
- •Пайдаланған әдебиеттер:
- •Психологиялық ахуал.
- •1. Әлеуметтік дамуда отбасының идеялық және адамгершілік негіздері.
- •2. Отбасы мәдениетінің дәрежесі.
- •3.Отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынастың мәні.
- •4.Отбасындағы психологиялық ахуал.
- •5.Отбасының ынтымағы.
- •1. Отбасылық құқық
- •1. Қамқорлыққа алу, асырап алу жағдайлары
- •2. Эстетикалық талғам.
- •3. Үй ішінің мәдениеті.
- •4. Бос уақытты дұрыс пайдалану мәдениеті
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Махаббат - адамгершіліктегі қастерлі сезім
- •1. Некеге дейінгі өзара қарым-қатынас.
- •2. Ер жүректік, нәзіктік, адамгершілік қастерлі сезімдер
- •2. Неке гигиенасы
- •2. Махаббат адамгершіліктің қастерлі сезімі
- •3. Ғашықтық некедегі адамгершілік тірек
- •1. Отбасы тәрбиенің бастауы
- •2. Ер жігітке қойылатын талаптар
- •3. Сендіру, әңгіме, диспут, конференция, жаттығу әдістері.
- •Оқу пәндердің өзара байланысы.
- •Мектеп пен басқа ұйымдардың бірігіп атқаратын жұмыстары.
- •Болашақ ата-ананы тәрбиелеуде пән аралық байланыстың ерекшелігі.
- •4. Сынып жетекшісінің жүргізетін жұмыстары.
- •Қойылатын талаптар.
2. Эстетикалық талғам.
Отбасыда әсемдік әлемінің сырын танып білу әнінен басталады деген пікір мынандай ойға қалдырады:сонда осы күнгі отбасы өміріндегі өнердің орны қандай. Отбасында кішкентай кезінен бастап дүние жүзілік мәдениет байлықтарына ие болу, өнер туындыларын терең де нәзік түсіну, шын мәнісінде, бүгінгі таңда адамның алғашқы тәрбиешілерінің бірі, оның рухани дамуы мен еңбегінің дем берушісі болып отыр Сонымен отбасының эстетикалық мәдениеті дегеніміз неден тұрады? Сірә, тұрақты рухани өмірді,рухани өсуді қажетсінуден, әсемдік әлемі мен таныстықты іштей қажет етуден және ақырында әсемдікті өзі жарату тілегінен тұрса керек.
Эстетикалық тәрбие үшін үй ішілік мерекелер мәдениетінің де маңызы бұлардан кем емес. Тұрмыс эстетикасы біздің сыртқы тұрпатымыздың эстетикасыз ойға симайды. Ал соніың өзінде киім үлгішілері <<мода көшеде туып, үйде өледі>> - деп мұңаяды. Моданы заңдастырушылардың бұл мұңайысы олай болуға тиісті емес деген сеніммен пайда болады. Модадан шығып қалған киімді үйде киіп тоздыру правосына ие болып қала отырып, көшеге шыққанда ғана жасанып киінуге борлмайды. Өйткені үйде біздің тіпті де немқұрайлы қарамайтын адамдар көреді ғой. Сондықтан неліктен біз кейде олардың алдында соншалық ұсқынсыз: тозығы жеткен халат, тізесі шыққан спорт кастюмын киеміз көбінесе нақ осы үй киімі арқылы отбасылық қаражат үнемделеді.
Біздің әдеттерімізді өзгертуге талпынып, мода журналдары арнайы беттерінде үй киімдерін насихаттауда. Бірақ міндет міне былай... Ол өзгеру үшін баяғы сол үйде жақсы тәуір көрінуге талпыну және солай бола білу қажет. Ескі модадан шығып қалған заттарға қол тигізу тілегі үйге киюге арналған қонымды куртка немесе үй көйлегін тігіп алуға әкеліп соғуы мүмкін, ол көйлек арқылы қандайда бір айрықша мода бағытын байқап көруге болады.
Тұрмыс эстетикасы жөнінде сөз ете отырып, әсемдіктің бәрі біздің қажымас қамқорлығымызды, еңбегімізді, творчествамызды талап ететінін әр дайым баса айттық мұнсыз үй еш уақытта жанға жайлы,тартымды болмайды, мұнсыз бізде өз отбасымыз, баспанамыз, мекен тұрағымыз болмақ емес.
3. Үй ішінің мәдениеті.
“Жайлылық” ұғымының әсемдікпен тікелей байланысты екндігі, сірә ешкімге түсіндіріп жатудің қажеті болмас. Адам әрқашан сұлулыққа ұмьтылып отырады,эстетиканың осыдан 7500 жылдай бұрын қандайда бір жеке мелектте емес жер жүзқінің әр түрлі бөліктеріндегі көптеген мемлекеттерде бірден дүниеге келуі тегін емес.
