
- •5В010300 – Педагогика және психология
- •Пєнніњ міндеттері:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •19 Ғасыр фактілерді жинақтауда бақылыу әдісі негізгі – деп саналды.
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Квазиэксперименттің негізгі типтері:
- •Жоспары:
- •Глоссарий
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
Жоспары:
13.1.Курстық жұмыс және оларды орындау әдістемесі.
13.2.Дипломдық жұмысты орындау әдістемесі.
Мақсаты: Студенттерге курстық және дипломдық жұмыстың түрлері және орындалу әдістемесімен таныстыру.
Мәтіні: Қазіргі таңда болашақ педагогты жан-жақты кәсіби шеберлікпен дайындау мәселесі бүгінгі күн тәртібіндегі көкейкесті мәселелердің бірі. Педагогтың кәсібм шеберлігінің бір саласы оның шығармашылық мүмкіндіктерінің дамуында күнделікті педагогикалық жағдайларды талдап шеше білу және өсклең ұрпақтың оқу мен тәрбие құралдарын, жолдарын анықтап білуінде.
Бұл іскерлікті жүзеге асыру үшін студенттер институт, университет қабырғаларында жүргенде курстық жұмыстар, соңғы курстарда дипломдық жұмыстар орындайды.
Курстық жұмыстың мақсаты – студенттердің логикалық ойлау шығармашылық қабілеттерінің оқу-тәрбие үдерісіндегі дағдысын, ғылыми зерттеушілік шеберлігінің деңгейін теорияны практикамен ұштастыра білу мүмкіншілігін практикада қолданып қалыптастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
студенттің немесе мұғалімнің педагогикалық ғылыми жаңалықтарды меңгеруін;
олардың ғылымилық, жүйелілік, теорияның практика тәжірибесімен байланыстылығы, тарихилық, диалектикалық жүйемен жүргізу керек;
қарама-қайшылық, сан мен сапаның бірлігі сияқты категорияларды меңгеруін;
студенттердің зерттеудің ғылыми әдіснамасы мен тәсілдерін оқытудың жаңа технологиясын,дамыта оқыту идеясын басшылыққа алуын қамтамасыз ету.
Ғылыми жұмыстарды, оның ішінде курстық және дипломдық жұмыстарды орындау туралы көптеген әдебиеттерде берілген үлгілерге, талаптарға және оның ерекшеліктерін зерттей келіп А.М.Новиков, Н.Г.Кушков, И.В.Мохов, В.И.Смирнов, Н.Е.Соколова, Н.А.Сокорин, В.И.Журавлев, И.Д.Андреев, В.В.Краевский, Ш.Т.Таубаева, З.А.Исаева, А.Ерназаров, М.Жайлауова, А.Жалғасбаевалар студеттердің орындайтын курстық және дипломдық жұмыстарына талдау жасай отырып зерттеу сипатының негізіне қарай төрт топқа жіктеген:
теориялық-логикалық сипаттағы курстық және дипломдық жұмыс;
озық тәжірбиелерді оқып-үйрену негізінде орындалатын курстық және дипломдық жұмыс;
эксперименттік сипаттағы курстық жұмыс;
тарихи логикалық сипаттағы курстық жұмыс.
Енді осы жоғарыда аталған курстық жұмыстың түрлеріне жеке-жеке тоқталып өтейік:
Теориялық-логикалық сипаттағы курстық жұмыстар.
Берілген әдістерді терең оқу арқылы бір ғылыми мәселенің ашылу жағдайын қарастырады. Студенттер мұндай жұмыстарды орындай отырып, библиографиялық ізденіс жасай білу керек. Әдеттегі берілген матеиралдарға талдау жасайды. Зерттелінетін мәселе бойынша ұсыныстар жасап, жаңа идея ұсына алады немесе бұрынғы идеяға түзету енгізеді қорытынды жасайды.
Тарихи логикалық сипаттағы орындалатын курстық жұмыстар.
Белгілі бір кезеңдегі өскелең ұрпақтың тәрбие жұмысын қалыптастыру заңдылықтарын, нәтижелерін, мақсатын зерттеу. Мұндай типтегі курстық жұмыстарды негізінен тарих, философия факультеттерінің студенттерді белгілі бір тарихи құбылыстың мән-жайын, тарихи оқиғаның шығу себептерін, педагогика тарихы, баспасөз тарихы туралы мәселелерді зерттеу барысында орындайды. Бұл жағдайда тарихи ғылымдарда пайдаланатын зерттеу әдістері қолданылады. Олар: тарихи материалдарды тарихи теориялық тұрғыдан талдау, статистикалық талдаудан тұрады.
