Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
психология ГЗА .кешен 2012.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
565.25 Кб
Скачать

Ф-ӘД-001/026

Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ - ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ

ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

«Психологиядағы ғылыми зерттеудің әдіснамасы мен әдістері» пәнінен

ЛЕКЦИЯЛАР ЖИНАҒЫ

5В010300 – Педагогика және психология

Түркістан 2012

Лекциялар жинағы ҚР БҒМ «_____» ________20___ж. № ___ бұйрығымен бекітілген Мемелекеттік Жалпыға міндетті білім беру стандарты, мамандықтың типтік оқу жоспары және «Жалпы психология» кафедрасының «___» _______201___ж. № ­­­__ Хаттамасымен бекітілген пәннің типтік оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.

Лекциялар жинағы «Жалпы психология» кафедрасының №___. «___»______201__ ж. мәжілісінде талқыланды.

Лекциялар жинағын құрастырған:п.ғ.к., доцент м.а. Искакова П.К.

Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д., профессор __________ Ж.З.Торыбаева

  1. КІРІСПЕ

Пєн туралы ќысќаша сипаттама: «Психологиядағы ғылыми зерттеудің әдіснамасы мен әдістері» курсының мазмұны психологиялыќ зерттеудіњ мањызды бµлігі болып табылады. Аталған курсты оқу барысында студент психологиялыќ зерттеудіњ негізгі кезењдері мен мазм±нын, аќпарат кµздерінен алынѓан нєтижелерді зерттеу мен µњдеу тєсілдері туралы маѓл±мат алып, психологиялыќ зерттеу ж‰ргізудіњ даѓдыларын игереді. Сонымен ќатар, мамандарды даярлау барысында олардың теориялық білімін тереңдетіп, тәжірибелік іскерлігін шындап, пән бойынша қажетті мағлұматтарды үйретіп, оларды тәжірибеде түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға үйретеді.

Пєнніњ мақсаты: Студенттерді ғылым туралы біліммен қаруландырып, зерттеу жұмысына қызығушылықтарын оятып, зерттеу әрекетіне кәсіби қызығушылығын қалыптастыру және психологиялық зерттеу жұмыстарының орындалу жолдарын, заңдылықтарын меңгерту.

Пєнніњ міндеттері:

- студенттерге психология ғылымының зерттеу нысанасы, заңдылықтары туралы білім беру;

- ғылыми зерттеу әдістерін практикалық түрде қолдана білуін дамыту;

- ақпарат көздерімен өздігінен жұмыс істей білу дағдысын жетілдіру;

- өзін қызықтыратын мәселені теориялық материалдарымен толықтырып, практикалық тұрғыда тәжірибе жинақтауға үйрету;

- өзінің мамандығына кәсіби тұрғыда даярлығын қамтамасыз ету;

- зерттеудің әдіснамасын меңгерту;

- болашақ маманның әдіснамалық мәдениетін қалыптастыру.

Пререквизиттер: жалпы психология, жас ерекшелік психологиясы, даму психологиясы, әлеуметтік психология

Постреквизиттер: педагогикалық психология, тұлғаны психологиялық-педагогикалық диагностикалау, эксперименталды психология, сандық-сапалық талдау, интерпретация әдістері.

Қысқартылған сөздер:

CӨЖ – студенттің өзіндік жұмысы;

ОБСӨЖ - оқытушы басшылығымен орындалатын СӨЖ.

2. ЖҰМЫС ОЌУ ЖОСПАРЫНАН К¤ШІРМЕ

Семестр

Аудиториялыќ сабаќтар

Аудиториядан тыс сабаќтар

лекция

прак

сем

лабор

ОБС¤Ж

С¤Ж

1

5 семестр

30

15

45

45

Барлыѓы

30

15

45

45

ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ

1-лекция тақырыбы: Психологиядағы ғылыми зерттеудің әдіснамасы мен әдістеріне кіріспе.

Жоспары:

1.1.Пәннің мақсаты және педагог-психологтың әдіснамалық мәдениеті.

1.2.Болашақ маманға қойылатын талаптар.

1.3.Педагог-психологтың зерттеушілік және шығармашылық қызметі.

Мақсаты: Студенттерді «Психологиядағы ғылыми зерттеудің әдіснамасы мен әдістері» курсының мақсаты мен міндеттерімен таныстырып, әдіснамалық мәдениет туралы тусінік беру.

