Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
психология ГЗА .кешен 2012.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
565.25 Кб
Скачать

Жоспары:

3.1.Психология әдіснамасы.

3.2.Ғылыми зерттеу жұмысы және деңгейлері.

Мақсаты: Студенттерді психологиядағы ғылыми зерттеу жұмысының түрлерімен және деңгейлерімен таныстыру.

Мәтіні: Психология әдіснамасы - психология теориясы, психологиялық құбылыстарды қарау принциптері, зерттеу әдістері туралы білімді тәжірибесіне енгізу жолдары. Әдіснаманың теориялық жағы негізгі психологиялық және педагогикалық зандылықтардың анықталуымен байланысты, ғылыми ізденудің бастапқы алғышарты ретінде, дүниетану қызметіне еніп, педагогикалық зерттеудің қандай философиялық, биологиялық, психологиялық идеялардан құрылғанын анықтап, алынған нәтижені дәлелдеп және қорынды шығарады. Әдінаманың нормативтік жағы – педагогикалық-психологиялық объектілерді қараудың жалпы принциптерін, ғылыми психологиялық зерттеудің жалпы және жеке тәсілдерінің жүйесін зерттеу.

Ғылыми психологиялық зерттеу - жаңа психологиялық білімді қалыптастыратын танымдық әрекет түрі, психикалық қасиеттердің дамуының объективті заңдылықтарын ашуға бағытталған үдеріс. Ғылыми-зерттеу - таным іс-әрекетінің бір түрі және жаңа ғылыми білім құру үдерісі. Ол объективтілігі, дәлелділігі нақтылығы жағынан сипаталады.

Педагогикалық үрдістің өзіндік қайталанбастық, біртекті емес ерекшелігіне қарай күрделі. Кез келген педагогикалық үдерістің бастапқы орындалғанынан соңғы жаңғыртылуында айырмашылық бар. Сондықтан педагогика ғылымында нақты ғылыми эксперимент жүргізу өте қиын да мүмкін емес болғандықтан, шартты және салыстырмалы қорытынды жасалады.

Психологиялық ғылыми зерттеудің деңгейлері төмендегідей қалыптасқан:

1 .Эмпирикалық (практикалық) - мұнда жаңа ғылыми фактілер анықталып эмпирикалық зандылықтар тұжырымдалады. Жинау, таңдау, сәйкестендіру, талдау және жалпылау, практикалық зерттеуден алынған фактілер сандық, сапалық өңдеуден өтеді.

2.Теориялық: негізгі, жалпы педагогикалық зандылықтар құрылады, бұрын зерттеліп ашылған фактілерді анықтап, болашақтағы фактілерді, жағдайларды алдын ала болжай және көре білуге мүмкіндік туғызады.

З.Әдіснамалық: эмпирикалық және теориялық зерттеуі нәтижесінде психологиялық құбылыстың жалпы принциптері мені әдістері мен теориясы құрылады. Зерттеудің бұл деңгейі іргелі деп аталады.

Ғылыми психологиялық зерттеудің әдіснамалық принциптері: психологиялық құбылыстардың себептерін, факторын, шарттарын анықтаудың объективтілігі және шарттылығы;

- психологиялық құбылыстарға және үдерістерді зерттеуге тұтастай қарау; '

- құбылыстардың байланысын және басқа құбылыстармен өзара байланысын зерттеу;

- құбылыстардың және оның дамуын зерттеу.

Ғылыми зерттеудің негізгі компоненттері: зерттеудің өзекті мәселесі тақырыбы, объектісі, пәні, мақсаты, міндеттері, болжамы болады.

Зерттеудің өзектілігі, көкейкестілігі - жауабын іздейтін ұйымдағы сұрақ немесе зерттеліп отырған құбылыстың белгісіз жағын құру.

