кейбіреулерін асқазан-ішек, несеп шығару жолдарындағы микроорганизмдерді жоюға пайданады. Олардың мөлшеріне қарай бактериостатикалық (белсендігін басу) және бактериоцидтік (белсендігін жою, өлтіру) әсері бар.

Дезинфекциялайтын заттарды медициналық аспаптар, аппаратуралар, ыдыстарды және т.б. жабдықтарды залалсыздандыруға қолданады.

2. Химиотерапиялық заттар – таңдамалы әсер ететін микробтарға қарсы дәрілер, олар белгілі бір микроорганизмге әсер етеді.

14.1. Антисептикалық және дезинфекциялық дәрілер.

Антисептиктерге қойылатын талаптар: жергілікті тінге кері әсері және аллергия болмауы, улы әсері төмен болуы керек, иісі өте нашар болуы тиіс. Ал осы заттарды дезинфекциялық әрекеттерде қолданғанда мөлшерлері 3-5-10 есе өседі, сондықтан антисептиктерге қойылған талаптар оларға жүрмейді.

Антисептикалық және дезинфекциялық дәрілер химиялық құрамына қарай мынадай топтарға бөлінеді:

  1. Детергенттер: церигель (Cerigelum), роккал (Roccal) және т.б.

  2. Нитрофуран туындылары: фурацилин (Furacilinum).

  3. Фенол және оның туындылары: таза фенол (Phenolum purum), қайың қара майы (Pix liquida Betulae) және т.б.

  4. Бояғыштар: бриллиантты жасыл (Viride nitens), метилен көгі (Methylenum coeruleum), этакридин лактаты (Aethacridini lactas).

  5. Құрамында галогені бар қоспалар: хлоргексидин (Chlorhexidinum), хлорамин Б (Chloraminum B), спиртті йод ерітіндісі (Solutio Iodi spirituosa) және т.б.

  6. Металл қоспалары: күміс нитраты (Argenti nitras), протаргол (Protargolum), колларгол (Collargolum), мыс сульфаты (Cupri sulfas), цинк сульфаты (Zinci sulfas).

  7. Тотықтырғыштар: сутегі тотығының құнарланған ерітіндісі (Solutio Hydrogenii peroxydi concentrata), сутегі тотығының қосылған ерітіндісі (Solutio Hydrogenii peroxydi diluta), калий перманганаты (Kalii permanganas).

  8. Альдегидтер мен спирттер: формальдегид ерітіндісі (Solutio Formaldehydi), этил спирті (Spiritus aethylicus).

  9. Қышқылдар мен сілтілер: бор қышқылы (Acidum boricum), аммиак ерітіндісі (Solutio Ammonii caustici).

1. Детергенттер немесе катионды сабын- антисептикалық және жуатын қасиеті бар. Бактериялар мен саңырауқұлақтарға әсер етеді.

Церигель –катиондық детергент қолға жаққанда қабықша түзеді. Медициналық қызметкерлердің қолына операция алдында 3-4 г церигель жағады. Спиртті ерітіндісі 400 мл.

Роккал– хирургтың қолын 2 минуттай 0,1% ерітіндісіне салып ұстау керек, операция жасалатын аймақты 2 минуттай 1% ерітіндісіне қысу керек, аспаптарды залалсыздандыру үшін 0,1-0,025% ерітіндісі қолданылады. 1% және 10% ерітіндісі 250 мл-лік баллонда тұрады.

  1. Нитрофурандық туындылар.

Фурацилин (нитрофурал және т.б.) оң және теріс грамм бактериялар мен қарапайымдыларға әсер ету үшін қолданылады. Оны сыртқы іріңді жараларға, күйіктің ІІ және ІІІ сатысына, іріңді қуыстарды және терілерді шаю үшін қолданылады.

Фурацилиннің түймедағы 0,1 г ішуге және 0,02 г ерітіндісін дайындап жергілікті іріңді жараларға пайданылады; 0,02% сулы ерітіндісі және 0,067% спирт ерітіндісі флаконда 10 мл; 0,2% майы 25 г сыртқы жараларға жағуға арналған. Созылмалы аллергиялық дерматозда қолданбайды.

3. Фенол туындылары.

Таза фенол– бактериялар мен саңырауқұлақтардың вегетативті түрлеріне әсер етеді. 3 % және 5 % ерітіндісі аспаптарды, ішкі киімдерді және т.б. заттарды дезинфекциялауға қолданылады. 2% майы сикоз және т.б. тері аурулары және ортаңғы құлақ қабынуы кезінде пайданылады.

Қайын қара майы – 15, 30 және 40 г-нан сықпа ыдыста шығарылады, антимикробтық, кератопластикалық, кератолитизистік, тітіркендіргіш қасиеті бар. Қотыр мен кейбір тері (экзема, псориаз, трихофития және т.б.) ауруларын емдеу үшін қолданады. Ол Вишневский майының құрамына кіреді.

Rp.: Picis liquidae 1,5

Ung. Paraffini 15,0

M.f. lin.

D.S. Сыртқа жағуға арналған қайың қара майы.

4. Бояғыштар.

Бриллиантты жасыл 1% және 2% спиртті ерітіндісі ампулада 1 мл және флаконда 10, 15, 25 және 30 мл – іріңді тері (пиодермия, тілме, күйік, фолликулит, блефарит, терінің және шырышты қабықшаның кандидозы) ауруларында қолданады.

Rp.: Viridis nitentis 2,0

Spiritus aethylici 70-100ml

M.D.S. Сыртқа қолдануға.

Метилен көгі (метилтиониний хлориді және т.б.) – антисептик ретінде сыртқа, ішу арқылы, немесе шығару жолдарының инфекциясына, цианидтермен және түтінмен уланғанда – күре тамырға енгізуге (хромосмон- 1% метилен көгінің ерітіндісі және 25% глюкозамен қосып) қолданады.

Rp.: Sol. Glucosae 25%-50 ml

Methyleni coerulei 0,5

D.t.d. № 3 in amp.

S. Қан тамырға егуге, түтінмен уланғанда.

#

Rp.: Methyleni coetrulei 0.5

Spiritus aethylici 70% - 50 ml

M.D.S. Теріге жағуға.

5. Галогенді қоспалар.

Хлоргексидин (гексикон, фервекс-тамақ ауырғанда, хибитан т.б.; қоспа түрінде – дистерил, сибикорт, лизоплак, себидин және т.б.) антибактериялық және фунгицидтік әсері бар. Хирургтың қолын, операция жасалатын аймақты, жараларды, қуықты дезинфекциялау, құрал-жабықтарды залалсыздандыруға қолданады.

Хлоргексидиннің 0,05% ерітіндісі флакондағы - 5 мл-ден, 50 мл, 500 мл және 1000 мл-ге дейін болады; аэрозольдық баллондағы 0,2 % және 0,5 % - 50 мл; флаконда 0,5%, 1%, және 5% - 25 мл-ден, 500 мл және 1000 мл-ге дейін; 1% эмульсиясы – 200 мл; 0,5% спиртті ерітіндісі – 250 және 500 мл; 1% крем сықпа ыдыста – 50 г; 0,2% тіс гелі сықпа ыдыста 40 г; қынап балауызы 0,016 г №10 түрінде шығарылады. Бұны пайдаланғанда аллергиялық дерматит, тістің бояулуы және т.б. өзгерістер болуы мүмкін. Аллергиялық дерматитте қолданбаған жөн.

Хлорамин Б (хлоразин, неомагнол және т.б.) – су ерітіндісі (1:20) және спиртті ерітіндісі (1:25) құрамында 25-29% белсенді хлоры бар. Бұның антисептикалық, дезодорлаушы және сперматоцидтік қасиеті белгілі, сондықтан кең таралған дезинфекциялаушы зат болып саналады. Іріңді жараны жуу, шаю, тампонмен және салфеткамен тазалау үшін 1,5-2% ерітіндісін, қолды және аспапты дезинфекциялау үшін 0,25-0,5% ерітіндісін пайданылады. Өте ауыр індетті инфекцияда (тырысқақ, паратиф, скарлатина, дифтерия және т.б.) 1-3% ерітіндісі, ал туберкулез кезінде 5% ерітіндісін қолданады.

Спиртті йод ерітіндісі (5% йод тұнбасы) антисептик, қабыну кезінде тітіркендіргіш және алаңдатқыш (миозитте, невралгияда) әсерлері бар. Алдын ала атеросклерозға пайданылады. 5% ерітіндісі флаконда 10, 15 және 25 мл; 1 мл ампуласы бар. Атеросклерозда алдын алу үшін 1-10 тамшыдан күніне 1-2 реттен 30 күндей, жылына 2-3 рет. Ем ретінде 10-12 тамшысын күніне 3 рет.

6. Металл қоспалары - микроорганизмдердің сульфгидрильдік тобына тосқауыл жасайды. Жергілікті әсері белоктарды денатурациялауымен байланысты.

Күміс нитраты (ляпис және т.б.) және ляпис қарындашы сыртқы жараларға жағу және күйдіру үшін 2-10% ерітіндісі, 1-2% майы, ішкі шырышты қабаттарға 0,25-2% ерітіндісі қолданылады.

Проторгол (күміс протеинаты) құрамында 7,8-8,3% күміс бар. Бұл сыртқы тыныс жолдарының шырышты қабатына 1-5% ерітіндісі жағу үшін қолданылады. 1-3% ерітіндісі зәр шығару жолындарын және қуықты (созылмалы уретритте) шаю үшін пайданылады. 1-3% көз тамшысы конъюнктивит, блефарит, бленнорея кезінде қолданылады. Қазіргі кезде көп қолданбайды.