Мәтіні: Бүгінгі таңдағы қоғамдағы өзгерістер мен ғылыми-техникалық прогрестің даму бағыты білім беру саласында қызмет ететін мамандарды дайындауға ерекше міндеттер мен талаптар қойып отыр. Қазіргі жоғары оқу орындарының алдында тұрған күрделі міндеттердің бірі - студентттердің ғылыми ойлау дәрежесін өзіндік шығармашылық жұмыстарымен байланыстыра отырып дамыту.

Елбасының "Интеллектуалды ұлт- 2020" жобасында қазіргі заманның білім берудің периспективалық міндеттерін атай келе, интеллектуалдық әлеует пен терең ақылымен, шексіз қызығушылығымен, өмірлік күш қуатымен ерекшеленуі тиіс дем, бүгінгі жастарды іздемпаздыққа, шығармашылыққа, өздігімен білім алуға, жаңаны жасауға шақырады.

Басты міндеттердің бірі студенттердің өздігімен іздену жұмыстары негізінде ғылыми ойлау қабілетін шыңдап, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру. Болашақ мамандардың зерттеушілік қызметі - алдыңғы қатарлы тәжірибелер мен ғылыми теориялық психологиялық, педагогикалық, әдістемелік жаңалықпен танысуы, ғылыми зерттеу әдіснамасы мен әдістерін орнымен колдана білуі қажет. Болашақ мамандардың аталған қызметті меңгеру үшін ғылыми зерттеу жұмыстарының әдістемесін үйренудің маңызы зор.

Бұл міндеттерді шешуде студенттер рефераттық жұмыстар, әдебиеттерге талдау жасау, ғылыми зерттеу әдістерін орнымен пайдалана білу, эксперимент жүргізу, кітанханаларда библиографиямен жұмыс істей білу, ғылыми баяндамалар құру, курстық және дипломдық жұмыстар орындаудың әдіс-тәсілдерін меңгеруі қажет.

Курстың мақсаты - студенттерді психологиялық зерттеу әдіснамасымен таныстырып, ғылыми зерттеу жұмыстарының әдістемесін меңгерту.

Курстың міндеттері:

- студенттерге психология ғылымының зерттеу нысанасы, заңдылықтары туралы білім беру;

- ғылыми зерттеу әдістерін практикалық түрде қолдана білуін дамыту;

- ақпарат көздерімен өздігінен жұмыс істей білу дағдысын жетілдіру;

- өзін қызықтыратын мәселені теориялық материалдармен толықтырып, практикалық тұрғыда тәжірибе жинауға үйрету; өзінің мамандығына кәсіби тұрғыда даярлығын қамтамасыз етеді;

- зерттеудің әдіснамасын меңгерту;

- болашақ маманның әдіснамалық мәдениетін қалыптастыру.

Қазіргі кезеңдегі нарықтық саяси-экономикалық жағдайдағы іргелі бетбұрыстардың қоғамдағы әлеуметтік жағдайларға әсер етуі, ғаламдану үдерісінің рухани өмірімізде қарқынды дамуы жеке тұлға мен қоғам арасында жаңа қатынастар тудырады. Ең бастысы білім беру жүйесінің әлемдік білім кеңістігіне толғымен кіруге беталысы, ұлттық бәсекелестілікке кабілетілік бірінші кезекте тұлғаның білімділік деңгейімен анықталады.

Бұл стратегиялық мақсат жоғары оқу орындарының дамуы мен одан әрі жетілуін қамтамасыз ететін құрал ретінде қарастырылып отыр. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Жылдам өзгеріп отырған дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуде, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өздігімен дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп жоғары оқу орындарында мамандар дайындау сапасын арттыруда тұлғаның ғылыми ойлау белсенділігін дамытып, білім мен біліктерін өмірдің жаңа жағдайында пайдалана білуге үйрету қажеттілігін міндеттейді. Бұл міндеттерді жүзеге асыру педагог-психологтың әдіснамалық мәдениетіне тікелей байланысты.

Педагог-психологтың әдіснамалық мәдениеті – педагогика және психология әдіснамасы туралы білімі, оны педагогикалық әрекетінде қолдану біліктілігі. «Әдіснамалық мәдениет» ұғымы XX ғасырдың 90 жылдарындагы педагогикалық әдебиеттерде қалыптаса бастап, зерттеуші педагогтың әдіснамалық санасы, ойлауы, зерттеушінің кәсіби сапасы, әдіснамалық дайындығы тұрғысынан түсіндірген.

