Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
психология ГЗА .кешен 2012.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
565.25 Кб
Скачать

Жоспары:

8.1.Эмпирикалық зерттеу әдістерінің түрлері.

8.2.Тест зерттеу әдісі және оның түрлері.

8.3. Тәжірибелерді зерттеу және жалпылау әдісі.

Мақсаты: Эмпирикалық зерттеу әдістерінің жекеленген түрлерінің теориясын және оны практикада қолдану әдістемесін меңгерту.

Мәтіні: Эмпирикалық зерттеу әдістеріне:

а) зерттеу тақырыбына байланысты әдебиеттер, нормативтік әдістемелік құжаттарды оқу, танысу;

ә) әңгімелесу (интервью, анкеталау).

Б) бақылау;

В) тестілеу

Г) рейтенгілеу, рангілеу,

Д) педагогикалық тәжірибе (эксперимент)

е) тәжірибені жинақтау және қорытындылау

Ұсынылған тақырыпта педагогикалық бақылау әдісі ұтымды сипат алады.

Бақылау ақпараттардың теориялық мазмұнын анықтауда,теорияның практикадағы шындыққа айналуына көз жеткізуге септігін тигізеді. Бақылау объекті бьолып, оқушылардың теориялық практикалық сабақтардағы бұйымдарды жасаудағы, мінез-құлық өзгерістерін, оқушылардың іс-әрекеттері т.б. іс-әрекеттері табылады.

Бақылауды ғылыми тұрғыдан дәйектеу үшін келесі талаптар ескерілуі керек.

  • бақылау алдын-ала жасалған жоспар бойынша жүргізілуі тиіс.

  • Зерттелінетін белгілер саны мүмкіндігінше минималды және олар анықталған болуы тиәс

  • Құбылыстар табиғи жағдайда бақылануы тиіс.

  • Бақылаудың әр-түрлі жолдармен алынған нәтижелері өзара салыстыруға боларлық болуы тиіс.

  • Қайта бақылау мүмкіндігі болуы және ол уақыт өтуіне байланысты қайталауға тұрарлық болуы тиіс.

  • Бақылау барысында кездесетін қателіктер алдын – ала белгілі болуы тиіс.

Педагогикалық бақылау жүргізу үшін келесі нұсқаулар:

  • бақылау объектісін мақсаты мен міндеттерін таңдау.

  • Бақылау жоспарын түзу.

  • Бақылауға қажетті құрал-саймандарды, құжаттарды дайындау.

  • Бақылау мәліметтерін жинақтау (жазу,кесте, хаттамалар)

  • Бақылау нәтижелерін жасау және оларға талдаулар жүргізу.

  • Бақылауды теориялық және практикалық қортындылау орындалуы тиіс.

Бақылау – оқушыларды кәсіби оқыту процесі барысындағы іс-әрекеттері қалыптасқан білім, біліктілік,дағдыларын, сабақта пайдаланылған дидактикалық құралдар мен ұйымдастыру формалары, әдістері мен тәсілдеріне сапалық талдаулар жасауға мүмкіндік туғызады.

Тестілеу - бұл жекелеген тұлғалардың әр түрлі сипаттамаларын өлшеуге қолданылатын стандартты әдіс. Ол объективті мәліметтер немесе субъективті шектер туралы деректер алуда көп еңбек етуді қажет ететін әдіс болып табылады. Тест ғылыми құрал түріндегі сарапшылардың тиянақты жұмысының нәтижесі. Тестерді бұл мәселемен арна айналысатын кәсіби психологтар мен педагогтар жасайды. Сондықтан баланың міндеті жарияланған тестерді тауып, олар пайдалануға тіреледі. Тестің мазмұнында мәнсіз белгісі, мәселен, "орта", "орташа", "жоғары", "жиі", секілді ұғымда болмағаны жөн. Себебі балалардың бұл сөздерді түсінуі әрқалай.

Психологиялық тестілеу- мақсатқа бағытталған зерттеу, қатаң бакыланған жағдайда, арнаулы құрастырылған тапсырма түрінде беріліп, педагогикалық үдерісті объективті өлшеуге көмектеседі. Көптеген психологиялық тестер белгілі талаптарға сай лайықты құрастырылып, компьютердің көмегімен нәтижесі шығады. Жеке тұлғаның психикалық қасиеттер деңгейін диагностикалау тестісі қолданылады.