Колларгол (күміс коллоиды) құрамында 70% күміс бар. Іріңді жараларды жуу үшін 0,2-1% ерітіндісі, созылмалы циститте және уретритте шаю үшін 1-2% ерітіндісі, көз тамшысы ретінде іріңді бленнорея және коньюнктивит кезінде 1-3% ерітіндісі қолданылады. 15% майы лифангеитте, тілме кезіндегі қабынуда, жұмсақ шанкрда ысқылап жағады, ересектерге 3 г-нан, балаларға 1 г-нан күніне 4 реттен.

Мыс сульфаты (мыс купоросі және т.б.) антисептик және бырыстыратын дәрі ретінде 0,25% ерітіндісі конъюнктивит, кейде уретрит және вагинит кезінде жуу үшін қолданылады. Фосфорлық затпен күйіп қалған жерді 5% ерітіндісімен жібітіп отырады. Осы ақ фосформен уланғанда ішуге 0,3-0,5 г жарты стакан жылы сумен мыс сульфатын береді және 0,1% ерітіндісімен асқазанды жуып отырады.

Анемия кезінде эритропоезді дамыту үшін 1% ерітіндісінің 5-10 тамшысын сүтпен күніне 3 реттен аспен бірге береді.

Мыстың өзін микроэлемент ретінде, денедегі көптеген метаболизмді үрдістерге қатысатындықтан, қазіргі кезде поливитаминдік комплекстерге және ББҚ (биологиялық белсенді қоспалар - биологиялық белсенділігі жоғары қосымша заттар) қосылып түрады.

Цинк препараттары.

Адамның денесіндегі өте бір қажетті микроэлемент цинк болып табылады. Цинк тәуелдікке жататын гормондар: инсулин, кортикотропин, соматотропин және гонадотропин. Цинктің денедегі жетіспеушілігі көптеген аурулардың асқынуына себеп болады. Ондай жағдайлар көбінесе асқазан аурулары, нефроз, цирроз, бауыр және қан аурулары, катерлі ісіктер және т.б. Цинктің біріншілік жетіспеушілігінің белгілері иммунитеттің төмендеуі, шаштың өсуінің бұзылуы және ошақты түрде түсуі, дерматиттер және т.б. өзгерістер болады. Сондықтан қазіргі кездегі поливитаминдердің және ББҚ-дың құрамына кіреді.

Цинк сульфаты (цинктерал, цинкит және т.б.) антисептик және бырыстырғыш дәрі ретінде пайданылады. 0,25-0,5% ерітіндісі конъюнктивитте және созылмалы катаральды ларингитте, 0,1-0,5 % ерітіндісі уретритте және вагинитте қолданылады. Цинк жетіспеушілігінде ішуге 0,01 г тәулігіне 1-2 рет беріледі. Шаштың ошақты түрде түсуі, безеу және дерматитте тәулігіне 0,2 г ересектерге, ал балаларға 0,02-0,05 г күніне 2-3 реттен цинктерал түймедағы қолданылады.

Цинк сульфаты драже және көпіретін түймедағы 0,003 -0,01 г №10 (цинкит); түймедағы 0,124 және 0,2 г (цинктерал); көз тамшысы 10 мл (құрамында 0,25% немесе 0,5% цинк сульфаты ерітіндісі және 2% бор қышқылы ерітіндісі).

7. Тотықтырғыштар.

Сутегі тотығының құнарланған ерітіндісі (пергидроль және т.б.) құрамында 27,5-31% сутегі тотығы бар. Стоматит, ангина және т.б. іріңді жараларды емдеу үшін қолданылады.

Rp.: Perhydroli 10,0

Aq. destill. 40 ml

M.D.S. 1 шай қасығын 1 стакан суға шаю үшін.

Сутегі тотығының қосылған ерітіндісінің құрамында 3% сутегі тотығы бар. Дезинфекциялық және дезодоранттық ретінде жууға және шаюға 0,2-0,3% ерітіндісі стоматит, ангина, гинекологиялық аурулар кезінде және т.б. тері үстіндегі жараларды және қанталаған жараны, капиллярлық және мұрыннан қан кетуді тампонмен 1,5-3% ерітіндісін тазалау және қан тоқтату үшін қолданады.

Қосылған сутегі тотығы – негізі ресми мөлшері 3% ерітіндісі 25, 40, 50, 90 және 100 мл флакондарда және жалпы мөлшері 1,5% спиртті ерітіндісі 10 мл флаконда сыртқа пайданалу үшін шығарылады.

Rp.: Sol.Hydrogenii peroxydi dilutae 50 ml

D.S. 1 ас қасығын 1 стакан суға (шаю үшін).

Калий перманганаты – антисептик және бырыстырғыш ретінде жараны жуу үшін 0,1-0,5% ерітіндісі, өңешті және ауыз қуысын шаю үшін 0,01-0,1% ерітіндісі, сыртқы жаралар мен күйікке жағу үшін 2-5% ерітіндісі, гинекологиялық тәжірибеде 0,02-0,1% ерітіндісі қолданылады. Морфин, никотин және т.б. алкалоидтармен уланғанда 0,02-0,1% ерітіндісін асқазанды шаюға пайдаланады.

Rp.: Sol. Kalii permanganatis 0,1%-500 ml

D.S. Жараны жуу үшін.

8. Альдегидтер мен спирттер.

Формальдегид ерітіндісі (формалин, формагель және т.б.) және қоспа түрінде формидрон, формалиндік май. Формалиннің құрамында 36,5 – 37,5 формальдегиді бар. Бұны дезинфекциялық және дезодорантық зат ретінде қолданады, аяқ терлегенде және аспаптарды жуу үшін 0,5-1% ерітіндісі қолданылады. Формагель - 3,7% гель сықпа ыдыста 10, 20 және 35 г-нан. Формидрон ерітіндісі 50 мл және 100 мл және формалиндік майы 50 г және 100 г аяқ терлегенде қолданылады. Қабыну өзгерістері кезінде пайдалануға болмайды, өйткені тітіркендіріш әсер етеді.

Rp.: Sol. Formaldegydi 50 ml

D.S.1 шай қасығын 2 стакан суға (аяқты жууға).

Этил спиртінің (шарап спирті) 95°- қоспа 95-96% спирт (96 бөлшегі спирт, қалғаны 4-і су); 90°- қоспа 95% спирт (92,7 бөлшегі спирт, қалғаны 7,3-і су), 70°- қоспа 95% спирт (67,5 бөлшегі спирт, қалғаны 32,5-і су) және 40°- 95% спирт (36 бөлшегі спирт 64-і су).

Спиртті сыртқа антисептик және тітіркендіргіш ретінде сүртуге, компресс тартуға және әртүрлі дәрілерді дайындауға (тұнба, экстракт және т.б) пайданылады.

9. Қышқылдар мен сілтілер.

Бор қышқылы сыртқа антисептик ретінде спиртті ерітіндісі жедел және созылмалы отит (1-3% құлақ тамшысы 3-5 тамшыдан күніне 2-3 реттен), конъюнктивит, пиодермия, экзема және баздану (сулану) кезінде 2-3% ерітіндісін тарту үшін, 0,5-1% ерітіндісін ауыз, мұрын, құлақ қуыстарын жуу және шаю үшін қолданылады. 10% глицерин ерітіндісін баздану кезінде құрғату және кольпит кезінде жағу үшін пайданылады. Педикулез кезінде (биттеу) 5% майын шаштың арасына 30 минуттай ысқалап жағу керек, содан соң басты жақсылап сабынмен жуу қажет.

Бор қышқылының ұнтағы пакетте 10 және 25 г; 0,5%, 1%, 2% және 3% спиртті ерітіндісі 10, 15, 20, 25 және 40 мл флакондарда сыртқа пайданалу үшін; 10% глицерин ерітіндісі 25 мл флаконда жағу үшін; 5% майы 15 және 25 г сықпа ыдыста жағу үшін шығарылады.

Rp.: Sol. Acidi borici 2%-50 ml

D.S. Көзді шаю үшін.

Аммиак ерітіндісі хирургтың қолын жуу және тыныс тарылғанда иіскету үшін қолданылады (Тітіркендіргіштер тобын қараңыз.)

15 тарау. Химиотерапиялық - бактерияларға қарсы колданылатын дәрілер.

Бұл дәрілердің әсер етуіне қарай қасиеттері байқалады:

  1. белгілі бактериялық қоздырғышқа қарсы антибактериялық спектрі болады;

  2. адамдар мен жануарларға бұлардың улы әсері салыстырмалы төмен келеді.

Химиотерапиялық бактерияларға қарсы дәрілерді қолдану үшін аурудың қоздырғышын, оның емдеу дәрілеріне сезімталдығын біліп алу керек. Қоздырғышы белгісіз болса, кең спектрлі әсер ететін дәрілер қолданылады. Ондай дәрілерді қолданғанда емдік көрсеткішіне қарай мөлшерін, мерзімін анықтау керек.

Химиотерапиялық бактерияларға қарсы дәрілерді келесі топтарға бөледі:

  1. антибиотиктер,

  2. сульфаниламидтік заттар,

  3. жасанды химиялық құрамы әртүрлі заттар,

  4. мерезге қарсы дәрілер,

  5. туберкулезге қарсы дәрілер.

  1. Антибиотиктер.

Антибиотиктер – химиялық қоспалардан тұратын, микроорганизмдерді таңдамалы зақымдайтын және өлтіретін биологиялық заттар. Оларды актиномицеттерден, саңырауқұлақтардан және кейбір бактериялардан алады. Антибиотиктерді бактерияларға, саңырауқұлақтарға және қатерлі ісіктерге қарсы деп бөледі.

