- •Пайдаланған әдебиеттер:
- •Психологиялық ахуал.
- •1. Әлеуметтік дамуда отбасының идеялық және адамгершілік негіздері.
- •2. Отбасы мәдениетінің дәрежесі.
- •3.Отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынастың мәні.
- •4.Отбасындағы психологиялық ахуал.
- •5.Отбасының ынтымағы.
- •1. Отбасылық құқық
- •1. Қамқорлыққа алу, асырап алу жағдайлары
- •2. Эстетикалық талғам.
- •3. Үй ішінің мәдениеті.
- •4. Бос уақытты дұрыс пайдалану мәдениеті
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Махаббат - адамгершіліктегі қастерлі сезім
- •1. Некеге дейінгі өзара қарым-қатынас.
- •2. Ер жүректік, нәзіктік, адамгершілік қастерлі сезімдер
- •2. Неке гигиенасы
- •2. Махаббат адамгершіліктің қастерлі сезімі
- •3. Ғашықтық некедегі адамгершілік тірек
- •1. Отбасы тәрбиенің бастауы
- •2. Ер жігітке қойылатын талаптар
- •3. Сендіру, әңгіме, диспут, конференция, жаттығу әдістері.
- •Оқу пәндердің өзара байланысы.
- •Мектеп пен басқа ұйымдардың бірігіп атқаратын жұмыстары.
- •Болашақ ата-ананы тәрбиелеуде пән аралық байланыстың ерекшелігі.
- •4. Сынып жетекшісінің жүргізетін жұмыстары.
- •Қойылатын талаптар.
1. Қамқорлыққа алу, асырап алу жағдайлары
Қамқоршылық пен қорғаншылық ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырау тәрбиелеу және білім беру мақсатында сондай-ақ олардың мүліктік және мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін белгіленеді.
Қорғаншылық-жасы он төртке толмаған балаларға сондай-ақ ақыл есі ауысуы немесе ақыл есінің төмендігі салдарынан сот әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған кәмелеттік жастағы адамдарға белгіленеді.
2. Ата-аналық құқықтан айыру
Ата-аналарды құқықтан айыру тәртібі:
Ата-ана құқығынан айыру сот тәртібімен жүргізіледі. Ата-ана құқығынан айыру туралы істе ата-аналардың біреуінің кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі міндеттер жөнделген.
Ата-ана құқығынан айыру туралы істер прокурор мен қорғаншы және қамқоршы органның қатысуымен қаралады.
Ата-ана құқығынан айыру туралы істі қарау кезінде сот ата-ана құқығынан айырылған ата-аналардан алимент өндіріп алу туралы мәселені шешеді.
Егер сот ата-ана құқығынан айыру туралы істі қарау кезінде ата-аналардың іс-әрекетінен қылмыстық жазаланатын әрекетті байқаса мұны жеке қаулымен жеткізуге міндетті.
Бақылау сұрақтары:
1. Жаңа заң мәселесінің құқықтары?
2. Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.«Мемлекет және құқық негіздері» кітабы
2.«Қазақстан Республикасының құқық негіздері» оқулық
5-лекция Отбасы өмірінің эстетикасы мен бос уақты
Жоспар:
Турмыс эстетикасы.
Эстетикалық талғам.
Үй ішінің мәдениеті.
Бос уақытты дұрыс пайдалану мәдениеті .
Мақсаты мен міндеттері: Отбасындағы эстетикалық мәдениет тұмыс эстетикасы мен этикасының тұтастығы жайында түсінік беру.
Негізгі ұғымдар: отбасының эстетикалық мәдениеті, тұрмыс эстетикасы.
Бұл тақырыбды өтгенде, яғни жоғары сынып оқушылары “Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің” деген мақалдың мәнін қалай түсінетіндіктері туралы қысқаша әңгімеден бастауға болады.Әңгіменің мақсаты шәкірттерді бізді ң көңіл күйіміз,хал жайымз бен жұмыс істеу қабілетіміз көбіне үйфдегі жағдайға байланысты деген қортындыға келтіру. Өйткеніүй адамнің баспанасы, тұрақты орны,жанына жайлы мекені. Алайда үй-ішінің жайлы болуы өздігінен орнамайды.Әңгімелесу барысында жылы отбасылық қарым-қатнас тудырудағы этикалық және эстетикалық негіздер бірлігі тақырыбын ер екше бөліп көрсете отырып,оның өзінде бұл бірлік бөлектерініңқайсысы маңыздырақ екнін кесіп айтуға болмайтынын, өйкені олар өзара бір-бірімен соншалықты тығыз байланысты екнін атап көрсету қажет.
Үйде “жылылық” пен жайлылық болу үшін сөз жоқ жақын адамдар арасындағы қатынастарды қамқорлық өзара түсінісү, шын пейылдылік қажет, бірақ сонымен бірге қарапайым тәртіуп қолайлы жағдайда қажет.Астан-кестеңі шығып,ыбырсып жатқан үйден адамның тіршілік етуіне қолайлы жағдайды күту қиын.Отбасы мүшелері бір-бірімен қаншалықты жылы қатынаста болғанымен, жұмыстан шаршап келгенде отбасының ішетін тамағы болмаса , адамның көңіл күйі бұзылады.Үйге жайлы жағдай өздігінен келмейді,оны жасай білу де бірден борла салмайды.Сонымен бірге үйде жайлы жағдай жасау дағдыларын ерте бастан қалыптастыруға болады балалар қуыршақтары мен ойнап, өздерінің ойыншық үйлерін тұргызады да, ойнап болған соң ,ойыншықтарын жинастырады-міне мұның өдзі де үйде жайлы жағдай туғызуға жасалған кішкентай қадам . Өйткені <<тәртіп>> пен <<жайлы жағдай>> ұғымдары үнемі қатарласа жүретін түсініктер.
Тәртіпті орнатудан гөрі, оны үнемі сақтап отыру әлде қайда оңай екенін сірә әркім-ақ аңғарған болар.Мысалы: затты орнына қою қасқағымдық іс, ал шашылып жатқан нәрселерді стол үстінен жинастырып алу едәуір уақытты қажет етеді.Мұны жұрттың барлығы да біледі, әрі барлығы да түсінеді.Бір-ақ салақтық .үшін өзінің жиналмаған заттары үшін туғандарының жазғырған сөзін естімедім деп мақтана алатындар көп табыла қоймас.Дегенмен тәртіп егер ол әсіресе жағымды эстетикалық эмоцияларының байланысты болса, әдетке оңай айналады.Егер таза жуылған еденнің қалай жалтырап жататынын ,әбден тазартылған сырлы қабырғаларында күн сәулесі ойнаған ас үйдің қандай көңілді көрінетінін ,жақсы жиналып, желдетілген пәтерде адамның тынысы қалай кеңитінін аңғаруға үйренсеңдер онда сендерге үй ішінде біздің көңіл-күйімізді мерекелік жай күйді үнемі сақтап отыру қажеттілігі туады деп үміттенуге болады.
Егер үйдегі тәртіп пен жайлы жағдайды сақтауға үй иесі әйел ғана ұмтылса,ол қанша тырысқанымен бұдан келер пайда шамалы.Үйдің жинақы таза ,әсем болуы отбасы мүшелерінің түгел қолдап көмек тесіп отыруына байланысты.Үйдегілердің бәрі де біріне-бірі қол қабыс етіп, әр түрлі үй шаруасын атқаруға беім тұруы керек.Реттілікке деген сүйіспеншілігінің ақылға қонымды шегін білу – үйдің тұрмысқа жайлы болуына бір қадам жақындай түсу деген сөз.