Педагогикалық әдебиеттерде мұғалімнің әдіснамалық мәдениеті педагогикалық зерттеудің логикалық заңдылығы туралы білімін қолдана алуы, оның негізінде зерттелетін құбылыс пен фактілерді талдауы, өзінің тұжырымына, ғылыми нәтиженін ақиқат екендігіне сенімі деп сипатталған.

Кеңестік философиялық сөздікте «әдіснама (әдіс және логия сөзінен шыққан) - іс-әрекеттің амалы, әдісі, құрылымы, логикалық ұйымдастырылуы». Философиялық энциклопедиялық сөздікте «әдіснама - теориялық және практикалық іс-әрекетті кұру және ұйымдастыру тәсілдері мен ұстанымдарының жүйесі». Сонда жоғарыдағы анықтамаларды ескерсек, педагог-психологтың әдіснамалық мәдениетін, зерттеушілік қызметін қалыптастыруда арнаулы білім, білік, құзыреттілікпен қамтамасыз етуде оку, пәндерін енгізу, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды дайындау қажеттілігі айтылады.

Педагог-психологтың зерттеушілік қызметіне қойылатын талаптар: қоғам дамуының болашағын түсінуі және педагогикалық ойлау қабілетінің жоғары болуы, болашақ ұрпақтың үйлесімді дамуын терең зерттеу және сенімділік; психологиялық зерттеу әдіснамасы мен әдістерін меңгеру; ақиқатқа деген, белгісізді тануға деген ұмтылыс, ойлаудың талдау-жинақтау формаларын меңгерген, бақылағыштық; кез келген идеяға, тұжырымға сыни көзқараспен қарауы. Зерттеуші педагог-психологтың іс-әрекеттерін салыстыра келсек, психологиялық әрекет зерттеу әрекетіне қарағанда өзіндік ерекшелігі бар.

Педагог-психологтың нысанасы - педагогикалық үдеріс және жеке тұлға. Ғылыми психологиялық зерттеудің объектісі - педагогикалық құбылыстар мен фактілер. Әдістер мен тәсілдерін салыстырса, педагог-психолог – оқыту үдерісінде жеке тұлғаның психикалық қасиеттерінің әдіс-тәсілдерін білсе, зерттеуші - құбылыстар мен үдерістерді зерттеу әдістерін білуі қажет.

Осы тұста сіздерде неге педагог-психолог ғылыммен айналысу керек, неге әдіснамасын және зерттеу әдістерін білуі қажет деген сұрақ тууы мүмкін. Өйткені, педагогикалық процесте үнемі шешімін таппайтын проблемалармен сұрақтар, жағдайлар болып тұрады. Мұның бәрі ғылыми жаңалық болмаса да, педагог-психологтың әдіснамалық мәдениеті кез келген жағдаяттан шыға білуге мүмкіндік береді. Сондықтан педагог-психолог әдіснамасын қолданудың жүйесі мынандай:

-нақты кеңістіктік-уақыттық жағдайда оқу-тәрбие үдерісінің мақсат және міндеттерін түсіну;

-жеке тұлғаның даму деңгейін диагностикалау әдістемесі мен әдістерді таңдау;

-алынған нәтиженің негізінде оқу-тәрбиелеу үдерісін жобалау және кұрастыру;

-тапсырмаларды шығармашылық тұрғыда шешу және құра білуі;

-психологиялық, педагогикалық және әдістемелік рефлекция, яғни өзінің әрекетін обьективті түрде талдауы және бағалауы, қателігі мен сәтсіздігін көре білуі.

Сонымен, педагог-психолог зерттеушілік қызметті меңгерген жағдайда оның шебер, жаңашыл болуына және еңбегінің нәтижесі жоғары көрсеткіштерді беретіні сөзсіз. Сондықтан педагог-психологтың әдіснамалық мәдениеті оның педагогикалық құзыреттілігінің және шеберлігінің басты көрсеткіші болып табылады.

Қазіргі уақыттағы ғылымның методологиялық мәдениеті –оның интелектуалдық мәдениетінің бір болігі болуы тиіс.