Курстық жұмыс құрылымы: өңірбет, жоспары, кіріспе, негізгі бөлім, тақырыпқа байланысты әдебиеттерге шолу, қорытынды, әдебиеттер тізімі.
№ |
Кезеңдердің атауы |
Орындау мерзімі |
1. |
Қажетті әдебиеттерді жинау |
1-2 апта |
2. |
Библиография тізімін дайындау |
3 апта |
3. |
Әдебиеттерге шолу, таңдау |
4-6 апта |
4. |
Курстық жұмыстың негізгі теориясын құру |
7-9 апта |
5. |
Кіріспе дайындау |
10 апта |
6. |
Қорытынды дайындау |
11 апта |
7. |
Ұсыныстарды дайындау және курстық жұмысты безендіру |
12-14 апта |
8. |
Дайын курстық жұмысты қорғауға рұқсат алу |
15-16 апта |
Зерттеу жұмыстары, оның ішінде дипломдық жұмыстарды орындауды ұйымдастыру, эксперимент жүргізу, студенттерді дайындау, эксперимент жоспарын құра білу, балалармен зерттеу жүргізудің әдіс-тәсілдерін меңгеру, эксперимент қорытындысы өңдеу сияқты зерттеу жұмыстарының өзіндік өлшемдік мәселелерін көптеген ғалымдар өз еңбектерінде зерттеді (И.Д.Андреев, Ю.К.Бабанский, В.И.Журавлев, Н.А.Сорокин, И.Е.Соколова, В.И.Смирнов, А.Д.Оришин, В.И.Загвзинский, В.В.Краевский, М.Н.Скаткин, Я.С.Турбовский, В.В.Ншшмов, Н.И.Болдырев, Ш.Т.Таубаева, З.А.Исаева, С.Н.Лактионова, Н.Д.Хмель, В.А.Сластенин, Қ.Аймағанбетова, Г.М.Храмова, С.Т.Каргин, Л.Н.Маркина, К.Омарова, Д.М.Джүсубалиева, және т.б.).
Аталған ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, эксперименттік жұмыстар, оның жүргізу шарты, мақсаты мент міндеттерін анықтау мәселелеріне тоқтала еле, дипломдық жұмыстарды орындау үдерісінің бірнеше мәселелерді шешумен байланысты екенін анықтадық. Дипломдық жұмыстарды орындау бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Әр кезеңнің мазмұны жұмыстың жоспарын белгілейді.
Дипломдық жұмысты орындау реті бірізділікті қажет етеді:
Зерттеу тақырыбын таңдау, оның өзектілігін негіздеу, зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау, зерттеу нысанасын белгілеу, нысана туралы білімдерді игеру, мәселені көтеру, зерттеу пәнін анықтау, болжам жасау, зерттеу жоспарын құру, зерттеу әдістерін анықтау , белгіленген жоспарды жүзеге асыру, болжамды тексеру, зерттелінер нысананы түсіну үшін мәселенің маңыздылығын анықтау, табылған шешімнің практикада қолданылуының мүмкіндіктерін анықтау.
Студенттердің дипломдық жұмысын таңдаудың нұсқалары
Студент оқытушының жетекшілігімен курстық жұмыс, ғылыми конференцияларға мақала дайындағанда, педагогикалық практикада кездескен проблемаларға байланысты бірлесіп таңдауына болады.
студент зерттеу бағытын және осы мәселемен айналысып жүрген ғылыми жетекшіні таңдайды, бірақ кафедра меңгерушісіне өтініш жазады.
оқытушы студенттің зерттеуге қызығын және мүмкіндігін ескере отырып, диплом жұмысының тақырыбына проблемаларды ұсынады және оның келісуімен тақырыбын және ғылыми жетекшісін кафедра мәжілісінде бекітіледі.
кафедраның айналысып отырған зерттеу тақырыбы мен жобаларына байланысты студенттердің диплом жұмыстарының тақырыбын шығаруға болады. Бірақ олардың ғылыми қызығушылығы мен мүмкіндіктері ескрілуі шарт.