Бактерияларға қарсы антибиотиктер келесі топтарға бөлінеді:

1.Құрамында β-лактон сақинасы бар антибиотиктер: пенициллиндер, цефалоспориндер, карбапенемдер, монобактамдар.

2.Құрамында макроциклды лактон сақинасы бар

а/ макролидтер: эритромицин, кларитромицин және

б/ азалидтер: азитромицин.

3.Құрамында төрт алтымүшелік циклден тұратын антибиотиктер: тетрациклиндер.

4.Левомицетиндер.

5.Аминогликозидтер: стрептомицин, неомицин, гентамицин және т.б.

6.Әртүрлі химиялық топты антибиотиктер: полимиксин, клиндамицин, ванкомицин.

Спектрі бойынша грамм “+” микробтарға қарсы әсер ететін (биосинтетикалық пенициллиндер, макролидтер, грам “―” әсер ететін (полимиксиндер), екеуіне де әсер етуші және тағы да басқа қоздырғыштарға (тетрациклиндер, левомицетин және т.б.) әсері бар кең спектрлі антибиотиктер.

Микробтарға әсер ету механизмі бойынша антибиотиктер келесі топтарға бөлінеді:

1.бактериялардың торша қабырғасының балансы бұзылуына әсер ететіндер (пенициллиндер, цефалоспориндер, карбапенемдер, монобактамдар, гликопептидтер және циклосерин).

2.цитоплазмалық мембрана өткізгіштігінің бұзу арқылы әсер ететіндер (полимиксиндер).

3.торша ішілік белок құрылысының рибосомасын бұзу арқылы әсер етушілер (тетрациклиндер, левомицетин, макролидтер, азалидтер, аминогликозидтер, линкозидтер).

4.РНҚ құрылысының бұзу арқылы әсер етушілер (рифампицин).

Антибиотиктердің жанама әсерлері де байқалады: диспепсиялық құбылыстар (бас айналу, құсу, іш өту), флебиттердің пайда болуы, бауыр және бүйрек қызметінің бұзылуы, қан түзілу, есту вестибулярлы аппараттың әртүрлі ауытқулары.

1/. Пеницилллиндер.

Көптеген пенициллиндік антибиотиктер саңырауқұлақтардан алынады, олар биосинтетикалық пенициллиндер деп аталады. Бұлар оң грам бактерияларға әсер етеді, бірақ пенициллиназаға тұрақсыз.

А/ Биосинтетикалық пенициллиндерді әсер ету уақытына байланысты екі топқа бөлуге болады:

1.Әсері қысқа: бензилпенициллиннің натрий тұзы, бензилпенициллиннің калий тұзы.

2.Әсері ұзақ: бензилпенициллин новокаин тұзы, бициллин-1, бициллин-5.

Осы көрсетілген дәрілер тек парентеральді жолмен (егу ретінде) беріледі, өйткені олар асқазанның қышқылды ортасында ыдырап кетеді. Асқазанның қышқылына тұрақты тек қана пенициллин антибиотигі – феноксиметилпенициллин. Тек осы антибиотикті энтеральді жолмен (ішек арқылы) жас балаларға түймедақ ретінде тағайындайды.

Пенициллиндер бактериоцидтік әсер етеді. Олар тек бөлінетін торшаларға әсер ете алады. Механизмі: торша қабырғасының құрамдас бөліктерінің синтезін бұзады да транспептидаза ферментін тежеп, пептидтік байланыстың пайда болуына кедергі келтіреді.

Бензилпенициллиннің натрий және калий тұздары (Benzylpenicillinum natrium; Benzylpenicilliinum kalium) – ұнтақ түрінде флакондарда шығарылады, ерітіп егуге қолданылады. Мөлшері 250000 ӘБ, 500000 ӘБ, 1000000 ӘБ, 5000000 ӘБ және 10000000 ӘБ. Менингитте, эндокардитте және газды гангренада тәулігіне 2000000- 12000000 ӘБ күніне 4-6 реттен көк тамыр арқылы егу үшін; өкпе ауруларында (созылмалы бронхит, пневмония, өкпе гангренасы) аэрозоль түрінде 100000-300000 ӘБ күніне 1-2 реттен; көз және құлақ тамшылары 20000-100000 ӘБ; 1 жасқа дейінгі балаларға 50000-100000 ӘБ/кг, ал 1 жастан кейінгі балаларға 100000 ӘБ/кг, өте ауыр індеттерде 200000-300000 ӘБ/кг 4-6 реттен тәулігіне беріледі.

Қолданылуы: инфекциялық аурулар, пневмония, іріңді инфекциялар, ангина, дифтерия, мерез, соз, эндокардит және т.б. аурулар.

Жанама әсерлері: бас ауыру, қызба, бөртпе, ісік, анафилактикалық шок.

Қарсы көрсеткіштері: асқазан-ішек жолдарында сіңірілу қызметі бұзылғанда.

Rp.: Benzylpenicillini-natrii 1000000

D.t.d. № 20

S. Бұлшық етке егуге, күніне 6 рет.

Б/ Жартылай синтетикалық пенициллиндер.

1. Әсер ету спектрі бойынша бензилпенициллинге ұқсас, бірақ пенициллиназаға тұрақты келеді: оксациллин натрий тұзы.

2. Әсер ету спектрі өте кең, бірақ пенициллиназаға тұрақсыз: ампициллин, амоксициллин, карбенициллин, азлоциллин.

3.Пенициллиназаға кедергі келтіретін дәрілер, яғни β-лактамазаларды тежейтін: клавулан қышқылы, сульбактам.

Оксациллин натрий тұзы (простафлин және т.б.) (Oxacillinum natrium) микробтарға қарсы спектрі бензилпенициллинге жақын келеді. Ал оксациллиннің айырмашылығы стафилококктарға әсері басым келеді және қышқылдық ортада ыдырамайды. Сондықтан бұны тек егу ретінде емес және түймедақ түрінде де пайдаланады. Пенициллиназаның әсерінен бензилпенициллиннің күші стафилококкты инфекцияға төмендеген кезде оксициллинді қолдануға болады.

Оксациллин түймедақ түрінде 0,25 және 0,5 г; қаптамасы 0,25 г; ұнтағы 0,25 және 0,5 г флаконда шығарылып, ерітіндісін егуге қолданады. Ересектерге және 6 жастан жоғары балаларға 2-4 г-нан тәулігіне 4 реттен. Жаңа туған балаларға 90-150 мг/кг; 3 айға дейін 200 мг/кг; 3 айдан 2 жасқа дейін 1 г-нан; 2 жастан 6-ға дейін тәулігіне 2 г-нан 4-6 рет беру керек.

Бұны пайдаланғанда аллергиялық және асқазан қызметінің бұзылысы байқалады, сондықтан мұндай өзгерістер байқалғанда қолданбайды.

Rp.: Oxacillini-natrii 0,5

D.t.d. № 20 in tab.

S. 1 түймедақтан күніне 4-6 рет тамаққа дейін.

Ампициллин (ампирекс, амплитал, декапен және т.б.) (Ampicillinum) және бұған ұқсас амоксициллин - әсер ету спектрі өте кең, әсері оң және теріс грам микробтарға: сальмонеллаларға, шигеллалларға, кейбір протейлік штамдарға, ішек таяқшасына және т.б. әсер етеді. Бұны ішкі мүше аурулары кезінде: зәр, өт, тыныс жолдары, асқазан аурулары және іріңді хирургиялық жараларға қолданады.

Ампициллиннің түймедақтары 0,125 және 0,25 г; қаптамасы 0,25 және 0,5 г; суспензиясы 2,5% және 5% ішуге; 5% сироп 60 мл флаконда; 10% ерітіндісі тамшы ретінде балаларға ішуге қолданылады. Бір мезгілдік мөлшері 0,5 г, тәулігіне 2-3 г-нан. Балаларға тәулігіне 100 мг/кг 4-6 реттен беріледі. Кейде аллергиялық өзгерістер байқалады. Демікпеде, пішен қызбасында және т.б. аллергиялық жағдайлар кезінде қолданбайды.

Rp.: Ampicillini 0,25

D.t.d. № 20 in tab.

S. 1-2 мл 4-6 сағат сайын.

Карбенициллин динатрий тұзы (Carbenicillinum dinatrium) әсер ету спектрі ампициллинге ұқсас. Одан айырмашылығы барлық протей штамдарына және көкшіл іріңді таяқшаларға әсер етеді. Асқазанның қышқыл ортасында ыдырайды, сондықтан тек егу ретінде пайданылады. Бұларды бүйрек, өкпе, қан, ішек аурулары кезінде қолданады.

Карбенициллин қаптама түрінде мөлшері 0,25 г шығарылады. Тәуліктік мөлшері 1,5 г, өте ауыр инфекцияларда 3 г-нан 3 рет беріледі.

Rp.: Carbenicillini-dinatrii 1,0

D.t.d. № 40

S. 2 мл (1гр) 4-6 рет бұлшық етке.

Азлоциллиннің әсері, карбенициллинмен салыстырғанда, көкшіл іріңді таяқшаға басым келеді.

Барлық жартылай синтетикалық пенициллиндердің спектрі өте кең, бірақ бұлардың басым бөлігі пенициллиназаның әсерінен жылдам бұзылады. Сондықтан соңғы кездері оларды қолданғанда қосымша β-лактамаза тежегіштерімен (клавулан қышқылы, сульбактам) бірге алмастырып қолдану керек.

2/. Цефалоспориндер.