Пәтердегі әсемдік неден басталады Жиһаз-жабдықтан ба, картиналар мен басқа әшукейлерден бе. Әсемдікті әркім өзінше түсінеді,сондықтанда әркімнің бұл сұраққа өзінше жауап қайтарары өзінен-өзі белгілі. Бірақ бір үй үшін әсем әрі қолайлы нәрсе басқа үй үшін мүлде жарамсіз болуы мүмкін.
Үй эстетикасы, әриене оның бірегейлігінде. Өйткені әрбір отбасы өмірінің өз ырғағы мен стилі өзінің сүйіп шұғылданатын істерімен әдеттері бар, ал олар пәтердің соған сәйкес мақұлдануын талап етеді.
Жұмысты көп істейтін адамға - мұғалімге, студентке, журналистке ыңғайлы жазу столы сөрлер немесе кітап шкафы болып жатса, нағыз кабинет керек. Тігіншіге немесе тігумен, яки тоқумен әуестенушіе мүлде басқа типтегі жұмыс орны қажет. Егерде пәтер жағдайында отбасының әр бір мүшесінің қажеттері ескерілсе, онда үйге деп таңдап алынған мебельқандай стандартты болғанымен үйдің қалайда «тіршілік» тынысы болады.
Үйдің бірегей ерекшелігі отбасылық коллективтің тапқырлығымен творчествосына байланысты. Біреу ағашқа ойма өрнектер салуға әуесте, оның пәтерінің қабырғаларын маскалар сәндеп тұрады, ал екіншібіреу сабанды пайдаланып көркемдеп көреді.
Біздің үйіміз-творчесволық, рухани дамуымызбен өзімізді-өзімізбен жетілдіру үшін бізге шектеусіз мүмкіндіктер береді. Өзінің үйіне сүйіспеншелікпенқарнайтын адам, әдетте бос уақтта немен шұғылданатынын ойлап қынжылмайды. Іс те ниет те бейнеір өздігінен пайда бола кетеді. Үй бізді көптеген жаңа қолөнер кәсіптеріне өңдеушілікке, тігіншіліккеүйретуге әзір. Мәселе ынта-тілектің болуында. Өзінің үйін жақсы көретін адамдарға ол тартымды жайлылығын емес одан да зорды сылайдйы:жас отбасының береке-бірлігін нығайтып, көптеген кикілжіңдерді байқусізақ шешіп жібереді. Ол бірлесіп жұмыс істеуге, творчесваға әдеттендіредіә, ал олар, өз кезегінде біздің өзара қарым-қатнастарымызды жөнге келтіріп баға жетпес рухани араласу сәттерін сылайды, отбасының барлық ұрпақтарын жақындастырады.
Әдемі үйді өміріміздің сән беретін табиғи гүлдерсіз елестету қиын тәрізді. Бірде-бір мереке, бірде-бір салтанатты оқиға гүлсіз өтпейді.
Сұлұлық сезімі тұған үйден басталады. Міне сондықтан адмның бала кезінен сұлұлық аясында болуының оның сұлұлықтытүсінуге жасауға үйренуінің маңізі зор. Бұған жеткезер жолдардың бірі музиканы (ән салу және т.б) тыңдау және орындау болып табылады.
Қай заманда да адамның сұлулық сырын танып білуі дыбыстар әлемінен муцзикадан, әннненбасталған. Әлі көруді уйренбей тұрып-ақ сәби анасы айтқан бесік жырын естіген, ана жүрегінің бірқалыпты соққан үнін тыңдап тыңшыған. Адамға дыбыс-үн сыртқы әлемнің ашылуынан бұрын жеткен, өйткені бала ана құрсағында жатып-ақести бастайды ғой.
Ұлы Шекспи р былай деп кесіп айтқан:
Күйді ұға білмесе егер жүрегі,
Жетесіне жетпесе әсем үйлесім,
Сатқын да боп, қасқырда боп біледі...
Оны аз десеңіз, ежелгі адамдар белгілі турде таңдап алынған музикалық туындыларды орындау арқылы тіпті ізгілікке,ерлікке тәрбиелеуге болады деп еселтеген. Сондықтан ежелгі грек мектебінің прогрраммасына музыка тыңдау лира, кифара,сыбызғы сияқты аспаптарда ойнату, хормен ән айту енген.
Музика мен әнге деген сүйіспеншілік отбасыда оянады. Ән әрқашан адам өмірінің серігі болып отырады.Өмірдің барлық жағдайларына арналған ерекшесалт-сана өлең-жырларының болуы тегіннен-тегін емес.Және халық ән-өлеңді бәрінен гөре жұмыс істеп жүріп көбірек шығаған болса керек.Ән ең ауыр жұмысты да жеңілдетеді .Ең бір көңілсіз жұмыстың өзін әндетіп жүріп істеп көріңіз:істің анағұрылым тез ілгері басқанына көзіңіз жетеді.Әннің қасиеті сондай ол біздің тұрмыс-тіршілігімізге әрқашан да ерекше мереклік сипат береді.