кей жағдайда студент өзіне зерттеу бағытын таңдайды, бірақ кімді ғылыми жетекші ретінде таңдауды білмейді. Ондай жағдайда кафедра меңгерушісіне кімді ұсынатына өтініш білдіреді.
студент ешқандай тақырып таңдау туалы ойын білдірмейтін жағдайлар кездеседі. Ондай жағдайда кафедра меңгерушісі факультет деканымен бірлесіп студентпен әңгімелесіп тақырыбын және ғылыми жетекшіні таңдауға бағыт береді немесе бекітеді.
Студенттердің дипломдық жұмысының ғылыми аппараты:
тақырыптың өзектілігі
зерттеу проблемасы
диплом жұмысының нысанасы және пәні
мақсаты
зерттеу болжамы
негізгі міндеттері
мақсат және міндеттерді шешу жолдары
жаңалық элементтері
практикалық мәні.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау. Зерттеу жұмысының негізгі тақырыбына қарай оның мақсаты анықталады. Мақсат тақырыптың мазмұнын ашып көрсететіндейболу керек, ал міндеттер сол мақсатқа жету жолындағы бірнеше кезеңдерден өту жолын көрсетеді. Міндеттер әдетте 3-4 пункттен тұрады.
Зерттеу объектісі – педагогикалық құбылыс шеңберіндегі зерттелінетін мәселе. Бұл жерде негізгі сұрақ “кім?„ және “не?„ зерттелінетіні туралы болуы керек. Зерттеу нысанының қызметі зерттелінетін құбылыс шеңберінде болады.
Құбылыстың немесе әрекеттің неге бағытталатынын анықтау үшін эксперимент мәнін анықтау керек. Эксперимент аспектісі негізінде жаңа теория, жаңа білім алынды. Зерттеу пәні зерттелінер құбылысты немесе әрекетті білдіреді. Зерттеу пәні, оны анықтау мәселелері, эксперимент жүргізу, мәселені анықтау мен тікелей байланысты. Жоғарыда аталып келтірілген ғалымдардың зерттеулеріне сүйене келе зерттеу пәнін анықтауда зерттеушіге, яғни студентке немесе мұғалімге жауапты іс жүктеледі.
Мәселені көтеру. Дипломдық жұмыстарды орындау барысында бір немесе бірнеше мәселе болуы мүмкін. Негізгі мәселені көтеріп, жан-жақты ашып беру зерттеу жұмысының құндылығы ьолып табылады.
Болжам жасау. Зерттек пәнін алдын ала белгілеп “мынадай жұмыстарды жүргізгенде, осындай нәтижеге қол жеткізуге болады”,- деп, алдын-ала болжам жасап айту.
Әдебиеттерде гипотезаға әр түрлі анықтамалар берілген: Гипотеза – (грек, hypo – негіздеу, болжау) деген мағына береді. Ғылым дамуының формасы, құбылыстың себебін заңдылыққа сипаттау. Болжам – болған істің ақиқатын анықтау үшін бір немесе бір-бірінен айырмашылығы бар бірнеше мағұлмат. Яғни болжам жасау дегенімізден шығатын қорытынды бір айқындалмаған істі немесе құбылысты, жалпы мәселені шешу үшін фактілерге сүйене отырып, алдын-ала жорамал жасау.
Зерттеу жоспарын құру барысында мақсат-міндеттер негізінде тақырыпқа байланысты теориялық негізі жасалып, педагогикалық экспериментті жүзеге асыру жоспары құрылады.
Зерттеу әдістерін анықтау. Зерттеу әдістемесі тақырыпқа байланысты бірнеше әдістерден тұрады. Жұмыс барысында зерттеу әдістерін дұрыс таңдап және оны ғылыми тұрғыда ұйымдастыру керек. Зерттеу әдістерінің нәтижелерін өңдеуден өткізу, талдау жасау, жұмысты қорытындылау қажет.
Белгіленген жоспарды жүзеге асыру. Зерттеу тақырыбының, міндеттерінің негізінде зерттеу нысанасына алдын-ала жоспарланған ғылыми болжамда көрсетілген пункттерді практика нәтижесінде көру.