Құрылысына қарай олар пенициллиндерге ұқсас, β-лактондық сақинасы бар, пенициллиназаға ұстамды, бірақ көбі грамм теріс бактериялардың цефалоспориназасына тұрақсыз келеді. Цефалоспориндердің спектрлік әсері кең келеді. Олар торша қабықшасының түзілуін төмендетеді, бактериоцидтік әсер етеді, яғни транспептидаза ферменттерінің белсенділігін жояды. Бұларды шартпен төрт буынға бөлуге болады:

  1. буын а/егуге - цефалотин, цефазолин және т.б.

б/ ішуге - цефалексин және т.б.

2 - буын а/ егуге - цефуроксим, цефамандол және т.б.

б/ ішуге - цефаклор және т.б.

3 - буын а/ егуге - цефотаксим, цефтазидим және т.б.

б/ ішуге – цефиксим және т.б.

4 - буын а/ егуге – цефепим және т.б.

Цефалотин (Cefalotin) және цефалексин (кефексин, кефлекс және т.б.) (Cefalexinum) грам “―” микробтарға сезімтал, грам “+” бактерияларға сезімталдығы төмен. Екеуі де қышқылға тұрақты, әсері 30 минуттан кейін басталады. Олар негізінен зәр шығару жолының ауруларында, пневмонияда қолданылады. Жанама әсерлері: бүйрек ауруы, эритема. Жоғары сезімталдық, жүктілік кезінде қолдануға болмайды.

Цефалотин ұнтақ ретінде 0,5; 1 және 2 г флаконда ерітіндісін егуге қолданылады. Тәулігіне 2-6 г-ға дейін, балаларға 50-100 мг/кг күніне 3-4 рет егіледі. Жанама әсерлері аллергиялық және диспепсиялық өзгерістер, дисбактериоз, кандидоз, бүйрекке зақым келтіруі мүмкін. Қолдануға болмайтын жағдайлар: бала емізетін және жүкті әйелдер.

Rp.: Cefalotini 0,5

D.t.d. № 15 in amp.

S. 2 мл (0,5 гр) 2-3 рет бұлшық етке егу үшін.

Цефалексиннің қаптамасы мен түймедағы 0,25; 0,5 және 1 г-нан; суспензиясы 2,5% - 60 мл және5% - 100 мл ішуге т.б. Бір бергенде 0,25-0,5 г-нан, тәулігіне 1-2 г, балаларға 25-50 мг/кг тәулігіне тағайындалады.

Rp.: Cefalexini 0,25

D.t.d. № 30 in caps.

S. 1 апта бойы күніне 4 рет 1 қаптамадан.

Құрамында β-лактам сақинасы бар басқа антибиотиктер.

Карбапенемдер.

Бұған жататын антибиотик имипенем (Imipenem) өте белсенді, спектрлік әсері кең. Аэробтық және анаэробтық бактерияларға әсер етеді. Β-лактамазаға төзімді, бірақ бүйрек өзегіндегі дегидропептидаза-I әсерінен ыдырап кетеді. Сондықтан қазіргі кезде имипенемді осы ферментті тежейтін зат – циластатинмен бірге қосып береді. Осындай қосымша жасалған дәрі – примаксин.

Меропенем (Meropenem) дәрісі дегидропептидазаға төзімді, сондықтан бұны циластатинмен қосып берудің қажеті жоқ.

Монобактамдар.

Бұл топқа жататын антибиотик азтреонам (Aztreonam) грам теріс бактериялық флораға әсер етеді, егу ретінде зәр мен тыныс жолдарындағы инфекцияға және тері ауруларға қарсы қолданылады.

3/. Макролидтер және азалиттер.

Макроциклды сақинасы бар антибиотиктер. Макролидтерге жататын антибиотиктер: эритромицин, олеандомицин, кларитромицин және т.б. Азалидтерге – азитромицин жатады.

Эритромицин (грюнамицин, эридерм және т.б.) (Erytromycinum) грам “―” және “+” кокктарға, дифтерия таяқшасына, анаэробтарға, риккетсияларға, трахомаға, хламидияларға және т.б. әсер етеді. Спектрі өте кең болғандықтан, көптеген індетті аурулар, іріңді және қабыну аурулары кезінде, зақымдық өзгерістердің алдын алу үшін, жазылмай жүрген созылмалы аурулар кезінде қолданылады. Механизмі: бактерия рибосомасында белоктардың синтезінің нашарлауы.

Эритромициннің түймедақтары 0,1 г-нан, 0,33 және 0,5 г-ға дейін; 2,5% және 5% суспензиясы ішуге; 0,05 және 0,1 г суппозиториі; 2% және 4% ерітіндісі 30 және 100 мл флакондағы; 3 г-нан - 30, 40 және 50 г-ға дейін майы сықпа ыдыста (10000 ӘБ/г). Ішуге 0,25 – 0,5 г күніне 4 реттен. Кейде аздап болса да жанама әсерлері байқалады – іш өту, лоқсу, құсу және аллергиялық өзгерістер. Кері көрсеткіштері: бауырдың қызметінің төмендеуі, бала емізетін және жүкті әйелдер.

Rp.: Erythromycini 0,25

D.t.d. № 30 in obd.

S.1 қаптамадан күніне 4-6 рет .

Қазіргі кезде жартылай синтезделген макролидтер – тәжірибелік медицинада кларитромицин (Clarithromycin) және т.б. дәрілер енгілізіп отыр. Олар эритромицинге ұқсас келеді, бірақ әсері ұзақ уақытқа созылады және асқазанда жақсы сіңіріледі.

Химиялық құрылысы бойынша макролидтерге ұқсас тағы бір топ антибиотиктер – азалидтер болып табылады. Бұған жататын дәрі азитромицин (Azithromycin). Бұл грам “―” кокктарға және т.б. бактерияларға әсері эритромицинмен салыстырғанда жоғары, ал стафилококктар мен стрептококктарға 3-4 рет төмен келеді.

4/. Тетрациклиндер.

Биосинтетикалық жолмен келесі дәрілер алынады: окситетрациклин дигидраты (Oxytetracyclini dihydras), тетрациклин (Tetracyclinum). Жартылай синтетикалық жолмен: метациклин гидрохлориді (Metacyclini hydrochlorium), доксициклин гидрохлориді (Doxycycline hydrochloridum).

Тетрациклиндер грам “―” және “+” кокктарға белсенділігі жоғары, дизентерия бацилласына, сүзек қоздырғыштарына, патогенді спирохеталарға және т.б. аса қауіпті инфекциялар қоздырғыштарына да әсер етеді. Әсер ету механизмі - бактерия рибосомаларындағы торша ішілік белок синтезін жояды. Сонымен қатар, олар магний, кальций металлдарын байланыстырып, олармен бірге хелаттық қоспалар түзеді және метациклин ұзақ әсер ететін антибиотиктерге жатады.

Тетрациклиндер көбінесе кокк инфекциялары, амеба дизентериясы, тырысқақ, бруцеллез, туляремия, сүзек және т.б. індетті инфекцияларда және пневмония, бронхит, плеврит т.б. ауруларда қолданылады. Сезімталдық жоғары болғанда, бауыр, бүйрек ауруларында, лейкопения, жүктілікте қолдануға болмайды.

Тетрациклиннің түймедақтары 0,05, 0,1 және 0,25 г; қаптамасы 0,1, 0,2 және 0,25 г; 5 г-нан - 30 және 50 г-ға дейін 3% май түрінде; 1% көз майы (10000 ӘБ/г) сықпа ыдыста 3, 7 және 10 г, ішуге тәулігіне 1-2 г-нан 4 реттен. 8 жастан жоғары балаларға тәулігіне 20-25 мг/кг. Жанама әсерлері: көбінесе асқазанды зақымдануы және аллергиялық өзгерістер. Оны кандидозда, бауыр және бүйрек ауруларында, лейкопенияда, жүйелі қызыл жегіде, бала емізетін және жүкті әйелдерге, 8 жасқа дейінгі балаларға беруге болмайды.

Rp.: Tetracyclini 0,25

D.t.d. № 20 in obductas

S.1 түймедақтан күніне 3 рет тамақтан кейін.

5/ Левомицетин тобы.

Левомицетин (хлорамфеникол және т.б.) (laevomycetinum) - әсері кең спектрлі антибиотик, яғни грам «–» бактерияларға, оның ішінде ішек бактериялары, инфлюэнция таяқшалары, риккетсия, трахома, бруцеллез, туляремия қоздырғыштарына қарсы әсер етеді. Әсер ету механизмі: рибосомаға әсерін тигізіп, белок синтезін төмендету. Негізінен оны сүзек, сальмонеллез, риккетсиоз кезінде қолданады. Ол қанның түзілуіне жанама кері әсерін тигізіп, ретикулоцитопения, гранулоцитопения және басқа да анемияларды тудыруы мүмкін.

Левомицетин түймедақтары 0,25 және 0,5 г; қаптамасы 0,1, 0,25 және 0,5 г; спиртті ерітіндісі 0,25%, 1%, 3% және 5% 25 және 40 мл флаконда; 0,25% көз тамшысы -5 және 10 мл; 1%, 2,5% және 5% линименті сықпа ыдыста 25 және 30 г шығарылады. Бір бергенде 0,25-0,5 г-нан, тәулігіне 2 г тағайындалады. 3 жасқа дейінгі балаларға 10-15 мг/кг, 3 жастан 8-ге дейін 0,15-0,2 г, 8 жастан жоғары 0,2-0,3 г тәулігіне 3-4 реттен беріледі. Левомицетин көптеген майдың құрамына кіреді – «левомеколь», «левосан» және т.б.

