Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
психология ГЗА .кешен 2012.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
565.25 Кб
Скачать

Жоспары:

12.1.Интернетпен жұмыс әдістемесі.

12.2.Ақпарат жинау. Ақпараттық ресустарды іздеу.

Мақсаты: Студенттерге ақпарат жмнаудағы интернеттің орны және жұмыс істеу әдістемесін меңгерту.

Мәтіні: Бүгінгі таңда Республикамыздың саяси, әлеуметтік-экономикалық өзгерістеріне сай білім беруді жетілдірудің негізгі бағыттарының бірі - білім беруді ақпараттандыр. Қазіргі уақытта республика мектептерін жаңа компьютерлік технологиямен қамтамасыз ету жұмыстары жүзеге асырылып, ақпараттық технологияны қолдану мен оны енгізу саласында, балалардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру мақсатында информатика курсын мектепке дейінгі кезеңнен бастап үйретуді жетілдіру жұмыстары жүргізілуде.

Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсетілген шетелдік және отандық әдебиеттерді талдау барысында педагогтың компютерлік сауаттылық деңгейін анықтау үшін мамандығ инфоматикамен байланысты емес педагог бағдарлама құра алуы тиіс пе деген сұрақ төңірегінде жасалған түрлі қадамдар байқалды.

Көптеген қазіргі зерттеушілер компьютерлік сауаттың негізін бағдарлама жасай алу машығы емес, компьютерді қолдана алу, оқыту үдерісінде қажетті компьютерлік бағдарламаны таңдай алуы деп санап келеді.

Біздің ойымызша, мұғалім ең алдымен өз саласының білікті маманы болуы тиіс, олай болмаған жағдайда мақсатын айқындап, міндеттерді қоя алмайды, зерттелетін құбылыстар жайлы үлгі құра алмайды, алынған нәтижелерді түсіндіріп, өз кәсіби қызметінде жаңа ақпараттық технологияларды ұтымды пайдалана алмайды, сондай-ақ өз біліктілігін тиісті деңгейде көтере алмайды.

Мұғалімнің мамандық ерекшеліктерін ескере отырып, оқу үдерісінде есептегіш техника құралдарын қолдануға дайындығын міндетті (минималды) білім көлемін, компьютерлік оқыту технологиясын негізгі әдәстерін сенімді қолдануына мүмкіндік беретін дағдылар мен машықтарды қамту керек. Ақпараттық мәдениет – бұл ең алдымен әдістемелік, дүниетанымдық, жалпы мәдени, гуманитарлық, арнайы және әдістемелік аспектілерді қамтыған ақпаратты өңдеу үдерісінің мәнін түсіну.

Ақпараттандыру - әр түрлі ақпараттық қорларды қалыптастыру мен пайдалану негізіне азаматтардың мемлекеттік өкімет органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің құқықтарын жүзеге асырып, олардың ақпараттық талаптарын қанағаттандыру үшін тиімді жағдай жасау жолында ұйымдастырылған әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық үдеріс.

Қазіргі кезеңдегі жаңа ақпараттық технологиялар – компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.

Бүгінгі таңда ақпарат жинау көзі ресейде, елімізде, шет елде кең тараған аналитикалық ақпараттар, содан кейін фактілі, статистикалық ақпарттар басым. ПК көмегімен екі негізі ақпарттық ресурс бар. СД және ДБД компакт дисктегі мультимедиялық электрондық энциклопедия оның ішінде көп томды «Британика» 4 компакт-диск кездеседі.

Студенттің өздігімен орындауына тапсырма:

  1. Компьютерден интернет арқылы ақпарат жинау.

  2. Интернетпен жұмыс істеу әдістемесін пайдалану.

13-лекция тақырыбы: Курстық және дипломдық жұмыстарды орындау әдістемесі.