Соңғы кездері психологиялық тестер педагогикалық зерттеулерде және практикасында көп қолданылып келеді. Оны қолдану барысында такті сақтап, алынған нәтижені талқыға салмай жүргізіледі. Бірақ арнаулы психологиялық тестер ММРІ, Вакслер, Люшер, Роршах атты түрлерін алдын ала психологтармен кеңеспейінше қолдануға болмайды. Себебі еңбекті, көп уақытты, алынған нәтижені өңдеу үшін білім мен біліктілікті талап етеді. Тестер төмендегі түрлерге бөлінеді:

1. Жетістікке жету тестері

1.1. Даму тестері.

1.2. Парасат тестері.

1.3. Жалпы нәтижелілік тестер.

1.4. Психикалық қасиеттерін анықтайтын тестер.

1.5. Кәсіби жарамдылық пен функциональдық мүмкінді анықтайтын арнайы тестер.

2. Психометриялық жеке тұлғалық тестер.

2.1. Жеке тұлғалық құрылымдық тестер.

2.2. Қызығушылыққа және мақсатқа арналған тестер.

2.3. Клиникалық тестер.

ІІсихологияда ең бастысы мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дайындықты анықтайтын парасат, кәсіби оқуға жарамдылықты тексеретін, ынталылыққа және ойын жинақтай білуге арналған, сондай-ақ әлеуметтік істер қолданылады.

Форма тұрғысынан еркін жауаптарды алдын ала болжайтын /тестке қатысушы жауапты өзі жасап немесе шешімін ұсыну керек/ тестер мен таңдауды алдын ала болжайтын істep деп ажыратуға болады /тестке қатысушы ұсынылған нұсқалардан дұрыс жауапты таңдауы керек/. Төрт немесе бес ұсынылған нұсқадан шешімді тағдау ең икемді және жиі қолданылатын тест түрі болып табылады.

Қазіргі уақытта психометриялық тестердің ішінен жобалау әдістері едәуір кеңінен таралған. Олар адамның әрдайым өзі болған жағдайларда түрленетін /қабылдау мен ұсынуда/ алғы шарттарға негізделген. Бұл тестер өзінің сипаттаушылық түсінігін беру, өмірде жоқ жануарларды салу, аяқталмаған сөйлемді жалғастыру қажеттігі бар формада болуы мүмкін, кейде суреттегі сюжетке өз түсінігін беруді ұсынады. Мысалы: белгісіз формадағы сия дақтары /Роршах тесті/.

Тақырыптық апперцепиондық тест аса күрделі жобалау. Тестілey белгісіз жағдайлар бейнеленген фотосуреттерді түсіндіруге негізделеді. Сынақ тапсырушыға фотосурет негізінде кеше не болды, бүгін не болып жатыр, ертең не болатыны жайында және кейіпкерлері не ойлап, нені сезінетіні жайлы әңгіме құрау тапсырылады. Белгілі бір ережелермен жүргізілген әңгімелерді түсіндіру зерттеушіге адамның психологиялық ерекшеліктері туралы мол ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Жобалау тестері біршама жақсы жетістіктерді иемденеді: осындай тестерді ойын ретінде қабылдайтын балаларға арналған жағдайлардың табиғилылығы;

Нақты сандық талдауды қолдануға болмайтын және ереже бойынша адам оны жариялай алмайтын немесе жариялағысы келмейтін ауқымды жеке тұлғалық ерекшеліктерді зерттеу мүмкіндігі.

Жобалау тестерін мектепке дейінгі ұйым тәжірибесінде қолдануда бірқатар қиындығы бар:

-ерекше арнайы теориялық және практикалық даярлықты оларды қолдану тәжірибесін талап етеді;

-тестің басқа түрлерімен салыстырғанда жобалау тестісіне едәуір көп уақыт қажет;

-нәтижелерін түсіндіру өте қиын, дұрыс болуының ықтималдығы жоғары емес;

-зерттеудің объективтілігі төмен болады.