Rp.: Laevomycetini 0,25

D.t.d. № 10 in tab.

S. 2 түймедақтан күніне 3-4 рет.

6/. Аминогликозидтер тобы.

Бұл топқа стрептомицин (туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілерді қараңыз), неомицин сульфаты (Neomycin sylfate), гентамицин сульфаты (Gentamycini sulfas), канамицин (Kanamycinum) және т.б. антибиотиктер жатады. Әсер ету мехеанизмі: рибосомаға тікелей әсер етіп, белок құрылымын бұзады.

Неомицин сульфаты (колимицин және т.б.) – анаэробтарға, спирохеталарға, саңырауқұлақты патогенді қоздырғыштарға әсер етеді. Перитонит, энтерит кезінде, жараларды жуу үшін қолданады. Бүйрек және есту жүйелерінің ауруларында қолдануға болмайды. Диспепсия және аллергиялық өзгерістер пайда болуы мүмкін.

Бұл дәрінің түймедағы 0,1 және 0,25 г; 0,5% және 2% майы сықпа ыдыста 15 және 30 г-нан. Бір рет бергенде 0,1-0,2 г, тәулігіне 0,4 г тағайындалады. Балаларға 4 мг/кг есептеу арқылы қолданылады. Жанама әсерлері: лоқсу, іш өту, аллергиялық өзгерістер, кандидоз және т.б. Бүйрек және құлақ жүйке ауруларында қолдануға болмайды.

Rp.: Neomycini sulfatis 0,1

D.t.d. № 3

S. Жараны жуу үшін 100 мл изотоникалық

ерітіндісімен араластыру керек.

Гентамицин сульфаты (гарамицин, гентацикол және т.б.) – протейге, ішек таяқшасына, стафилакокқа қарсы әсер етеді. Зәр шығару жолдары инфекцияларында (цистит және т.б.), сепсис кезінде қолданылады. Бұл құлаққа улы әсерін тигізеді. Ұнтағы 0,08 г флаконда ерітіндісін дайындап егуге арналған; ампуласы 4% - 1 мл егуге; 1%, 2%, 4%, 6% және 8% - 10000, 20000, 40000, 60000 және 80000 ХБ (халықаралық бірлік) – 2 мл; 0,1% майы сықпа ыдыста 15, 25, 30, 40 және 80 г; 0,3% ерітіндісі көз тамшысы 5 және 10 мл; 0,3% баллондағы аэрозолі 60 мл.

Зәр жолдарының инфекцияларында бір реттік мөлшері ересектер мен 14 жастан асқан балаларға 0,4 м/кг, тәулігіне 0,8-1,2 мг/кг беріледі. Ауыр инфекцияларда тәулігіне 2,4-3,2 мг/кг дейін қолданылады. Бұл дәрінің де улы әсері және нефроулығы бірінші орында тұр, содан соң анемия, лейкопения, тромбоцитопения және т.б. байқалуы мүмкін. Құлақ жүйкесінің қабынуы, миастения кезінде және жүкті әйелдерге қолданылмайды.

Rp.: Sol. Gentamicini sulfatis 4%-1 ml

D.t.d. № 20 in amp.

S. 1 мл-ден күніне 2 рет бұлшық етке егу үшін.

7/ Полимиксиндер (циклді полипептидтер).

Полимиксин М сульфаты грам «-» бактерияларға әсер етеді. Микробқа қарсы әсер ету механизмі цитоплазма мембранасының құрылысын зақымдаумен байланысты. Полимиксин М торша сыртындағы микробторға ғана әсер етеді. Бүйрек ауруларында қолдануға болмайды. Диспепсия және суперинфекция байқалуы мүмкін. Түймедағы 500000 ӘБ; майы 20000 ӘБ/г – 5, 10, 15, 25, 30 және 50 г сықпа немесе шыны ыдыста; линименті 10000 ӘБ/мл – 30 г шығарылады. Жергілікті май ретінде қолданғанда қатерлі әсерлері көп білінбейді. Бірақ бауыр және бүйрек қызметі бұзылғанда қолданылмайды.

Rp.: Polimyхini M sulfatis 500000 ED

D.t.d. № 30 in tab.

S. 1 түймедақтан күніне 4-6 рет.

12 тарау. Гормондық дәрілер.

12.1. Гормондар («қоздырамын») – биологиялық белсенді заттар. Олар дененің әртүрлі қан арқылы реттеу қызметтерін жақсы атқарады. Ішкі бездер сөлінің жетіспеушілігі кезінде гормондық дәрілерді қолданады. Бұл кезде қосымша ем талап етеді. Сонымен бірге гормондық дәрілерді әртүрлі сырқаттарда (ішкі бездер сөлінің жетіспеушілігінен басқа) қолданады. Мысалы: глюкокортикоидтарды қабынуға және аллергиялық үрдістерге қарсы дәрі ретінде пайданады. Гормондық дәрілерді жасанды жолмен мүшелерден және жануарлар зәрінен алады.

Химиялық құрамына қарай келесі топтарға бөледі:

1.Белок пен пептидтерден тұратын заттарға – гипоталамус, гипофиз, қалқанша безі, ұйқы бездерінің гормондық дәрілері және кальцитонин жатады.

2.Амин қышқылдарының туындылары – қалқанша безінің гормондық дәрілері.

3.Стероидтық қосылыстар – бүйрек үсті және жыныс бездерінің гормондық дәрілері.

Гормондардың цитоплазмалық мембранасында немесе торша ішінде әсер етеді. Олар торша мембранасының рецепторларын, көбіне аденилатциклазаға әсер етіп, цАМФ-тың деңгейін көбейтеді. Әрі қарай цАМФ протеинкиназаның белсенділігін арттырады. Бұл жолмен кортикотропин, тиротропин, гонадотроптық гормондар, меланоцитке әсерін тигізуші гормон, паратгормон, кальцитонин, глюкагон әсер етеді. Ал кейбір гормондар калций иондарының қайта ұсталуына, бөлінуі мен торша ішіндегі орналасуына әсер етеді.

Мына гормондар: стероидтық, қалқанша безінің гормондары торша мембранасы арқылы кіріп, торша ішілік әсер етеді. Олар цитоплазма рецепторларымен байланысып, торшаның ядросына тасымалданады. Сөйтіп, олар ДНҚ мен РНҚ-ын белсендіреді, белок түзілуін төмендетеді.

12.1.1. Гипофиз бен гипоталамустың гормондық дәрілері.

Гипофиз үш бөліктен тұрады: алдыңғы мен ортаңғы – аденогипофиз және артқы – нейрогипофиз. Аденогипофизден: АКТГ – адренокортикотроптық гормон, СТГ – соматроптық гормон, ТТГ – тиреотроптық гормон, ФБГ – фоликулбелсендіруші гормон, ЛТГ – лютеинотроптық гормон және т.б. Бұлар қайтымды байланыс реті бойынша жұмыс істейді. Яғни, гипоталамус пен гипофиз орталығының белсенділігі ондағы гормондар жиынтығына тәуелді болады.

Нейрогипофизден окситоцин және вазопрессин бөлінеді. Нейросекреторлы торшалардың аксондары гипофиздің аяғы арқылы бөлікке келеді де, нейрогипофиз капиллярымен тығыз байланыс жасау нәтижесінде окситоцин мен вазопрессин шығарылады.

Аденогипофиздегі базофилді торшада түзілетін АКТГ (адренокортикотроптық гормон) торша мембранасындағы рецепторлармен аденилатциклаза арқылы әсер етеді. Бұл АКТГ-ның гормондық дәрісі – кортикотропин.

Кортикотропин - бұны глюкокортикоидтарды ұзақ қабылдағаннан кейін кортикостероидтардың қызметін қалпына келтіру үшін, қабынуға қарсы және иммунодепрессант ретінде қолдануға болады. Кері көрсеткіштері: гипертониялық ауру, қант диабеті, жарақатты аурулар, эндокардит.

Соматотропин – өсу гормоны, амин қышқылдарының торшаға тасымалдануын арттырады. РНҚ синтезін күшейтеді. Оны медицинада тазаланған түрде қолданады. Көрсеткіші аз болғандықтан көп қолданбайды.

Тиреотропты гормон қалқанша бездің йодты сіңіруіне әсер етеді. Тиреотропин дәрісі қалқанша бездің жетіспеушілігі кезінде микседема кезінде дифференциалды диагностика жасау үшін қолданылады.

Хорионды гонадотропин -Gonadotropinum chorionicum (гонакор, прегнил, хорагон және т.б.) әйелдерде етеккір циклінің бұзылуы, овуляцияның болмауында және сары дененің жетіспеушілігінде пайда болатын бедеулік, ер адамдарда – гипогенитализм мен евнухоидизмге алып келетін генетикалық бұзылулар, крипторхизм, аталық без гипоплазиясы, адипозагенитальді синдром, жыныс безінің қатерлі ісігі, жыныс мүшелерінің қабынуы, жыныс бездерінің болмауы кезінде қолданылады. Көбірек қолданғанда аллергиялық өзгерістер, шат өзегінде тұқымының көбейіп кетуі мүмкін. Жыныс мүшелерінің қатерлік ісіктерінде және қабыну ауруларында қолданбайды. 50 және 1000 ӘБ флакондағы ұнтақ егуге арналған. Бұлшық етке мөлшері 500 ӘБ бастап 3000 ӘБ тәулігіне 1 реттен егуге болады.

Rp.: Gonadotropini chorionici 1000 ED

D.t.d. № 3

S. Аптасына 2 рет 500-3000 ӘБ бұлшық етке.

Артқы нейрогипофиздің гормондық дәрілері – окситоцин, питуитрин және т.б. – жатырға әсер ететін дәрілер тобына жатқандықтан, сол тақырыпта қарастырылады.