Болжамды тексеру. Жоспар бойынша эксперимент жұмысының нәтижесін кейін бақылау эксперименті негізінде алдын-ала жасалынған ғылыми болжамның дәлдігі, айқындығы анықталады. Болжамның дұрыстығын зерттеу жұмысында мақсатқа жету деп түсіндіріледі.
Табылған шешімнің практикада қолданылуының мүмкіндіктерін анықтау. Зерзерттеу нәтижесі бойынша белгілі бір шешімге еклу және сол шешімнің дұрыстығына, ақиқаттығына, дәлелдігіне көз жеткізе отырып, нәтиженің практикалық маңыздылығын анықтау. Оны басқа да зерттеушілер өз іс-тәжірибесіне қолдануына жағдай жасау, әдістеме ұсыну.
Дипломдық жұмыстарға қойылатын талаптар:
Студенттердің орындайтын дипломдық жұмыстары – ғылыми жұмыстар болып табылады. Сондықтан ғылыми жұмыстардың реті, оларды орындауға қойылатын арнайы талаптары анықталған. Ғылыми жұмыстың ғылыми негізінде болу үшін тақырып таңдағанда да, әдебиеттермен жұмыс жүргізгенде де, оның жоспарын құру кезінде де , жалпы жұмысты жазу барысында оның көлемінің белгілі бір ретте болуы, барлық зерттеу жұмыстарының ғылыми дәрежеде безендірілуі, эксперимент қорытындысы мен нәтижелерінің таңдау жинақтаудың зерттеу құндылығын арттыратындай дәрежеде болу ғылыми-зерттеу жұмыстарына қойылатын шарт болып табылады.
Сонымен дипломық жұмыстарға қойылатын негізгі талаптар: дипломдық жұмыс 50-60 беттен кем болмауға тиіс. Бет саны компьютер басылымы мен есептелінеді. Негізгі мәтінге жоспары, әдебиеттер тізімі, қосымшалар кірмейді. Дипломдық жұмыстарда пайдалынылған әдебиеттер саны 30-40-тан кем болмауға тиіс. Әдебиеттерге ғылыми еңбектер жинағы, мопография, конференция материялдарды, газеттер мен журналдағы басылымдар, кандидаттық және докторлық диссертациялар және олардың авторефераттары жатады. Дипломық жұмыс грфикке байланысты кезең бойынша орындалады. Студент жұмыстың орындалу барысы туралы әр кезең бойынша жетекшіге есеп беріп, одан кеңес алып отырады. Дайын жұмыс пікір берушіге толық безендіріліп, компьютерге басылған, түптелген кафедраның графигіне сай беріледі. Қорғауға дейінгі 7 (жеті) күннен кешіктермеу керек. Жұмыстың жобасы дайын болғанда алдын-ала қорғаудан өтеді. Қорғау комиссия мүшелерінің қатсыуымен өтеді. Дипломдық жұмысты қорғау кезінде ғылыми жетекшісінің берген пікірі мен тәжірибе жүргізген бала-бақшадағы тәрбиешінің пікірі ескріле отырып, комиссия мүшелерінің шешімімен бағаланады.
Студенттің өздігімен орындауына тапсырма:
Өзің таңдаған тақырып бойынша оның өзектілігін дәлелдеп, қарама-қайшылығын көрсетіп кіріспе бөлімін жазу.
Таңдаған тақырып бойынша топтық жобаларын қорғау.
Диплом жұмысының ғылыми аппаратын құру.
Диплом жұмысының жоспарын құру.
Ғылыми жетекшінің студентпен бірлескен жұмыс жоспарының үлгісі
№ |
Кезеңдердің атауы |
Орындалу мерзімі |
1. |
Қажетті әдебиеттерді жинау |
|
2. |
Библиогрфия тізімін дайындау |
|
3. |
Әдебиеттерге шолу, таудау |
|
4. |
Кіріспе бөлімін дайындау |
|
5. |
Тақырыбын бекіту |
|
6. |
Теориялық бөлімін құру |
|
7. |
Эксперименттік жұмыстарды жүргізу |
|
8. |
Тәжірибелік педагогикалық жұмыстардың нәтижесін шығару |
|
9. |
Қорытынды және ұсыныстарды дайындау және безендіру |
|
10. |
Диплом жұмысын алдын-ала қорғау және қорғауға рұқсат алу |
|
14-лекция тақырыбы: Психологиялыќ µлшеулердіњ классикалыќ теориясы.