Осыған орай жобалау тестерін тек мамандар пайдаланады. Психикалық зерттеулерде жобалау тестерімен қатар жеке тұлғалық сұраулар жиі қолданылады. Олар жауап беруші екі топтың біреуінде болу керектігі сұрақтар сериясынан құралады: «иә», «дұрыс», «маған қатысты».

«жоқ», «дұрыс емес», «маған қатысты емес».

Әрбір осындай сұрауға тұлғаның барлық белгілерін, оның аталған белгілердің қарама-қайшы қасиеттерін көрсететін полярлық нүктелер арасындағы жағдайын өлшейтін шәкілдер /шкала/ тобы енгізілген.

Іс-құжаттарды талдау және зерттеу – зерттелетін үдерістер мен құбылыстар туралы нақты материалдар жинау үшін қажет. Мысалы: баланың жұмыстары оның тек білімінің қызығушылығын білдіріп қана қоймай, тәрбиеші туралы мәліметтер жинауға көмектеседі. Мектепке дейінгі балалардың жұмысын талдау олардың неге қызығатынын, ойлау ерекшелігін, түсінігін, пікірін, баға беруін, оқу біліктілігін анықтауға ықпалын тигізеді. Бұл әдіс балалардың іс-әрекетінің қанық талдамасына негізделеді. Олар жайлы психологиялық, педагогикалық ақпарат алуына мүмкіндік береді. Мысалы, сурет, мүсіндеу, қол еңбегі, тіл дамыту бақылау жұмыстарының нәтижелерін талдау баланың психикалық үдерінің даму ерекшелігін, білімі, біліктілігін, дағдысын және құзыреттілігінің даму деңгейі туралы қорытынды шығаруға мүмкіндік береді.

Балалармен танысу барысында көбіне, сауалнамаларға қарағанда, олардың ойынға, еңбекке, сабақ түрлеріне және бос уақытындағы әуесіне, өмірдің басқа да аспектілеріне қатынасын көрсетуге қабілетті шығармалар өте жиі қолданылады. Мысалы, мектепке дейінгі балалардың салған суретін талдау жолымен тек танымдық қызығушылықтардың болуын ғана емес, сонымен қатар эмоциясын, сенсорлық және эстетикалық қабілеттерін, үздік қорын, бейнелі, логикалық ойлауы туралы ұсыныс жасауға болады.

Психологиялық тәжірибелерді зерттеу және жалпылау зерттеу жұмысына құнды материалдар береді. Педагогтың шығармашылық ізденісі күрделі проблемаларды шешуде көмегін тигізеді. Зерттеу объектісіне жаппай тәжірибені алуға болады. Ол жетекші бағыттарды белгілеуге әсерін тигізеді. Жағымсыз тәжірибе қателер мен кемшіліктерді белгілеуде ықпал етеді. Алдыңғы қатарлы тәжірибе тәрбиешілердің жаңашылдығын анықтауға және қорытындылауға себеп болады.

Алдыңғы қатарлы тәжірибенің екі түрі бар: педагогикалық шеберлік, жаңашылдық. Шеберлік – педагогтың ғылыми нұсқауларды кешенді, жүйелі, білікті қолдану. Жаңашылдығы: педагогикалық әрекетті ұйымдастыруда жаңашылдығының мазмұны. Тәжирибені зерттеу және тұжырымдау үшін төмендегідей жүйелілік сақталады:

- бақылау, әңгімелесу, сұрау, іс-құжаттарды зерттеу негізінде тәжірибені сипаттау;

- бақыланған құбылысты жіктеу, белгілі анықтамалар мен ережелердің негізінде қорытындылау;

- себеп-салдар байланыстарын, оқу-тәрбие үдерісінің түрлі байланыс тетігін белгілеу.

Ю.К.Бабанский, И.В.Бовдарь, Я.С.Турбовскойдың еңбектерінде, зерттеулерінде озық тәжірибені және оған жету жолдарын қарастырады. Я.С.Турбовской пікірінше, озық тәжірибе – оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру мен жетістікке жету жолындағы мақсат көздеген іс-тәжірибе. Озық тәжірибе қазіргі уақытта өсіп келе жатқан жас ұрпақты оқытып, тәрбиелеудегі көкейтесті, өзекті мәселелерді қанағаттандыра алады.