12.1.2. Қалқанша безінің және қалқанша маңындағы безінің гормондық дәрілері. Қалқанша безінің гормондық дәрілері: тиреоидин және трийодтиронин, жасанды түрі – трийодтиронин гидрохлориді, тиреоидтыққа қарсы қолданатын дәрі – мерказолил және калий перхлорады. Қалқанша маңындағы бездің гормоналдық дәрілері – кальцитонин, бұған ұқсас кальцитрин және тахистин - бұл эргокальциферолға ұқсас.

Трийодтиронин гидрохлориді -Triiodthyronini hydrochloridum (лиотиронин және т.б.) алғашқы реттік гипотиреоз, микседема, креатинизм, церебралды-гипофизарлық аурулар, май басу, қалқанша безінің қатерлі ісігі, эндемиялық жемсау және т.б. жағдайларда қолданылады. Күрделі ауруларда: тиреотоксикоз, қант диабеті, Аддисон ауруы, жүрек жетіспеушілігі кезінде қолдануға болмайды. Жүрек тамырларының склерозында және екінші реттік гипотиреозда сақтық қажет. 20 және 50 мкг флакон ретінде № 60, 20 дан 100 мкг күніне 2 реттен қолданылады.

Rp.: Triiodthyronini hydrochloridi 0,00002

D.t.d. № 50

S. 20 мкг басталады күніне 2 рет (40- 140).

Мерказолил – Mercazolilum (тиамазол, метизол, тирозол және т.б.) тиреоидқа қарсы дәрі, негізі диффузиялық улы зобқа қолданылады. Жүктілік, бала емізу кезінде, лекопения, гранулоцитопенияға қолдануға болмайды. Жанама әсері: лекопения, лоқсу, құсу,бауыр қызметінің бұзылуы, тері бөртпесі, дәрілік гипотериоз болуы мүмкін. Түймедағы 0,005 г күніне 3-4 реттен беріледі.

Rp.: Mercazolili 0,005

D.t.d. № 20 in tab.

S. 1-2 түймедақтан күніне 3-4 рет.

Кальцитрин (Calcitrinum) немесе кальцитрин – гипокальциемиялық дәрі (Педжет ауруы), жетілмеген остеогенез, ортан жіліктің басының асептикалық некрозы, стероидты, паратиреоидты және климактерикалық остеопороз, фиброзды дисплазия, асқынған сүйек жарақаты. Гипокальциемия, жүктілік және бала емізу кезінде қолдануға болмайды. Жанама әсерлері: егу орнында жергілікті аллергиялық өзгерістер, беттің қанталауы, қан қысымының жоғарлауы, құсу, гипокальциемия болуы мүмкін. 1 мл ампулы 50 және 100 ХБ.

Rp.: Calcitrini 100 ХБ

D.t.d. № 6 in amp

S. 2-3 ДӘБ күніне 1 рет бұлшық етке.

12.1.3. Ұйқы безінің гормондық дәрілері.

Ұйқы безінің β-торшасындағы түзілетін гормоны – Инсулин (Insulinum) болып табылады. Бұның гипогликемиялық әсеріне байланысты қантты диабет кезінде қолданылады, өйткені инсулин гипергликемияны және глюкозурияны төмендетеді. Инсулин көбінесе жануарлардан және адамдардан алынады. Әсер ету уақытына қарай олар: қысқа уақытқа (жалпы 4-6 сағат); ұзақ уақытқа (8-12 сағат) және өте ұзақ уақытқа (20-30 сағат) әсер ететін болып бөлінеді. Диабетке қарсы қолданылатын жасанды дәрілері химиялық құрылысы бойынша келесі екі топқа бөлінеді: сульфонилмочевина туындысы – Глибенкламид (Glibenclamide), Глипизид (Glipizide) т.б. және бигуанидтер – Метформин (Metformin).

Инсулин (инсуман Комб, микстард, хумулин, биогулин, хумалог, актрапид, левулин, монодар, монолин, моносуинсулин, пенсулин, протафан, ультратарт т.б.) – инсулинге тәуелді диабет кезінде қолданылады. Комалық жағдайлар, жұқпалы аурулар, қант диабетін хирургиялық жолмен емдеу кезінде қолданылмайды. Біраздан кейін бас айналу, ашығу және тершеңдік пайда болады.

Rp.: Insulini pro in injectionibus 5 ml (1ml-40 ED)

D.t.d. № 5

S. 0,5-1 мл-ден тері астына 2 рет.

Глибенкламид (антибет, апо-глибурид, бетаназ, гилемал, глибамид, глибекс, глиборал, глимидстада, глюкобене, даонил, маниглид, манинил) – инсулинге тәуелсіз диабет кезінде қолданылады. Комалық жағдайларда, кетоацидозда, жасөспірімдерге, жүктілік, бала емізу кезеңінде, бауыр мен бүйрек қызметі бұзылғанда, лейкопения, сульфаниламидтермен бірге, індетті жұқпалы ауруларда қолданбайды. Аллергия, лейкопения, агранулоцитоз, диарея, тромбоцитопения болуы мүмкін. Түймедағы 0,005 г. Бірінші рет қолданғанда 0,0025 г-нан, 0,005 – 0,01 г-ға дейін тағайындайды, кейде мөлшерін 0,02 г-ға көбейтеді.

Rp.: Glibenclamidi 0,005

D.t.d. № 20 in tab.

S. 1 түймедақтан күніне 1-2 рет.

Глипизид (глибенез ретарт, глинез, минидиаб және т.б.) глибенкламидке ұқсас келеді, бірақ денеден жылдам шығады, ішке жиналмайды. Түймедақ түрінде 0,005 және 0,01г шығарылады. Бастапқы мөлшері 0,0025 г – 0,005 (күніне 1 рет), ең үлкен мөлшері 0,03 г (күніне 2-3 реттен). Қолданылуы тағы басқа әсерлері глибенкламидке ұқсас.

Метформин (гликомет, глиформин, глюкофаг, дианормет, метфогамма, сиофор, формин плива және т.б.; қоспа дәрі «глибомат») бигуанид туындысы, қант диабетінің ІІ түрінде (инсулинге тәуелсіз) және семіздікпен бірге болса тәбетті тежейді және ауасыз гликолизді қоздырып отырады. Бұл түймедақ түрінде мөлшері 0,25, 0,5 және 0,85 г-нан шығарылады. Алғашқы қолданылатын мөлшері 0,5 г, тамақпен бірге шайнамай жұту керек. Ең көп мөлшері 2,5 г тәулігіне, орташа мөлшері 0,85 г күніне.

Метформиннің жанама әсерлері: асқазан қызметінің бұзылуы, тері аллергиялық өзгерістері және т.б. жағдайлар. Кері көрсеткіштері: диабеттік кома, бауыр мен бүйректер жұмысының бұзылыстары, миокард инфаркты, анемия және бала емізу және жүктілік.

12.1.4. Бүйрек үсті безінің глюкокортикоидтық дәрілері.

Глюкокортикоидтар (Кортизон) ем тәжірибесінде көп қолданылатын дәрі, біріншіден бүйрек үсті безінің жетіспеушілігінде, содан соң қабынуға және аллергияға қарсы, естен тану және сенсибилизация кезінде, одан басқа әсері жалпы уланған жағдайда және иммунодепрессант ретінде тағайындалады. Шұғыл жағдайларда (жедел аллергиялық көмек көрсету үшін (адреналинмен бірге), демікпеге ингаляция ретінде, жедел ревматикалық безгекте т.б.) да пайдаланады.

Қолдануға болмайтын жағдайлар: гипертониялық аурулардың ауыр түрлері, Иценко-Кушинг ауруының және қант диабетінің ауыр түрлері, психоз, жүктілік, қан айналымы жетіспеушілігінің III сатысы, эндокардит, неврит, остеопороз, асқазан және он екі елі ішек жарасы, туберкулездің белсенді түрі, мерез, қарттық шақ.

Жанама әсерлері: ұзақ уақыт қолданғанда май басу, гирсутизм, остеопороз, етеккір циклінің бұзылуы, безеу шығуы және Иценко-Кушинг ауруы белгілерінің пайда болуы. Сонымен бірге геморрагиялық панкреатит, гипергликемия, қан ұюының жоғарылауы, психикалық өзгерістер пайда болуы мүмкін.

Көп қолданылатын қажетті дәрілер: преднизолон (Prednisolonum), Метилпреднизолон (Methylprednisolone), Гидрокортизон ацетаты (Hydrocortisone acetate), Дексаметазон (Dexamethasonum), Бетаметазон (Betamethasone), Триамцинолон (Triamcinolonum), Беклометазон (Beclometasone) және т.б.

Преднизолон (Медопред, преднизол, йенафарм, преднизолон - никомед, - АКОС, - дарница, - гемисукцинат және т.б.) – гидрокортизоннан алынған жасанды дәрі, көбінесе ревматизм, ревматоидтық артрит, коллагеноздық аурулар, демікпе және т.б. жоғарыдағы айтылған аурулар кезінде қоладанылады. Жанама және қатерлі әсерлері жалпы глюкокортикоидтарға ұқсас келеді.

Преднизолон түймедақ түрінде мөлшері 0,001 және 0,005 г-нан, содан соң 0,5% майы сықпа ыдыста 10 және 15 г-нан шығарылады. Бастапқы кездегі күнделікті мөлшері 20-40 мг 2-6 реттен беріледі, бірақ әрі қарай мөлшерін азайту керек 5-10 мг-ға дейін күніне. Балаларға күніне 1-2 мг-нан пайданылады. Ем соңында мөлшерін біртіндеп төмендету керек, содан соң 1-2 рет кортикотропинді (табиғи гормон) берген жөн.