Зерттеу тақырыбы: зерттеу мәселесінің аспектілерінің анық, нұсқа берілуі. Тақырып сол қоғамның объективті талаптарына, сұраныстарына жауап бере алатындай болуы керек.

Зерттеу объектісі - іздену аймағы. Мұндай объектілерге педагогикалық жүйе, құбылыс, үдеріс (білім беру, даму, жеке тұлғаны қалыптастыру, ұжым) жатады.

Зерттеу пәні - объектінің ішін ізденудегі аспектісі, зерттеліп отырған құбылыстың таралу үдерісі, элементі, байланысы, қатынастардың жиынтығы.

Зерттеудің мақсаты: зерттеліп отырған мәселенің себеп-салдар байланыстарын және заңдылықтарын айқындау, теориясы мен әдістемесін ұсыну.

Зерттеу міндеттері: зерттеу мақсатының бөлшектенуі, зерттеу, анықтау, айқындау, қорытындылау, нақтылау, ұсыну, тәжірибелік жұмыста тексеру тұрғысында құрылады.

Зерттеудің болжамы: психология ғылымындағы өзекті мәселенің теориялық және практикалық жағын талдау негізінде шешімін алдын ала болжау. Зерттеуші болжамында жаңаны алдын-ала көре алатындай болуы керек. Зерттеу болжамы егер..., сонда,,,, өйткені... деген ұғымдармен байланысып құрылады. Жоғарыдағы ғылыми жұмыстың компоненттері бір-бірімен тығыз байланыста болуы кажет. Егер ғылыми зерттеу аппаратын дұрыс құрылмаған жағдайда, он дұрыс ғылыми дәлелді нәтиже алынбайды.

Ғылым дамуының заңдылықтарына, сипатына қарай ғылым логикасы сапасының өзіндік ерекшелігі бар.

Ғылым логикасы - ғылыми танымның логикалық зандылықтарын зерттейтін философиялық ғылымның бір саласы. Ғылым, ғылыми теория өзінің зерттейтін затын ұғым мен ой формаларында бейнелейді. Соның арқасында ғылым берілген пән саласында ой-өрісінің барысын, ережелерін анықтайды. Осыған орай әрбір ғылыми өзіндік логикасы бар деуге болады. Олай болса ғылым логикалық тұрғыдан талдау мәселесі занды болып табылады.

Зерттеу логикасы:

1.Тақырыпты, өзекті мәселені, мақсатты, объектіні, пән зерттеу міндеттерін анықтау.

2. Зерттеу жоспарын құру және жоспардың бірінші нұсқасы бойынша орындалуы.

3. Зерттеу проблемасы бойынша әдебиеттердің тізімін құру.

4. Зерттеудің жалпы әдістемесін және әдістерін, базасын белгілеу.

5. Теориясын және тарихын зерттеу, негізгі ғылыми ұғымдарды талдау.

6. Осы проблеманың практикадағы тәжірибесін зерттеу.

7. Белгілі көрсеткіштер бойынша диагностикалық әдістемесін кұру.

8. Алынған нәтижені талдау, жинақтау және болжам негізінде құру.

9. Болжамды тексеру әдістемесін ұсыну.

10. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізу анықтау және қалыптастыру, бақылау эксперимен тәжірибелік жұмыстар.

11. Бақылау жүргізу.

12. Алынған нәтижені талдау және жалпылау, зерттеп отырған проблеманы теориялық негіздеу.

13. Практикалық нұсқауды ұсыну.

14. Жұмысты безендіру және зерттеу жұмысының мәтін редакциялау.

Студенттің өздігімен орындауына тапсырма:

1. «Әдіснама», «ғылыми таным әдістері» туралы философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерден конспекті жасау және талдау.

2. Диплом жұмасытары мен магистрлік диссертацияларды талдау және салыстыру.

3. Өздігінен педагогикалық проблема құру және тақырып таңдау.

4-лекция тақырыбы: Психологиялық-педагогикалық диагностикалау.