Методологиялық мәдениет қалыптастырудың қайнар көздерінің бірі іс-әрекет тәсілдкерін, үлгілерін меңгеру, және іс-әрекет құралдарын қалыптастыратын, ғылымның жалпы методологиясын білу болып табылады.

Ал, методологиялық іс-әрекет құралдарына – ғылым туралы жалпы түсінік, оны қалыптастыру және дамыту заңдылықтарын білуі, жаңа білімнің пайда болу механизімі туралы,жаңа ғылыми идеяларды ұсыну жайындағы түсініктер жатады.

Методологиямен жекелеген көрнекті ғылым қайраткерлері ғана айналысады - деген кең тараған ұғым ескірді. Қазір жаңа міндеттерді шешіп жатқан әр ғылымға методологиялық қажыр-қайрат, методологилық іс-әрекет керек.

Бұл іс-әрекет тәжірибесі іс жүзінде тіркелмеуде, ғалымдардың өздері оны актуалды міндет ретінде ескермеуде.

Шамасы, ғалымды методологиялық іс-әрекетке үйрету болмайтын сияқты. Ал, методологиялық іс-әрекеттің алғы шарты ретінде, оның методологиялық мәдениетінің қалыптасуына көмектесуге болады.

Бұл мақсатқа жетудің бір құралы - әр типтегі методологиялық іс-әректтің жалпы схемаларын білу деп есептейміз.

Оларды меңгеру нәтижесінде зерттеушіде айқын бағдар пайда болады.

Біздің тұжырымдауымызша методология: 1) зерттеудің негізгі бағыттары мен бағдарламаларын анықтау; 2) проблеманың дұрыс қойылуын қамтамасыз ету; 3)ғылыми зертеудің әдістері мен құралдарын жасау; 4) нысананы, зерттеудің жалпы жолдарын анықтау; 5) ғалымдарды ғылыми іс-әрекеттің интелектуалды техникасымен қамтамасыз ету; 6) ғылыми ізденістің жалпы стратегиясын белгілеу; 7) зерттеуші қозғалысын нысаналы мазмұн бойынша түзету; 8) зерттелетін объектідегі приципиялды құрлым мен негізгі, өзара байланыстарды шешу; 9) зерттеу нәтижелерін бағалау үшін – кретерийлер жасау; 10) ғылыми зерттеудің нысаналығын негіздеу және құру міндеттерін қояды,:

Бұл міндеттер ғылым методологиясының ұғымдарын меңгеруді талап етеді. Сондықтан, төменде педагогикалық зерттеудің ғылыми аппараттарын жасау және сипаттау кезінде қолданатын кейбір категориялар мен ұғымдарды ілгері ғылыми еңбектер мен ғылыми баспасөзден іріктеп алып, жүйелеп және қажетті түсініктермен беріп отырмыз.

Методология. өте кең мағынада – бұл іс-әрекет құрылымы, оның логикалық ұйымдастырылуы, әдістері мен құралдары жайлы ілім.

Ғылыми методология – ғылыми танымды құру прициптері, формалары мен әдістері жайлы ілім, шындықты ревалюциялық түрлендіру құралы.

Келтірілген методологиялық жалпылама анықтамалары конозияциялаудың қажеті жоқ, өйтені, олар методология атқаратын функциялардағы ацтарлықтай ерекшеліктерді көрсетпейді, методологияныңқай түрге жататынын (нормативті немесе дескретивті) ескермейді.

Нормативті методологиялық ілім – белгілі бір іс-әрекет түрлерінің мазмұны мен кезеңін белгілейтін ережелер және нормалар түрлерінде болады.

Ол, төмендегідей 3 функцияны атқарады: 1- проблеманың мазмұндық тұрғыдан да, формалдық тұрғыдан да дұрыс қойылуын қамтамасыз етеді; 2-қойылған міндеттер мен проблемаларды шешу үшін белгілі бір құралды береді; 3-зерттеулерді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Дескретивті методология негізгі міндеттері – танымның даму тенденциялары мен формалары, оның әдістері категориялық және ұғымдық құрлысы тұрғысынан әрбір нақты кезеңге байланыстыра зерттеу болып табылады.