Rp.: Prednisoloni 0,005

D.t.d. № 20 in tab.

S. 1 түймедақтан күніне 3-4 рет.

Метилпреднизолон (Медрол, Депо-медрол, Соли-медрол, Метипред және т.б.) – преднизолонға өте ұқсас, бірақ әсері 18-36 сағатқа дейін ұзақ және минералды кортикоидтық белсенділігі төмен. Қолданылуы, қатерлі әсерлері преднизолонмен бірдей. Бір ғана қосымша әсері -орталық ми ісігінде қолданылады. Түймедақ мөлшерлері 0,004, 0,016, 0,032 және 0,1 г; егуге арналған флакондағы ұнтақ мөлшерлері 0,008, 0,02, 0,04, 0,125, 0,25, 0,5 және 1 г және 4% суспензиясы 2 мл ампулада шығарылады.

Гидрокортизон ацетаты (Гидрокортизон, - АКОС, - Пос N, - гемисукцинат, Латикорт, Локоид, Солу Кортеф, Сополькорт Н және т.б.) бүйрек үсті безінің табиғи гормоны, кортизонға ұқсас. Қабыну және аллергияға қарсы белсенділігі күшті, жергілікті тері ауруларынан экзема, нейродермиттер, пиодермиттер, көз аурулары (конъюнктивит, кератит және т.б.) кезінде қолданылады.

Гидрокортизон ацетаты 2,5% суспензиясы 2 және 5 мл буынның ішіне егуге аптасына 1 реттен; 1% майы сықпа ыдыста 14 және 28 г күніне 1-3 рет жағу үшін қолданады; 0,5% және 1% көз тамшысы күніне 3-4 реттен 2 тамшыдан пайданылады.

Rp.: Susp. Hydrocortisoni 2,5%-5 ml

S. Көз тамшысы. Күніне 2 тамшыдан.

Дексаметазон (Дексазон, Дексавен, Дексакорт, Дексамед, Дексафар, Дексанос, Дексон, Максидекс және т.б.) құрамына фтор қосылған, сондықтан белсенділігі бірнеше рет көтерілген. Қолданылуы және қатерлік әсерлері жоғарыдағы глюкокортикоидтарға ұқсас келеді. Түймедақ түрінде мөлшері 0,0005, 0,0015 және 0,004 г; 0,4% ерітіндісі 1, 2 және 5 мл ампулада және 0,1% көз тамшысы бар.

Rp.: Dexamethasoni 0,0005

D.t.d. № 80 in tab.

S. Күніне 1-2 түймедақтан.

Бетаметазон (Акридерм, Белодерм, Бетакортал, Бетам-Офталь, Валодерм, Целестодерм-В, Целестон және т.б.) бұл дексаметазонға ұқсас келеді, сондықтан қолданылуы және қатерлі әсерлері бірдей, көбінесе егу ретінде пайданылады. Түймедағы 0,0005 г; 0,2%, 0,4% және 0,5% ерітіндісі ампула түрінде 1 мл-ден егуге; 0,05% кремі; 0,1% майы; 0,1% лосьоны; 0,1% көз тамшысы шығарылады.

Триамцинолон (Триакорт, Берликорт, Кеналог, Назакорт, Полькортолон, Фторокорт және т.б.) химиялық құрылысы, қолданылуы, қатерлі және жанама әсерлері дексаметазонға ұқсас, ал ұзақ пайдаланғанда ем жеңіл өтеді. Мөлшері 2, 4 және 8 мг-нан түймедақ түрінде; 1% және 4% ерітіндісі 1 және 2 мл ампуласы егу ретінде қолданылады.

Rp.: Triamcinoloni 0,004

D.t.d. № 50 in tab.

S. 1 түймедақтан күніне 2-4 рет.

Бекламетазон (Альдецин, Беклазон, Беклоджет, Беклофорте, Бекодиск, Беконазе, Бекотид, Насобек, Циклозон және т.б.) көбінесе демікпе кезінде қолданылады, басқа дәрілер көмек бере алмағанда және өте ауыр аллергиялық ринитте, мұрын полипозында беріледі. Аэрозоль түрінде 0,05 мг/мөлшерден 0,25 мг/мөлшерге дейін, ал жалпы 80 және 200 мөлшерден шығарылады.

16.1. Сульфаниламидтік дәрілер.

Сульфаниламидтер – кең спектрлі, бактерияларға қарсы антибиотиктермен бірге қолданып отыратын заттар. Сульфаниламидтердің нәтижесі және ұзақ уақыт әсер етуі, оның амид тобындағы сутегі атомының орнын ауыстыруына байланысты – дигидрофоль қышқылы. Бос амин топтарының бір жақты орналасуы, оның бактерияларға қарсы әсерін білдіреді. Денеде радикал бөлініп және амин тобы босатылғанда ғана сутегі атомы орнын ауыстыра алады.

Дигидрофоль қышқылы құрамына кіретін парааминбензой қышқылы микроорганизмдермен құрастырылады. Ал ұлпада мұндай өзгерістер жүрмейді, ұлпа тек дайын дигидрофоль қышқылын сіңіреді, сондықтан сульфаниламидтердің тек микробтарға қарсы әсері - конкурентті қарама-қарсы тұруына байланысты.

Сульфаниламидтер парааминбензой қышқылына ұқсас болғандықтан, оның дигидрофоль қышқылы құрамына кіруіне кедергі жасайды. Дигидрофоль қышқылының түзілуі нашарлаған кезінде, оның шығуы жойылып, соның әсерінен пурин және пиримидин негіздерінің құрастырылуына кедергі жасайды. Осының барлығының әсерінен нуклеин қышқылының құрылысы жойылып, микробтардың өсуіне кедергі болады. Содан кейін бактерия өсуін тоқтататын нәтиже пайда болады.

Сульфаниламидтер келесі топтарға бөлінеді:

1.Жақсы сіңірілетін дәрілер (резорбциялық, асқазан-ішек жолдары бойынша).

а) әсері қысқа уақытқа созылатын: сульфадимезин (Sulfadimezinum), сульфазин (Sulfazinum), этазол (Aethazolum), уросульфан (Urosulfanum).

б) әсері ұзаққа созылатын: сульфадиметоксин (Sulfadimethoxinum), сульфапиридазин (Sulfapyridazinum).

в) әсері өте ұзаққа созылатын: сульфален (Sulfalenum).

2. Ішектің ішінде әсер ететін дәрілер: фталазол (Phthalazolum), сульгин (Sulginum).

3. Жергілікті қолданылатын: Сульфацил-натрий (Sulfacylum-natrium).

Жақсы сіңірілетін дәрілер асқорыту жолдарында тез әрі толық сіңіріледі, қан плазмасындағы альбуминдермен байланысады. Шырышты қуыстарға жиналады. Сульфаниламидтер бауырда ацетилдену арқылы бұзылады.

Сульфадимезин (сульфаметазин және т.б.) - әсері қысқа, әрі кеткенде 4–6 сағатқа дейін белсенділігі сақталады. Бұл - түймедақ түрінде мөлшері 0,25 және 0,5 г-нан № 10 шығарылады. Бір реттік ең үлкен мөлшері 2 г-нан, тәулігіне 7 г-нан асыруға болмайды. Жалпы әртүрлі инфекцияларға қарсы қолданылатын кестесі: 1 және 2-ші күндері 6 г (1 г-нан әр 4 сағат сайын), 3 және 4-ші күндері 4 г (1 г-нан 6 сағат сайын), 5 және 6-ші күндері 3 г (1 г-нан 8 сағат сайын), тағы 2, 3 күн 3 г-нан беру керек.

Сульфадимезин - пневмония, мидың жұқа қабатының қабынуы кезінде (менингит), сепсис, дизентерия, соз және т.б. өт және зәр жолдарындағы инфекцияларға қарсы қолданылады. Бүйректің жұмысы бұзылғанда, қан түзуші мүшелер аурулары кезінде, адамдардың осы дәріге сезімталдығы жоғары болғанда қолдануға болмайды. Қолдану барысында аллергия, жүрек айнуы, құсу, лейкопения, зәрде кристалдардың пайда болуы мүмкін. Бұл кезде көбірек сілтілі су беру керек.

Rp.: Sulfadimesini 0,5

D.t.d. № 40 in tab.

S. Кесте бойынша қолданылады.

Бұл топқа тағы да қосылатын дәрілер этазол (сульфаэтидол және т.б.), сульфазин (сульфадиазин және т.б.) және уросульфан (сульфакарбамид) – баспа (ангина), пневмония, зәр шығару жолдарының іріңді инфекциялары, қуықтың қабынуы, іріңді гидронефроз кезінде қолданылады.

Әсері ұзаққа созылатын және асқорыту жолдарында тез әрі толық сіңірілетін дәрілер: сульфапиридазин (сульфаметоксипиридазин, спофадазин және т.б.) және сульфадиметоксин (мадрибон, мадроксин және т.б.). Бұлардың әсерлік уақыты 8-12 сағатқа созылады, сондықтан күніне 1-2 түймедақтан беріледі. 1 түймедағы 0,5 г мөлшерде жүреді.

Әсері өте ұзаққа созылатын дәрі – сульфален (келфизин және т.б.) денедегі емдік мөлшері бір аптаға дейін созылады, сондықтан да бұны созылмалы инфекциялық ауруларға антибиотиктермен бірге қолданады.

