
- •Пайдаланған әдебиеттер:
- •Психологиялық ахуал.
- •1. Әлеуметтік дамуда отбасының идеялық және адамгершілік негіздері.
- •2. Отбасы мәдениетінің дәрежесі.
- •3.Отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынастың мәні.
- •4.Отбасындағы психологиялық ахуал.
- •5.Отбасының ынтымағы.
- •1. Отбасылық құқық
- •1. Қамқорлыққа алу, асырап алу жағдайлары
- •2. Эстетикалық талғам.
- •3. Үй ішінің мәдениеті.
- •4. Бос уақытты дұрыс пайдалану мәдениеті
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Махаббат - адамгершіліктегі қастерлі сезім
- •1. Некеге дейінгі өзара қарым-қатынас.
- •2. Ер жүректік, нәзіктік, адамгершілік қастерлі сезімдер
- •2. Неке гигиенасы
- •2. Махаббат адамгершіліктің қастерлі сезімі
- •3. Ғашықтық некедегі адамгершілік тірек
- •1. Отбасы тәрбиенің бастауы
- •2. Ер жігітке қойылатын талаптар
- •3. Сендіру, әңгіме, диспут, конференция, жаттығу әдістері.
- •Оқу пәндердің өзара байланысы.
- •Мектеп пен басқа ұйымдардың бірігіп атқаратын жұмыстары.
- •Болашақ ата-ананы тәрбиелеуде пән аралық байланыстың ерекшелігі.
- •4. Сынып жетекшісінің жүргізетін жұмыстары.
- •Қойылатын талаптар.
4. Бос уақытты дұрыс пайдалану мәдениеті
«Біз бос уақытты қалай пайдаланамыз?» - деген сұраққа көпшілігі былай деп жауап берді «Мен бос уақтымда кітап оқымын, музыка тыңдаймын, телевизор көремін т.б». Әрине бұл дұрыс. Бірақ басқа да жұмыстармен айналысуға болады. Мысалы қаламызда театр, кинотеатр, мәдениет сарйлары ашылған. Театрларда спектакелдер, кинотеатрларда кинолар, мәдениет орталығында концерттер көп болады. Осыларға барса болады. Бірақ біз не істейміз? Аптанің дүйсенбісінен бастап сенбіге дейін жұмыс істейміз, ал демалыс күндері кір жуу, үй тазалау т.б жұмыстармен айланысады.
Бұл жерде айтып кететін жайт демалыс күнін дұрыс пайдалана алмайды. Жазғы демалысқа шыққаннан кейін жоғарыда айтып кеткен жұмыстармен айналысады. Ал европаны алып қарайықшы, олар аптаның дүйсенбесінен сенбіге дейін жұмыс істеп, ал сенбі, жексенбі күндері жақсы демалады. Олар демалыс күндері кір жуу, үй тазалау т.б жұмыстармен айналыспайды. Европалықтар демалыс күндерін отбасымен театрға, саябақтарға, концерттерге, т.б барып, демалыс күндерін қызықты да әрі көңілді өткезеді. Олар осымен өздерін және балаларын қуантады. Ал жазғы демалысққа шыққанда олар отбасымен басқа қалаларға демалысқа кетеді.
Қортындылай келе отбасыдағы эстетика өз қолымызда екнін, өзіміз үй жайымызды өзіміз әдемі жасап, өзімізді-өзіміз құрметтеуіміз керек. Көшеде әдемі киініп, бірақ этика мен эстетика болмаса бәрі бекер болады. Сырты жалтырақ іші қалтырақ болғаның несі жақсы? Дұрыс па? Сіздер не дейсіздер а? Сіздердің ойларыңызды күтеміз.
Бақылау сұрақтары:
Эстетика дегеніміз не?
Тұрмыс эстетикасы дегніміз не?
Үй ішінің мәдениеті дегеніміз не?
Үй іші мәдениетіге нелер жатады?
Пәтерде әсемдік неден басталады?
Сұлылық сезімі неден басталады?
Шекспир не деп айтады?
Бос уақытты дүрыс пайдалану мәдениеті?
Сіз бос уақытты қандай пайдаланасыз?
Әдебиеттер:
1. Назарбаев Н. “Қазақстан - 2030” жолдауы.
2. Қоянбаев Ж.Р. “Педагогика”.
3. Жарықбаев Қ. “Қазақтың тәлім тәрбиесі”.
6-лекция Жастарды отбасы-некелік өмірге даярлаудың әлеуметтік мәні
Жоспары:
Жастардың әлеуметтік жағдайлары
Жастарды отбасы-некелік өмірге дайындау
Екі жанның, екі арманның бір-бірімен табысуы және бұл өмірде армандаған өз отауларын тігіп, жеке шаңырақ болулары - олардың ғұмырындағы ең қуанышты,ең елеулі, ең жауапты оқиға.