Ю.К.Бабанский озық тәжірибені іс-әрекеттік деңгейіне қарай жіктей келе «жалпы тәжірибе», «озық тәжірибе», «жаңалықты тәжірибе», «зерттеушілік тәжірибе» деп бөліп қарастырады.

Ш.Таубаева озық тәжірибені педагогикалық тәжірибе деп қарастыра келе, төмендегідей анықтама береді: озық тәжірибе – педагогикалық оқу орындарының оқу-тәрбие үдерісіндегі жоғарғы сапаға ие болған нақты іс-әрекетінің нәтижесі. Студенттер озық тәжірибені оқып-үйрену үшін мынандай жағдайларды ескеру керек:

1. Тәжірибе – педагогтың білімі, біліктілігі, дағдысы және құндылық қатынасы, негізгі құзыреттілігінің болуы.

2. Оқу мен тәрбиенің нәтижелері, тиімділігі.

3. Педагогикалық тәжірибедегі автордың нақты әрекеттерінің болуы.

4. Жаңалық.

5. Тәжірибенің негізгі идеясы.

6. Шығармашылықты іске асыру шарттары.

7. Тәжірибе автордың даралық ерекшелігіне, мекеме және өлке жағдайларына байланыстылығы.

8. Тәжірибені игеріп, меңгерудің жолдары мен құралдары.

Алдыңғы қатарлы тәжірибенің негізгі өлшемдері:

жаңалығы: жаңа қағиданы ғылымға енгізу мен бұрын белгілі қағиданы практикада тиімді қолдану және педагогикалық әрекеттің белгілі жақтарын нәтижеге бағыттау;

нәтижелілігі және тиімділігі: оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамуында жоғары деңгей көрсету;

психология, педагогика, әдістемелердің талаптарына сәйкестігі сақталған болуы тиіс; кейде жоғары нәтиже балаларды оқыту, тәрбиелеу және ынталандыруға қолдануға болмайтын әдістерден алынуы мүмкін. Мысалы: қорқытып үйрету. Мұндай жағдайда оның педагогикалық құндылығы болмайды;

жүйелі және қайталанушылығы; ұзақ уақыттың ішінде бір тәжірибені жүйелі қолданғанда нәтижесі шығуы керек;

тәжірибенің қайталануы: басқа педагогтардың осы тәжірибе қайталанғанда нәтиженің бірдей болуы;

тұтастай педагогикалық үдерісте ең тиімді тәжірибе: ең аз күн жұмсалатын тәжірибелер. Уақыт кетеру арқылы жоғары нәтиже шығару. Алдыңғы қатарлы тәжірибе шебер-педагог, педагогикалық практикум, семинар, тренинг түрінде ұйымдастырылып, ғылыми және әдістемелік қарым-қатынасты формалары баяндама, мақала, бюллетень, әдістемелік нұсқау арқылы таралады.

Педагогикада тәжірибелі жұмыс (опытная работа) ұғым қолданылып келеді. М.Н.Скаткиннің пікірі бойынша тәжірибелік жұмыс дербес зерттеу әдісі ретінде қарастырылып, ғылыми мәліметтері теориялық негізделген болжамға сәйкес болса, жаңа құбылыс тудырып және терең талдауы, қорытындысы болады. Мұны экспериментке дейінгі және эксперименттен кейінгі алынған қорытындылар мен нұсқауларды тексеру үшін қолданылады. Тәжірибелік жұмыс – бұл алдын-ала дайындалған бағдарламаларды эксперименттен өткізу үшін, жаңаны практикада тексеруде жүзеге асады. Бүгінгі таңдағы мектепке 12-жылдық білім беру жағдайына көшу қарсаңындағы іске қосылып отырған мектепке дейінгі білім берудің жалпыға міндетті білім беру стандартын атап кетуге болады.

Студенттің өздігімен орындауына тапсырма:

1. Өздерінің таңдаған жоба тақырыптарыңа байланысты эмпирикалық зерттеу әдістерін таңдау және жоспарын құру.

9-лекция тақырыбы: Психологиялық эксперимент және оның түрлері, өткізу әдістемесі.