Ішектің ішінде әсер ететін дәрілер – көбінесе фталазол (фталилсульфатиазол, талисульфазол және т.б.) – дизентерия, асқазан-ішек жолдарының қабынуы, ішекке операция жасағанда қолданылады. Күніне 4-6 рет 0,5 г-дық 2 түймедақтан ішу керек. Бұған ұқсас сульгин (сулфагуанидин) және т.б. дәрілер бар.

Жергілікті қолданылатын дәрілер: сульфацил натрий (альбуцид натрий, сульфацил ерітіндісі және т.б.). 10% - 5 мл көз тамшысы, 30% - 10 мл флаконы, 30% - 10 г майы. Көздің қасаң қабығының іріңді жарасы, көздің дәнекер қабатының қабынуы (коньюнктивит), қабақтың қабынуы (блефарит) кезінде, күйгенде қолданылады.

Сульфаниламидтік қоспалы дәрілерге (сульфаниламидпен бірге триметоприм) жатады – бактрим (бисептол, ко-тримоксазол, септрин және т.б.). Бұның бактерицидтік әсері өте жоғары келеді.

    1. Жасанды антибактериялық дәрілер.

Бұл топқа жататын дәрілер:

1/ нафтиридин туындысы - налидикс қышқылы (Acidum nalidixicum).

2/ фторхинолон туындысы - ципрофлоксацин (Ciprofloxacin), норфлоксацин (Norfloxacin), офлоксацин (Ofloxacin) және т.б.

3/ 8-оксихинолин туындысы - нитроксолин (Nitroxolinum).

4/ Нитрофуран туындысы – фуразолидон (Furazolidonum), фурадонин (Furadoninum) және т.б.

5/ хиноксалин туындысы – хиноксидин (Chinoxydinum), диоксидин (Dioxydinum) және т. б.

Налидикс қышқылы (невиграмон, неграм және т.б.) – көбінесе грам теріс бактериялдық инфекцияға: ішектегі дизентерияға және ішек-сүзектік талшықтарға т.б. Грамм оңды бактерияларға – стафилококктарға, стрептококктарға, пневмококктарға әсері төмен. Бактериялық штамдар антибиотиктерге және сульфаниламидтерге үйреншікті жағдайға, басқа емдік амал жоқ болғанда налидикс қышқылын қолдануға болады.

Сонымен налидикс қышқылын инфекциялық бүйрек және зәр жолдарының ауруларында циститтерге, пиелиттерге, пиелонефритке; бүйрекке және қуыққа операция жасағаннан кейін; бактериялық колитке және энтероколитке қолданылады. Бұның қапталған түймедағы мөлшері 0,5 г (№ 8) күніне 1 реттен 7 күнге дейін. Өте күрделі инфекция болса 1 г күніне 4 реттен 2 күнге. Балаларға 60 мг/кг тәулігіне 4 реттен, содан соң ұстап тұру мөлшері 30 мг/кг тәулігіне беріледі.

Налидикс қышқылын қолданғанда көптеген жанама әсерлері болады: лоқсу, құсу, іші өту, бас ауыруы және айналуы, қояншық, аллергиялық өзгерістер, күн көзіне сезімталдық – фотодерматиттер пайда болады т.б.. Бұны қолдануға болмайды: бас тамырлардың атеросклерозында, бауырдың қызметі бұзылғанда, тыныс орталығы тежелгенде, бүйрек қызметінің жетіспеушілігінде, жүктіліктің 3-да айында және 2 жасқа дейінгі балаларға берілмейді.

Ципрофлоксацин (цифран және т.б.) және ұқсас дәрілер – норфлоксацин, офлоксацин және т.б. - өте ауыр инфекциялық ауруларға – тыныс алу жолдарының, зәр шығару жолдарының, асқазан, көз, құлақ т.б. ауруларында қолданылады. Бірақ бұлардың қатерлік әсерлері де көп болады: асқазанның қызметі, қан тамырдың, орталық жүйкенің, көздің, ішкі мүшелер (бауыр және бүйрек) бұзылысы байқалады. Содан соң лейкопения, агранулоцитоз, тромбоцитопения байқалады. Жүкті, бала емізетін әйелдерге балаларға, қояншық, бүйрек жетіспеушілігі кезінде қолдануға болмайды.

Ципрофлоксациннің түймедақтары 0,1, 0,25, 0,5, 0,75 және 1 г № 6, 10, 20; флакондағы 0,2% ерітіндісі егуге арналған 50 және 100 мл-ден (0,1 және 0,2 г); ампуладағы 1% концентрат 10 мл; көзге және құлаққа арналған 0,3% ерітіндісі 5 және 10 мл; көз майы 0,3% - 3 және 5 г сықпа ыдыста шығарылады.

Зәр жолдарының инфекциясында 0,125 - 0,5 г мөлшермен күніне 2 реттен ішуге қолданады. Зәр жолдарының және тыныс алу жүйесінің асқынулық инфекциясы болса, онда 0,25-0,5 г күніне 2 реттен беріледі. Барлығы 7-14 күнге дейін емделеді. Көз ауруларында 0,3% ерітіндісін 1-2 тамшыдан 4 сағат сайын береді. 15 жасқа дейінгі балаларға беруге болмайды.

Нитроксолин (5-НОК және т.б.) – ең жақсы әсері грам теріс бактерияларға және аздап болса да грам оң, содан соң саңырауқұлақтарға – кандидозға әсерін тигізеді. Өте көп жиналатын жері жыныс және зәр шығару жолдары, сондықтан циститке, уретритке, пиолонефритке, простатитке т.б. зәр шығару жолдарының инфекциялық ауруларына қолданылады. Бүйрек пен қуыққа операция жасағаннан кейінгі инфекцияны болдырмау үшін алдын ала қолданылады.

Нитроксолинді 0,05 г түймедақ түрінде ішу ретінде қолданатын орташа тәуліктік мөлшері ересектерге 0,4 г күніне 2 түймедақтан 4 реттен беріледі. Ем ұзақтығы 2-3 аптаға созылады. Балаларға беретін орташа мөлшері 5 жастан 0,2 - 0,4 г күніне 4 реттен, ал 5 жасқа дейінгі балаларға мөлшері 0,2 г-нан беріледі.

Кейде жанама әсерлері болады: лоқсу, құсу, жүрек соғуы, тері бөртуі, бас ауыруы, бұл жағдайда мөлшерін азайту керек немесе беруді тоқтату керек. Бүйрек пен бауырдың қатерлі ауруларында, көз ауруларында, шеткі жүйке жүйесінің зақымдануында, жүкті әйелдерге және бала емізіп жүрген кезде қолдануға болмайды.

Фуразолидон - нитрофуран туындысынан алынған дәрі. Көбінесе грам оң бактерияларға (ішек таяқшаларына, шигеллаларға, протейлерге және т.б.) және кейбір грам оң (стафилококк және стрептококктарға), одан басқа ішек құрттарға (лямблиоз және т.б.) әсері жоғары. Бұны 0,05 г түймедақ түрінде – ішек инфекциясы ауруларына қарсы (бациллярлық дизентерия, паратиф, токсикоинфекцияда, лямблиозда және трихомониазда) қолданылады.

Фуразолидон - түймедағы 0,05 г. Ересектерге ең жоғары беру мөлшері - 0,2 г, ал тәуліктік мөлшері - 0,8 г асырмау керек. Мысалы: дизентерияда, паратифте тамақтан кейін ішеді, ересектер үшін мөлшері 0,1 - 0,15 г, күніне 4 рет беріледі. Лямблиозға қарсы қолданғанда, ересектер үшін мөлшері 0,1 г, күніне 4 рет беріледі, ал балаларға арналған мөлшері тәулігіне 10 мг/кг, күніне 4 рет қолданылады.

Жанама әсерлері: лоқсу, құсу және тәбеттің төмендеуі, аллергиялық өзгерістер. Жанама әсерлерін төмендету үшін көбірек су ішу керек, болмаса мөлшерін төмендету қажет, болмаса антигистаминдік дәрілер, кальций хлориді, В тобының витаминдерін қолданамыз.

Бүйректің қызметі бұзылғанда және созылмалы тұрақты аллергиялық дерматит кезінде қолдануға болмайды.

Фурадонин - (нитрофурантоин және т.б.), фурозолин, фурагин т.б. дәрілері фурозолидонға ұқсас келеді. Сондықтан көбіне зәр жолдарының инфекциясына, акушерлік - гинекологиялық тәжірибеде қолданылады.

Хиноксидин - іріңді қабыну процесі (пиелит, пиелоцистит, холецистит, холангит, өкпе ісінуі, өкпе плеврасының эмпиемасы, ішек дисбактериозы, ауыр сепсистік жағдай) кезінде қолдануға болады. Антибиотиктен басқа да химиотерапиялық дәрілер күші жойылғанда қолданылады. Түймедақ түрінде-0,25 г (1 түймедақтан күніне 4 рет). Ем ұзақтығы 7-14 күн.

Жанама әсерлері: лоқсу, құсу, бас ауыру, бас айналу, бұлшық еттің қысымдық жиырылуы, аллергиялық реакциялар.

Бауыр және бүйрек қызметі бұзылғанда, жас балаларға, жүкті әйелдерге қолдануға болмайды.

Диоксидин- хиноксидинге ұқсас дәрі, ауыр инфекцияларда (зәр және өт, қуық жолдары инфекциясында) қолдануға болады. Бұл дәрі 0,5% және 1% - 5, 10 және 20 мл ампуласы; 5% - 30, 60 және 100 г май түрінде, егуге, жуу және шаюға, жергілікті жараларға жағуға пайданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]