Халқымыздың күйеу болу мәртебесіне қатысты салт-дәстүрі, ырым-жырымдары әрі үй болудың табиғи қажеттілігінен туындаған өзіндік талаптары бар.
Олардың ең бастысы - жігіттің өз көңілінен шығатын отасып тұра алатын, өмірдің ащы- тұщысы мен ыстық-суығын тең бөлісе алатын, «құқығының жартысын азайтып, міндеттерін екі есеге көбейтуге» жарайтын жар таба алуы.
Халқымыздың дәстүрі бойынша жеңгелер екі жастың қосылуына себепші болған. Сондықтан да әркім сондай жеңгелерін өмір бойы сыйлап өткен. Жар таңдаған жас жігіт жеңгеге сырын ашып, одан ақыл-кеңес алып, қалыңдығымен ол арқылы алдын-ала кездесіп, жүздесе алған.
Болашақ күйеу болашақ қалыңдығының мінез-құлқын, талғамын, нені ұнатып, нені ұнатпайтынын, шыққан тегін, әулетін отбасын әдет-дағдыларын денаулығын білім парасатын, артықшылықтарымен кемшіліктерін және тағы басқада жағдайларын жақсы білуі керек.
Бір көргеннен ұнатып, ол үшін отқа да суға да түсу, лап еткен сезімнің жетегінде кету келешекке немқұрайлы қарау болып табылады.
Біреуді көркі бар деп жақсы көрме,
Лапылдап, көрсе қызар нәпсіге ерме.
Әйел жақсы болмайды көркіменен,
Мінезіне көз жетпей көңіл бөлме,-
деп Абай атамыз ескерткендей, кісі өзіне жар іздегенде оның көркінен гөрі мінезіне көп көңіл қоюы керек.
Әрине қас сұлулық та керек –ақ , алайда бұл сұлулық адамгершілік пен ұштасқанда ғана тамаша болмақ. Әйтпеген жағдайда бұл отасу жігіттің сорына айналуы әбден мүмкін.
«Әйел жақсы болса -отбасының көркі,берекесі қызығы», Жаман қатын алғанның жауы үйінде» деген сынды мақалдар да осы ойды қорытындылайтын сияқты.
Халық даналығы «Жігіт жақсы бола алмас Алғаны жаман болған соң» дей келе отбасының бақыты әйелге байланысты екенін ескертіп, «Өмірлік дос-жарыңды дұрыс таңда», «Қылығыжоқ қыздан без» дегенді айтады.
Ата тек пен тұқымға байланысты ең басты қағида бар. Ол-жеті атаға дейін жетпейтін жақын туыстан қыз алмау. Бұл адамгершілік әрі медициналық тұрғыдан алып қарағанда да өте дұрыс жол.
Жас отаудың іргесі мықты болып, түтіні түзу шығуы үшін қалыңдықтың жақсы болуы жеткіліксіз, сондай-ақ күйеу жігіттің де жақсы қалыңдыққа лайық отағасылық қызметін атқара алуы қажет.
Ертеде ата бабаларымыз бұл мәселеге үлкен мән беріп, жігіттің үйлену үйленбейтінін сынаған. Мысалы, жігіт ат үстінен аударысу, жамбы ату, садақ тарту, күресу, отын жару, мал бағу, қонақ күту, пышақ қайрау, мал сою,өлең айту сияқты сынақтардан мүлтіксіз өткен жағдайда ғана оған үйленуге рұқсат берген.
Күйеудің келіншегіне жіті көңіл аударып, қас қабағына қарап отыруы да аса маңызды әрі оның адамгершілік міндеті болып табылады. Өйткені әке-шешесінің аялы алақанында әлпештеліп өскен жауқазын қыз бейтаныс ортаға тап болған кезде үлкен ауырпалықтар көретіні хақ.
Міне, бұл жағдайда жас келіншектің сүйеніш көретін бірден-бір жақыны –күйеуі. Иә, күйеу бұл орайда ілтипатты, сезімтал және сенімді дос бола алуы қажет.
Қазақ халқы ұл тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. «Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын» демекші ер жігітке айтылар сын көп, қойылар талап жоғары. Халықтың дәстүрлі тәрбиесінде осы баға «Жігіт сыны» деп аталады.
Бабаларымыз ер жігіттің басынан алты асыл қасиет, үш асыл мінез және ажырамас үш серік табылуын талап еткен.
Алты асыл қасиет:
Зерде- зейіні болсын (тылсым сырды ұғатын)
Өнер-өрісі болсын ( өмірден әперер сыбағасын)
Тапқырлық, талап, ерлігі болсын (дұшпанға найза алатын)
Қайрат-қаруы болсын (қиындықта сыналатын)
Білімі болсын (биікке бастап шыға алатын)
Жігер күші болсын (аяқтан шалғанды жыға алатын)
Үш асыл мінез:
Туған еліне дос жарандарына адал болсын
Қара қылды қақ жаратын әділетті болсын
Қаймықпастан турасын айтатын шыншыл болсын
Үш серік:
Астына мінген тұлпары болсын.