Қарастырылған функциялардың әр тектілігі, олардың қандай да бір шекара шеңберіндегі бір нысана арқылы орындалмайтынын, әр түрлі нысаналар арқылы және әр түрлі формалар арқылы орыындалатынын көрсетеді.

Сондықтан, методологиялық білімнің әр түрлі типтері мен деңгейлері туралы айтуымыз қажет.

Ең жоғарғы деғгейді философиялық методология құрайды. Оның мазмұны танымның жалпы принциптері мен ғылымның жалпы алғандағы категориялық құрлысынан тұрады. Методологияның осы саласы ғана философиялық білімге жатады да, философияға тән әдістер арқылы түзеледі. Сонымен бірге оның философияның бір ерекше болімі түрінде түсінбеуіміз керек бұл жерде методологияда фуннкцияның философиялық білімнің тұтас жүйесі орындайды.

Методологияның философиялық деңгейі нақты жағдайда нормалардың, «рецептердің» - немесе техникалық әдістердің қатып қалған жүйесі түрінде емес (оны бұлай түсіндіру ғылыми танымның догмаға айналуына алып келер еді), танымдық іс-әрекеттің алғы шарттары мен бағдарлар жүйесі түрінде болады. Бұған, мазмұндық алғы шарттар мен бірге (ғылыми ойдың дүние тану негіздері, дүниенің философиялық бейнесі), ғылыми ойлардық жалпы формалары, оның тарихи анықталған категориялық құрлысына жататын формалары алғы шарттары да кіреді.

Методологияның екінші деңгейі – зерттеудің жалпы ғылыми принциптері мен әдістері мен формаларының деңгейі түрінде есептеледі.

Бірақ бұл деңгейде туатын проблемалар сипаты барлық немесе кез келген ғылым саласына тікелей қатысты деп түсінбеу керек. Олардың спецификасына нақты нысаналы мазмұнға араласпау, сонымен бірге, ғылыми таным процесінің жалпы белгілерін оның дамыған формаларын түсіндіру кіреді.

Келесі деңгей – «нақты ғылыми методология», яғни ғылымның арнаулы саласына қолданылатын әдістердің зерттеулер мен процедуралық прициптердің жиыны. Мысалы, кәсіпке баулу методологиясы - өндірістің әрбір саласының проблемаларымен бірге, психолого-педогогикалық ғылымдар тудыратын мәселелер қарастыру жататыны түсінікті.

Жоғарыдағы деңгейлерді методология құралдарды іске қолсуды-оларды механикалық түрде көшіру деп түсінбеуіміз керек.

Әр нақты жағдайда бұл құралдар өздеріне сәйкес нысаналық бейнеленуі тиіс.

Методолгияның 4-деңгеиіне зерттеу әдістері мен техникасын жатқызады, яғни, бір текті және шындықтағы эмприкалық материалды алып, оның алғашқы өңдеуден өткізгеннен соң оларды білім массивіне қосылады. Бұл деңгейдегі зерттеушінің методологиялық білімі, өзіне тән, ғылыми іс-әрекет тәртібін тікелей реттейтін функциясына байланысты барлық уақытта анық нормативті сипатта болады.

әр түрлі деңгейдегі методологиялық білімнің атқаратын функциясына қарай мамандануға байланысты, методологияны күрделі сатылы жүйе ретінде қарастыорамыз.

Бұл жерде философиялық деңгей – барлық методологиялық білімнің мазмұны негізі ретінде орындалады. Бұл деңгейде танымдық белгілер қалыптасады, ғылыми теорияларды әдістерді нақтылы шекаралары анықталады, ғылыми ізденіс нәтижелерінде дүние танымдық түсінік береді.

Нақты ғылыми зерттеуде философиялық білім методологиялық білімнің басқа деңгейлерімен өзара байланыста жұмыс істейді.

Аталған методологилық ұғымдар мен олардық функциялары ғылым методолгиясы, іс-әрекет танымның негіздерінің әдістерінің жүйесі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

Студенттің өздігімен орындауына тапсырма:

1. Педагог-психологтың зерттеушілік қызметі туралы мәліметтерді әдебиеттерден толықтыру.

2. «Педагог-психолог - зерттеуші» атты тақырыпта өзіндік жұмыс жазу жазу.

3. Әдіснама деген не? (сөздіктен және энциклопедиядан анықмалар жинақтау)

2-лекция тақырыбы: Ғылым туралы жалпы түсінік.