Шыңдалған ақыл айласы болсын.
Айнымас адал жұбайы болсын.
Жыраулар поэзиясының белді өкілі Шал ақын «Жігіт сыны» туралы былайша толғайды:
Бір жігіт бар –құр жан
Бір жігіт бар –тірі жан
Бір жігіт бар –жігіт жан
Құр жан дейтін –жігіт кеудесінде жаны бар, еш нәрсе бітірмейді. Тірі жан дейтін –бар тапқанын киім мен асқа сатып, жақын көрген досын жатқа сатады. Жігіт жан дейтін –сегіз қырлы бір сырлы болар деп түйіндейді өз ойын М. Қазбеков.
Ал енді қыз балаға келсек оның бойында сыпайылық , мейірбандылық, адалдық, сезімталдық және еңбек қорлық сияқты қасиеттерді кішкентайынан бастап дарытуды халқымыз өте ежелден қолға алған.Сондықтан қазақ қызы өзіне өмірлік жолдас , жар таңдауға ерекше жауапкершілікпен, сақтық , ұстамдылық пен қарап, оның маңызын санасымен аңғарып, жүрегімен түйсінген. Бұл істе жеңіл ойлылық, ұшқалақтық орынсыз тәуекелге жол беруді өмірлік үлкен қауып деп санаған.
Қалыңдық үшінде болашақ күйеуінің мінез-құлқы, ой өрісі мен мәдениеті, білімі мен инабаттылық болмысы, жақсы жаман әдеттері жайында жақсы білуі өте маңызды.
Қыз бала той домалақ, көп адам жиналған орындарда көзге түседі, сыналады. Ондайда өзінің ұстамдылығымен жарқын жүзді сыпайылығы мен, сергек сезімталдығымен, ептілігімен, өнерпаз әрі сөзге ұсталығымен жұртты тамсандырады.
Олай болса бүгінгі қыздың, ертеңгі келіннің қолынан іс-келуін халқымыз міндетті деп ұққан. «Қыз еркем –кестесімен көркем» деген сияқты мақал-мәтел осыны білдіргендей.
Киім тіге білу, дәмді тамақ пісіре алу сынды күнделікті күйбең тұрмыс тіршіліктің істерін ұсақ түйекке баламай, оны көңілге қонымды етіп істеу отбасы тіршілігін толыққанды жағдайға келтіреді, әрі келген жері үшін –келіннің, күйеуі үшін -әйелдің қадірін асырады.
Отбасылық өмірдің сәнін кіргізіп, жылуын,қызығын молайтатын, мән –мағынасын арттыратын, ері мен әйелінің бір –біріне ризашылығын, сүйіспеншілігін нығайтатында нақ осы тіршіліктің өзі емеспе.
Қазақ қызы сөзі сыпайы,өзі әдепті, сұңғақ бойлы және терең ойлы болуы тиіс. Оның жүзі жылы шырайлы өзі ұяң тәні нәзік келеді. Сондай-ақ сөзі өткір, пысық, өрескелдікті сүймейтін, болмашыға пісіп күймейтін келбеттілік, істесе үйіріп, сөйлесе бұйырып баурап алатын көріктілік, баппен сөйлеп, биязы күліп, жақсы жаманның жөнін біліп тұратын әдемілік, дене бітісі жинақты, сөзі салмақты, ісі тиянақты ажарлылық, көз жанары өткір, бет әлпеті бал-бұл жанған, тәні шымыр шырайлылық –қазақ қыздарыны тән қасиеттер.
«Болмасаң да ұқсап бақ, бір жақсыны көрсеңіз»,-деп ұлы Абай айтқандай, қыз балалар осындай қасиеттерді меңгеруге талпынуы керек-ақ.
Бұрын қазақта күйеу таңдаған дана қыз жігітке жұмбақ арқылы талап қойған және оны шешіп, сетке жеткен, ақылды тапқыр жігітке тұрмысқа шығатын болған.
ХI ғасырда өмір сүрген Баласағұн: «Қыз баланы өзінің иесіне тапсырғанша, оны бөтен кісіге көрсетпей өсір. Қызды ертерек күйеуге берген, жігітті ертерек үйлендірген сауап»,- дейді. Жасынан ыңғайлы жерге айттырылып қойған қыздың тәрбиесімен шешелер, әжелер жеңгелер айналысқан.
Жеңгелердің тәлімі өмірлік тәжірибеден түған тәрбиені қызға сыпайы сезімталдықпен жеткізіп отырған. Жас қосылған жұбайларға екі жақты қамқорлық жасалған.